Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің есеп беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 300 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 23 қаңтардағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4520 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 130 Қаулысымен.

Жаңартылған

       Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 № 130 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық кесімдердің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде" 2005 жылғы 26 қарашадағы N 412 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3995 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының" Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 132 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4299 тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік маңызы, олардың есебінің әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту және "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 222 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 8 желтоқсанда N 4479 тіркелген) енгізілген өзгерістермен бірге мынадай өзгеріс енгізілсін:

      қосымшада:
      3 және 4-тармақ алынып тасталсын.

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және оның қолданысы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      5. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      6. Ақпарат технологиясы басқармасы (Бейсенбаев А.Ж.) 2007 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде Ережеге сәйкес "Статистика" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйені жетілдіруді қамтамасыз етсін.

      7. Агенттіктің халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы     
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі 
Басқармасының 2006 жылғы   
25 желтоқсандағы N 300    
қаулысының 1-қосымшасы    

Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі
банктерінің есеп беру туралы ережесі

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 № 130 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы     
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі 
Басқармасының 2006 жылғы   
25 желтоқсандағы N 300    
қаулысының 2-қосымшасы    

Күші жойылды деп танылған нормативтік
құқықтық кесімдер тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің реттеуші есебінің тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 507 қаулысы , Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2143 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы", "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" ресми басылымдарында жарияланған, 2003 жыл, N 3.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2143 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің реттеуші есебінің тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 507 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 431 қаулысы, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2641 тіркелген.
      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің реттеуші есебінің тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 507 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 19 ақпандағы N 39 қаулысы, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3504 тіркелген.
       4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің реттеуші есебінің тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 507 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 72 қаулысы, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4203 тіркелген.