Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 106 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 30 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4468 болып енгізілді.

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жарияланады.
      4. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті
(Дюгай Н.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінен жариялау үшін өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау үшін шаралар қолдансын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

          "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы нарығы мен қаржы
      ұйымдарын реттеу және
      қадағалау агенттігінің
            Төрағасы

      2006 жылғы 31 қазан

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 27 қазандағы
N 106 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
күші жойылды деп танылған нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1010 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 1999 жылғы 20-31 желтоқсанда жарияланған).

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгеріс пен толықтыруды бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 330 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1247 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2000 жылғы 25 қыркүйек - 8 қазанда жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 2000 жылғы 30 қазандағы N 401 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1315 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2000 жылғы 4-17 желтоқсанда жарияланған).

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 111 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1535 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2001 жылғы 18 маусым 1 шілдеде жарияланған).

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 1 желтоқсандағы N 478 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1759 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2002 жылғы 25 ақпан - 10 наурызда жарияланған).

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1010 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 25 шілдеде N 255 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2470 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2003 жылғы 25 тамыз - 7 қыркүйекте жарияланған).

      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 29 қазандағы N 136 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3953 тіркелген, "Заң газеті" және "Юридическая газета" республикалық газеттерінде 2006 жылғы 25 қаңтарда жарияланған).

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2006 жылғы 27 қазандағы  
N 106 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел
валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру

      «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында айырбастау пункттері (оның ішінде автоматтандырылған) арқылы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру, жүргізу тәртібін айқындайды, уәкілетті ұйымдарды құру және лицензиялау тәртібін, оларға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ айырбастау пункттерін тіркеу (ашу) тәртібін белгілейді.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

1-тарау. Негізгі ұғымдар

      1. Осы Ереженің мақсаты үшін «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) көрсетілген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) автоматтандырылған айырбастау пункті - осы құрылғыға қолма-қол ақшаны енгізу және одан басқа валютадағы балама соманы қолма-қол ақшамен алу арқылы айырбастау операцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электрондық механикалық құрылғы;
      2) айырбастау операциялары - айырбастау пункттері және автоматтандырылған айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөніндегі операциялар;
      3) айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға - банк, Ұлттық почта операторы және уәкілетті ұйым;
      4) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы - Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен айқындалған теңгенің шетел валютасына орташа өлшемді биржалық бағамы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейтін, теңгенің Ұлттық Банк бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептелетін шетел валютасына бағамы;
      5) компьютерлік жүйе - салық органында есепке қойылған және айырбастау операцияларының есебін жүргізуді қамтамасыз ететін автоматтандырылған электрондық жүйе;
      6) кросс-бағам - екі шетел валютасы арасындағы, осы валюталардың Қазақстан теңгесіне немесе Қазақстан теңгесіне баға белгілеулер болмаған жағдайда басқа шетел валютасына қатысы бойынша айырбастаудың нарықтық бағамы негізінде айқындалатын бағамдық арақатынас;
      7) қолма-қол шетел валютасы - шетелдік мемлекеттер заңды төлем құралы ретінде қабылдаған айналыстағы банкноталар және қазынашылық билеттер;
      8) тіркеу куәлігі - айырбастау пунктінің Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес Ұлттық Банк берген тіркеу куәлігі.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

2-тарау. Уәкілетті ұйымдарды құру тәртібі

      2. Уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталы Ереженің 15 , 16-тармақтарының талаптарына сәйкес уәкілетті ұйым лицензия алу үшін өтініш жасағанға дейін толық көлемде қалыптастырылады.

      3. Уәкілетті ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылады.
      Уәкілетті ұйымдарға Қазақстан Республикасының аумағында және сол сияқты одан тысқары өкілдіктерін құруға, сондай-ақ құрылтайшы болуға немесе басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға тыйым салынады.

      4. Уәкілетті ұйым уәкілетті ұйым орналасқан облыста, астанада немесе республикалық маңызы бар қаладан тыс филиалдарын құра алады.

      5. Уәкілетті ұйым филиалы әділет органдарында тіркелген, сондай-ақ филиалдың орналасқан жері өзгерген күннен бастап 10 (он) ішінде орналасқан жерін көрсете отырып филиалдың ашылғаны (орналасқан жерінің өзгергені) туралы хабарламаны Ұлттық Банктің уәкілетті органның филиалы орналасқан жердегі аумақтық филиалына жібереді.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

      6. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті және резидент емес жеке және заңды тұлғалары уәкілетті ұйымның құрылтайшылары бола алады.
      Әділет органдарында уәкілетті ұйымды мемлекеттік тіркеуге рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) немесе шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензия алуға құжаттар ұсынғанға,дейін кемінде 3 (үш) жыл бұрын шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиясынан айырылған, бұрын уәкілетті ұйымның құрылтайшылары (құрылтайшыларының бірі) болып табылған тұлғалар уәкілетті ұйымның құрылтайшылары бола алмайды.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

      7. Құрылатын уәкілетті ұйымның құрылтай құжаттарын келісу рәсімі осындай ұйымының құрылтай құжаттарын тексеруден және оған рұқсат беруден тұрады. Уәкілетті ұйымға рұқсатты Ұлттық Банктің уәкілетті ұйым орналасқан жердегі филиалы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша береді.

      8. Құрылтай құжаттарын келісу және рұқсат алу үшін уәкілетті ұйымның құрылтайшылары Ұлттық Банктің уәкілетті ұйым орналасқан жердегі филиалына мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) рұқсат алуға арналған өтініш;
      2) жарғының нотариат растаған мемлекеттік және орыс тіліндегі көшірмесінің бір данасын;
      3) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтайшылар туралы мәліметтер.

      9. Ұлттық Банктің филиалы барлық құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және олардың Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасының және Ереженің талаптарына сәйкес келуін тексереді.
      Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша Ұлттық Банктің филиалы рұқсат береді немесе бас тарту себептерін дәлелді түрде жазбаша баяндай отырып оны беруден бас тартады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

      10. Ұлттық Банктің филиалы егер:
      1) жарғының ережелері Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасының және Ереженің талаптарына сәйкес келмесе;
      2) құрылтайшылары (құрылтайшыларының бірі) Ереженің 6-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар болып табылса;
      3) ұсынылған құжаттар пакеті Ереженің 8-тармағының талаптарына сәйкес келмесе рұқсат беруден бас тартады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

      11. Уәкілетті ұйым әділет органдарында келіскенге дейін жарғының жаңа редакциясын, сондай-ақ уәкілетті ұйымның жарғысына енгізілген мынадай өзгерістер мен толықтыруларды Ұлттық Банктің филиалымен келіседі:
      ақшалай нысанда қалыптастырылған жарғылық капитал мөлшерінің өзгерісін;
      құрылтайшылар құрамының өзгерісін;
      уәкілетті ұйым атауының өзгерісін;
      уәкілетті ұйымның заңды мекен-жайының өзгерісін.
      Уәкілетті ұйымның қолданылып жүрген жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды келісу не жарғының жаңа редакциясын келісу Ереженің 7-тармағында көзделген рұқсатты берместен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      12. Жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды немесе жарғының жаңа редакциясын келісу үшін уәкілетті органдар Ұлттық Банктің филиалдарына мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды немесе жарғының жаңа редакциясын қарау туралы өтініш;
      2) жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың немесе жарғының жаңа редакциясының мемлекеттік және орыс тіліндегі нотариат растаған көшірмесінің бір данасын;
      3) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтайшылар (қатысушылар) туралы мәліметтер (егер құрылтайшылардың құрамы, ақшалай нысанда қалыптастырылған жарғылық капиталдың мөлшері - өзгерсе);
      4) екінші деңгейдегі банктің жарғылық капитал мөлшерінің ақшалай жарналар есебінен өзгерісін растайтын құжат (егер, уәкілетті ұйымның жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ақшалай нысанда қалыптастырылған жарғылық капиталдың мөлшеріне қатысты болса).
      Келісу Ереженің 9-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады. Көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органдарда тіркегеннен кейін уәкілетті ұйым тіркелген күннен кейін бір айдан кешіктірмей Ұлттық Банктің филиалына осындай өзгерістер мен толықтырулардың не жарғының нотариат растаған көшірмесін ұсынады.

      13. Ұлттық Банктің филиалына Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылған құрылтайшылар (қатысушылар) туралы мәліметтер өзгерген жағдайда уәкілетті орган мәліметтер өзгерген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Ұлттық Банктің филиалына өзгерген мәліметтерді Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жіберуі тиіс.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

3-тарау. Лицензиялау рәсімі

      14. Уәкілетті ұйым лицензия алу үшін Ұлттық Банктің филиалына Ереженің 2-1-қосымшасымен белгіленген нысан бойынша өтінішті,  «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 42-бабының 2-тармағының 6) тармақшасында және Заңның 10-бабының 4)-9) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), 2009.11.30 № 108 Қаулыларымен.

      15. Уәкілетті ұйымдарға шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары  айырбастау пункттерінің санына есепке ала отырып ақшалай нысанда жарғылық капиталды қалыптастыру үшін Ұлттық Банк белгілеген ең төменгі мөлшерден аз болмайтын мөлшердегі ақшалай нысандағы жарғылық капиталдың болуы болып табылады. V095735
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), 2009.11.30 № 108 Қаулыларымен.

      16. Уәкілетті ұйымның біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжат ретінде екінші деңгейдегі банктің уәкілетті ұйымның банктік шотында лицензия ал үшін өтініш жасаған күні Ереженің 15-тармағында белгіленген мөлшердегі ақшаның болуын растайтын құжаты ұсынылады. 

      17. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия Ереженің 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша беріледі.
      Лицензия беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда жүргізіледі.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      18. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия бас лицензия болып табылады және басқа тұлғаларға берілмейді.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      19. Уәкілетті ұйым "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу үшін Ұлттық Банктің филиалына өтініш жасайды.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.11.30 № 108 Қаулыларымен.

      20. Лицензияның дубликатын беру "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулыларымен.

      21. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға ерікті түрде таратылған не айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті көрсетуден бас тартылған жағдайда аталған заңды тұлға оған тиесілі тіркеу куәліктері және лицензияның түпнұсқасын қоса бере отырып (уәкілетті ұйымдар үшін) 10 (он) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің филиалын қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды.
      Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға тиісті шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің филиалына таратылатын филиал орналасқан облыстың, астананың немесе республикалық маңызы бар қаланың аумағында орналасқан айырбастау пункттерінің тіркеу куәліктерін қоса бере отырып өзінің филиалының ерікті түрде таратылатыны туралы жазбаша түрде хабарлайды.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), 2009.11.30 № 108 Қаулыларымен.

      22. <*>
      Ескерту. 22-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.12.22. N 105 (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      23. <*>
      Ескерту. 23-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.12.22. N 105 (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

4-тарау. Айырбастау пункттерін тіркеу рәсімі

      24. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) айырбастау пункттерін, оның ішінде автоматтандырылған, заңды тұлғаның өзі не оның филиалы (филиалдары) орналасқан облыстың, астананың немесе республикалық маңызы бар қаланың шегінде ғана ашады.

      25. Автоматтандырылғандарын қоспағанда айырбастау пункттері Ұлттық Банктің филиалында міндетті түрде тіркеледі.
      Ұлттық Банктің филиалында тіркеу айырбастау пунктінің жұмысы үшін негіз болып табылады. Тіркеу куәлігін алғанға дейін айырбастау пункттері арқылы айырбастау операциялары жүргізілмейді.
      Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның өзі орналасқан облыстың, астананың немесе республикалық маңызы бар қаланың шегінде орналасқан айырбастау пункттерінің тіркеу осы заңды тұлға орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалында жүзеге асырылады. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның филиалы орналасқан облыстың, астананың немесе республикалық маңызы бар қаланың шегінде орналасқан айырбастау пункттерінің тіркеу осы заңды тұлғаның филиалы орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалында жүзеге асырылады. 

      26. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) айырбастау пункті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4817 тіркелген, "Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 56 қаулысымен белгіленген талаптарға, сондай-ақ мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      айырбастау пунктінің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс істеу бойынша даярлықтан өткен не қолма-қол шетел валютасымен кемінде 6 (алты) ай жұмыс стажы бар кассирінің (кассирлерінің) болуы;
      айырбастау пункті сатып алу және сату бойынша операциялар жүргізетін шетел валютасының барлық түрлері бойынша белгіленген, қолма-қол шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамы және сату бағамы туралы мәліметтері бар, клиенттерге арналған ақпараттық стендтердің болуы (кемінде биіктігі 0,4 метр және ені 0,4 метр болатын мөлшермен);
      айырбастау пунктінің үй-жайында банкноталардың түпнұсқалығын айқындаудың кемінде мынадай 2 (екі) тәсілін қамтамасыз ететін, ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауға арналған техникалық құралдардың болуы:
      банкнотаны ультракүлгін сәулемен тексеру (қағаздың люминесценциясын және өзгені тексеру);
      банкнотада магниттік белгілердің болуын тексеру.
      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.07.24  N 65(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2009.11.30 № 108 Қаулыларымен.

      27. Айырбастау пунктінің Ереженің 26-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келуін растайтын құжаттар ретінде мынадай құжаттар ұсынылады:
      «кассирдің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша арнайы даярлықтан өткенін растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшірмесі не қызметкердің еңбек қызметін растайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып, кассирдің қолма-қол шетел валютасымен кемінде 6 (алты) ай жұмыс стажын растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшірмесі;
      ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауға арналған техникалық құралдардың сипаттамаларын айқындайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
      банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайдың дайындық дәрежесі туралы Ұлттық Банк филиалының тексеру актісінің және (немесе) қорытындысының көшірмелері.
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.11.30 № 108 Қаулыларымен.

      28. Ереженің 4-қосымшасында белгіленген нысан бойынша тіркеу куәлігін немесе тіркеу куәлігін беруден бас тартуды Ұлттық Банктің филиалы айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) Ереженің 29-тармағында айқындалған құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде береді.
      Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулыcымен.
      28-1. Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) бір және одан көп касса кабинасы бар айырбастау пунктіне бір тіркеу куәлігі беріледі. Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) айырбастау пунктіндегі касса кабиналарының санын ұлғайту туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бұл туралы Ұлттық Банктің филиалын хабардар етеді. Осы жағдайда жаңа тіркеу куәлігін алу талап етілмейді
      Ескерту. 28-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулыcымен.
       29. Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) айырбастау пунктін тіркеу үшін өзінің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалына Заңның 10-бабының 1), 4), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес құжаттарды ұсынады.
      Өтініш берушінің Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуін растайтын құжаттар ретінде Ереженің 27-тармағында айқындалған құжаттар ұсынылады.
      Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның филиалы өзінің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалына осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген құжаттармен қатар мынадай құжаттарды ұсынады:
      филиалды есептік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (банктер және Ұлттық почта операторы үшін);
      Ұлттық Банктің шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиясының көшірмесі (уәкілетті ұйымдар үшін);
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әділет органдарында есептік тіркеуден өткен филиал туралы ереженің көшірмесі.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

      30. Ұлттық Банктің филиалы мынадай жағдайларда тіркеу куәлігін беруден бас тартады:
      ұсынылған құжаттар пакеті Ереженің 29-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;
      айырбастау пункті Ереженің 26-тармағының талаптарына сәйкес келмеген.
      Айырбастау пунктін тіркеу үшін құжаттарды қайтадан ұсынған кезде оларды Ұлттық Банкке соңғы ұсынған сәтте өзгермеген құжаттар ұсынылмайды.
      Ескерту. 30-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      31. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) бастамасы бойынша айырбастау пунктінің қызметі уақытша тоқтатылған жағдайда (отыз күнтізбелік күннен астам) тиісті заңды тұлға (оның филиалы) айырбастау пунктінің қызметін тоқтата тұру шешім қабылданған туралы күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бұл туралы Ұлттық Банктің филиалына көрсетілген шешімнің көшірмесін қоса бере отырып жазбаша хабарлайды.
      Осы жағдайда тіркеу куәлігі Ұлттық Банктің филиалына қайтарылмайды. Бұл ретте айырбастау пунктінің жұмыс істемеу кезеңі қатарынан 6 (алты) айдан аспауы тиіс.
      Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

      32. Айырбастау пункті жабылған не оның орны орналасқан мекен-жайының өзгеруіне әкеп соғатын ауыстырылған кезде айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) жабылған, орны ауыстырылған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің филиалына қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды және тіркеу куәліктерінің түпнұсқаларын қайтарады.

      33. Ұлттық Банктің филиалы айырбастау пунктінің нақты орын ауыстыруына әкеп соқпайтын, көшелердің атауы, үйлердің нөмірлері және тіркеу куәлігінде көрсетілген басқа деректер өзгерген кезде айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) айырбастау пунктін қайта тіркейді.

      34. Айырбастау пунктін қайта тіркеу айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) өтініші негізінде, айырбастау пункттерін тіркеу үшін Ережеде көзделген тәртіппен және мерзімдерде іс қағаздарында бар құжаттарды қайтадан ұсынбай жүзеге асырылады. Өтінішке Ереженің 33-тармағына сәйкес қайта тіркеу үшін негіздердің туындауын растайтын құжаттар қоса беріледі.
      Айырбастау пункті қайта тіркелген кезде Ұлттық Банктің филиалы жаңа тіркеу куәлігінің нақты берілген күнін көрсете отырып тіркеу куәлігін береді.
      Ескерту. 34-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

      35. Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) өзінің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалына шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде:
      1) айырбастау пунктінің мекен-жайының өзгеруіне әкеп соқпайтын, айырбастау пункті Ереженің 26-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде қызметін тоқтатпастан айырбастау пунктінің орын ауыстырылғаны туралы жазбаша хабарлайды, сондай-ақ айырбастау пункті орнының ауыстырылуына байланысты осындай құжаттар өзгерген жағдайда Ереженің 27-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады;
      2) айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) орналасқан жерінің өзгеруі туралы жаңа деректемелерін көрсете отырып жазбаша хабарлайды.
      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

      36. Тіркеу куәлігі жоғалған кезде айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) Ұлттық Банктің филиалына тіркеу куәлігінің жоғалу себептерін және жағдайларын көрсете отырып тіркеу куәлігінің дубликатын алуға өтініш береді.
      Ұлттық Банктің филиалы 5 (бес) жұмыс күні ішінде айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаға (оның филиалына) "Дубликат" деген сөзді және тіркеу куәлігінің дубликатын беру күнін көрсете отырып, бастапқы тіркеу куәлігінің нөмірін және күнін қалдыра отырып тіркеу куәлігінің дубликатын береді.
      36-1. Тіркеу куәлігінің қолданылуы:
      1) айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға лицензиясын қолдану тоқтатылған;
      2) тіркеу куәлігі ерікті түрде қайтарылған жағдайларда тоқтатылады.
      Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғалар шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияны қолдану тоқтатылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің филиалына тіркеу куәліктерінің түпнұсқаларын қайтарады.
      Ескерту. 36-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

5-тарау. Автоматтандырылған айырбастау пунктінің
айырбастау операцияларын жүргізу және көрсету

       37. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) автоматтандырылған айырбастау пункті арқылы айырбастау операцияларын жүзеге асыру кезінде автоматтандырылған айырбастау пункті орналасқан жер бойынша Ұлттық Банктің филиалына:
      автоматтандырылған айырбастау пункті жұмысының басталуы туралы;
      автоматтандырылған айырбастау пункті орналасқан жер өзгергені туралы;
      автоматтандырылған айырбастау пунктінің қызметін уақытша тоқтата тұру (отыз күнтізбелік күн мерзімге) туралы шешімнің қабылданғаны туралы;
       автоматтандырылған айырбастау пунктінің қызметін тоқтату туралы шешімнің қабылданғаны туралы ақпарат жібереді.
      Көрсетілген ақпарат тиісті оқиға басталған (шешім қабылданған) күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылады және онда автоматтандырылған айырбастау пунктінің орналасқан жері және айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) әрбір автоматтандырылған айырбастау пункті нөмірінің бірегейлігін ескере отырып беретін ішкі тіркеу нөмірі болуы тиіс
      Ескерту. 37-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

      38. Ереженің 5-тарауының талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ Ереженің 37-тармағында көзделген мерзім аяқталғаннан кейін  Ұлттық Банктің филиалына хабарламай іс-әрекет жасайтын автоматтандырылған айырбастау пункттерінің жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді.

      39. Автоматтандырылған айырбастау пунктінің банкноталардың түпнұсқалығын айқындаудың кемінде мынадай 2 (екі) тәсілін қамтамасыз ететін, ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауға арналған техникалық құралдар болуы тиіс:
      айырбастау пунктінің үй-жайында:
      банкноталарды ультракүлгін сәулемен тексеру (қағаздың люминесценциясын тексеру және өзге);
      банкноттарда магниттік белгілердің болуын тексеру.

      40. Айырбастау операциясын жүргізудің растамасы айырбастау операциясын жүзеге асыру кезінде автоматтандырылған айырбастау пункті беретін, мынадай деректемелері бар чек болып табылады:
      автоматтандырылған айырбастау пунктін ашқан заңды тұлғаның (оның филиалының) атауы, оның кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеушісі бойынша коды, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
      автоматтандырылған айырбастау пунктінің ішкі тіркеу нөмірі; 
      қабылданған қолма-қол валютаның атауы;
      қабылданған қолма-қол валютаның сомасы;
      қабылданған қолма-қол валютаның берілген қолма-қол валютаның атауы;
      берілген қолма-қол валютаның сомасы;
      операция жүргізілген күн және уақыты;
      валюталарды айырбастау бағамы;
      жүргізілген операциялардың түрі (сатып алу немесе сату).
      Автоматтандырылған айырбастау пункті бір мәрте жүргізген айырбастау операциясының сомасы валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып есептелген 10 (он) мың АҚШ доллары баламасынан аспауы тиіс.
      Ескерту. 40-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), 2009.11.30 № 108 Қаулыларымен.

      41. Автоматтандырылған айырбастау пункті арқылы күнтізбелік айдың әрбір күні үшін жүзеге асырылған айырбастау операциялары Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған, бастапқы бухгалтерлік құжат болып табылатын, сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының тізілімдері журналында (бұдан әрі - тізілімдер журналы) Ережеде көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) тізілімдер журналын оған тиесілі әрбір автоматтандырылған айырбастау пункті бойынша бөлек қалыптастырады.
      Егер автоматтандырылған айырбастау пунктінде компьютерлік жүйе орнатылса, қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау бойынша операциялар Ереженің 53-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес тізілімдер журналында көрсетіледі.
      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

6-тарау. Айырбастау пункттері жұмысының
талаптары және тәртібі

      42. Кассирлердің өз ақшасы, сырт киімі және басқа заттары арнайы бөлінген бөлмеде немесе кассалардан тыс орналастырылған шкафтарда сақталады.
      Айырбастау пункттері кассаларының үй-жайларында бөгде адамдардың болуына рұқсат етілмейді.

      43. Ақша белгілерінің түпнұсқалығын анықтауға арналған техникалық құралдар бұзылған, ол басқа себептер бойынша жұмыс істемеген немесе Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда айырбастау пункті айырбастау операцияларын жүргізуді тоқтатады.

      44. Әрбір айырбастау пунктінде жеке тұлғаларға жақсы көрінетін жерде мынадай ақпарат орналастырылады:
      1) тіркеу куәлігінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесі;
      2) айырбастау пунктінің жұмыс режимі;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензия алу талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесі;
      4) Ереженің 6-қосымшаның нысаны бойынша айырбастау пунктінің қызметіне бақылауды жүзеге асыратын және осы айырбастау пунктінің жұмысына ескертулер болған кезде атына шағым жолданатын Ұлттық Банк филиалы туралы мәліметтер;
      5) Ұлттық Банктің осы актінің қолданылу кезеңінде айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегін белгілейтін нормативтік құқықтық актісінің көшірмесі.
      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

      45. Айырбастау пунктінің үй-жайында мынадай құжаттар міндетті түрде сақталады:
      1) айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) басшысының тиісті тұлғаны айырбастау пунктінің кассирі етіп тағайындауы туралы бұйрығының көшірмесі;
      2) банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайды тексеру актісінің және дайындық дәрежесі туралы Ұлттық Банк филиалы актісінің және (немесе) қорытындысының көшірмелері;
      3) (ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен)
      4) айырбастау пункті кассирінің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс істеу бойынша арнайы даярлықтан өткенін куәландыратын құжаттың көшірмесі не айырбастау пункті кассирінің қолма-қол шетел валютасымен кемінде 6 (алты) ай жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) айырбастау пункті кассирінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
      Ескерту. 45-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), 2009.11.30 № 108 Қаулыларымен.

      46. Айырбастау операцияларының есебін және өзге банк операцияларынан бөлек жүргізуге мүмкіндік беретін компьютерлік жүйе болған кезде банктердің (оның филиалдарының) үй-жайында орналасқан айырбастау пункттерінің үй-жайларында, сондай-ақ Ұлттық почта операторының Ұлттық почта операторының (оның филиалдарының) үй-жайында орналасқан айырбастау пункттерінің үй-жайларында айырбастау операцияларын және банк заңнамаларына сәйкес кассаларда жүргізілетін өзге банк операцияларын бір мезгілде жүргізуге рұқсат етіледі.
      Ескерту. 46-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), 2009.11.30 № 108 Қаулыларымен.

7-тарау. Айырбастау пункттерінде қолма-қол шетел
валютасымен операциялар жүргізу тәртібі

      47. Айырбастау пункттері сатып алу, сату бағамдарына және бағамдарды белгілеу туралы өкімнің негізінде белгіленген кросс-бағамдарға сәйкес қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүргізеді. Қолма-қол шетел валютасын айырбастауға арналған сатып алу, сату бағамдары және кросс-бағамдар айырбастау пунктінің жұмыс уақыты ішінде өзгеруі мүмкін. Бағамды әрбір өзгерту өзгертілген бағамдар қолданысқа енгізілетін уақыт көрсетілген өкіммен бекітіледі.
      Бір өкімде жүргізілетін айырбастау операцияларының сомасына байланысты бір мезгілде әр түрлі бағамдар белгілеуге рұқсат етіледі. Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар бір заңды тұлғаның (оның филиалының) әр түрлі айырбастау пункттерінде әр түрлі бағамдарды белгілеуіне жол беріледі.
      Сатып алу, сату бағамдарын және кросс-бағамдарды белгілеу туралы өкімді күнделікті айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) басшысы немесе басшының бүйрығымен осындай өкілеттіктер берілген өзге тұлға шығарады. Белгіленген бағамдардың қолданылу кезеңі (бірнеше күн және (немесе) бір күннің ішінде уақыт аралығындағы кезең) көрсетілген өкімді шығаруға жол беріледі.
      Бағамдар белгілеу туралы өкім:
      1) айырбастау пункті айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) заңды мекен-жайында орналасқан;
      2) айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) өкімдерді осы компьютерлік жүйе шеңберінде айырбастау пункттеріне дейін орталықтандырылған жеткізуді көздейтін компьютерлік жүйені пайдаланған жағдайларда бір дана етіп шығарылады.
      Өзге жағдайларда өкімнің бір данасы айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғада (оның филиалында) қалады және өкім осындай заңды тұлғаға (оның филиалына) тиесілі әрбір айырбастау пунктіне бір данадан жіберіледі.
      Өкімдердің көрсетілген даналары 3 (үш) жыл ішінде сақталады.
      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

      48. Айырбастау пунктіне айналыстағы ақша белгілерін қабылдау кезінде номиналы және эмиссия жылдары бойынша шектеулер қоюына, сондай-ақ айырбастау пунктінде айырбастау операциясын жүргізу үшін қажетті сомада қолма-қол шетел валютасы және қолма-қол ұлттық валюта болған кезде азаматтарға айырбастау операциясын жүргізу үшін бас тартуға жол берілмейді.
      Жеке тұлғаға айырбастау пунктінде сатып алу және (немесе) сату бағамдары белгіленген қолма-қол шетел валютасының немесе қолма-қол ұлттық валютаның айырбастау пунктінде болмауы себебі бойынша айырбастау операциясын жүргізуден бас тартылған жағдайда, айырбастау пунктінің кассирі жеке тұлғаның талап етуі бойынша айырбастау пунктінде жоқ валютаның түрін және сомасын, анықтама берілген күнді және уақытын көрсете отырып, анықтама береді. Анықтамаға айырбастау пунктінің кассирі қол қояды және айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) ішкі ережелерінде белгіленген тәртіппен тіркеледі.
      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

      49. Ұлттық Банк айырбастаудың ерекше тәртібін белгілеген жағдайларды қоспағанда бұрынғы жылдардың неғұрлым ерте эмиссияланған шетел валютасын айырбастағаны үшін комиссиялық сыйақы алынбайды.

      50. Эмитенттің елінде заңды төлем құралы болып табылатын қолма-қол шетел валютасы Ережеде белгіленген тәртіппен комиссиялық сыйақы алмастан сатып алуға, сатуға, айырбастауға жатады.
      Заңды төлем құралының негізгі белгілеріне банкнотада эмиссиялық банктің атауының, номиналдың сандармен және жазумен көрсетілген нөмірлерінің және серияларының, алдыңғы және сыртқы жақтарының негізгі суреттерінің (портреттер және тағы сондай), сондай-ақ қолдан жасаудан қорғау элементтері (сутамғы белгі, магниттік белгілері, ультракүлгін сәуле түсінгенде көрінетіндерді қоса алғанда қағазға ендірілген түрлі-түсті талшықтар, конфетти, қорғаныш жіптер, микромәтіндер, люминестейтін суреттер және сондайлар) болуы жатады.
      Валютаның эмитенті ел шығарылған банкноталарға өзге не қосымша талаптар белгілейді.
      Айырбастау пункті айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар бір заңды тұлға (оның филиалы) банкноталардың түпнұсқаларын және төлем жасауға қабілеттігін анықтау жөніндегі анықтамалық және ақпараттық материалдарды осы өнім түрін көбейтумен айналысатын тұлғалардан дербес сатып алады.
      Сондай-ақ мынадай бүлінулері бар банкноталар айналысқа жарамды заңды төлем құралдары болып танылады:
      1) қырылған және ласталған;
      2) желімделген жыртық бұрыштары немесе кесегі бар (аумағы 1-2 шаршы сантиметрден аспайтын) егер жыртылған бөлік осы банкнотаға тиесілі болса;
      3) желімделген жыртықтары бар, егер олар банкнота енінің (ұзындығының) төрттен бірінен аспаса;
      4) ұсақ майлы және басқа дақтары, жазбалар және мөртабандардың таңбасы (банкнотаның өтелгені туралы немесе түпнұсқа емес немесе үлгі болып табылатыны туралы растайтын мөртабандардан басқа) бар, егер олар банкноталардың түпнұсқалығын айқындауға кедергі жасамаған және осы тармақта көрсетілген айналысқа жарамды заңды төлем құралының негізгі белгілерінің бірін едәуір дәрежеде (50 пайыздан астам) жаппаса;
      5) диаметрі 0,5 миллиметрден аспайтын тесіктері бар.

      51. Егер банкноталар Ереженің 50-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе және (немесе) мынадай бүлінулері бар болса олар айналысқа жарамсыз болып танылады:
      1) бөлшектеліп жыртылған және желімделген;
      2) бастапқы түсін жоғалтқан немесе оңып кеткен;
      3) күйген немесе шайналған;
      4) тұтас немесе едәуір дәрежеде (айналысқа жарамды заңды төлем құралының негізгі белгілерінің бірін 50 пайыздан астамы) бояу, сия, май төгілген;
      5) химиялық реактивтердің, оның ішінде ультракүлгін сәуле түсінгенде қағаздың жалтырауына әкеп соғатын реактивтердің әсеріне ұшыраған;
      6) қасақана сипаттағы едәуір бүлінуі (негізгі суреттері, атап айтқанда адамдардың суреттері өзгерген, қорғаныш жібі жойылған, едәуір жазбалардың болуы, оның ішінде ультракүлгін сәуле түсіргенде көрінетін);
      7) баспадан кеткен анық ақауы бар банкнота (сутамғы белгілердің немесе қорғаныш жіптің болмауы немесе дұрыс орналаспауы, бейнелердің басылмауы немесе майлануы);
      8) геометриялық өлшемдердің азаюы жағына және сол сияқты ұлғаюы жағына қарай 3 (үш) миллиметерден көп өзгеруі.
      Тиісті шет мемлекеттің эмитент банкі жариялаған күннен кейін айналыстан шығарылған банкноталары төлем жасауға қабілетсіз ретінде танылады.
      Төлем жасауға болмайтын, сондай-ақ айналысқа жарамсыз банкноталарды сатып алуды және ауыстыруды банктер және Ұлттық почта операторы ғана жүзеге асырады. Шетел валютасының эмитент банктерімен (шетел банкімен) корреспонденттік қатынасы және (немесе) инкассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша шарттық қатынастары бар банктерге және Ұлттық почта операторына аталған шетел валюталарының төлем жасауға болмайтын немесе айналысқа жарамсыз банкноталарын инкассоға қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
      Банктер және Ұлттық почта операторы ауыстыру тәртібімен сатып алған және қабылдаған төлем жасауға болмайтын немесе айналысқа жарамсыз банкноталарды клиенттерге сатуға болмайды және эмитент банктерге (шетел банкіне) инкассоға жіберілуі немесе оларға қызмет көрсететін банктер арқылы инкассоға тапсырылуы тиіс.
      Банктердің шетел валюталарының төлем жасауға болмайтын немесе айналысқа жарамсыз банкноталарын инкассоға қабылдауы Ұлттық Банк айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады. Банктер және Ұлттық почта операторы клиенттерге комиссиялық сыйақының мөлшері (клиенттің барлық шығыстары кіретін) және эмитент банктердің көрсетілген банкноталарды айырбастаудан бас тарту мүмкіндігі, сондай-ақ клиенттен инкассоның талаптарына жазбаша келісім алу туралы ескертеді. Эмитент банк (шетел банкі) шетел валютасын айырбастаудан бас тартқан жағдайда банктер және Ұлттық почта операторы клиентке тиісті растайтын құжаттар ұсынады.
      Төлем жасауға болмайтын, сондай-ақ айналысқа жарамсыз банкноталарды инкассоға қабылдау, ауыстыру, сатып алу бойынша операциялар Ереженің 55-тармағының талаптарын ескере отырып Ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлем жасауға болмайтын, сондай-ақ айналысқа жарамсыз қолма-қол шетел валютасымен операциялар тізілімінің журналында есепке алынады.
      Төлем жасауға болмайтын, сондай-ақ айналысқа жарамсыз банкноталарды инкассоға қабылдау, ауыстыру, сатып алу үшін комиссиялық сыйақыны банктер, Ұлттық почта операторы дербес белгілейді, бірақ айырбастауға (сатып алуға, инкассоға қабылдауға) ұсынылатын банкноталардың номиналдық құнының 10 (он) пайызынан аспауы тиіс.
      Комиссиялық сыйақыны банктер және Ұлттық почта операторы операция жасалған күні нарықтық бағам бойынша Қазақстан теңгесімен алады.
      Ескерту. 51-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      52. Қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау кезінде айырбастау пунктінің қызметкері валютаның түпнұсқалығын Ереженің талаптарына сәйкес келетін, ақша белгілерінің түпнұсқалығын анықтауға арналған техникалық құралдардың көмегімен тексереді.

      53. Айырбастау пункттерінде жүргізілетін қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау бойынша операциялар осы тармақтың төртінші бөлігінде белгіленген жағдайды қоспағанда, әрбір операцияны жүргізу аяқталғаннан кейін тізілімдер журналында көрсетіледі.
      Күн ішінде бағам өзгерген жағдайда тізілімдер журналында қолма-қол шетел валютасын жаңа бағам бойынша сатып алу немесе сату операцияларын жүргізу басталғанға дейін сатып алынған және сатылған валютаның көлемі бойынша аралық қорытынды шығарылады. Айырбастау пунктінің жұмыс күні аяқталғаннан кейін бір күн ішінде жүргізілген операциялар бойынша тізілімдер журналында қорытындылар көрсетіледі және ақша қалдығы шығарылады. Қағаз тасымалдауыштағы тізілімдер журналында аралық қорытындылар және жұмыс күнінің аяқталуы бойынша қорытындылар кассирдің қолымен расталады.
      Тізілімдер журналында тазартуға және өзге түзетулерге жол берілмейді. Қағаз тасымалдауыштағы тізілімдер журналында қате деректер сызылып тасталады және кассирдің қолымен расталған «№ __ жазба түзетілген» деген жазба жасалады, одан кейін дұрыс жазба жасалады.
      Егер айырбастау пунктінде компьютерлік жүйе орнатылса, қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау бойынша операциялар айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның ішкі құжаттарында белгіленген ағымдағы операциялық күннен кешіктірілмей тізілімдер журналында көрсетіледі. Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) операциялық күні аяқталғаннан кейін айырбастау пунктінде жүргізілген операцияларды келесі операциялық күнмен көрсетуге рұқсат етіледі.
      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

      54. Қолма-қол шетел валютасын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы пайдалана отырып есептелген 10 (он) мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомаға сатып алған немесе сатқан кезде тізілімдер журналында клиенттің аты-жөні және оның жеке басын куәландыратын құжатының деректері жазылады.
      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

      55. Тізілімдер журналы (электрондық түрдегі тізілімдер журналын қоспағанда):
      нөмірленеді, шнурланады және айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) және Ұлттық Банк филиалының мөрімен бекітіледі;
      кемінде отыз парақ болады, айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) басшысының, бас бухгалтерінің, Ұлттық Банктің филиалы басшысының немесе басшысы орынбасарының қолымен расталады.
      Тізілімдер журналын ресімдеу үшін айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) айырбастау пункті орналасқан жер бойынша Ұлттық Банктің филиалына өтініш жасайды. Ұлттық Банктің филиалы тізілімдер журналының белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексереді және оны келіп түскен күннен бастап  5 (бес) жұмыс күні ішінде ресімдейді. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) бір айырбастау пункті үшін бірнеше тізілімдер журналын бір мезгілде ресімдеуге рұқсат етіледі.
      Аяқталған тізілімдер журналы айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғада (оның филиалында) олар аяқталған күннен бастап 3 (үш) жыл бойы сақталады.

      56. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) айырбастау пункттері тізілімдер журналын Ереженің 57-тармағында белгіленген тәртіппен электрондық түрде жүргізе алады.

      57. Электрондық түрдегі тізілімдер журналы мынадай талаптарды ескере отырып қалыптастырылады:
      1) тізілімдер журналын қалыптастырудың бағдарламалық қамтамасыз етуі компьютерлік жүйе (компьютерлік жүйенің бөлігі) болып табылады;
      2) электрондық түрдегі тізілімдер журналының нысанында Ереженің 5-қосымшасында белгіленген барлық деректемелер бар;
      3) бір күн ішінде жүргізілген айырбастау операциялары туралы есептілікті қалыптастыру және беру Ереженің талаптары ескеріле отырып күнделікті жүзеге асырылады;
      4) электрондық түрдегі тізілімдер журналынан есепке алынған операциялардың бірде-біреуі алынып тасталуы мүмкін емес. Қате енгізілген операцияға тиісті белгі қойылуы тиіс және деректер базасынан алынып тастауға жатпайды.
      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

      58. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) өздерінің айырбастау пункттерінде электрондық түрдегі тізілімдер журналының бағдарламалық қамтамасыз етуін қолданғанға дейін осындай бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы туралы Ұлттық Банктің тиісті филиалына хабарлайды.
      Хабарламада тиісті облыстың, астананың немесе республикалық маңызы бар қаланың аумағында орналасқан айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) қағазға басылған тізілімдер журналдарын жүргізуді тоқтататын айырбастау пункттерінің электрондық түрдегі тізілімдер журналға көшкен күн көрсетілген тізбесі көрсетіледі.
      Ескерту. 58-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

      59. Бағдарламалық қамтамасыз етуді (автоматтандырылған айырбастау пункттерін қоспағанда) пайдаланумен жүргізу жүзеге асырылатын күн сайынғы тізілімдер кемінде 2 (екі) дана басылады және айырбастау пунктінің кассирі қол қояды.
      Тізілімнің бірі айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) бір күнгі құжаттарына тігіледі, басқасы айырбастау пунктінде қалады. Тізілімдердің тігінділерін сақтау Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Автоматтандырылған айырбастау пунктінің күн сайынғы тізілімдері 1 (бір) дана басылады, оған кассирі қол қояды және айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғада (оның филиалында) Ережеде белгіленген тәртіппен сақталады.
      Электрондық түрдегі тізілімдер журналында көрсетілген операциялар тізілімдер журналының басып шығарылған данасында көрсетілген операцияларға сәйкес келуі тиіс.
      Ескерту. 59-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

      60. Айырбастау пунктінде қалатын тізілімдер ағымдағы ай аяқталғаннан кейін тігінділерге қалыптастырылуы тиіс, тігіндінің барлық беттері нөмірленеді және тігіндінің соңында айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) басшысының бас бухгалтерінің немесе басшының бұйрығымен осындай өкілетті берілген өзге лауазымды тұлғаның қолымен расталады.

      61. Шоғырландырылған есептілікті қалыптастыруға арналған есептілік құжаттары айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаға (оның филиалына) электрондық түрдегі тізілімдер журналының бағдарламалық қамтамасыз етуінің бір бөлігі болып табылатын модемдік немесе өзге байланыс арқылы күн сайын өткізіледі.

      62. Уәкілетті ұйымдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-не дейінгі (қоса алғанда) мерзімде Ұлттық Банктің филиалына Ереженің 8-қосымшасында белгіленген нысан бойынша, бар болған кезде филиалдардың операциялары есепке ала отырып жиынтық түрде қаражат қозғалысы туралы мәліметтер береді.
      Ескерту. 62-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      63. Бір шетел валютасын басқасына айырбастау есептілік нысандарын жасау кезінде екі операция түрінде көрсетіледі:
      айырбастау пунктінің бір шетел валютасын осы айырбастау пунктінің осы валюта түрін сатып алуы бағамы бойынша теңгемен сатып алуы;
      айырбастау пунктінің басқа шетел валютасын осы айырбастау пунктінің осы валюта түрін сатып алуы бағамы бойынша теңгемен сатуы.
      63-1. Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға шет мемлекеттердің (мемлекеттер тобының) монеталарын сатып алу, сату және айырбастау жөніндегі операцияларды жүргізу бойынша шешімді өз бетінше қабылдайды.
      Ескерту. 63-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

8-тарау. Әсер ету шаралары және санкциялар

      64. Ұлттық Банк және оның филиалы айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) Ереженің нормаларын бұзуы анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген әсер ету шараларын қолданады.

      65.Заңның 30-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтата тұруды Ұлттық Банктің филиалы жүзеге асырады.
      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

      66. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті ұйым берген лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды немесе одан айыруды Ұлттық Банктің филиалы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының б), з) және к-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырады.
      Ұлттық Банк филиалының айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиядан айыру туралы шешімі мемлекеттік және орыс тілдерінде облыстық немесе қалалық газетте жарияланады.
      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.11.30  № 108Қаулыларымен.

      67. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғадан (уәкілетті ұйымдарды қоспағанда) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқық беретін лицензияны қолдану тоқтатыла тұрған не айырған жағдайда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган тиісті шешімнің көшірмесін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кейіннен Ұлттық Банктің филиалына хабарлама жіберу үшін Ұлттық Банкке жібереді.
      Ескерту. 67-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      68. Уәкілетті ұйымнан шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру үшін берілген лицензияны қолдану тоқтатыла тұрған не айырған жағдайда Ұлттық Банктің филиалының  тиісті шешімі уәкілетті ұйымға жіберіледі. Уәкілетті ұйым лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы шешімді алған күннен бастап лицензияны қолдануды тоқтатыла тұрған мерзім аяқталғанға дейін шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті тоқтата тұрады.
      Тіркеу куәлігін қолдану тоқтатыла тұрған жағдайда Ұлттық Банктің филиалының тиісті шешімі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаға (оның филиалына) жіберіледі. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) осы шешімді алған күннен бастап тиісті айырбастау пунктінде шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті тіркеу куәлігін қолдану тоқтатыла тұрған мерзім аяқталғанға дейін тоқтата тұрады.
      Ескерту. 68-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      69. Ұлттық Банктің филиалы шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған жағдайда уәкілетті ұйым Ұлттық Банктің филиалына лицензияның түпнұсқасын «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 48-бабының екінші тармағында белгіленген мерзімде қайтарады.
      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.
      70. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес реттеледі.

                                          Қазақстан Республикасында
                                         қолма-қол шетел валютасымен
                                           айырбастау операцияларын
                                             ұйымдастыру ережесіне
                                                    1-қосымша

                             Рұқсат

N ___                                   ____ жылғы "___"___________

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің_______________________
___________________________________________________________ филиалы
                  (Ұлттық Банк филиалының атауы)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде шетел
валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру үшін құрылған
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                 (заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері)
заңды тұлғаны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат береді.

________________________    _________________    __________________
     (лауазымының атауы)        (қол қоятын орын)           (аты-жөні)

Мөр орны

                                          Қазақстан Республикасында
                                         қолма-қол шетел валютасымен
                                           айырбастау операцияларын
                                             ұйымдастыру ережесіне
                                                    2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

        _______________________________________________________
                     (уәкілетті ұйымның атауы)
        уәкілетті ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) туралы
                             мәліметтер

      1. Жеке тұлғалар:

Рет
N

Аты-
жөні

Туған
күні

Төлқұжат/
жеке
куәлік
деректері

Салық
төлеушінің
тіркеу
нөмірі

Тұратын
жері

Жарғылық
капиталдағы
үлесі

Жеке
сәйкес-
тендіру
нөмірі
(бар
болса)

пайыз-
бен

сомасы

1









2









3









...









        2. Заңды тұлғалар:

Рет
N

Заңды
тұлғаның
аты-жөні

Ұйым-
дас-
тыру
құқық-
тық
нысаны

Кәсіп-
орындар
мен
ұйым-
дардың
жалпы
жік-
теуіші
бойынша
коды

Мемле-
кеттік
тіркеу
туралы
куәлік-
тің
нөмірі
және
беріл-
ген
күні

Орна-
ласқан
жері

Жарғылық
капиталдағы
үлесі

Бизнес-
сәйкес-
тендіру
нөмірі
(бар
болса)

пайыз-
бен

сомасы

1









2









3









...









                                      "Қазақстан Республикасында
                                    қолма-қол шетел валютасымен
                                    айырбастау операцияларын
                                    ұйымдастыру ережесіне
                                    2-1-қосымша

      Ескерту. 2-1-қосымшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
                                    _______________________________
                                    (Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                    Банкінің аумақтық филиалының
                                    атауы) басшысы
                                    _______________________________
                                         (басшының аты-жөні)

      Шетел валютасымен айырбастау операцияларын
             ұйымдастыру үшін лицензия алуға
                         өтініш
____________________________________________________________________
                (өтініш берушінің атауы)
Өтініш берушінің кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеушісі
бойынша коды _______________________________________________________
Өтініш берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)____________
Өтініш берушінің салық төлеушісінің тіркеу нөмірі __________________
      Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасымен
айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия беруді сұраймын.
      Қоса берілген құжаттар:
      1.
      2.
      3.
      .....
      Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы:
_____________________ ____________________________  ________________
      (лауазымы)              (аты-жөні)                 (қолы)

      200___жылғы «"____" ___________ Мөр орны

                                           Қазақстан Республикасында
                                         қолма-қол шетел валютасымен
                                           айырбастау операцияларын
                                             ұйымдастыру ережесіне
                                                    3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз), 2009.11.30 № 108 Қаулыларымен.

                    Шетел валютасымен айырбастау
              операцияларын ұйымдастыруға берілген
                            лицензия

N _________                       ____ жылғы "___"_________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
___________________________________________________________ филиалы
                  (Ұлттық Банк филиалының атауы)
«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес осы лицензияны
____________________________________________________________береді.
                 (уәкілетті ұйымның атауы)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
__________________________________________________________ филиалы
               (Ұлттық Банк филиалының атауы)
валюталық бақылау агентінің міндеттерін уәкілетті ұйымға жіктейді.
      Осы лицензия шектелмеген мерзіммен бір данада берілді және басқа тұлғаларға беруге болмайды.
_______________________   _________________     ___________________
   (лауазымының атауы)        (қол қоятын орын)           (аты-жөні)

Мөр орны

                                           Қазақстан Республикасында
                                         қолма-қол шетел валютасымен
                                           айырбастау операцияларын
                                             ұйымдастыру ережесіне
                                                    4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаға енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

                 Айырбастау пунктінің тіркеу куәлігі
                    N _______  жылғы "___"__________ 

Осы куәлік ________________________________________________________
           (айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды
                  тұлғаның немесе оның филиалының атауы)

тиесілі _____________________________ мекен-жайы бойынша орналасқан
      (айырбастау пунктінің мекен-жайы)

айырбастау пунктіне оның __________________________________________
                              (Ұлттық Банк филиалының атауы)
_______нөмірмен тіркелгені жөнінде берілді.    

________________________   ________________  ____________________
  (лауазымының атауы)      (қол қоятын орын)     (аты-жөні)

Мөр орны

                                           Қазақстан Республикасында
                                         қолма-қол шетел валютасымен
                                           айырбастау операцияларын
                                             ұйымдастыру ережесіне
                                                    5-қосымша

      Журналдың сыртқы парағы

                Сатып алынған және сатылған қолма-қол
                   шетел валютасы тізілімдерінің
                            ЖУРНАЛЫ

_________________________________________________________орналасқан
айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның
немесе оның филиалының орналасқан жері_____________________________
____________________________________________________________тиесілі
(айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның
___________________________________________________________________
                  немесе оның филиалының атауы)
_________________________________________________________орналасқан
                (айырбастау пунктінің мекен-жайы)
________________________________________________ айырбастау пункті,
   (айырбастау пунктінің атауы, тіркеу нөмірі)

      _____ жылғы "___"_____________ басталды
      _____ жылғы "___"_____________ аяқталды

      Сақтау мерзімі: _____________ жыл

      Журналдың ішкі парағы

Күні

Валюта түрі

Валюта қалдықтары 1

Бағам

Күн басында

Күн аяғында

Сатып алу

Сату

Басшының өкімінің күні, нөмірі


Теңге



-    

-   

-      






















        1 Айырбастау операцияларын өзге банк операцияларымен қоса
жүргізген кезде толтырылмайды

     Сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының
              200___ жылғы "___"____________ тізілімі

Рет N

Клиенттің аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың  нөмірі мен сериясы

Валютаның атауы

Валютаның сомасы

Сатып алынды

Сатылды

валютамен

теңгедегі баламасы*

валютамен

теңгедегі баламасы**

1

2

3

4

5

6

7































Жиынтығы:



















       Кассирдің қолы _______________         Нөмірі ________ парақ

      Ескерту:
      * - сатып алу бағамы бойынша есептеледі
      ** - сату бағамы бойынша есептеледі

      Журналдың соңғы парағы
___________________________________________________________________
  (айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның
___________________________________________________________________
                    немесе оның филиалының атауы)
____________________________________________________________тиесілі
(айырбастау пунктінің атауы, тіркеу нөмірі және мекен-жайы)

айырбастау пунктінің осы тізілімдер журналында

      ________________ парақ нөмірленді және тігілді
      ____ жылғы "___"______________

      Басшы ___________________               Мөр орны
                  (қолы)
      Бас бухгалтер_______________
                       (қолы)

      _________ парақтан тұратын тізілімдер журналы Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесінің талаптарына сәйкес келеді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ____________________________ филиалында _____ жылғы "___"______ расталды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалының
директоры (директордың орынбасары) _________________________ /қолы/

                                           Қазақстан Республикасында
                                         қолма-қол шетел валютасымен
                                           айырбастау операцияларын
                                             ұйымдастыру ережесіне
                                                    6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

         Айырбастау пунктінің клиенттеріне арналған ақпарат

     Осы айырбастау пункті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
_____________________________филиалы бақылайтын аумақта орналасқан.
(Ұлттық Банк филиалының атауы)

      Айырбастау пунктінің жұмысына ескертулер болған жағдайда,
мына мекен-жай бойынша: ___________________________________________
                          (Ұлттық Банк филиалының почта адресі)
шағым жолдауыңызды немесе _________________________________________
                          (Ұлттық Банк филиалының телефон нөмірі)
бойынша телефон шалуыңызды сұраймыз.
      Шағымды қарау үшін, онда мынадай мәліметтер хабарлауыңызды сұраймыз:
      өтініш иесінің аты-жөні;
      өтініш иесінің мекен-жайы;
      айырбастау пунктінің атауы және мекен-жайы;
      осы айырбастау пунктін ашқан, айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның немесе оның филиалының атауы;
      шағымның мазмұны;
      айырбастау пунктінің ереже бұзушылыққа жол бергенін көрсететін күн және уақыт;
      айырбастау пункті кассирінің аты-жөні.
      Жазбаша шағым үшін өтініш иесінің қолы қажет.

                                          Қазақстан Республикасында
                                         қолма-қол шетел валютасымен
                                           айырбастау операцияларын
                                             ұйымдастыру ережесіне
                                                    7-қосымша

      Ескерту. 7-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

      Журналдың сыртқы парағы

            Төлем жасамайтын және айналысқа жарамсыз
    қолма-қол шетел валютасымен операциялар тізілімдерінің
                              ЖУРНАЛЫ

_________________________________________________________орналасқан
айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның
немесе оның филиалының орналасқан жері_____________________________
____________________________________________________________тиесілі
(айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның
___________________________________________________________________
                  немесе оның филиалының атауы)
_________________________________________________________орналасқан
                (айырбастау пунктінің мекен-жайы)
________________________________________________ айырбастау пункті,
    (айырбастау пунктінің атауы, тіркеу нөмірі)

      _____ жылғы "___"_____________ басталды
      _____ жылғы "___"_____________ аяқталды

      Сақтау мерзімі: _____________ жыл

      Журналдың ішкі парағы

Валюта түрі

Сатып алу бағамы

Валюта айырбастаудың нарықтық бағамы

Өкімнің нөмірі және күні









               Төлем жасамайтын және айналысқа жарамсыз
            қолма-қол шетел валютасымен операциялардың
                 200__ жылғы "____" ____________
                              тізілімі

Рет N

Инкассо жасау туралы өтініштің нөмірі

Шетел валютасының атауы

Шетел валютасы банкнотасының номиналы (номиналдар сомасы)

Жүргізілген Операцияның түрі (инкассо/ауыстыру/сатып алу)

Өтеміне берілген валютаныңатауы (ауыстырған немесе сатып алған кезде)

Өтемі не берілген валютаның сомасы

ұсталынған комис сияның теңгемен сомасы

























        Жиынтығы:

      Кассирдің қолы ______________________  Нөмірі____парақ

Журналдың соңғы парағы
___________________________________________________________________
  (айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның
___________________________________________________________________
                  немесе оның филиалының атауы)
____________________________________________________________тиесілі
(айырбастау пунктінің атауы, тіркеу нөмірі және мекен-жайы)

айырбастау пунктінің төлем жасамайтын және айналысқа жарамсыз
қолма-қол шетел валютасымен операцияларының осы тізілімдер
журналында

      _____________ парақ нөмірленді және тігілді
      ____ жылғы "___"_________

      Басшы ___________________               Мөр орны
                  (қолы)

      Бас бухгалтер_______________
                    (қолы)

      __________________ парақтан тұратын төлем жасамайтын және айналысқа жарамсыз қолма-қол шетел валютасымен операциялардың тізілімдер журналы Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесінің талаптарына сәйкес келеді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ________________________ филиалында _____ жылғы "___"______ расталды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалының
директоры (директордың орынбасары) ________________________
                                             (қолы)

                             Ұлттық Банк филиалының мөрінің
                             немесе мөртабанының орны

                                          Қазақстан Республикасында
                                         қолма-қол шетел валютасымен
                                           айырбастау операцияларын
                                             ұйымдастыру ережесіне
                                                   8-қосымша     

                   20 __ жылғы _________ айындағы
              шетел валютасының қозғалысы туралы есеп

уәкілетті ұйымның атауы ___________________________________________
пошта адресі, телефоны, факсі _____________________________________
шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берілген
лицензияның нөмірі және күні ______________________________________

                                                     1-кесте
                                            (валюта бірліктерімен)

РетN

Көрсеткіштің атауы

Жолдың коды

USD

EUR

RUR

басқасы (шетел валютасының түрі көрсетіледі)

1.

Шетел валютасының есептік кезең басындағы қалдығы (100=110+120)

100





2.

оның ішінде:






3.

кассадағы қолма-қол шетел валютасы (айырбастау пункттерінің кассасын қоса алғанда)

110





4.

уәкілетті банктердегі валюта шоттарында

120





5.

Есептік кезеңде түскен шетел валютасы (200>=210+220+240)

200





6.

оның ішінде:






7.

уәкілетті банктер арқылы ішкі валюта нарығында сатып алынған шетел валютасы

210





8.

түскен барлық заем:

220





9.

оның ішінде уәкілетті банктерден

230





10.

айырбастау пункттері арқылы сатып алынған қолма-қол шетел валютасы

240





11.

Жұмсалған шетел валютасы (300>=310+320+340)

300





12.

оның ішінде:






13.

уәкілетті банктер арқылы ішкі валюта нарығында сатылған шетел валютасы

310





14.

өтелген барлық заем:

320





15.

оның ішінде уәкілетті банктердің заемдары

330





16.

айырбастау пункттері арқылы сатылған қолма-қол шетел валютасы

340





17.

Есептік кезеңнің аяғындағы шетел валютасының қалдығы (400=410+420)
(400=100+200-300)

400





18.

оның ішінде:






19.

кассадағы қолма-қол шетел валютасы (айырбастау пункттерінің кассасын қоса алғанда)

410





20.

уәкілетті банктердегі валюта шоттарында

420





                                                           2-кесте

      Анықтама ретінде. Уәкілетті банктер арқылы есептік айда жүзеге
асырылған жекелеген операциялар туралы ақпарат.

                                                    (мың теңгемен)

Рет N

Көрсеткіштің атауы

Жолдың коды

барлығы

оның ішінде банк арқылы (уәкілетті банктің атауы көрсетіледі)




1.

Ішкі валюта нарығында сатып алынған шетел валютасы

500





2.

Ішкі валюта нарығында сатылған шетел валютасы

600





3.

Валюта шоттарынан алынған қолма-қол шетел валютасы

700





4.

Уәкілетті банктердегі валюта шоттарына есепке алынған қолма-қол шетел валютасы

800





  20 ___ жылғы "____" _________

_____________________________ басшы
      (аты-жөні, қолы)
_____________________________ бас бухгалтер
      (аты-жөні, қолы)
_____________________________ орындаушы
      (аты-жөні, қолы)