Инвестициялық портфельді басқарушылардың тоқсан сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 169 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 20 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3374. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 25 мамырдағы N 49 қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.05.25 N 49 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық портфельді басқарушылардың тоқсан сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін.
     2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 377 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2585 тіркелген, 2003 жылғы 1-14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында жарияланған)  күші жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
     4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
     1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, инвестициялық портфельді басқарушыларға, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына жіберсін.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсін.

     Ұлттық Банк
     Төрағасы

     "Келісілді"
     Қазақстан Республикасының
     Қаржы рыногын және қаржы
     ұйымдарын реттеу мен
     қадағалау агенттігінің
     Төрағасы
     2004 жылғы "___" _________

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2004 жылғы 15 желтоқсан  
N 169 қаулысымен бекітілген

Инвестициялық портфельді басқарушылардың тоқсан
сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және
ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

     1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", " Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

     2. Осы Нұсқаулық қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - басқарушылар) тоқсан сайын қаржылық есеп беру тізбесін, нысандарын және ұсыну мерзімдерін белгілейді.

2-тарау. Қаржылық есепті ұсыну

     3. Басқарушылар тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен 18.00 сағаттан кешіктірмей мынадай қаржылық есепті ұсынады:
     1) 1-нысан бойынша жасалған бухгалтерлік баланс (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасы);
     2) 2-нысан бойынша жасалған пайдалар мен зияндар туралы туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасы).
     Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007.04.30. N 44 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     4. Қаржылық есепте барлық деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - қазақстандық теңгемен көрсетіледі.

     5. Қаржылық есепті жасағанда пайдаланылатын өлшем бірлігі мың қазақстандық теңгемен белгіленеді. Қаржылық есептегі бес жүз қазақстандық теңгеден аз сома нольге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз қазақстандық теңгеге тең және одан жоғары сома мың қазақстандық теңгеге дейін дөңгелектенеді.

     6. алынып тасталды
     Ескерту. 6-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 19 наурыздағы N 27 (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     7. алынып тасталды
     Ескерту. 6-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 19 наурыздағы N 27 (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     8. Басқарушылар уәкілетті органға қаржылық есепті ұсынылатын деректердің конфиденциалдылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізудің көліктік жүйесін пайдалана отырып электрондық тасымалдауышта ұсынады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 19 наурыздағы N 27 (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     9. алынып тасталды
     Ескерту. 9-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 19 наурыздағы N 27 (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       9-1. Тоқсан сайын жасалатын қағаздағы қаржылық есепке бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлға және бас бухгалтер қол қояды, мөрмен бекітіледі және басқарушыда сақталады. Басқарушы уәкілетті органның талабы бойынша жазбаша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей түзетулері жоқ қаржылық есепті қағазда ұсынады.
      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 19 наурыздағы N 27 (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       9-2. Электрондық тасымалдауышта ұсынылған қаржылық есеп қағаздағы қаржылық есепке сәйкес келуі тиіс. Электрондық тасымалдауышта ұсынылатын деректердің қағаздағы деректермен бірдей болуын басқарушының бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 9-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 19 наурыздағы N 27 (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     10. алынып тасталды
     Ескерту. 10-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 19 наурыздағы N 27 (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     11. Басқарушы ұсынған қаржылық есептен уәкілетті орган дәлсіздіктер немесе қателер анықтаса басқарушыға бұл жөнінде хабарлайды. Басқарушы хабарлама алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ескертулері ескеріле отырып пысықталған қаржылық есепті электрондық тасымалдауышта ұсынады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 19 наурыздағы N 27 (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     12. алынып тасталды
     Ескерту. 12-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 19 наурыздағы N 27 (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     13. Қаржылық есепті уақтылы бермеу, бермеу немесе қаржылық есепте күмәнды мәліметтер беру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

3-тарау. Қорытынды ережелер

     14. Осы Нұсқаулықта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

                                         Инвестициялық портфельді
                                          басқарушылардың тоқсан
                                         сайын қаржылық есеп беру
                                          тізбесі, нысандары және
                                          ұсыну мерзімдері туралы
                                           нұсқаулыққа 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007.04.30. N 44 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

                                                        1-нысан

      ____________________________________________________
      (инвестициялық портфельді басқарушының толық атауы)

              200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
                       бухгалтерлік балансы

                                      (мың қазақстандық теңгемен)

Баптардың атауы

Ескерту

есепті
кезең-
нің аяғында

өткен
жылдың
аяғында

1

2

3

4

Активтер




Негізгі құрал-жабдықтар
(амортизацияны шегергенде)




Материалдық емес активтер
(амортизацияны шегергенде)




Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер




Инвестициялық жылжымайтын мүлік




Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
(ықтимал ысырапқа арналған
резервтерді шегергенде)




Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы
қағаздар (ықтимал шығындарға арналған
резервтерді шегергенде)




Сатуға арналған қолда бар бағалы
қағаздар (ықтимал ысырапқа арналған
резервтерді шегергенде)




Мерзімі ұзартылған салықтық талап




Берілген аванстар




Басқа да активтер




Қорлар




Салықтар және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдер бойынша бюджетке
қойылатын талаптар




Алдағы кезеңдердің шығыстары




Басқа да дебиторлық берешек
(ықтимал ысырапқа арналған
резервтерді шегергенде)




"Кері РЕПО" операциясы




Туынды қаржы құралдары




Сауда бағалы қағаздары (ықтимал
ысырапқа арналған резервтерді
шегергенде)




Орналастырылған салымдар
(ықтимал ысырапқа арналған
резервтерді шегергенде)




Ақша және ақша баламалары




оның ішінде:




кассадағы қолма-қол ақша




банктердің шоттарындағы ақша




Активтердің жиынтығы:








Капитал




Жарғылық капитал




Сыйлықақылар (қосымша төленген капитал)




Алынған капитал




Резервтік капитал




Басқа да резервтер




Бөлінбеген пайда (өтелмеген шығын)




оның ішінде:




өткен жылдардағы




есептік кезеңдегі




Капитал жиынтығы:








Азшылық үлесі








Міндеттемелер




Ұзақ мерзімді алынған заемдар




Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері




оның ішінде:




қаржылық жалдау




Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек




Мерзімі ұзартылған салықтық міндеттеме




Алдағы кезеңдегі кірістер




Алынған аванстар




Акционерлермен акциялар жөнінде есеп
айырысу бойынша есептелген шығыстар




Қызметкерлермен есеп айырысу бойынша
есептелген шығыстар




Салықтар және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдер бойынша бюджет
алдындағы міндеттеме




Қысқа мерзімді кредиторлық берешек




Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері




Қысқа мерзімді алынған заемдар




"РЕПО" операциясы




Туынды қаржы құралдары




Басқа да міндеттемелер




Міндеттемелер жиынтығы:








Капитал және міндеттемелер жиынтығы




      Бірінші басшы: _________________ күні__________________
     Бас бухгалтер __________________ күні__________________
     Орындаушы: _____________________ күні__________________
     Телефон:__________________
     Мөр орны

                                        Инвестициялық портфельді
                                          басқарушылардың тоқсан
                                         сайын қаржылық есеп беру
                                          тізбесі, нысандары және
                                          ұсыну мерзімдері туралы
                                           нұсқаулыққа 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007.04.30. N 44 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

                                                        2-нысан

      ____________________________________________________
      (инвестициялық портфельді басқарушының толық атауы)

              200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
           пайдалар мен зияндар туралы туралы есебі

                                      (мың қазақстандық теңгемен)

Баптардың атауы

Ес-
кер-
ту

Есеп-
тік
ке-
зеңде

Ағымдағы
жылдың
басынан
бастап
кезең
ішінде
(өспелі
жиынты-
ғымен)

Өткен
жылдың
осындай
кезе-
ңінде

Өткен
жылдың
осындай
кезе-
ңінде
(өспелі
жиынты-
ғымен)

1

2

3

4

5

6

Негізгі қызметтен сыйақы
түріндегі кірістер






Ағымдағы шоттар және
орналастырылған салымдар
бойынша сыйақы түріндегі
кірістер






Сатып алынған бағалы
қағаздар бойынша сыйақы
(купон және/немесе дис-
конт) түріндегі кірістер






Бағалы қағаздарды сатып
алу-сатудан түскен кіріс-
тер (шығындар) (нетто)






Сауда бағалы қағаздары
құнының өзгеруінен кіріс-
тер (шығындар) (нетто)






"Кері РЕПО" операциялары
бойынша кірістер






Шетел валютасын қайта
бағалаудан кірістер
(шығындар) (нетто)






Қаржылық емес активтерді
сатудан және активтерді
алудан кірістер






Басқа да кірістер






Кірістер жиынтығы












Комиссиялық шығыстар






Сатып алынған бағалы
қағаздар бойынша сыйақы
(сыйлықақылар) түріндегі
шығыстар






Шығарылған бағалы
қағаздар бойынша сыйақы
түріндегі шығыстар






"РЕПО" операциялары
бойынша шығыстар






Алынған заемдар және
қаржылық жалдау бойынша
сыйақы түріндегі шығыстар






Жалпы әкімшілік шығыстар






оның ішінде:






еңбекақы төлеу және
іссапар шығыстары






амортизациялық
аударымдар және тозу






ағымдағы жалдау
бойынша шығыстар






бюджетке салықтар және
басқа міндетті төлемдер
төлеу бойынша шығыстар
(корпоративтік табыс
салығынан басқасы)






Қаржылық емес активтерді
сатудан және активтерді
өткізуден түскен шығыстар






Басқа да шығыстар






Шығыстар жиынтығы












Резервтерге (провизия-
ларға) аударылғанға
дейінгі пайда (шығын)






Операциялар бойынша ықти-
мал шығындарға арналған
резервтер (резервтерді
қалпына келтіру)






Басқа заңды тұлғалардың
капиталына қатысудан
кіріс






Кезеңдегі пайда (зиян)
 






Тоқтатылған қызметтен пайда (зиян)






Салық салынғанға дейінгі
пайда (шығын)












Корпоративтік табыс
салығы












Салық салынғаннан кейінгі
таза пайда (шығын)












Азшылық үлес












Кезең ішіндегі таза
пайда (шығын)






      Бірінші басшы: _________________ күні__________________
     Бас бухгалтер __________________ күні__________________
     Орындаушы: _____________________ күні__________________
     Телефон:__________________
     Мөр орны