Кастодианның есеп беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 155 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 12 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2941

Қолданыстағы

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  52-бабына 3-бабы  2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, бағалы қағаздар рыногы қызмет етуінің айқындық дәрежесі мен тиімділігін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Кастодианның есеп беру ережесі бекітілсін.

      2. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және кастодиандарға жіберсін.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

Қазақстан Республикасының     
Қаржы нарығын және қаржы     
ұйымдарын реттеу мен қадағалау 
жөніндегі агенттігі Басқармасының
"Кастодианның есеп беру ережесін 
      бекіту туралы"           
2004 жылғы 12 маусымдағы     
N 155 қаулысымен бекітілді   

  Кастодианның есеп беру
Ережесі

      Осы Ереже қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асырушы уәкілетті органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) кастодианның есеп беру тәртібі мен нысанын белгілейді.
      1. Кастодиан тоқсан сайын, есеп беретін тоқсаннан кейінгі айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға мынадай есептерді:
      1) осы Ереженің 1-қосымшасының нысаны бойынша, кастодианның номиналдық ұстауында болып табылатын бағалы қағаздар туралы есепті;
      2) осы Ереженің 2-қосымшасының нысаны бойынша бағалы қағаздар рыногында жасалған кастодианның номиналдық ұстауында болып табылатын бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы есепті;
      3) қаржы рыногының қызмет көрсетілетін лицензиаттарының санын әр түрі бойынша жеке, сонымен қатар еркін нысандағы Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резидент еместеріне бөле отырып, қызмет көрсетілетін инвестициялық қорлардың, басқа заңды және жеке тұлғалардың санын көрсете отырып, кастодиан клиенттерінің саны туралы есепті береді.
      2. Осы Ереженің 1 және 2-қосымшаларының нысаны бойынша есептер бағалы қағаздардың ұйымдасқан және ұйымдаспаған рыногында, бағалы қағаздардың бастапқы және қайталама рыноктарында жасалған мәмілелердің тобы бойынша жеке толтырылады.
      3. Есептер қағаз тасымалдағышта және уәкілетті орган айқындаған электрондық түрде беріледі.
      Есептер кастодианның басшысы қол қойған, еркін түрде жасалған ілеспе хатпен бірге уәкілетті органға жіберіледі.
      4. Есептерге кастодианның басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады.
      Есептің барлық парағы нөмірленеді, парақтардың жалпы саны ілеспе хатта көрсетіледі.
      Түзетілген және тазартылған есептер қайтарылады.
      5. Берілген есептерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда, кастодиан үш күннің ішінде өзгерістер және/немесе толықтыруларды енгізу қажеттілігінің себебін түсіндіре отырып, уәкілетті органға есептің түзетілген нұсқасын береді.
      6. Уәкілетті орган кастодианнан есептерде көрсетілген ақпаратты тексеру үшін қажет мәліметтер мен құжаттарды сұрай алады.
      7. Есептерді уақытында бермегені, бермегені немесе күмәнді мәліметтерді бергені үшін кастодиан және оның лауазымдық тұлғалары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
      8. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шешіледі.

Кастодианның есеп беру 
ережесіне 1-қосымша 

_____________________ _______________________ кезеңдегі
__________________________________________________________
[ұйымның атауы]
кастодианның номиналды ұстауындағы бағалы қағаздар туралы есебі

___________________________________________________________________
 N|  Бағалы   | Бағалы  | Кастодиан     |Номиналды   | Номиналды
  | қағаздар  |қағаздың | номиналды     | ұстауға    |  ұстаудан
  |эмитентінің| бірегей.|ұстауды жүзеге |қабылданған |шыққан бағалы
  |  атауы    | лендіру |  асыратын     | бағалы     | қағаздардың  
  |           |  нөмірі |депозитарийдің,|қағаздардың | саны (оның 
  |           |         | кастодианның, |саны, дана  |  ішінде жою,
  |           |         |  тіркеушінің  |            |өтеу кезінде),
  |           |         |  немесе өзге  |            |    дана
  |           |         | ұйымның атауы |            |
___________________________________________________________________
 1|    2      |    3    |      4        |     5      |      6
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      Жиынтығы
___________________________________________________________________

кестенің жалғасы
___________________________________________________________________
     Есеп беру кезеңінің соңындағы жағдай бойынша кастодиан
      клиенттерінің шотындағы бағалы қағаздардың саны, дана
__________________________________________________________________
бар.|Қазақстан |Қазақстан|Қазақстан | Қазақстан|Қазақстан|Қазақстан
лығы|Республи. |Республи.|Республи. |Республи. |Республи.|Республи.
    | касының  |касының  | касының  | касының  | касының |касы қаржы
    |жинақтаушы| инвести.| екінші   |сақтандыру| брокер- |рыногының
    |зейнетақы | циялық  |деңгейдегі|  (қайта  |дилерлері|  басқа
    | қорлары  | қорлары | банктері | сақтан.  | (меншік |лицензиат.
    |(зейнетақы|(ИК-дың  | (меншік  |  дыру)   | иелері- |  тары
    |активтері)|  актив. |  иелері) | ұйымдары | банк    |(Меншік
    |          |  тері)  |          | (меншік  | еместер)| иелері)
    |          |         |          |  иелері) |         |
___________________________________________________________________
 7  |     8    |     9   |    10    |    11    |    12   |   13
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

кестенің жалғасы
___________________________________________________________________
     Есеп беру кезеңінің соңындағы жағдай бойынша кастодиан
      клиенттерінің шотындағы бағалы қағаздардың саны, дана
___________________________________________________________________
Қазақстан |Қазақстан|Қазақстан  |Қазақстан |Қазақстан | Қазақстан
Республи. |Республи.|Республика.|Республи. |Республи. | Республи.
касының   | сының   | касының   | касының  | касының  |  касының
номиналды |номиналды|   басқа   |   жеке   |  заңды   |    жеке
ұстаушы.  |ұстаушы. |   заңды   |тұлғалары-|тұлғалары-| тұлғалары-
лары-рези.|  лары-  |тұлғалары- |резидент. |резидент  | резидент
денттері  |резидент | резидент. | тері     |еместері  | еместері
          | еместері|   тері    |          |          |
___________________________________________________________________
    14    |    15   |     16    |    17    |    18    |     19
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Басшы   [қолы]                Мөрдің орны

      Орындаушы   [қолы, телефон нөмірі]

Кастодианның есеп беру 
ережесіне 2-қосымша 

____ ______ кезеңдегі бағалы қағаздар рыногында жасалған
________________________________________________________
(ұйымның атауы)
бағалы қағаздар рыногында жасалған кастодианның номиналды ұстауындағы бағалы қағаздармен жүргізетін операциялары туралы есебі

____________________________________________________________________
 N| Бағалы | Бағалы |  Кастодиан    |  ________ бағалы қағаздар
  |қағаздар|қағаздың|  номиналды    | рыногындағы мәмілелер бойынша
  |эмитен. |бірегей.|   ұстауды     |басқа шоттардан кастодианның
  | тінің  |лендіру |жүзеге асыратын|  номиналды ұстау жүйесіндегі
  | атауы  | нөмірі |депозитарийдің,|    клиенттердің жеке шотына
  |        |        | кастодианның, |       аударылған бағалы
  |        |        |  тіркеушінің  |     қағаздардың саны, дана
  |        |        | немесе өзге   |_______________________________
  |        |        |ұйымның атауы  |бар. |Қазақстан  | Қазақстан
  |        |        |               |лығы |Республика.| Республика.
  |        |        |               |     |   сының   |   сының
  |        |        |               |     |жинақтаушы |инвестициялық
  |        |        |               |     |  зейнетақы|  қорлары
  |        |        |               |     |  қорлары  |  (ИК-дың 
  |        |        |               |     |(зейнетақы |  активтері)
  |        |        |               |     | активтері)|
____________________________________________________________________
 1|   2    |    3   |      4        |  5  |     6     |     7

  ________ бағалы қағаздар рыногындағы мәмілелер бойынша басқа
  шоттардан кастодианның номиналды ұстау жүйесіндегі клиенттердің
      жеке шотына аударылған бағалы қағаздардың саны, дана
____________________________________________________________________
Қазақстан |Қазақстан  |Қазақстан | Қазақстан |Қазақстан |Қазақстан
Республи. | Республи. | Республи.|  Республи.| Республи.| Республи.
касының   | касының   | касының  |  касының  | касының  | касының
 екінші   |сақтандыру | брокер-  |   қаржы   |номиналды |номиналды
деңгейдегі| (қайта    |дилерлері |рыногының  |ұстаушы.  |ұстаушы.
банктері  |сақтандыру)| (меншік  |   басқа   | лары-    | лары-
(меншік   | ұйымдары  | иелері-  | лицензиат.|резидент. |резидент
иелері)   |  (меншік  |  банк    |   тары    |  тері    | еместері
          |  иелері)  | еместер) |  (меншік  |          |
          |           |          |   иелері) |          |
____________________________________________________________________
    8     |     9     |    10    |     11    |    12    |    13

 ________ бағалы қағаздар рыногындағы мәмілелер   |
бойынша басқа шоттардан кастодианның номиналды    | Бағалы қағаздар
   ұстау жүйесіндегі клиенттердің жеке шотына     |   аударымының
    аударылған бағалы қағаздардың саны, дана      | жүзеге асырылған
__________________________________________________|   операциялары
Қазақстан   |Қазақстан  | Қазақстан  |Қазақстан   |  бойынша бағалы 
Республика. |Республика.|Республика. |Республика. |  қағаздың орташа
  сының     |  сының    |  сының     | сының      |  алынған бағасы
басқа заңды |  жеке     |басқа заңды | заңды      |
тұлғалары-  |тұлғалары- | тұлғалары- | тұлғалары- |
резидент.   |резидент.  | резидент   | резидент   |
  тері      |  тері     | еместері   | еместері   |
____________________________________________________________________
    14      |    15     |     16     |     17     |      18
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      Басшы       [қолы]       Мөрдің орны

      Орындаушы       [қолы, телефонның нөмірі]