Қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
қаулыларына қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті электрондық тасымалдауыштарда ұсыну мәселелері бойынша осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, зейнетақы жинақтаушы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап бес күндік мерзімде оны инвестициялық портфельді басқарушыларға, бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға және бағалы қағаздар нарығында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З. Айманбетоваға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және
қадағалау агенттігінің Төрағасы
2007 жылғы 30 наурыз
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2007 жылғы 19 наурыздағы
N 27 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
қаулыларының тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқарушылардың тоқсан сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N
169
қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3374 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқарушылардың тоқсан сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықта:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Басқарушылар уәкілетті органға қаржылық есепті ұсынылатын деректердің конфиденциалдылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізудің көліктік жүйесін пайдалана отырып электрондық тасымалдауышта ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-тармақтармен толықтырылсын:
"9-1. Тоқсан сайын жасалатын қағаздағы қаржылық есепке бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлға және бас бухгалтер қол қояды, мөрмен бекітіледі және басқарушыда сақталады. Басқарушы уәкілетті органның талабы бойынша жазбаша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей түзетулері жоқ қаржылық есепті қағазда ұсынады.
9-2. Электрондық тасымалдауышта ұсынылған қаржылық есеп қағаздағы қаржылық есепке сәйкес келуі тиіс. Электрондық тасымалдауышта ұсынылатын деректердің қағаздағы деректермен бірдей болуын басқарушының бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етеді.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Басқарушы ұсынған қаржылық есептен уәкілетті орган дәлсіздіктер немесе қателер анықтаса басқарушыға бұл жөнінде хабарлайды. Басқарушы хабарлама алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ескертулері ескеріле отырып пысықталған қаржылық есепті электрондық тасымалдауышта ұсынады.";
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N
171
қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3388 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықта:
9-тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
"9. Тіркеушілер уәкілетті органға қаржылық есепті ұсынылатын деректердің конфиденциалдылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізудің көліктік жүйесін пайдалана отырып электрондық тасымалдауышта ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-тармақтармен толықтырылсын:
"10-1. Тоқсан сайын жасалатын қағаздағы қаржылық есепке бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлға және бас бухгалтер қол қояды, мөрмен бекітіледі және тіркеушіде сақталады. Тіркеуші уәкілетті органның талабы бойынша жазбаша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей түзетулері жоқ қаржылық есепті қағазда ұсынады.
10-2. Электрондық тасымалдауышта ұсынылған қаржылық есеп қағаздағы қаржылық есепке сәйкес келуі тиіс. Электрондық тасымалдауышта ұсынылатын деректердің қағаздағы деректермен бірдей болуын тіркеушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етеді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Тіркеуші ұсынған қаржылық есептен уәкілетті орган дәлсіздіктер немесе қателер анықтаса тіркеушіге бұл жөнінде хабарлайды. Тіркеуші хабарлама алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ескертулері ескеріле отырып пысықталған қаржылық есепті электрондық тасымалдауышта ұсынады.";
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың ай сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N
173
қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3381 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың ай сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықта:
9-тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
"9. Ұйымдар уәкілетті органға қаржылық есепті ұсынылатын деректердің конфиденциалдылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізудің көліктік жүйесін пайдалана отырып электрондық тасымалдауышта ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-тармақтармен толықтырылсын:
"10-1. Тоқсан сайын жасалатын қағаздағы қаржылық есепке бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлға және бас бухгалтер қол қояды, мөрмен бекітіледі және ұйымда сақталады. Ұйым уәкілетті органның талабы бойынша жазбаша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей түзетулері жоқ қаржылық есепті қағазда ұсынады.
10-2. Электрондық тасымалдауышта ұсынылған қаржылық есеп қағаздағы қаржылық есепке сәйкес келуі тиіс. Электрондық тасымалдауышта ұсынылатын деректердің қағаздағы деректермен бірдей болуын ұйымның бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етеді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Ұйым ұсынған қаржылық есептен уәкілетті орган дәлсіздіктер немесе қателер анықтаса ұйымға бұл жөнінде хабарлайды. Ұйым хабарлама алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ескертулері ескеріле отырып пысықталған қаржылық есепті электрондық тасымалдауышта ұсынады.";
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының ай сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N
175
қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3384 тіркелген) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының жылдық қаржылық есеп беру тәртібі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 174 қаулысына және "Жинақтаушы зейнетақы қорларының ай сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 175 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 18 ақпандағы N 9 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4128 тіркелген) енгізілген толықтыруларымен және өзгерістерімен қоса мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының ай сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықта:
8-тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
"8. Зейнетақы қорлары уәкілетті органға қаржылық есепті ұсынылатын деректердің конфиденциалдылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізудің көліктік жүйесін пайдалана отырып электрондық тасымалдауышта ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-тармақтармен толықтырылсын:
"9-1. Тоқсан сайын жасалатын қағаздағы қаржылық есепке бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлға және бас бухгалтер қол қояды, мөрмен бекітіледі және зейнетақы қорында сақталады. Зейнетақы қоры уәкілетті органның талабы бойынша жазбаша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей түзетулері жоқ қаржылық есепті қағазда ұсынады.
9-2. Электрондық тасымалдауышта ұсынылған қаржылық есеп қағаздағы қаржылық есепке сәйкес келуі тиіс. Электрондық тасымалдауышта ұсынылатын деректердің қағаздағы деректермен бірдей болуын зейнетақы қорының бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етеді.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Зейнетақы қоры ұсынған қаржылық есептен уәкілетті орган дәлсіздіктер немесе қателер анықтаса зейнетақы қорына бұл жөнінде хабарлайды. Зейнетақы қоры хабарлама алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ескертулері ескеріле отырып пысықталған қаржылық есепті электрондық тасымалдауышта ұсынады.";
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N
178
қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3373 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықта:
9-тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
"9. Брокер-дилерлер уәкілетті органға қаржылық есепті ұсынылатын деректердің конфиденциалдылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізудің көліктік жүйесін пайдалана отырып электрондық тасымалдауышта ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-тармақтармен толықтырылсын:
"10-1. Тоқсан сайын жасалатын қағаздағы қаржылық есепке бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлға және бас бухгалтер қол қояды, мөрмен бекітіледі және брокер-дилерде сақталады. Брокер-дилер уәкілетті органның талабы бойынша жазбаша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей түзетулері жоқ қаржылық есепті қағазда ұсынады.
10-2. Электрондық тасымалдауышта ұсынылған қаржылық есеп қағаздағы қаржылық есепке сәйкес келуі тиіс. Электрондық тасымалдауышта ұсынылатын деректердің қағаздағы деректермен бірдей болуын брокер-дилердің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етеді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Брокер-дилер ұсынған қаржылық есептен уәкілетті орган дәлсіздіктер немесе қателер анықтаса брокер-дилерге бұл жөнінде хабарлайды. Брокер-дилер хабарлама алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ескертулері ескеріле отырып пысықталған қаржылық есепті электрондық тасымалдауышта ұсынады.";