Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 683 тіркелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1263 тіркелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығы бар бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын банктік емес ұйымдарға клиенттердің ақшасын есепке алу және сақтау үшін шоттарын ашуға рұқсат етілген банктер (банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар) тізбесі туралы" 2000 жылғы 31 қыркүйектегі N 80 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 6 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2933. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысымен.

Күшін жойған

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317   қаулысымен .
________________________________

      Бағалы қағаздар рыногында брокерлі-дилерлік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  3-бабы  2-тармағының 8)-тармақшасы, "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  12-бабының , 10)-тармақшасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270  Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 3)-тармақшасы негізінде, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде  N 683  тіркелген, 1999 жылдың сәуірінде "Рынок ценных бумаг Казахстана" журналында жарияланған, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының бағалы қағаздар рыногында жұмысты орындауға жеке тұлғаларды жіберу мәселелері жөнінде кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі  N 30 , "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 44  қаулыларымен  бекітілген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы  N 566 , "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 683 тіркелген, 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76  қаулыларына  өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспедегі:
      "1997 жылғы 5 наурыздағы" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесінің:
      тақырыбында және барлық мәтіні бойынша "брокерлік және дилерлік" деген сөздер "брокерлік-дилерлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      барлық мәтін бойынша кіріспені, 5-тармақты, 9-тармақтың екінші абзацын, 12-тармақтың 1), 3) және 4) тармақшаларын, 19-тармақты, 21-тармақты, 32-тармақты, 38-тармақтың үшінші абзацын, 43-тармақтың 1-2) тармақшасын, 51-тармақтың екінші абзацын, 52-тармақты, 53-тармақты, 61-тармақты қоспағанда, "бағалы қағаздар", "бағалы қағаздарды" және "бағалы қағаздармен" деген сөздер тиісінше "қаржы құралдары", "қаржы құралдарын" және "қаржы құралдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      барлық мәтін бойынша "ішкі ереже және регламент", "ішкі ережемен және регламентпен", "ішкі ереже", "Ішкі ереже және регламент", "ішкі ережемен", "регламентімен", "регламенті" деген сөздер тиісінше "ішкі құжаттар", "ішкі құжаттармен", "ішкі құжаттар", "ішкі құжаттармен", "ішкі құжаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      кіріспедегі:
      "1997 жылғы 5 наурыздағы" деген сөздер алынып тасталсын;
      "және "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақ алынып тасталсын;
      2-тармақтың екінші абзацындағы "ӨРҰ" деген сөз "брокерлер-дилерлердің өзін-өзі реттейтін ұйымының (бұдан әрі - ӨРҰ)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ алынып тасталсын;
      8-тармақтағы "уәкілетті органның" деген сөздер "қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығы бар брокер-дилердің ұйымдық құрылымында мынадай құрылымдық бөлімшелер болуы тиіс:
      1) қаржы құралдарымен мәмілелердің жасалуын жүзеге асыратын сауда бөлімшесі (бұдан әрі - сауда бөлімшесі);
      2) қаржы құралдарымен мәмілелердің орындалуын, қаржы құралдарын және осы брокер-дилердің және оның клиенттерінің ақшасын есепке алуды жүзеге асыратын есеп айырысу бөлімшесі (бұдан әрі - бэк-офис).";
      14-тармақтың бірінші сөйлеміндегі "Бэк-офистің" деген сөздер "бөлімшелері біреуінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      22-тармақтың 4-тармақшасындағы "(типографиялық тәсілмен басылып шығарылған Брокер-дилердің ішкі ережесі)" деген сөздер алынып тасталсын;
      23-тармақтың:
      1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) соңғы есепті кезең үшін өзінің қаржылық есебін;";
      6)-тармақша алынып тасталсын;
      28-тармақтағы "акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанына немесе түріне тиісті аббревиатураларды толық көрсету орнына, мысалы, "ЖШС", "ЖАҚ", "ААҚ")" деген сөздер ""АҚ" аббревиатурасы" деген сөздермен толықтырылсын;
      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "50. Банк болып табылмайтын бірінші санатты брокер-дилер клиенттерге тиесілі ақшаны есепке алу және сақтау мақсатында бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және/немесе бағалы қағаздары "А" санаты бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген онымен аффилиирленбеген банктерінде немесе резидент емес - бас банкінің "А" санатынан ("Standard & Poor`s" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан ("Moody`s Investors Service" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және жеке рейтингісі бар резидент-еншілес банктерде банк шоттарын ашады.";
      52-тармақтың:
      7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) Брокер-дилердің өз бағалы қағаздарын сатып алуы.";
      55-тармақ алынып тасталсын;
      58-тармақтың:
      бірінші абзацындағы "тізілім ұстаушыларда," деген сөздер алынып тасталсын, "кастодиандарда" деген сөзден кейін "(тек шетел эмитенттерінің бағалы қағаздары бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзац алынып тасталсын;
      59-тармақтағы "тізілім ұстаушыларда," деген сөздер алынып тасталсын, "кастодиандарда" деген сөзден кейін "(тек шетел эмитенттерінің бағалы қағаздары бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын;
      60-тармақтағы "тіркеушілердің өзін-өзі реттейтін ұйымының" және "тізілім ұстаушыда" деген сөздер алынып тасталсын;
      61-тармақтың:
      бірінші абзацындағы "және ақшаны" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші абзац алынып тасталсын;
      62 және 62-1-тармақтары алынып тасталсын;
      63-тармақтың:
      10)-тармақшасындағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 11) және 12)-тармақшалармен толықтырылсын:
      "11) туынды бағалы қағаздарды;
      12) өзге қаржы құралдарын есепке алу.";
      63-1-тармақтағы "бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті реттейтін" деген сөздер алынып тасталсын;
      64-тармақтың екінші абзацындағы "мұндай өзгерістер болған" деген сөздер "осы жеке шот жабылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      71-тармақтағы "жеке шоттардағы" деген сөздерден кейін "(банк)" деген сөзбен толықтырылсын, "тізілім ұстаушылардың," деген сөздер алынып тасталсын;
      8-тарау алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығы бар бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын банктік емес ұйымдарға клиенттердің ақшасын есепке алу және сақтау үшін шоттарын ашуға рұқсат етілген банктер (банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар) тізбесі туралы" 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 80  қаулысының  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1263 тіркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы бойынша Нормативтік құқықтық актілер жинағында жарияланған, IV-том, 127-бет) күші жойылды деп танылсын.
      4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.
      5. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е. Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға