Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 371 , 382 , 470-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. "Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызу және кедендік ресімеудің оңайлатылған тәртібін қолдану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетi төрағасының 2005 жылғы 29 маусымдағы N 240 бұйрығына (Нормативтiк құқтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3757 болып тiркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бюллетенiнде жарияланған, 2005 жыл, N 17, 136-құжат, 2005 жылғы N 45 (254) "Ресми газетте" жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың ережесiнде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"СЭҚ-қа қатысушының мәлiмдемесiн тiркеген сәттен бастап үш күн ішінде уәкілетті орган оның тiркелген және кедендiк ресiмдеу жүргізген орыны бойынша облыстар (республикалық, астана мәнiндегi қалалар) бойынша аумақтық бөлiмшелер мен кедендерден (бұдан әрi - кеден органы) СЭҚ-қа қатысушының осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкестiгі туралы растауға cұpay салады.
СЭҚ-қа қатысушыны тiркеу орны бойынша кеден органы уәкiлеттi органның сұрау салуы келiп түскеннен кейін бiр апта мерзiмiнде тексерістiң түрін айқындайды және бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
Жыл ішінде кеден органының посткедендiк бақылау бөлімшелерi қаржылық қызметiн тексерген СЭҚ-қа қатысушылар тексерiске жатпайды.
СЭҚ-қа қатысушыны тiркеген және кедендiк ресiмдеу жүргiзген орыны бойынша кеден органы белгiленген мерзiмде СЭҚ-қа қатысушының осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкестiгi туралы растауды уәкiлеттi органға ұсынады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"СЭҚ-қа қатысушының мәлiмдемесiн қарау мерзiмi 60 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.";
11-тармақта:
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"СЭҚ-қа қатысушының Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 209 , 213 , 214 , 250 , 251 , 259 , Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы" Кодексiнiң 405 , 410 , 417 , 421 , 423 , 424 , 426 - 434 , 438-баптары бойынша кiнәсiнiң, сондай-ақ мұндай құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшiн белгiленген талап қою мерзiмi iшiнде кеден iсi саласындағы өзге де бiрнеше (үштен астам) құық бұзышылықтардың жоқтығы;";
бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"соңғы екi жыл iшiнде бiр жылдың iшiнде жиырма жеткiзiлiмнен кем емес, ал отандық тауар өндiрушiлер үшiн - бiр жылдың iшiнде он жеткiзiлiмнен кем емес немесе соңғы екi жыл iшiнде бiр жылдың iшiнде екi жүз елу мыңға тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштер сомасына тауарларды өткiзу табылады;";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"бұл ретте ең аз тәуекел санатына жатқызуға арналған өтiнiш берген СЭҚ-қа қатысушы тауарларды алушы және келiсiм-шартты ұстаушы болатын тауарларды жеткізу ескеріледі.";
12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"СЭҚ-қа қатысушының Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 209 , 213 , 214 , 250 , 251 , 259 , Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы" Кодексiнiң 405 , 410 , 417 , 421 , 423 , 424 , 426 - 434 , 438-баптары бойынша кiнәсiн, сондай-ақ СЭҚ-қа қатысушы кеден iсi саласындағы өзге де бiрнеше (екiден астам) құқық бұзушылықтар жасағандығын тану туралы соттың немесе кеден органының шешiмi болған кезде";
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Кедендiк ресiмдеудің оңайлатылған тәртібін қолдану ережесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Eгep, "тауарлардың экспорты" және "тауарларды еркін айналым үшін шығару" кедендік режимдеріне сәйкес өткізілетін тауарларды кедендік ресімдеу кезінде келісім-шартты ұстаушы және жүкті алушы ең аз тәуекел санатына жатқызылған СЭҚ-қа қатысушы болып табылатын жағдайда Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi қолданылады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң Талдау және статистика басқармасы (Р.Қ.Айтаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (С.С.Молдабаев) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
5. Осы бұйрық оның бiрiншi ресми жарияланған күнiнен он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгізіледi.
Төраға