Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына кедендік ресімдеу мәселесі жөнінде толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 10 маусымдағы N 261 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 8 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2939. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының  32-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар салада қызметiн жүзеге асыратын "Қызылорда электр тарату желiсi компаниясы" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қоғам) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегiн өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қоғамның мәжбүрлеп шығарылған билiк етуi шектеулi жарияланған акцияларын (бұдан әрi - акциялар) оларды мемлекет меншiгiне мәжбүрлеп алып қою арқылы Қоғамның салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегiн өтеу есебiне орналастырсын;
      2) Қоғам акцияларын ұстаушылар тiзiлiмiндегi акцияларға мемлекеттiк меншiк құқығын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне тiркеудi қамтамасыз етсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi