Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 548 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 14 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3893

Қолданыстағы

      "Қолданыстағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге оларда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жағдай туғызатын нормалардың болуы тұрғысында тексеріс жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 82-ө  өкімін  іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 990 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 30 қазандағы  N 571 , N 1349 болып тіркелген, 2001 жылғы 12 қарашадағы  N 787 , N 1699 болып тіркелген, 2002 жылғы 10 желтоқсандағы  N 775 , N 2092 болып тіркелген, 2003 жылғы 13 желтоқсандағы  N 722 , N 2651 болып тіркелген, 2004 жылғы 14 қыркүйектегі  N 528 , N 3138 болып тіркелген, 2005 жылғы 16 наурыздағы  N 168 , N 3582 болып тіркелген бұйрықтарымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібінде:
      37-тармақтағы "техникалық жағдайын бағалау" деген сөздер "ақаусыздығын анықтау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      39-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік техникалық байқаудың алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауға қатысатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің диагностика пункттерінде көлiк құралдарының техникалық жағдайы Қазақстан Республикасының "Автокөлiк құралдары. Жол жүру қауiпсiздiгiнiң шарттары бойынша техникалық талаптар. Тексерудің әдiстерi". ҚР СТ Р 51709-2003 Мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес тексерiледi.
      Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған (жабдықталған) көлік құралдарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы N 316 қаулысымен бекітілген Автокөлік құралдарымен қауіпті жүктерді тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту ережесі және қауіпті жүктерді тасымалдайтын жүргізушілер мен автокөлік құралдарына қойылатын біліктілік  талаптарына  сәйкес қосымша талаптар қойылады.";

      40-тармақтағы "техникалық жағдайын бағалауды жүргізеді" деген сөздер "ақаусыздығын анықтайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      51-тармақтағы "көлік құралдарын техникалық байқауды жүргізу кезінде" деген сөздерден кейін "анықталған кемшіліктер жойылғанша" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1811 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және басқа да мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде, 2002 жылы N 18, 597 бет, жарияланған "Жол полициясының жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауын тексерудi жүзеге асыруын ұйымдастыруы жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Iшкi істер министрінің 2002 жылғы 26 ақпандағы N 130  бұйрығына  мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жол полициясының жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауын тексерудi жүзеге асыруын ұйымдастыруы жөнiндегi нұсқаулықта:
      4-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "осы тармақтың 1-тармақшасында көрсетiлген кәсіпкерлік қызметтің субъектілерін қоспағанда, заңды тұлғалар тоқсанына кемінде бір рет тексерiледі.";
      3) тармақша алынып тасталсын.

      3. "Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы  N 103  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1797 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің N 3582 болып тіркелген 2005 жылғы 16 наурыздағы N 168  бұйрығымен  енгізілген өзгерістер мен толықтырулары бар) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі нұсқаулықта:
      барлық мәтін бойынша "кешендік тексеру", "кешенді тексеруді",  "кешенді тексерулердің", "кешенді (тоқсандық) тексеру", "бақылау тексерулер", "бақылаулық тексерулер", "тоқсандық тексерулерді" деген сөздер тиісті септіктерде "кешенді байқау", "қорытынды тексеру", "тоқсандық тексеру"  деген сөздермен ауыстырылсын;

      18-тармақтағы "сәйкессіздігі анықталса," деген сөздерден кейін "тексеру актісі жасалады және" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. Жол полициясы департаменті (Ө.Т.Түсімов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры А.Ж.Шпекбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Жол полициясы департаментіне (Ө.Т.Түсімов) жүктелсін.

      6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр