Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 186 Қаулысымен.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ, еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу ережесi бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 186 Қаулысымен.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3. Сақтандыру нарығының субъектiлерiн және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаментi (Каримуллин А.А.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттiгi
Басқармасының
2006 жылғы 25 ақпандағы
N 50 қаулысымен бекiтiлген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ, еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу ережесi
Ескерту. Ереженің атауы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 186 Қаулысымен.
Осы Ереже "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру , еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу тәртiбiн көздейдi.
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 186 Қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдар Заңның 48-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда еншiлес ұйымды құруға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесiн немесе акцияларын иеленуге құқылы.
2. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктiң еншiлес ұйым құруына немесе ие болуына, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына берiлген және одан кері қайтарып алынған рұқсаттардың тiзiлiмiн осы Ереженiң 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша жүргiзедi.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 186 Қаулысымен.
3. Жарғылық капиталға қомақты қатысуға рұқсат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына дауыс берушi акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлесi) жиырма және одан астам процентiне заңды тұлғаның тiкелей және жанама дербес иеленген немесе бiрнеше тұлғаларымен тiкелей және жанама бiрлесiп иеленген жағдайда, не заңды тұлға акцияларының жиырма не одан астам процентiмен дауыс беру мүмкiндiгi болған жағдайда берiледi.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерiн) жанама иелену заңды тұлғаның акционерi (қатысушысы) болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесiне немесе жиырма және одан астам процентi мөлшерiнде акцияларына иелену арқылы айқындалады.
2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына
еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру,
сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына
қомақты қатысуға рұқсат беру тәртiбi
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының резидентi Заңның 32-бабы 3-тармағында көрсетiлген шарттарды сақтаған кезде еншiлес ұйымды құрады және иеленедi.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындар мөлшерi әрбiр екi жылда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы меншiктi капиталының он проценттен аспауы тиiс.
6. Еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкiлеттi органға Заңның 32-бабы 4-тармағында көрсетiлген құжаттарды еркiн нысанда жазылған өтiнiштi қоса бередi.
Еншiлес ұйымының басшы қызметкерлерi туралы ақпарат осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес берiледi.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйым соңғы аяқталған қаржы жылындағы жүргiзiлген, аудиторлық ұйым растаған аудиторлық ұйымның есебiн және иелiнетiн еншiлес ұйымның қаржылық есебiн ұсынады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы резиденттері - банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымды, жинақтаушы зейнетақы қорды - еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда, Заңның 32-бабының 4-тармағының 1), 3), 4), 8), 9) тармақшасында көрсетілген құжаттар уәкілетті органға ұсынылмайды.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 76 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6-1. Егер өтініш берушінің құратын не ие болатын еншілес ұйымы банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, ашық жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылған жағдайда, өтініш беруші еншілес ұйымын құруға не иеленуге берген өтінішпен бір уақытта қаржы ұйымының (банк холдингінің) ірі қатысушысы мәртебесін алуға қажетті құжаттарды қосып, қаржы ұйымының (банк холдингінің) ірі қатысушысы мәртебесін алуға өтінішін ұсынуы қажет.
Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.01.25. N 5 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
7. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат алу үшiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкiлеттi органға Заңның 32-бабы 4 тармағы 2), 3), 5)-8)-тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды еркiн нысанда жазылған өтiнiштi қоса бередi.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйым қомақты қатысатын заңды тұлғалардың басшы қызметкерлерi туралы ақпарат осы Ереженiң 4-қосымшасына сәйкес берiледi.
Қазақстан Республикасы резиденттері - банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қордың жарғылық капиталында қомақты қатысуға рұқсат алу үшін Заңның 32-бабының 4-тармағының 3), 8), тармақшасында көрсетілген құжаттар уәкілетті органға ұсынылмайды.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 76 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына өтiнiш бергеннен кейiн үш айдан кешiктiрмей еншiлес ұйымды құруға иеленуге, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат бередi немесе рұқсат беруден бас тартады.
9. Уәкiлеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға иеленуге, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тартуы Заңның 32-бабы 5-тармағында көзделген негiзiнде жасалады.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға иеленуге, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге бас тарту негiздеме туралы жазбаша хабарлайды.
10-1. Еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Заңның 32-бабының 8-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзіне байланысты емес себептермен еншілес ұйымына бақылауды иеленсе, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес ұйымын иеленуге уәкілетті органның рұқсатын алу үшін осы фактіні анықтаған сәттен бастап бір ай мерзімде Заңның 32-бабының 4-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 186 Қаулысымен.
10-2. Қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Заңның 32-бабының 9-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады.
Ескерту. 10-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 186 Қаулысымен.
2-1-тарау. Еншілес ұйымын құруға немесе иеленуге, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі
Ескерту. 2-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 186 Қаулысымен.
10-3. Уәкілетті орган еншілес ұйымын құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты Заңның 32-бабының 12-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша кері қайтарып алады.
10-4. Еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты қайтарған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Заңның 32-бабының 12-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады, және оған тиесілі акцияларды (қатысу үлестерді) иеліктен шығаруды іске асырған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, хабарламаны ұсынады.
Ескерту. 10-4-тармаққа өзгеру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 184 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3-тарау. Қорытынды ережелер
11. Осы Ереженiң талаптарын бұзған жағдайда уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулi ықпал ету шараларын және санкцияларын қолданады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 184 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
12. Осы Ережемен реттелмейтiн мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiлуi тиiс.
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымына еншiлес ұйымды құруға
немесе иеленуге, заңды тұлғалардың
жарғылық капиталына қомақты
қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ,
еншiлес ұйымды құруға немесе
иеленуге, заңды тұлғалардың
жарғылық капиталына қомақты
қатысуға берілген рұқсатты кері
қайтарып алу ережесiне
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 186 Қаулысымен.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншiлес ұйымды
құруға немесе иеленуге берiлген және кері қайтарып алынған рұқсаттарды уәкiлеттi органның есепке алу тiзiлiмi
N |
Сақтандыру |
Еншiлес |
Еншiлес |
Сақтандыру |
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншiлес ұйым құруына және ие болуына берiлген рұқсатты кері қайтарып алу күні және нөмірі |
Еншiлес |
1. |
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымына еншiлес ұйымды құруға
немесе иеленуге, заңды тұлғалардың
жарғылық капиталына қомақты
қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ,
еншiлес ұйымды құруға немесе
иеленуге, заңды тұлғалардың
жарғылық капиталына қомақты
қатысуға берілген рұқсатты кері
қайтарып алу ережесiне
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 186 Қаулысымен.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның жарғылық
капиталына қомақты қатысуға берiлген және кері қайтарып
алынған рұқсаттарды уәкiлеттi органның есепке алу тiзiлiмi
N |
Сақтандыру |
Сақтандыру |
Сақтандыру |
Заңды |
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу күні және нөмірі |
Сақтандыру |
1. |
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымына еншiлес ұйымды құруға
немесе иеленуге, заңды тұлғалардың
жарғылық капиталына қомақты
қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ,
еншiлес ұйымды құруға немесе
иеленуге, заңды тұлғалардың
жарғылық капиталына қомақты
қатысуға берілген рұқсатты кері
қайтарып алу ережесiне
3-қосымша
Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 186 Қаулысымен.
Еншiлес ұйымның басшы қызметкерлерi туралы ақпарат
1. Аты-жөнi ________________________________________________________
2. Азаматтығы ______________________________________________________
3. Жеке басын растайтын құжаттың деректерi _________________________
4. Жұмыс орны (орындары), қызметi (қызметтерi) _____________________
5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы, байланыс телефоны _______
6. Бiлiмi (бiлiктiлiгiн арттыру курстарын қоса):
Түскен күні - аяқтаған күні |
Оқу орнының атауы |
Мамандығы |
7. Еңбек қызметi туралы қысқаша түйіндемесi:
Еңбек ету кезеңi |
Жұмыс орны |
Лауазымы |
8. Заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған сотталуы
туралы мәлiметтер:
Күнi |
Соттың |
Соттың |
Жаза |
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнiң бабы |
Соттың |
9. Қаржы қызметiмен байланысты құқық бұзушылықтары үшiн әкiмшiлiк
жауапкершiлiкке тартылуы туралы мәлiметтер:
Күнi |
Әкiмшiлiк |
Әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы шешім қабылдаған органның тұрған жері |
Әкiмшiлiк |
Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің бабы |
Шешiм |
Осы өтiнiштегi ақпаратты тексергендiгiмдi және оның дұрыс
әрi толық екенiн растаймын.
Аты-жөнi ________________________________
(баспа әрiптермен)
Күні ____________________________________
Қолы ____________________________________
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымына еншiлес ұйымды құруға
немесе иеленуге, заңды тұлғалардың
жарғылық капиталына қомақты
қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ,
еншiлес ұйымды құруға немесе
иеленуге, заңды тұлғалардың
жарғылық капиталына қомақты
қатысуға берілген рұқсатты кері
қайтарып алу ережесiне
4-қосымша
Ескерту. 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 186 Қаулысымен.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның қомақты қатысуы
бар заңды тұлғаның басшы қызметкерлерi туралы ақпарат
1. Аты-жөнi ________________________________________________________
2. Азаматтығы ______________________________________________________
3. Жеке басын растайтын құжаттың деректерi _________________________
4. Жұмыс орны (орындары), қызметi (қызметтерi) _____________________
5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы, байланыс телефоны _______
6. Бiлiмi (бiлiктiлiгiн арттыру курстарын қоса):
Түскен күні - аяқтаған күні |
Оқу орнының атауы |
Мамандығы |
7. Еңбек қызметi туралы қысқаша түйіндемесi:
Еңбек ету кезеңi |
Жұмыс орны |
Лауазымы |
8. Заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған сотталуы
туралы мәлiметтер:
Күнi |
Соттың |
Соттың |
Жаза |
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнiң бабы |
Соттың |
9. Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталуы
туралы мәлiметтер:
Күнi |
Әкiмшiлiк |
Әкiмшiлiк |
Әкiмшiлiк жазаның |
Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің бабы |
Шешiм |
Осы өтiнiштегi ақпаратты тексергендiгiмдi және оның дұрыс
әрi толық екенiн растаймын.
Аты-жөнi, тегі _________________________
(баспа әрiптермен)
Күні ___________________________________
Қолы ___________________________________