Екінші деңгейдегі банктер брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасауға құқылы елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингі туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 219 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2428. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 46 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Министрлiктер, агенттiктер және өзге де мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) заңнамада белгiленген тәртiппен ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың, сондай-ақ "Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамын қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтары мен жарғылық капиталындағы басым үлестерi оларға берiлген акционерлiк қоғамдардың, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң барлық қаржы институттарының акционерлерi (қатысушылары) құрамынан шығуын қамтамасыз етсiн.

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерiне заңнамада белгiленген тәртiппен барлық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың және акцияларының бақылау пакеттерi мен жарғылық капиталындағы басым үлестерi коммуналдық меншiкте болып табылатын ұйымдардың қаржы институттарының акционерлерi (қатысушылары) құрамынан шығуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі