Сауда-саттық ұйымдастырушылардың есеп беру ережесін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 238 тіркелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның "Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекіту жөнінде" 1996 жылғы 22 қазандағы N 118 қаулысына, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1865 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың апта және ай сайынғы есепті ұсыну тәртібі туралы" 2002 жылғы 13 сәуірдегі N 130 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 77 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 23 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2817

Жаңартылған

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  3-бабының 2-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногының ашық болу дәрежесін және қызмет етуінің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Сауда-саттық ұйымдастырушылардың есеп беру ережесі бекітілсін.

      2. <*>
       Ескерту: 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 252   қаулысымен .

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың апта және ай сайынғы есепті ұсыну тәртібі туралы" 2002 жылғы 13 сәуірдегі N 130  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1865 тіркелген, N 11 "Вестник Национального Банка Казахстана" 2002 жылдың мамырында жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2578 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 375  қаулысымен  енгізілген өзгерістермен) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) атауында және қаулының қосымшаларында "және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылармен" деген сөздер алынып тасталсын;

      2) 4-тармақ алынып тасталсын;

      3) 5-тармақтағы "4" саны "3" деген санмен ауыстырылсын;

      4) 9-қосымшаның:

      атауында және 1-тармағында "8" саны "6" деген санмен ауыстырылсын;

      2, 3, 6, 7 және 7-1 тармақтарындағы "8" саны алынып тасталсын.

      4. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің барлық мүдделі бөлімшелеріне, сауда-саттық ұйымдастырушыларына жіберсін.

      5. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      7. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Агенттік Төрағасы

Қазақстан Республикасының  
Қаржы рыногын және қаржы  
ұйымдарын реттеу мен    
қадағалау жөніндегі    
агенттігі Басқармасының   
2004 жылғы 15 наурыздағы  
N 77 қаулысымен       
Бекітілген          

  Сауда-саттық ұйымдастырушылардың есеп беру
Ережесi

      Осы ереже сауда-саттық ұйымдастырушының қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) есеп беру тәртiбi мен нысандарын белгiлейдi.

      1. Сауда-саттық ұйымдастырушысы ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың бесiншi жұмыс күнiнен кешiктiрмей уәкiлеттi органға есептi ай үшiн мынадай есептердi:
      1) осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес сауда-саттық ұйымдастырушының қызметiн жүзеге асыруға қатысатын қызметкерлер туралы есептi;
      2) осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес сауда-саттық ұйымдастырушылардың мүшелiгiне хронологиялық тәртiппен қабылданған сауда-саттық ұйымдастырушының мүшелерi туралы есептi;
      3) осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес оларды хронологиялық тәртiппен тiзiмге енгiзе отырып сауда-саттық ұйымдастырушы тiзiмiнiң жекелеген санаттарына кiретiн бағалы қағаздар туралы есептi;
      4) осы Ереженiң 4-қосымшасына сәйкес сауда-саттық ұйымдастырушының тiзiмiне кiретiн бағалы қағаздарды қоспағанда, қаржы құралдары туралы есептi;
      5) осы Ереженiң 5-қосымшасына сәйкес оның тiзiмiне кiретiн бағалы қағаздарға қатысты сауда-саттық ұйымдастырушысы мүшелерiнiң мәртебесi туралы есептi;
      6) есептi кезең үшiн сауда-саттық ұйымдастырушының бағалы қағаздары бойынша индикаторлардың мағыналары мен өзге де жиынтық көрсеткiштер туралы есептi ұсынады.

      2. Сауда-саттық ұйымдастырушы күн сайын есептi күннен кейiнгi күннiң Астана уақыты бойынша сағат он бiрден кешiктiрмей уәкiлеттi органға есептi жұмыс күнi үшiн мынадай есептердi:
      1) осы Ереженiң 6-қосымшасына сәйкес бағалы қағаздарды сатып алу/сату өтiнiмдерi туралы есептi;
      2) осы Ереженiң 7-қосымшасына сәйкес мәмiленiң тараптарын көрсете отырып бағалы қағаздармен сауда-саттық нәтижелерi туралы есептi;
      3) осы Ереженiң 8-қосымшасына сәйкес бағалы қағаздармен "репо" операцияларына өтiнiмдер туралы есептi;
      4) осы Ереженiң 9-қосымшасына сәйкес қатысушыларды көрсете отырып бағалы қағаздармен "репо" операциялары туралы есептi ұсынады.

      3. Есептер уәкiлеттi орган айқындаған және оларды электрондық өңдеуге (қаржылық талдау және сұрыптау) жол беретiн электрондық нысанда ұсынылады.

      4. Уәкiлеттi орган есептердi қараған кезде сауда-саттық ұйымдастырушысынан есептерде көрсетiлген ақпаратты тексеру үшiн қажеттi мәлiметтер мен құжаттарды сұратуға құқылы.

      5. Есептердi уақтылы ұсынбағаны, мүлдем ұсынбағаны немесе есептерде болатын шынайы емес мәлiметтердi ұсынғаны үшiн сауда-саттық ұйымдастырушысы және оның лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

      6. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен шешiледi.

Сауда-саттық ұйымдастырушылардың 
есеп беру ережесiне 1-қосымша   

_____________ бастап _________ дейiнгi кезең үшiн
Сауда-саттық ұйымдастырушысының қызметiн жүзеге
асыруға қатысатын қызметкерлер туралы есеп
[ұйымның атауы]

__________________________________________________________________
 N | Қызметкердiң  |       Күні      |Қыз.|Бiлiк.|Бiлiк.  |Бiлiк.
р/н|фамилиясы, аты,|-----------------|метi|тiлiк |тiлiк   |тiлiк
   |  әкесiнiң аты |жұмысқа |жұмыстан|    |куәлi.|куәлi.  |куәлi.
   |               |қабылдау| шығару |    |гiнiң |гiнiң   |гiнiң
   |               |        |        |    |санаты|берiлген|нөмiрi
   |               |        |        |    |      |күнi    |
__________________________________________________________________
 1          2           3         4     5    6       7       8
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Сауда-саттық ұйымдастырушылардың 
есеп беру ережесiне 2-қосымша   

_____________ бастап _________ дейiнгi кезең үшiн
Сауда-саттық ұйымдастырушының мүшелерi туралы есеп
[ұйымның атауы]

__________________________________________________________________
 N | Сауда-саттық  |Лицен.|Сауда-|    Күні   |  Мүшелiк санаты
р/н|ұйымдастырушы  |зияның|саттық|-----------|   
   |мүшесiнiң атауы|түрi  |ұйым. |қабыл.|шы  |--------------------
   |               |және  |дасты.|дау   |ғару|___ |___ |___ |___
   |               |дерек.|рушы  |      |    |    |    |    |
   |               |теме. |мүше. |      |    |    |    |    |
   |               |лері  |сiнiң |      |    |    |    |    |
   |               |      |коды  |      |    |    |    |    |
__________________________________________________________________
 1         2          3       4      5    6    7    8    9    10
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Сауда-саттық       (мүше.    х      х     х
ұйымдастырушы      лер
мүшелерiнiң        саны)
саны жиынтығы

Олардың iшiнде     (мәмiле   х      х     х
бағалы қағаздармен жасаған 
және қаржы құрал.  мүшелер
дарымен мәмiлелер  саны)
жасағаны
__________________________________________________________________

Сауда-саттық ұйымдастырушылардың 
есеп беру ережесiне 3-қосымша   

_____________ бастап _________ дейiнгi кезең үшiн
Сауда-саттық ұйымдастырушы тiзiмiнiң жекелеген
санаттарына кiретiн бағалы қағаздар туралы есеп
[ұйымның атауы]

__________________________________________________________________
N|Бағалы қа. | Бағалы   |        Күні       |Бағалы|Номи.|Номиналы
 |ғаздар эми.| қағаздың |-------------------|қағаз.|нал  |
 |тентiнiң   | бiрегей. | Бағалы  | Тізімнен|дың   |валю.|
 | атауы     | лендiру  | қағазды | шығару  |коды  |тасы |
 |           | нөмiрi   | тізімге | (оның   |      |     |
 |           |          | енгізу  | ішінде  |      |     |
 |           |          |         | өтеген  |      |     |
 |           |          |         | кезде)  |      |     |
 |           |          |         |         |      |     |
__________________________________________________________________
1      2           3        4          5       6      7     8
__________________________________________________________________
1 Тiзiм       _________
  санаты
2 Бағалы      _________
  қағаздың
  түрi

_____ сана.   (эмитент.  (бағалы       х        х      х
тының         тер саны)  қағаздар
_____ бойынша            саны)
(бағалы қағаз
түрi)
Бағалы қағаз  _____
түрi

_____ сана.   (эмитент.  (бағалы       х        х      х
тының         тер саны)  қағаздар
_____ бойынша            саны)
(бағалы қағаз
түрi)
_____ тізім   (эмитент.  (бағалы       х        х      х
санаты бо.    тер саны)  қағаздар
йынша                    саны)
жиынтығы

Жиынтығы      (эмитент.  (бағалы       х        х      х
              тер саны)  қағаздар
                         саны)
___________________________________________________________________

      Кестенің жалғасы
__________________________________________________________________
N|Бағалы қа. |Мәмiлелер саны|Мәмiлелер кө. |Мә. |Мә. |Мә. |Соңғы
 |ғаздар эми.|--------------|лемi, теңге   |мі. |мі. |мі. |мәміле
 |тентiнiң   |Бар.|Ор. |Қо. |--------------|ле. |ле. |ле. |-------
 | атауы     |лығы|на. |сал.|Бар.|Ор. |Қо. |нің |нің |нің |Кү.|Ба.
 |           |    |лас.|қы  |лығы|на. |сал.|ең  |ең  |ор. |ні |ға.
 |           |    |тыру|ры. |    |лас.|қы  |тө. |жо. |таша|   |сы
 |           |    |    |нок |    |тыру|ры. |мен.|ғары|ал. |   |
 |           |    |    |    |    |    |нок |гі  |ба. |ған.|   |
 |           |    |    |    |    |    |    |ба. |ғасы|дағы|   |
 |           |    |    |    |    |    |    |ғасы|    |ба. |   |
 |           |    |    |    |    |    |    |    |    |ғасы|   |
__________________________________________________________________
1       2      9    10   11   12   13   14   15   16   17  18  19
__________________________________________________________________
1 Тiзiм
  санаты
2 Бағалы
  қағаздың
  түрi

_____ сана.                                  х    х     х   х   х
тының
_____ бойынша
(бағалы қағаз
түрi)
Бағалы қағаз
түрi

_____ сана.                                  х    х     х   х   х
тының
_____ бойынша
(бағалы қағаз
түрi)
_____ тізім                                  х    х     х   х   х
санаты бо.
йынша
(бағалы қағаз
түрi)
Жиынтығы                                     х    х     х   х   х
___________________________________________________________________

Сауда-саттық ұйымдастырушылардың 
есеп беру ережесiне 4-қосымша   

_____________ бастап _________ дейiнгi кезең үшiн
Сауда-саттық ұйымдастырушының тiзiмiне
кiретiн бағалы қағаздарды қоспағанда,
қаржы құралдары туралы есеп
[ұйымның атауы]

__________________________________________________________________
 N |Қаржы|Қаржы |Қар.|       Күні      |Мә.|Мәмi.|Ең   |Ең   |Ор.
р/н|құра.|құра. |жы  |-----------------|мi.|лелер|тө.  |жо   |таша
   |лын  |лының |құ. |Қаржы   |Тiзiмнен|ле.|кө.  |мен. |ғары |ал.
   |шы.  |жалпы |ра. |құралын |шығару  |лер|лемi |гi   |баға |ған.
   |ғар. |дерек.|лы. |сауда-  |(оның   |са.|(тең.|баға |(тең.|дағы
   |ған  |теме. |ның |саттыққа|iшiнде  |ны |ге.  |(тең.|ге.  |ба.
   |тұл. |лерi  |коды|жiберу  |өтеген  |   |мен) |ге.  |мен) |ғасы
   |ғаның|      |    |        |кезде)  |   |     |мен) |     |(тең.
   |атауы|      |    |        |        |   |     |     |     |гемен)
__________________________________________________________________
 1    2      3     4      5        6     7    8     9     10    11
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Жиынтығы  (қаржы   x      x        x                x     x     x
          құрал.
          дарының
          саны)
__________________________________________________________________

Сауда-саттық ұйымдастырушылардың 
есеп беру ережесiне 5-қосымша   

_____________ бастап _________ дейiнгi кезең үшiн
Тiзiмге кiретiн бағалы қағаздарға қатысты
сауда-саттық ұйымдастырушысы мүшелерiнiң
мәртебесi туралы есеп
[ұйымның атауы]

__________________________________________________________________
 N |Сауда-саттық|Сауда-|Ба. |  Күні   |Бағалы |Бағалы қа. |Өзге
р/н|ұйымдастыру.|саттық|ғалы|---------|қағаз. |ғаздарға   |талап.
   |шысы мүшесi.|ұйым. |қа. |Мәр.|Мәр.|дардың |сұраныс    |тар
   |нiң атауы   |дасты.|ғаз.|тебе|те. |баға   |пен ұсыныс |
   |            |рушысы|дың |беру|бе. |белгi. |баға белгi.|
   |            |мүше. |коды|    |ден |леуi.  |ленуiнiң   |
   |            |сiнiң |    |    |айы |нiң ең |арасындағы |
   |            |мәрте.|    |    |рылу|төменгi|айырма     |
   |            |бесi  |    |    |    |көлемi |           |
__________________________________________________________________
 1       2          3     4     5    6    7         8        9
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________
Кезең аяғына    (жиынтық   (мәртебесi)
сауда-саттық      саны)      (саны)
ұйымдастырушы.
лары мүшеле.               (мәртебесi)     х           х        х
рінің, оның                  (саны)
ішінде мәрте.
бесі бар,                  (мәртебесi)
жиынтық саны                 (саны)
__________________________________________________________________

Сауда-саттық ұйымдастырушылардың 
есеп беру ережесiне 6-қосымша   

_____________ бастап _________ дейiнгi кезең үшiн
Бағалы қағаздарды сатып алу/сату
өтiнiмдерi туралы есеп
[ұйымның атауы]

__________________________________________________________________
N |күні|Форматта|Бағалы|Бел. |Валю.| Өтінім   |Сауда-  |Депо шоты
  |    |өтінім  |қағаз |гілеу|таның|  түрі    |саттық  |
  |    |беру уа.|коды  |валю.|тең. |----------|ұйымдас.|
  |    |қыты    |      |тасы |геге |Сау.|Инди.|тырушы  |
  |    |(сағат, |      |     |ба.  |да  |ка.  |мүше.   |
  |    |минут,  |      |     |ғамы |    |тивті|сiнiң   |
  |    |секунд) |      |     |     |    |     |коды    |
__________________________________________________________________
 1   2     3        4     5     6     7    8      9         10
__________________________________________________________________
Мемлекеттiк бағалы қағаздар

Мемлекеттiк бағалы қағаздар
__________________________________________________________________

      Кестенің жалғасы
__________________________________________________________________
Мәмiле |Тең.|Номи.|Борыштық|Саны|Көлемі|Орна.  |Форматта өтінімді
түpi   |ге. |нал. |бағалы  |    |(тең. |ластыру|алу уақыты (сағат,
-------|мен |дық  |қағаздар|    |гемен)|       |минут, секунд)
Са.|Са.|ба. |құны.|бойынша |    |      |       |
тып|ту |ғасы|ның  |кіріс.  |    |      |       |
алу|   |    |%-пен|тілігі  |    |      |       |
   |   |    |ба.  |        |    |      |       |
   |   |    |ғасы |        |    |      |       |
__________________________________________________________________
 11  12  13    14     15     16     17     18            19
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Сауда-саттық ұйымдастырушылардың 
есеп беру ережесiне 7-қосымша   

_____________ бастап _________ дейiнгi кезең үшiн
Мәмiленiң тараптарын көрсете отырып бағалы
қағаздармен сауда-саттық нәтижелерi туралы есеп
[ұйымның атауы]

__________________________________________________________________
N |күні|Форматта|Бағалы|          |Сату.|Сату  |Сатып|Сатып |Ба.
  |    |уақыты  |қағаз |   Түрі   |шының|"депо"|алу. |алу   |ғасы
  |    |(сағат, |коды  |----------|коды |шоты  |шының|"депо"|(тең.
  |    |минут,  |      |Сау.|Инди.|     |      |коды |шоты  |ге)
  |    |секунд) |      |да  |ка.  |     |      |     |      |
  |    |        |      |    |тивті|     |      |     |      |
  |    |        |      |    |     |     |      |     |      |
__________________________________________________________________
 1   2     3        4     5    6     7      8     9     10     11
__________________________________________________________________
Мемлекеттiк бағалы қағаздар

Мемлекеттiк бағалы қағаздар
__________________________________________________________________

      Кестенің жалғасы
__________________________________________________________________
Мә.  |Ба. |Мә.  |Орна.| Борыштық бағалы қағаздар үшiн |Күшін жою
міле |ғалы|міле |лас. |-------------------------------|туралы
баға.|қа. |кө.  |тыру |Номи.|өтеу|өтеу.|өтеуге|Тиімді |мәліметтер
сының|ғаз |лемі |     |нал. |күні|ге   |кіріс.|ставка,|
бұ.  |дар |(тең.|     |дық  |    |дейін|тілік,|  %    |
рынғы|саны|ге)  |     |құны.|    |күн  |жылдық|жылдық |
баға.|    |     |     |ның  |    |     |  %   |       |
дан  |    |     |     |%-пен|    |     |      |       |
айыр.|    |     |     |ба.  |    |     |      |       |
масы,|    |     |     |ғасы |    |     |      |       |
  %  |    |     |     |     |    |     |      |       |
__________________________________________________________________
  12    13   14   15    16    17    18     19      20      21
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Сауда-саттық ұйымдастырушылардың 
есеп беру ережесiне 8-қосымша   

_____________ бастап _________ дейiнгi кезең үшiн
Бағалы қағаздармен "репо" операцияларына
өтiнiмдер туралы есеп
[ұйымның атауы]

__________________________________________________________________
N |кү.|Фор.|Ба.|     Түрі    |Сауда-|"де.|Ба.|Кi. |Са.|Кө.|Фор.
  |ні |мат |ға.|-------------|саттық|по" |ға.|рiс.|ны |ле.|матта
  |   |та  |лы |"репо"|"репо"|ұйым. |шоты|сы |тi. |   |мi |өтi.
  |   |уа. |қа.|опера.|опера.|дасты.|    |   |лiк |   |   |нiмдi
  |   |қыты|ғаз|циясы |циясы.|рушы  |    |   |    |   |   |алу
  |   |(са.|ко.|      |ның   |мүше. |    |   |    |   |   |уақыты
  |   |ғат,|ды |      |әдiсi |сiнiң |    |   |    |   |   |(сағат,
  |   |ми. |   |      |      |коды  |    |   |    |   |   |минут,
  |   |нут,|   |      |      |      |    |   |    |   |   |се.
  |   |сек.|   |      |      |      |    |   |    |   |   |кунд)
  |   |унд)|   |      |      |      |    |   |    |   |   |
__________________________________________________________________
1   2   3    4    5      6      7      8   9   10   11  12    13
__________________________________________________________________
Мемлекеттiк бағалы қағаздар

Мемлекеттiк бағалы қағаздар
__________________________________________________________________

Сауда-саттық ұйымдастырушылардың 
есеп беру ережесiне 9-қосымша   

_____________ бастап _________ дейiнгi кезең үшiн
Қатысушыларды көрсете отырып бағалы
қағаздармен "репо" операциялары туралы есеп
[ұйымның атауы]

__________________________________________________________________
N |кү.|Форматта|Ба. |     Түрі    |Сату.|Сату  |Сатып|Сатып
  |ні | уақыты |ға. |-------------|шының|"депо"|алу. |алу
  |   |(сағат, |лы  |"репо"|"репо"|коды |шоты  |шының|"депо"
  |   | минут, |қа. |опера.|опера.|     |      |коды |шоты
  |   |секунд) |ғаз |циясы |циясы.|     |      |     |
  |   |        |ко. |      |ның   |     |      |     |
  |   |        |ды  |      |әдiсi |     |      |     |
__________________________________________________________________
1   2     3      4      5     6      7      8      9       10
__________________________________________________________________
Мемлекеттiк бағалы қағаздар

Мемлекеттiк бағалы қағаздар
__________________________________________________________________

      Кестенің жалғасы
___________________________________________________
  Ашу  | Жабу  |Кiрiс.|Бағалы|Көлемі | Күшін жою 
бағасы |бағасы |тiлiк |қағаз |(теңгe)| туралы 
(теңге)|(теңге)|      |саны  |       | мәлiметтер
___________________________________________________
  11      12      13     14     15        16

___________________________________________________