Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы N 120 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 15 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3563.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 02.03.2018 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Әскери полиция органдары туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 02.03.2018 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.

      3. Бұйрық ресми түрде жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2005 жылғы 24 наурыздағы
N 120 бұйрығымен
бекітілген

Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. Ереженің және 1-тараудың тақырыптары жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 02.03.2018 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарына (бұдан әрі – әскери полиция органдары) алғашқы әскери қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 02.03.2018 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Әскери полиция органдарына алғашқы рет әскери қызметке қабылданатын адамдармен (бұдан әрі - кандидаттар) әскери полицияның құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары әңгіме өткізеді.

      Кандидаттарға әскери полиция органдарының әскери қызметшісіне қойылатын талаптар, екі ай бойы сынақ мерзімін, оның ішінде бір айы әскери полиция мамандарын даярлау орталығында (бұдан әрі – орталық) оқытып-үйретуге және бір айы тікелей болашақ қызмет орны бойынша тағылымдамадан өтуді белгілеу туралы жеткізіледі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 02.03.2018 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Алып тасталды – ҚР Қорғаныс министрінің 02.03.2018 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабында көзделген жағдайларда адамдар әскери полиция органдарына қызметке қабылданбайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 02.03.2018 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы еңбек заңнамасы негізінде кандидаттармен сынақ мерзімінен өту кезеңінде үш айдан аспайтын мерзімге еңбек шарты жасалады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 18.02.2011 № 88 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Орталықта оқытып-үйрету

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 02.03.2018 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Кандидаттар сынақ мерзімінен өту уақытында орталықта бір ай бойы арнайы бастапқы оқытып-үйретуден міндетті түрде өтеді.

      Тұратын орны орталықта казарма жайында.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 02.03.2018 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Орталықта үйреніп жүрген адамдар орталықтың оқу аудиториялары, кабинеттері, сыныптары, зертханалары, кітапханалары, тирлары, спорт залдары, оқулық мүкәммал мен басқа жабдықтарды пайдалана алады.

      8. Үйреніп жүрген кандидаттар:

      1) әскери полиция органдарының, оның құрылымдық бөлімдерінің қызметтерімен танысады;

      2) әскери полицияның қызметтері, бөлімшелері іс-әрекеттерінің тәжірибесін теориялық білім және тәжірибелік дағдыларын терең меңгереді;

      3) оқулық, тақырыптық жоспарлар мен бағдарламаларда көзделген оқу жұмыстарының барлық түрін сапалы және белгіленген мерзімде орындайды;

      4) тәртіпті мүлтіксіз сақтайды, жарғылардың талаптарын, ішкі тәртіп ережелерін, бастықтардың бұйрықтары мен нұсқауларын сөзсіз және бұлжытпай орындайды, тәуліктік наряд құрамында және басқа да тапсырмаларды орындау кезінде қызметін адал атқарады.

      9. Оқу жоспарын, ішкі тәртіп ережелерін және қызмет тәртібін бұзғаны үшін, ұзақ науқастану, сондай-ақ оқуды әрі қарай жалғастыруға кедергі жасайтын себептерге байланысты кандидаттар орталықтан шығарылады және олармен жасалған еңбек шарты бұзылады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 18.02.2011 № 88 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 02.03.2018 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Орталықта оқу біткен соң кандидаттар сынақ өткізетін жеріне жіберіледі.

      11. Сынақ мерзімінен өтпей қалған кандидатпен жасалған еңбек шарты сынақ мерзімінен өтпеген себепті бұзылады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 18.02.2011 № 88 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Сынақ мерзімінен өткен кандидат әскери қызметке қабылданады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 02.03.2018 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Сынақ мерзімінен өтіп жатқан кандидаттарға төлем "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес төленеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 02.03.2018 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Кандидаттардың тағылымдамасының негізгі мақсаты мыналар болып табылады:

      1) кәсіби деңгейін және даярлығын анықтау;

      2) орталықта алған білімін және кәсіби дағдыларын бекіту.

      15. Тағылымдама кезінде кандидаттар тағылымдама алып жүрген сәйкес бөлімшенің бастығына бағынады.

      16. Әскери полиция құрылымдық органдары бөлімшелерінің бастықтары тағылымдамашының жұмыс режимін бекітеді.

      17. Тағылымдаманы ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы бастығының және әскери полиция бөлімдері командирлерінің бұйрығымен ресімделеді.

      18. Тағылымадаманың негізгі міндеттері:

      1) тағылымдамашылардың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту бойынша кәсіби, білім, пысықтық пен дағдыларды меңгерулерімен жетілдіру;

      2) тағылымдамашылардың жеке өзінің және іскерлік қасиеттерін, тәртіптілігін дамыту;

      3) тағылымдамашылардың әскери полиция органдарында қолданылатын арнайы және техникалық құралдарды пайдалану дағдыларын меңгеруі және жетілдіруі;

      4) қызмет құжаттарын ресімдеу дағдыларын меңгеру.

      19. Тағылымдамашы әскери полиция органының іс жүргізуіндегі нормативтік актілермен, қызмет құжаттарымен және бағдарламамен және жеке жоспарлармен анықталатын тапсырмалар көлемінде басқа да материалдармен таныса алады, әскери полиция органдарындағы арнайы, техникалық құралдарды белгіленген тәртіпте пайдаланады.

      20. Тағылымдамашы:

      1) атқаратын лауазымы бойынша функционалдық міндеттеріне сәйкес жеке жұмыс жоспарын әзірлейді;

      2) мамандығы бойынша қызмет атқару ерекшеліктерін үйренеді;

      3) қызмет атқарудың амалдары мен әдістерін үйренеді;

      4) қызмет атқару дағдыларын меңгереді және бекітеді;

      5) әскери полиция органдарының қызметіне байланысты нормативтік құқықтық актілерді зерделейді;

      6) атқарған жұмысы жөніндегі жазбаларды уақытында жүргізеді;

      7) тағылымдаманың жетекшісіне атқарған жұмысы туралы үнемі есеп береді;

      8) тағылымдаманың аяқталуы алдында тағылымдаманы жүргізетін жетекші бекітетін есеп дайындайды.

      21. Тағылымдаманың аяқталуына 3 күн қалған уақытта тағылымдамашының әрқайсысына мінездеме жазылады және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция бас басқармасының бастығына бекітілуге жіберіледі.

      Мінездемеде тағылымдамашының орындаған тапсырмалары мен жеке жоспарларының сапасын, оның қызметтік міндеттерін орындауға оның кәсіби даярлығы деңгейін, ұйымдастыру қабілетін, нормативтік құжаттарды білу және оларды жұмыста қолдану, моральдық қажырлылық қасиеттерін, тәртіптілігін, орындаушылығын, жалпы даму деңгейін, тыңдаушыны қызметте тиісті лауазымы бойынша пайдалануға даярлығын көрсету қажет.

      Берілген мінездеме тағылымдамашының жеке ісіне тіркеледі.