"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабына , 3-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, бағалы қағаздар рыногы қызмет етуінің айқындық дәрежесі мен тиімділігін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Кастодианның есеп беру ережесі бекітілсін.
2. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және кастодиандарға жіберсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігі Басқармасының
"Кастодианның есеп беру ережесін
бекіту туралы"
2004 жылғы 12 маусымдағы
N 155 қаулысымен бекітілді
Кастодианның есеп беру
Ережесі
Осы Ереже қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асырушы уәкілетті органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) кастодианның есеп беру тәртібі мен нысанын белгілейді.
1. Кастодиан тоқсан сайын, есеп беретін тоқсаннан кейінгі айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға мынадай есептерді:
1) осы Ереженің 1-қосымшасының нысаны бойынша, кастодианның номиналдық ұстауында болып табылатын бағалы қағаздар туралы есепті;
2) осы Ереженің 2-қосымшасының нысаны бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын және инвестициялық портфельді басқаратын ұйымдардың тоқтатылған (орындалмаған) тапсырмалары туралы есепті;
3) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес кастодианның клиенттер саны туралы есепті береді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005.05.28 N 164 , 2007.06.25 N 173 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2010.06.01 N 73 Қаулыларымен.
2. <*>
Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 164 қаулысымен .
3. Есептер қағаз тасымалдағышта және электрондық түрде беріледі.
Есептер кастодианның басшысы қол қойған, еркін түрде жасалған ілеспе хатпен бірге уәкілетті органға жіберіледі.
Электронды нысанда жасалған есептер ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографикалық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдалана отырып, электрондық тасымалдағышта ұсынылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.06.25 N 173 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
4. Есептерге кастодианның басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады.
Есептің барлық парағы нөмірленеді, парақтардың жалпы саны ілеспе хатта көрсетіледі.
Түзетілген және тазартылған есептер қайтарылады.
5. Берілген есептерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда, кастодиан үш күннің ішінде өзгерістер және/немесе толықтыруларды енгізу қажеттілігінің себебін түсіндіре отырып, уәкілетті органға есептің түзетілген нұсқасын береді.
6. Уәкілетті орган кастодианнан есептерде көрсетілген ақпаратты тексеру үшін қажет мәліметтер мен құжаттарды сұрай алады.
7. Есептерді уақытында бермегені, бермегені немесе күмәнді мәліметтерді бергені үшін кастодиан және оның лауазымдық тұлғалары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
8. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шешіледі.
Кастодианның есеп беру
ережесінің 1-қосымшасы
Ескерту: Қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2005 жылғы 28 мамырдағы N 164 қаулысымен .
Есепті кезең соңындағы номиналды ұстаушыларында
[кастодиан атауы] бар бағалы қағаздар туралы есеп
N |
Бағалы |
Эмитен- |
Депози- |
Есепті кезең |
|
барлығы |
|||||
Бағалы |
Бағалы |
||||
қоры- |
кестенің жалғасы
Есепті кезең соңындағы жағдай бойынша кастодиан |
|||||
Қазақстан |
Қазақстан |
Қазақстан |
|||
Бағалы |
Бағалы |
Бағалы |
Бағалы |
Бағалы |
Бағалы |
кестенің жалғасы
Есепті кезең соңындағы жағдай бойынша кастодиан |
|||||
Қазақстан |
Қазақстан |
Қазақстан |
|||
Бағалы |
Бағалы |
Бағалы |
Бағалы |
Бағалы |
Бағалы |
кестенің жалғасы
Есепті кезең соңындағы жағдай бойынша кастодиан |
|||||
Қазақстан |
Қазақстан |
Қазақстан |
|||
Бағалы |
Бағалы |
Бағалы |
Бағалы |
Бағалы |
Бағалы |
кестенің жалғасы
Есепті кезең соңындағы жағдай бойынша кастодиан |
|||||
Қазақстан |
Қазақстан |
Қазақстан |
|||
Бағалы |
Бағалы |
Бағалы |
Бағалы |
Бағалы |
Бағалы |
Басшы [қолы] Аты жөні (болған кезде)
Бас бухгалтер [қолы] Аты жөні (болған кезде)
Орындаушы [қолы, телефон нөмірі] Аты жөні (болған кезде)
мөр орны
Кастодианның есеп беру
ережесінің 2-қосымшасы
Ескерту: Қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.06.01 N 73 қаулысымен.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын және инвестициялық портфельді басқаратын ұйымдардың тоқтатылған (орындалмаған) тапсырмалары туралы есебі
Күні |
Клиент атауы 1 |
Активтердің түрі 2 |
Қаржы құралының түрі |
Эмитенттің атауы |
Бағалы қағаздың коды |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
кестенің жалғасы
Ұлттық сәйкестендіру нөмірі |
Нарық3 |
Мәмілелерді жасау туралы тоқтатылған (орындалмаған) тапсырманың түрі4 |
Мәмілелерді жасау туралы тоқтатылған (орындалмаған) тапсырманың мөлшері, теңге |
Ауытқу негізі5 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Басшы (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бас бухгалтер (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
мөр орны
Орындаушы (қолы Тегі, аты, әкесінің аты
телефон нөмірі) (бар болса)
Ескертулер:
1Кастодиан клиенті болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның атауы көрсетіледі.
2Кастодианның кастодиандық қызмет етуіндегі зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның меншікті, зейнетақы активтері не клиенттерінің активтері көрсетіледі.
3«Қор биржасы», «ұйымдастырылмаған нарық», «халықаралық нарық» форматындағы нарықтың атауы көрсетіледі, егер мәміле қор биржасының сауда жүйесінде жүзеге асырылса, онда «қор биржасының атауы/елі» форматындағы оның резиденттігінің елі көрсетіледі.
4Тоқтатылған (орындалмаған) мәміле (сатып алу, сату, «репо» ашу және жабу операциялары, банктік салым шартын жасасу және өзге де мәмілелер) түрі көрсетіледі. «Репо» операциялары бойынша «репо» операцияларының: тікелей немесе кері «репо» деген түрлері көрсетіледі.
5Кастодиан банктің мәмілені жасасу туралы тапсырманы тоқтатуға (орындамауға) себеп болған негіздемесі көрсетіледі.
Кастодианның есеп беру
ережесіне 3-қосымша
Ескерту. Ереже 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2007.06.25 N 173 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
Қаулысымен.
___________бастап___________дейінгі кезеңде кастодиан
(кастодианның атауы) клиенттерінің саны туралы есеп
N |
Клиенттің |
Резидент- |
Клиенттер саны |
||
Уәкілетті органның |
Басқа |
Басқа |
|||
Басшы (қолы) тегі, аты, бар болса - әкесінің аты
Бас бухгалтер (қолы) тегі, аты, бар болса - әкесінің аты
Мөр орны
Орындаушы (қолы, тегі, аты, бар болса - әкесінің аты"
телефон нөмірі)