Білікті энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 29 қыркүйектегі N 264 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5841 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 63 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 06.03.2013 № 63 Бұйрығымен.

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі Заңының 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Білікті энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алу ережеcі бекітілсін.
      2. Электр энергетикасын және көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры (Н.Б. Бертісбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет мининистрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                             C. Мыңбаев

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы
      Табиғи монополияларды
      реттеу агентігінің төрағасы
      ___________ Н. Алдабергенов
      2009 жылғы 01 қазан

Қазақстан Республикасы   
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің    
2009 жылғы 29 қыркүйектегі
N 264 бұйрығымен         
бекітілген               

Энергия өндіруші білікті ұйымдардан электр энергиясын
сатып алу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергия өндіруші білікті ұйымдардан электр энергиясын сатып алу ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік электр желілері компаниялары мен жүйелік оператордың электр энергиясын беру және тарату кезіндегі нормативтік шығасыларын жабу үшін энергия өндіруші білікті ұйымдардан электр энергиясын сатып алу тәртібін.
      2. Осы Ережеде пайдаланылған басқа ұғымдар мен анықтамалар Заңда және "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі заңдарына сәйкес қолданылады.
      3. Білікті энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алудың, сондай-ақ электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасудың жалпы тәртібі Заңның 9-бабында белгіленген.

2. Өңірлік электр желілері компанияларының, жүйелік оператордың нормативтік электр энергиясының өтемақысына энергия өндіруші білікті ұйымдардан электр энергиясын сатып алу тәртібі

      4. Энергия өндіруші білікті ұйым электр энергиясын жеткізудің басталуына дейін 1 айдан кешіктірмей электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасу үшін тиісті өңірлік электр желілік компанияға және (немесе) жүйелік операторға өтініш береді.
      5. Энергия өндіруші білікті ұйым электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасуға арналған өтінімге мынадай материалдар мен құжаттарды береді:
      1) Энергия өндіруші білікті ұйымның басшысы қол қойған электр энергиясын сатып алу-сату шартының жобасы;
      2) белгіленген тәртіппен бекітілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінің көшірмесі;
      3) жеткізілетін электр энергиясының көлемі, сату мерзімдері, және жеткізілім бағасы, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген жаңартылатын энергия көздерін салу жобасының өтелімділік мерзімдері туралы ақпарат;
      4) электр энергиясын өндіруге арналған лицензияның көшірмесі.
      6. Электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасауға арналған өтінімді Жүйелік оператор, өңірлік электр желілік компаниялар күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды. Өтінімді қараудың нәтижесі бойынша Жүйелік оператор, өңірлік электр желілік компаниялар энергия өндіруші білікті ұйыммен электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасады, не энергия өндіруші білікті ұйымға электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартатыны туралы хабарлайды.
      7. Электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасудан бас тарту себептері:
      1) осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбау;
      2) жалған ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсынуы болып табылады.