Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 31.05.2023 № 528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібі Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 120 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3563 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдары мен өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, № 14, 2005 жылғы мамыр, 56-бет) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"1. Қоса беріліп отырған Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібі Ережелерінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидалары";
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарына (бұдан әрі – әскери полиция органдары) алғашқы әскери қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Кандидаттарға әскери полиция органдарының әскери қызметшісіне қойылатын талаптар, екі ай бойы сынақ мерзімін, оның ішінде бір айы әскери полиция мамандарын даярлау орталығында (бұдан әрі – орталық) оқытып-үйретуге және бір айы тікелей болашақ қызмет орны бойынша тағылымдамадан өтуді белгілеу туралы жеткізіледі.";
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабында көзделген жағдайларда адамдар әскери полиция органдарына қызметке қабылданбайды.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Орталықта оқытып-үйрету";
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Кандидаттар сынақ мерзімінен өту уақытында орталықта бір ай бойы арнайы бастапқы оқытып-үйретуден міндетті түрде өтеді.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібі";
12, 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Сынақ мерзімінен өткен кандидат әскери қызметке қабылданады.
13. Сынақ мерзімінен өтіп жатқан кандидаттарға төлем "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес төленеді.".
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
С. Жасұзақов |