Екiншi деңгейдегi банктер брокерлiк және/немесе дилерлiк қызметтi жүзеге асырған кезде мемлекеттiк бағалы қағаздарымен мәмiлелер жасай алатын елдердiң ең төменгi талап етiлетiн рейтингiн белгiлеу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 46 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 31 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4159. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 26 ақпандағы N 19 Қаулысымен

Күшін жойған

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.02.26  N 19  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  30-бабының 12-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Екiншi деңгейдегi банктердiң ("Standard & Poor`s" немесе "Fitch" рейтинг агенттiктерiнiң топтастыруы бойынша) "А-"-дан төмен емес немесе ("Moody`s Investors Service" рейтинг агенттiгiнiң топтастыруы бойынша) "А3"-тен төмен емес шетел валютасында тәуелсiз ұзақ мерзiмдi рейтингi бар елдердiң мемлекеттiк бағалы қағаздарымен брокерлiк және/немесе дилерлiк қызметтi жүзеге асыра алатындығы белгiленсiн.

      2. Екiншi деңгейдегi банктер мемлекеттiк бағалы қағаздарымен брокерлiк және дилерлiк қызметтi осы қаулының 1-тармағында айқындалған деңгейден төмен жүзеге асыра алатын елдердiң шетел валютасында тәуелсiз ұзақ мерзiмдi рейтингi төмендеген кезде брокерлiк және/немесе дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын екiншi деңгейдегi банктер көрсетiлген төмендеу орын алған айдан кейiн келетiн үш күнтiзбелiк айдың iшiнде өз қызметiн осы қаулының 1-тармағының талаптарына сәйкес келтiредi.

      3. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асырған кезде мемлекеттiк бағалы қағаздарымен мәмiлелер жасауға құқылы елдердiң ең төменгi талап етiлетiн рейтингi туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 219  қаулысының  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2428 тiркелген) күшi жойылды ден танылсын.

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      5. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, екiншi деңгейдегi банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.

      6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.

      Төраға