Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрлігі Инвестиция комитеті Төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы N 18-п "Инвестициялар мемлекеттiк қолдауының кейбiр мәселелерi туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар комитеті Төрағасының 2006 жылғы 3 қарашадағы N 83-п Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 11 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4451 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012.06.01 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Инвестициялық преференцияларды алуға арналған өтінімге қоса берілген құжаттарға қойылатын талаптарды жеңілдету мақсатында, 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 373 "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 19 бабы 4) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрлігінің Инвестиция комитеті Төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы  N 18-п "Инвестициялар мемлекеттiк қолдауының кейбiр мәселелерi туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2222 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 23-24, 850-бап, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 4330 болып тіркелген, 2006 жылғы 18 тамызда N 151 (957) Заң газетінде жарияланған, "2003 жылғы 18 наурыздағы N 18-п Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрлігінің Инвестиция комитеті Төрағасының бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитеті төрағасының 2006 жылғы 20 шілдедегі  N 54-п бұйрығымен өзгеріс енгізілді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Тіркелген активтерге инвестициялар сомасы 60 мың айлық есептік көрсеткіштен асатын инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын дайындау жөніндегі нұсқаулық (2-қосымша);";

      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) Тіркелген активтерге инвестициялар сомасы 60 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын дайындау жөнiндегі нұсқаулық (3-қосымша).";

      Көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тіркелген активтерге инвестициялар сомасы 60 мың айлық есептік көрсеткіштен асатын инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын дайындау жөнiндегі нұсқаулық";

      осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасының     
Индустрия және сауда министрлiгi 
Инвестиция комитетi Төрағасының 
2006 жылғы 3 қарашадағы     
N 83-п бұйрығына қосымша    

Қазақстан Республикасының     
Индустрия және сауда министрлiгi 
Инвестиция комитетi Төрағасының  
2003 жылғы 18 наурыздағы     
N 18-п бұйрығымен бекiтiлген   
3-қосымша              

Тіркелген активтерге инвестициялар сомасы 60 мың айлық
есептік көрсеткіштен аспайтын инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын дайындау жөнiндегі нұсқаулық 1. Инвестордың қысқа сипаттамасы

      1. Заңды тұлғаның атауы.
      2. Заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) күнi.
      3. Заңды тұлға басшысының аты-жөні.
      4. Заңды мекен-жайы, телефоны, факсы, электрондық поштасы.

2. Жобаның қысқа сипаттамасы

      5. Жобаның атауы.
      6. Жобаның негiзгi мақсаттары.
      7. Жобаның тiкелей қатысушылары.
      8. Жобаны iске асыру орыны (облыс, аудан).
      9. Қысқаша мазмұны:
      1) шығаруға ұсынылатын өнiм;
      2) болжанатын жобаның сипаты: жаңадан құру, жаңғырту немесе қолданыстағы кәсiпорынды кеңейту.
      10. Жобаны iске асыру құны, қаржыландыру көздерi:
      1) меншiк қаражаты;
      2) заемдық қаражаттар (кредиттер немесе шаруашылық субъектiлердiң қаражаттарын тарту) және/немесе грант.
      11. Жобаны iске асыру мерзiмi - инвестицияларды жүзеге асыру сәтiнен бастап _ ай (жыл).

3. Техникалық бөлiм

      12. Жобаның технологиясын қысқаша сипаттау, жабдық сатып алу.
      13. Технологиялық шешiмдi iрiктеудiң негiздемесi.
      14. Жобаны iске асыру кестесi:

                                                          мың теңге

Жұмыстардың атауы

Күнтiзбелiк жыл 

Күнтiзбелiк жыл 

Жалпы

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

1.










2.










3.










ЖИЫНЫ: