Инвестициялық преференцияларды алуға арналған өтінімге қоса берілген құжаттарға қойылатын талаптарды жеңілдету мақсатында, 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 373 "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрлігінің Инвестиция комитеті Төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы N 18-п "Инвестициялар мемлекеттiк қолдауының кейбiр мәселелерi туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2222 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 23-24, 850-бап, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 4330 болып тіркелген, 2006 жылғы 18 тамызда N 151 (957) Заң газетінде жарияланған, "2003 жылғы 18 наурыздағы N 18-п Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрлігінің Инвестиция комитеті Төрағасының бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитеті төрағасының 2006 жылғы 20 шілдедегі N 54-п бұйрығымен өзгеріс енгізілді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Тіркелген активтерге инвестициялар сомасы 60 мың айлық есептік көрсеткіштен асатын инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын дайындау жөніндегі нұсқаулық (2-қосымша);";
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) Тіркелген активтерге инвестициялар сомасы 60 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын дайындау жөнiндегі нұсқаулық (3-қосымша).";
Көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тіркелген активтерге инвестициялар сомасы 60 мың айлық есептік көрсеткіштен асатын инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын дайындау жөнiндегі нұсқаулық";
2. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлiгi
Инвестиция комитетi Төрағасының
2006 жылғы 3 қарашадағы
N 83-п бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлiгi
Инвестиция комитетi Төрағасының
2003 жылғы 18 наурыздағы
N 18-п бұйрығымен бекiтiлген
3-қосымша
Тіркелген активтерге инвестициялар сомасы 60 мың айлық
есептік көрсеткіштен аспайтын инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын дайындау жөнiндегі нұсқаулық
1. Инвестордың қысқа сипаттамасы
1. Заңды тұлғаның атауы.
2. Заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) күнi.
3. Заңды тұлға басшысының аты-жөні.
4. Заңды мекен-жайы, телефоны, факсы, электрондық поштасы.
2. Жобаның қысқа сипаттамасы
5. Жобаның атауы.
6. Жобаның негiзгi мақсаттары.
7. Жобаның тiкелей қатысушылары.
8. Жобаны iске асыру орыны (облыс, аудан).
9. Қысқаша мазмұны:
1) шығаруға ұсынылатын өнiм;
2) болжанатын жобаның сипаты: жаңадан құру, жаңғырту немесе қолданыстағы кәсiпорынды кеңейту.
10. Жобаны iске асыру құны, қаржыландыру көздерi:
1) меншiк қаражаты;
2) заемдық қаражаттар (кредиттер немесе шаруашылық субъектiлердiң қаражаттарын тарту) және/немесе грант.
11. Жобаны iске асыру мерзiмi - инвестицияларды жүзеге асыру сәтiнен бастап _ ай (жыл).
3. Техникалық бөлiм
12. Жобаның технологиясын қысқаша сипаттау, жабдық сатып алу.
13. Технологиялық шешiмдi iрiктеудiң негiздемесi.
14. Жобаны iске асыру кестесi:
мың теңге
Жұмыстардың атауы |
Күнтiзбелiк жыл |
Күнтiзбелiк жыл |
Жалпы |
||||||
1 тоқсан |
2 тоқсан |
3 тоқсан |
4 тоқсан |
1 тоқсан |
2 тоқсан |
3 тоқсан |
4 тоқсан |
||
1. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ЖИЫНЫ: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|