Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 28/6-ІІІ "Аббаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 168/28-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 26 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 556 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 166/21-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 20.07.2017 № 166/21-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6-бабын және Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 290- 292-баптарын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 23.09.2015 № 413/57-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 28/6-ІІІ "Аббаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 05 мамырда 326 нөмірмен тіркелген, 2004 жылғы 15 мамырда N 62-63 "Астана хабары", 2004 жылғы 22 мамырда N 63-64 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 214/28-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 28/6-ІІІ "Аббаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешіміне (Астана қаласының әділет департаментінде 2004 жылғы 05 мамырда 326 нөмірмен тіркелген)", (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2006 жылғы 6 ақпанда 430 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 18 ақпанда N 23-24 "Астана хабары", 2006 жылғы 16 ақпанда N 23 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 24 мамырдағы N 380/47-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 28/6-ІІІ "Аббаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 26 маусымда 469 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 03 шілдеде N 109 "Астана хабары", 2007 жылғы 06 шілдеде N 117 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы N 59/10-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 28/6-ІІІ "Аббаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 25 сәуірде 526 нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырда N 55 "Астана хабары", 2008 жылғы 6 мамырда N 52 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Осы шешіммен бекітілген, аббаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету Қағидаларында:

      "ҚТҚ" деген аббревиатураны барлық жердегі мәтінде тиісті септікте "коммуналдық қалдықтар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1–тарауда:

      бірінші абзацта "қағидалар" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац келесі мынадай редакцияда жазылсын: "Қағидалар аббаттандыру, санитарлық тазарту, аумақта тазалықты сақтау, инфрақұрылым объектілерін күтіп ұстау мен қорғау, Астана қаласының аумағындағы қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және пайдаға асыру, тәртібін белгілейді және жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейді және меншік нысанына, жалгерлердің, құрылыс жүргізушілердің, ғимараттардың, құрылыстардың және құрылғылардың иелеріне немесе азаматтығына қарамастан барлық шаруашылық жүргізу құқығындағы субъектілерге орындауға міндетті болып табылады.";

      21-тармақ алып тасталсын;

      2-тарау мына мазмұндағы 23-1 - 23-13 тармақтарымен толықтырылсын:

      "23-1. Қалдықтарды орналастыру нормативі – қоршаған ортаға олардың әсерін есепке ала отырып, қалдықтарды орналастыру бойынша сандық және сапалы шектеу.

      23-2. Қалдықтармен жұмыс iстеу – қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және оларды азайтуды, есепке алу мен бақылауды, қалдықтардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, өңдеудi, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлерi.

      23-3. Қалдықтарды тасымалдау – қалдықтардың пайда болуы, жинақтау, сақтау, кәдеге асыру, көму және/немесе жою орындарының немесе объектілердің арасында қалдықтарды орналастырумен байланысты қызмет.

      23-4. Қоршаған орта мониторингі – табиғи және антропогенді факторлардың әсерінен қоршаған орта жай-күйінің өзгерістеріне баға беру және болжау, қоршаған орта жағдайын бақылаудың кешенді жүйесі.

      23-5. Коммуналдық қалдықтар – елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк ету нәтижесiнде пайда болған тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен қалыптасу сипатына ұқсас өндiрiс қалдықтары.

      23-6. Қалдықтарды жою – қалдықтарды көму және жою жөнiндегi операциялар.

      23-7. Қалдықтарды залалсыздандыру – механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою.

      23-8. Қалдықтарды кәдеге жарату – қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретiнде пайдалану.

      23-9. Қалдықтарды көму – қалдықтарды шектеусiз мерзiм iшiнде қауiпсiз сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарға жинап қою.

      23-10. Қалдықтарды өңдеу – қалдықтардың көлемiн немесе қауiптi қасиеттерiн азайту үшiн олардың сипатын өзгертетiн, олармен жұмыс iстеудi жеңiлдететiн немесе оларды кәдеге жаратуды жақсартатын сұрыптауды қоса алғанда, физикалық, жылу, химиялық немесе биологиялық процестер.

      23-11. Қалдықтарды орналастыру – өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау немесе көму.

      23-12. Қалдықтарды сақтау – қалдықтарды кейiннен қауiпсiз жою мақсатында оларды арнайы бөлiнген жерлерде жинап қою.

      23-13. Сұйық қалдықтар – сарқынды суларды қоспағанда, сұйық түріндегi кез келген қалдықтар.";

      72 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "72. "Контейнерлерге құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, қаптарды, ағаш кесінділерін, жапырақтарды, қарды, сұйық тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды тастауға тыйым салынады.";

      5-тарау келесі мазмұндағы 80-1, 80-2, 89-1 тармақтарымен толықтырылсын:

      "80-1. Жеке және заңды тұлғалар, олардың қызметі нәтижесінде өндіріс және тұтыну қалдықтары пайда болады, олардың меншік иелері болып табылады және қалдықтар пайда болған кезден бастап қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

      80-2. Қалдықтардың меншік иесі қалдықтарды жою немесе орналастыру, кәдеге жарату, жинау жөніндегі операцияларды атқаратын қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесін немесе субъектілердің қызметін пайдалануы тиіс, немесе қалдықтарды орналастыру мен жою жөніндегі операцияларды дербес жүзеге асыруға міндетті.

      89-1. Қазылған шұңқырларға құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, қаптарды, ағаш кесінділерін, жапырақтарды, қарды, сұйық тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды тастау тыйым салынады.";

      102-тармақта "департаментімен" деген сөз "басқармасымен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      103, 105-тармақтарда "ҚІІБ" деген аббревиатура "ІІБ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.

      121-тармақта "Алматы" аудандары", деген сөздерден кейін ",Есіл" деген сөзбен толықтырылсын;

      9-тарау келесі мазмұндағы 123-1 тармағымен толықтырылсын:

      "123-1. Салушы немесе мердігер арнаулы орында немесе құрылыс алаңдарында құрылыс қалдықтарын басқа қалдық түрлерінен тікелей бөліп алуды ұйымдастыруы тиіс, сондай-ақ қоқыс тастайтын жерлерде және полигондарда құрылыс қоқыстарын басқа қалдықтармен араластыруға жол бермеу";

      130-тармағындағы "департаменттерімен" деген сөз "басқармаларымен" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

Астана қаласы


мәслихатының сессия төрағасы

А. Байгенжин

Астана қаласы


мәслихатының хатшысы

В. Редкокашин