Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 қарашадағы N 651 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 13 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3974

Жаңартылған

      Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізуді ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 1-тармағының 28) тармақшасын басшылыққа ала отырып,  БҰЙЫРАМЫН :

      1. <*>
       Ескерту: 1-тармақ алынып тасталды - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы   N 263   бұйрығымен .

      2. "Қазақстан Республикасында көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мемлекеттiк тiркеудiң Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 12 қазандағы N 343  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 679 болып тіркелген, N 1341 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы  N 614 , N 1458 болып тіркелген 2001 жылғы 25 наурыздағы  N 249 , N 1663 болып тіркелген 2001 жылғы 28 қазандағы  N 762 , N 2038 болып тіркелген 2002 жылғы 1 қазандағы  N 632 , N 3641 болып тіркелген 2005 жылғы 26 сәуірдегі  N 249  бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мемлекеттiк тiркеудiң Ережелерінде:
      кіріспедегі "есептен шығару," деген сөздер алынып тасталсын;
      16-тармақтың 15-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) Сертификат немесе оның жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігін растайтын басқа да құжаттың негізінде тіркеуге әкелінген мынадай көлік құралдарына:
      Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, тіркеу пунктінде алғаш рет тіркелетін;
      тіркелген көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізілгеннен кейін мемлекеттік техникалық байқауды жүргізеді".

      3. "Технадзор" автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 16 қаңтардағы N 22  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2137 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген "Технадзор" автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
      2 тармақта "2-9" сандары "2-3" сандарымен ауыстырылсын;

      1-3-қосымшалары осы бұйрықтың 1-3-қосымшаларына сәйкес жазылсын;

      4-9-қосымшалары алынып тасталсын;

      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаменті (Ө.Т.Түсімов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры А.Ж.Шпекбаевқа жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

                                       Қазақстан Республикасы
                                       Ішкі істер министрінің
                                      2005 жылғы 23 қарашадағы
                                      N 651 бұйрығына 1-қосымша

                                   "Технадзор" автоматтандырылған
                                   ақпараттық-іздестіру жүйесінің
                                      жұмыс істеуін ұйымдастыру
                                   жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша"

                     Диагностикалық карта
            (техникалық диагностикалық станцияның
         (пунктінің) уәкілетті қызметкері толтырады)

Диагностикалық пункттің атауы _____________________________________
ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КАРТАНЫҢ N__________________________________________
Ағымдағы техникалық байқау күні ___________________________________
Көлік құралының мемлекеттік нөмірі ________________________________
Маркасы, моделі ___________________________________________________
Көлік куәлігінің сериясы, нөмірі __________________________________
Көліктің түрі _____________________________________________________
Қозғағыштың N______________________________________________________
Шасси N ___________________________________________________________
Шанақтың N ________________________________________________________
Отын түрі _________________________________________________________
Шығарған ел (ТМД, шетелдік) _______________________________________
Шығарылған жылы ___________________________________________________
Жүрген жолы, км ___________________________________________________
Қуаты (ат күші, квт) ______________________________________________
Отыратын орын саны (автобустар үшін) ______________________________
Қозғағыштың көлемі, см 3  (жеңіл көліктерге) ________________________
Жүк көтергіштігі (жүк таситын көліктерге) _________________________
Рульдің орналасуы (оң жағында, сол жағында) _______________________
Қауіпсіздік жастығының болуы ______________________________________
Есепке алынған жері (қала, аудан) _________________________________
___________________________________________________________________
     (техникалық байқауды жүргізу кезінде жол полициясы қызметкері
                               толтырады)

Иесінің коды (1-заңды тұлға, 2-жеке адам) _________________________
Автокөлікті техникалық байқауға әкелген
адамның тегі/заңды тұлға __________________________________________
Аты _______________________________________________________________
Әкесінің аты/Ведомство ____________________________________________
СТН _______________________________________________________________
Жүргізуші куәлігінің берілген _____________________________________
күні, сериясы, нөмірі
Уақытша тіркеу: күні ______________________________________________
Жарамдылық мерзімі ________________________________________________
Мекен жайы: облысы ________________________________________________
Ауданы ____________________________________________________________
Елді мекен ________________________________________________________
Көшесі, үйі, пәтері _______________________________________________
Полистің N ________________________________________________________
Сақтандырушы ______________________________________________________
Полисті қолданудың басталатын күні ________________________________
Полисті қолданудың аяқталатын күні ________________________________
Ақпараттық диагностикалық картаны берген мемлекеттік
автоинспектор _____________________________________________________
                                  Т.А.Ә.

Тіркеуші __________________________________________________________

               Диагностикалық картаның сыртқы беті

Топтың
атауы

Конструкция параметрлерінің
құрамдас бөліктерінің немесе
қосымша құрылғылардың атауы

Көрсеткіштері

Сарап-
шының
мөрі

Сарап-
шының
қолы

1

2

3

 

 

Тежеуіш
жүйесі

1. Тежеуіш жүйесінің бөлшектері (зақымдану)
2. Тұрақ тежеуішінің тиімділігі
3. Тежеуіш жетегінің тұйықтылығы (МП-да қысым)
4. Алдыңғы доңғалақтардың тежеуіш күшінің айырымы ______%
5. Артқы доңғалақтардың тежеуіш күшінің айырымы _________%
6. Тежеу жолы (текше жағдайынан тыс тексерту кезінде)
7. Анықталған баяулату, метр/с 2
8. Тежеуіш жүйесінің істеу уақыты, сек
9. Үлестік тежеуіш күші __%

  

  

  

  

  

Рульдік басқару

10. Динамометр шкаласы бойынша күш, кг/сек
11. Рульдік доңғалақтың жиынтық люфті, градус
12. Рульдік басқарудың жай-күйі (қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)

  

  

  

  

  

Жарық
құрал-
дары

13. Сыртқы жарық құралдарының стандартқа сәйкестігі
14. Фараның орнатылған биіктігі, мм
15. Тік  жазықтықтағы жарық тобы көлбеулігінің бұрышы __
16. Экран бойынша фара проекциясының ортасынан топтың жарық көлеңке шекарасына дейінгі арақашықтық, мм

  

  

  

  

  

Жүріс
бөлігі

17. Айқартопса білігі  (зақымдану, бекітілу)
18. Тұтасуы  (жарамдылығы)
19. Тарту-тіркеу қондырғысы, (жарамдылығы)
20. Доңғалақтар (зақымдану, бекітілуі)
21. Шиналары (өлшемі, протектор суретінің қалдығы (мм))

  

  

  

  

  

Әйнек
тазарт-
қыштар,
әйнек
жуғыш-
тар

22. Әйнек тазартқыштар, әйнекжуғыштар, жылытқыштар (бар-жоғы, жарамдылығы)
23. Щеткалардың ең жоғарғы қозғалу жылдамдығы, жүріс/мин

  

  

  

  

  

Қоз-
ғалтқыш
және
оның
жүйесі

24.Жанармай жүйесінің тұйықтылығы
25. Жанармай багы, (стандартқа сәйкестігі)
26. Шыққан газдардың токсиндігі, __%
27. Шыққан газдың түтінділігі, __%

  

  

  

  

  

Қонст-
рук-
цияның
басқа
элемен-
ттері

28. Артын көру айналары (стандартқа сәйкестігі)
29. Әйнектің жарық өткізгіштігі __%
30. Ауа манометрі, (жарамдылығы)
31. Спидометр (жарамдылығы)
32. Радиоқабылдағыш кедергісін басуға арналған  қондырғы (бар-жоғы, жарамдылығы)
33. Есік құлыптары, дыбыс сигналы, апаттық шығу есіктері, жүргізуші орындығын механикалық реттеуі, қауіпсіздік белдігі, доңғалақты батпақтан қорғау фартугы, апаттық тоқтау белгісі, өрт сөндіргіш, дәрі-дәрмек қобдишасы (бар-жоғы, жарамдылығы)

  

  

  

  

  

Мемлекеттік автоинспектордың қорытындысы _________________________
Техникалық байқау куәлігі мен талонның нөмірі ____________________
Мемлекеттік автомобиль инспекторы ________________________________
Мөртаңба _________________________________________________________
Келесі техникалық байқаудың нақты жылы мен айы

                                     Қазақстан Республикасы        
                                     Ішкі істер министрінің        
                                    2005 жылғы 23 қарашадағы       
                                    N 651 бұйрығына 2-қосымша      

                                 "Технадзор" автоматтандырылған    
                                 ақпараттық-іздестіру жүйесінің    
                                    жұмыс істеуін ұйымдастыру      
                                 жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша"  

         Көлік құралдарының мемлекеттік техникалық
          байқаудан өткені туралы куәліктің үлгісі

       Куәлік баспаханалық тәсілмен дайындалады, материалы - тығыздығы 250-300 гр/шаршы м. картон, мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған.
      Мөлшері 75 х 105 мм.
      Бет жағына:
      1) куәліктің алты таңбадан тұратын реттік нөмірі;
      2) өңірдің литері, келесі техникалық байқаудың мерзімі қойылады.

Қазақстан Республикасы        
Ішкі істер министрінің        
2005 жылғы 23 қарашадағы       
N 651 бұйрығына 3-қосымша      

"Технадзор" автоматтандырылған    
ақпараттық-іздестіру жүйесінің    
жұмыс істеуін ұйымдастыру      
жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша"  

Көлік құралының мемлекеттік техникалық
байқаудан өткені туралы талонның үлгісі

      Дайындау - баспаханалық тәсіл, реттік нөмірлер қою.
      Мөлшері дөңгелек, диаметрі 50 мм.
      Материалы - өз жабысатын "Винил офсет" үлбірі
      Бет жағына:
      Бет жағына шеңбердің ішіне мемлекеттік және орыс тілдеріне "Қазақстан Республикасы" деген сөздер жазылады;
      Ортасына және шеңбердің ішіне мемлекеттік және орыс тілдерінде "Техникалық байқауды көрсетілген айда өту керек" деген сөздер жазылады;
      І - өңірдің литері, әрпі латынша;
      ІІ - Қазақстан Республикасы көлік құралының таңба белгісі;
      III - келесі жылы техникалық байқаудан өтетін айы;
      Сырт жағында түсі сұр
      ІV - алты белгіден тұратын реттік нөмір қойылады.