"Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы N 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 23 мамырдағы N 199 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 16 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3677. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Электр тұрмыстық тауарларының рыногын дамыту үшін қажетті құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау үшін Үкіметтің 2005 жылғы 25 мамырдағы N 506 қаулысымен "Тауарлардың кедендік құнын айқындаудың резервтік әдісін қолдану кезінде пайдаланылатын ақпараттық анықтамалық туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 794 қаулысына Сауда компаниялар мен электр тұрмыстық, компьютерлік техниканы және күрделі техникалық жүйелерді тауар өндірушілерінің қазақстандық қауымдастығы бірлестігінің (КАТЭКС) Қазақстан Республикасына импортталатын электр тұрмыстық тауарларына арналған бағалар жөніндегі ақпараттық анықтамалығына бекітілген өзгеріс енгізілді.
      Ақпараттық анықтамалық әкелінетін электр тұрмыстық тауарлардың құнын өндірушілердің атауына, бренді және басқа да сапалық және техникалық сипаттамаларға байланысты бөлуге бағытталған.
      Аталған анықтамалық кедендік құнды айқындаудың резервтік әдісін қолдану кезінде ғана пайдаланылатын болады.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігінің 
      Кедендік бақылау комитеті