Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 208 Қаулысымен.
-------------------- Қаулыдан үзінді -----------------------
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аудиторлық ұйымның жекелеген ұйымдарға ілеспелі қызмет көрсету шартына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту және Агенттік Басқармасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116 қаулысына өзгеріс енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 229 Қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4475 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. ...
3. ...
4. ...
Төрайым Е.Бахмутова
"Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
17-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
57-бабының 4-тармағына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
20-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
49-1 бабының 3-тармағына,
59-1-бабының
3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік)
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Аудиторлық ұйымның жекелеген ұйымдарға ілеспелі қызмет көрсету шартына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктерге аудит жүргізу жөніндегі есеп беруге қойылатын талаптар туралы ережені бекіту туралы" 1999 жылғы 18 маусымдағы N 129
қаулысы
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 855 тіркелген);
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 855 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктік қызметке аудит жүргізу туралы есеп беруге және банктік қызметке аудит жүргізуге өкілеттік берілген аудитордың, аудиторлық ұйымдардың қорытындысына қойылатын талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 1999 жылғы 18 маусымдағы N 129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 454
қаулысы
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2668 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2004 жылғы 31 қаңтарда N 20 жарияланған);
3) Агенттік Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметіне аудитті жүзеге асыруға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" 2004 жылғы 12 шілдедегі N 206
қаулысы
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3012 тіркелген).
3. Агенттік Басқармасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3571 тіркелген, Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының" Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116 қаулысына өзгеріс енгізу туралы"
2005 жылғы 27 тамыздағы N 318
қаулысымен
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3861 тіркелген), "Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандар даярлау жөніндегі оқу орталықтарының қызметін реттеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 323
қаулысымен
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3846 тіркелген), "Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 359
қаулысымен
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3925 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен) 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі.
5. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорларына, аудиторлық ұйымдарға және "Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі
(Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының
орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2006 жылғы
27 қазандағы N 229 қаулысымен
бекітілген
Аудиторлық ұйымның жекелеген ұйымдарға ілеспелі қызмет
көрсету шартына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық
Осы Нұсқаулық " Аудиторлық қызмет туралы ", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", " Сақтандыру қызметі туралы", "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржылық ұйымдарға аудит өткізуге уәкілетті аудиторлық ұйымның (бұдан әрі - аудиторлық ұйым) банктерге, банк холдингтеріне және банк пен (немесе) банк холдингі ірі қатысушысы болып табылатын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - ұйымдар) ілеспелі қызмет көрсету шартына қойылатын негізгі талаптарды анықтайды.
1. Аудиторлық ұйымның өз қызметінің профилі бойынша Қазақстан
Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес қызмет
көрсетуі - ілеспелі қызмет көрсету болып табылады. Ілеспелі қызметке
шолулар, келісілген рәсімдер және компиляциялар кіреді.
2. Аудиторлық ұйым ұсынатын ілеспелі қызмет көрсетулері:
1) аудиторлық ұйымның ілеспелі қызмет көрсету шартымен көзделген нақты міндеттерді, мерзімдерді және ілеспелі қызмет көрсетулердің мөлшерін ескеріп, ұйымның бастамасы бойынша;
2) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
бойынша уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актілерімен көзделген басқа жағдайларда жүзеге асырылады.
2-тарау. Аудиторлық ұйымның ілеспелі қызмет көрсету
шартына қойылатын талаптар
3. Аудиторлық ұйымның ұйымдарға ілеспелі қызмет көрсету шартына мыналар кіреді:
1) ілеспелі қызмет көрсету түрі көрсетілген шарт мәні;
2) ілеспелі қызмет көрсетудің мақсаты;
3) ілеспелі қызмет көрсету жоспары, оның ішінде ілеспелі қызмет көрсетудің және аудиторлық ұйымның соңғы есепті ұсынуының мерзімдері;
4) ілеспелі қызмет көрсету мөлшері;
5) табылмаған бұрмалаудың пайда болу мүмкіндігі;
6) аудиторлық ұйымның көрсеткен ілеспелі қызмет көрсету негізінде, оның ішінде уәкілетті органның талаптарына сәйкестігі бойынша пікірін білдіруді көздейтін есеп нысаны мен мазмұны;
7) аудиторлық ұйым ұйымға ұсынуды ұйғаратын басқа есептердің
сипаттамасы;
8) аудиторлық ұйымның құқығын қосқанда тараптардың құқығы:
қажеттілігіне қарай - уәкілетті органның ұсынысын ескеріп, дербес ілеспелі қызметтің нысанын және әдісін анықтау;
ілеспелі қызмет көрсетуге қатысуға шарттық негізде
"Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
24-бабында
көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, әр түрлі профиль мамандарын тарту;
ілеспелі қызмет көрсету шартының талаптарын орындау үшін қажетті құжаттарды сұрату;
9) ілеспелі қызмет көрсетуде жәрдемдесу бойынша, атап айтқанда ақпаратты, құжаттаманы және түсініктемені уақтылы ұсыну жөнінде, аудиторлық ұйымның ілеспелі қызмет көрсетуді уақтылы және сапалы көрсетуіне байланысты ұйымның жағдайлар жасау міндетін қосқанда, тараптардың міндеттері;
10) тараптар жауапкершілігі, оның ішінде ұйымның қаржылық есеп беруі және аудиторлық ұйымға ілеспелі қызмет көрсетуге ұсынған басқа ақпараттың толықтығы мен сенімділігі бойынша жауапкершілігі;
11) ілеспелі қызмет көрсету мерзімдері, мөлшері және төлем шарттары;
12) шарттың қолданылу мерзімі және оны бұзу тәртібі;
13) кәсіптік ұйымға мүшелік.
4. Аудиторлық ұйымның ұйымдарға ілеспелі қызмет көрсету шартында қосымша мынадай іс-шаралар қарастырылуы мүмкін:
1) басқа аудиторлық ұйымдарды тарту бойынша іс-шаралар;
2) ішкі аудит қызметкерлерін, сондай-ақ ұйымның басқа
қызметкерлерін тарту бойынша іс-шаралар;
3) аудиторлық ұйым осы ұйыммен бірінші рет жұмыс істеген
жағдайда, бұрынғы аудиторлық ұйыммен жұмыс бойынша іс-шаралар.
5. Аудиторлық ұйымның ілеспелі қызмет көрсету туралы шартында ұйымның және аудиторлық ұйымның қарауы бойынша басқа талаптар қосылуы мүмкін.
6. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес шешілуге жатады.