Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 203 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Жүргізілетін төлемдер жөніндегі мәліметтерді жүйелеуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1011 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 1999 жылғы 20-31 желтоқсанда жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1149 тіркелген 2000 жылғы 16 мамырдағы N 195 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1319 тіркелген 2000 жылғы 30 қазандағы N 405 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1809 тіркелген 2002 жылғы 16 ақпандағы N 49 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2332 тіркелген 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 125 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2757 тіркелген 2004 жылғы 12 ақпандағы N 18 және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3689 тіркелген 2005 жылғы 13 мамырдағы N 58 қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 1) тармақшасындағы "және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін" деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақтың 2) тармақшасында:
"және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін" деген сөздер алынып тасталсын;
"және Ережені" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесінде:
N 1 қосымшасында:
жоғарғы оң жақ бұрышында:
"N" белгісі алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысымен бекiтiлген" деген сөздер алынып тасталсын;
ескертуде:
жиырма үшінші абзацтағы ", қаржылық ұйымдардың банктердің және басқалардың қызметіне қадағалау жасау" деген сөздер алынып тасталсын;
жиырма төртінші абзацта:
"олардың банктер болатынына-болмайтынына қарамастан," деген сөздер алынып тасталсын;
"сондай-ақ банктік шоттарды ашумен және жүргізумен айналысатын серіктестіктер жатады" деген сөздер "банктер жатады" деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма бесінші абзацтағы "Осы топқа" деген сөздерден кейін "кредиттік серіктестіктер," деген сөздермен толықтырылсын;
2-қосымшада:
төлем белгілеу кодының жан-жақты кестесінде:
"0 - Зейнетақы төлемдері және жәрдемақылар" бөлімінде:
026 кодтың атауындағы "төлемдерді" деген сөз "немесе міндетті әлеуметтік ақша аудару бойынша артық төленген сомаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
032 кодтың атауы "Қате есептелген" деген сөздердің алдында "Зейнетақы жарналары бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
090 кодтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақы";
090 кодтан кейін мынадай мазмұндағы 091, 092, 093, 094, 095 және 099 кодтармен толықтырылсын:
091 "Бір жасқа дейінгі баланы күту жөніндегі мемлекеттік жәрдемақы";
092 "Бір жасқа дейінгі баланы күту жөніндегі мемлекеттік жәрдемақыларды қайтару";
093 "Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақыны қайтару";
094 "Міндетті әлеуметтік ақша аударымдарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұлдың қате есептелген сомаларын "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының қайтаруы";
095 "Міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұлдың қате есептелген сомаларын жинақтаушы зейнетақы қорларының қайтаруы";
099 "Басқа төлемдер";
"2 - Шетел валютасымен және қымбат металдармен операциялар" бөлімінде:
жетінші жолдан кейін 213 "Биржадан тыс шетел валютасын сатып алу-сату жөніндегі мәмілелердің неттингі бойынша операциялар" деген кодпен толықтырылсын;
жиырмасыншы жолдан кейін 230 "Басқа шетел валютасы үшін бір шетел валютасын сатып алу-сату жөніндегі мәмілелердің неттингі бойынша операциялар" деген кодпен толықтырылсын;
"9 - Бюджетке және бюджеттен төленетін төлемдер" бөлімінде:
913, 923, 933, 943, 953 және 963 кодтарының атауы "Қазақстан Республикасының" деген сөздердің алдында "Салық органдары салғандарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
"990 - Жеке тұлғалар-азаматтар" деген код алынып тасталсын;
991 және 992 кодтарының атауы "Бюджетке төленетін" деген сөздердің алдында "Жеке тұлғалар-азаматтардан" деген сөздермен толықтырылсын;
993 кодтың атауы "Қазақстан Республикасының" деген сөздердің алдында "Жеке тұлғалар-азаматтардан" деген сөздермен толықтырылсын;
994 кодтың атауы "Өткен жылдардың" деген сөздердің алдында "Жеке тұлғалар-азаматтардан" деген сөздермен толықтырылсын;
995 "Салық органдары салған әкімшілік айыппұлдар" деген кодпен толықтырылсын;
төлем белгілеу кодының жан-жақты кестесінің ескертуінде:
"9 - Бюджетке және бюджеттен төленетін төлемдер" бөлімінде:
төртінші, он үшінші, жиырма екінші, отыз бірінші, қырқыншы және қырық тоғызыншы абзацтар "дейін салынған" деген сөздерден кейін ", әкімшілік құқық бұзушылық үшін салық органдары салған" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"995 коды әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салық органдары салған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес есептелген айыппұл сомаларын төлеу кезінде қойылады. Салықты тексеру нәтижелері бойынша салынған: салықты төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомалары ерекше жағдайлар болып табылады.";
№ 3 қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрышында:
"N" белгісі алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысымен бекiтiлген" деген сөздер алынып тасталсын;
ескерту мынадай мазмұндағы 3 және 4-қосымшалармен толықтырылсын:
"3. Егер банктің есептілікті беру мерзімі демалыс күніне сәйкес келсе, есеп беру күні келесі жұмыс күні болып саналады.
4. Есептілікке өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажеттілігі болған жағдайда банк есептілікті ұсыну күнінен бастап үш күндік мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне алдын ала жазбаша хабарлай отырып, өзгерістер және/немесе толықтырулар ескерілген есептілікті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.";
Мәліметтерді толтыру тәртібінде:
2-тармақтың отыз үшінші абзацының екінші сөйлемі "Елдер кодтары" деген сөздерден кейін»" " "« белгісімен толықтырылсын.
2. Осы қаулы баспасөзде ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі, ал оның күші осы қаулының 1-тармағының 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы абзацтарын қоспағанда 2006 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
3. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау үшін шаралар қолдансын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М.Сартбаевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және
қадағалау агенттігінің Төрағасы
2006 жылғы 22 тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда
министрлігінің Техникалық
реттеу және метрология
комитетінің Төрағасы
2006 жылғы 7 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2006 жылғы 6 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2006 жылғы 5 қыркүйек