"Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы N 219 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 25 шілдедегі N 278 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 22 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3802. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

Күшін жойған

      Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  379-бабына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
      1. "Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы N 219  бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2355 тіркелген, Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 1 желтоқсандағы  N 537 , 2004 жылғы 10 маусымдағы  N 261 , 2004 жылғы 30 шілдедегі  N 328 бұйрықтарымен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 7 қаңтардағы  N 6 , 2005 жылғы 23 мамырдағы  N 199 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістермен "Официальная газетада" 2003 жылғы 27 қыркүйектегі N 39 санында жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған немесе жеңілдетілген тәртіппен өткізу кезінде жолаушылардың кеден декларациясын ресімдеу ережесінде:
      көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
      3.1-тармақта "Ұлттық" деген сөздің алдында "Уақытша әкелінетіндерді (әкетілетіндерді) қоспағанда" деген сөзбен толықтырылсын;
      3.4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3.4. Мәдени құндылықтар";

      3.9-тармағындағы "мен байланыс құралдары" деген сөздер алынып тасталсын;

      4.2-тармақтағы "Кузовы N" деген сөздерден кейін "немесе бірдейлендіру коды" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Ө.К.Бейіспеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.І. Махамбетов):
      1) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықтың ережелерін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.

      4. Аумақтық бөлімшелердің бастықтары осы бұйрықтың тиісті орындалуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Б.Т. Әбдішевке жүктелсін.

      6. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаржы вице-министрі -
      Төраға