"Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібі Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 120 бұйрығына өзгерістер енгізу тура

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 88 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 16 наурызда № 6810 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 528 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 31.05.2023 № 528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібі Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 120 (Мемлекеттік тіркеу тізімінде 2005 жылы 15 сәуірде № 3563 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде № 14, 2005 ж. мамыр, 56-құжат болып жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібінің ережелерінде:

      5-тармақтағы:

      "жеке" деген сөз алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" заңының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақтағы "жеке" деген сөз алып тасталсын;

      11-тармақтағы "жеке" деген сөз алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығы осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын.

      3. Бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

Ә. Жақсыбеков