Электр энергиясының бөлшек сауда рыногын ұйымдастыру және жұмыс істеу, сондай-ақ осы рынокқа қызметтер көрсетудің Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 232 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 1 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3119. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 124 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 16.04.2013 № 124 бұйрығымен.

      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007.12.03.  N 271 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында  бұйырамын :
      1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясының бөлшек сауда рыногын ұйымдастыру және жұмыс істеу, сондай-ақ осы рынокқа қызметтер көрсетудің Ережесі бекітілсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007.12.03.  N 271 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
      2. Электр энергетикасы және қатты отын департаменті (Н.Б.Бертісбаев) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Б.Е. Оразбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық жоғарыда көрсетілген Ережемен белгіленген мынадай нормаларды:
      2005 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілетін 54-тармақты;
      2005 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілетін 63-тармақтың 2) тармақшасын;
      2005 жылдың 1 қазанынан бастап қолданысқа енгізілетін 58-тармақтың 2) және 3) тармақшаларын, 70-тармақтың 1) және 2) тармақшаларын;
      2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін 70-тармақтың 6) тармақшасын қоспағанда, мемлекеттік тіркелу күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасының
      Табиғи монополияларды реттеу
      агенттігінің төрағасы
      ___________________________
 

  "Электр энергиясының бөлшек сауда  
нарығын ұйымдастыру және жұмыс   
істеу, сондай-ақ осы нарықтағы   
қызметтер көрсетуді ұсыну мен оған 
қол жеткізу ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы     
Энергетика және минералдық   
ресурстар министрінің     
2004 жылғы 30 қыркүйектегі   
N 232 бұйрығымен бекітілген  

       Ескерту. Грифіне және тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007.12.03.  N 271 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

  Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу, сондай-ақ осы нарықтағы қызметтер көрсетуді ұсыну мен оған қол жеткізу ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер, негізгі
ұғымдар мен анықтамалар

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы электр энергиясы мен қызметтер көрсетуді бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібін белгілейді.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007.12.03.  N 271 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      2. Электр энергиясы мен қызмет көрсетудің бөлшек сауда нарығындағы (бұдан әрі - бөлшек сауда нарығы) субъектілердің арасында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Заңмен, осы Ережемен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылған:
      1)  алынып тасталды - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007.12.03.  N 271 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
      2) электрмен жабдықтау шарты - соған сәйкес электрмен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға жалғастырылған желі арқылы энергия беруге міндеттенетін, ал тұтынушы алған электр энергиясына ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимін сақтауға, оның қарамағындағы электр желілерін пайдалану қауіпсіздігін және электр энергиясын тұтынуымен байланысты олар пайдаланатын аспаптар мен жабдықтардың дұрыстығын қамтамасыз етуді міндеттенетін құжат;
      3) жиналған ақпараттың ұзақ уақыттық тіркелімі - 15 минут интервалында деректерді іріктеу мен барлық өлшенген шамаларды 45 күн аралығында сақтау мүмкіндігі бар коммерциялық есепке алу жүйесінің деректердің сақтау құрылғысы;
      4) есеп айырысу кезеңі - шартпен белгіленетін, көрсетілген қызметтер және/немесе электр энергиясын жеткізгені үшін есеп айырысу жүргізілетін уақыт бөлігі;
      5) реттеуші орган - табиғи монополиялар салаларындағы  және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      6) бөлшек сауда тұтынушылары - өңірлік электр желілік компанияның электр желілеріне немесе электр желілеріне иелік ететін өзге ұйымдардың желілеріне тікелей жалғанған, және бөлшек сауда нарығында электр энергиясын алатын тұтынушылар;
      7) коммерциялық есепке алу жүйесі -электр энергиясын адрестік таратуды есепке алуға, электр энергиясының нарығындағы теңгерімсіздіктерді табиғи және кейінгі қаржылық реттеу мүмкіндігіне арналған коммерциялық есептеудің бірыңғай базасына шағын жүйелермен жалғанған және өлшеуіш трансформаторлардан, есептеуіштерден, деректерді сақтау құрылғыларынан, байланыстың шағын жүйелерінен, коммерциялық есептеу есептеуіштерінің істен шығу мониторингінің құрылғысынан тұратын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған техникалық құрылғысы;
      8) өңірлік деңгейдегі электр желілері - өңірлік электр желілік компанияның балансындағы электр энергиясын беруге және (немесе) таратуға арналған шағын станциялардың, тарату құрылғыларының және оларды жалғастыратын электр беру желілерінің жиынтығы;
      9) нақты баланс - бөлшек сауда нарығындағы субъектілердің есептік кезеңде жеткізілген және тұтынылған электр энергиясы көлемінің атаулы бөлінуін белгілейтін құжат;
      10) электр желілері - электр энергиясын беруге және (немесе) таратуға арналған шағын станциялардың, тарату құрылғыларының және оларды жалғастыратын электр беру желілерінің жиынтығы.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007.12.03. N 271 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2009.12.14 № 337 Бұйрықтарымен.

  2-тарау. Электр энергиясы мен қызметтер көрсетудің бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру 1-параграф. Бөлшек сауда нарығындағы мәмілелердің мәні

      4. Бөлшек сауда нарығындағы мәмілелердің мәні:
      1) электр энергиясы;
      2) электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер көрсету;
      3) алынып тасталды;
      4) желіге беруді диспетчерлеу жөніндегі қызметтер көрсету және электр энергиясын тұтыну (электр энергиясының импорты);
      5) электр энергиясын шарттан тыс жеткізу және тұтыну болып табылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009.12.14 № 337 бұйрығымен.

  2-параграф. Бөлшек сауда нарығының субъектілері

      5. Бөлшек сауда нарығының субъектілері:
      1) энергия өндіруші ұйымдар;
      2) өңірлік электр желілік компаниялар;
      3) энергия беруші ұйымдар;
      4) электр энергиясын кепілді жеткізушісі;
      5) энергиямен жабдықтаушы ұйымдар;
      6) бөлшек сауда тұтынушылары.

  3-параграф. Энергия өндіруші ұйым

      6. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығындағы энергия өндіруші ұйымдардың қызметтері:
      1) жасасылған келісім-шарттарға сәйкес электр энергиясын өндіру және сату;
      2) электр энергиясын өндіру кестесін сақтау;
      3) станция құрылғысының тұрақты жұмыс істеуін және энергия жүйесімен қосарлас жұмысын қамтамасыз ету;
      4) электр энергиясын өндірудің тәуліктік, сағаттық кестесін тұтынушыларды көрсете отырып, өңірлік электр желілік компаниясына беріп тұру.

      7. Энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын беруді тоқтатуларына (шектеуге) мынадай жағдайларда рұқсат етіледі:
      1) бірыңғай электр энергетикасы жүйесіндегі (бұдан әрі - БЭЖ) авариялық бұзылулардың алдын алу, тартпау және жою мақсатында;
      2) бөлшек сауда рыногының субъектісі алынған электр энергиясын төлеу шарттарын бұзған;
      3) тұтынушының жасасылған шарттармен белгіленген электр энергиясын тұтыну режимдерін сақтамаған.

  4-параграф. Өңірлік электр желілік компания

      8. Өңірлік электр желілік компания (бұдан әрі - ӨЭК) бөлшек сауда нарығында мынадай қызметтерді атқарады:
      1) шарттардың негізінде өңірлік деңгейдегі желілер бойынша электр энергиясын беру және тарату жөніндегі қызметтер көрсетуді жүзеге асырады;
      2) оның желілері бойынша берілетін электр энергиясының сапасын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес қамтамасыз етеді және бақылайды;
      3) электр энергиясын сатып алу-сатуға жасасылған шарттар мен оны беру шарттары туралы деректер базасын қалыптастырады;
      4) өңірдің бөлшек сауда нарығындағы электр энергиясының тәуліктік тұтыну кестесін жасайды;
      5) бөлшек сауда нарығындағы субъектілердің электр энергиясының бөлшек сауда нарығындағы тәуліктік тұтыну кестесінің шеңберіндегі тұтыну мен жеткізу режимін орындау мониторингін жүзеге асырады;
      6) бөлшек сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын жеткізу мен тұтынуының нақты теңгерімін жасайды;
      7) оларды кейін қаржылық реттеу үшін бөлшек сауда нарығындағы шарттан тыс жеткізілімдер мен электр энергиясын тұтынудың теңгерімсіздерін айқындайды;
      8) бөлшек сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын беру жөніндегі қызметтері үшін ақы төлеуге шот береді;
      9) алынып тасталды;
      10) алынып тасталды;
      11) өзінің тораптарында электр энергиясының нормативтік шығындарын өтеуге, сондай-ақ шаруашылық мұқтаждығына электр энергиясын сатып алады;
      12) тұтынушылар мәлімдеген электр энергиясы көлемін берудің техникалық мүмкіндіктерін және олардың коммерциялық есептеу жүйелерінің осы Ереженің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігін қарайды;
      13) бөлшек сауда нарығына шығу құқығын алған тұтынушылар мен барлық энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға (бұдан әрі - ЭЖҰ) өңірлік электр желілеріне кедергісіз және кемсітусіз шығуды қамтамасыз етеді;
      14) жасасылған шарттар мен нормативтік талаптарға сәйкес, электр энергиясын берудің сенімділігін қамтамасыз етеді;
      15) ӨЭК тораптарына жалғанған барлық бөлшек сауда нарығы субъектілерінің коммерциялық есепке алу құрылғыларының көрсеткіштерін ай сайын алуды және аталған ақпаратты ЭЖҰ-ға беріп отыруды жүзеге асырады;
      16) жүйелік аварияның пайда болу жағдайына байланысты электр энергиясымен үздіксіз жабдықтау объектілері бар ұйымдарды электрмен жабдықтау схемаларын әзірлейді;
      17) Өңірдің электр желілерінің перспективалық даму жоспарын әзірлейді және олардың негізінде өңірлік деңгейдегі электр желілерінің жоспарлы дамуын жүзеге асырады;
      18) тұтынушылардың электр желілері мен қондырғыларын өз желілеріне қосуға техникалық шарттарын беруді жүзеге асырады;
      19) тиісті акті рәсімдеу арқылы тұтынушының коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдауды, сондай-ақ коммерциялық есепке алу жүйесі жұмысын бұзу жағдайларын анықтауды жүзеге асырады;
      20) ЭЖҰ-ның бөлшек сауда нарығынан кету немесе өңірдегі тұтынушыларды немесе тұтынушылар тобын электрмен жабдықтауын тоқтату фактілерін анықтайды және ол туралы электр энергиясын кепілді жеткізушіге (бұдан әрі - ЭКЖ) хабарлайды.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009.12.14 № 337 бұйрығымен.

      9. Өңірлік электр желілері компаниясының электр энергиясын беруді тоқтатуына (шектеуіне) мынадай жағдайларда:
      1) БЭЖ-дегі авариялық бұзылулардың алдын алу, оқшаулау және жою мақсатында;
      2) бөлшек сауда нарығының субъектісі электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу шарттарын бұзған жағдайда;
      3) жасасылған шарттарда белгіленген электр энергиясын тұтыну режимдерін тұтынушы орындамаған жағдайда;
      4) ЭЖҰ мен ЭКЖ өтінімдері бойынша тұтынушы төлемегенде және/немесе жасасылған шарттардың ережелерін бұзғанда рұқсат етіледі.

  5-параграф. Энергия беруші ұйым

      10. Энергия беруші ұйым (бұдан әрі - ЭБҰ) мынадай функцияларды атқарады:
      1) шарт ережелері негізінде электр энергиясын жеке немесе пайдаланылатын (жалдау, лизинг, сенімгерлік басқару және өзге де пайдалану түрлері) электр желілері объектілері арқылы бөлшек сауда тұтынушыларына немесе электр энергиясымен жабдықтаушы ұйымдарға электр энергиясын беру;
      2) ӨЭК диспетчерінің нұсқаулары бойынша электр желілерін пайдаланудың диспетчерлік режимін сақтау;
      3) электр желілері арқылы электр энергиясын берудің көлемі мен ағынын есептеу;
      4) жеке электр желілерінде электр энергиясының нормативтік шығындарын жабу үшін, сондай-ақ шаруашылық мұқтаждықтарына электр энергиясын сатып алуды жүргізеді;
      5) ЭБҰ желілеріне қосылған бөлшек сауда нарығы субъектілерінің есептік кезеңіндегі коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін ай сайын түсіріп алуды және осы ақпаратты ЭЖҰ мен ӨЭК-ға беруді жүзеге асырады;
      6) электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге шотты ұсынады;
      7) алынып тасталды;
      8) алынып тасталды;
      9) жасалған келісімдерге және нормативтік талаптарға сәйкес ЭБҰ желілері бойынша электр энергиясын берудің сапасы мен сенімділігін қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009.12.14 № 337 бұйрығымен.

      11. Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беруді тоқтатуына (шектеуіне) мынадай жағдайларда рұқсат етіледі:
      1) БЭЖ-дегі авариялық бұзылулардың алдын алу, оқшаулау және жою мақсатында; V040003090
      2) бөлшек сауда нарығының субъектісі алынған электр энергиясына ақы төлеу шарттарын бұзғанда;
      3) жасасылған шарттармен белгіленген электр энергиясын тұтыну режимдерін тұтынушылар сақтамағанда;
      4) ЭЖҰ және ЭКЖ өтінімдері бойынша тұтынушының төлемеген және/немесе жасалған шарттардың ережелерін бұзған кезде.

  6-параграф. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар және электр энергиясын кепілді жеткізуші

      12. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар және электр энергиясын кепілді жеткізуші мынадай функцияларды орындайды:
      1) электр энергиясын энергия өндіруші ұйымдардан немесе орталықтандырылған сауда-саттықта сатып алады және оны бір ауданда немесе шағын ауданда орналасқан, электр энергиясымен жабдықтаудың оқшауланған схемасы бар, түпкілікті бөлшек сауда тұтынушыларына сатады; 
      2) жеткізу-тұтыну режимдерін жүргізу бойынша ӨЭК жедел өкімдерін орындайды;
      3) ӨЭК-ға бекітілген нысан бойынша электр энергиясын сатып алу-сатуға және электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер көрсетуге жасасылған шарттар бойынша электр энергиясын жеткізу-тұтынудың тәуліктік кестесін береді;
      4) ӨЭК-ға электр энергиясымен жеткізу-тұтыну режимі мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті технологиялық ақпаратты береді;
      5) электр энергиясының бөлшек сауда нарығындағы теңгерімдері және теңгерімсіздіктері туралы өзара есептесуді жүзеге асыру үшін коммерциялық есепке алу жүйелерінің деректері бойынша есептік кезеңнің қорытындылары бойынша ӨЭК жасаған ақпаратты алады;
      6) тұтынушыларға электр энергиясын беруге жүйелік оператормен, ӨЭК, ЭБҰ шарттар жасасады;
      7) электр энергиясын беру жөнінде жүйелік оператордың, ӨЭК, ЭБҰ-ның қызметтер көрсетуіне ақы төлейді;
      8) алынып тасталды;
      9) алынып тасталды;
      10) шарттармен, осы Ережелермен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілермен белгіленген өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009.12.14 № 337 бұйрығымен.

      13. ЭЖҰ-ның (ЭКЖ) қызмет көрсету аумағы олардың тұтынушылармен электрмен жабдықтау үшін жасалған шарттарына сәйкес шекаралармен анықталады.

      14. ЭЖҰ және ЭКЖ электр энергиясын беруді тоқтатуға (шектеуге) мынадай жағдайларда рұқсат етіледі:
      1) жүйелік оператор мен ӨЭК талап етуі бойынша БЭЖ-дегі авариялық бұзылулардың алдын алу, оқшаулау және жою мақсатында;
      2) бөлшек сауда нарығы тұтынушылары алынған электр энергиясына ақы төлеу шарттарын бұзғанда;
      3) жасасылған шарттармен белгіленген энергияны тұтыну режимдерін тұтынушы орындамағанда.

  7-параграф. Электр энергиясын тұтынушылар

      15. Электр энергиясын тұтынушылар бөлшек сауда нарығында мынадай функцияларды атқарады:
      1) жасасылған шарттардың ережелеріне сәйкес электр энергиясын алады және тұтынады;
      2) шарттарда қабылданған міндеттемелерге сәйкес босатылған, берілген және тұтынылған электр энергиясына, сондай-ақ теңгерімдеу нарығында шарттан тыс алынған электр энергиясына ақы төлейді;
      3) тұтынушының меншігіндегі электр қондырғылары мен электр энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптарын тиісті техникалық күйде ұстайды;
      4) электрмен жабдықтау шартымен белгіленген электр тұтыну режимін сақтайды;
      5) ӨЭК, ЭБҰ және ЭЖҰ (ЭКЖ) персоналын коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау қызметкерлерін электр қондырғылары мен есепке алу аспаптарын пайдаланудың техникалық күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін жібереді.

      16. Бөлшек сауда нарығындағы электр энергиясын тұтынушылар, электр энергиясын пайдалану мақсатына байланысты, тек жарық беру және басқа да өндіріспен байланысы жоқ мақсаттарда пайдаланатын және тауар өндіру, жұмыс істеу және қызметтер көрсетуде пайдаланатын тұтынушыларға бөлінеді.

      17. Электр энергиясын тек жарық беру және басқа да өндіріспен байланысы жоқ мақсаттарда пайдаланатын тұтынушылар электрмен жабдықтауға шарттарды ЭЖҰ-мен жасасады және оларға электр тұтынудың режимдерін сақтау жөнінде талаптар қойылмайды.

  3-тарау. Бөлшек сауда нарығының жұмыс істеуі 1-параграф. Электр энергиясын кепілді берушіні
анықтау тәртібі

      18. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығында бастапқы кезеңде электр энергиясын кепілді жеткізушілердің (ЭКЖ) міндеттері  Заңның 25-тармағына сәйкес электржелілік компаниялар құрған ЭЖҰ-ға жүктеледі.

      19. ЭКЖ жедел-диспетчерлік басқару әрекеттері қолданылатын және ӨЭК-ке, ЭЖҰ-ның электр желілері арқылы электр энергиясын алатын барлық тұтынушылар, сондай-ақ осы өңірдегі басқа да тұтынушылар аумағы ЭКЖ жауапкершілік аймағы болып табылады.

      20. Электр энергиясын кепілді жеткізушілер табиғи монополиялар саласындағы қызметтерге бақылау және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген электр энергиясы бөлшек сауда нарығына қол жеткізу талаптарға сәйкес келуге, басқа ЭЖҰ-ның осы тұтынушыларының кінәсінсіз тұтынушыларды электрмен жабдықтауды тоқтату жағдайлары үшін жеткілікті көлемде электр энергиясын жеткізу кепілдіктеріне ие болуға тиіс.
       Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007.12.03.  N 271 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      21. Электр энергиясын кепілді жеткізушілер мен ӨЭК тұтынушылар тарапынан электрмен жабдықтаудың шарттық ережелерін бұзушылық болмаған жағдайда, өздерінің жауапкершілік аймағында барлық тұтынушыларды электрмен үзіліссіз және шектеусіз жабдықтауды қамтамасыз етуге міндетті.

      22. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығында бәсекенің даму шамасына, сондай-ақ Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2004 жылғы 18 тамыздағы N 183 бұйрығымен бекітілген бөлшек сауда нарығы субъектілерінің ЭКЕАЖ жасау бағдарламасының іске асырылуына қарай электр энергиясының бөлшек сауда нарығында 2 және одан да көп ЭЖҰ-ның қолданылуы мүмкін.

      23.  Алынып тасталды - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007.12.03.  N 271 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      24.  Алынып тасталды - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007.12.03.  N 271 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

  2-параграф. Бөлшек сауда нарығындағы энергиямен
жабдықтаушы ұйымның ауысу тәртібі

      25. Энергиямен жабдықтаушы ұйым (ЭЖҰ) өз тұтынушылары мен энергия беруші ұйымдарға (ӨЭК) электрмен жабдықтау шартын бұзу туралы алдын-ала, бір күнтізбелік ай бұрын хабарлайды.

      26. Тұтынушылардың бір ЭЖҰ-дан екінші ЭЖҰ-ға өтуі энергиямен жабдықтауда үзіліссіз, есепті кезеңнің басынан өтуге тиіс.

      27. Жаңа ЭЖҰ бұрынғы ЭЖҰ-ның өкілдерімен коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін жазып алуды жүргізеді және үш жақты қабылдап алу-тапсыру актісін жасайды, оған ЭЖҰ-ның беретін және алатын өкілдері мен тұтынушы қол қояды. Бұл қабылдап алу-тапсыру актісі тараптардың өзара есеп айырысуы үшін негіз болады. Қабылдап алу-тапсыру актісіне сәйкес бұрынғы ЭЖҰ түпкілікті есептесу үшін тұтынушыға шот береді.

      28. Электр энергиясының теңгерімін жасау үшін қабылдап алу-тапсыру актісінің көшірмесі ӨЭК-ке беріледі.

      29. Тұтынушылардың кінәсінсіз, осы Ереженің 25-28-тармақтарында белгіленген нормаларды іске асырмай, тұтынушыларды электрмен жабдықтауды тоқтатуға жол берілмейді.

  3-параграф. Бөлшек сауда нарығында жасалған
мәмілелерді іске асыру

      30. Бөлшек сауда нарығында жасалатын электр энергиясын сату және беру жөніндегі мәмілелерді іске асыру белгіленген тәртіппен жүйелік оператормен келісілген алдағы тәуліктерге өтінімдер бойынша ӨЭК қалыптастыратын тәуліктік кестеге сәйкес жүргізіледі.

      31. ЭЖҰ, соның ішінде ЭКЖ тұтынушылар берген тәуліктік кестелер бойынша, сондай-ақ осы Ереженің 17-тармағының ережелеріне сәйкес тәуліктік кестелерді жасау жөніндегі талаптар қойылатын тұтынушыларды есепке ала отырып алдағы тәуліктерге өтінімдерді қалыптастырады.

      32. Тәуліктік кестеде бөлшек сауда нарығына электр энергиясын жеткізетін әрбір энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын жеткізуінің сағаттық шамалары және әр ЭЖҰ (соның ішінде ЭКЖ) мен солар үшін электр энергиясы сатып алынған тікелей тұтынушылардың тұтынулары көрсетіледі.

      33. ӨЭК күн сайын берілетін ЭЖҰ мен тікелей бөлшек тұтынушылардың энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен келісілген және ӨЭК-те тіркеуден өткен барлық шарттар негізінде жасалған тәулік сайын берілетін өтінімдері негізінде бөлшек сауда нарығы субъектілері жұмысының тәуліктік кестесін қалыптастырады.

      34. Бөлшек сауда нарығының тәуліктік кестесінің жобасын ӨЭК жүйелік операторға келісу және оның көрсеткіштерін Қазақстан Республикасының БЭЖ-дегі электр энергиясын жеткізу - тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізу үшін жібереді.

      35. Келісілген және бекітілген тәуліктік кесте ӨЭК-ке, ЭЖҰ-ға және тікелей тұтынушыларға орындау үшін жіберіледі.

      36. Бөлшек сауда нарығының тәуліктік кестесін жүзеге асыру процесінде ӨЭК бөлшек сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын жеткізу - тұтыну мониторингін жүзеге асырады.

      37. ЭЖҰ мен тікелей бөлшек сауда тұтынушылары өтінім берген, ӨЭК тәуліктік кестеде бекіткен және уақтылы келісілмеген электр энергиясы көлемдерінің асып кетуі ӨЭК-пен жасасылған шарттарға сәйкес реттеледі.

      38. Авариялық жағдайларда, ӨЭК Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген авариялық жағдайларды жою жөнінде жедел шаралар қабылдайды. Кінәлі жақты анықтау және болуы мүмкін шығындарды өтеу тәртібі заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      39. Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері және басқа да техникалық құралдар бойынша ӨЭК күн сайын бөлшек сауда нарығының диспетчерлік пункттер арқылы бөлшек сауда нарығындағы электр энергиясын жеткізу - тұтынуды жедел бақылауды жүргізеді.

      40. Есептік ай өткеннен кейін ӨЭК бөлшек сауда нарығында электр энергиясын өндіру - тұтынудың нақты теңгерімін жасайды және ӨЭК пен бөлшек сауда нарығы субъектілері (ЭБҰ, ЭЖҰ, бөлшек сауда тұтынушылары) арасында өзара есеп айырысу үшін негіздеме болып табылатын теңгерімсіздіктерді анықтауды жүзеге асырады.

  4-параграф. Бөлшек сауда нарығының нақты теңгерімін
жасау және теңгерімсіздіктерді анықтау тәртібі

      41. Электр энергиясын өндіру мен тұтынудың нақты теңгерімін ЭЖҰ мен бөлшек сауда тұтынушылар берген есепке алу аспаптарының көрсеткіштері туралы ақпарат негізінде ӨЭК жасайды және ол ӨЭК-тің ЭБҰ, ЭЖҰ-мен және тікелей бөлшек сауда тұтынушыларымен өзара есеп айырысуға негіз болып табылады.

      42. Электр энергиясының теңгерімсіздіктерін анықтау және оларды ЭЖҰ мен тікелей бөлшек сауда тұтынушыларымен арасында бөлуді ӨЭК осы Ережеге сәйкес есептік кезеңдегі коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша жүзеге асырады.

      43. Бөлшек сауда нарығының әр субъектісі бойынша теңгерімсіздікті анықтау үшін бөлшек сауда нарығының тәуліктік кестесінде мәлімделген және уақтылы түзетілген электр энергиясының мөлшері мен есепке алу аспаптарының - коммерциялық дискретті есептегіштердің, коммерциялық индукционды есептегіштер мен телеөлшемдер көрсеткіштері бойынша анықталған, нақты жеткізілген - тұтынылған электр энергиясының мөлшері қолданылады.

      44. Бөлшек сауда нарығының субъектілері - электр энергиясын сатып алушылар (сатушылар) шекарасында орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптарының теңгерімдік тиесілігіне байланысты үш негізгі топқа бөлінеді:
      1) теңгерімдік тиесілігі шекараларында дискретті есептегіштер, телеметрия және индукционды есептегіштер орнатылған электр энергиясын жеткізу - тұтынудың нақты сағаттық мөлшері туралы есептік ақпарат беруге мүмкіндігі бар бөлшек сауда нарығының субъектілері;
      2) теңгерімдік тиесілігі шекараларында телеметрия мен индукционды есептегіштер орнатылған, электр энергиясын жеткізу - тұтынудың нақты сағаттық мөлшері туралы индукционды есептегіштер бойынша түзетілген ақпаратты жеткізуге мүмкіндігі бар бөлшек сауда нарығының субъектілері;
      3) электр энергиясын жеткізу - тұтынудың сағаттық мөлшері туралы есептік ақпаратты беру мүмкіндігі жоқ бөлшек сауда нарығының субъектілері.

      45. Осы Ереженің 44-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, телеметрия аспаптарымен және электр энергиясын дискретті есептегіштермен жарақтандырылған бөлшек сауда нарығы субъектілері үшін операциялық тәулік ішінде электр энергиясын нақты жеткізу - тұтынудың сағаттық есебі жүзеге асырылады, оның нәтижелері дискреттік есептегіштер деректері бойынша анықталады.

      46. Осы Ереженің 44-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, телеметрия аспаптарымен және электр энергиясының индукционды есептегіштерімен жарақтандырылған бөлшек сауда нарығы субъектілері үшін операциялық тәулік ішінде электр энергиясын жеткізу - тұтынудың алдын-ала сағаттық (жақындатылған) есебі жүзеге асырылады, оның нәтижелері операциялық тәулік аяқталғаннан кейін индукционды есептегіштер мәліметтері бойынша электр энергиясының тәуліктік тұтынуына тура пропорционалды түзетіледі.

      47. Осы Ереженің 44-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген, индукционды есептегіштері бар бөлшек сауда нарығы субъектілері үшін, сағаттық алудың және олардың көрсеткіштерін өңдеудің физикалық мүмкіндігінің болмауы салдарынан сағаттық теңгерімсіздіктер есебі тұтастай аймақ бойынша анықталған электр энергиясының сағаттық теңгерімсіздіктері мен осы Ереженің 44-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген бөлшек сауда нарығы субъектілерінің теңгерімсіздіктері есепке алынған коммерциялық есепке алу аспаптарының әр күн сайынғы көрсеткіштеріне (электр энергиясын дискретті сағаттық коммерциялық есепке алу жөніндегі қазіргі заманғы есептегіштер орнатылған сәтке дейін) негізделеді.

      48. ӨЭК өз желілеріндегі теңгерімсіздіктерді өтеу үшін пайдаланылған электр энергиясының көлемдері бөлшек сауда нарығының әрбір субъектісі бойынша электр энергиясын жеткізу - тұтынудың жасалған нақты айлық теңгеріміне сәйкес анықталады және одан әрі қаржылық реттеу үшін жүйелік операторға, энергиямен жабдықтау ұйымына және тікелей бөлшек сауда тұтынушыларына жіберіледі.

      49. Бөлшек сауда нарығының әрбір субъектісі бойынша бөлшек сауда нарығындағы электр энергиясын жеткізу - тұтынудың нақты айлық теңгерімінде:
      1) түзетулер ескеріліп тәуліктік кестеге өтінім берілген бөлшек сауда нарығы субъектілерінің әрқайсының, оның ішінде энергия жеткізуші ұйымның электр энергиясын сатып алу-сату шарттары бойынша бөлшек сауда нарығындағы электр энергиясының мөлшері;
      2) электр энергиясының бөлшек сауда нарығында жеткізілген және тұтынылған, коммерциялық есепке алу аспаптарында тіркелген нақты мөлшері;
      3) бөлшек сауда нарығында электр энергиясының шарттан тыс жеткізу мөлшері көрсетіледі.

  5-параграф. Электр энергиясының экспорты мен импорты

      50. Электр энергиясының экспорты мен (немесе) импортына арналған мәмілелер бойынша бөлшек сауда нарығында туындаған қатынастар тиісті шарттарда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және мемлекетаралық шарттарда көзделген тәртіппен реттеледі.

  6-параграф. Электр энергиясын беру кезіндегі шығындармен байланысты шығыстарды өтеу тәртібі

      51. Электр энергиясының оны энергия беруші ұйымдардың (ӨЭК) электр желілері бойынша берудегі нақты шығыны бөлшек сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын жеткізу нүктелерінде орнатылған, коммерциялық есеп аспаптарының деректері бойынша өндіруші көздерден және басқа да электр желілік компаниялардан электр желісіне кірген электр энергиясының жиынтық мөлшері арасындағы ЭБҰ-ның шаруашылық қажеттеріне пайдаланылған және ЭЖҰ тұтынушылары мен бөлшек сауда тұтынушылары алған электр энергиясы көлемдерін алып тастағандағы айырма ретінде анықталады.

      52. Энергия беруші ұйымдардың (ӨЭК) электр желілеріндегі электр энергиясының нормативтік шамаларын анықтау заңнамада белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

      53. ӨЭК (ЭБҰ) желілеріндегі осы Ереженің 51-тармағына сәйкес есептелген электр энергиясының нақты шығынының шамалары олардың желілерінде оны беру жөніндегі электр энергиясының нормативтік көрсеткіштерінен асып кеткен жағдайда, электр энергиясының осы көлемдері ӨЭК (ЭБҰ) шығындарына жатады.

      54. Өңірлік электр желілік компаниялардың оның желілері мен басқа да ЭБҰ желілеріндегі электр энергиясын ЭЖҰ-ға және тікелей тұтынушыларға беру үшін пайдаланылатын электр энергиясының нормативтік шығындарын өтеуге байланысты шығындар ӨЭК, ЭБҰ тарифінде есепке алынады және оларды ЭЖҰ мен бөлшек сауда тұтынушылары заңнамада белгіленген тәртіппен төлейді.

  7-параграф. Қаржылық өзара есеп айырысулар

      55. Бөлшек сауда нарығы субъектілері арасындағы қаржылық өзара есеп айырысулар электрмен жабдықтау, сатып алу-сату, қызметтер көрсету шарттарында айтылған тәртіппен, мерзімдер мен шарттарда жүргізіледі.

      56. Бөлшек сауда нарығында теңгерімсіздіктерді реттеу жүйесіндегі қаржылық өзара есеп айырысулар бөлшек сауда нарығындағы нақты теңгерімді құрастыру, теңгерімсіздіктерді анықтау және реттеу жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес жүйелік оператор мен ӨЭК-тің ЭЖҰ, ЭБҰ, бөлшек сауда тұтынушыларымен шартында көзделген тәртіппен және Бөлшек сауда нарығындағы электр энергиясының нақты теңгерімін жасау, теңгерімсіздіктерін анықтау мен реттеу жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі.

      57. Электр энергиясын беру жөніндегі нақты көрсетілген қызметтер үшін қаржылық өзара есеп айырысулар реттеуші орган бекіткен тарифтер мен тұтынылған, есептік айда электр энергиясының нақты теңгеріміне енгізілген электр энергиясының мөлшері бойынша жүргізіледі.

  4-тарау. Субъектілердің электр энергиясы мен қызметтер көрсетудің бөлшек сауда нарығына қатысуына рұқсат алуы

       Ескерту. 4-тарау алынып тасталды - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007.12.03.  N 271 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

  5-тарау. Бөлшек сауда нарығы субъектілерінің
жауапкершілігі

      78. Электр энергиясы мен қызметтер бөлшек сауда нарығының субъектілеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік жүктеледі.