Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға аяң рұқсат беру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 50 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 3 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4171

Қолданыстағы

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      3. Сақтандыру нарығының субъектiлерiн және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаментi (Каримуллин А.А.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсiн.

Қазақстан Республикасы Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын  
реттеу мен қадағалау агенттiгi 
Басқармасының         
2006 жылғы 25 ақпандағы    
N 50 қаулысымен бекiтiлген  

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес
ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру, сондай-ақ
заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты
қатысуға рұқсат беру ережесi

      Осы Ереже "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру тәртiбiн көздейдi.

  1-тарау. Жалпы ережелер

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдар Заңның  48-бабының  1-тармағында көзделген жағдайларда еншiлес ұйымды құруға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесiн немесе акцияларын иеленуге құқылы.

      2. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктiң еншiлес ұйым құруына немесе ие болуына, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына берiлген рұқсаттардың тiзiлiмiн осы  Ереженiң  1 және  2-қосымшаларына  сәйкес нысандар бойынша жүргiзедi.

      3. Жарғылық капиталға қомақты қатысуға рұқсат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына дауыс берушi акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлесi) жиырма және одан астам процентiне заңды тұлғаның тiкелей және жанама дербес иеленген немесе бiрнеше тұлғаларымен тiкелей және жанама бiрлесiп иеленген жағдайда, не заңды тұлға акцияларының жиырма не одан астам процентiмен дауыс беру мүмкiндiгi болған жағдайда берiледi.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерiн) жанама иелену заңды тұлғаның акционерi (қатысушысы) болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесiне немесе жиырма және одан астам процентi мөлшерiнде акцияларына иелену арқылы айқындалады.

  2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына
еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру,
сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына
қомақты қатысуға рұқсат беру тәртiбi

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының резидентi  Заңның  32-бабы 3-тармағында көрсетiлген шарттарды сақтаған кезде еншiлес ұйымды құрады және иеленедi.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындар мөлшерi әрбiр екi жылда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы меншiктi капиталының он проценттен аспауы тиiс.

      6. Еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкiлеттi органға  Заңның  32-бабы 4-тармағында көрсетiлген құжаттарды еркiн нысанда жазылған өтiнiштi қоса бередi.
      Еншiлес ұйымының басшы қызметкерлерi туралы ақпарат осы Ереженiң  3-қосымшасына  сәйкес берiледi.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйым соңғы аяқталған қаржы жылындағы жүргiзiлген, аудиторлық ұйым растаған аудиторлық ұйымның есебiн және иелiнетiн еншiлес ұйымның қаржылық есебiн ұсынады.

      7. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат алу үшiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкiлеттi органға  Заңның  32-бабы 4 тармағы 2), 3), 5)-8)-тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды еркiн нысанда жазылған өтiнiштi қоса бередi.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйым қомақты қатысатын заңды тұлғалардың басшы қызметкерлерi туралы ақпарат осы Ереженiң  4-қосымшасына  сәйкес берiледi.

      8. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына өтiнiш бергеннен кейiн үш айдан кешiктiрмей еншiлес ұйымды құруға иеленуге, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат бередi немесе рұқсат беруден бас тартады.

      9. Уәкiлеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға иеленуге, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тартуы  Заңның  32-бабы 5-тармағында көзделген негiзiнде жасалады.

      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға иеленуге, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге бас тарту негiздеме туралы жазбаша хабарлайды.

  3-тарау. Қорытынды ережелер

      11. Осы Ереженiң талаптарын бұзған жағдайда уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулi ықпал ету шараларын және санкцияларын қолдана алады.

      12. Осы Ережемен реттелмейтiн мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiлуi тиiс.

                                      Сақтандыру (қайта сақтандыру)
                                     ұйымына еншiлес ұйымды құруға
                                      немесе иеленуге рұқсат беру,
                                      сондай-ақ заңды тұлғалардың
                                      жарғылық капиталына қомақты
                                          қатысуға рұқсат беру
                                         ережесiнiң 1-қосымшасы

     Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншiлес ұйымды
     құруға немесе иеленуге берiлген рұқсаттарды уәкiлеттi
                 органның есепке алу тiзiлiмi

N

Сақтандыру
(қайта
сақтандыру)
ұйымның атауы

Еншiлес
ұйымның
атауы

Еншiлес
ұйымның
заңды тұлға
ретiнде
мемлекеттiк тiркеуден
өтуi туралы
деректер

Сақтандыру
(қайта
сақтандыру)
ұйымының
еншiлес ұйым
құруына және
ие болуына
берiлген
рұқсаттың
күнi және
нөмiрi

Еншiлес
ұйымның
қызмет
түрi

1.

  

  

  

  

  

                                     Сақтандыру (қайта сақтандыру)
                                     ұйымына еншiлес ұйымды құруға
                                      немесе иеленуге рұқсат беру,
                                      сондай-ақ заңды тұлғалардың
                                      жарғылық капиталына қомақты
                                          қатысуға рұқсат беру
                                         ережесiнiң 2-қосымшасы

        Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның жарғылық
     капиталына қомақты қатысуға берiлген рұқсаттарды
         уәкiлеттi органның есепке алу тiзiлiмi

N

Сақтандыру
(қайта
сақтандыру)
ұйымның атауы

Сақтандыру
(қайта
сақтандыру)
ұйым
қомақты
қатысатын
заңды
тұлғаның
атауы

Сақтандыру
(қайта
сақтандыру)
ұйым
қомақты
қатысатын
заңды
тұлғаның
заңды тұлға
ретінде
мемлекеттік
тіркеуден
өтуі туралы
деректер

Заңды
тұлғаның
жарғылық
капиталына
қомақты
қатысуға
берілген
рұқсаттың
күні және номері

Сақтандыру
(қайта
сақтандыру)
ұйым қомақты
қатысатын
заңды
тұлғаның
қызмет түрі

1.

  

  

  

  

  

                                     Сақтандыру (қайта сақтандыру)
                                     ұйымына еншiлес ұйымды құруға
                                      немесе иеленуге рұқсат беру,
                                      сондай-ақ заңды тұлғалардың
                                      жарғылық капиталына қомақты
                                          қатысуға рұқсат беру
                                         ережесiнiң 3-қосымшасы

       Еншiлес ұйымның басшы қызметкерлерi туралы ақпарат

1. Аты-жөнi ________________________________________________________
2. Азаматтығы ______________________________________________________
3. Жеке басын растайтын құжаттың деректерi _________________________
4. Жұмыс орны (орындары), қызметi (қызметтерi) _____________________
5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы, байланыс телефоны _______
6. Бiлiмi (бiлiктiлiгiн арттыру курстарын қоса):

Түскен күні - аяқтаған күні

Оқу орнының атауы

Мамандығы

  

  

  

7. Еңбек қызметi туралы қысқаша түйіндемесi:      

Еңбек ету кезеңi

Жұмыс орны

Лауазымы

  

  

  

8. Заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған сотталуы
туралы мәлiметтер:      

Күнi

Соттың
атауы

Соттың
тұрған
жерi

Жаза
түрi

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнiң бабы

Соттың
шешiм
қабылдаған
күнi

  

  

  

  

  

  

9. Қаржы қызметiмен байланысты құқық бұзушылықтары үшiн әкiмшiлiк
жауапкершiлiкке тартылуы туралы мәлiметтер:

Күнi

Әкiмшiлiк
жауапкершiлiкке тарту
туралы шешiм
қабылдаған
орган

Әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы шешім қабылдаған органның тұрған жері

Әкiмшiлiк
жазаның
түрi

Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің бабы

Шешiм
қабылданған күн

  

 

 

 

 

 

      Осы өтiнiштегi ақпаратты тексергендiгiмдi және оның дұрыс
әрi толық екенiн растаймын.

      Аты-жөнi ________________________________
                     (баспа әрiптермен)
      Күні ____________________________________
      Қолы ____________________________________

                                     Сақтандыру (қайта сақтандыру)
                                     ұйымына еншiлес ұйымды құруға
                                      немесе иеленуге рұқсат беру,
                                      сондай-ақ заңды тұлғалардың
                                      жарғылық капиталына қомақты
                                          қатысуға рұқсат беру
                                         ережесiнiң 4-қосымшасы

       Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның қомақты қатысуы
      бар заңды тұлғаның басшы қызметкерлерi туралы ақпарат

1. Аты-жөнi ________________________________________________________
2. Азаматтығы ______________________________________________________
3. Жеке басын растайтын құжаттың деректерi _________________________
4. Жұмыс орны (орындары), қызметi (қызметтерi) _____________________
5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы, байланыс телефоны _______
6. Бiлiмi (бiлiктiлiгiн арттыру курстарын қоса):

Түскен күні - аяқтаған күні

Оқу орнының атауы

Мамандығы

  

  

  

7. Еңбек қызметi туралы қысқаша түйіндемесi:      

Еңбек ету кезеңi

Жұмыс орны

Лауазымы

  

  

  

8. Заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған сотталуы
туралы мәлiметтер:      

Күнi

Соттың
атауы

Соттың
тұрған
жерi

Жаза
түрi

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнiң бабы

Соттың
шешiм
қабылдаған
күнi

  

  

  

  

  

  

9. Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталуы
туралы мәлiметтер:

Күнi

Әкiмшiлiк
жауапкершi-
лiкке тарту
туралы шешiм
қабылдаған
орган

Әкiмшiлiк
жауапкершiлiкке тарту
туралы шешім қабылдаған органның тұрған жері

Әкiмшiлiк жазаның
түрi

Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің бабы

Шешiм
қабыл-
данған күн

  

 

 

 

 

 

      Осы өтiнiштегi ақпаратты тексергендiгiмдi және оның дұрыс
әрi толық екенiн растаймын.

      Аты-жөнi, тегі _________________________
                        (баспа әрiптермен)
      Күні ___________________________________
      Қолы ___________________________________