"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабына , 3-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, бағалы қағаздар рыногы қызмет етуінің айқындық дәрежесі мен тиімділігін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
2. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және кастодиандарға жіберсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігі Басқармасының
"Кастодианның есеп беру ережесін
бекіту туралы"
2004 жылғы 12 маусымдағы
N 155 қаулысымен бекітілді
Кастодианның есеп беру
Ережесі
Осы Ереже қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асырушы уәкілетті органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) кастодианның есеп беру тәртібі мен нысанын белгілейді.
1. Кастодиан тоқсан сайын, есеп беретін тоқсаннан кейінгі айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға мынадай есептерді:
1) осы Ереженің 1-қосымшасының нысаны бойынша, кастодианның номиналдық ұстауында болып табылатын бағалы қағаздар туралы есепті;
2) осы Ереженің 2-қосымшасының нысаны бойынша бағалы қағаздар рыногында жасалған ұйымдастырылмаған кастодианның номиналдық ұстауында болып табылатын бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы есепті;
3) қаржы рыногының қызмет көрсетілетін лицензиаттарының санын әр түрі бойынша жеке, сонымен қатар еркін нысандағы Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резидент еместеріне бөле отырып, қызмет көрсетілетін инвестициялық қорлардың, басқа заңды және жеке тұлғалардың санын көрсете отырып, кастодиан клиенттерінің саны туралы есепті береді.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 164
қаулысымен
.
2. <*>
Ескерту: 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 164
қаулысымен
.
3. Есептер қағаз тасымалдағышта және уәкілетті орган айқындаған электрондық түрде беріледі.
Есептер кастодианның басшысы қол қойған, еркін түрде жасалған ілеспе хатпен бірге уәкілетті органға жіберіледі.
4. Есептерге кастодианның басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады.
Есептің барлық парағы нөмірленеді, парақтардың жалпы саны ілеспе хатта көрсетіледі.
Түзетілген және тазартылған есептер қайтарылады.
5. Берілген есептерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда, кастодиан үш күннің ішінде өзгерістер және/немесе толықтыруларды енгізу қажеттілігінің себебін түсіндіре отырып, уәкілетті органға есептің түзетілген нұсқасын береді.
6. Уәкілетті орган кастодианнан есептерде көрсетілген ақпаратты тексеру үшін қажет мәліметтер мен құжаттарды сұрай алады.
7. Есептерді уақытында бермегені, бермегені немесе күмәнді мәліметтерді бергені үшін кастодиан және оның лауазымдық тұлғалары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
8. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шешіледі.
Кастодианның есеп беру
ережесінің 1-қосымшасы
Ескерту: Қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2005 жылғы 28 мамырдағы N 164
қаулысымен
.
Есепті кезең соңындағы номиналды ұстаушыларында
[кастодиан атауы] бар бағалы қағаздар туралы есеп
N |
Бағалы
|
Эмитен-
|
Депози-
|
Есепті кезең
|
|
барлығы |
|||||
Бағалы
|
Бағалы
|
||||
|
|
|
|
|
|
қоры-
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Есепті кезең соңындағы жағдай бойынша кастодиан
|
|||||
Қазақстан
|
Қазақстан
|
Қазақстан
|
|||
Бағалы
|
Бағалы
|
Бағалы
|
Бағалы
|
Бағалы
|
Бағалы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Есепті кезең соңындағы жағдай бойынша кастодиан
|
|||||
Қазақстан
|
Қазақстан
|
Қазақстан
|
|||
Бағалы
|
Бағалы
|
Бағалы
|
Бағалы
|
Бағалы
|
Бағалы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Есепті кезең соңындағы жағдай бойынша кастодиан
|
|||||
Қазақстан
|
Қазақстан
|
Қазақстан
|
|||
Бағалы
|
Бағалы
|
Бағалы
|
Бағалы
|
Бағалы
|
Бағалы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Есепті кезең соңындағы жағдай бойынша кастодиан
|
|||||
Қазақстан
|
Қазақстан
|
Қазақстан
|
|||
Бағалы
|
Бағалы
|
Бағалы
|
Бағалы
|
Бағалы
|
Бағалы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшы [қолы] Аты жөні (болған кезде)
Бас бухгалтер [қолы] Аты жөні (болған кезде)
Орындаушы [қолы, телефон нөмірі] Аты жөні (болған кезде)
мөр орны
Кастодианның есеп беру
ережесінің 2-қосымшасы
Ескерту: Қосымша жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер
енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 164
қаулысымен
,
2005 жылғы 26 қарашадағы N 415
қаулысымен
.
бастап ___________ дейінгі кезеңдегі ұйымдастырылмаған
бағалы қағаздар рыногында [кастодианның атауы] номиналды
ұстаушыларда бағалы қағаздармен жасалған операциялар
туралы есеп
N |
Операцияны
|
Бағалы
|
Эмитенттің
|
Бағалы
|
Бір
|
|
|
|
|
|
|
барлығы |
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Мәміле
|
Сатушы 7 |
Сатып алушы 7 |
Орналас-
|
Ескерту |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшы [қолы] Аты жөні (болған кезде)
Бас бухгалтер [қолы] Аты жөні (болған кезде)
Орындаушы [қолы, телефон нөмірі] Аты жөні (болған кезде)
Ескертулер:
Осы есепте сатып алу-сату мәміле негізінде бағалы қағаздарды аудару бойынша операцияларды көрсету қажет.
1
Күні/айы/жылы/ форматында тіркеу күні көрсетіледі.
2
Бағалы қағаздың берілген бірегейлендіру нөмірі көрсетіледі.
3
Бағалы қағаздармен бірге мәміле жасасқан эмитенттің атауы көрсетіледі.
4
Мәміле жасалған бағалы қағаздардың саны (данамен) көрсетіледі.
5
Үтірден кейін төрт белгіге дейін мәміле бағасы (теңгеде) көрсетіледі.
Шетел валютасында мәміле жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мәміле жасалған күніне белгілеген теңгеде ресми бағамы көрсетіледі. Басқа күнде мәміле жасалған мәміле бойынша есептесуді жүзеге асырылған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі есептесуді жүзеге асырған күніне белгілеген теңгеде ресми бағамы көрсетіледі.
6
Үтірден кейін екі белгіге дейін мәміле көлемі (теңгеде) көрсетіледі.
6-1
Егер клиент ақшаны қолдана отырып операцияларды жүзеге асырмаған жағдайда, 5 және 6-бағандар толтырылмайды.
7
Мәміле жасалған есебінде және мүддесінде клиенттердің коды көрсетіледі.
Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша мәмілені жасаған кезде клиентті "Сатушы" не "Сатып алушы" ретінде теңестіру қажет.
Сатушылардың және бағалы қағаздарды сатып алушылардың коды:
N |
Толық атауы |
Бес таңбалы код |
1. |
Бағалы қағаздар рыногының
|
Сауда-саттықты ұйымдастырушы
|
2. |
Эмитент |
ISS__ |
3. |
Заңды тұлға |
JUR__ |
4. |
Жеке тұлға |
FIZ__ |
5. |
Инвестициялық қор |
INVFD |
6. |
Жинақтаушы зейнетақы қоры, меншікті активтер |
PF |
7. |
Жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтері |
PF_AS |
8
Мынадай белгілер қолданылады:
"1" - бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру;
"2" - бағалы қағаздардың қайталама айналысы.