Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 106 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 30 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4468 болып енгізілді.

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жарияланады.
      4. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті
(Дюгай Н.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінен жариялау үшін өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау үшін шаралар қолдансын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

          "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы нарығы мен қаржы
      ұйымдарын реттеу және
      қадағалау агенттігінің
            Төрағасы

      2006 жылғы 31 қазан

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 27 қазандағы
N 106 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
күші жойылды деп танылған нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1010 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 1999 жылғы 20-31 желтоқсанда жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгеріс пен толықтыруды бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 330 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1247 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2000 жылғы 25 қыркүйек - 8 қазанда жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 2000 жылғы 30 қазандағы N 401 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1315 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2000 жылғы 4-17 желтоқсанда жарияланған).
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 111 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1535 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2001 жылғы 18 маусым 1 шілдеде жарияланған).
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 1 желтоқсандағы N 478 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1759 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2002 жылғы 25 ақпан - 10 наурызда жарияланған).
      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1010 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 25 шілдеде N 255 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2470 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2003 жылғы 25 тамыз - 7 қыркүйекте жарияланған).
      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 29 қазандағы N 136 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3953 тіркелген, "Заң газеті" және "Юридическая газета" республикалық газеттерінде 2006 жылғы 25 қаңтарда жарияланған).

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2006 жылғы 27 қазандағы  
N 106 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел
валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру

      «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында айырбастау пункттері (оның ішінде автоматтандырылған) арқылы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру, жүргізу тәртібін айқындайды, уәкілетті ұйымдарды құру және лицензиялау тәртібін, оларға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ айырбастау пункттерін тіркеу (ашу) тәртібін белгілейді.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

1-тарау. Негізгі ұғымдар

      Ескерту. 1-тарау жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Ереженің мақсаттары үшін «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көрсетілген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) автоматтандырылған айырбастау пункті – оған қолма-қол ақшаны енгізу және одан басқа валютада балама соманы қолма-қол ақшалай алу арқылы айырбастау операцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электрондық-механикалық құрылғы;
      2) айырбастау операциялары – айырбастау пункттері және автоматтандырылған айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөніндегі операциялар;
      3) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға – уәкілетті банк немесе уәкілетті ұйым;
      4) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы – «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – биржа) негізгі сессиясында қалыптасқан және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5570 тіркелген, «Валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау және қолдану тәртібін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 36 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 4 қаулысына сәйкес айқындалған теңгенің шетел валютасына қатысты орташа алынған биржалық бағамы;
      5) компьютерлік жүйе – салық органында есепке қойылған және айырбастау операцияларының есебін жүргізуді қамтамасыз ететін автоматтандырылған электрондық жүйе;
      6) кросс-бағам – екі шетел валютасы арасындағы, осы валюталардың Қазақстан теңгесіне немесе Қазақстан теңгесіне баға белгілеулер болмаған жағдайда басқа шетел валютасына қатысы бойынша айырбастаудың нарықтық бағамы негізінде айқындалатын бағамдық арақатынас;
      7) қолма-қол шетел валютасы – шетелдік мемлекеттер заңды төлем құралы ретінде қабылдаған айналыстағы банкноттар және қазынашылық билеттер;
      8) тіркеу куәлігі – айырбастау пунктінің Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк)берген тіркеу куәлігі;
      9) электрондық лицензия – ақпарат технологияларын пайдаланыла отырып ресімделетін және берілетін, маңызы қағаз тасымалдағыштағы лицензиямен бірдей электрондық құжат түріндегі лицензия.

2-тарау. Уәкілетті ұйымдарды құру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталы Ереженің 15, 16-тармақтарының талаптарына сәйкес уәкілетті ұйым лицензия алу үшін немесе қосымша айырбастау пункттерін тіркеу үшін өтініш жасағанға дейін толық көлемде қалыптастырылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының  2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Уәкілетті ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылады.
      Уәкілетті ұйымдарға Қазақстан Республикасының аумағында және сол сияқты одан тысқары өкілдіктерін құруға, сондай-ақ құрылтайшы болуға немесе басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға тыйым салынады.
      4. Уәкілетті ұйым уәкілетті ұйым орналасқан облыста, астанада немесе республикалық маңызы бар қаладан тыс филиалдарын құра алады.
      5. Уәкілетті ұйым филиалы әділет органдарында тіркелген, сондай-ақ филиалдың орналасқан жері өзгерген күннен бастап 10 (он) ішінде орналасқан жерін көрсете отырып филиалдың ашылғаны (орналасқан жерінің өзгергені) туралы хабарламаны Ұлттық Банктің уәкілетті органның филиалы орналасқан жердегі аумақтық филиалына жібереді.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.
      6. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттері және резиденттері емес жеке және заңды тұлғалары уәкілетті ұйымның құрылтайшылары болып табылады.
      Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиясынан айырылған уәкілетті ұйымның құрылтайшысы (құрылтайшыларының бірі) болып табылған тұлға Ұлттық Банк филиалының шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиядан айыру туралы тиісті шешімінің күнінен бастап үш жыл өткенге дейін уәкілетті ұйымның құрылтайшысы (құрылтайшыларының бірі) бола алмайды.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      9. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      10. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11. Уәкілетті ұйым әділет органдарында тіркелген және (немесе) хабарлаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Ұлттық Банктің филиалына жарғының жаңа редакциясын және (немесе) уәкілетті ұйымның жарғысына мынадай өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуін растайтын құжаттарды ұсынады:
      ақшалай нысанда қалыптастырылған жарғылық капитал мөлшерінің өзгеруін;
      құрылтайшылар құрамының өзгеруін;
      уәкілетті ұйым атауының өзгеруін;
      уәкілетті ұйымның заңды мекен-жайының өзгеруін.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      12. Ереженің 11-тармағында көзделген жағдайда әділет органдарының тіркеу туралы белгісімен жарғының жаңа редакциясының немесе жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі не әділет органдарына хабарлау фактісін растайтын құжат ұсынылады.
      Егер құрылтайшылар құрамы және ақшалай нысанда қалыптастырылған жарғылық капиталдың мөлшері өзгерсе, уәкілетті ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер Ереженің 2-қосымшасына сәйкес ұсынылады.
      Егер уәкілетті ұйымның жарғысына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар ақшалай нысанда қалыптастырылған жарғылық капиталдың мөлшеріне қатысты болса, жарғылық капитал мөлшерінің ақшалай жарналар есебінен өзгеруін растайтын екінші деңгейдегі банктің құжаты ұсынылады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      13. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

3-тарау. Лицензиялау рәсімі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      14. Уәкілетті ұйым лицензия алу үшін Ұлттық Банктің филиалына Ереженің 2-1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияны алуға өтінішті, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабы 2-тармағының 2)6) тармақшаларында, Заңның 10-бабының 8)9) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.
      Электрондық лицензияны алу үшін көрсетілген құжаттар уәкілетті ұйымның лауазымды немесе өзге уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынылады.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының  2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      15. Уәкілетті ұйымдарға шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары  айырбастау пункттерінің санына есепке ала отырып ақшалай нысанда жарғылық капиталды қалыптастыру үшін Ұлттық Банк белгілеген ең төменгі мөлшерден аз болмайтын мөлшердегі ақшалай нысандағы жарғылық капиталдың болуы болып табылады. 
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), 2009.11.30 № 108 Қаулыларымен.

      16. Уәкілетті ұйымның біліктілік талабына сәйкестігін растайтын құжат ретінде мыналар ұсынылады:
      1) лицензия алған кезде – уәкілетті ұйымның банк шотында Ереженің 15-тармағында айқындалған мөлшердегі ақшаның бар екенін растайтын екінші деңгейдегі банктің құжаты;
      2) қосымша айырбастау пунктін (қосымша айырбастау пункттерін) тіркеген кезде – айырбастау пунктінің тіркеу куәлігіне өтініш білдіргенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес берілген және қосымша айырбастау пункттерін есептегенде жарғылық капиталдың біліктілік талабына сәйкес келетін мөлшерге дейін ақша жарналарының есебінен ұлғаюын растайтын екінші деңгейдегі банктің құжаты.
      Егер қосымша айырбастау пункттерін тіркеу сәтінде Ұлттық Банктің филиалында уәкілетті ұйымның ашылатын айырбастау пункттерін есептегенде біліктілік талабына сәйкестігін растайтын құжаттар болса, осы тармақтың 2)тармақшасында көзделген құжат ұсынылмайды.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының  2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      17. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия Ереженің 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша Заңның 6-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімде беріледі.
      Лицензия беруден бас тарту Заңның 6-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда жүргізіледі.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының  2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      18. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия бас лицензия болып табылады және басқа тұлғаларға берілмейді.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      19. Уәкілетті ұйым "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу үшін Ұлттық Банктің филиалына өтініш жасайды.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), өзгеріс енгізілді - 2009.11.30 № 108 Қаулыларымен.

      20. Лицензияның дубликатын беру "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулыларымен.

      21. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға ерікті түрде таратылған не айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті көрсетуден бас тартылған жағдайда аталған заңды тұлға оған тиесілі тіркеу куәліктері және лицензияның түпнұсқасын қоса бере отырып (уәкілетті ұйымдар үшін) 10 (он) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің филиалын қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды.
      Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға тиісті шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің филиалына таратылатын филиал орналасқан облыстың, астананың немесе республикалық маңызы бар қаланың аумағында орналасқан айырбастау пункттерінің тіркеу куәліктерін қоса бере отырып өзінің филиалының ерікті түрде таратылатыны туралы жазбаша түрде хабарлайды.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), 2009.11.30 № 108 Қаулыларымен.
      21-1. Электрондық лицензияны беру, қайта ресімдеу және ерікті қайтару жөніндегі электрондық мемлекеттік қызметтер Ережеде көрсетілген мерзімдерде және тәртіппен «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
      Ескерту. 3-тарау 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының  2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      22. <*>
      Ескерту. 22-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.12.22. N 105 (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      23. <*>
      Ескерту. 23-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.12.22. N 105 (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

4-тарау. Айырбастау пункттерін тіркеу рәсімі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      24. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) айырбастау пункттерін, оның ішінде автоматтандырылған, заңды тұлғаның өзі не оның филиалы (филиалдары) орналасқан облыстың, астананың немесе республикалық маңызы бар қаланың шегінде ғана ашады.

      25. Автоматтандырылғандарын қоспағанда айырбастау пункттері Ұлттық Банктің филиалында міндетті түрде тіркеледі.
      Ұлттық Банктің филиалында тіркеу айырбастау пунктінің жұмысы үшін негіз болып табылады. Тіркеу куәлігін алғанға дейін айырбастау пункттері арқылы айырбастау операциялары жүргізілмейді.
      Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның өзі орналасқан облыстың, астананың немесе республикалық маңызы бар қаланың шегінде орналасқан айырбастау пункттерінің тіркеу осы заңды тұлға орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалында жүзеге асырылады. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның филиалы орналасқан облыстың, астананың немесе республикалық маңызы бар қаланың шегінде орналасқан айырбастау пункттерінің тіркеу осы заңды тұлғаның филиалы орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалында жүзеге асырылады.
      26. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) айырбастау пунктіне мынадай талаптар қойылады:
      айырбастау пунктінің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс істеу бойынша даярлықтан өткен не қолма-қол шетел валютасымен кемінде 6 (алты) ай жұмыс тәжірибесі бар кассирінің (кассирлерінің) болуы;
      айырбастау пунктінің үй-жайында банкнотты ультракүлгін жарықта тексеруді (қағаздың люминесценциясын және өзгені бақылау) және банкнотта магниттік белгілердің болуын тексеруді қамтамасыз ететін, ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауға арналған техникалық құралдардың болуы;
      айырбастау пункті үй-жайының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8080 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 250 қаулысымен бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес келуі.
      Уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерін олардың үй-жайларының техникалық жабдықталуына қойылатын талаптарға сәйкестігін қарап тексеруді Ұлттық Банктің филиалы айырбастау пункті тіркелгенге дейін жүргізеді.
      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2013 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      27. Айырбастау пунктінің Ереженің 26-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар ретінде мыналар:
      кассирдің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша арнайы даярлықтан өткенін растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасында көзделген және қызметкердің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша кассир ретінде кемінде алты ай еңбек қызметін растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі;
      ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауға арналған техникалық құралдардың сипаттамаларын айқындайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының  2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      28. Ереженің 4-қосымшасында белгіленген нысан бойынша тіркеу куәлігін немесе тіркеу куәлігін беруден бас тартуды Ұлттық Банктің филиалы айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) Ереженің 29-тармағында айқындалған құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде береді.
      Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулыcымен.
      28-1. Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) бір және одан көп касса кабинасы бар айырбастау пунктіне бір тіркеу куәлігі беріледі. Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) айырбастау пунктіндегі касса кабиналарының санын ұлғайту туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бұл туралы Ұлттық Банктің филиалын хабардар етеді. Осы жағдайда жаңа тіркеу куәлігін алу талап етілмейді
      Ескерту. 28-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулыcымен.
       29. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) айырбастау пунктін тіркеу үшін өзінің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалына Заңның 10-бабының 1)4) және 8) тармақшаларына сәйкес құжаттарды ұсынады.
      Өтініш берушінің Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар ретінде Ереженің 27-тармағында айқындалған құжаттар ұсынылады.
      Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның филиалы өзінің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалына осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды ұсынады:
      филиалды есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі (уәкілетті банктер үшін);
      Ұлттық Банктің шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиясының көшірмесі (уәкілетті ұйымдар үшін);
      әділет органдарының есептік тіркеуден және (немесе) қайта тіркеуден өту туралы белгісі бар не әділет органдарын филиал туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлау фактісін растайтын құжатпен қоса филиал туралы ереженің көшірмесі.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының  2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      30. Ұлттық Банктің филиалы мынадай жағдайларда тіркеу куәлігін беруден бас тартады:
      ұсынылған құжаттар пакеті Ереженің 29-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;
      айырбастау пункті Ереженің 26-тармағының талаптарына сәйкес келмеген.
      Айырбастау пунктін тіркеу үшін құжаттарды қайтадан ұсынған кезде оларды Ұлттық Банкке соңғы ұсынған сәтте өзгермеген құжаттар ұсынылмайды.
      Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      31. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) бастамасы бойынша айырбастау пунктінің қызметі уақытша тоқтатылған жағдайда (отыз күнтізбелік күннен астам) тиісті заңды тұлға (оның филиалы) айырбастау пунктінің қызметін тоқтата тұру шешім қабылданған туралы күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бұл туралы Ұлттық Банктің филиалына көрсетілген шешімнің көшірмесін қоса бере отырып жазбаша хабарлайды.
      Осы жағдайда тіркеу куәлігі Ұлттық Банктің филиалына қайтарылмайды. Бұл ретте айырбастау пунктінің жұмыс істемеу кезеңі қатарынан 6 (алты) айдан аспауы тиіс.
      Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

      32. Айырбастау пункті жабылған кезде, оның ішінде орналасқан орны мекенжайының өзгеруіне әкеп соққан орны ауысқан кезде шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) жабылған (орны ауысқан) күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы Ұлттық Банктің филиалына хабарлайды және тіркеу куәліктерінің түпнұсқаларын қайтарады.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының  2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      33. Ұлттық Банктің филиалы айырбастау пунктінің нақты орын ауыстыруына әкеп соқпайтын, көшелердің атауы, үйлердің нөмірлері және тіркеу куәлігінде көрсетілген басқа деректер өзгерген кезде айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) айырбастау пунктін қайта тіркейді.
      34. Айырбастау пунктін қайта тіркеу айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) өтініші негізінде, айырбастау пункттерін тіркеу үшін Ережеде көзделген тәртіппен және мерзімдерде іс қағаздарында бар құжаттарды қайтадан ұсынбай жүзеге асырылады. Өтінішке Ереженің 33-тармағына сәйкес қайта тіркеу үшін негіздердің туындауын растайтын құжаттар қоса беріледі.
      Айырбастау пункті қайта тіркелген кезде Ұлттық Банктің филиалы жаңа тіркеу куәлігінің нақты берілген күнін көрсете отырып тіркеу куәлігін береді.
      Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

      35. Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) өзінің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалына шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде:
      1) айырбастау пунктінің мекен-жайының өзгеруіне әкеп соқпайтын, айырбастау пункті Ереженің 26-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде қызметін тоқтатпастан айырбастау пунктінің орын ауыстырылғаны туралы жазбаша хабарлайды, сондай-ақ айырбастау пункті орнының ауыстырылуына байланысты осындай құжаттар өзгерген жағдайда Ереженің 27-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады;
      2) айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) орналасқан жерінің өзгеруі туралы жаңа деректемелерін көрсете отырып жазбаша хабарлайды.
      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

      36. Тіркеу куәлігі жоғалған кезде айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) Ұлттық Банктің филиалына тіркеу куәлігінің жоғалу себептерін және жағдайларын көрсете отырып тіркеу куәлігінің дубликатын алуға өтініш береді.
      Ұлттық Банктің филиалы 5 (бес) жұмыс күні ішінде айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаға (оның филиалына) "Дубликат" деген сөзді және тіркеу куәлігінің дубликатын беру күнін көрсете отырып, бастапқы тіркеу куәлігінің нөмірін және күнін қалдыра отырып тіркеу куәлігінің дубликатын береді.
      36-1. Тіркеу куәлігінің қолданылуы:
      1) айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға лицензиясын қолдану тоқтатылған;
      2) тіркеу куәлігі ерікті түрде қайтарылған жағдайларда тоқтатылады.
      Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғалар шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияны қолдану тоқтатылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің филиалына тіркеу куәліктерінің түпнұсқаларын қайтарады.
      Ескерту. 36-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

5-тарау. Автоматтандырылған айырбастау пунктінің айырбастау операцияларын жүргізу және көрсету

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       37. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) автоматтандырылған айырбастау пункті арқылы айырбастау операцияларын жүзеге асыру кезінде автоматтандырылған айырбастау пункті орналасқан жер бойынша Ұлттық Банктің филиалына:
      автоматтандырылған айырбастау пункті жұмысының басталуы туралы;
      автоматтандырылған айырбастау пункті орналасқан жер өзгергені туралы;
      автоматтандырылған айырбастау пунктінің қызметін уақытша тоқтата тұру (отыз күнтізбелік күн мерзімге) туралы шешімнің қабылданғаны туралы;
       автоматтандырылған айырбастау пунктінің қызметін тоқтату туралы шешімнің қабылданғаны туралы ақпарат жібереді.
      Көрсетілген ақпарат тиісті оқиға басталған (шешім қабылданған) күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылады және онда автоматтандырылған айырбастау пунктінің орналасқан жері және айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) әрбір автоматтандырылған айырбастау пункті нөмірінің бірегейлігін ескере отырып беретін ішкі тіркеу нөмірі болуы тиіс
      Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.
      38. Ереженің 5-тарауының талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ Ереженің 37-тармағында көзделген мерзім аяқталғаннан кейін  Ұлттық Банктің филиалына хабарламай іс-әрекет жасайтын автоматтандырылған айырбастау пункттерінің жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді.
      39. Автоматтандырылған айырбастау пунктінің банкноталардың түпнұсқалығын айқындаудың кемінде мынадай 2 (екі) тәсілін қамтамасыз ететін, ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауға арналған техникалық құралдар болуы тиіс:
      айырбастау пунктінің үй-жайында:
      банкноталарды ультракүлгін сәулемен тексеру (қағаздың люминесценциясын тексеру және өзге);
      банкноттарда магниттік белгілердің болуын тексеру.
      40. Айырбастау операциясын жүргізудің растамасы айырбастау операциясын жүзеге асыру кезінде автоматтандырылған айырбастау пункті беретін, мынадай деректемелері бар чек болып табылады:
      автоматтандырылған айырбастау пунктін ашқан заңды тұлғаның (оның филиалының) атауы, оның кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеушісі бойынша коды, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
      автоматтандырылған айырбастау пунктінің ішкі тіркеу нөмірі; 
      қабылданған қолма-қол валютаның атауы;
      қабылданған қолма-қол валютаның сомасы;
      қабылданған қолма-қол валютаның берілген қолма-қол валютаның атауы;
      берілген қолма-қол валютаның сомасы;
      операция жүргізілген күн және уақыты;
      валюталарды айырбастау бағамы;
      жүргізілген операциялардың түрі (сатып алу немесе сату).
      Автоматтандырылған айырбастау пункті бір мәрте жүргізген айырбастау операциясының сомасы валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып есептелген 10 (он) мың АҚШ доллары баламасынан аспауы тиіс.
      Ескерту. 40-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), 2009.11.30 № 108 Қаулыларымен.
      41. Автоматтандырылған айырбастау пункті арқылы күнтізбелік айдың әрбір күні үшін жүзеге асырылған айырбастау операциялары Ереженің 5-қосымшасында белгіленген нысан бойынша жасалған, сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының тізілімдері журналында (бұдан әрі – тізілімдер журналы) Ережеде көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) тізілімдер журналын оған тиесілі әрбір автоматтандырылған айырбастау пункті бойынша бөлек қалыптастырады.
      Егер автоматтандырылған айырбастау пунктінде компьютерлік жүйе орнатылса, қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау бойынша операциялар Ереженің 53-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес тізілімдер журналында көрсетіледі.
      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108; өзгеріс енгізілді -  ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының  2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

6-тарау. Айырбастау пункттерінің жұмысістеу
талаптары мен тәртібі

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      42. Кассирлердің өз ақшасы, сырт киімі және басқа заттары арнайы бөлінген бөлмеде немесе кассалардан тыс орналастырылған шкафтарда сақталады.
      Айырбастау пункттері кассаларының үй-жайларында бөгде адамдардың болуына рұқсат етілмейді.
      43. Ақша белгілерінің түпнұсқалығын анықтауға арналған техникалық құралдар бұзылған, ол басқа себептер бойынша жұмыс істемеген немесе Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда айырбастау пункті айырбастау операцияларын жүргізуді тоқтатады.
      44. Әрбір айырбастау пунктінде клиенттерге көрінетін қолжетімді жерде мынадай ақпарат орналастырылады:
      1) тіркеу куәлігінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесі;
      2) айырбастау пунктінің жұмыс режимі;
      3) айырбастау пункті сатып алу және сату жөніндегі операцияларды жүргізетін әрбір шетел валютасы үшін белгіленген теңгеге қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамы және сату бағамы туралы мәліметтерден тұратын, клиенттерге арналған ақпараттық стенд (биіктігі кемінде 0,4 метр және ені 0,4 метр көлемдегі);
      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензия алу талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесі;
      5) Ереженің 6-қосымшасында белгіленген нысан бойынша айырбастау пунктінің қызметіне бақылауды жүзеге асыратын және осы айырбастау пунктінің жұмысына ескертулер болған кезде атына шағым жолданатын Ұлттық Банк филиалы туралы мәліметтерден тұратын айырбастау пунктінің клиенттеріне арналған ақпарат;
      6) Ұлттық Банктің осы актінің қолданылу кезеңінде айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілейтін нормативтік құқықтық актісінің көшірмесі;
      7) айналысқа жарамды және айналысқа жарамсыз банкноттардың негізгі белгілері туралы, сондай-ақ төлемге немесе айналысқа жіберуге жарамсыз шетел валютасының банкноттарын инкассоға қабылдау тәртібі мен талаптары туралы ақпарат.
      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының  2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      45. Айырбастау пунктінің үй-жайында мынадай құжаттар міндетті түрде сақталады:
      1) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) басшысының тиісті тұлғаны кассир қызметіне қабылдау және (немесе) тағайындау туралы бұйрығының көшірмесі;
      2) айырбастау пункті кассирінің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс істеу бойынша арнайы даярлықтан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі не айырбастау пункті кассирінің қолма-қол шетел валютасымен кемінде 6 (алты) ай жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) айырбастау пункті кассирінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      4) сатып алу, сату бағамдарын және кросс-бағамдарды белгілеу туралы өкімдер шығаруға құқығы бар басшының және өзге тұлғалардың қол қою үлгілері бар, мөр таңбасы қойылған құжат (уәкілетті ұйымның айырбастау пункттері үшін).
      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының  2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      46. Айырбастау операцияларының есебін және өзге банк операцияларынан бөлек жүргізуге мүмкіндік беретін компьютерлік жүйе болған кезде банктердің (оның филиалдарының) үй-жайында орналасқан айырбастау пункттерінің үй-жайларында, сондай-ақ Ұлттық почта операторының Ұлттық почта операторының (оның филиалдарының) үй-жайында орналасқан айырбастау пункттерінің үй-жайларында айырбастау операцияларын және банк заңнамаларына сәйкес кассаларда жүргізілетін өзге банк операцияларын бір мезгілде жүргізуге рұқсат етіледі.
      Ескерту. 46-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), 2009.11.30 № 108 Қаулыларымен.

7-тарау. Айырбастау пункттерінде қолма-қол шетел валютасымен операциялар жүргізу тәртібі

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      47. Айырбастау пункттері сатып алу, сату бағамдарына және бағамдарды белгілеу туралы өкімнің негізінде белгіленген кросс-бағамдарға сәйкес қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүргізеді. Қолма-қол шетел валютасын айырбастауға арналған сатып алу, сату бағамдары және кросс-бағамдар айырбастау пунктінің жұмыс уақыты ішінде өзгеруі мүмкін. Бағамды әрбір өзгерту өзгертілген бағамдар қолданысқа енгізілетін уақыт көрсетілген өкіммен бекітіледі.
      Бір өкімде жүргізілетін айырбастау операцияларының сомасына байланысты бір мезгілде әр түрлі бағамдар белгілеуге рұқсат етіледі. Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар бір заңды тұлғаның (оның филиалының) әр түрлі айырбастау пункттерінде әр түрлі бағамдарды белгілеуіне жол беріледі.
      Сатып алу, сату бағамдарын және кросс-бағамдарды белгілеу туралы өкімді күнделікті айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) басшысы немесе басшының бүйрығымен осындай өкілеттіктер берілген өзге тұлға шығарады. Белгіленген бағамдардың қолданылу кезеңі (бірнеше күн және (немесе) бір күннің ішінде уақыт аралығындағы кезең) көрсетілген өкімді шығаруға жол беріледі.
      Бағамдар белгілеу туралы өкім:
      1) айырбастау пункті айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) заңды мекен-жайында орналасқан;
      2) айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) өкімдерді осы компьютерлік жүйе шеңберінде айырбастау пункттеріне дейін орталықтандырылған жеткізуді көздейтін компьютерлік жүйені пайдаланған жағдайларда бір дана етіп шығарылады.
      Өзге жағдайларда өкімнің бір данасы айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғада (оның филиалында) қалады және өкім осындай заңды тұлғаға (оның филиалына) тиесілі әрбір айырбастау пунктіне бір данадан жіберіледі.
      Өкімдердің көрсетілген даналары 3 (үш) жыл ішінде сақталады.
      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.
      48. Айырбастау пунктіне айналыстағы ақша белгілерін қабылдау кезінде номиналы және эмиссия жылдары бойынша шектеулер қоюына, сондай-ақ айырбастау пунктінде айырбастау операциясын жүргізу үшін қажетті сомада қолма-қол шетел валютасы және қолма-қол ұлттық валюта болған кезде азаматтарға айырбастау операциясын жүргізу үшін бас тартуға жол берілмейді.
      Жеке тұлғаға айырбастау пунктінде сатып алу және (немесе) сату бағамдары белгіленген қолма-қол шетел валютасының немесе қолма-қол ұлттық валютаның айырбастау пунктінде болмауы себебі бойынша айырбастау операциясын жүргізуден бас тартылған жағдайда, айырбастау пунктінің кассирі жеке тұлғаның талап етуі бойынша айырбастау пунктінде жоқ валютаның түрін және сомасын, анықтама берілген күнді және уақытын көрсете отырып, анықтама береді. Анықтамаға айырбастау пунктінің кассирі қол қояды және айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) ішкі ережелерінде белгіленген тәртіппен тіркеледі.
      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.
      49. Ұлттық Банк айырбастаудың ерекше тәртібін белгілеген жағдайларды қоспағанда бұрынғы жылдардың неғұрлым ерте эмиссияланған шетел валютасын айырбастағаны үшін комиссиялық сыйақы алынбайды.
      50. Эмитенттің елінде заңды төлем құралы болып табылатын қолма-қол шетел валютасы Ережеде белгіленген тәртіппен комиссиялық сыйақы алмастан сатып алуға, сатуға, айырбастауға жатады.
      Заңды төлем құралының негізгі белгілеріне банкнотада эмиссиялық банктің атауының, номиналдың сандармен және жазумен көрсетілген нөмірлерінің және серияларының, алдыңғы және сыртқы жақтарының негізгі суреттерінің (портреттер және тағы сондай), сондай-ақ қолдан жасаудан қорғау элементтері (сутамғы белгі, магниттік белгілері, ультракүлгін сәуле түсінгенде көрінетіндерді қоса алғанда қағазға ендірілген түрлі-түсті талшықтар, конфетти, қорғаныш жіптер, микромәтіндер, люминестейтін суреттер және сондайлар) болуы жатады.
      Валютаның эмитенті ел шығарылған банкноталарға өзге не қосымша талаптар белгілейді.
      Айырбастау пункті айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар бір заңды тұлға (оның филиалы) банкноталардың түпнұсқаларын және төлем жасауға қабілеттігін анықтау жөніндегі анықтамалық және ақпараттық материалдарды осы өнім түрін көбейтумен айналысатын тұлғалардан дербес сатып алады.
      Сондай-ақ мынадай бүлінулері бар банкноталар айналысқа жарамды заңды төлем құралдары болып танылады:
      1) қырылған және ласталған;
      2) желімделген жыртық бұрыштары немесе кесегі бар (аумағы 1-2 шаршы сантиметрден аспайтын) егер жыртылған бөлік осы банкнотаға тиесілі болса;
      3) желімделген жыртықтары бар, егер олар банкнота енінің (ұзындығының) төрттен бірінен аспаса;
      4) ұсақ майлы және басқа дақтары, жазбалар және мөртабандардың таңбасы (банкнотаның өтелгені туралы немесе түпнұсқа емес немесе үлгі болып табылатыны туралы растайтын мөртабандардан басқа) бар, егер олар банкноталардың түпнұсқалығын айқындауға кедергі жасамаған және осы тармақта көрсетілген айналысқа жарамды заңды төлем құралының негізгі белгілерінің бірін едәуір дәрежеде (50 пайыздан астам) жаппаса;
      5) диаметрі 0,5 миллиметрден аспайтын тесіктері бар.
      51. Егер банкноталар Ереженің 50-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе және (немесе) мынадай бүлінулері бар болса олар айналысқа жарамсыз болып танылады:
      1) бөлшектеліп жыртылған және желімделген;
      2) бастапқы түсін жоғалтқан немесе оңып кеткен;
      3) күйген немесе шайналған;
      4) тұтас немесе едәуір дәрежеде (айналысқа жарамды заңды төлем құралының негізгі белгілерінің бірін 50 пайыздан астамы) бояу, сия, май төгілген;
      5) химиялық реактивтердің, оның ішінде ультракүлгін сәуле түсінгенде қағаздың жалтырауына әкеп соғатын реактивтердің әсеріне ұшыраған;
      6) қасақана сипаттағы едәуір бүлінуі (негізгі суреттері, атап айтқанда адамдардың суреттері өзгерген, қорғаныш жібі жойылған, едәуір жазбалардың болуы, оның ішінде ультракүлгін сәуле түсіргенде көрінетін);
      7) баспадан кеткен анық ақауы бар банкнота (сутамғы белгілердің немесе қорғаныш жіптің болмауы немесе дұрыс орналаспауы, бейнелердің басылмауы немесе майлануы);
      8) геометриялық өлшемдердің азаюы жағына және сол сияқты ұлғаюы жағына қарай 3 (үш) миллиметерден көп өзгеруі.
      Тиісті шет мемлекеттің эмитент банкі жариялаған күннен кейін айналыстан шығарылған банкноталары төлем жасауға қабілетсіз ретінде танылады.
      Төлем жасауға болмайтын, сондай-ақ айналысқа жарамсыз банкноталарды сатып алуды және ауыстыруды банктер және Ұлттық почта операторы ғана жүзеге асырады. Шетел валютасының эмитент банктерімен (шетел банкімен) корреспонденттік қатынасы және (немесе) инкассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша шарттық қатынастары бар банктерге және Ұлттық почта операторына аталған шетел валюталарының төлем жасауға болмайтын немесе айналысқа жарамсыз банкноталарын инкассоға қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
      Банктер және Ұлттық почта операторы ауыстыру тәртібімен сатып алған және қабылдаған төлем жасауға болмайтын немесе айналысқа жарамсыз банкноталарды клиенттерге сатуға болмайды және эмитент банктерге (шетел банкіне) инкассоға жіберілуі немесе оларға қызмет көрсететін банктер арқылы инкассоға тапсырылуы тиіс.
      Банктердің шетел валюталарының төлем жасауға болмайтын немесе айналысқа жарамсыз банкноталарын инкассоға қабылдауы Ұлттық Банк айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады. Банктер және Ұлттық почта операторы клиенттерге комиссиялық сыйақының мөлшері (клиенттің барлық шығыстары кіретін) және эмитент банктердің көрсетілген банкноталарды айырбастаудан бас тарту мүмкіндігі, сондай-ақ клиенттен инкассоның талаптарына жазбаша келісім алу туралы ескертеді. Эмитент банк (шетел банкі) шетел валютасын айырбастаудан бас тартқан жағдайда банктер және Ұлттық почта операторы клиентке тиісті растайтын құжаттар ұсынады.
      Төлем жасауға болмайтын, сондай-ақ айналысқа жарамсыз банкноталарды инкассоға қабылдау, ауыстыру, сатып алу бойынша операциялар Ереженің 55-тармағының талаптарын ескере отырып Ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлем жасауға болмайтын, сондай-ақ айналысқа жарамсыз қолма-қол шетел валютасымен операциялар тізілімінің журналында есепке алынады.
      Төлем жасауға болмайтын, сондай-ақ айналысқа жарамсыз банкноталарды инкассоға қабылдау, ауыстыру, сатып алу үшін комиссиялық сыйақыны банктер, Ұлттық почта операторы дербес белгілейді, бірақ айырбастауға (сатып алуға, инкассоға қабылдауға) ұсынылатын банкноталардың номиналдық құнының 10 (он) пайызынан аспауы тиіс.
      Комиссиялық сыйақыны банктер және Ұлттық почта операторы операция жасалған күні нарықтық бағам бойынша Қазақстан теңгесімен алады.
      Ескерту. 51-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      52. Қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау кезінде айырбастау пунктінің қызметкері валютаның түпнұсқалығын Ереженің талаптарына сәйкес келетін, ақша белгілерінің түпнұсқалығын анықтауға арналған техникалық құралдардың көмегімен тексереді.
      53. Айырбастау пункттерінде жүргізілетін қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау бойынша операциялар осы тармақтың төртінші бөлігінде белгіленген жағдайды қоспағанда, әрбір операцияны жүргізу аяқталғаннан кейін тізілімдер журналында көрсетіледі.
      Күн ішінде бағам өзгерген жағдайда тізілімдер журналында қолма-қол шетел валютасын жаңа бағам бойынша сатып алу немесе сату операцияларын жүргізу басталғанға дейін сатып алынған және сатылған валютаның көлемі бойынша аралық қорытынды шығарылады. Айырбастау пунктінің жұмыс күні аяқталғаннан кейін бір күн ішінде жүргізілген операциялар бойынша тізілімдер журналында қорытындылар көрсетіледі және ақша қалдығы шығарылады. Қағаз тасымалдауыштағы тізілімдер журналында аралық қорытындылар және жұмыс күнінің аяқталуы бойынша қорытындылар кассирдің қолымен расталады.
      Тізілімдер журналында тазартуға және өзге түзетулерге жол берілмейді. Қағаз тасымалдауыштағы тізілімдер журналында қате деректер сызылып тасталады және кассирдің қолымен расталған «№ __ жазба түзетілген» деген жазба жасалады, одан кейін дұрыс жазба жасалады.
      Егер айырбастау пунктінде компьютерлік жүйе орнатылса, қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау бойынша операциялар айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның ішкі құжаттарында белгіленген ағымдағы операциялық күннен кешіктірілмей тізілімдер журналында көрсетіледі. Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) операциялық күні аяқталғаннан кейін айырбастау пунктінде жүргізілген операцияларды келесі операциялық күнмен көрсетуге рұқсат етіледі.
      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.
      54. Қолма-қол шетел валютасын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы пайдалана отырып есептелген 10 (он) мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомаға сатып алған немесе сатқан кезде тізілімдер журналында клиенттің тегі, аты, болған жағдайда әкесінің аты және оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (құжаттың түрі, құжаттың нөмірі, кім және қашан бергені) жазылады.
      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының  2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      55. Тізілімдер журналы (электрондық түрдегі тізілімдер журналын қоспағанда):
      нөмірленеді, шнурланады және айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) және Ұлттық Банк филиалының мөрімен бекітіледі;
      кемінде отыз парақ болады, айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) басшысының, бас бухгалтерінің, Ұлттық Банктің филиалы басшысының немесе басшысы орынбасарының қолымен расталады.
      Тізілімдер журналын ресімдеу үшін айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) айырбастау пункті орналасқан жер бойынша Ұлттық Банктің филиалына өтініш жасайды. Ұлттық Банктің филиалы тізілімдер журналының белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексереді және оны келіп түскен күннен бастап  5 (бес) жұмыс күні ішінде ресімдейді. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) бір айырбастау пункті үшін бірнеше тізілімдер журналын бір мезгілде ресімдеуге рұқсат етіледі.
      Аяқталған тізілімдер журналы айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғада (оның филиалында) олар аяқталған күннен бастап 3 (үш) жыл бойы сақталады.
      56. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) айырбастау пункттері тізілімдер журналын Ереженің 57-тармағында белгіленген тәртіппен электрондық түрде жүргізе алады.
      57. Электрондық түрдегі тізілімдер журналы мынадай талаптар ескеріле отырып қалыптастырылады:
      1) тізілімдер журналын қалыптастырудың бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуі түзетілмейтін күн сайын тіркеуді және жасалған айырбастау операциялары бойынша ақпараттың энергияға тәуелсіз сақталуын қамтамасыз етеді;
      2) электрондық түрдегі тізілімдер журналының нысанында Ереженің 5-қосымшасында белгіленген нысан бойынша сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының тізілімдер журналында белгіленген барлық деректемелер бар;
      3) бір күн ішінде жүргізілген айырбастау операциялары туралы есептілікті қалыптастыру және беру Ереженің талаптары ескеріле отырып күн сайын жүзеге асырылады.
      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының  2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      58. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) өздерінің айырбастау пункттерінде электрондық түрдегі тізілімдер журналының бағдарламалық қамтамасыз етуін қолдана бастағанға дейін осындай бағдарламалық қамтамасыз етудің бар екендігі туралы Ұлттық Банктің тиісті филиалына ақпарат жібереді.
      Ақпаратта тиісті облыстың, астананың немесе республикалық маңызы бар қаланың аумағында орналасқан шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) электрондық түрдегі тізілімдер журналын жүргізу үшін бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылған айырбастау пункттерінің электрондық түрдегі тізілімдер журнал жүргізу басталған күн (қағаз тасымалдағыштағы тізілімдер журналдарын жүргізу тоқтатылған жағдайда электрондық түрдегі тізілімдер журналына көшкен күн) көрсетілген тізбесі көрсетіледі.
      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының  2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      59. Бағдарламалық қамтамасыз етуді (автоматтандырылған айырбастау пункттерін қоспағанда) пайдаланумен жүргізу жүзеге асырылатын күн сайынғы тізілімдер кемінде 2 (екі) дана басылады және айырбастау пунктінің кассирі қол қояды.
      Тізілімнің бірі айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) бір күнгі құжаттарына тігіледі, басқасы айырбастау пунктінде қалады. Тізілімдердің тігінділерін сақтау Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Автоматтандырылған айырбастау пунктінің күн сайынғы тізілімдері 1 (бір) дана басылады, оған кассирі қол қояды және айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғада (оның филиалында) Ережеде белгіленген тәртіппен сақталады.
      Электрондық түрдегі тізілімдер журналында көрсетілген операциялар тізілімдер журналының басып шығарылған данасында көрсетілген операцияларға сәйкес келуі тиіс.
      Ескерту. 59-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.
      60. Айырбастау пунктінде қалатын тізілімдер ағымдағы ай аяқталғаннан кейін тігінділерге қалыптастырылуы тиіс, тігіндінің барлық беттері нөмірленеді және тігіндінің соңында айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) басшысының бас бухгалтерінің немесе басшының бұйрығымен осындай өкілетті берілген өзге лауазымды тұлғаның қолымен расталады.
      61. Шоғырландырылған есептілікті қалыптастыруға арналған есептілік құжаттары айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаға (оның филиалына) электрондық түрдегі тізілімдер журналының бағдарламалық қамтамасыз етуінің бір бөлігі болып табылатын модемдік немесе өзге байланыс арқылы күн сайын өткізіледі.
      61-1. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдар есепті айдан кейінгі айдың 15-не дейінгі (қоса алғанда) мерзімде ай сайын Ұлттық Банктің филиалына Ереженің 7-1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша, айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы филиалдар бойынша (олар болған кезде) есеп береді.
      Ескерту. 61-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының  2012.07.04 № 202 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      62. Уәкілетті ұйымдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-не дейінгі (қоса алғанда) мерзімде Ұлттық Банктің филиалына Ереженің 8-қосымшасында белгіленген нысан бойынша, бар болған кезде филиалдардың операциялары есепке ала отырып жиынтық түрде қаражат қозғалысы туралы мәліметтер береді.
      Ескерту. 62-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      63. Бір шетел валютасын басқасына айырбастау есептілік нысандарын жасау кезінде екі операция түрінде көрсетіледі:
      айырбастау пунктінің бір шетел валютасын осы айырбастау пунктінің осы валюта түрін сатып алуы бағамы бойынша теңгемен сатып алуы;
      айырбастау пунктінің басқа шетел валютасын осы айырбастау пунктінің осы валюта түрін сатып алуы бағамы бойынша теңгемен сатуы.
      63-1. Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға шет мемлекеттердің (мемлекеттер тобының) монеталарын сатып алу, сату және айырбастау жөніндегі операцияларды жүргізу бойынша шешімді өз бетінше қабылдайды.
      Ескерту. 63-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.

8-тарау. Ықпал ету шаралары және санкциялар

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      64. Ұлттық Банк және оның филиалы айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) Ереженің нормаларын бұзуы анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген әсер ету шараларын қолданады.
      65.Заңның 30-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтата тұруды Ұлттық Банктің филиалы жүзеге асырады.
      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.
      66. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті ұйым берген лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды немесе одан айыруды Ұлттық Банктің филиалы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының б), з) және к-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырады.
      Ұлттық Банк филиалының айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиядан айыру туралы шешімі мемлекеттік және орыс тілдерінде облыстық немесе қалалық газетте жарияланады.
      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), өзгеріс енгізілді - 2009.11.30  № 108Қаулыларымен.
      67. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      68. Уәкілетті ұйымнан шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру үшін берілген лицензияны қолдану тоқтатыла тұрған не айырған жағдайда Ұлттық Банктің филиалының  тиісті шешімі уәкілетті ұйымға жіберіледі. Уәкілетті ұйым лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы шешімді алған күннен бастап лицензияны қолдануды тоқтатыла тұрған мерзім аяқталғанға дейін шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті тоқтата тұрады.
      Тіркеу куәлігін қолдану тоқтатыла тұрған жағдайда Ұлттық Банктің филиалының тиісті шешімі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаға (оның филиалына) жіберіледі. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) осы шешімді алған күннен бастап тиісті айырбастау пунктінде шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті тіркеу куәлігін қолдану тоқтатыла тұрған мерзім аяқталғанға дейін тоқтата тұрады.
      Ескерту. 68-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      69. Ұлттық Банктің филиалы шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған жағдайда уәкілетті ұйым Ұлттық Банктің филиалына лицензияның түпнұсқасын «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 48-бабының екінші тармағында белгіленген мерзімде қайтарады.
      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108 Қаулысымен.
      70. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес реттеледі.

Қазақстан Республикасында  
қолма-қол шетел валютасымен 
айырбастау операцияларын  
ұйымдастыру ережесіне   
1-қосымша          

Нысан

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

                             Рұқсат

N ___                                   ____ жылғы "___"___________

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің_______________________
___________________________________________________________ филиалы
                  (Ұлттық Банк филиалының атауы)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде шетел
валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру үшін құрылған
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                 (заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері)
заңды тұлғаны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат береді.

________________________    _________________    __________________
     (лауазымының атауы)        (қол қоятын орын)           (аты-жөні)

Мөр орны

Қазақстан Республикасында  
қолма-қол шетел валютасымен 
айырбастау операцияларын  
ұйымдастыру ережесіне   
2-қосымша         

Нысан

Уәкілетті ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) туралы
мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

__________________________________________________________________
(уәкілетті ұйымның атауы)

      1. Жеке тұлғалар:

Р/с

Тегі, аты,  бар болса әкесінің аты

Туылған күні

Төлқұжаттың/жеке куәліктің деректері

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тұрғылықты жері

Жарғылық капиталдағы үлесі

пайызбен

сомасы

1








2















      2. Заңды тұлғалар:

Р/с

Заңды тұлғаның атауы

Ұйымдық құқықтық нысаны

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі және берілген күні

Орналасқан жері

Жарғылық капиталдағы үлесі

пайызбен

сомасы

1








2















_________________________
1 Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) болмаған жағдайда жеке тұлғаның
салық төлеушісінің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі

2 Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) болмаған жағдайда заңды тұлғаның
кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіші (КҰЖЖ) бойынша коды көрсетіледі

Қазақстан Республикасында    
қолма-қол шетел валютасымен   
айырбастау операцияларын    
ұйымдастыру ережесіне     
2-1-қосымша         

Нысан

      Ескерту. 2-1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

_____________________________________
(Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
аумақтық филиалының атауы)
________________________________
(басшының аты-жөні)   

      Шетел валютасымен айырбастау операцияларын
      ұйымдастыру үшін лицензия алуға өтініш
      ___________________________________________________________
                       (өтініш берушінің атауы)

Өтініш берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі3_________________________
Өтініш берушінің кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеушісі бойынша
коды_________________________________________________________________
      Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасымен
айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия беруді сұраймын.

      Қоса берілген құжаттар:
      1.
      2.
      3.
      ........
      Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы:
      ________________ __________________________ _____________
          (лауазымы)           (аты-жөні)            (қолы)

      20__ жылғы «__»___________                     Мөр орны

________________
3 Бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда өтініш беруші - заңды тұлғаның салық төлеушісінің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі.

Қазақстан Республикасында 
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын 
ұйымдастыру ережесіне  
3-қосымша         

Нысан  

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз), 2009.11.30 № 108, 2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

                    Шетел валютасымен айырбастау
              операцияларын ұйымдастыруға берілген
                            лицензия

N _________                       ____ жылғы "___"_________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
___________________________________________________________ филиалы
                  (Ұлттық Банк филиалының атауы)
«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес осы лицензияны
____________________________________________________________береді.
                 (уәкілетті ұйымның атауы)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
__________________________________________________________ филиалы
               (Ұлттық Банк филиалының атауы)
валюталық бақылау агентінің міндеттерін уәкілетті ұйымға жіктейді.
      Осы лицензия шектелмеген мерзіммен бір данада берілді және басқа тұлғаларға беруге болмайды.
_______________________   _________________     ___________________
   (лауазымының атауы)        (қол қоятын орын)           (аты-жөні)

Мөр орны

Қазақстан Республикасында 
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын
ұйымдастыру ережесіне 
4-қосымша      

Нысан 

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.09.24. N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), 2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

                 Айырбастау пунктінің тіркеу куәлігі
                    N _______  жылғы "___"__________ 

Осы куәлік ________________________________________________________
           (айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды
                  тұлғаның немесе оның филиалының атауы)

тиесілі _____________________________ мекен-жайы бойынша орналасқан
      (айырбастау пунктінің мекен-жайы)

айырбастау пунктіне оның __________________________________________
                              (Ұлттық Банк филиалының атауы)
_______нөмірмен тіркелгені жөнінде берілді.    

________________________   ________________  ____________________
  (лауазымының атауы)      (қол қоятын орын)     (аты-жөні)

Мөр орны

Қазақстан Республикасында 
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын
ұйымдастыру ережесіне 
5-қосымша      

Нысан     

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      Журналдың сыртқы парағы

                Сатып алынған және сатылған қолма-қол
                   шетел валютасы тізілімдерінің
                            ЖУРНАЛЫ

_________________________________________________________орналасқан
айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның
немесе оның филиалының орналасқан жері_____________________________
____________________________________________________________тиесілі
(айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның
___________________________________________________________________
                  немесе оның филиалының атауы)
_________________________________________________________орналасқан
                (айырбастау пунктінің мекен-жайы)
________________________________________________ айырбастау пункті,
   (айырбастау пунктінің атауы, тіркеу нөмірі)

      _____ жылғы "___"_____________ басталды
      _____ жылғы "___"_____________ аяқталды

      Сақтау мерзімі: _____________ жыл

      Журналдың ішкі парағы

Күні

Валюта түрі

Валюта қалдықтары 1

Бағам

Күн басында

Күн аяғында

Сатып алу

Сату

Басшының өкімінің күні, нөмірі


Теңге



-    

-   

-      






















      1 Айырбастау операцияларын өзге банк операцияларымен қоса
жүргізген кезде толтырылмайды

     Сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының
              200___ жылғы "___"____________ тізілімі

Рет N

Клиенттің аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың  нөмірі мен сериясы

Валютаның атауы

Валютаның сомасы

Сатып алынды

Сатылды

валютамен

теңгедегі баламасы*

валютамен

теңгедегі баламасы**

1

2

3

4

5

6

7































Жиынтығы:



















       Кассирдің қолы _______________         Нөмірі ________ парақ

      Ескерту:
      * - сатып алу бағамы бойынша есептеледі
      ** - сату бағамы бойынша есептеледі

      Журналдың соңғы парағы
___________________________________________________________________
  (айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның
___________________________________________________________________
                    немесе оның филиалының атауы)
____________________________________________________________тиесілі
(айырбастау пунктінің атауы, тіркеу нөмірі және мекен-жайы)

айырбастау пунктінің осы тізілімдер журналында

      ________________ парақ нөмірленді және тігілді
      ____ жылғы "___"______________

      Басшы ___________________               Мөр орны
                  (қолы)
      Бас бухгалтер_______________
                       (қолы)

      _________ парақтан тұратын тізілімдер журналы Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесінің талаптарына сәйкес келеді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ____________________________ филиалында _____ жылғы "___"______ расталды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалының
директоры (директордың орынбасары) _________________________ /қолы/

Қазақстан Республикасында 
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын 
ұйымдастыру ережесіне  
6-қосымша      

Нысан  

      Ескерту. 6-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108, 2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

         Айырбастау пунктінің клиенттеріне арналған ақпарат

     Осы айырбастау пункті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
_____________________________филиалы бақылайтын аумақта орналасқан.
(Ұлттық Банк филиалының атауы)

      Айырбастау пунктінің жұмысына ескертулер болған жағдайда,
мына мекен-жай бойынша: ___________________________________________
                          (Ұлттық Банк филиалының почта адресі)
шағым жолдауыңызды немесе _________________________________________
                          (Ұлттық Банк филиалының телефон нөмірі)
бойынша телефон шалуыңызды сұраймыз.
      Шағымды қарау үшін, онда мынадай мәліметтер хабарлауыңызды сұраймыз:
      өтініш иесінің аты-жөні;
      өтініш иесінің мекен-жайы;
      айырбастау пунктінің атауы және мекен-жайы;
      осы айырбастау пунктін ашқан, айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның немесе оның филиалының атауы;
      шағымның мазмұны;
      айырбастау пунктінің ереже бұзушылыққа жол бергенін көрсететін күн және уақыт;
      айырбастау пункті кассирінің аты-жөні.
      Жазбаша шағым үшін өтініш иесінің қолы қажет.

Қазақстан Республикасында  
қолма-қол шетел валютасымен 
айырбастау операцияларын  
ұйымдастыру ережесіне   
7-қосымша       

Нысан    

      Ескерту. 7-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.11.30 № 108, 2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      Журналдың сыртқы парағы

            Төлем жасамайтын және айналысқа жарамсыз
    қолма-қол шетел валютасымен операциялар тізілімдерінің
                              ЖУРНАЛЫ

_________________________________________________________орналасқан
айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның
немесе оның филиалының орналасқан жері_____________________________
____________________________________________________________тиесілі
(айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның
___________________________________________________________________
                  немесе оның филиалының атауы)
_________________________________________________________орналасқан
                (айырбастау пунктінің мекен-жайы)
________________________________________________ айырбастау пункті,
    (айырбастау пунктінің атауы, тіркеу нөмірі)

      _____ жылғы "___"_____________ басталды
      _____ жылғы "___"_____________ аяқталды

      Сақтау мерзімі: _____________ жыл

      Журналдың ішкі парағы

Валюта түрі

Сатып алу бағамы

Валюта айырбастаудың нарықтық бағамы

Өкімнің нөмірі және күні









               Төлем жасамайтын және айналысқа жарамсыз
            қолма-қол шетел валютасымен операциялардың
                 200__ жылғы "____" ____________
                              тізілімі

Рет N

Инкассо жасау туралы өтініштің нөмірі

Шетел валютасының атауы

Шетел валютасы банкнотасының номиналы (номиналдар сомасы)

Жүргізілген Операцияның түрі (инкассо/ауыстыру/сатып алу)

Өтеміне берілген валютаныңатауы (ауыстырған немесе сатып алған кезде)

Өтемі не берілген валютаның сомасы

ұсталынған комис сияның теңгемен сомасы

























        Жиынтығы:

      Кассирдің қолы ______________________  Нөмірі____парақ

Журналдың соңғы парағы
___________________________________________________________________
  (айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның
___________________________________________________________________
                  немесе оның филиалының атауы)
____________________________________________________________тиесілі
(айырбастау пунктінің атауы, тіркеу нөмірі және мекен-жайы)

айырбастау пунктінің төлем жасамайтын және айналысқа жарамсыз
қолма-қол шетел валютасымен операцияларының осы тізілімдер
журналында

      _____________ парақ нөмірленді және тігілді
      ____ жылғы "___"_________

      Басшы ___________________               Мөр орны
                  (қолы)

      Бас бухгалтер_______________
                    (қолы)

      __________________ парақтан тұратын төлем жасамайтын және айналысқа жарамсыз қолма-қол шетел валютасымен операциялардың тізілімдер журналы Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесінің талаптарына сәйкес келеді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ________________________ филиалында _____ жылғы "___"______ расталды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалының
директоры (директордың орынбасары) ________________________
                                             (қолы)

                             Ұлттық Банк филиалының мөрінің
                             немесе мөртабанының орны

Қазақстан Республикасында 
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын  
ұйымдастыру ережесіне   
7-1-қосымша       


      Ескерту. 7-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының  2012.07.04 № 202 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Нысан

20 __ жылғы _________ айындағы
айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп
уәкілетті банктің (оның филиалының)/уәкілетті ұйымның (оның филиалының) атауы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Көрсеткіштің атауы

Жолдың коды

Барлық валюталар

валюта түрлері бойынша

USD

EUR

RUB

CNY

1

2

3

4

5

6

7

Айырбастау пункттері арқылы жүргізілген жеке тұлғалармен жасалған айырбастау операцияларының саны

100






Айырбастау операцияларының айналысы (шетел валютасын сатып алу және сату), барлығы

200






Жеке тұлғалардан қолма-қол шетел валютасын сатып алу бойынша операциялар

Сатып алынған қолма-қол шетел валютасы, барлығы

210






Қолма-қол шетел валютасын сатып алу жөніндегі операциялардың саны

110






оның ішінде мынадай сомаға:







500 мың теңгеге дейін (қоса алғанда)

111






500 мың теңгеден асатын 1 миллион теңгеге дейін (қоса алғанда)

112






1 миллион теңгеден асатын

113






Баламада 10 мың АҚШ долларынан асатын сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алу операциялары







барлығы сатып алынғаны

215






сатып алу бойынша операциялардың саны

115






Жеке тұлғаларға қолма-қол шетел валютасын сату бойынша операциялар

Сатылған қолма-қол шетел валютасы, барлығы

220






Қолма-қол шетел валютасын сату жөніндегі операциялардың саны

120






оның ішінде мынадай сомаға:







500 мың теңгеге дейін (қоса алғанда)

121






500 мың теңгеден асатын 1 миллион теңгеге дейін (қоса алғанда)

122






1 миллион теңгеден асатын

123






Баламада 10 мың АҚШ долларынан асатын сомаға қолма-қол шетел валютасын сату операциялары








барлық сатылғаны

225






сату бойынша операциялардың саны

125






7-1-қосымшаны толтыру бойынша нұсқаулар

      Есеп Ереженің 5-қосымшасына сәйкес толтырылатын сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасы тізілімдерінің деректері бойынша қалыптастырылады. Теңгемен берілген деректер үшін есептеулерде есепті қалыптастырған кезде Сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасы тізілімінің тиісінше 5 және 7-бағандарында көрсетілген теңгемен жүргізілген айырбастау операциясы сомасының баламасы пайдаланылады.
      Уәкілетті банктің филиалы немесе уәкілетті ұйымның филиалы жеке есепті қалыптастырады.
      Есептің 3-бағанында уәкілетті банктің (оның филиалының) немесе уәкілетті ұйымның (оның филиалының) айырбастау пункттері есепті кезеңде айырбастау операцияларын жүзеге асырған шетел валюталарының барлық түрлері бойынша деректер беріледі. Айырбастау операцияларының көлемдері бойынша жиынтық деректер теңгемен есептеледі.
      4, 5, 6, 7-бағандарда деректер АҚШ доллары (USD), еуро (EUR), Ресей рублі (RUB) және Қытай юані (CNY) бойынша беріледі. Егер айырбастау пункттері есепті кезеңде қандай да болмасын көрсетілген валюталармен айырбастау операцияларын жүргізбесе, онда тиісті баған толтырылмайды.
      3-баған бойынша 200, 210, 215, 220 және 225 кодтары бар жолдар бойынша деректер мың теңгемен толтырылады.
      4, 5, 6, 7-бағандар бойынша 200, 210, 215, 220 және 225 кодтары бар жолдар тиісті шетел валютасының мың бірлігінде толтырылады.
      3, 4, 5, 6, 7-бағандар үшін есепті толтырған кезде мына талаптардың орындалуын қамтамасыз ету қажет:
      коды 100 жол = коды 110 жол + коды 120 жол;
      коды 200 жол = коды 210 жол + коды 220 жол;
      коды 110 жол = коды 111 жол + коды 112 жол + коды 113 жол;
      коды 120 жол = коды 121 жол + коды 122 жол + коды 123 жол;
      коды 115 жол<= коды 113 жол;
      коды 125 жол<= коды 123 жол;
      коды 215 жол<= коды 210 жол;
      коды 225 жол<= коды 220 жол.

Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын 
ұйымдастыру ережесіне  
8-қосымша       

Нысан

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

20 __ жылғы _________ айындағы
шетел валютасының қозғалысы туралы есеп
_____________________________________________________________________

      уәкілетті ұйымның атауы _______________________________________
      почта мекенжайы, телефоны, факсі ______________________________
      шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға
берілген лицензияның нөмірі және датасы
_____________________________________________________________________

                                             (валюта бірліктерімен)

Көрсеткіштің атауы

Жолдың коды

USD

EUR

RUR

басқасы (шетел валютасының түрі көрсетіледі)

Шетел валютасының есепті кезең басындағы қалдығы (100=110+120)

100





оның ішінде:






кассадағы қолма-қол шетел валютасы (айырбастау пункттерінің кассасын қоса алғанда)

110





уәкілетті банктердегі валюта шоттарында (уәкілетті банктер көрсетіледі)
________________________________

120





Есепті кезеңде келіп түскен шетел валютасы (200>=210+220+230+240)

200





оның ішінде:






уәкілетті банктер арқылы ішкі валюта нарығында сатып алынған шетел валютасы

210





уәкілетті банктерден қарыздар (уәкілетті банктер көрсетіледі)
_______________________
_______________________

220





Айырбастау пункттері арқылы сатып алынған қолма-қол шетел валютасы

230





Басқа да түсімдер (талдамасы беріледі)
_______________________
_______________________

240





Жұмсалған шетел валютасы (300>=310+320+340)

300





оның ішінде:






уәкілетті банктер арқылы ішкі валюта нарығында сатылған шетел валютасы (уәкілетті банктің атауы көрсетіледі)

310









уәкілетті банктердің өтелген қарыздары (уәкілетті банктің атауы көрсетіледі)

320









Айырбастау пункттері арқылы сатылған қолма-қол шетел валютасы

330





Басқа да шығыстар (талдамасы беріледі)
_______________________
_______________________

340





Есепті кезеңнің аяғындағы шетел валютасының қалдығы (400=410+420) (400=100+200-300)

400





оның ішінде:






Кассадағы қолма-қол шетел валютасы (айырбастау пункттерінің кассасын қоса алғанда)

410









уәкілетті банктердегі валюта шоттарында (уәкілетті банктер көрсетіледі)
_______________________
_______________________

420





20___ жылғы «____» ___________
______________________________ басшы
(тегі және аты-жөні, қолы)
______________________________ бас бухгалтер
(тегі және аты-жөні, қолы)
______________________________ орындаушы
(тегі және аты-жөні, қолы)