"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 12-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Екiншi деңгейдегi банктердiң ("Standard & Poor`s" немесе "Fitch" рейтинг агенттiктерiнiң топтастыруы бойынша) "А-"-дан төмен емес немесе ("Moody`s Investors Service" рейтинг агенттiгiнiң топтастыруы бойынша) "А3"-тен төмен емес шетел валютасында тәуелсiз ұзақ мерзiмдi рейтингi бар елдердiң мемлекеттiк бағалы қағаздарымен брокерлiк және/немесе дилерлiк қызметтi жүзеге асыра алатындығы белгiленсiн.
2. Екiншi деңгейдегi банктер мемлекеттiк бағалы қағаздарымен брокерлiк және дилерлiк қызметтi осы қаулының 1-тармағында айқындалған деңгейден төмен жүзеге асыра алатын елдердiң шетел валютасында тәуелсiз ұзақ мерзiмдi рейтингi төмендеген кезде брокерлiк және/немесе дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын екiншi деңгейдегi банктер көрсетiлген төмендеу орын алған айдан кейiн келетiн үш күнтiзбелiк айдың iшiнде өз қызметiн осы қаулының 1-тармағының талаптарына сәйкес келтiредi.
3. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асырған кезде мемлекеттiк бағалы қағаздарымен мәмiлелер жасауға құқылы елдердiң ең төменгi талап етiлетiн рейтингi туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 219 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2428 тiркелген) күшi жойылды ден танылсын.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
5. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, екiншi деңгейдегi банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.