Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 қарашадағы N 651 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 13 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3974

Қолданыстағы

      Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізуді ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 1-тармағының 28) тармақшасын басшылыққа ала отырып,  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 990 болып тіркелген, N 1349 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 30 қазандағы  N 571 , N 2092 болып тіркелген 2001 жылғы 12 қарашадағы  N 787 , N 2651 болып тіркелген 2003 жылғы 13 желтоқсандағы  N 722 , N 3138 болып тіркелген 2004 жылғы 14 қыркүйектегі  N 528 , N 3582 болып тіркелген 2005 жылғы 16 наурыздағы N 168  бұйрықтарымен  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібінде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Көлік құралдары техникалық байқауға белгіленген мерзімдерге сәйкес:
      1) иелерi жеке кiсi тасумен айналысатын автобустар, автомобиль-таксилер, жеңiл автомобильдер, меншiк нысанына қарамастан адамдарды тасымалдау үшiн жабдықталған жүк автомобильдерi 3 ай сайын;
      2) қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған арнаулы көлiк құралдары 6 ай сайын;
      3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген көлiк құралдарын қоспағанда, заңды тұлғалардың көлiк құралдары аудандық (қалалық) жол полициясы бөлiмшесiнiң басшысы бекiткен кестеде белгiленген мерзiмде 12 ай сайын;
      4) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген көлiк құралдарын қоспағанда жеке адамдардың көлiк құралдары 12 ай сайын техникалық байқаудан өтуі тиіс.
      Осы тармақта көзделген мерзімдер кезекті мемлекеттік техникалық байқау жүргізілген күннен бастап есептеледі.
      Көлік құралының иесі (иесінің өкілі) техникалық байқау жүргізу үшін көлік құралын белгіленген мерзімнен ерте әкелуге құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Көлік құралдарын байқаудың мерзімділігін бірдей етіп бөлуді қамтамасыз ету мақсатында жол полициясы:
      1) бірінші техникалық байқау жүргізу кезінде жол полициясында тіркелген көлік құралдары;
      2) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген немесе өзі жасаған және құрастырған көлік құралдарын бірінші рет тіркеу кезінде кезекті техникалық байқау жүргізудің нақты жылы мен айын белгілейді.".

      2. "Қазақстан Республикасында көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мемлекеттiк тiркеудiң Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 12 қазандағы N 343  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 679 болып тіркелген, N 1341 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы  N 614 , N 1458 болып тіркелген 2001 жылғы 25 наурыздағы  N 249 , N 1663 болып тіркелген 2001 жылғы 28 қазандағы  N 762 , N 2038 болып тіркелген 2002 жылғы 1 қазандағы  N 632 , N 3641 болып тіркелген 2005 жылғы 26 сәуірдегі  N 249  бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мемлекеттiк тiркеудiң Ережелерінде:
      кіріспедегі "есептен шығару," деген сөздер алынып тасталсын;
      16-тармақтың 15-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) Сертификат немесе оның жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігін растайтын басқа да құжаттың негізінде тіркеуге әкелінген мынадай көлік құралдарына:
      Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, тіркеу пунктінде алғаш рет тіркелетін;
      тіркелген көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізілгеннен кейін мемлекеттік техникалық байқауды жүргізеді".

      3. "Технадзор" автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 16 қаңтардағы N 22  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2137 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген "Технадзор" автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
      2 тармақта "2-9" сандары "2-3" сандарымен ауыстырылсын;

      1-3-қосымшалары осы бұйрықтың 1-3-қосымшаларына сәйкес жазылсын;

      4-9-қосымшалары алынып тасталсын;

      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаменті (Ө.Т.Түсімов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры А.Ж.Шпекбаевқа жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

                                       Қазақстан Республикасы
                                       Ішкі істер министрінің
                                      2005 жылғы 23 қарашадағы
                                      N 651 бұйрығына 1-қосымша

                                   "Технадзор" автоматтандырылған
                                   ақпараттық-іздестіру жүйесінің
                                      жұмыс істеуін ұйымдастыру
                                   жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша"

                     Диагностикалық карта
            (техникалық диагностикалық станцияның
         (пунктінің) уәкілетті қызметкері толтырады)

Диагностикалық пункттің атауы _____________________________________
ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КАРТАНЫҢ N__________________________________________
Ағымдағы техникалық байқау күні ___________________________________
Көлік құралының мемлекеттік нөмірі ________________________________
Маркасы, моделі ___________________________________________________
Көлік куәлігінің сериясы, нөмірі __________________________________
Көліктің түрі _____________________________________________________
Қозғағыштың N______________________________________________________
Шасси N ___________________________________________________________
Шанақтың N ________________________________________________________
Отын түрі _________________________________________________________
Шығарған ел (ТМД, шетелдік) _______________________________________
Шығарылған жылы ___________________________________________________
Жүрген жолы, км ___________________________________________________
Қуаты (ат күші, квт) ______________________________________________
Отыратын орын саны (автобустар үшін) ______________________________
Қозғағыштың көлемі, см 3  (жеңіл көліктерге) ________________________
Жүк көтергіштігі (жүк таситын көліктерге) _________________________
Рульдің орналасуы (оң жағында, сол жағында) _______________________
Қауіпсіздік жастығының болуы ______________________________________
Есепке алынған жері (қала, аудан) _________________________________
___________________________________________________________________
     (техникалық байқауды жүргізу кезінде жол полициясы қызметкері
                               толтырады)

Иесінің коды (1-заңды тұлға, 2-жеке адам) _________________________
Автокөлікті техникалық байқауға әкелген
адамның тегі/заңды тұлға __________________________________________
Аты _______________________________________________________________
Әкесінің аты/Ведомство ____________________________________________
СТН _______________________________________________________________
Жүргізуші куәлігінің берілген _____________________________________
күні, сериясы, нөмірі
Уақытша тіркеу: күні ______________________________________________
Жарамдылық мерзімі ________________________________________________
Мекен жайы: облысы ________________________________________________
Ауданы ____________________________________________________________
Елді мекен ________________________________________________________
Көшесі, үйі, пәтері _______________________________________________
Полистің N ________________________________________________________
Сақтандырушы ______________________________________________________
Полисті қолданудың басталатын күні ________________________________
Полисті қолданудың аяқталатын күні ________________________________
Ақпараттық диагностикалық картаны берген мемлекеттік
автоинспектор _____________________________________________________
                                  Т.А.Ә.

Тіркеуші __________________________________________________________

               Диагностикалық картаның сыртқы беті

Топтың
атауы

Конструкция параметрлерінің
құрамдас бөліктерінің немесе
қосымша құрылғылардың атауы

Көрсеткіштері

Сарап-
шының
мөрі

Сарап-
шының
қолы

1

2

3

 

 

Тежеуіш
жүйесі

1. Тежеуіш жүйесінің бөлшектері (зақымдану)
2. Тұрақ тежеуішінің тиімділігі
3. Тежеуіш жетегінің тұйықтылығы (МП-да қысым)
4. Алдыңғы доңғалақтардың тежеуіш күшінің айырымы ______%
5. Артқы доңғалақтардың тежеуіш күшінің айырымы _________%
6. Тежеу жолы (текше жағдайынан тыс тексерту кезінде)
7. Анықталған баяулату, метр/с 2
8. Тежеуіш жүйесінің істеу уақыты, сек
9. Үлестік тежеуіш күші __%

  

  

  

  

  

Рульдік басқару

10. Динамометр шкаласы бойынша күш, кг/сек
11. Рульдік доңғалақтың жиынтық люфті, градус
12. Рульдік басқарудың жай-күйі (қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)

  

  

  

  

  

Жарық
құрал-
дары

13. Сыртқы жарық құралдарының стандартқа сәйкестігі
14. Фараның орнатылған биіктігі, мм
15. Тік  жазықтықтағы жарық тобы көлбеулігінің бұрышы __
16. Экран бойынша фара проекциясының ортасынан топтың жарық көлеңке шекарасына дейінгі арақашықтық, мм

  

  

  

  

  

Жүріс
бөлігі

17. Айқартопса білігі  (зақымдану, бекітілу)
18. Тұтасуы  (жарамдылығы)
19. Тарту-тіркеу қондырғысы, (жарамдылығы)
20. Доңғалақтар (зақымдану, бекітілуі)
21. Шиналары (өлшемі, протектор суретінің қалдығы (мм))

  

  

  

  

  

Әйнек
тазарт-
қыштар,
әйнек
жуғыш-
тар

22. Әйнек тазартқыштар, әйнекжуғыштар, жылытқыштар (бар-жоғы, жарамдылығы)
23. Щеткалардың ең жоғарғы қозғалу жылдамдығы, жүріс/мин

  

  

  

  

  

Қоз-
ғалтқыш
және
оның
жүйесі

24.Жанармай жүйесінің тұйықтылығы
25. Жанармай багы, (стандартқа сәйкестігі)
26. Шыққан газдардың токсиндігі, __%
27. Шыққан газдың түтінділігі, __%

  

  

  

  

  

Қонст-
рук-
цияның
басқа
элемен-
ттері

28. Артын көру айналары (стандартқа сәйкестігі)
29. Әйнектің жарық өткізгіштігі __%
30. Ауа манометрі, (жарамдылығы)
31. Спидометр (жарамдылығы)
32. Радиоқабылдағыш кедергісін басуға арналған  қондырғы (бар-жоғы, жарамдылығы)
33. Есік құлыптары, дыбыс сигналы, апаттық шығу есіктері, жүргізуші орындығын механикалық реттеуі, қауіпсіздік белдігі, доңғалақты батпақтан қорғау фартугы, апаттық тоқтау белгісі, өрт сөндіргіш, дәрі-дәрмек қобдишасы (бар-жоғы, жарамдылығы)

  

  

  

  

  

Мемлекеттік автоинспектордың қорытындысы _________________________
Техникалық байқау куәлігі мен талонның нөмірі ____________________
Мемлекеттік автомобиль инспекторы ________________________________
Мөртаңба _________________________________________________________
Келесі техникалық байқаудың нақты жылы мен айы

                                     Қазақстан Республикасы        
                                     Ішкі істер министрінің        
                                    2005 жылғы 23 қарашадағы       
                                    N 651 бұйрығына 2-қосымша      

                                 "Технадзор" автоматтандырылған    
                                 ақпараттық-іздестіру жүйесінің    
                                    жұмыс істеуін ұйымдастыру      
                                 жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша"  

         Көлік құралдарының мемлекеттік техникалық
          байқаудан өткені туралы куәліктің үлгісі

       Куәлік баспаханалық тәсілмен дайындалады, материалы - тығыздығы 250-300 гр/шаршы м. картон, мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған.
      Мөлшері 75 х 105 мм.
      Бет жағына:
      1) куәліктің алты таңбадан тұратын реттік нөмірі;
      2) өңірдің литері, келесі техникалық байқаудың мерзімі қойылады.

Қазақстан Республикасы        
Ішкі істер министрінің        
2005 жылғы 23 қарашадағы       
N 651 бұйрығына 3-қосымша      

"Технадзор" автоматтандырылған    
ақпараттық-іздестіру жүйесінің    
жұмыс істеуін ұйымдастыру      
жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша"  

Көлік құралының мемлекеттік техникалық
байқаудан өткені туралы талонның үлгісі

      Дайындау - баспаханалық тәсіл, реттік нөмірлер қою.
      Мөлшері дөңгелек, диаметрі 50 мм.
      Материалы - өз жабысатын "Винил офсет" үлбірі
      Бет жағына:
      Бет жағына шеңбердің ішіне мемлекеттік және орыс тілдеріне "Қазақстан Республикасы" деген сөздер жазылады;
      Ортасына және шеңбердің ішіне мемлекеттік және орыс тілдерінде "Техникалық байқауды көрсетілген айда өту керек" деген сөздер жазылады;
      І - өңірдің литері, әрпі латынша;
      ІІ - Қазақстан Республикасы көлік құралының таңба белгісі;
      III - келесі жылы техникалық байқаудан өтетін айы;
      Сырт жағында түсі сұр
      ІV - алты белгіден тұратын реттік нөмір қойылады.