Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлем құжаттарын ресімдеу және орындау мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 11 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3883

Қолданыстағы

      Ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру кезінде төлем құжаттарын ресімдеу және ұсыну тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1155 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2000 жылғы 5-18 маусымда жарияланған), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы  N 488 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1379 тіркелген), 2002 жылғы 18 қаңтардағы  N 20 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1779 тіркелген), 2003 жылғы 31 қаңтардағы  N 20 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2193 тіркелген), 2003 жылғы 27 қазандағы  N 372 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2593 тіркелген), 2004 жылғы 24 қаңтардағы  N 13 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2704 тіркелген) және 2004 жылғы 13 қарашадағы  N 150 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3283 тіркелген) қаулыларымен бекітілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен асып түсетін мәміле бойынша заңды тұлғалар арасындағы төлемдер тек қолма-қол жасалмайтын тәртіппен ғана жүзеге асырылады.";

      22-тармақтың бірінші сөйлемінде:
      "бас тартуға құқылы" деген сөздер "бас тартады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "банк есепшотындағы валютаға сәйкес келмеген жағдайда" деген сөздерден кейін ", ал салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу кезінде - бюджеттік жіктеу кодының сандық белгісі болмаған және/немесе оның "төлем мақсаты" жолында көрсетілген мәтіндік атауына сәйкес келмеген жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;

      22-1 тармақтың алтыншы абзацында "зейнетақы төлемдерін" деген сөздерден кейін "әлеуметтік төлемдерді," деген сөздермен толықтырылсын;

      28-тармақта:
      екінші абзацта "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасы Үкіметінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші абзацта "зейнетақы жарналарын" деген сөздерден кейін "және әлеуметтік аударымдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу кезінде төлем тапсырмасында "төлем мақсаты" жолында көрсетілген осындай кодтың мәтіндік атауына және төлем мақсатына сәйкес келетін бюджеттік жіктеу кодының сандық белгісі қосымша көрсетіледі. Төлем тапсырмасында бюджеттік жіктеу кодын көрсетудің дұрыстығы үшін жөнелтуші жауапкершілік атқарады.
      Зейнетақы жарналарын немесе әлеуметтік аударымдарды төлеуге ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде жөнелтуші төлем тапсырмасымен бірге бір мезгілде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес ресімделген зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар төленетін тұлғалардың тізімін (бұдан әрі - тізім) алушы банкке ұсынады. 50-ден астам позициясы (аты-жөндері) бар тізімді алушы-банкке электрондық тасымалдағыштардағы тізімнің көшірмесін қоса бере отырып ұсынады. Алушы-банк егер бұл алушы-банктің ішкі құжаттарымен белгіленген жағдайда, 50 және одан да аз позициясы (аты-жөндері) бар тізімнің электрондық көшірмесін ұсынуды талап етуге құқылы.";

      36-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;

      42-тармақта:
      мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      "09 - әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеушінің банктік шотына ұсынылған салық органының инкассалық өкімі";
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Бенефициар" бағанында әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алуға арналған салық органының инкассалық өкімінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, "бенефициар банк" бағанында - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы (кастодиан) және "делдал банк" бағанында - Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық көрсетіледі.
      Салық органдары зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алуға арналған инкассалық өкіммен бір мезгілде алушы-банкке тізімдерді ұсынады. 50-ден астам позициясы (аты-жөндері) бар тізімді алушы-банкке электрондық тасымалдағыштардағы тізімнің көшірмесін қоса бере отырып ұсынады.";

      56-тармақта "нұсқауды кері қайтарып алу үшін" деген сөздер алынып тасталсын;

      82-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) қайтадан берілген қате төлем тапсырмасы бойынша қате алынған соманы жөнелтушіге қайтарады. Бенефициар банк ақша сомаларын қайтаруды тапсырма жасау арқылы жүргізеді, "төлем мақсатында" бенефициар банк ақшаны қайтару себептерін көрсетеді;";
      3) тармақша алынып тасталсын;

      87-1-тармағында "резидент еместерден," деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасының заң актілерімен рұқсат етілген көздерден кәсіби одақтарды қаржыландыруды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      100-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Ақша жөнелтушінің келісімінсіз оның банктік шотынан ақша алу бойынша өндіріп алушының құқығы бар бір құжат негізінде уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде бірнеше төлемдік талап-тапсырмаларды ұсынған жағдайда, банкке төлемдік талап-тапсырманы әрбір кейінгі ұсыну көрсетілген құжаттың түпнұсқадан не бастапқы ұсынған нотариат куәландырған құжаттан алынған көшірмесін қоса бере отырып ұсынуы мүмкін.";

      115-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Банк нұсқауларды орындауды тоқтатуға (ақшаны алуды тоқтатуға) Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкілетті тұлғалардың шешімдерін алған жағдайда, нұсқаулар шешімде көрсетілген мерзімде не уәкілетті тұлға осы шешімнің күшін жойғанға дейін алушы-банкте сақталуға жатады. Орындалуы тоқтатылған нұсқаулар банкте сақталады және баланстан тыс есепке есептеледі. Нұсқауды баланстан тыс есепке алған кезде банк келесі жұмыс күнінен кешіктірмей нұсқауды жөнелтушіге (бастамашыға) тиісті хабарлама жібереді.
      Банк ақшаны алуды тоқтатуға (нұсқауды орындауға тыйым салуға) Қазақстан Республикасының заң актілерімен уәкілетті тұлғалардың шешімдерін алған кезде нұсқауларды шешімді алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті шешіммен қоса жөнелтушіге қайтарады.";

      116-тармақта:
      "алушы банк" деген сөздерден кейін "сақталуының міндеттілігі осы Ережеде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделмеген" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Төлемдік талап-тапсырманы орындау үшін қажетті ақша сомасы жөнелтушіде болмаса не ақша сомасы жеткіліксіз болса, алушы-банк ақша жөнелтушінің акцептін талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманы және ақша жөнелтуші акцептеген төлемдік талап-тапсырманы алған күннен бастап бір жыл ішінде сақтайды. Төлемдік талап-тапсырмаларды және тізілімді алушы-банктің сақтау мерзімі осы құжаттардың қолдану мерзімін тоқтатады.";

      мынадай мазмұндағы 117-1-тармағымен толықтырылсын:
      "117-1. Осы Ереженің 116-тармағында көрсетілген төлем құжаттарын картотекаға қою кезінде банк картотекадағы төлем құжаттары бойынша міндеттемелерді толық өтегенге дейін банктік шот бойынша клиенттің шығыс операцияларын тоқтатады.";

      118-тармақта "салықтар, айыппұлдар және өсімпұлдар бойынша берешекті алу" деген сөздер "салық берешегін, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті және әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      120-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ақша жөнелтушіде салық берешегін өндіріп алуға салық органдарының инкассалық өкімдерін орындау үшін қажетті ақша сомасы жеткіліксіз болған кезде алушы-банк ақша жөнелтушінің пайдасына алушы банктің ақшаны қабылдауына қарай осы инкассалық өкімнің ішінара орындалуын жүргізеді.";

      121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "121. Ішінара орындалатын инкассалық өкімдердің акцепті оның бірінші бетіне "Ішінара ақы төлеу" мөртабанын қою арқылы жүргізіледі. Инкассалық өкімнің барлық даналарында ішінара төлемнің күні және сомасы және осы инкассалық өкімнің қалдық сомасы туралы жазба жазылады. Жазба банктің уәкілетті тұлғаларының қолдарымен расталады.
      Алушы-банк ішінара ақы төлеу сомасына инкассалық өкімнің электрондық жүйесінде қалыптастыру арқылы акцептелген инкассалық өкімді орындайды. Ішінара ақы төлеу сомасына инкассалық өкімнің "төлемнің мақсаты" бағанында алушы-банк акцептелген инкассалық өкімнің деректемелерін көрсетеді.
      Салық берешегін өндіріп алуға салық қызметі органдарының ішінара ақы төлеу сомасына инкассалық өкімде "операция түрі" бағанында осы Ереженің 42-тармағында белгіленген код көрсетіледі.";

      124-тармақтың екінші абзацында "алушы банк" деген сөздердің алдынан ", егер бұл Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе ақша жөнелтуші мен алушы банк арасындағы банктік шот шартында көзделген болса," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 124-1 және 124-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "124-1. Клиенттің банктегі ақшасы жеткілікті болған кезде салық берешегін және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті төлеуді қоспағанда, шығыс операцияларын тоқтату туралы салық органдарының өкімдерін банкте бір мезгілде қолдану кезеңінде салық берешегін аударуға қатысты нұсқауларды бірінші кезекте орындайды. Клиентке бірнеше талап қойған кезде салық төлеушінің банктік шотында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда банк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен ақшаны алуды жүргізеді.

      124-2. Клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салуға негіз болған талап-арызды қамтамасыз ету туралы айқындамада клиенттің банктік шоттарының (оның ішінде теңгедегі және шетел валютасындағы) бірнеше нөмірі және бір банктік шотта ақшаның жеткіліксіздігі көрсетілген жағдайда, осы айқындамада банктік шоттарды көрсетудің кезектілік тәртібімен банктік шоттардағы ақшаға тыйым салынады.
      Теңгедегі банктік шоттарда ақша жеткіліксіз болғанда ақшаның қалған сомасына тыйым салу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тыйым салынған күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша айқындамада көрсетілген шетел валютасындағы банктік шоттардан бастап жүргізіледі.";

      5-бөлімнің атауы мемлекеттік тілде мынадай редакцияда жазылсын:
      "5-бөлім. Салық төлемеген дебитордың банктік шоттарынан салық берешегін өндіріп алу тәртібі";

      125-тармақ мемлекеттік тілде мынадай редакцияда жазылсын:
      "125. Салық төлемеген дебитордың шоттарына түсуі тиіс ақша есебінен салық берешегін өндіріп алуға салық қызметі органдарының инкассалық өкімі олардың өз дебиторларына талаптары бойынша салық төлемеген дебиторға қызмет көрсететін банкке төрт данада жіберіледі.";

      5-қосымшада:
      "Бас бухгалтердің аты-жөні" деген сөздер "Уәкілетті тұлғаның аты-жөні" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "(сыртқы жағы) Инкассалық өкімді ішінара төлеу туралы мәліметтер" кестесі алынып тасталсын;

      6-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

                                     "Қазақстан Республикасының
                                     аумағында төлем құжаттарын
                                       пайдалану және ақшаның
                                   қолма-қол жасалмайтын төлемдері
                                    мен аударымдарын жүзеге асыру
                                        ережесіне 6-қосымша

___ жылғы "___"________ ақша жөнелтушінің банкіне түсті.
Қабылданған уақыты _____________________________________

                  Салық (кеден) қызметi органының
                     N ___ инкассалық өкімі
                  _____ ж. "___" ______________
                             (жазылған күні)            СОМАСЫ
                                      ____________________________
Ақша жөнелтуші ___________________   |   ЖБК  |  коды   |         |
                     (атауы)         |        |_________|         |
СТ _______________________________   |__________________|_________|
                                     |   ББК            |         |
Ақша жөнелтушінің банкі __________   |                  |         |
__________________________________   |__________________|_________|
                                     |   ЖБК   | КБе    |         |
Бенефициар _______________________   |         |________|         |
                 (атауы)             |__________________|_________|
                                     |   ББК            |         |
СТН ______________________________   |                  |         |
Бенефициардың банкі ______________   |__________________|_________|
__________________________________   |   ББК            |         |
                                     |                  |         |
Делдал банк ______________________   |__________________|_________|
__________________________________   | Төлем мақсатының |         |
                                     |        коды      |         |
                                     |__________________|_________|
Сомасы жазбаша ____________________________________________________
___________________________________________________________________
Төлем мақсаты  ____________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
    (осыған сәйкес ақша алу жүргізілетін заң актiсiне мiндеттi
                   түрде сiлтеме жасай отырып)

Салықтың (төлемнің) түрі және мерзімі

Бюджеттік жіктеу коды

Сомасы

Операция түрі









ЖИЫНТЫҒЫ:

                                  Ақша жөнелтушінің банкi
                                  ____ ж. "___" ___________ өткiздi
                                  _________________________________
______
|Мөрдің|
| орны | Басшының аты-жөнi ______________ (жауапты орындаушылардың
|______|                                           қолдары)
         қолы ____________
                                          ___________________
      Бөлім бастығы __________________   |   Мөртабан орны   |
      қолы ____________                  |___________________|

           Инкассалық өкімді ішінара төлеу туралы мәліметтер
          (салық органдарының инкассалық өкімдері үшін ғана)

Ішінара төлеу сомасына инкассалық өкімнің деректемелері

Ішінара төлем жасалған күн

Ішінара төлем сомасы

Инкассалық өкім сомасының қалдығы

Уәкілетті тұлғалардың қолдары











                                                                       ".

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы N 395  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1304 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2000 жылғы 20 қараша - 3 желтоқсанда жарияланған), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы   N 439 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1711 тіркелген) және 2003 жылғы 4 шілдедегі  N 204 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2445 тіркелген) қаулыларымен бекітілген толықтырулармен және өзгерістермен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:
      2-тармақтың екінші абзацында "жарналарын" деген сөзден кейін "және әлеуметтік аударымдарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақта:
      "зейнетақы жарналарын аударуға түбіртек-хабарламалар" деген сөздерден кейін ", әлеуметтік аударымдарды төлеуге түбіртек-хабарламалар" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қағазға басылып ұсынылған төлем хабарламаларында түзетулерге жол берілмейді.";

      8-тармақта "зейнетақы жарналарын аударуға арналған түбіртек-хабарламаларға" деген сөздерден кейін "және әлеуметтік аударымдарды төлеуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      13-тармақта:
      үшінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
      "Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге түбіртек-хабарламада оның атауына сәйкес келетін бюджеттік жіктеу коды көрсетіледі. Бенефициардың деректемелерін және бюджеттік жіктеу кодын көрсетудің дұрыстығы үшін жөнелтуші жауапкершілік атқарады.";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Әлеуметтік аударымдарды төлеуге түбіртек-хабарлама осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланкілерде ұсынылады. 50-ден астам позициясы (аты-жөндері) бар осы Ережеге 5-қосымшаның екінші бөлігі алушы-банкке электрондық тасымалдағыштағы оның көшірмесін қоса бере отырып ұсынылады. Егер бұл алушы-банктің ішкі құжаттарында белгіленген жағдайда 50 және одан да аз позициясы (аты-жөндері) бар 5-қосымшаның екінші бөлігінің электрондық көшірмесін алушы банк талап етуге құқылы.";

      15-тармақтың үшінші абзацында "зейнетақы жарналарын" деген сөздерден кейін "және әлеуметтік аударымдарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      25-тармақта "нысанда" деген сөзден кейін "немесе банк белгілеген өзге де тәсілмен" деген сөздермен толықтырылсын;

      35-тармақта "ақша аудару туралы шартта көзделген тәртіппен" деген сөздер "банк белгілеген тәсілдермен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-қосымшада:
      "Қазынашылықтың аумақтық органдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "104102", "104302", "104402" деген сандар алынып тасталсын;

      2-қосымшада:
      "Қазынашылықтың аумақтық органдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "101202", "105101", "103101", "101201" деген сандар алынып тасталсын;

      3-қосымшада "Қазынашылықтың аумақтық органдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-қосымшамен толықтырылсын:

                                        "Қазақстан Республикасының
                                         аумағында банктік есепшот
                                          ашпай ақшаның қолма-қол
                                         жасалмайтын төлемдері мен
                                         аударымдарын жүзеге асыру
                                            ережесіне 5-қосымша

                                 Кассир:

ТҮБІРТЕК (әлеуметтік аударымдар үшін) Резидент      |_|
                                      Резидент емес |_|
Ақша жөнелтуші _________________  СТН _________________
Ақша жөнелтушінің мекен-жайы мен телефоны _____________
_______________________________________________________

Бенефициар Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы
СТН 600400073391 ЖБК 368609110
Бенефициардың банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы
(корреспонденттік шоттар мен төлемдерге қызмет көрсету
бөлімі) ББК 190201125

Төлемнің атауы

Кезең

ТБК

Сомасы

Әлеуметтік аударымдар


012


Өсімпұл


017










БАРЛЫҒЫ (сомасы жазбаша):            Күні ___________

Ақша жөнелтушінің аты-жөні __________________________
Қолы __________     __________________________________
                   | Мөрдің орны (егер мөрі бар болса)|
                   |__________________________________|

N

Әлеуметтік
бірегейлен-
діру коды

Аты-
жөні

Аты-жөні (әлеумет-
тік бірегейлендіру
кодын алу үшін
тіркеу карточкасында
(өзгерсе, көрсету
керек)

Туған
күні

Сомасы

1.






2.






3.






ЖИЫНТЫҒЫ:


Күні _____________________
Ақша жөнелтушінің аты-жөні ______________________
Қолы __________             __________________________________
                           | Мөрдің орны (егер мөрі бар болса)|
                           |__________________________________|

                                 Кассир:

ХАБАРЛАМА (әлеуметтік аударымдар үшін) Резидент     |_|
                                      Резидент емес |_|
Ақша жөнелтуші _________________  СТН _________________
Ақша жөнелтушінің мекен-жайы және телефоны ____________
_______________________________________________________

Бенефициар Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы
СТН 600400073391  ЖБК 368609110
Бенефициардың банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі             ББК 190201125

Төлемнің атауы

Кезең

ТБК

Сомасы

Әлеуметтік аударымдар


012


Өсімпұл


017










БАРЛЫҒЫ (сомасы жазбаша):            Күні ___________

Ақша жөнелтушінің аты-жөні __________________________
Қолы __________     __________________________________
                   | Мөрдің орны (егер мөрі бар болса)|
                   |__________________________________|

N

Әлеуметтік
бірегейлен-
діру коды

Аты-
жөні

Аты-жөні (әлеумет-
тік бірегейлендіру
кодын алу үшін
тіркеу карточкасында
(өзгерсе, көрсету
керек)

Туған
күні

Сомасы

1.






2.






3.






ЖИЫНТЫҒЫ:


Күні _____________________
Ақша жөнелтушінің аты-жөні ______________________
Қолы __________             __________________________________
                           | Мөрдің орны (егер мөрі бар болса)|
                           |__________________________________|

                                                                 ".

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      4. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Р. Елемесовке жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі

      2005 жылғы 17 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрлігі

      2005 жылғы 8 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Соты жанындағы Сот
      әкімшілігі жөніндегі комитеті

      2005 жылғы 9 қыркүйек