"Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын және "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 3, 387-баптарын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты былай деп шешті:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.05.28 N 226/35-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
1. Қоса берiлiп отырған "Аббатандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары" бекiтiлсiн.
2. Осы шешiм "Астана хабары" және "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланғаннан кейiн 10 күн өткен соң күшiне енедi. Астана қаласы мәслихатының 2000 жылғы 31 қазандағы N 61/3-II "Астана қаласында көрiктендiру, аумақтарды санитарлық тазарту, жасыл желектердi күтiп ұстау және қорғау Тәртiптерi" шешiмi (Астана қаласының әдiлет басқармасында 2000 жылғы 20 қарашада N 100 тiркелген) өз күшiн жойды деп саналсын.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын
ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты
қамтамасыз ету қағидаларына
Келісім парақ
Астана қаласы "Алматы" ауданының әкiмi
Астана қаласы "Сарыарқа" ауданының әкiмi
Астана қаласы Iшкi iстер бас
басқармасының бастығы
Астана қаласы Сәулет және қала
құрылысы департаментiнiң директоры
Астана қаласы Аумақтық қоршаған
ортаны қорғау басқармасының бастығы
Астана қаласы Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау департаментiнiң директоры
Астана қаласы ПИК accoциациясының
төрағасы
Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық
департаментiнiң директоры
Астана қаласы мәслихатының
2004 жылғы 30 наурыздағы
N 28/6-ІІІ шешімімен
бекітілген
Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету Қағидалары
Ескерту. Қағидалар тараулары тақырыптарының реттік сандарына өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 24 мамырдағы N 380/47-ІІІ Шешімімен.
Ескерту. Қағидаларында "ҚТҚ" деген аббревиатураны барлық жердегі мәтінде тиісті септікте "коммуналдық қалдықтар" деген сөздермен ауыстырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
1. Жалпы қағидалар
1. Осы абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету Қағидалары "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастары туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
Қағидалар аббаттандыру, санитарлық тазарту, аумақта тазалықты сақтау, инфрақұрылым объектілерін күтіп ұстау мен қорғау, Астана қаласының аумағындағы қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және пайдаға асыру, тәртібін белгілейді және жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейді.
Абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласы аумағында тазалықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды реттеу және ұйымдастыру жұмыстарын қала әкімдігінің, басқарудың уәкілетті органдары, мекемелердің басшылары, қаланың көркейту мен санитарлық тазалық кәсіпорындарының лауазымды тұлғалары жүргізеді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді); 2009.05.28 N 226/35-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімдерімен.
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі
ұғымдар мен түсініктер
2. Қаланы сыртқы абаттандыру - қала аумағындағы адамдардың өмір тіршілігіне қолайлы, салауатты және ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған элементтер мен жұмыстар кешені аумақты тазалау, тұрмыстық қалдықтарды (зарарсыздандыру), қоқыстарды, қарды, мұздақтарды жинау, шығару және кәдеге жарату.
3. Коммуналдық қалдықтар, ІКҚ шығару шарты - тапсырысшы мен қоқыс шығаратын мердігерлік ұйыммен коммуналдық қалдықтар, ІКҚ шығару жөнінде заңдық күші бар жазбаша келісім.
4. Бекітілген аумақ - осы Қағидалармен, Астана қаласы аудан әкімдері актілерімен, тазарту және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу үшін, бекітіліп берілген учаске.
Қала шегінде бекітілген объектілер болып табылатындар:
қала көшелері жағындағы, өтпе жолдың шетімен шектелген, қала көшелері жағындағы - жетілдірілген төсемдері бар көшелер үшін немесе өтпе жолдың ортасына дейінгі аумақ - жетілдірілмеген төсемдері бар көшелер үшін;
ораміші аумақтарының учаскелері;
аула ішілік аумақтар - шағын сәулет нысандарын, балалар, кір жаю, контейнер алаңшаларын, автокөлік аялдатуларын, сәндік құрылғылар орнату, үйге кіретін жолдар, аулаға енетін жолдар үшін пайдаланылатын (бір аулада бірнеше жер пайдаланушылар болған жағдайда бекітілген аумақтың шекарасы пайдаланылатын аумақ шекарасы бойынша үйлесімді түрде немесе тараптардың келісімімен анықталады) жерлер;
уәкілетті органдардың рұқсатымен, жинақтау үшін және басқа да мақсаттарға, уақытша пайдаланылатын аумақ;
іргелес жатқан аумақ;
жер үсті жылу желілерінің қорғалатын аумақтары.
Бекітілген аумақтың субъектілері болып жеке тұлға сияқты, заңды тұлға да бола алады:
пәтер иелері кооперативтері (одан әрі - ПИК);
ғимараттар мен орын-жайлардың иелері;
жер уақытша немесе тұрақты пайдалануға берілген тұлғалар.
Аумақты бекітіп беру аудан сәулетшілерінің ұсынымымен және Астана қаласы аудандары әкімдерінің заңды және жеке тұлғалардың келісімімен жүргізіледі.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.
5. Ғимарат - көтергіш және қоршау құрылғыларынан тұратын, міндетті түрде жер үсті тұйық көлемін жасайтын, функционалдық қызметіне қарай, адамдардың тұруы немесе болуына, өндірістік істерді орындау үшін, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға арналып салынған жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін.
6. Жерді пайдаланушы - мақсаты мен меншік түріне қарамастан, (кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, кәсіпкерлер, жеке меншік секторындағы үй иелері, пәтер иелері кооперативтері және басқалар) қала шекарасында жер учаскелерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
7. Көшелердің санаттары - жолдардың, көшелердің және кіру жолдарының көлік қозғалысының үдемелілігі мен олардың пайдаланылуы мен күтіп ұсталуына қойылатын ерекшеліктеріне байланысты жіктеледі.
8. Контейнер - стандартты коммуналдық қалдықтар жинауға арналған сыйымдылық.
9. Ірі көлемді қалдық (бұдан әрі - ІКҚ) - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан, тұтыну және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.).
10. Шағын сәулеттік нысандар - көлемі жағынан кішкене әсемдік, сондай-ақ іске жарамды сипаттағы объектілер:
сәндік құрылғылар - мүсіндер, бұрқақтар мен әсемдік су тоғандар, стелалар, оймабедерлер, гүл құмыралары, ту салғыштар және басқалар;
іске асыру сипатындағы құрылғылар - демалу орындары, павильондар, дүңгіршектер, сауда арбалары, телефон және сауда автоматтары, аттракциондар, орындықтар, қоршаулар, қоқыс қораптары, көшелер, үйлер мен жарнама тақтайшалары, пошта жәшіктері және басқалар.
11. Жалпы пайдалану орындары - демалыс аймақтары (саябақтар, жағажайлар, тынымбақтар), алаңдар, көлік аялдамалары және т.б.
12. Жөн-жосықсыз төгілетін қоқыстар үйінділері - заңды және жеке тұлғалардың жұмысы кезінде пайда болған коммуналдық қалдықтар (ІКҚ), өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, қар, мұздарды өз еркімен (жөн-жосықсыз төгілетін) шығару (орналастыру) немесе үю.
13. Бөлінген аумақ - жер пайдаланушының (кәсіпорынға, мекемеге, жеке тұлғаға және т.б.) иелігіне тапсырылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамалармен қарастырылған, уәкілетті органдардың құқықтық шешімдеріне сәйкес пайдалану үшін, өзіне жататын объектілерді орналастыруға берілген жер учаскесі.
14. Өндірістік және тұтыну қалдықтары (одан әрі - қалдықтар) - өндіру және тұтыну кезінде пайда болған шикізат, материалдар, жартылай өңделген өнімдердің, басқа да бұйымдар мен тағамдардың қалдықтары, сондай-ақ өздерінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер).
15. Аумақты тазарту - аумақты жинау, тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды, қарды, мұздақтарды жинау, шығару және кәдеге жарату (зарарсыздандыру).
16. Іргелес жатқан аумақ - тікелей ғимараттар, орын-жайлар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы меншігінде, иелігінде, жалға алып пайдаланылуындағы, пайдалануындағы басқа объектілер шекараларына (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.
17. Өту жолдары, өтетін жер - тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа да аудандар, шағын аудандар, орамдар ішіндегі қалалық құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз етуші жол элементі.
18. Коммуналдық қалдықтар, ІКҚ жинау және шығару - коммуналдық қалдықтар контейнерлерден арнайы автокөліктерге арту, контейнер алаңшаларын және оларға кіретін жолдарды шашылған қоқыстардан тазарту және оларды қоқыс жинау орнынан кәдеге жарату орнына тасымалдау.
19. Жолдарды күтіп ұстау - нәтижесінде талапқа сай келетін, жол мен жол құрылғыларының көліктік-тұтыну жағдайы сақталатын, жұмыстар жиынтығы.
20. Орын-жай - өндірістік үрдістерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға немесе адамдар мен жүктердің уақытша тұруына (ауысуына), сондай-ақ құралдарды (құбырлар, сымдар) немесе коммуникацияларды орналастыруға арналған, көлемді, жазықты немесе тізбекті салынған жасанды құрылыс (жер үсті, су үсті немесе жер асты, су асты). Құрылғы сондай-ақ көркем-эстетикалық, сәндік-қолданбалы немесе мемориалдық болуы мүмкін.
21. Алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
22. Жаяужолдар - жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға жалғасып жатқан немесе одан гүлкестемен бөлініп жатқан жолдың бөлшегі.
23. Уәкілетті орган - Астана қаласы әкімдігімен анықталатын коммуналдық шаруашылық саласында құзыры бар орган.
23-1. Қалдықтарды орналастыру нормативі – қоршаған ортаға олардың әсерін есепке ала отырып, қалдықтарды орналастыру бойынша сандық және сапалы шектеу.
Ескерту. 23-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
23-2. Қалдықтармен жұмыс iстеу – қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және оларды азайтуды, есепке алу мен бақылауды, қалдықтардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, өңдеудi, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлерi.
Ескерту. 23-2-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
23-3. Қалдықтарды тасымалдау – қалдықтардың пайда болуы, жинақтау, сақтау, кәдеге асыру, көму және/немесе жою орындарының немесе объектілердің арасында қалдықтарды орналастырумен байланысты қызмет.
Ескерту. 23-3-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
23-4. Қоршаған орта мониторингі – табиғи және антропогенді факторлардың әсерінен қоршаған орта жай-күйінің өзгерістеріне баға беру және болжау, қоршаған орта жағдайын бақылаудың кешенді жүйесі.
Ескерту. 23-4-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
23-5. Коммуналдық қалдықтар – елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк ету нәтижесiнде пайда болған тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен қалыптасу сипатына ұқсас өндiрiс қалдықтары.
Ескерту. 23-5-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
23-6. Қалдықтарды жою – қалдықтарды көму және жою жөнiндегi операциялар.
Ескерту. 23-6-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
23-7. Қалдықтарды залалсыздандыру – механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою.
Ескерту. 23-7-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
23-8. Қалдықтарды кәдеге жарату – қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретiнде пайдалану.
Ескерту. 23-8-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
23-9. Қалдықтарды көму – қалдықтарды шектеусiз мерзiм iшiнде қауiпсiз сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарға жинап қою.
Ескерту. 23-9-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
23-10. Қалдықтарды өңдеу – қалдықтардың көлемiн немесе қауiптi қасиеттерiн азайту үшiн олардың сипатын өзгертетiн, олармен жұмыс iстеудi жеңiлдететiн немесе оларды кәдеге жаратуды жақсартатын сұрыптауды қоса алғанда, физикалық, жылу, химиялық немесе биологиялық процестер.
Ескерту. 23-10-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
23-11. Қалдықтарды орналастыру – өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау немесе көму.
Ескерту. 23-11-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
23-12. Қалдықтарды сақтау – қалдықтарды кейiннен қауiпсiз жою мақсатында оларды арнайы бөлiнген жерлерде жинап қою.
Ескерту. 23-12-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
23-13. Сұйық қалдықтар – сарқынды суларды қоспағанда, сұйық түріндегi кез келген қалдықтар.
Ескерту. 23-13-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
3. Қала аумағын тазарту тәртібі
24. Жер учаскелерін пайдаланушылар арасындағы аумақтардың тазарту жұмыстарының шекарасын анықтау, заңды және жеке тұлғаларға бекітіліп берілген аумақтарға сәйкес, осы Қағида негізінде орындалады:
көше-жол желілері, алаңдарға қоғамдық орындар (жалпы пайдаланылатын демалыс аймақтары, саябақтар, тынымбақтар, жағажайлар) бойынша - коммуналдық шаруашылығының уәкілетті органымен мемлекеттік тапсырыс көлемінде;
ораміші аумақтары мен басқа да аумақтарды тазартудың шекарасы аудан сәулетшісімен анықталады және аудандар әкімдерінің актісімен бекітіледі.
25. Тазарту жұмыстары осы Қағидалардың талаптарына, уәкілетті органмен бекітілген нұсқаулар мен технологиялық ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі.
26. Жалпы пайдаланылатын орындарды тазарту мен күту жұмыстары мына жұмыс түрлерін енгізеді:
1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;
2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
3) сыпыру;
4) қамыстар мен басқа жабайы өскен өсімдіктерді шабу және шығару;
5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау.
$1. Көшенің өту жолдарын тазарту
27. Жолдардың өту жерлерін барлық ені бойынша тазарту; алаңдардың, көшелердің және қалалық көше желілерін, сондай-ақ жағалаулар, көпірлер, жол желілерін күту мен тазалау жұмыстарын осы жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік тапсырыс жасау шарты негізінде, мердігер-кәсіпорындар жүргізеді.
28. Соңғы автобус пен троллейбус бағыттарының тұратын-айналу жолдарын тазартумен, (кесте бойынша) іргелес жатқан жолдарды тазалаумен айналысатын кәсіпорындар жүргізеді.
29. Жол төсемдерін үзіліссіз қоқыстан, батпақтан, қардан, технологиялық тазарту жұмыстарын қамтамасыз ету үшін халықтың жаппай баратын объектілеріне жақын орналасқан магистральды көшелерінің бойына күнделікті сағат 23.00-ден 7.00-ге дейін автокөлік құралдарын қоюға тыйым салынады; тыйым қажетті жол белгілерін қоюмен белгіленеді.
30. Магистральдардың, көшелердің және кіру жолдарының жол төсемдерін, осьтік және резервтік жолақтарын, жиектемелерін сыпыру жұмыстары, алдын ала суланғаннан кейін, уәкілетті органмен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
31. Жолдың жүру жағы қандай да болмасын ластан толығымен тазартылуы тиіс. Қозғалыс сызығымен белгіленген, осьтік және резервтік жолақтары тұрақты түрде құм мен әртүрлі ұсақ қоқыстардан тазартылуы қажет.
32. Жолдардың жиектері ірі көлемді және басқа қоқыстардан тазартылуы қажет. Жұмыстарды жүргізу кезінде қоқысты көшенің және өту жолдарының жағына шығаруға тыйым салынады.
$2. Жаяужолдарды тазарту жұмыстары
33. Көше мен өту жолдары бойымен орналасқан немесе жол жағынан гүлкестемен бөлінген және тұрғын жай ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінде орналасқан жаяужолдарды, жағалаулық кәсіпорындарға іргелес жатқан қоршауына тікелей шығу жолы жоқ жаяужолдарды тазарту жұмыстары жол жағын тазарту мен күту жұмыстарын жүргізетін кәсіпорындармен жүргізіледі.
34. Көпірлердегі, жол желілеріндегі жаяужолдарды, сондай-ақ инженерлік құрылғыларға және баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық жаяужолдарды тазарту, осы құрылғылардың қожасы болып табылатын ұйымдармен жүргізіледі.
35. Көшенің жол жағынан гүлкестемен бөлінген жаяужолдар және тұрғын жай ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінен шығатын жерлердің жол жағын тазарту мен күту жұмыстарын жүргізу Астана қаласы аудандар әкімдерінің актілерімен бекітіліп берілген аумақтарға сәйкес орындалады.
36. Көшелер мен өту жолдарының бойына орналасқан басқа жаяужолдар бойынша тазарту жұмыстары жүретін жолдарды күтуге жауапты кәсіпорындармен жүргізіледі.
37. Жаяужолдар толығымен топырақ-құмнан, әртүрлі қоқыстан тазартылуы қажет.
$3. Аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту
38. Қалалық жолаушылар көлігінің аялдама алаңдарын тазалау жұмыстарын жолдарға тазарту жұмыстарын жүргізуші ұйымдар атқарады. Отырғызу алаңшаларын тазарту жөніндегі жұмыстардың шекарасы сызба карталарда көрсетіледі. Отырғызу алаңдары толығымен топырақ-құмнан, әртүрлі қоқыстан тазартылуы қажет.
39. Жолаушылар павильондары мен оларға іргелес жатқан қоғамдық жолаушылар тасымалдау көлігі аялдамаларын тазарту және жуу жұмыстары олардың иелерімен жүргізіледі.
$4. Басқа қала аумақтарын тазарту
40. Іргелес жатқан және бөлініп берілген аумақтарды, қала көшелерінен оларға кіретін жолдарды заңды және жеке тұлғалар меншігі мен пайдаланылуында ғимараттары бар, бөлініп берілген учаскелерде орнатылған аумақтарды тазарту мен күту жұмыстары өз күштерімен немесе шарт бойынша арнайыландырылған кәсіпорынмен орындалады.
41. Жеке тұрған жарнама объектілеріне іргелес жатқан аумақты, жарнама құрылғысынан радиусы 5 метрдей жерді тазарту жұмыстарын, жарнама таратушылар және жарнама таратушылармен шарт бойынша тазарту жұмыстарын жүргізуші арнайыландырылған ұйымдар орындайды.
42. Сыртқы жарықтың бағаналарының құрылғысы мен діңгегі аумағын және жаяужолдарда орнатылған байланыс желілерінің маңайын тазарту жұмыстарын жаяусоқпақтарды тазартуға жауапты кәсіпорындар жүргізеді.
43. Трансформаторларға немесе бөліп бергіш шағын станцияларға, автоматты түрде жұмыс істейтін, басқа инженерлік орын-жайларға, сондай-ақ тоқ беру желілерінің бағаналарына іргелес жатқан аумақтарын тазарту жұмыстарын осы объектілердің иелері жүргізеді. Жер үсті құбырларының астындағы қорғалатын аумақтарды тазарту мен күту жұмыстары желілердің иелерімен жүргізіледі.
44. Сауда объектілеріне іргелес жатқан, уақытша көшедегі сауда жасау аумағының орындарын (базарлар, сауда павильондары, жылдам салынатын сауда кешендері, шатырлар, дүңгіршектер және т.б.) көшедегі жүру жолдарын қоса, сауда объектілерінің иелері тазартады. Іргелес жатқан гүлкестелерге, шатырларға, сауда шатырларына, дүңгіршектерге жәшіктерді үюге жол берілмейді.
45. Ақылы автотұрақтардың, гараждардың аумақтарын тазарту жұмыстарын иелері мен осы объектілерді пайдаланушы ұйымдар жүргізеді.
46. Жанар-жағар май құю стансасына, автожуу бекеттеріне, құю кешендеріне және іргелес жатқан аумақтарға (өту жолына дейін) кіретін және шығатын жерлеріне тазарту мен тазалығын сақтау жұмыстарын осы объектілерді өз балансында ұстаушылар жүргізеді.
47. Көп уақыт бойы пайдаланылмаған және игерілмеген аумақтарды, ғимараттарды бұзғаннан кейінгі аумақты тазарту мен күту жұмыстарын, осы аумақ бөлініп берілген жер пайдаланушылар немесе тапсырысшы, немесе шарт бойынша ғимараттарды бұзу жұмысымен айналысқан мердігер кәсіпорындар жүргізеді.
48. Жапырақ түскен уақытта, бекітіліп берілген аумақтарды тазартуға жауапты ұйымдар, көшелер мен магистральдар бойындағы, аула аумақтарындағы түскен жапырақтарды сыпырып-сиыру жұмыстарын жүргізеді. Ағаштар мен бұталардың түбі жағына жапырақтарды жинауға жол берілмейді.
Ескерту. 48-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.
49. Заңды және жеке тұлғаларға және іргелес жатқан ғимараттарға, орын-жайларға және басқа объектілерге бекітіліп берілмеген, пайдаланылмайтын және бөлініп берілмеген аумақтардың тазарту мен күтіп ұстау жұмыстары бюджет қаражаты есебінен бөлінген қаражаттар шегінде орындалады.
50. Тастанды сулар (шұңқырлардан су сору, инженерлік желілердегі апат жағдайлары және т.б.) салдарынан пайда болған су басу жағдайлары болғанда, оларды жоюға бұзылуға жол берген ұйымдарға жүктеледі.
Ескерту. 50-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.
51. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кездегі асфальттың жарықшақтары, осы жұмыстарды жүргізуші ұйымдармен: қаланың бас магистралдарынан - тез арада, басқа көшелер мен аулалардан - тәулік мерзімінде шығарылады.
52. Суаққы желісін қоқыс басуын болдырмау үшін суаққы коллекторларына сыпырынды мен тұрмыстық қоқыстарды тастауға жол берілмейді.
Ескерту. 52-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.
$5. Қысқы кездегі қала көшелерін тазартудың
ерекшеліктері
53. Қала көшелерінің өту жолдары мен кіру жолдарын қыста тазарту жұмыстары, осы Қағида талаптарына, жұмыс технологияларын, техникалық құралдар мен тайғаққа қарсы қолданылатын қоспаларды анықтайтын, уәкілетті органмен бекітілген нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.
54. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, саяжолдардағы және басқа көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезінде, осы мақсаттарға бұрын дайындалған алаңшаларға, жасыл отырғызғылардың сақталуы мен еріген сулардың ағуын қамтамасыз еткен жағдайда, құрамында химиялық қоспалары жоқ қарларды үюге рұқсат етіледі.
55. Қысқы кезеңде жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын қораптар мен басқа да элементтер мен кіші сәулеттік формалар, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйірлеріндегі жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.
56. Жаяужолдар мен жолдың жүру жағындағы көшелердегі инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған мұзшықтар жарылады және осы су басуға себепші болған ұйымдармен шығарылады. Жарылған мұзшықтар белгіленген орындарға шығарылады.
57. Қар үйінділерін жасауға болмайтын жерлер:
бір деңгейде барлық жолдар мен көшелердің және кіру жолдарының қиылыстарында және темір жолға жақын жолдарда;
көліктік қоршаулармен жабдықталған немесе көтеріңкі жиектемелері бар жол учаскелерінде;
жаяужолдарда.
58. Жаяужолдар мен гүлкестелерге қар шығаруға рұқсат етілмейді.
59. Қар шығарудың технологиясы екі кезеңнен тұрады:
бірінші кезекте қарды шығару (таңдап) жұмыстары орындалатын жерлер: қалалық жолаушыларды тасымалдау көлігі аялдамаларынан, жер үсті жаяужүргіншелер өтпелерінен, көпірлерден және жол желілерінен, халықтың жаппай баратын орындарынан (ірі әмбебаптардан, базарлардан, мейрамханалардан, қонақ үйлерінен, сапаржайлардан, театрлардан және т.б.), ауруханаларға кіретін жолдардан және басқа да әлеуметтік маңызы бар объектілерден;
соңғы қар шығару (жаппай) жұмыстары бірінші кезектегі қар шығару жұмыстарынан кейін, уәкілетті органмен қойылған кезекке сәйкес орындалады.
60. Көшелер мен жолдардағы қарды шығару жұмыстары арнайы дайындалған алаңшаларға жүргізілуі тиіс. Белгіленген тәртіпте көрсетілмеген жерлерге қар шығаруға жол берілмейді.
Ескерту. 60-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.
61. Қарды уақытша шығаруға берілген орындар, қар ерігеннен кейін қоқыстардан тазартылып, көркейтілуі керек.
62. Жаяужолдар мен көпірге шығатын жерлердегі баспалдақтарды тазарту жұмыстарына мынадай талаптар қойылады:
1) жаяужолдар мен көпір құрылғыларына шығатын жерлердегі баспалдақтар жаңа жауған қар мен тапталған қар басып кеткенге (қар-мұздақтарының пайда болуы) дейін барлық еніне дейін тазартылуы қажет;
2) тоқтаусыз қар жауған кезде жаяужолдар мен көпір құрылғыларына шығатын жерлердегі баспалдақтар тайғаққа қарсы материалдармен өңделіп және жаяу жүргіншілер жүруі үшін тазартылуы керек;
3) тайғақ болатыны немесе болу мүмкіндігі жөнінде хабарландырылған жағдайда, бірінші кезекте баспалдақтар, содан кейін жаяужолдар тайғаққа қарсы материалдармен өңделуі керек.
63. Жаяужолдар, аула аумақтары мен кіру жолдары қар мен мұздақтан асфальтқа дейін тазартылуы тиіс, қар мен жарықшақ қар үйетін жерге шығарылуы тиіс. Мұздақ пайда болған жағдайда (тайғақ) ұсақ құм себу жүргізіледі.
64. Аула аумақтары мен ішкіорамдардан тазартылған қарды автокөліктің қозғалысына және жаяулардың жүруіне кедергі келтірмейтін орындарға үюге рұқсат беріледі.
65. Аула ішінде қарды үйген кезде, жылғалардың ағып кету жағын қарастыру керек.
66. Қысқы кезде ғимарат иелерімен және жалдаушыларымен уақытында шатырларын қар мен мұзшықтан, сүңгілерден тазарту жұмыстары ұйымдастырылуы қажет.
67. Жаяу жүргіншілер жағындағы ғимараттың шатырын тазарту жұмыстары жедел түрде, пайда болған кезде, қатерлі учаскені қоршау арқылы, жүргізілуі керек.
68. Көше жағына қараған шатырлардан қар мен мұздақтарды тазарту жұмыстары жаяужолдарға түсіру, тек күндізгі уақытта жүргізілуі мүмкін. Қарды басқа сырғанау жағынан, сондай-ақ жазық шатырлардан түсіру аула аумақтарына жүргізілуі керек. Қарды түсірер алдында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздіген қамтамасыз ету шараларын жасау қажет. Шатырлардан түскен қарлар, мұзшықтар мен сүлгілер жедел түрде жол жағына қарай жиналады және одан әрі көшенің жолын тазартушы ұйыммен шығарылуы үшін (шарт бойынша) орналастырылады.
69. Сарқынды су құбырларының аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға рұқсат берілмейді.
Ескерту. 69-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.
4. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету
70. Заңды және жеке тұлғалар қала аумағының барлық жерінде, соның ішінде жеке меншік үй иелерінің аумақтарында тазалық пен тәртіпті сақтауы қажет, абаттандыру элементтерін зақымдауға және бұзуға жол бермеу (жолдарды, жаяужолдарды, гүлзарларды, кіші сәулеттік нысандарды, жарықты, суқашыртқыларды және т.б.).
71. Күрделі және уақытша объектілердің иелері өздеріне бөлініп берілген аумақтарды санитарлық тазарту және жинау жұмыстары бойынша шарттар жасасуы керек немесе оны күнделікті өз беттерімен жүргізулері қажет.
72. Контейнерлерге құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, қаптарды, ағаш кесінділерін, жапырақтарды, қарды, сұйық тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды тастауға тыйым салынады.
Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
73. Кәсіпорындардың және жеке меншік үй иелерінің ішкі аумақтарын қоса алғанда, қоқыстарды, жапырақтарды, жәшіктерді, өндірістік қалдықтарды жағуға, алау жағуға рұқсат берілмейді.
Ескерту. 73-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.
74. Кәсіпорындар мен инженерлік жүйелердің аумағынан жер үсті суларын шаруашылық және өндірістік нөсерлі кәрізге ағызуға тек пайдаланушы ұйымның шарты болған жағдайда рұқсат берілген.
75. Тоғандарға өндіріс кәсіпорындарының тазартылмаған суларын ағызуға жол берілмейді.
76. Көлік құралдарын тұрғын-жай орамдары ішінде және жалпы пайдаланылатын жерлерде, су жібергіш құдықтар, тоғандар, адамдардың демалу орындары, тұрғын үй алдында жууға, тазартуға және жөндеуге рұқсат берілмейді.
Ескерту. 76-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.
77. Автокөлік кәсіпорындары мен автоспорт құралдарының иелері жолға көлік құралдарын таза күйінде шығаруға тиісті.
Ескерту. 77-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.
78. Жолдарды ластауға жол бермейтін, брезентпен немесе басқа материалдармен жабусыз топырақтарды, қоқыстарды, төгілмелі құрылыс материалдарын, жеңіл жәшіктерді, жапырақтарды, ағаш үгінділерін тасымалдауға жол берілмейді.
Ескерту. 78-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.
79. Әр түрлі маңызы бар объектілерді гүлкестелерге, гүлзарларға, балалар алаңшаларына, ғимараттардың аркаларына орналастыруға жол берілмейді.
Ескерту. 79-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.
5. Қалалық аумақтардағы қалдықтарды жинау,
уақытша сақтау, шығару және іске жарату
80. Жеке меншік түріне және қызметіне қарамастан ұйымдарға, кәсіпорындарға, мекемелерге, қала аумағында қызмет етуші жеке тұлғаларға, қалдықтарды зарарсыздандыру және іске асыруға шарттық қатынастары бар, қоқыс шығарушы ұйымдармен коммуналдық қалдықтар шығару жөнінде шарт жасауы керек. Ірі көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) шығару жұмыстары кәсіпорындармен, мекемелермен және жеке тұлғалармен немесе шарт негізінде қоқыс шығарушы ұйымдармен жүргізіледі.
80-1. Жеке және заңды тұлғалар, олардың қызметі нәтижесінде өндіріс және тұтыну қалдықтары пайда болады, олардың меншік иелері болып табылады және қалдықтар пайда болған кезден бастап қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 80-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
80-2. Қалдықтардың меншік иесі қалдықтарды жою немесе орналастыру, кәдеге жарату, жинау жөніндегі операцияларды атқаратын қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесін немесе субъектілердің қызметін пайдалануы тиіс, немесе қалдықтарды орналастыру мен жою жөніндегі операцияларды дербес жүзеге асыруға міндетті.
Ескерту. 80-2-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
81. Жылжымайтын объектілерді салу және (немесе) жөндеу жұмыстарымен айналысушы жеке және заңды тұлғаларға қоқыстарды іске жарату жөнінде, оны өздігінен шығару немесе қоқыс шығарушы ұйыммен шығару жөніндегі шарттарын жасау қажет.
82. Үй-жайлардың аумағына контейнер орнату үшін, көлік өтуге ыңғайлы жолдары бар, арнайы алаңшалар бөлінуі қажет. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін металдан жасалған контейнерлерді қолдану керек.
83. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығарушы көліктермен жүргізіледі, сұйық қалдықтар кәрізсіз үй-жайлардан бөшкелері бар сорғы көліктермен шығарылады.
84. Аумақтағы (бөлініп берілген, бекітілген, аулаішілік) контейнерлік алаңшалары бар кәсіпорындар, ұйымдар, өзге де шаруашылық етуші субъектілер мына талаптарды:
1) контейнерлік алаңшалар, кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қатты төсемдерінің болуы тиіс;
2) контейнерлік алаңшалар іргелес жатқан аумақтарға қоқыстарды шығармау үшін жаппай қоршалуы тиіс;
3) контейнер алаңшалары мен оған іргелес жатқан аумақты тиісті санитарлық ұсталуын қамтамасыз етуге;
4) қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қоқыстарды шығаруға, сыпыруға уақытында шарт жасасуға;
5) контейнерлердегі тұрмыстық қалдықтарды жағуға жол бермеуге;
6) жылдың қысқы мерзімінде контейнерлік алаңшаға арнайыландырылған автокөліктің жұмысына және халықтың пайдалануына қолайлы жағдай туғызу мақсатында кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қар мен мұздан тазартылуын қамтамасыз етуі керек.
85. Контейнерлік алаңшалар мен контейнерлер иелеріне:
контейнерлерді уақытында жөндеуге және одан әрі пайдалануға жарамсыздарды ауыстыруға;
қоқыс қабылдағыш камераларды, алаңшаларды және жинағыштардың (контейнерлердің) астауын, сондай-ақ қалдық салғыштардың тұрақты жуылып тұруын, зарарсыздандырылуын және масаларға қарсы бұқырлануын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы қажет.
86. Контейнерлер орнату үшін алаңшалар тұрғын-жай және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңшаларынан және халықтың дем алатын орындарынан кем дегенде 20 метрдей қашықтықта болуы керек. Алаңшаның көлемі қажетті контейнерлер санын орнатуға есептелген.
87. Қалдықтарды уақытша сақтау орындарын, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органымен пәтер иелері кооперативтерімен келісу қажет.
88. Контейнерлерден қоқыс шығарушыларға арту кезінде түсіп қалған қоқыстарды жинау жұмыстары коммуналдық қалдықтар, ІКҚ шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлері.
89. Аулалық, кәріздендірілмеген және қоғамдық әжетханалар тұрғын-жайлардан және қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын және халық демалатын алаңшалардан кем дегенде 20 метр және жүз метрден артық емес қашықтыққа алыстатылуы қажет.
89-1. Қазылған шұңқырларға құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, қаптарды, ағаш кесінділерін, жапырақтарды, қарды, сұйық тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды тастау тыйым салынады.
Ескерту. 89-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
90. Қоқыс шығару құбырына сұйық тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемді қоқыстарды тастауға жол берілмейді.
Ескерту. 90-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.
91. Қоқыс қабылдағыш камера құлыпқа салынуы қажет, бөтен адамдардың қоқыс қабылдағыш камераға кіруіне жол берілмейді.
Ескерту. 78-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.
92. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй орналасқан пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.
93. Пайдаланушы ұйым:
1) қоқыс шығару құбырының және қоқыс қабылдағыш камерасының дұрыс жұмыс істеуін;
2) шусыз жұмыс істеуін, ол үшін баспалдақ алаңындағы қоқыс шығару құбырының салатын қақпақтарының саңлаусыз, тығыз жабылатын резеңке төсемдерімен жабдықталған болуын;
3) ай сайын қоқыс қабылдағыш камералар мен оқпандарға алдын алу зарарсыздандыру іс шараларын (зарарсыздандыру, бұқырлау және зиянды кеміргіштерді жою) ай сайын жүргізуге.
94. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта пайдалану Астана қаласының қоқыстарын көму мен қайта пайдалану жөніндегі қалалық полигонда іске асырылады.
95. Коммуналдық қалдықтар полигонын орналастыру және күтіп ұстау жұмыстары елді мекендер аумақтарын күтіп ұстаудың Санитарлық қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
96. Алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.
97. Жөн-жосықсыз үйінділерге, қалдықтардың жағылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Ескерту. 97-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.
98. Сапаржайларда, базарларда, әуежайда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және көпшілік баратын жерлерде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларында, сауда объектілеріне кіреберістерде қоқыс салатын қораптар орнатылуы керек. Халық көп келетін орындарда қораптар бір бірінен 50 метрдей қашықтықта аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта қораптар орнатылады. Қалалық жолаушылар көліктері аялдамаларында және сауда объектілеріне кіреберістерде екі қораптан орнатылады.
99. Қораптарды орнату мен тазалау жұмыстары мемлекеттік тапсырыс шартына сәйкес аумақты пайдаланушылармен және иелігінде немесе қолданылуында аумақтары бар шаруашылық жүргізу субъектілерімен мердігермен жүргізіледі. Қораптарды тазарту жұмыстары осы кәсіпорындармен олардың толуына қарай орындалады.
100. Қораптарды жуу жұмыстары кірлеуіне қарай, аптасына бір рет орындалады. Қалалық жолаушылар көліктері аялдамасында орналасқан қораптарды аялдамаларды жинауды жүзеге асыратын кәсіпорындар, ал сауда объектілерінде орнатылған қораптарды сауда ұйымдары тазартып, зарарсыздандырады.
6. Ұсақ бөлшек сауда, ұсақ базарлар үшін уақытша
орын-жайларды орнату және күтіп ұстау
101. Ұсақ бөлшектік уақытша сауда нүктелерінің объектілерін (павильондар) орнату қолданыстағы нормаларға және ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
102. Сәулеттік және түстері туралы шешім Сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісіледі. Ұсақ бөлшектік сауда объектілерін жөндеу және бояу жұмыстары олардың иелері есебінен, Сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісілген сыртқы түрі мен түсішешімін сақтауды ескере отырып, орындалуы тиіс.
Ескерту. 102-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
103. Ұсақ бөлшектік сауда объектілері мен кешендеріне көліктік қызмет көрсету, іргелес жатқан магистральдар мен жаяу жүргіншілер бағыттарындағы, көлік қозғалысы мен жаяужүргіншілердің қауіпсіздігіне кедергі келтірмеуі қажет. Тауар жеткізуді жүзеге асыратын автокөліктің тұрағы, сауда нүктелеріне тауар артуды Астана қаласы ІББ Жол полициясы басқармасы бекіткен кіреберіс алаңдарынан жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда жаяужолдарды, жүргіншілер жолы мен гүлзарларды пайдалануға жол берілмейді.
Ескерту. 103-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді); 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
104. Сауда нүктелерінің иелері іргелес жатқан аумақтың (бекітіліп берілуіне сәйкес) көркейтілу жұмыстарының бұзылмауын қадағалауға тиісті. Іргелес жатқан абаттандыру объектілеріне, жасыл желектерге, гүлзарларға және т.б. зиян келтірген сауда нүктелерінің иелері, абаттандыру объектілерін өз қаражаты есебінен алғашқы қалпына келтіруі қажет.
Ескерту. 104-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
105. Шағын базарлар мен басқа да сауда жасауға арналған уақытша алаңшалар аумақтары қоршалуы керек, нөсерлік және еріген сулардың ағуын қамтамасыз ететін қатты төсемі болуы керек, дүңгіршектермен, қалқалармен, сөрелермен, контейнерлік алаңшалармен, қоқыс салғыш қораптармен, тұрақты қоғамдық немесе жылжымалы әжетханалармен, кешкі жарықпен жабдықталуы қажет. Базар аумақтарына жақын жерлерде Астана қаласы ІББ Жол полициясы басқармасының келісімімен автокөлік үшін автотұрақтар орналасуы керек.
Ескерту. 105-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
106. Ұсақ бөлшектік сауда ғимараттарының иелеріне аумақтарын тазарту мен қоқыс шығару үшін, осы қызмет түрлерімен айналысушы ұйымдармен шарт жасауы керек немесе өз күштерімен атқарулары тиіс.
107. Дүңгіршектердің, павильондардың және басқа да сауда объектілердің арасындағы өртке қарсы үзілген жерлерді сауда материалдарымен, жабдықтармен, жәшіктермен және қалдықтармен бекітіп қоюға, дүңгіршектердің төбесіне жәшіктерді үюге жол берілмейді.
Ескерту. 107-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
107-1. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағы - саябақтарды, гүлзарларды, бульварларды, жағажайларды ұстауды Астана қаласы әкімінің қаулысымен аталған объектілер бекітіліп берілген қалалық мекемелер (бұдан әрі - әкімгерлер) жүзеге асырады.
Ескерту: 107-1 тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 214/28-ІІІ шешімімен.
107-2. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағын тазалау және ағымдағы күтімі бойынша жұмыстарды әкімгерлермен келісімшарт негізінде мамандандырылған кәсіпорындар жүргізеді немесе осы жұмыстың түріне лицензиясы болған кезде әкімгердің өздері жүргізеді.
Ескерту. 107-2 тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 214/28-ІІІ шешімімен.
107-3. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағындағы аумақтың жобасын өзгерту, шағын сәулет үлгілерін және құрылысын, сәулет және абаттандыру бөлшектерінің түсін өзгертуге Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы департаментімен келісіледі.
Ескерту. 107-3 тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 214/28-ІІІ шешімімен.
107-4. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағының аумағында қоқыс жинайтын урналар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орнатылады. Аумақтың кіре-берісінде екеуден кем емес урна орнатылуы тиіс.
Ескерту. 107-4 тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 214/28-ІІІ шешімімен.
107-5. Саябақтар мен жағажайларда урналардан басқа контейнер орнатуға арналған арнайы алаң жабдықталуы тиіс.
Ескерту. 107-5 тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 214/28-ІІІ шешімімен .
107-6. Контейнерді орналастыруға арналған алаңдар демалыс орындарынан 20 метрден кем емес қашықта болу керек.
Ескерту. 107-6 тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 214/28-ІІІ шешімімен.
107-7. Саябақтар мен жағажайлардың аумағында нормалар мен ережелер талаптарына сәйкес келетін қоғамдық дәретханалар орналастырылуы керек.
Ескерту. 107-7 тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 214/28-ІІІ шешімімен.
107-8. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағының аумағында қолданыстағы нормативтердің талаптарына сәйкес қоғамдық тамақтандыру және ұсақ сауда кәсіпорындарын орналастыруға рұқсат етіледі. Осы объектілердің иелері бөлінген және іргелес аумақтарын жинау және санитарлық тазалауға мамандандырылған кәсіпорындармен келісімшарт жасайды немесе қолданыстағы талаптарға сәйкес өздері жинаулары қажет. Осы объектілерді сырлау және жөндеу жұмыстары иелерінің есебінен жүргізіледі.
Ескерту. 107-8 тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 214/28-ІІІ шешімімен.
107-9. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағының аумағында:
қоқысты, жапырақтарды өртеуге, от жағуға, көліктерін тазалауға және жууға;
көгалда, гүлзарларда, жүргіншілер жүретін жолда объектілерді орналастыруға;
мангалды пайдалануға, ашық отта дайындалатын кәуапты және басқа да тағамдарды дайындауға;
сағ. 23.00-ден кейін қатты музыка қоюға жол берілмейді.
Ескерту. 107-9 тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2005.12. N 214/28-ІІІ; 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімдерімен.
7. Ұсақ бөлшек сауда жасау үшін ұсақ базарларды
уақытша ұстауды, сондай-ақ жалпы пайдаланатын
демалыс аймағын ұстауды белгілеу және ұстау
Ескерту. 6-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды - Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 214/28-ІІІ шешімімен.
108. Тұрғын-жай құрылысы аумақтары, қоғамдық аумақтар, саяжолдар, көшелер, желекжолдар, саябақтар, демалыс алаңдары шағын сәулеттік нысандармен: демалу орындарымен, көлеңкелейтін қалқалармен, гүлзарлармен, орындықтармен, қораптармен, бұрқақтармен, балалар ойнайтын, ересек адамдар демалатын құрылғылармен, қабырға газеттерімен, қоршаулармен, телефон будкаларымен (қалқалармен), автокөлік күтуге арналған павильондармен жабдықталады.
109. Шағын сәулет нысандары тұрақты және жылжымалы болуы мүмкін; олардың саны мен орналасуы аумақтарды абаттандыру жобаларымен анықталады.
110. Қоғамдық құрылыс аумағында, алаңдарға, көшелерге, тынымбақтар мен саябақтарға, жағалауларға арналған шағын сәулет нысандары жеке жобалар бойынша дайындалады.
111. Жаңа құрылыс салу кезінде құрылыс жүргізіліп жатқан учаске шегінде шағын сәулет нысандарын жобалау, дайындау және орнату жұмыстары тапсырысшымен бекітілген жобалау-смета құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
112. Шағын сәулет нысандарының сындарлы шешімдері олардың орнықтылығын, қолдану қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.
113. Заңды және жеке тұлғалар - шағын сәулет нысандарының иелері өз есебінен оларды ауыстыру, жөндеу және бояу жұмыстарын жүргізуге тиісті.
Ескерту. 113-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
8. Ақылы автотұрақтарды және гараж кооперативтерін
орнату және абаттандыру
114. Жеке меншік иелерінің жеңіл автомашиналарының гараждарын, күзетілетін ашық автотұрақтардың, автокөліктің уақытша тұрақтарын (ақылы және ақысыз) орналастыру қолданыстағы экологиялық, санитарлық және қала құрылысы нормаларымен және ережелерімен, белгіленген тәртіпте әзірленген және келісілген жобалау құжаттарына сәйкес орындалады.
115. Ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер, сауда мен қоғамдық тамақтану объектілері, демалу орындары мен бұқаралық орындар келушілер үшін ақысыз аялдатулармен жабдықталуы қажет.
116. Жеке меншік иелерінің гараждары, гараж кооперативтеріне бірігеді (серіктестік). Гараж кооперативтерінің аумағын абаттандыру және оларды күтіп ұстау кооперативтердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
117. Жеңіл автокөліктерінің ашық ақылы тұрақтарын тұрғын-жай мен қоғамдық құрылыстарға дейін санитарлық аралықты сақтап орнату қажет. Автотұрақтардың қатты төсемі, қоршауы, күзетуге арналған жайы мен сыртқы жарығы болуы қажет. Автомобильдерді қоятын орындардың үстіне жеңіл құрылымдардан қалқандар салуға жол беріледі.
118. Иелері өздеріне бекітіліп берілген және автотұрақтарға, гараждарға іргелес жатқан аумақтарда санитарлық тазалық пен өртке қарсы шараларды қалыпты сақтап тұруы қажет.
9. Құрылыс алаңдары мен учаскелерді күтіп ұстау
Ескерту. 9 тарау жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2007.05.24 N 380/47-ІІІ шешімімен.
119. Бөлінген учаскеде құрылыс қызметі басталғанға дейін (жаңа құрылыс, қайта жаңарту, жөндеу, құрылыстарды бұзу) құрылыс салушы (объектіні жөндеу, қайта жаңарту кезінде меншік иесі), құрылысты ұйымдастыру жобасына, құрылыстың бас жобасына сәйкес құрылыс алаңын, жұмыс учаскелерін жайғастыруды жүргізеді;
объектілерді кейіннен кәдеге жарату (бұзу) бойынша жұмыстарын өткізу кезінде, бұзу жөніндегі қажетті техникалық шешімдерге немесе ғимараттарды бұзу жобасына сәйкес жүргізеді.
120. Құрылыс салушы, объектінің иесі құрылыс алаңын (бұзуға жататын учаскеде) абаттандыру үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органында дайындық жұмыстарын жүргізуге рұқсатын алады.
Объектілерді бұзуға рұқсат алу үшін, құрылыс салушы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органына, берілген учаскенің бөліп берілгендігі туралы шешімін, бұзу немесе бұзу жобасы бойынша техникалық шешімін, құрылыс қоқысын, қалдықтарын, шығару мен кәдеге жарату жөніндегі шешімдерін (келісім-шарттар), бұзуға жататын объектілерден инженерлік желілерді сөндіріп тастау жөніндегі растауын, тиісті мемлекеттік органдармен (сәулет, тұрғын үй, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары, аудан әкімі аппараты және басқалары келісімі бойынша) келісімін ұсынуы тиіс.
Құрылыс алаңы (бұзуға жататын учаскеде) келесі талаптардың орындалуымен, тиісті нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес аббаттандырылуы тиіс:
1) құрылыс алаңы барлық периметрі бойынша бөтен тұлғалардың кіруіне жол бермейтін және іргелес жатқан аумақтарға қоқысты шығаруды болдырмайтын қоршаумен қоршалынады;
адамдардың көптеп өтетін жерлерінде қоршауға жаппай қорғау қалқанын орнатуды қамтамасыз ету тиіс;
2) қоршауды металдан жасалған профильденген беттерден немесе қоршауға арналған темірбетон қабырғаларынан дайындалуы тиіс;
3) қоршаудың құрылымдары көлденең және тіке бағыттарда қатты түрде бекітіліп, реттелуі, сырлануы және мұнтаздай: кірден тазартылып, жуылып, ешбір ойықсыз, зақымдалған учаскесіз, бөтен хабарландыру мен жазуларсыз болуы тиіс;
4) қоршаудың биіктігі жер бедерінен үш метрден кем болмауы тиіс, төменгі бөлімінде саңылаулары болмауы тиіс;
жеке шыға беріске немесе салынып жатқан құрылысқа шағын қосымша құрылыс салу кезінде, биіктігі екі метр қоршау құрылғысын орналастыру рұқсат етіледі;
5) қақпа немесе шлагбаумды орнатумен құрылыс алаңынан болмашы көшелеріне шығатын минималды жолдардың саны көзделеді;
6) шығатын жолдарда ақпараттық қалқандар орнатылады;
7) жарық бүкіл қоршау периметрі бойынша болуы керек, адамдар көптеп өтетін жерде жарық бүкіл қоршау периметрі бойынша екі жақтан түсуге тиіс;
8) құрылыс алаңдарына ішкі алаң жолдары мен кіреберіс жолдары бас құрылыс жоспарына сәйкес аббаттандырылған және төсем болуы керек және асфальтталған қаланың өту жолдарына қосылуы қамтамасыз етілуі тиіс;
9) шығатын жолдарда көлік құралдарының дөңгелектерді жуу (тазалау) пункттері жабдықталады;
10) құрылыс алаңдарындағы аумақты тазалық пен тәртіпте ұстаудың, аббаттандырылуды және іргелес жатқан құрылысқа теріс ықпал етуді болдырмау, үстірттік және жер асты сулардың бұрылуын ұйымдастыруды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар көзделеді;
құрылыс және тұрмыс қоқысын жинау мақсатында контейнерлер, жинаушы-бункерлер орнатылып, қоқысты уақытында шығаруды ұйымдастыру қажет; құрылыс алаңына (бұзуға жататын учаскеде) іргелес жатқан аумақта ұқыпты түрде күтіліп, мезгілді жинастырылуы тиіс;
11) құрылыс алаңынан тыс құрылыс материалдарды, қоқымды (синтетикалық қабыршықтар, үгінділер, перделер, жоңқалар, буып-түйетін материалдар және тағыда басқалары) шығаруды болдырмайтын шаралар көзделуі тиіс;
12) жабық лотоктар мен жинаушы-бункерлерді қолдануынсыз объектілер қабаттарынан қоқыстар мен қалдықтарды тастауға тиым салынады;
13) ғимараттардың қасбеттерінде жұмыс істеу барысында, арнайы осындай мақсатпен көзделген және сапасы бойынша сәндік, беріктік және өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін торлардан жасалған тор көзді қоршау болуы тиіс;
14) торлардан жасалған қоршау осындай мақсаттары үшін жасалған ғимараттың қасбеттер бекіткіштеріне немесе орнатылған мінбесатылардың үстіне жабылады;
торлар тұрақты тұру үшін созылып, үстіңгі қабат бойынша бекітіледі;
торлар қисайып, созылып кетпеуі тиіс;
15) қажеттіліктер туындаған кезде, жаяужолды, жаяу жүретін галереяларды, төсемдерді, таяныштарды, айналма және уақытша жолдарды аббатандыру мен олардың ұқыпты түрде ұсталуы қамтамасыз етіледі;
16) бұзуға жататын учаскелерде құрылыстарды бұзу, алаңды дайындау шараларын іске асырған соң ғана бастауға болады;
17) құрылысты бұзу жұмыстарын, ғимарат элементтерінің қирауын болдырмау мақсатында, жоғарғы құрылымдардан бастау қажет.
Ескерту. 120-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
121. Барлық материалдар мен топырақ тек қоршалған аумақ шеңберінде ғана болады;
шығарылған топырақ (құнарлыдан басқасы), бұзылғанның қалдықтары мен қоқыс, қатты тұрмыс қалдықтары полигонына шығарылуы тиіс, "Алматы" аудандары Есіл
және "Сарыарқа" аудандары әкімдерінің келісімдері бойынша топырақ басқа учаскелерге шығарылуы мүмкін;
қоршалған аумақтан тыс материалдарды, қоқыстарды қоймалауға, көліктің тиелуіне және тұрақтануына, механизмдер мен құрылыс техникаларын орнатуына рұқсат етілмейді.
Ескерту. 121-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
122. Мұзды, қарды, құрылыс қоқыстарды уақытында ұйымдастырып шығару үшін құрылыс салушы немесе мердігер құрылыс алаңын жайластыруға рұқсаттама алған кезде, осы жұмыстар түріне лицензиясы бар арнайы кәсіпорындармен келісімшартқа отырады.
123. Құрылыс салушымен құрылыстық және тұрмыстық қоқысты уақытылы шығарылуы қамтамасыз етіледі.
123-1. Салушы немесе мердігер арнаулы орында немесе құрылыс алаңдарында құрылыс қалдықтарын басқа қалдық түрлерінен тікелей бөліп алуды ұйымдастыруы тиіс, сондай-ақ қоқыс тастайтын жерлерде және полигондарда құрылыс қоқыстарын басқа қалдықтармен араластыруға жол бермеу.
Ескерту. 123-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
124. Құрылыс (бұзу) аяқталғаннан кейін, құрылыс алаңына іргелес жатқан аумақтың бұзылған аббаттандыруын қалпына келтіру, сондай-ақ уақытша жүруге, жолаушылардың өту жолы, уақытша ғимараттар мен материалдарды қоймалау үшін, инженерлік желілерді төсеу және тағыда басқа пайдаланған аймақтарды құрылыс салушы қалпына келтіруі тиіс.
10. Қала аумағындағы жол төсемдерін, жаяужолдарды,
гүлзарларды және басқа да объектілердің қалалық
шаруашылық элементтерінің бұзылуына әкеліп соғуына
байланысты жер жұмыстарын және басқа да жұмыстарды
жүргізудің тәртібі
125. Жол төсемдерінің, жаяу жолдардың, гүлзарлардың және басқа қала аумақтарында шаруашылық жүргізу элементтерінің бұзылуына әкеліп соғуына байланысты жер жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргізетін барлық заңды және жеке тұлғалар Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінен жұмыстарды жүргізуге рұқсат алуға міндетті. Жол төсемдерінің, жаяу жолдардың, гүлзарлардың және басқа қала аумақтарында шаруашылық жүргізу элементтерінің бұзылуына әкеліп соғуына байланысты жер жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргізетін тәртіптер талаптарына сәйкес жұмыстар жүргізілуі тиіс.
Ескерту. 125-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы Мәслихатының 2008.03.28 N 59/10-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
126. Шаруашылығында инженерлік коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар, қаланың көркін бұзуға әкеліп соғатын инженерлік желілер мен орын-жайлардың техникалық жағдайын әрдайым қарап отыруы қажет, атап айтқанда:
аумақты су басуына және мұздың пайда болуына жол бермеу, берілген және қорғалатын аймақтардың санитарлық тазалығын бақылау, люктердің қақпақтары, құдықтар мен камералардың жабындылары, нөсерлік кәріздердің торлары қатты төсеммен бір деңгейде болуы және түзу қалыпта ұсталуы, құрастыру Ережелерін сақтамаған жағдайда бұзылып қалуы мүмкін жер асты желілерінің бетіндегі қатты немесе жер топырағының қалпын, қайта жабылуы мен қолданылуын бақылауға, жерүсті инженерлік коммуникацияларына, құрастырмалар мен құрылғыларға уақытында жөндеу, тазарту және сырлау жұмыстарын жүргізуге.
127. Жер бетінің қатты қабатына күрделі жөндеу немесе жаңғырту жұмыстарын жүргізген кезде инженерлік желілердің құдығының люктерін керекті өлшемдерге жеткізу жұмыстары жөндеу жұмыстарының тапсырысшысы есебінен орындалады.
128. Қала аумақтарынан жер үсті және жер асты суларын әкетуге арналған арықтарды, құбырлар мен сорғытқыларды жинау мен тазарту, нөсерлік кәріздердің коллекторларын, жауынқабылдағыштар құдықтарын тазарту жұмыстары пайдаланушы кәсіпорындармен; аула аумақтарында - пәтер иелері кооперативтерімен; жеке меншік учаскелерде және кәсіпорын аумақтарында - аумақтық иелерімен жасалады.
11. Тұрғын жай орамдары мен шағын аудандарды
абаттандыру
129. Шағын аудандар мен орамдардың тұрғын жай аймақтары: қоқыс контейнерлерін қоятын, кір кептіретін, демалатын, балалардың ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын қыдыртатын, автотұрақ, аялдату, жасыл аймақ үшін алаңшалармен жабдықталады.
130. Алаңшалардың саны, орналасуы мен жабдықталуы құрылыс және санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиіс, Сәулет және қала құрылысы, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармаларымен келісілуі керек.
Ескерту. 130-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
131. Тұрғын жай орамдары, шағын аудандар аумақтарында, сондай-ақ аула маңы аумақтарында мына тәртіп сақталуға міндетті:
көтермелердің, жаяужолдардың, жүргіншілер жолының, орамішілік кіреберістері мен жолдарының төсемдерін қалыпты жағдайда ұстауға;
аулаларға өздігінен түрлі шаруашылық немесе қосалқы құрылыс (гараждар және басқа) салуға жол бермеуге;
өзінің балансындағы (шаруашылық жүргізуші немесе жедел басқару) инженерлік желілерді қалыпты жағдайда ұстауға, құдықтарды уақытында қарап, тазартуға;
шағын сәулет нысандарын, спорттық, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстауға, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтауға.
131-1. Астана қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары мектеп аумақтарын абаттандыруды жүзеге асырады. Мектеп аумақтарын абаттандыру жөніндегі шығыстар тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша бекітілген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 11-тарау 131-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы Мәслихатының 2010.05.28 N 356/48-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
132. Аулаішілік аумақта:
1) апатты жағдайларды жою жұмыстарынан басқа, сағат 23-тен сағат 6-ға дейін, тыныштық пен тәртіпті бұзатын жұмыстарды жүргізуге;
2) аулаішілік және ішкіорам аумағындағы жасыл аймаққа, балалар алаңшасына, жүргіншілер жолына қызметтік және жеке меншік автокөлікпен кіруге, қоюға;
3) көлік құралдарын қоюға және аялдатуға арнайы бөлінбеген және белгілермен белгіленбеген орындарға қоюға тыйым салынады.
Ескерту. 132-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы Мәслихатының 2010.05.28 N 356/48-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
12. Апатты жұмыстарды жүргізу
133. Пайдалану кезінде немесе жерасты және жерүсті коммуникацияларында құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде пайда болатын апаттар, олардың дұрыс жұмыс жасауына немесе азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп тудыруға әкеліп соғатын, су объектілерінің ластануы төтенше жағдай болып табылады және олардың қалыпты жұмысын аз мерзімде орындау шараларын талап етеді.
134. Апат туындаған жағдайда инженерлік коммуникациялар мен құрылғылардың иесі, пайдаланушы ұйым апатты және оның салдарын жоюдың жедел шараларын жасауға тиісті. Бұл жағдайда мыналар қамтамасыз етілуі тиіс: адамдар мен көлік қозғалысының қауіпсіздігі, сондай-ақ қатар орналасқан жерасты және жерүсті орын-жайларының, инфрақұрылым объектілерінің, жасыл отырғызғылардың сақталуы.
Ескерту. 134-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
135. Апаттық бригаданы апат орнына жіберумен қатар пайдаланушы ұйым телефонограмма арқылы апаттың сипаты мен орны жайында, осы апат ауданында жерасты және жерүсті құрылғылары бар ұйымдарға, қоғамдық жолаушылар көлігі қызметіне, Жол полициясы басқармасына, Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органына және басқа да мүдделі қызметтерге хабарлайды.
Ескерту: 135-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2007.05.24 N 380/47-ІІІ , 2008.03.28 N 59/10-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімдерімен.
136. Аймағында коммуникациялары бар ұйымдар, телефонограмманы алғаннан кейін апат орнына өздерінің орындалған сызбаларымен бірге уәкілдерін жіберулері керек, ол осы жердегі орналасқан мекемеге қарасты құрылғылар мен коммуникацияларды көрсетуі керек.
137. Апат маңайында материалдарын немесе басқа бағалы заттарын сақтаушы қожайындар, апат жұмыстарының басшысының бірінші талабы бойынша учаскені босатуға тиісті.
Ескерту. 137-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
138. Егер де апатты жою жұмыстары жолдың толық және жартылай жабылуын қажет еткен жағдайда, Жол полициясы басқармасы жолдың уақытша жабылуы туралы, көліктің айналып жүру бағыты және зақымдалған желілердің қожайындарымен бірге зақымның жою мерзімін бекіту жөнінде жедел шешім қабылдайды.
139. Апат жұмыстары жүргізілетін орын қалқандармен немесе белгіленген үлгідегі апаттық жарық құрылғысы және үлкен қызыл түсті шамдары бар қорғандармен қоршалады. Көшенің (магистральдың) жол жағына Жол полициясы басқармасының келісімімен қажетті жол белгілері орнатылады. Жұмыстардың толық аяқталғанына дейін, апатты жою жұмыстарын жауап беруші тұлғалар апаттық жарықтандыру, қоршау (қалқан) орнату, жол белгілерінің қойылу жұмыстарына жауапты.
140. Апаттың салдарын жою және аумақтың абаттандырылуын қалпына келтіру үшін, апат болған күннен бір тәуліктен асырмай, жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуы қажет.
Ескерту. 140-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
141. Бұзылған жол төсемдері мен басқа да абаттандыру элементтерін қалпына келтіру жұмыстары осы кәсіпорынмен апатты жұмыстар аяқталғаннан кейін тез арада жасалады.
142. Апатты, жоспарлы жұмыстарды жүргізуге қатаң түрде жол берілмейді.
Ескерту. 142-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
13. Ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін
күтіп ұстау
143. Балансында ғимараттары мен орын-жайлары бар кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ғимараттар мен орын-жайлардың қожалары аталған объектілердің және олардың жекелеген элементтеріне (балкон, лоджий, сарқынды су құбырлары және басқалары) жаңғырту, жөндеу және қасбеттерін сырлау жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қасбеттерінде орнатылған ақпаратты тақтайшалардың, ескерткіш тақталарының таза және қалыпты жағдайда ұстауы керек.
144. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттері мен құрастыру элементтерін қайта жабдықтауға жол берілмейді.
Ескерту. 144-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
145. Шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқаруындағы ғимараттары, және орын-жайлары бар жеке меншік иелері мен заңды тұлғалар, ғимараттарды, құрылыстарды және құрылғыларды, басқа жер учаскелеріндегі жылжымайтын объектілерді қала құрылысы мен жобалау құжаттарына, қала құрылысы нормативтері мен ережелері, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және басқа арнайы нормаларға сәйкес, қалыпты жағдайда сақтау жұмыстарын жүргізуге, соның ішінде оларға жататын ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын өз есебінен немесе тартылған қаражат есебінен жүргізуі керек.
146. Егер де заңды немесе жеке тұлғалардың меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқаруында жеке тұрғынсыз жайлар тұрмайтын немесе тұрғын ғимараттары болған жағдайда, осы тұлғалар ғимараттың алып тұрған ауданына қарай қасбетінің жөндеу, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге үлес қосуы керек. Ғимараттарға немесе орын-жайларға жоспарлы түрде жаппай жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізген кезде, үлестік қатынасы бар тұлғалар осы мақсаттарға бағытталатын қаражатты, сәйкесетін аудандармен қаражаттарын қосуларына болады.
147. Ғимараттарды, орын-жайларды және құрылғыларды жалға алушылар, жалға алу шартына сәйкес, ғимараттардың және құрылғылардың қасбеттерін жөндеу, жаңарту, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге міндеттеме алады.
148. Сәулет, тарих немесе мәдениет ескерткіштері болып табылатын, ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін жөндеу, жаңғырту және жаңарту жұмыстары Қазақстан Республикасының және Астана қаласының құқықтық актілерімен бекітілген, қорғау міндеттемелеріне сәйкес Ескерткіштерді қорғау басқармасымен және Сәулет және қала құрылысы департаментінің келісімімен орындалады.
149. Уәкілетті орган Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық департаменті ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын ұйымдастыру шараларын жыл сайын қабылданатын бюджеттік бағдарлама негізінде атқарады. Ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарының бағдарламасы Астана қаласының әкімдігімен бекітіледі.
150. Ғимараттардың қасбеттерін сырлау жұмыстары Сәулет және қала құрылысы департаментімен берілетін колерлік төлқұжаттармен жүргізілуі мүмкін.
151. Мыналарға рұқсат берілмейді:
алдын ала сәулеттік бөліктердің қалпына келтірілмейінше ғимараттар мен орын-жайларға сырлау жұмыстарын жүргізуге;
табиғи немесе жасанды тастармен қапталған, түсті әсемдік терразиттік және тас түрлі балшықпен сыланған қасбеттерді сырлауға.
Ескерту. 151-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
14. Сыртқы жарық пен бұрқақтарды күтіп ұстау
152. Уәкілетті орган Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық департаменті бекіткен кестеге сәйкес көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын объектілердің сыртқы жарығын қосу табиғи жарықтың көлемінің азаюы кезінде кешкі күңгірт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі - таңғы күңгіртте 10 люкске дейін беріледі
153. Алаңдардағы, магистральдардағы және көшелердегі, аула аумақтарындағы шамдардың жанбауы 5 пайыздан аспауы керек. Металл бағаналары, кронштейндер мен басқа сыртқы жарық құрылғылары мен қыстырма желілерінің элементтері тазалықта ұсталуы қажет, тот баспауы керек және қажет болу жағдайына қарай екі жылда бір рет пайдаланушы ұйыммен сырлануы (сырдың түсі Сәулет және қала құрылысы департаментімен келісіледі) тиіс.
154. Пайдаланудан шыққан газды, күкіртті - ДРЛ, ДРИ, ДнаТ, люминисцетті шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы жайларда сақталып, одан әрі қайта өңделуі үшін арнайы кәсіпорындарға жеткізілуі қажет. Аталған шамдар түрлерін қалалық полигон аумағына шығаруға рұқсат берілмейді.
Ескерту. 154-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
155. Жарық пен электрлі көліктердің байланыс желісінің құлап қалған бағаналарын шығару жұмысы негізгі магистральдарда кешіктірілмей баған иесімен жүргізіледі; сондай-ақ басқа аумақтардағы бұзылған бағаналар - тәулік ішінде.
156. Бұрқақтардың жағдайы мен пайдаланылуына пайдаланушы ұйым жауап береді.
Ескерту. 156-тармаққа жаңа редакцмяда - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
157. Бұрқақтарды қосу мерзімі, олардың жұмыс тәртібі, табақтарын жуу мен тазарту кестесі, техникалық үзілістері мен жұмысының тоқтатылуы Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық департаментімен белгіленеді.
158. Бұрқақтардың жұмыс істеуі кезінде су бетін қоқыстардан тазарту жұмыстары күнделікті орындалады. Пайдаланушы ұйымдар бұрқақтарды сөндірген кезде де тазалығын сақтауға тиісті.
Ескерту. 158-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
15. Астана қаласы аумағында тазарту жұмыстарын ұйымдастыру,
аббаттандыру, санитарлық ұстаудың күйіне бақылау
Ескерту. 15-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
159. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, осы Қағидалардың сақталуын бақылау қоршаған ортаны қорғау, өртке қарсы, санитарлық және сәулет-құрылысын бақылау, ішкі істермен өз құзырлары шегінде жүргізіледі.
160. Қаланың жалпы абаттандырылу жағдайын бақылау, комиссиялық аралау мен тексеріс жүргізу жағдайын реттеумен, мемлекеттік бақылау-қадағалау жұмыстарын уәкілетті орган жүргізеді.
Ескерту. 160-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
16. Қағиданы бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
Ескерту. 16-тарау алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.