Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 31 қаңтардағы N 143 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізілсiн:
көрсетiлген қаулыға 27-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 291632 мың теңге (екi жүз тоқсан бiр миллион алты жүз отыз екi мың теңге).";
2-тармақ "; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 13 шiлдедегі N 775 қаулысы " деген сөздермен толықтырылсын;
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң "Бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар" деген 5-бағанындағы "159" деген сан "158" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі