Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Мемлекеттік ресурстарға 2008 жылғы егіннің астығын сатып алуды жүзеге асыруға арналған бюджет қаражатының сомасы:
көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы 3892000000 (үш миллиард сегіз жүз тоқсан екі миллион) теңге мөлшерінде;
күзгі кезеңде 7937382000 (жеті миллиард тоғыз жүз отыз жеті миллион үш жүз сексен екі мың) теңге мөлшерінде белгіленсін.
Көктемгі-жазғы қаржыландыруға пайдаланылмаған ақша қаражаты күзгі кезеңде астық сатып алуға пайдаланылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.27 N 774 Қаулысымен.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.Қ.Күрішбаевқа жүктелсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.27 N 774 Қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі