Ветеринариялық құқықтық нормативтiк кейбiр актiлердi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 30 қарашадағы N 351 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 27 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2105. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 22 бабының 6 тармағына , 23 бабының 4 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Базарларда ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргiзу Ережесi;
      2) Сойылатын малдарды сояр алдындағы ветеринариялық тексеру және сойылғаннан кейiн ұшаларын және iшкi органдарын ветеринариялық-санитариялық сараптау және оларды санитариялық бағалау Ережесi бекiтiлсiн.
      2. Ветеринариялық департаментiне, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің облыстық аумақтық басқармаларымен, Астана және Алматы қалалары, бiрлесе отырып, заңнамада белгiленген тәртiпте, осы бұйрықтан туындайтын керектi шаралар қабылдасын.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрінің
      орынбасары-Министр

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрiнің
2002 жылғы 30 қарашадағы  
N 351 бұйрығымен      
бекiтiлген         

Базарларда ветеринариялық-санитариялық
сараптау жүргiзу туралы
Ереже
1. Жалпы бөлім

      1. Базарларда ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргiзу Ережесi (әрi қарай - Ереже) базарларда сатылатын мал өнiмдерi мен шикiзаттарының ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн анықтау мақсатында ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргiзетiн лабораторияларға бiрыңғай талаптарды және ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткiзудiң ретiн анықтайды және мал өнiмдерi мен шикiзаттарын сатумен, ветеринариялық-санитариялық сараптаумен айналысатын, базар аумағында басқада кәсiпкерлiкпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар орындаулары тиiс.

2. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) ветеринариялық-санитариялық сараптама - жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы тексеру;
      2) сараптама актiсi - мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерi диагностикасы немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелерi бойынша ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен ветеринариялық зертханалар беретiн, олардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын, сондай-ақ оларды пайдалануға ұсынатын құжат;
      3) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы - базарларда және (немесе) басқа орындарда өткiзiлетiн жануарлардан алынатын өнiмдерге ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе тұлғаның мамандандырылған бөлiмшесi;
      4) жануарлардан алынатын өнiмдер - тиiсiнше өңделмей тамаққа пайдаланылмайтын ет және ет өнiмдерi, сүт және сүт өнiмдерi, балық және балық өнiмдерi, жұмыртқа және жұмыртқа өнiмдерi, сондай-ақ бал ара шаруашылығының өнiмдерi;
      5) жануарлардан алынатын шикiзат өнiмдерi - терi, аң терiсi, жүн, құстың жүнi, ұлпасы, эндокринологиялық бездер, iшкi органдар, мүйiз, тұяқ және тағы басқа жануарлардан алынып кәсiпорындарға малға азыққа өңдеуге жiберiлетiндер;
      6) базар - жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөптi және жемшөптiк қоспаларды сату орнын қоса алғанда, арнайы жабдықталған сауда орны.

3. Базарларда мал өнiмдерi мен одан алынатын шикiзаттардың ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргiзудiң тәртiбi

      3. Базарларда мал өнiмдерi мен одан алынатын шикiзаттарды ветеринариялық-санитариялық сараптаудан заңды түрде белгiленген лицензиялары бар ветеринариялық-санитариялық сараптау лабораториялары (бұдан әрi - Лаборатория) өткiзедi.

      4. Мал өнiмдерiмен одан алынған шикiзаттарды ветеринариялық-санитариялық сараптау өткiзу үшiн Лабораторияның ветеринариялық мамандары тексеру жүргiзiп, сынама алады.

      5. Мал өнiмдерiмен одан алынған шикiзат өнiмдерiн ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткiзу арнайы және қосымша зерттеулер тiзбесiне сәйкес, базарлардағы ветеринариялық-санитариялық лабораториялар жүргiзуi тиiс 1 Қосымша бойынша жүргiзiледi.

      6. Мал өнiмдерiмен одан алынған шикiзаттарды ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткiзу осы Ережеде көрсетiлген 2 қосымшадағы стандартты тестерге сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi бекiткен малдарды сояр алдында ветеринариялық тексеру және сойылғаннан кейiнгi ұшалармен органдарды ветеринариялық-санитариялық сараптау және олардың ветеринариялық-санитариялық бағасы Ережесi бойынша жүргiзiледi.

      7. Еттерге таңба қою ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен Еттерге таңба қою Ережесiне сәйкес жүргiзiледi.

      8. Мал өнiмдерiмен одан алынған шикiзаттардың ветеринариялық-санитариялық қорытындысын Лаборатория арнайы ұсынылып отырған 3 қосымшаға сәйкес журналға тiркейдi.

      9. Мал өнiмдерiнiң және одан алынатын шикiзат өнiмдерiнiң ветеринариялық-санитариялық қорытындысынан кейiн Лаборатория базардың ветеринариялық инспекторына сараптама актiсiн ұсынылып отырған 4 қосымшаға сәйкес бередi.

      10. Зерттеуден өткен мал өнiмдерiмен одан алынған шикiзаттар ветеринариялық нормаға сәйкес келмеген жағдайда базардың ветеринариялық инспекторы сараптама актiсiнiң қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ветеринария заңдылықтарына сәйкес қолдану режимiн анықтайды.

      11. Ветеринариялық-санитариялық сараптауға мал өнiмдерiмен одан алынатын шикiзаттар мынадай жағдайда қайталанып алынады:
      1) мал өнiмдерiмен одан алынатын шикiзаттардың алғашқы ветеринариялық-санитариялық сараптау өткеннен кейiнгi сатылу мерзімі өткеннен соң (3 тәулiк), базардың iшiнде арнайы талаптарға cай сақталғандардан басқасы;
      2) мал өнiмдерiмен одан алынатын шикiзаттарды базардың тоңазытқыштарында сақталмай басқа жерлерде сақталынса;
      3) заңды және жеке тұлғалар мал өнiмдерiмен одан алынатын шикiзаттарды ветеринариялық-санитариялық сараптаудан базар Лабораторияларынан басқа жерлерден өткiздiртiп әкелсе, және шет елдерден әкелiнген өнiмдер.

      12. Малөнiмдерiмен одан алынатын шикiзаттар толық ветеринариялық-санитариялық сараптау өтпесе сатуға рұқсат етiлмейдi, сонымен қатар ветеринариялық-санитариялық сараптауды далада, арнайы белгiленбеген жерлерде өткiзуге тиым салынады.

4. Есеп және есептiлiк

      13. Лаборатория есеп және есептiлiк жүргiзiп оны Қазақстан Республикасы ветеринария саласында бекiткен заңының тәртiбiне сәйкес тапсырып отырады.

5. Жауапкершiлiгi

      14. Осы Ереженiң талабын бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауапқа тартылады.

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрiнің
2002 жылғы 30 қарашадағы  
N 351 бұйрығымен бекiтiлген
"Базарларда жүргiзiлетiн  
ветеринариялық-санитариялық
сараптау" Epeжеciнe    
1 қосымша         

Базарлардағы ветеринариялық-санитариялық сараптау
жүргiзетiн лабораториялардың мiндеттi түрде және
қосымша жүргiзетін зерттеулерiнiң
ТIЗБЕСI

      1. Жануарлармен құстарға мiндеттi түрде жүргiзiлетiн зерттеулер (тексеру):
      1) Клиникалық қарау (тексеру) ф-N 1 ветеринариялық куәлiктi тексеру, малдың жалпы жағдайы, сiлекей қабықтары және жоғары орналасқан лимфа түйiндерi.
      2) Термометрия, тамыр соғысын тексеру, демалысын, ас қазан жұмыстарын (руминация).

      2. Еттерге мiндеттi түрде жүргiзiлетiн зерттеулер:
      1) Органолептикалық қарау ұшаны, iшкі органдарды және басты, барлық лимфа түйiндердi кесiп қарау, iшкi органдардың паренхимасын кесiп қарау.
      2) Қайнату сынамасы.
      3) Финнозға (цистицеркоз) тексеру.
      4) Трихинеллезға тексеру.
      5) Жылқының бастарын сапқа тексеру.
      6) Сынаманың жалпы радиоактивтi фонын анықтау.

      3. Мiндетті түрде зерттеу қорытындысы бойынша ветеринариялық нормативтен ауытқу болған жағдайда еттерге қосымша жүргізiлетiн зерттеулер:
      1) Күдiк туғызған лимфа түйiндерiнен, iшкi органдардан, ұшаның бұлшық еттерiнен бактериоскопия (мазок таңба) жүргiзу.
      2) Биохимиялық зерттеулер (токсокологиялық зерттеулермен қоса).

      4. Сүт және ашытқан сүт өнiмдерiне мiндеттi түрде жүргiзiлетiн зерттеулер (үй жағдайында жасалған):
      1) Органолептикалық зерттеулер.
      2) Тығыздығын анықтау.
      3) Қышқылдығын анықтау.
      4) Тазалық дәрежесiн анықтау.
      5) Бруцеллезге (кольцевой) сақиналы реакциясы арқылы тексеру.
      6) Маститке мастидин сынамасымен тексеру.
      7) Сынаманың жалпы радиоактивтi фонын анықтау.

      5. Сүттердi мiндеттi түрде зерттегенде ветеринариялық нормативтен ауытқу болған жағдайда қосымша жүргiзiлетiн зерттеулер:
      1) Майлылығын тексеру.
      2) Соданың сүтке қосылғандығын анықтау.
      3) Редуктазды сынама.
      4) Фальсификацияны анықтау.

      6. Сары майларды тексергенде мiндеттi түрде жүргiзiлетiн зерттеулер (үй жағдайында дайындалған):
      1) Органолептикалық зерттеулер.
      2) Майлылығын анықтау.
      3) Ылғалдығын анықтау.
      4) Ас тұзын анықтау.
      5) Фальсификациясын анықтау.
      6) Iрiмшiк, сыр және тағы басқа заттардың қосылғандығын анықтау.
      7) Сынаманың жалпы радиоактивтi фонын анықтау.

      7. Бал арасын тексергенде мiндеттi түрде жүргiзiлетiн зерттеулер:
      1) Анықтама және классификациясы.
      2) Органолептикалық зерттеулер.
      3) Суды анықтау.
      4) Механикалық қосындыларды анықтау.
      5) Қышқылдығын анықтау.
      6) Падь балын анықтау.
      7) Сынаманың жалпы радиоактивтi фонын анықтау.

      8. Бал араларына мiндеттi түрде жүргiзiлген зерттеулер жүргiзгенде ветеринариялық нормативтен ауытқулар болса қосымша жүргiзiлетін зерттеулер:
      1) Диастазаны анықтау.
      2) Инвертивтi қанттылығын анықтау.
      3) Жасанды инвертивтi қанттылығын анықтау.
      4) Сахарозасын анықтау (тросниктi қант)
      5) Балдың божығанын анықтау.
      9. Балықтарға мiндеттi түрде жүргiзiлетiн зерттеулер:
      1) Органолептикалық зерттеулер (әр партиядан немесе упаковкадан (қорабынан) 10 экземплярдан кем емес).
      2) Бактериоскопия.
      3) Қайнату сынамасы.
      4) Адамдарға қауіптi жұқпалы инвазиялық балық ауруларын (описторхоз, клонорхоз, гетерофоз, метегонимоз, дифиллиоботриоз, диоктифимоз, нанофиетоз).
      5) Сынаманың жалпы радиоактивтi фонын анықтау.

      10. Жұмыртқаларды тексергенде мiндеттi түрде жүргiзетiн зерттеулер:
      1) Органолептикалық тексерулер, ветеринариялық құжаттарды ф-2 тексеру.
      2) Овоскопия.
      3) Сынаманың жалпы радиоактивтi фонын анықтау.

      11. Еттен қақталып жасалынған өнiмдердi тексергенде мiндеттi түрде жүргiзетiн зерттеулер (үй жағдайында дайындалған):
      1) Органолептикалық зерттеулер.
      2) Трихинеллоскопия.
      3) Ылғалдылығын анықтау.
      4) Ас тұзын анықтау.
      5) Сынаманың жалпы радиоактивтi фонын анықтау.

      12. Еттен қақталып жасалған өнiмдерге мiндеттi түрде зерттеулер жүргiзгенде ветеринариялық нормативтерге сәйкес келмеген жағдайда қосымша жүргiзiлетiн зерттеулер:
      Биохимиялық зерттеулер (токсикологиялық зерттеулердi қоса алғанда).

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрiнің
2002 жылғы 30 қарашадағы  
N 351 бұйрығымен бекiтiлген
"Базарларда жүргiзiлетiн  
ветеринариялық-санитариялық
сараптау" Epeжеciнe   
2 қосымша        

Базарларда ветеринариялық санитариялық сараптау жүргiзгенде қолданылатын стандартты тестердің
Тiзбесi

      1. Ет. Сынама алу әдiсi және органолептикалық әдiспен жастығын анықтау ГОСТ 7269-79.
      2. Ет. Еттiң жастығын микроскопиялық және химиялық зерттеу ГОСТ 23392-78.
      3. Жылқының ұлттық өнiмдер. ТЖ (қарта, шұжық қазақстандық, қазы, және қос қазы, жал, жая, сүрленген ет) ТЖ РСТ.КазССР 74-84.
      1) Органолептикалық көрсеткiштерiн тексеру ГОСТ 9959-91 стандарты бойынша жүргізiледi;
      2) қабылдау тәртiбi - Сынама алу партиясын анықтау ГОСТ 9792-73.
      4. Қоян етi. Сынама алу әдiсi, органолептикалық әдiспен жастығын анықтау ГОСТ 20235.0-74.
      5. Қоян етi. Жастығын микроскопиялық, химиялық жолмен анықтау ГОСТ 20235-74.
      6. Құс етi. Сынама алу әдiсi органолептикалық әдiспен сапасын тексеру ГОСТ 7702.0-74.
      7. Құс етi. Жастығын микроскопиялық, химиялық жолмен анықтау ГОСТ 7702.1-74.
      8. Сүт және сүт тағамдары. Қабылдау тәртiбi. Сынама алу әдiсi, сынаманы анализге дайындау ГОСТ 26809-86.
      9. Сүт және сүт тағамдары. Майлылығын анықтау әдiсi ГОСТ 5867-90
      10. Сүт және сүт тағамдары. Тазалығын анықтау әдiсi ГОСТ 8218-89.
      11. Сүт және сүт тағамдары. Тығыздығын анықтау әдiсi ГОСТ 8218-89.
      12. Сүт және сүт тағамдары. Қышқылдығын анықтау әдiсi ГОСТ 8218-89.
      13. Сүт және сүт тағамдары. Ас тұзын анықтау әдiсi ГОСТ 3627-81.
      14. Сүт және сүт тағамдары. Спирттi (алкогольдi) анықтау әдiсi ГОСТ 3629-47.
      15. Сүт және сүт тағамдары. Ылғалдылығын және құрғақ заттарды анықтау әдiстерi ГОСТ 3626-73.
      16. Сүт және сүт тағамдары. Микробиологиялық анализ әдiстерi ГОСТ 9225-84.
      17. Сүт. Соданы анықтау әдiсi ГОСТ 24065-80.
      18. Сүт. Аммиакты анықтау әдiсi ГOCT 24066-80.
      19. Сүт. Сутегi қостотығын анықтау әдiсi ГОСТ 24067-89.
      20. Сиырдың сүтi. Дәмiн, иiсiн органолептикалық анықтау әдiсi ГОСТ 28283-89.
      21. Сүттi бруцеллезге тексеру.
      22. Құрт. Техникалық жасау жағдайы СТ РК 44-97.
      23. Iрiмшiк ТЖ СИ РК 84-98.
      24. Творог ТЖ СТ РК 94-95.
      25. Шубат ТЖ СТ РК 117-97.
      26. Сиыр сүтiнен дайындалған кiлегей СТ РК 142-97.
      27. Түйе сүтi шұбат өңдеу СТ РК 166-97.
      28. Қатық ТЖ СТ РК 230-87.
      29. Айран ТЖ СТ РК 982-95.
      30. Қымыз ТЖ СТ РК 1004-98.
      31. Биенiң сүтi. Сатылғандағы қойылатын талап СТ РК 1005-98.
      32. Қаймақ ТЖ СТ РК 1006-98.
      33. Балық, теңiз сүт қоректiлерi, теңiз омыртқасыздары және олардан алынатын өнiмдер. Қабылдау тәртiбi. Органолептикалық әдiспен сапасын зерттеу, лабораториялық зерттеулерге сынама алу әдiстемелерi ГОСТ 7631-85.
      34. Тауық жұмыртқасы. ТЖ ГOCT 27583-88.
      35. Бал арасы. ТЖ ГОСT 9792-87.

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрiнің
2002 жылғы 30 қарашадағы  
N 351 бұйрығымен бекiтiлген
"Базарларда жүргiзiлетiн  
ветеринариялық-санитариялық
сараптау" Epeжеciнe   
3 қосымша        

               ____________________________________________________________________
Р|  Заңды   |Өнім|      Ет және ет өнімдері            |Балық|Жұ.
е|  немесе  |иесі._____________________________________|және |мырт.
т|   жеке   |нің |Сиыр|Жыл.|Қой |Шошқа|Құс |Басқа|Қақ. |басқа|қа
|  тұлға,  |ме. |еті |қы  |еті |еті  |еті |мал  |тал. |теңіз|
с|   өнім   |кен-|ұша/|еті |ұша/|ұша/ |ұша/|етте.|ған  |өнім.|
а|   иесі   |жайы|кг  |ұша/| кг | кг  | кг |рі   |ет   |дері |
н|          |    |    |кг  |    |     |    |ұша/ |өнім.|     |
ы|          |    |    |    |    |     |    |кг   |дері.|     |
|          |    |    |    |    |     |    |     |мен  |     |
|          |    |    |    |    |     |    |     |шұжық.     |
|          |    |    |    |    |     |    |     |тар  |     |
____________________________________________________________________
1      2      3     4   5    6     7     8    9    10     11   12
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
____________________________________________________________________
Органо.|бак.|трихи.|  Ас |           Тексеру нәтижелері
лепти. |те. |нел.  |тұзын|__________________________________________
калық  |рио.|лос.  |анық.|      Биохимиялық бактериологиялық
көрсет.|ско.|копия | тау |__________________________________________
кіштері|пия |      |     |РН,  |пе. |фор. |Тоти.|Лабора. |Лабора.
       |    |      |     |серо.|рок.|моль.|яйын.|торияға |тория
       |    |      |     |водо.|си. |дық  |мен  |жіберіл.|қорытын.
       |    |      |     |род  |даза|реак.|реак.|гендер  |дысы
       |    |      |     |     |    |ция  |ция  |        |айы, күні
____________________________________________________________________
  13     14    15    16    17    18   19    20      21       22
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
______________________________________
Ветсанита.|Сарап. | Жұмыс   |
риялық    |таудың |жүргізген|Ескертпе
сараптау  |нөмірі,|ветерина.|
қорытындысы айы,  |риялық   |
сатуға,   |күні   |маманның |
залалсыз. |       |аты-жөні,|
дандыруға,|       |қолы     |
жоюға     |       |         |
_______________________________________
    23       24       25        26
_______________________________________
_______________________________________

Ветеринариялық-санитариялық лабораториялардағы сүт және сүт өнімдеріне жүргізілген ветеринариялық-санитариялық сараптау қорытындысын есепке алу журналы

____________________________________________________________________
N| Заңды немесе|Өнім иесі.| Сүт  |        Сүт өнімдері    |Қымыз,
п|  жеке тұлға,|нің мекен-|(орын |________________________|шубат
/|  өнім иесі  |жайы      | /л)  | май, | Қаймақ |Ірімшік/|басқа да
п|             |          |      | кг   | кг     |орын кг |ашыған
|             |          |      |      |        |        |сүт
|             |          |      |      |        |        |өнімдері
____________________________________________________________________
1       2           3         4      5      6        7        8
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
____________________________________________________________________
                        Сараптау қорытындысы               |Мастит.
___________________________________________________________|ке тек.
Органо.|Қыш.|тығыз.|май. |Сүт  |Редук.|Ылғал.|Ас   |Бруце. |серу
лепти. |қыл.|дығы  |лылы.|таза.|тазды |дылы. |тұ.  |ллезге |
калық  |дығы|      |ғы   |лығын|сынама|ғын   |зын  |тек.   |
көрсет.|    |      | %   |анық.|      |анық. |анық.|серу   |
кіштері|    |      |     |тау  |      |тау   |тау  |       |
____________________________________________________________________
   9     10   11     12    13     14    15     16     17       18
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
_________________________________________________
фальсифи.|Ветсани.  |Сараптау |Жұмыс    |Ескертпе
кациясын |тариялық  |нөмірі,  |жүргізген|
анықтау  |зертхана. |айы, күні|ветерина.|
         |ның сарап.|         |риялық   |
         |тау қоры. |         |маманның |
         |тындысы   |         |аты-жөні |
         |          |         |қолы     |
___________________________________________________
   19        20         21         22       23
___________________________________________________
___________________________________________________
___________________________________________________

Ветеринариялық-санитариялық сараптау лабораторияларында балдарды сараптау қорытындысын есепке тіркеу журналы

____________________________________________________________________
Рет |Заңды немесе|Өнім иесі.|Мөл.|      Сараптама қорытындысы
саны| жеке тұлға,|нің мекен-|шері|_________________________________
    | өнім иесі  |жайы      | кг |    Органолептикалық   | тығыз.
    |            |          |    |       көрсеткіштері   | дығы
    |            |          |    |_______________________|
    |            |          |    |консис. |дәмі|иісі|түсі|
    |            |          |    |тенциясы|    |    |    |
____________________________________________________________________
1        2           3       4      5       6   7    8       9
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
____________________________________________________________________
                       Сараптама қорытындысы
____________________________________________________________________
ылғал.|қыш.|падь|Диас.|Жасанды|Инверт.|  патокасы|   микроскопиясы
дылығы|қыл.|    |таза.|инверт.|ті     |__________|_________________
      |ды. |    |сы   |тік    |қант.  |Крах.|Қант |Гүлдер.|Кристалл.
      |лығы|    |     |қант.  |тың    |малы |қызыл|дің    |дануы
      |    |    |     |тылығы |саны   |     |шасы |ұрығы  |
____________________________________________________________________
  10    11   12   13     14     15     16      17    18       19
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
______________________________________________
Басқа да|Ветсани. |Сарап. | Жұмыс   |Ескертпе
зерттеу.|тариялық |таудың |жүргізген|
лері    |зертха.  |нөмірі,|ветерина.|
        |наның    |ай-күні|риялық   |
        |сараптау |       |маманның |
        |қорытын. |       |аты-жөні,|
        |дысы     |       |қолы     |
_______________________________________________
   20      21        22      23         24
_______________________________________________
_______________________________________________

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрiнің
2002 жылғы 30 қарашадағы  
N 351 бұйрығымен бекiтiлген
"Базарларда жүргiзiлетiн  
ветеринариялық-санитариялық
сараптау" Epeжеciнe   
4 қосымша        

Ветеринариялық-санитариялық        Ветеринариялық-санитариялық
сараптау лабораториясы N           сараптау лабораториясы N
____________________________       _____________________________
   (облыс, қала, аудан)                (облыс, қала, аудан)
 
Базар_______________________       Базар________________________

      Серия ММ N 000001                   Серия ММ N 000001

  Сараптама актiсi (түбiртегi)     Сараптама актiсi (түбiртегi)

Сараптама N__ "___" _____200_ж.    Сараптама N__ "___" _____200_ж.
Өнiм иесi______________________    Өнiм иесi______________________
              (А.Т.Ә)                             (А.Т.Ә)
Өнiмнiң атауы _________________    Өнiмнiң атауы _________________
Саны __________________________    Саны __________________________
Мемветинспекторының тiркеу саны    Мемветинспекторының тiркеу саны
_______________________________    _______________________________

Ветсанитариялық сараптау           Ветсанитариялық сараптау
қорытындысы ___________________    қорытындысы ___________________
_______________________________    _______________________________

Вет. дәрігер __________________    Вет. дәрігер __________________
             (аты, жөнi қолы)                    (аты, жөнi қолы)

                               M.О.

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрiнің
2002 жылғы 30 қарашадағы  
N 351 бұйрығымен бекiтiлген

Сойылатын малдарды сояр алдындағы ветеринариялық тексеру
және сойылғаннан кейiн ұшаларын, iшкi органдарын ветеринариялық-санитариялық сараптау және оларға
санитариялық баға беру
Ережесi

1. Жалпы бөлiм

      1. Малдарды сояр алдында ветеринариялық тексеру, және сойылғаннан кейiн олардың ұшаларымен iшкi органдарын ветеринариялық-санитариялық сараптау және оларға санитариялық баға беру Ережесi (одан әрi - Ереже) малдарды сояр алдындағы ветеринариялық қараудың, сойылғаннан кейiнгi ұшаларды iшкi органдарды ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткiзудiң, ауру малдардан алынған мал өнiмдерiмен олардан алынатын шикiзаттарға ветеринариялық-санитариялық баға берудiң бiрыңғай ретiн ұсынады, ет және ет өнiмдерiн дайындаушылар, қайта өңдеушiлер, өндiрушiлер, сақтаушылар, тасымалдаушылар және сатушылар қолданады.

      2. Осы Ереженiң талабын мал өнiмдерiмен одан алынатын шикiзаттарды дайындайтын (сою), қайта өңдейтiн, сақтау қоймалары, және сатумен айналысатын заңды және жеке тұлғалар, базарлардағы ветеринариялық-санитариялық сараптау лабораториялары, мемлекеттiк ветеринариялық мекемелер, сонымен қатар арнайы аумақтарда ветеринариялық мемлекеттiк қадағалау жүргiзетiн ветеринариялық инспекторлар орындаулары тиiс.

2. Осы Ереженi пайдаланудағы негiзгi түсiнiктеме

      3. Осы Ережеде мына төменде аталған негiзгi терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) ветеринариялық тексерiп қарау - малдарды клиникада мал дәрiгерiнiң/ветеринар фельдшер/қарауынан өткiзу;
      2) ветеринариялық-санитариялық баға - ветеринариялық санитариялық сараптаушының тексерген нәтижесi бойынша мал өнiмдерiн пайдалану жолдары;
      3) iшкi мүшелерi - жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, асқазан, iшек, көк бауыр, жатыр, мал ұшасынан алынғандар;
      4) ветеринариялық санитариялық тексерiп қарау тәртiбi - малды союдан кейiнгi өнiмдi ретiмен зерттеудiң кешендi сызбанұсқасы.
      5) өнеркәсiптiк қайта өңдеу - қасапхана немесе ет кәсiпорындарында ет өнiмдерiн /колбаса, консервалық, өңдеу т.б./ мөлшерлiк/нормативтiк/ құжаттарға сай өңдеу;
      6) А тiзiмi - жұқпалы аурулар тiзiмi, адамдардың денсаулығына қауiптi, әлеуметтiк экономикалық қиыншылық жағдай тудыратын және мал өнiмдерiнiң халықаралық саудасы үшiн үлкен маңызы бар, ұлттық шекарада тез тарау қабiлеттiгiне ие жұқпалы аурулар;
      7) Б тiзiмi - жұқпалы аурулар тiзiмi, адамдардың денсаулығына қауiптi, әлеуметтiк экономикалық қиыншылық жағдай тудыратын және мал өнiмдерiн халықаралық саудасы үшiн үлкен маңызы бар, елден тыс тез тарау қабiлеттiгiне ие жұқпалы аурулар;
      8) қосымша өнiм (субпродукты) - малдарды өңдеу кезiнде алынатын iшкi мүшелер, бас, құйрық, құлақ, сирақ, желiн;
      9) сойыс малы - сою пунктiне немесе қасапханаға жеткiзiлген союға арналған ауылшаруашылық малдары;
      10) мал соятын орын - мал союға жабдықталған, ветеринариялық санитариялық талапқа сай құрылым;
      11) жою - мал өлексесiн, ветеринариялық конфискаттарды өртеу арқылы немесе арнайы биотермиялық ямаларда көму арқылы жою;
      12) утилдеу - мал өлекселелерiн, ветеринариялық конфискаттарды техникалық тамақ өнiмдерiне қайта өңдеп залалсыздандыру;
      13) ветеринариялық конфискаттар - ветеринариялық-санитариялық сараптаудың қорытындысы бойынша тамаққа жарамсыз деп табылған мал өнiмдерi;
      14) тазалау (зачистка) - ұшаның сыртқы және iшкi жақтарынан, ішкi органдардан, ұйыған қандарды, iрiңдердi, соғылған, былғанған жерлерiн тазалап алып тастау;
      15) лажсыздан сойылған мал - емдеудiң экономикалық тиiмсiздiгiн ескере отырып лажсыздан сойылған ауру малдар.

3. Сойылатын малдарды сояр алдындағы
тексеруден өткiзу тәртiбi

      4. Сойылатын малдардың категориясына жататындар: мүйiздi iрi қара (енеке, қодас) шошқалар, қойлар, ешкiлер, қояндар, жылқылар, қашарлар, түйелер, үй құстарының барлық түрлерi.

      5. Союға тек сау таза малдар ғана жiберiледi.

      6. Союға тиым салынатындары:
      1) ауру немесе күдiктi сiбiр жарасы, қарасан, iрi-қара, түйе чумасы, құтырма, тырысқақ, брадзот, және тағы басқа жұқпалы аурулармен ауыратындар.
      2) жанталасу жағдайындағы малдар, тек мал дәрiгерi ғана анықтай алады;
      3) сiбiр жарасының вакцинасымен егiлген және емделгеннен кейiн 14 күн, ящурға (аусылға) егiлгеннен кейiн 21, және емдеуге антибиотиктер қолданғанда нұсқауда көрсетiлген уақыт өтпейiнше;
      4) жылқылар маңқа ауруына тексерiлмесе;
      5) туғанына 14 күнге жетпеген малдар, клиникалық аурулардың белгiлерi бар, диагнозы белгiсiз болған жағдайда, дене температурасы қалыптағыдан төмен не жоғары болса, құстар орнитозбен, гриппен, Ньюкасл ауруымен ауырғанда;
      6) сояр алдында малдарды ветеринар маман алдын ала қарап тексередi; температурасын, пульсiн, дыханиясын (дем алысын), көрiнетiн сiлекей қабықтарын, аппетитiн 1 қосымшаға сәйкес;
      7) ветеринариялық препараттармен домдалған жануарларды сою мерзiмi және олардың еттердегi рұқсат етiлетiн ең төменгi мөлшерi осы Ереженiң 2 Қосымшасына сәйкес болуы тиiс.

      7. Ауылдық округтарда сояр алдындағы алдын ала тексерудi, сойылғаннан кейiнгi тексерудi сол аймақтың ветеринар инспекторы жүргiзiп "Алдын ала тексеру" клеймасын қояды.

      8. Мал өнiмдерiмен шикiзаттарын базарларда сататын, сою орындарында, қайта өңдеу, сақтау орындарында сояр алдындағы алдын ала тексерудi, сойылғаннан кейiнгi тексерудi сол бөлiмдердiң ветеринар мамандары және ветеринариялық-санитариялық сараптау лабораториялары жүргiзедi.

      9. Клиникалық тексеруден базарларда сатылатын малдарда өтiлуi тиiс.

      10. Ветеринариялық қадағалаудың қорытындысы арнайы үлгiде бекiтiлген журналдарға тiркеледi.

      11. Ветеринариялық куәлiктердi алдын ала тексерудiң және сойылғаннан кейiнгi ветеринариялық-санитариялық сараптаудың толық қорытындысын, және (шошқа, аю, түйе) еттерiн трихинеллезге тексерген қорытындысын көрсетпей беруге қатаң тиым салынады.

4. Iрi қара малдарының сойылғаннан кейiн ұшасы мен iшкi органдарын тексеру

      12. Iрi қара малдарының сойылғаннан кейiнгi ұшасы мен iшкi органдарын зерттеудiң ретi:
      1) Басты зерттеу. Басты терiден алып тастайды, тiлдi ұшынан және екi жанынан кеседi жақтан еркiн түсiп тұруы керек. Тiлдi, ерiндi, ауыз қуысының сiлекей қабықтарын қарап қолмен ұстап тексередi. Тiлдi сiлекейден және жем-шөп қалдықтарынан тазалайды. Егерде тiлде патологиялық өзгерiстер жоқ болса оны кесiп қарамайды. Жақтың, жұтқыншақтың (орта және шеткi) құлақ түбiнiң лимфа түйiндерiн ашып тексередi.
      Жақтың бұлшық еттерiн сыртқысын қарама-қарсы екi кесіндiмен iшкiсiн бiр кесiп әрбiр жағын цистицеркозға тексередi.
      2) Iш құрылыс мүшелерiн зертеу - Iшкi құрылыс мүшелерiнiң құрамына өкпе кеңiрдегiмен, жүрек, бауыр өт қабымен, көк ет және қарын жатады.
      Өкпенi сырт жағынан және ұстап қарайды. Бронх бездерiн трахеобронхит бездерiн, оң және сол бронх бездерiн, ортаңғы, кадуалды, краниалды бездерiн ашады. Кеңiрдек пен бронхты және өкпе паренхимасын өкпенi ұзына бойына iрi бронхтардың бағытына қарай кесу арқылы тексередi.
      3) Жүректi зерттеу. Жүрек қабын ашады. Жүректiң сыртқы сiрi қабығы және жүрек қабының жағдайын тексередi. Содан кейiн жүректiң оң және сол бөлiгiн үлкен крвизина арқылы тiледi, бiр мезетте жүрек қапшығы/предсердий/ мен қабығын/желудочков/ ашады.
      Жүректiң бұлшық ет қабатын /миокард/, жүректiң ішкі қабығы /эндокард/ жүрек қан тамыры және қалқанын қарайды. Жүрек бұлшық еттерiн тесiп алмай ұзына бойына және көлденеңiнен бiрнеше тiлiктер жүргiзедi /цистицеркоз/.
      4) Бауырды зерттеу. Бауырды сырттай қарап, ұстап тексередi көк ет және виссералды жағынан қарайды. Көк ет бауырға жабысқан жағдайда ажыратады, бауырдың патологиялық өзгеруiне /абсцессы/ қарап перенхимасын тексередi. Порталды лимфа түйiндерiн тiлiп қарайды және өт жолына қарай тесiп алмай 2-3 рет тiледi.
      5) Көк бауырды зерттеу. Көк бауырды сыртынан қарап тексередi, содан кейiн бойлай тiледi және оның сыртқы-iшкi түрлерiн анықтайды.
      6) Бүйректi зерттеу. Бүйректi капсуладан шығарады. Ұстап көредi. Патологиялық өзгерiс барын байқаған жағдайда тiледi. Бiр мезетте бүйректiң лимфа түйiндерiн тексередi.
      7) Желiндi зерттеу. Желiндi мұқият қолмен ұстап тексерiп қарайды. Қатарынан 1-2 жерден терең тiлiк жүргiзедi. Лимфа түйiндерiн ашып тексередi.
      8) Ішек қарынды зерттеу. Оның сiрi қабығы жағынан қарайды. Бiрнеше асқазан және лимфа түйiндерiн кесiп көредi. Керек болған жағдайда iшек қарынның кiлегейлi қабығын ашып қарайды.
      9) Жатыр мен аталық ұрық бездерiн, қуық, ұйқы безiн зерттеу. Қарап тексередi, керек болған жағдайда ашып кесiп көредi.
      10) Ұшаны тексеру. Ұшаны сырт жағынан және iшкi жағын қарайды ұйыған қандарға, өсiндiлерге, сүйегiнiң сынғандығына және тағыда басқа патологиялық жағдайларға көңiл аудару керек. Керек болған жағдайда негiзгi лимфа бездерiн сырттай және кесiп қарау керек, және мойынның, белдеменiң, анконустың бұлшық еттерiн кесiп цистицеркозға тексередi.
      11) Ұшаның мынадай негiзгi лимфа түйiндерi тексеруден өтуi тиiс: мойынның артқы терең безi, қабырға-мойын, бiрiншi қабырға, қолтық асты немесе жауырын асты, мойын сырты безi, төстiң алдыңғы/жұп және тақ/, төстiң үстi, қабырға арасындағы, үстiңгi ортақабатты, астыңғы ортақабатты, белдiң, жамбастың сыртқы және жамбастың кемiк басы, жамбастың медиалды, латералды бездерi. Құйымшақ, шап бездерi. Бұзауларды тексергенде кiндiгiн және аяқ буындарын қарайды.

5. Ұсақ малдардың ұшасымен iшкi органдарын
сойылғаннан кейiнгi тексеру

      13. Ұсақ малдардың iшкi мүшелерiн және ұшасын тексеру iрi қара малдардың тексеру тәртiбiндей тексередi.
      Казеозды лимфаденитке тексеру үшiн мойынның сыртқы және тiзе буыны тексерiледi.

6. Шошқаны союдан кейiнгi iшкi мүшелерiн және
ұшасын қарап тексерудегi ерекшелiгi

      14. Союдан кейiнгi шошқаның iшкi мүшелерi мен ұшасын зерттеу методикасы негiзiнен iрi қара малды союдан кейiнгi зерттеуiндей, бiрақ кейбiр ерекшелiктерiн атап өту керек:
      1) Шошқада жақ асты бездерiн, көмейдiң шырышты қабығын, өңеш үстiндегi миндалиндi мұқият тексеру қажет. Цистицеркозға зерттеу жүргiзу үшiн қосымша желке бұлшық еттерiн және көк етiн, қажет болған жағдайда жауырын-шынтақ, бел, жамбас кесiп қарайды. Көк етiн алып трихинеллоскопияға зерттеу жүргiзедi.
      2) Бас маңайында жақ асты бездерiнен басқа қосымша бездер бар. Олар жақтың арт жағында сiлекей бездерi күре тамырға бөлiнген жерде орналасқан.
      3) Ортаңғы қабатты үстiңгi лимфа түйiндерден тек кранильный ғана болады. Олар өте құбылмалы саны жағынан /1-5/, орналасқан жерi алдыңғы аорта доғасы. Шошқада оң және солдан басқа, ортаңғы /астыңғы/ бронхиальды лимфа түйiндерi бар. Кеңiрдек бронхқа бөлiнетiн бұрышында орналасқан, кейде сол бронхиалды лимфа түйiнiмен қосылып бiрыңғай конгломерат түзедi.
      4) Шошқада iрi қара малдан айырмашылығы көкбауыр лимфа түйiндерi бар. Көк бауыр артериясын жағалай орналасқан.
      5) Шошқада төс, қабырға аралық және қолтық асты лимфа түйiндерi болмайды. Мойын үстi лимфа тйiндерi үш топқа бөлiнедi; үстiңгi, астыңғы және ортаңғы.
      6) Тiзе асты лимфа түйiндер шошқада екi топқа бөлiнедi: терең және сыртқы. Сыртқысы жиi кездеседi.
      Шошқаның топшы асты бiрiншi қабырғасының лимфа түйiндерi қара малға қарағанда жақсы жетiлген. Ортаңғы және жанындағы бел, құймышақ, бүйрек, жамбастағы лимфа түйiндер үлкен семiз шошқаларда майынан көрiнбейдi және сау шошқада бiлiнуi қиын.

7. Жылқы малын сойғаннан кейiнгi iшкi мүшелерiн,
ұшасын қарап тексерудiң ерекшелiгi

      15. Лимфа түйiндерi жылқы малында, ұсақ түйiндерден құралған пакет түрiнде көрiнедi. Жылқыда қосымша тiласты лимфа түйiндерi жақ аралық кеңiстiкте болады, төменгi жақтың тармақтану бұрышында, шынтақ буынына жақын иық сүйекте, иықтағы екi басты және үш басты бұлшық етiнде.
      Басты зерттеу кезiнде жақ асты тiл асты лимфа бездерiн кеседi, танау, ауыз, мұрынның шабылған жерiн қарайды. Жылқының iшкi құрылысын тексерген кезде кеңiрдек, үлкен бронхтардың кiлегейлi қабығын қарайды. Бронхтағы барлық бездерiн, кеңiрдектiң бойлай орналасқан бездерiн кесіп ашып қарайды. Өкпенiң екi бөлiгiнде екi қисық тiлiктер кеседi және сол кесiлген жердi ұстап көредi.
      Жылқы ұшасын тексергенде қосымша бұлшық еттерiн iшкi жағынан меланомаға тексередi. Жылқы малының қалған тексерулерi iрi қара мал ұшасын тексергенмен бiрдей.

8. Мал өнiмдерiмен одан алынатын шикiзаттарды ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргiзгенде "A" тiзбесiне кiретiн жұқпалы аурулардың
ветеринариялық-санитариялық бағасы

      16. Аусыл. Сойыс малының ет және басқа өнiмдерiн шикi түрiнде шығаруға тиым салынады.
      Осы аурумен ауырған, ауруға қарсы егiлген /21 күнге дейiн/  немесе ауырады деген күдiк болған жағдайда, жайсыз, ауру қаупi туған аймақтан келген малды сойғанда етiн өңдеуге колбаса өндiрiсiне жiбередi, пiсiруге, ыстауға, консервлеуге. Еттi қайта өңдеуге жiберуге мүмкiн болмаған жағдайда қатты қайнатып пiсiрiп зарарсыздандырады.
      Жамбас және төс, бел және басқа бұлшық еттерiнде көптеген ұсақ және ұлғайған некрос ошағы анықталған жағдайда, сонымен қатар аусылдың ауыр түрi - аяғы, желiнi, және басқа мүшелерi мен ұшасы шiрiп, iрiңдеген жағдайда мүшелерiн пайдаға асыруға (утилге) жiбередi.
      Ішек қарны, қуықты жекелеп басқа шикi заттарға қоспай технологиялық өңдеуден жуудан сыртынан және iшiнен 0.5% формальдегид ерiтiндiсiмен немесе қаныққан тұз ерiтiндiсiмен, 0.08% сiрке қышқылының концентрациясымен, iшектi 4 сағат, қарын мен қуықты 24 сағат жуып өңдейдi. Жуып зарарсыздандырылғанан кейiн қайта пайдаға асыруға жiбередi.
      Малды азықтандыруға арналған қалған /боенские/ қалдықтар соның iшiнде қан, фибрин т.б. тек 80 О С-та 2 сағат қайнатылады немесе қайта өңделiп құрғақ азық шығаруға жiберiледi.
      Мүйiз, тұяқ, қылшық, 1% формальдегид ерiтiндiсiмен дезинфекциялайды содан кейiн шектеу қойылмай шығарылады.
      Шаруашылықта аусылмен ауырған мал сойылған жағдайда оның етi және басқа өнiмдерi тек қайнатылғаннан кейiн және тек сол шаруашылықтың iшiнде пайдалануға болады. Шикi түрiнде шаруашылықтан сыртқа шығаруға тиым салынады. Терi, мүйiз, тұяқ, шаш және қылшық дезинфекциялауға жатады.

      17. Күлдiреуiктi ауыз уылуымен ауырған немесе ауырады деген күдiк тудырған амалсыз сойылған мал оның етi және басқа өнiмдерi тексеруден өткiзiледi, содан әрi өндiрiсте қайта өңделедi.
      Терiсi дезинфекцияланады.

      18. Шошқадағы күлдiреуiк ауруымен ауырған немесе ауырады, жұқты деп күдiктенген шошқа сойысқа түссе одан алынған ет және басқа өнiм консерв, колбаса т.б. шығаруға жiбередi.
      Субпродуктары (қосымша өнiмдерi) қабылданған технологиялық режимдi сақтай пiсiрiлген колбаса, және консерв өндiру үшiн пайдаланылады.
      Шошқа сойылған өндiрiсте сүйектi майын ерiтiп алғаннан кейiн, iшек қарынның сiлекейлi қабығын, тұяқтарды құрғақ азыққа қайта өңдейдi.
      Iшектер, қуық, өңештi 0.5% формальдегид ерiтiндiсiмен бiр сағаттай тазалайды кейiн сумен шайқайды содан кейiн өндiрiстiң iшiнде пайдаланады. Iшек қарын және басқа шикiзаттар көрсетiлген тәсiлдермен зарарсыздандырылмаған күйiнде пайдаға асыруға (утилге) жiберiледi. Ауырған, жұқты деп күдiк тудырған шошқаның терiсi зарарсыздандырылады.

      19. Iрi қара, ұсақ күйiс малдарының оба ауыруы.
      Оба ауруы анықталған жағдайда сойылған малдың ұшасын, қанын, терiсiн және қалған өнiмдерiн өртеп жояды.
      Обамен ауырып жазылған малдардың ет және субпродуктоларын пiсiрiлген колбаса немесе консервi дайындауға жiбередi.
      Терiсi зарарсыздандырылады.

      20. Түйе обасы. Ауру анықталғанан кейiн түйе ұшасын және басқа өнiмдердi /с.қатар терiсiн/ жояды.
      Қалған өнiмдердi /аяқ, желiн, құлақтар, қан және басқалары/ ауру мал мен қатар сойылған сау мал араласып кеткен жағдайда барлығын бiрдей жояды.

      21. Iрi қара малының жұқпалы плевропневмониясы.
      Ұшасы және iшкi мүшелерiн қайнатуға немесе қайта өңдеуге колбаса консервi жасауға жiбередi.
      Патологиялық өзгерiстерi бар мүшелерiн пайдаға асыруға (утилге) жiбередi.
      Ішектерi тазаланып, тұздалғаннан соң жалпы негiзде пайдаланады.
      Ауыру малдан алынған терi зарарсыздандырылады.

      22. Қой және ешкiнiң жұқпалы дерматиттi эктимасы.
      Зарарсыз iсiк түрiнде ауру мал ұшасын және iшкi мүшелердi патологиялық өзгерiстер болған жерiн алып тастағаннан кейiн iсiк бар ткань өндiрiстiк қайта өңдеуге жiберiледi.
      Шiрiп iрiңдеген түрi болғанда ұшасы iшкi мүшелерiмен қосып пайдаға асыруға жiберiледi.
      Терiсi дезинфекцияланады.

      23. Блутанг /Синий язык, Инфекционная катаральная лихорадка/. Ауру бiрiншi рет аздаған түрде анықталғанда барлық өнiм жойылады.
      Көп ауру шыққан кезде еттерi және басқа мүшелерi өндiрiстiк қайта өңдеуге немесе қайнатуға жiберiледi. Ұшасы дистрофиялық өзгерiске ұшыраған, терi асты клеткасына қан ұйыған, болмаса қатты арық болса iшкi мүшелерiн, басын, аяқтарын пайдаға асыруға (утилге) жiбередi.
      Ауырған немесе ауру жұқты деген қауiп болған жағдайда терiсi дезинфекциялайды.

      24. Малдың күл шешек ауруы. Iрi қара мал, қой ешкi және жылқы залалсыз iсiк түрiнде ауырған болса және пустулдар жазыла бастаса патологиялық өзгерiстер бар iсiктi ткандарды тазалағаннан соң қайта өңдеуге жiберiледi.
      Ұшасы, басқадай өнiмдерi гемморрагиялық формада болса (утилге) пайдаға асыруға жiберiледi.
      Терiсi дезинфекцияланады.

      25. Жылқы обасы /африканская/.
      Союдан кейiнгi сараптауда анықталған, ауруға шалдыққан барлық өнiмдер, өртелiп жойылады.
      Ауырып жазылған малдың етi және басқа өнiмдерi пiсiрiлген колбаса немесе консервi дайындауға жiберiледi.

      26. Шошқа обасы /африканская/.
      Союдан кейiнгi сараптауда ауруға шалдыққан болса барлық өнiм, терiсiмен қоса өртелiп жойылады.
      Бiрiншi шыққан қауiптi аймақтан алынған ет және басқа өнiмдер колбаса, консервi немесе қайнатылуға жiберiледi. Одан дайындалған өнiм тек сол қауiптi аймақтан басқа жаққа шығарылмайды. Дистрофиялық өзгерiске ұшыраған ұша және қан ұйыған бұлшық еттер және iшкi мүшелер басқа өнiмдерiмен бiрге өртеп жойылады.
      Сүйектер, қан, және субпродукталары сонымен қатар қан-жын калдықтары қайта өңделiп сүйекпен еттi үн тәрiздес жемге қайта өңдейдi немесе 2,5 сағат қайнатылып құсқа беретiн азық дайындалады ол да қауiптi аймақтан шығарылмайды.
      Терiсi дезинфекцияланады.

      27. Шошқа обасы /классическая/. Ауырған малдан алынған өнiмдердi оның ұшасын шикiдей шығаруға тиым салынады.
      Дистрофиялық өзгерiске ұшыраған ұшаны iшкi мүшелерiн (утилге) пайдаға асыруға жiбередi.
      Патологиялық өзгерiске ұшырамаған ұшаны iшкi мүшелерiн пайдалану жайындағы шешiм сальмонеллезға бактериологиялық зерттеуден кейiн анықталады. Салмонелла бар екенi анықталған жағдайда iшкi мүшелерiн (утилге) пайдаға асыруға жiбередi, ұшасы қайнатылғаннан кейiн консервi дайындауға жiберiледi. Iш майы ерiтiледi.
      Сальмонеллез болмаған жағдайда ұшасын, шпик және iшкi мүшелерiн қайта өңдеуге колбаса консервi жасауға немесе қайнатуға жiберiледi.

9. Мал өнiмдерiмен одан алынатын шикiзаттарды ветеринариялық-санитариялық сараптауда анықталған "Б" тiзбесiне кiретiн жұқпалы аурулардың ветеринариялық-санитариялық бағасы

      28. Сiбiр жарасы барлық үй жануарларында және жабайы аңдарда сонымен қатар адамда болады.
      Сiбiр жарасының қоздырушысы - тiк, қозғалмайтын таяқша капсула және спора түзедi. Бактериоскопия жасау кезiнде қисық түрде немесе төменгi жағы үрленген сияқты түрлерi кездеседi. Метиленовый көк қағазбен бояғанда қара көк түрге, ал капсулы көгiлдiр түске боялады.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Iрi қара малды союдан кейiнгi қарап тексергенде сiбiр жарасын мынадай белгiлерiне қарап анықтауға болады: терi асты клеткасында әртүрлi көлемдегi қоймалжыңданған iсiк, карбункул болады /көбiне бас қабығында, мойында, төсте, қарында, аяқтарда кездеседi/ ортаңғы қабатты iшектiң жанында, ауызда /тiл, ерiн, таңдай/ алғашында күлдiреп шығады.
      Карбункул орналасқан маңайдағы қызмет ететiн лимфа түйiндерiнiң көлемi ұлғайған, тығыз, қызыл кейде жасыл сарғыш ұйыған қан тәрiздi немесе ұсақ точка түрiнде iшектерде болғанда лимфа түйiндерi өзгередi және iшектiң кiлегейлi қабығында қабыну процесс болады.
      Атипиялы формада патологиялық өзгерiстер барлық уақытта байқалмайды. Белгiлi мөлшерлерде жекеленген органдарда шектеулi болады. Бұндай жағдайда ұйыған қан, немесе үдемелi қан кернеуi әр тканде, терi асты клеткада, лимфа түйiндерi үлкейiп, қатайып кетедi.
      Ұсақ мүйiздi малда өткiр тез және карбункул формасындағы сiбiр жарасы болады. Ең соңғы жағдайда терi асты клеткада және регионарлы лимфа түйiндерде гемморагиялық iсiктер болады.
      Жылқы да патологиялық өзгерiстер iрi қара малдағыдай.
      Атипиялы форма кезiнде дененiң әр бөлiгiнде шектеулi жергiлiктi жарақаттар және сонымен қатар очаговый, фибринозный плеврит байқалады.
      Шошқада патологиялық өзгерiс тамағында /ангинозная форма/ және iшекте, негiзiнен жаппай хронически жекеленген органдарда, ткандерде, кездеседi, қатарлас органдарға жұқпаған жағдайда көкбауырдың үлкейгенi байқалмайды.
      Шошқада тамақ ауырғанда /ангинозной/ патологиялық өзгерiстiң ерекше белгiсi қоймалжың түссiз немесе сарғайған қан ұйыған iсiк түрiнде болады. Бұндай жағдайда процесс мендалиндерi, тiлiнiң кiлегейлi қабығында дифтериялық қара сұр түстерге дақтар гемаррогия, түрiнде таралуы мүмкiн. Созылмалы түрдегi тамақ iсiгi болғанда және кiлегеилi қабықта дақтар болмайды. Бiр немесе бiрнеше лимфа түйiндерi /көбіне жақасты, желке, құлақ маңайы, мойында/ жарақаттанады. Лимфа бездерi қоңыр қызыл түстi қан ұйыған ұлғайған болады.
      Ішектегi түрiнде шошқада ең бастысы iшекте созылмалы шектеулi гемморрагиялық iсiк болады. Көбiне қабыну процесстерi сiрi қабығында өтiп некроз сарғыш жасыл немесе жасыл сұр түстi пайда болады. Жергiлiктi шажырқай лимфа бездерi сiбiр жарасына тән өзгерiстерге ұшырайды.
      Сөйтiп, ветеринариялық санитариялық сараптау кезiнде шошқаның ұшасы мен мүшелерiн қарап тексергенде тамағын, өңешiн, жақасты, желке, құлақ маңайы, лимфа бездерiн қарау мiндеттi.
      Шошқадағы ciбip жарасының атипия түрi кезiнде белдегi лимфа бездерi және бүйректiң /корковый/ қабатында қан ұйыйды, ұшадан қан толық ақпағаны бiлiнедi.
      Сiбiр жарасының атипиялы түрi үй жануарларында барлық уақытта анық болмайды, ауруды анықтауда қиыншылық туғызады. Сол себептен патологиялық өзгерiстi анық болмағанда ұшамен мүшелерiн тексеру кезiнде сiбiр жарасын анықтау үшiн бактериологиялық зерттеу жүргiзу керек.
      Санитариялық бағалау. Ciбip жарасы бар деген күдiк туғанда ұшадан сынамалар алынады: дененiң өзгерiске ұшыраған бөлiгiнен, лимфа бездерiн қоршаған тканьдерiмен, көк бауырдың бiр бөлiгiн алып лабораторияға бактериоскопиялық зерттеу жүргiзуге жiбередi. Зерттеудiң нәтижесiн алғанға дейiн ұшаны жекелеп белгiленген жерде сақтайды.
      Ciбip жарасы ауруы анықталған соң малдың ұшасын, мүшелерiн және терiсiн бактериологиялық зерттеу нәтижесiн күтпестен ветеринариялық санитариялық тәртiп бойынша өртеп жояды.
      Сiбiр жарасы ауруымен ауырған малдың ұшасынан, қалған өнiмдерi, басқа сойыс малымен араласып кеткен жағдайда барлығы өртелiп жойылады, терiсiн мал өнiмiнiң шикiзаттарын дезинфекциялау туралы нұсқау бойынша дезинфекциялайды.
      Бөлменi дезинфекциялау. Базардың ветеринариялық санитарлық сараптау лабораториясындағы барлық өнiмдердi ciбip жарасы ауруы бар ұшамен қосылмаған болса алып тастайды, содан кейiн үш қайтара дезинфекциялайды. Бөлме мен құрал жабдықтарды 10% едкии натридiң ыстық ерiтiндiсiмен немесе 5% активтi хлорлы известiң ерiтiндiсiмен бiр сағат содан кейiн екi сағаттан кейiн қайталап аталған ерiтiндiлермен дезинфекциялайды.
      Вилкалар, мусат және металл бұйымдарын 30 минут қайнатады, киiмдердi автоклавта зарарсыздандырады.

      29. Ауески ауруы /жалған құтыру/. Сойылғаннан кейiнгi диагностикасы. Патологоанотомиялық өзгерiс тән емес. Терi асты клеткада таралатын жерде серозды және геморрагиялық экссудат, ауыздықтың кiлегейлi қабығы iсiк, жара және дифтериялық бөртпе болады. Миндал iрiңдейдi, танауы қабынады /серозный ринит/ гиперемия және өкпе iсiнедi. Көкбауыр, бауыр лимфа түйiндерiнде өзгерiс болмайды, ал бүйректе қан ұйыған точкалар болады.
      Санитариялық бағалау. Мал ұшасында дегенеративтi құбылыс немесе басқа бұлшық еттерде патологиялық өзгерiстер болған жағдайда ұшаны және мүшелерiн пайдаға асыруға (утилге) жiбередi.
      Патологиялық өзгерiс байқалмаған жағдайда ұшаны және мүшелерiн пайдалану туралы шешiмдi сальмонеллезға бактериологиялық зерттеуден кейiн анықтайды.
      Сальмонеллез анықталмаған жағдайда мал ұшасын және iшкi мүшелерiн қайнатады немесе пiсiрiлген колбаса консервi дайындау үшiн пайдаланады.

      30. Туберкулез. Туберкулез ауруы үй жануарларында, жабайы аңдарда, құс және адамда болатын созылмалы ауру.
      Сойылғаннан кейiнгi жүргiзiлетiн диагностика. Iрi қара малда туберкулез өкпесiнде лимфа түйiндерде болады.
      Үлкен малдарда әдетте өкпесi мен басындағы лимфа түйiндерiнде, кейде бауыр, көкбауыр, бүйрек, желiн, сүйекте және бұлшық етте, жас малда шажырқай лимфа түйiндерiнде болады. Туберкулез кезiнде патологиялық өзгерiс iрi қара малдарда әрқалай экссудатты немесе өсiмтал болып кездеседi. Туберкулездiң өсiмтал түрi бұдырмақ iсiк болады, көлемi мак тұқымындай болып кейiннен ортасынан бастап iрiңдеп, қатайып үгiтiле бастайды.
      Экссудатты формасында диффузды, серозды немесе серозды-фибриозды қабыну болады, қатайған немесе данекер болып тұратын ткандер байқалмайды, қатты сүзбе сияқты ұнтақ болады.
      Экссудатты түрi организм ауруға қарсы түру қабiлетi нашар екенiн байқатады. Сол себептi етте туберкулез бактериясы болады. Iрi қара малда туберкулез алғашқы, екiншi болып бөлiнедi. Алғашқысы қолайлы жағдайлы ағымда известенген, капсулалы, қолайсыз жағдайда сүзбе сияқты некроз пайда болады. Iрi қара малда алғашқы түрi жеңiл плевра немесе жасымық дәнiнiң орман орехiнiң көлемiндей болады, сонымен қатар қатайып извест сияқтанып кетедi. Ортаңғы қабатты немесе бронхиалды лимфа түйiндерде әдеттегiдей байқалатыны бұдырмақ iсiк немесе диффузды түрде, ақыры көлемi ұлғайып, қатаяды. Кескенде сүзбе сияқты сарғыш түстi ұнтақ байқалады. Көп ошақты туберкулез бiрыңғай отырғызған сұр түстi немесе түссiз ұсақ түйiндер байқалады. Бұндай көп ошақта өкпеде тесiк пайда болады. Барлық жағдайда лимфа түйiндерде өзгерiс болады.
      Өкпеден басқа сiрi қабық, бауыр, бүйрек, көк бауыр зақымданады.
      Iрi қара малда бауырда әр түрлi, әр көлемде түйiндер қатты ортасы некрозды болады. Көк бауырда әр көлемде түйiндер.
      Бүйректiң қабық бөлiгiнде көптеген сұр түстi некрозды құрғақ қатты түйiндер сонымен қатар олар лимфа түйiндерiнде де болады.
      Туберкулез кезiнде желiнде қатты тығыз орындар болады. Сүт цистернасында iрiң, сонымен қатар некроз және қатаю болмайды, Лимфа бездерi жарақаттанбаған болады.
      Iрi қара малда бұлшық еттер мен сүйектерде жарақат өте сирек болады, осындай жағдайда қатайған казеозды ортаның ыдырауы байқалады.
      Қой, ешкi малдарында туберкулез өте сирек болады, ең бастысы өкпе мeн желiнде, көк бауырда, сiрi қабықта, лимфа түйiндерде болады. Қойда туберкулез ошағында тез капсула және известь түзедi. Ұсақ мүйiздi малдың сiрi қабығында жемчужинаға ұқсайтын ұлғаю кездеседi.
      Шошқада туберкулезбен ауру тамағында, жұтқыншақта, миндалында, iшектерде болады. Негiзiнен олар толық емес оларды айқындау қиын. Соған қарамастан лимфа бездерi өзгерiске ұшырайды. Олардың көлемi ұлғаяды, тығызданып жасыл-сары түстi болып қатаяды.
      Шошқада туберкулез генерализация процессi сирек байқалады. Ветеринариялық санитарлық сараптау кезiнде шошқада туберкулездi жақ асты бездерiнен табады. Туберкулез ауруы шошқа мүшелерiнде және лимфа бездерiнде әртүрлi болады, ұсақ ақшыл-сұр түйiндер үлкен және өкпеде тесiк (каверн) болуы мүмкiн.
      Жылқыда туберкулез ошақтары, өкпесiнде, бауырында, мұрынның сiрi қабығында және кейде сүйекте болады. Лимфа түйiндерiнде өзгерiстер болады.
      Туберкулездi абсцесс пен гельминт личинкасынан ажырату керек. Анықтау негiзiнде туберкулез ауруы лимфа түйiндерiнде қатайған ыдыраған және әртүрлi дәрежеде үгiтiлген известелген түрде болады.
      Санитарлық бағалау. Бiрмезетте төс және iшек қарын мүшелерi лимфа түйiндерi жарақаттанса ұшаның, семіздiгіне қарамастан ішкі яғни пайдаға асыруға (утилге) жiбередi.
      Ұша, орташа семiздiкте /шошқа ұшасынан басқасы/ туберкулез ауруы лимфа түйiндерiнде iшкi мүшелерiнiң бiрiнде немесе басқа ткандерiнде болғанда, ауру болмаған басқа мүшелерi қайнатылып немесе қайта өңделiп консервi жасалады, ал iш майы ерiтiлiп алады. Туберкулезбен ауырған мүшелерiн және ткандерiн қандай дәрежеде ауырсада пайдаға асыруға /утилизация/ жiбередi.
      Шошқа ұшасында туберкулез ауруы тек жақ асты лимфа бездерiнде /қатайған, үгiтiлген/ анықталған жағдайда алып тастайды, ал басын кедергiсiз жiбередi.
      Туберкулезбен тек шажырқай бездерi ауырған жағдайда iшектерi пайдаға асыруға /утилге/, ал ұшасы және басқа мүшелерi кедергiсiз жiберiледi.
      Жақ асты немесе шажырқай лимфа бездерiнде қатайған, үгiтiлген түрдегi немесе туберкулез ошағы қандай дәрежеде екенiне қарамастан iшектерi пайдаға асыруға /утилге/ жiбередi, ал қалған мүшелерiн қайнатады нeмece қайта өңдеуге консервi дайындауға жiбередi. Шошқа ұшасының лимфа түйiндерiнен туберкулез ауруын анықтаған кезде /коринебактериялы немесе атипиялы микробактерия тудырушы/ шошқа ұшасын және мүшелерiн кедергiсiз жiбередi, ал ауырған лимфа түйiндерiн алып тастап утилге жiбередi.
      Туберкулез ауруымен ауырған малдан алынған терiнi, кедергiсiз жiбередi /дезинфекция жасалмайды/.

      31. Бруцеллез. Бруцеллез ауруы адам мен әртүрлi малдарда болатын ауру.
      Союдан кейiнгi диагностика. Патологиялық өзгерiстер бруцеллезге тән емес, сол себептi союдан кейiн ауруды анықтау қиынырақ. Iрi қара малдiкi - бурсит, iрiңдi артрит, абсцесс, гигромы, орхит, метрит, нефрит байқалады. Шошқада - вагинит, iрiңдi артрит, метрит, остеомиелит, бурсит кездеседi.
      Жылқыда - шоқтықта абсцесс, артриты, желке бұлшық еттерi мен аяқтары, өкпесi iсiнедi.
      Қой мен ешкiде - мастит, вагинит, артриты, бурсит, орхит, бүйректiң қабатында түйiндер әртүрлi көлемде болады.
      Бруцеллез ауруында бастапқыда лимфа бездерi ұлғаяды, кейiннен сарғыш түске айналады және оның маңайында тығыз дәнекерлеушi ткань түзедi, ал кейде iрiң сарғыш жасыл түстi болады.
      Санитариялық бағалау Бруцеллез ауруы анықталған жағдайда ұша мен мүшелердi қайнатады. Iрi қара малының және шошқаның етiн, бруцеллезге тексергенде оң реакция берiп, бiрақ патологиялық өзгерiс болмағанда кедергiсiз жiберiледi.
      Қой мен ешкiден алынған еттерде бруцеллез сезiлгенде, бiрақ патологиялық өзгерiстер болмағанда, ветеринариялық санитариялық ереженi сақтай отырып қайта өңдеп колбаса немесе консервi дайындайды, ал қайта өңдеу мүмкiн болмаған жағдайда қайнатылады.
      Малдың барлық түрлерiнен алынған iшкi мүшелер мен бас клиникалық немесе патологоанотомиялық өзгерiстер болғанда қайнатылады.
      Сиырдың және шошқаның құлақтары, сирақтары, ернi, құйрығы және қойдың басы қайта өңдеудiң немесе қайнатудың алдында жидiтiледi. Ұшасы мен мүшелерiнде патологиялық өзгерiс болған сойылған малдардан алынған терi, сонымен қатар бруцеллез ауруы сезiлген қой мен ешкi ұшасы және мүшелерi дезинфекцияланады.
      Патологиялық өзгерiс болған малдардың iшектер, утилге, бруцеллез сезiлгенде 1% тұзда және 0.5% тұз қышқылында 48 сағаттай 15-25С ұстайды. Майлық коэффициентi 1:2.

      32. Жұқпалы ринотрахеит. Iрi қара малдағы жұқпалы ринотрахеит ауруы iрi қара малдың жоғарғы тыныс алу жолдарының некрозды ауруымен сипатталады.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Танаудың кiлегейлi қабығы, өңеш, кеңiрдектiң қанталауы, көбiктенген жалқық немесе iрiңдеген өкпеде кiшiгiрiм отелактаза, бронх жалқықтанған. Бастың және өкпенiң лимфа бездерi ұлғайған, қан ұйыған.
      Санитариялық бағалау. Ринотрахеит ауруына күдiктенген мал сойылғанда оның ұшасы, iш құрылысы шикi зат түрiнде шығаруға тиым салынады. Патологиялық өзгерiс болған мүшелерiн утилге жiбередi. Паталогиялық өзгерiстер болғанда малдың ұшасы және iшкi мүшелерiне сальмонеллездi анықтау үшiн бактериологиялық зерттеу жүргiзедi. Сальмонеллез анықталған жағдайда iшкi мүшелерiн утилге жiбередi, ал ұшасын қайнатады. Басты, кеңiрдек, пищевод мүйiз, тұяқ және басқа қалдықтарды утилге жiберiп, терiнi дезинфекциялайды.

      33. Лейкоз. Үй жануарларында және құстарда сонымен қатар адамда болатын ауру, қан құрайтын ткандердi iсiндiрiп, қабындырады.  Үй жануарларынан ең көп ауыратын 4-8 жастағы iрi қара мал.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Лимфа бездерi қатты ұлғайған, кескен жердiң жоғары жағы ақ сұр немесе қызғылт сұр түстi қан ұйыған және өте сары немесе қоңыр түстi некроз ошағы кездеседi. Көк бауыр қатты ұлғайған, тығыз, кескен жерi бұдырмақ, ақ сұр түстi қабынып iрiңдеген, кейде некротты фокустары болады. Өкпе өте сирек зақымданады.
      Бауыр қатты ұлғайған, осал, оңай жыртылады немесе май түстi ақ cұp әр түрлi көлемдегi түйiндер болады.
      Жүрекше қабырғасы өте қатты қалыңдайды, кесiлген жерiнде жүрек бұлшық етi май түстi, қан ұйыған, шұбар. Бүйрек ұлғайған. Қалың қабатында көптеген ақ сұр түстi, қан ұйыған сiрi қабығында iсiнген түйiндер кездеседi. Ауру қаңқада бұлшық еттер босаған, ақшыл қызыл түстi сарғыш реңмен май түстi ұлғайған және дегенеративтi өзгерiстер болады.
      Санитариялық бағалау. Бұлшық еттер зақымданған жағдайда, лимфа бездерi және бiрнеше iшкi органдары немесе лейкоз болған жағдайда ұшаны және басқа өнiмдердi утилге жiбередi.
      Жеке лифа түйiндерi зақымданған жағдайда немесе iшкi мүшелерi зақымданса, бiрақ қаңқадағы бұлшық еттерде өзгерiс болмаса зақымданған мүшелерiн утилге жiбередi. Ауырмаған мүшелерiнiң етiн пайдалану жайындағы мәселенi бактериологиялық зерттеуден кейiн шешедi. Гематологиялық зерттеу кезiнде болымды оң нәтиже болса бiрақ патологиялық өзгерiс болмаса ұша және мүшелердi кедергiсiз жiберiледi.

      34. Пастереллез (геморрагиялық септицемия).
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Терi асты клеткаларында, сiрi қабығы мен кiлегейлi қабықта, бұлшық еттерiнде, плеврада көптеген ұсақ ұйыған қан байқалады. Лимфа бездерi ұлғайған, өзгерген, қан ұйыған. Бүйрек пен бауырда дегенеративтi өзгерiстер, көк бауырда өзгерiс болмайды. Ұзақ созылмалы ауру түрiнде төсте серозды фибрионды сұйықтық болады, плевраны жауып тұрады. Өкпе қара қызыл түстi.
      Санитариялық бағалау. Патологиялық өзгерiс немесе азғындық /дегенерация/ болған кезде ұша мен iшкi мүшелердi утилге жiбередi. Патологиялық өзгерiс болмағанда етiн пайдалану мәселесi сальмонеллезға бактериялогиялық зерттеуден кейiн анықталады. Сальмонеллез болған жағдайда iшкi мүшелерiн утилге жiбередi, ал ұшасын қайнатады немесе колбаса, консервi шығаруға жiбередi.
      Терiсi дезинфекцияланады.

      35. Жұқпалы агалактия /сүт шықпау/ ауруы. Қой мен ешкiдегi жұқпалы агалактия /сүт шықпау/ ауруына шалдыққанда желiнде абсцесс және iсiк белгiленедi.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Желiн маңайында терi асты клеткасында, лимфа бездерiнде iсiк. Серозды-фибриозды артрит. Лимфа бездерi ұлғайған. Бүйректе фокусный нефрит және дәнекер болып тұратын тканда инфилтрация.
      Санитариялық бағалау. Патологиялық өзгерiстер болғанда утилге жiбередi. Зақымданбаған iшкi мүшелерi мен ұшасын қайнатады немесе қайта өңдеуге колбаса консервi дайындауға жiбередi.

      36. Қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Ащы iшекте жолақталып ұйыған қан. Лимфа түйiндерi қызарған, бүйрек қанталаған, езiлiп кеткен. Бауыр сұр-топырақ түстi өзгерген, жолақтанып ұйыған қан, жүректiң бұлшық етi босаған.
      Санитариялық бағалау. Ұшаны, iшкi органдарымен, терiсiмен жояды.

      37. Вирусты гастроэнтерит (трансмиссивтi).
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Шажырқай бездердiң қабынуы, гиперемириясы байқалады. Бауыр бозарады, азғындап өзгередi. Бүйрек капсуласының астында ұсақ ұйыған қан. Жүрек босаңсыған, сұр түстi.
      Санитариялық бағалау. Ауырған малдың және шошқаға жұқты деген сезiк болса ұшасы мен iшкi мүшелерi қайнатылады немесе қайта өңдеуге колбаса, консервi дайындауға жiбередi. Арық ұшаны утилге жiбередi. Терiнi дезинфекциялайды.

      38. Шошқаның энозоотиялық энцефаломиелитi.
      Союдан кейiнгi диагностика. Патологиялық өзгерiс нашар көрiнедi. Iшкi мүшелерi қанталаған ұзақ созылмалы ауру түрiнде қаңқа бұлшық еттерi атрофияға ұшыраған, өкпенiң қабынуы байқалады /катаральная пневмония/.
      Санитариялық бағалау. Ұша мен iшкi мүшелерiнде бұлшық еттерiнде азғындаған (дегенеративтi) өзгерiс болғанда утилге жiбередi. Ұшаның бұлшық еттерiн және iшкi мүшелерi азғындаған (дегенеративтi) өзгерiс болмаса қайнатып немесе колбаса консервi дайындауға жiбередi. Терiнi дезинфекциялайды.

      39. Қарасан /эмфизематозный карбункул/.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Ұшаның әр бөлiгiнде iсiк, басқан кезде сықырлайды, кесiлген жерi құрғақ, қара қоңыр түстi немесе боз сарғыш көпiршiктер болады. Ұшаның лимфа түйiндерi ұлғайған, қанталаған және ылғалды. Сiрi қабығыда қанталаған. Бауыр, көк бауыр аздап ұлғайған, бүйректе некрозды ошақтар.
      Санитариялық бағалау. Ұшаны iшкi мүшелерiмен және терiсiмен жояды.

      40. Маңқа /Сап/. Маңқа ауруы тақ тұяқты/ жылқы, есек, қашыр/ кейде түйеде кездеседi. Өкпеде және басқа мүшелердiң кiлегейлi қабықтарында жаралар және түйiндер кездеседi. Маңқа ауруымен адамдарда ауырады.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Өкпеде және басқа мүшелерде маңқа түйiндерi көлемi тары, бұршақ дәнiндей, үлкен түйiндер түзедi. Ауру өкпеде диффузды болғанда қара қызыл түстi болып, ақырында үгiтiледi. Маңқа түйiндерiн жара немесе тыртықты өңеште, бауырда, кеңiрдектe, бронхта және ортаңғы қабатты лимфа түйiндерiнде, көк бауырда, бүйректе және басқа мүшелерде кездестiруге болады.
      Тақ тұяқтылардың ұшасы мен iшкi мүшелерiн ветеринариялық санитариялық сараптау кезiнде мiндеттi түрде басын, танау қуысын шауып мұқият қарайды.
      Санитариялық бағалау. Маңқа ауруы анықталғанда ұшасы, ішкi мүшелерiн және терiсiн жояды.
      Маңқа ауруын қоздырушы бар деп күдiктенгенде ұшасын қайнатады мүмкiн болмаған жағдайда утилге жiбередi. Iшкi мүшелерiнде утилге жiбередi. Маңқа ауруымен ауырған немесе маллеинге оң әсерiн тигiзушi малдарды союға жiбермейдi және жояды.

      41. Актиномикоз. Үй және жабайы жануарларда болатын ауру. Мал мен адамның әртүрлi ткандерi мен органдарын зақымдайтын созылмалы ауру. Шошқа, жылқы, қой және адам тез қабылдайды. Қоздырушысы сәулелi уақ саңырауқұлақ.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Жұқпалы түйнектелiп өскен және демеп тұрушы капсуласы қатты ұлғайған, iрiңдi болады. Көлденең кесiлген жерiндегi iсiк томпайып тұрады, томпайған жердi басса ақшыл сары түстi iрiң шығады, қолға жұқпайды, құрғақ емес. Iрi қара малда актиномикоз ернiнде кiлегейлi қабық астында, тiл бездерiнде, сүйекте, өкпеде, бауырда және терiде болады. Тiлде түйiндер болады. Тiл ұлғайған қатты ағаш тәрiздi. Бiр мезетте бас лимфа түйiндерi зақымданады. Актиномикоз көбiне жақтың жоғарғы және төменгi жағында болады.
      Өкпе және бауыр капсула түрiнде iрiңдеген друз болмайды, осындай жағдайда лимфа бездерi зақымданбайды.
      Актиномикоз терiде қатты iсiк түрiнде және жақтың төменгi жағында орналасқан.
      Шошқада актиномикоз сүт бездерiнде және iшкi мүшелерiнде сонымен қатар ұшаның артқы бұлшық еттерiнде болады.
      Қойларда актиномикоз ернiнде, тiлiнде және өкпесiнде, ал жылқыда тiл және сүйекте, аталық ұрық безiнде болады.
      Санитариялық бағалау. Актиномикозбен ауырған малдың басын бұлшық еттерiн сүйектi утилге жiбередi. Бастың бездерi ауырғанда бездерiн алып тастап басты қайнатуға жiбередi.
      Тiлдiң аздаған бөлiгi жарақаттанса және iшкi мүшелердiң жарақаттанған жерiн алып тастап басқасын кедергiсiз жiбередi.
      Көп жерi зақымданса тiлдi және iшкi мүшелердi утилге жiбередi. Актиномикоз кеңiнен таралып сүйектi зақымдаған болса, iшкi мүшелерi және ұша бұлшық еттерi мүшелерi утилге жiберiледi.

      42. Некробактериоз. Некробактериоз ауруына диагноз қою қиын емес, себебi патологиялық өзгерiстерi ерекше. Жарақаттанған жерi iрiңдi, қызарып тұрады. Аурудың ауыр түрiнде iрiң өкпесiнде, бауырында, бүйректе болады. Буындар мен сiңiрлерiнде зақымданғаны байқалады.
      Санитариялық бағалау. Белгiлi бiр мүшелер зақымданған болса утилге жiбередi. Ұшасын кедергiсiз жiбередi. Септикалық процесс кезiнде ұшасы мен мүшелерiн утилге жiбередi.

      43. Стахиботриксикоз ауруы iрi қара малда, жылқыда, қойда және шошқада болады. Адамдарда да кездеседi.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Ауыз, мұрын, көмекей безi, кейде асқазанда және қалың iшекте жара болады. Ұшаның алдыңғы бұлшық еттерiнде, плеврада, сiрi қабық диафрагмасында бүйрек қуысында және көк бауырда ұсақ немесе ұйыған қан болады. Бастың және мойынның лимфа түйiндерi ұлғайған, қара қызыл түстi қанталаған. Бауыр қанталаған некрозды iрiң түстi. Өкпеде ұсақ қанталаған белгiлер болады.
      Санитариялық бағалау. Ұша мен iшкi мүшелердiң бiр бөлiгiнiң жансыздануы болғанда утилге жiбередi. Ұшада паталогоанотомиялық өзгерiстер байқалмағанда сальмонеллезге бактериологиялық зерттеулер жүргiзедi. Сальмонеллез анықталмаған жағдайда және патологиялық өзгерiс болмаған ұша және союдан кейiн алынған өнiмдi кедергiсiз жiбередi.

      44. Фузариотоксикоз.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Терi асты клеткаларда, паренхимотозды органдарының сiрi қабықтарының астында ұсақ қанталаған, асқазан және iшекте қанталаған iсiк, өкпеде iсiк болады. Бауыр босаған, iрiң түстес, көк бауыр ақшыл сұр, өте тығыз қатайған, ұсақ қанталаған.
      Санитариялық бағалау. Ұшасы қайнатылады, iшкi мүшелерi утилге жiберiледi.

      45. Туляремия үй жануарларында, кемiргiш аңдарда, үлпек жүндi аңдарда және адамда болады. Көбiне туляремия қой, ешкi, қоян және басқа үй жануарларында кездеседi.
      Ауруды қоздырушы кiшкентай, қозғалмайтын, нәзiк капсулды таяқша. Суда 90 күнге дейiн өмiр сүредi, терiде 45 күнге дейiн, етте 35 күнге дейiн, мұздатылған етте 120, тұздалған терiде 15, 60-65C қыздырғанда 5 минутта өледi, 100C бiр сәтте өледi.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Тамырлы жүйесi, өкпесi көк бауыры және лимфа түйiндерi зақымданады. Қойда паталогоанотомиялық өзгерiстерi ерекше байқалады, басқа жануарларда жасырын түрде өтедi. Қойда аурудың ауыр түрiнде төстiң, мойынның, шабтың терi асты клетчаткасы қанталаған, iсiнiп, жиi ыдырауға ұшырайды. Лимфа бездерi ұлғаяды, құрамында сұр-сары түсті әртүрлi көлемде, кейде абсцесс көлемiндей ұлғаяды.
      Шошқада (көбiнесе торайларда) перипневмония, бастың лимфа түйiндерiнде iрiңдi iсiктерi байқалады.
      Санитариялық бағалау. Ауру немесе ауруға күдiктенген жануарлардан алынған ұша, мүшелер мен терi утилденедi.
      Туляремиямен ауыратын сойылған жануарлардың өнiмдерiмен бiрге болған ет пен ет өнiмдерi қайнатылады. Ғимаратты, жабдықтарды, құрал-саймандарды, арнайы киiмдердi дезинфекциялайды.

      46. Паратуберкулездi энтерит.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Iшек астындағы және жiңiшке iшектердiң кiлегей қабатында патологиялық өзгерiстер байқалады. Ішектердiң қабырғалары қатты жуандатылған (5-10 ece), кiлегей қабатында айналмалы және көлденең ақшыл немесе сарғыш-қызыл түстi қыртыстар болады. Шажырқай лимфа түйiндерi үлкейген, сулы, жұмсақ, кей кезде жүрек бұлшық етi босаған болады. Ұша арық, азғындаған, қарынның және әукенiң бұлшық етi арасындағы дәнекер болатын ткань iсiнген.
      Санитариялық бағалау. Ішекте, шажырқайда, лимфа түйiндерiнде патологиялық өзгерiстер және баста iсiк болған жағдайларда, өзгертiлген мүшелер мен шажырқайы бар iшектi утилдейдi, ал ұша мен басқа мүшелердi кедергiсiз жiбередi. Арықтаған паратуберкулезбен жарақатталған ұша мен оның мүшелерiн утилдейдi.

      47. Жалған туберкулез (Псевдотуберкулез) ауыл шаруашылық жануарларында, сондай-ақ адамдарда кездесетiн ауру.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Iрi қара малда паратубекулездi ошақтар өкпеде және бронхиалды средостенды лимфа түйiндерiнде әр түрлi, қаймақ тәрiздi казеозды фокустардың көп мөлшерiнде үлкейген, сарғыш-жасыл түстi, иiссiз, iрiңдi болып кездеседi.
      Құстарда және қояндарда түйiндер мен ошақтар барлық iшкi мүшелерде, iшектерде, орналасады.
      Санитариялық бағалау. Лимфа түйiндерi көп жерден жарақатталған және бұлшық ет жарақатталған жағдайда, сондай-ақ арық болған жағдайда ұша мен мүшелердi утилдейдi.

      48. Шошқалардың жұқпалы атрофиялық ринитi.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Мұрынның кiлегей қабығы қанталаған, қабыршақталған. Лимфа түйiндерi үлкейген, iрiңдi - жансызданған ошақтары бар.
      Санитариялық бағалау. Мұрынның, баспен тiлдiң, өкпенiң, өңештiң кiлегей қабығындағы үсiген және жансызданған өзгерiстердi анықтаған кезде, оларды жояды. Ұша мен iшкi мүшелерде азғындаған өзгерiстер болмаған жағдайда кедергiсiз өткiзедi.
      Азғындағаны болмаса және тек қана iшкi мүшелердiң және лимфа түйіндерi зақымдалған жағдайда iшкi мүшелердi, зақымдалған лимфа түйiндердi жояды, ал ұшасын кедергiсiз жібередi.

      49. Лептптоспироз үй жануарларында, сондай-ақ адамдарда кездесетiн ауру.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Ветеринариялық-санитариялық сараптау кезiнде барлық ткандердiң, сiрi және кiлегей қабықтың, тер астындағы клеткалардың, майлы ткандердiң, қарынның сарғайғаны, жұтқыншақ маңайында, мойында қоймалжың ісіктер, төсте қан тәріздес сарғыш қызғылт сұйық байқалады. Лимфа түйіндердi үлкейген, сұр немесе сұр-күлгін түстi, мезентерналдық лимфа түйiндерi геморрагиялы кескенде ылғалды кей кезде нүктелi қанталаған. Өпке ісiген, бауыр үлкейген сарғыш қоңыр - батпақ түстi, босаған, кескiнде өңсiзденген. Өт қабы қара жасыл өтке толы, көк бауыр өзгерiссiз, бүйректер ісiген үлкейген, капсула сүр түстi, оңай ажыратылады. Бүйрек қуысы қызыл түстi қоймалжыңға толған. Қара қоңыр түстi сыртқы қабығы ұсақ қанталанған, үстiнде және паренхимада сiрi түйiндер. Лептоспироздың созылмалы түрiнде патологоанатомиялық өзгерiстер лимфа түйiндерiнде және бүйректерде кездеседi. Лимфа түйiндерi үлкейген, төмпешiктi, дәнекер болып тұратын ткань қатты ұлғаяды.
      Бүйректер үлкейген төмпешiктi, тығыз, сiлекей қабығында некроздар. Аурудың қатты және өте қатты өту түрiнде шошқалардың бүйректерi сәл үлкейген, қызғылт-сұр, немесе сарғыштау. Бауыр ақшыл сары түстi, көк бауыр сәл үлкейген қанталаған. Лимфа түйiндерi шамалы үлкейген, сұрғылт-қызыл ошақты қанталаған.
      Лепторспирозды гемоспоридоздан айыру керек, гемоспоридозда көк бауыр қатты ұлғайған және кiлегей қабықтардың жансыздануы байқалмайды.
      Санитариялық бағалау дегенеративтi өзгерiстер байқалған жағдайда немесе бұлшық еттердiң сарғыштануы 2 тәулiк арасында кетпесе ұшаны және iшкi мүшелердi утилге жiбередi.
      Бұлшық еттерде азғындаған (дегенеративтi) өзгерiстер байқалмаған жағдайда, бiрақ сарғайған түсi бар болып ол сарғыш түсi 2 тәулiк арасында кетсе, ұша және iшкi органдар патологиялық өзгерiстерге ұшырамаса қайнатуға жiберiледi. Iшек-қарны утилге жiберiледi.
      Ұшамен iшкi органдары лептоспирозға оң қорытынды берген малдардан алынса, бiрақ бұлшық еттерде iшкi органдарда патологиялық өзгерiстер болмаса кедергiсiз жiберiледi.
      Лептоспирозбен ауыратын жануарлардың терiлерiн дезинфекциалайды.

      50. КУ - безгек (Ку - лихорадка). КУ-безгек үй және жабайы жануарларда, құстарда, сондай-ақ адамдарда кездесетiн ауру.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Арнайы паталогоанатомиялық өзгерiстерi жоқ сондықтан ауруды анықтау қыйын. Ұша мен мүшелердi қарағанда көк бауырдың үлкейгенi, пневмония және мезентериалдық лимфа түйiндерiнiң iсiнгенi, миокардта ұсақ жансызданған ошақтары, фибринозды желiнсау байқалады. Ауру лабораториялық зерттеу арқылы анықталады.
      Санитариялық бағалау КУ-безгектi анықтаған жағдайда ұша мен мүшелердi қайнатады. Өзгерген мүшелердi және қанды утилдейдi, терiсiн дезинфекциялайды.

10. Инвазиялық аурулармен зақымданған ет және одан алынатын өнiмдердi ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткiзу

      51. Трихинеллез. Трихинелез талғаусыз және етпен қоректенетiн жануарларда және адамда болатын ауру. Созылмалы және ауыр өтедi және көлденең талшықты бұлшық еттердiң талаурауы мен аллергиялық құбылыстармен анықталады. Ауру малдардың етiн жегенде жұғуы мүмкiн.       Қоздырушысы - спиралды трихинелла, жеке жынысты нематода. Трихинел шоқтанып орналасуы мүмкiн, сондықтан қатты зақымданған аймақпен шамалы зақымданған аймақтар немесе таза аймақ кезектесiп келуi мүмкiн. Трихинеллалар жиi және көп көк еттерде, қызыл өңеште, қабырға аралық, жақтың, белдеменiң бұлшық еттерiнде болады.
      Личинкалар термотұрақты токсиндер бөледi. Тұздалған, кептiрiлген және мұздалған етте бұлшық ет трихинеллалары ұзақ уақытқа дейiн өмiр сүруге қабiлеттi, бiрақ 80С-қа дейiн қайнатқанда 2-3 минуттан кейiн өледi.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Еттегi трихинелл трихинеллоскопия кесiм әдiсi арқылы анықталады. Ұшадан бұлшық еттiң 60 гр. тексеруге алу, ең жақсысы көк етiн, ал ол болмаса, әр түрлi жерлерден тексеруге алынған басқа бұлшық еттерден сұлы дәнiнiң көлемiндей 24 кесiм дайындайды. Шпикты трихинеллоскопияға тексерген кезде кесiмдi бұлшық еттi тканнің қабаттарынан дайындайды, ал олар болмаған жағдайда бұлшық еттердiң жансызданған жерлерде пайда болатын қабат болу сызықшасының iшкi бетiнен дайындалады. Кесiндiнi ащы натрдың 5% ерiтiндiсiнде 8-10 мин дайындалған, 10% фуксин ерiтiндiсiне салады, одан кейiн компрессордың iшiне орналастырады да, әдеттегi тәртiп бойынша зерттейдi.
      Тұздалған және мұздатылған еттердi трихинеллоскопия арқылы зерттегенде бұлшық еттiң кесiндiсiн жiңiшкелеу қылу керек. Компрессориумде езiлген соң үстiңгi шыныны алады да, әр кесiмге 5%-тi глицериннiң сулы ерiтiндiсiнен, немесе 5%-тi көгiлдiр метиленнiң ерiтiндiсiнен, немесе 0,5%-тi тұз қышқылынан бiр тамшы құяды да, 1 мин. ұстайды. Өңдеу нәтижесiнде трихинеллалар анық көрiнедi де, диагностиканы жеңiлдетедi.
      Санитариялық бағалау. Шошқалардың ұшасы 3 аптаға толмаған торайлардан басқасы, сондай-ақ қабанның, борсықтың, аюдың, саз құндыздың, басқа талғаусыз және етпен қоректенетiн, етi адам тағамына пайдаланылатын немесе жануарларға жемге жiберiлетiндердi, мiндеттi түрде трихиллинезға зерттеу керек.
      Кесiмде бiр ғана трихинелла болса, оның тiршiлiкке қабiлетiне қарамастан, бұлшық ет тканi бар ұша мен iшкi зат өнiмдерiн, сондай-ақ жарамсыз қалған ет өнiмдерiн утилдейдi.
      Сыртқы майын бөлiп алады да, шыжғырады. Iшкi майын кедергiсiз жiбередi.
      Терiсiн еттiң қалдығын алғаннан соң кедергiсiз жiбередi.
      Қалдықтарды утилге жiбередi.

      52. Цистециркоз (ipi қара малдың және шошқалардың финнозы).
      Қоздырушысы гельминт (жетiлген), адам iшегiнде өмiр сүредi, оның личинкалы формалары (бычий цепень) iрi қара малының, қодастың бұлшық еттерiнде, шошқа және жабайы қабанның бұлшық еттерiнде болады.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Iрi қара малының цистицеркоз қоздырушысы мөлдiр сопақша көпiршiк iшiнде, түйреуiш басынан бұршақтың дәнiнiң көлемiндей сұйық iшiнде паразит көрiнедi. Шамалы үлкейткенде өгiз цепенiнiң төрт жабысқыштары iлгекпен қаруланбаған анық көрiнедi. Личинкалар организмдерге қан айналымы арқылы тарайды, жануарлардың тiрi кезiнде жақсы қызмет жасайтын бұлшық еттерi зақымданады (жүректiң, жақтың, қабырғааралық). Iрi қара малдарында өте көп зақымдану жиi кездеспейдi, бiр немесе бiрнеше цистицерк кездеседi.
      Санитариялық баға. Бастың, жүректiң бұлшық еттерiнен цистицеркоз табылғанда, мойынның, қолдың, санның бұлшық еттерiн қосымша екi қатар тiлiп қарайды.
      Бастың, жүректiң және тағы басқа бұлшық еттердi кескенде
40cм 2 -тан үштен төмен тiрi немесе өлi финн болса және үштен жоғары тiрi немесе өлi финн басқа бұлшық еттер кесiндiсiнен табылса, басты және жүректi утилдейдi, ұшаны, iшкi органдарды қайнату немесе тұздап, мұздату арқылы зарарсыздандырады. Iш майларын және шпикты тұздап не мұздатып зарарсыздандырады. Тұздап не мұздатылып зарарсыздандырылған ұшалар колбасаға фарш немесе консервiге, субпродукталары өндiрiстiк қайта өңдеуге жiберiледi.

      53. Жiңiшке мойынды (тениукольды) цистециркоз немесе сiрi (жылауық) қабықтың финнозы.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Iшкi мүшелердi, шажырқайды және iшкi майды зерттегенде жарақатталған мүшелердiң бетiнен салбырап тұратын, мөлдiр iшi су тәрiздес затқа ұқсас жылауық қабықшасы болады. Жылауықтың iшiнде дөңгелек сколекс болады. Сколекстiң төрт жабысқышы және iлгектерi бар. Жарақатталған мүшелердiң көзге көрiнетiн патологиялық өзгерiстерi жоқ.
      Санитариялық бағалау. Жылауық қабықшасын қасындағы жараланған мүшелердiң ткандерiмен бiрге жояды. Ұшаны, жарақатталмаған және тазаланған iшкi мүшелердi кедергiсiз жiбередi.

      54. Қойлардың және ешкiлердiң (финнозы) цистециркозы - жылауық қабықшасы домалақ не сопақша iшiнде мөлдiр сұйық зат болады және төрт жабысқышымен және iлгегiмен сколексi болады.
      Санитариялық бағалау. (Бұғының цистицеркозын қара).

      55. Бұғының (финнозы) цистециркозы. Иттермен, қасқырлармен, түлкiлердiң iшегiнде өмiр сүретiн жалпақ құрттардың личинкалық формасы арқылы таралады. Личинка формасы - жылауық сопақша не дөңгелек басқа малдардың цистицрктарына ұқсас. Сколексi және төрт жабысқышымен және iлгегiмен. Паразит жақтың, жамбастың, белдеменiң бұлшық еттерiнде орналасады.
      Санитариялық бағалау. Қойлардың, ешкiлердiң және бұғылардың ұшалары мен мүшелерiнде 40см 2 кесiмiнде 5 финнан артық еместiгi анықталған жағдайда және бұлшық еттерде өзгерiстер болмаған жағдайда ұша мен мүшелердi мұздату арқылы зарарсыздандырады содан кейiн шұжық өнемдерi немесе косерваларға қайта өңдеуге жiбередi. Ұшада 40см 2 кесiмiнде 5 финнан артық анықталған және бұлшық еттерде өзгерiстер байқалған жағдайда ұша мен мүшелердi утилдейдi, ал iшкi және құйрық майын шыжғырады.

      56. Эхинококкоз.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Бұршақтың көлемiнен алманың көлемiндей эхинококк қабықшасы екi қабаттан тұрады да, iшi мөлдiр сұйыққа толған. Iшкi қабырғасында кейде құм тәрiздi сұйықта жүзiп жүре тiн сколекс орналасқан.
      Бiрiншi (аналық) қабыршықтан екiншi (балалық) және үшiншi (немерелiк) туады. Оларда 4 қарулы жабысқышы бар сколекс болады. Жарақатталған қабыршық (пузырь) орналасқан мүшелер семiп қалады. Жарақатталмаған мүшелерде және ткандерде көзге түсетiн патологиялық өзгерiстер болмайды.
      Санитариялық бағалау. Бұлшық еттер және iшкi мүшелерi көптеп зақымданған болса, сондай-ақ ұша арықтаған болса ұшамен iшкi мүшелердi утилдейдi. Бөлек мүшелер мен ткандер зақымданған жағдайда, оларды утилдейдi, ал ұшаның зақымданбаған бөлшектерiн және мүшелерi кедергiсiз жiберiледi.

      57. Фасциоллез.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Өт жолдары үлкейген сары-сұр түстi тәж түрiнде бауыр бетiне шығады. Өт жолдарының iшiнде жапырақ түрiндей ұзындығы 2-3 сантиметр, көлемi 1 сантиметр шамасында паразит болады. Үлкен фасциоланың ұзындығы 7,5 сантиметрге дейiн жетедi.
      Өт жолдарында жабысқақ сарғыш-бозғылт сұйық, ақ балшықтың әр түрлi көлемдi бөлешектерi болады. Жарақатталған бауырда дәнекер болатын ткань қатты өседi (цирроз печени). Порталдық лимфа түйіндерi үлкейген, кесiмiнiң бетi қара қызыл немесе қара түстi болады. Фасциолалар өкпеде сирек орыналасады, бiрақ олар жетiлмеген, кеңiрдекте қою қара-сұр сұйығы бар ақ балшықты ошақтар пайда болады.
      Санитариялық бағалау. Зақымданған мүшелердiң бөлшектерiн утилдейдi. Ұша мен iшкi мүшелердiң жарақатталмаған бөлшектерiн кедергiсiз жiбередi. Мүшенi 2/3 көлемiн жарақатталған болса мүшенi толық утилдейдi.

      58. Дикроцелиоз.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Қолдың алақанымен бауыр кесiмiнiң бетiнен жүргiзедi (ашылған өт жолдарын бойлай), алақанда әдеттегiдей кеп мөлшерде сарғыш-қоңыр сұйығымен ұсақ жалпақ паразиттер қалады. Өт жолдары онша өзгермейдi.
      Санитариялық бағалау. Бауырдың жарақатталған бөлешектерiн утилдейдi, бауырдың 2/3 бөлiгi зақымданған болса толық утилдедi. Ұша мен iшкi мүшелердiң жарақатталмаған бөлшектерiн кедергiсiз жiбередi.

      59. Диктиокаулез.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Өкпеде сұр-қызыл немесе қара-қызыл түстi эмфизематоздық және ателектаздық ошақтар байқалады. Сол ошақтарды ашқанда кеңiрдекте ақ түстi, 3-5 см. ұзындығы жiп сияқты гельминт кездеседi, катаралды бронхиттың және пневмонияның нәтижесiнде кiлегейдiң (слизь) бiраз мөлшерi табылады.
      Санитариялық бағалау. Өкпенiң зақымданған бөлшектерiн утилдейдi. Ұша мен iшкi мүшелердiң жарақатталмаған бөлшектерiн кедергiсiз жiбередi. Өкпенiң 2/3 бөлiгi зақымданған болса толық утилденедi.

      60. Шошқалардың метостронгилезы. Шошқа төлдерiнiң ауруы.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Катаралдық бронхит бронхопневмонияның iрiңдi катаралды түрi болуы мүмкiн. Кеңiрдек кiлегейге толы iшiнде паразит болады. Кiлегей қабат қызарған, қанталаған. Кеңiрдектiң лимфа түйiндерi үлкейген сулы, кей кезде қызыл-сұр дағы болады. Қатты зақымданған торайлар арық болады.             Санитариялық бағалау. Өкпенiң жарақатталған бөлшектерiн утилдейдi. Ұша мен өкпенiң жарақатталмаған бөлшектерiн кедергiсiз жiбередi.

      61. Аскаридоз (көбiнесе торайлардың) және аюлардың ауруы.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Өкпенiң катаралдық iсуi, перитонит. Басқа мүшелерде патологиялық өзгерiстер байқалмайды.
      Санитариялық бағалау. Ұша мен мүшелердi патологиялық өзгерiстер жоқ болса кедергiсiз жiбередi.

      62. Пироплазмидоздар (пироплазмоз, тейляриоз, бабезиоз, анаплазмоз).
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Кiлегей қабаттар кiр-сары түстi, енжар, қанталаған болады. Сiрi қабаты сары, қанталаған. Өкпелер ісiген. Бауыр iрiң-сары түстi, бос қара-қызыл сызықтарымен болады. Көк бауыр қатты ісiген, бос. Ұшаның және мүшелердiң лимфа түйiндерi үлкейген, сулы, қанды лимфасы бар.
      Қанның мазок жағындысында гемоспоридиалар табылады. Бүйректерде жансызданған ошақтарымен кiшiгiрiм түйiндер болады.
      Санитариялық бағалау. Сары түс және дегениративтiк өзгерiстер болмаған жағдайда ұша мен iшкi мүшелердi кедергiсіз жiбередi. Ұшаларда сарғыш түс 2 күн арасында кетпейтiн болса ұша мен iшкi мүшелердi утилдейдi. 2 күн арасында сарғыш түс кетсе салмонеллезге бактериологиялық зерттеу жүргiзедi, ұша мен өзгермеген мүшелердi кедергiсiз жiбередi.

      63. Токсоплазмоз. Үй жануарларының, құстарының және адамның жансызданған-iсiнген өзгерiстермен сипатталатын ауруы.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Катаралдық пневмония, сары ауру, түйiндi нефрит байқалады. Өкпеде, бауырда, бүйректерде және лимфа түйiндерiнде жансызданған ошақтар болады. Көк бауыр үлкейген, қара-шиелi түстi, қанталаған болады. Диагноз лабораториялық зерттеулермен дәлелденедi.
      Санитариялық бағалау. Ұшаны қайнатады, iшкi мүшелердi утилдейдi.

      64. Саркоцистоз. Үй жануарларының, құстардың, адамдардың бұлшық еттерiнiң саркоцистармен зақымдануымен сипатталатын ауруы.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Паразит әр жануарларда өзiне тән дененiң белгiлi бiр тұстарында орналасады. Iрi қара малда - өңештiң қабырғасында және оған жабысып тұратын бұлшық еттерде (диафрагмада, тiлде, жүректе, қабырға арасындағы бұлшық еттерде); шошқаларда - диафрагманың, қабырға арасындағы, қарынның, белдiң бұлшық еттерiнде; қойлар мен ешкiлерде - тiлдiң, жұтқыншақ өңешiнiң бұлшық еттерiнде кездеседi. Тексерген кезде бұлшық еттерде ұзындығы 0,4-4мм, кеңдiгi 0,3-3мм ақшыл түйiршiктер сияқты саркоцистер табылады. Бұлшық ет талшықтары сарғаяды, босайды, ақшылданады. Қатты жарақатталған шошқалардың етi ұнтақ жармамен себiлгендей қоспаға ұқсайды.
      Санитариялық бағалау. Бұлшық етте саркоцист болған және патологиялық өзгерiстер болмаған жағдайда ұша мен мүшелердi кедергiсiз жiбередi. Бұлшық еттерде өзгерiс болса (гидремия, түссiз, ақ балшықты, дегениративтiк өзгерiстер) ұша мен iшкi мүшелердi утилдейдi. Шошқаның шпигiн және iшкi майын кедергiсiз жiбередi.

      65. Гиподерматоз - ірi қара малдың және енекенiң арқаларындағы терi астындағы құрт.
      Қоздырушысы - тер астындағы бөгелектiң личинкасы.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Арқадағы тер астындағы жасунықта және бұлшық еттердiң бетiнде бөгелектiң личинкасымен бiрге тоқылған қапшықтар, инфильтраттар, сары-жасыл түстi iрiң ісiген фокустар,  жансызданудың ошақтары табылады.
      Санитариялық бағалау. Инфильтраттан, жансызданған ошақтардан, өзгертiлген бөлшектерден тазартылған соң, ұша мен басқа өнiмдерiн кедергiсiз жiбередi.

11. Жұқпалы емес аурулармен ауырған нормадан ауытқыған санитарлық мағынасы бар жануарлар етiн және одан алынатын өнiмдердi ветеринариялық-санитариялық сараптау

      66. Тыныс жолы мүшелерiнiң аурулары. (Бронхит, бронхопневмония, пневмония, плевропневмония). Тыныс жолы ауруларының туу себебi: салқын тию, ыстық ауа, жарақат,химиялық заттар, мал азығында өсетiн зеңдіген саңырауқұлақтар, кейбiр инфекциялық аурулар болады. Осы жағыдайларды тыныс жолдарының әртүрлi микрофлоралармен зақымдануы байқалады.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Мұрынның клегей қабаты, кеңiрдек қызарған, үсiген кей кезде сұйық немесе көпiршектi экссудаты бар, катаралдық немесе катаралдық - геморрагиялық iсiктiң ошақтары болады. Бронхопневмонияда кеңiрдекте және өкпеде тығыз бөлшектер болады, кесiмде сұр-қызыл түстi (гепатизация). Көкiрек қуысының лимфа түйiндерi сулы, үлкейген, қанталаған. Плевра жарақатталған жағдайда фибриоздық экссудат, қосылу (спайка) байқалады.
      Санитариялық бағалау. Инфекциялық ауруларды ескеру керек. Жарақатталған мүшелердi утилдейдi. Пневмония, плеврит болған жағдайда және лимфа түйiндерiнiң процесiне таратылған жағдайда еттiң және басқа союдың өнiмдерiнiң санитарлық бағалау туралы шешiм бактериологиялық зерттеу нәтижесiне қарай шешiледi. Өкпенiң аспирациясында оны утилдейдi.

      67. Қан жүргiзу мүшелерiнiң аурулары. (Созылмалы перикардит) - жас торайлардың ауруы. Перикард қабырғасының фибриозды iсiгi және тығыздануы байқалады, фибриннiң жиналу себебiнен бетiнде шұбар, перикардтың эндокардтың жарым-жартылай қосылғаны байқалады.
      Зақымдық перикардит - үлкен қара малдың ауруы - жүрек қапшығының фибриоздық немесе iрiңдiк iсуi. Перикардтың қуысында сасық иiстi фибрин мен iрiң болады. Перикардтың қабырғасы қалыңданған (2-4cм.), эпикардпен қосылған жерiнде, бөтен дене бар (сым, шеге және т.б.). Лимфа түйiндерi үлкейген, ісiген.

      68. Миокардит бұлшық еттiң азғындағанымен және дәнекер болатын тканның өсуiмен сипатталады. Бұлшық ет босаған сұр немесе сарғыш-қызыл түстi. Жүрек қуыстары кеңейген. Майлы инфильтрацияда жүрек үлкейген, босаған, iрiң түстi.
      Санитариялық бағалау. Iрiңдi перикард, қоршаған ткандерде және төс қабырғасында iрiңдер, iсiк, гидремия мен сарғыштану байқалған жағдайда ұша мен iшкi мүшелердi утилдейдi. Перикардта, эпикардта, өкпеде, төс қабырғасында патологиялық өзгерiстер байқалған жағдайда жарақатталған мүшелердi утилдейдi, ал ет пен союдан алынған басқа өнiмдерiн қолдану мәселесi бактериологиялық зерттеуден кейiн шешiледi.

      69. Бауырдың аурулары. Цирроз, капиллярды экстазия, майлы дистрофия iрiңдер және т.б.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Атрофический циррозда бауыр үлкейген, қатты, мықты, сұр-қызыл түстi немесе қара-қызыл түстi. Гипертрофиялық циррозда бауыр 2-3 есе үлкейедi, тығызданады. Каппилярлы эктазияда (ipi қара малда кездеседi) бетiнде және паренхимада қызыл, көк-қызыл немесе қара-қызыл әр түрлi мөлшердегi ошақтар болады. Өкпе капсуласының астында анық көрiнетiн шұңқырлар пайда болады.
      Iрiңдер (әдетте iрi қара малда кездеседi) диафрагмалды жақта орналасады. Iрiң сұйық, сасық иiстi болады.
      Санитариялық бағалау. Бауыр циррозында, сары ауруда, iсiктерде және өкпе паренхимасының патологиялық өзгерiстерiнде бауырды утилдейдi. Өкпенiң бiрлi-жарлы жарақаттарын алып тастайды. Өкпенiң жарақатталмаған бөлешектерiн, сондай-ақ анық бiлiнбейтiн капиллярлық экстазияда бауырды кедергiсiз жiбередi.

      70. Бүйрек аурулары. (Нефриттар, нефроздар, сары су, бүйрек тастары, iсiктер, бұзаулардың "ақ бауыр" ауруы және басқалар).
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Бүйректiң қабынуында (нефритта) бүйректердiң фибриоздық қабынуы, көлемнiң үлкейгенi байқалады. Капсуласы оңай алынады. Қабық қабатында ақшыл-қызыл секпiл, сұр ақшыл томпақшалар көрiнедi. Бүйректiң лимфа түйiндерi үлкейген сұр-мәрмәр түстi болады. Интерстициалдық нефритте бүйректiң бетiнде ақшыл-сұр үлкен бұршақ көлемiнде геморрагиялық жүзiкпен қоршалған жоғарлаулар бар. Кесiмде шамалы ақшыл-сұр ошақтар болады. Iрiңдi нефритте ұсақ абсцесстар пайда болады, бүйрек қуысында iрiңдi секрет болады.
      Нефрозда бүйректер үлкейген, қамыр тәрiздi. Қабық қабаты қанталаған. Қабық және мый қабаттар арасындағы шеттер жойылған. Мый қабатында жансызданған ошақтар бар.
      Санитариялық бағалау. Нифриттiң, нефроздың, көптеген сары судың, iсiктердiң, бүйрек тастарының түрлерiнде бүйректердi утилдейдi. "Ақ бауыр" ауруында, iрiң нефритiнде, басқа мүшелерде патологиялық өзгрiстер анықталған жағдайда, еттi қолдану мәселесi бактериологиялық зерттеуден кейiн шешiледi.

      71. Ас қорту мүшелерiнiң аурулары. Тимпанияда асқазан асты азық пен газға толы, үлкен қарын қызарған, негiзiнде өкпеде, iшкi мүшелерде қан тұрып қалған, ұша нашар қансыздалған.
      Гастритте кiлегей қабаты қара-қызыл түстi, ісiген, асқазанның iшiндегi сасық, кей кездерде кiлегей қабаты алынып қалады. Ортақабырғалы порталды, қуықтағы, белдегi лимфа түйiндерi үлкейген, лай лимфаға толы, ұша нашар қансызданған, кей кездерде бұлшық еттерде сары-қызыл инфильтраттар бар.
      Энтеритта кiлегей қабаты қызарған, ісiген, қанталаған, жансызданған, үстi фибриноздық және кiлегейлi-iрiңдi экссудаты бар болады. Ортақабырғалы порталды, қуықтағы, белдегi лимфа түйiндерi үлкейген, қызарған, кейде қанталаған болады.
      Санитариялық бағалау. Поталогиялық өзгерiстерi бар ұша мен органдарды утилдейдi. Ет пен союдың басқа өнiмдерiнiң санитариялық бағалауы бактериологиялық зерттеудiң нәтижесiне қарап жүргiзiледi.

      72. Перитонит - Қарын iскен, қызарған, фибриноздық кiлегей геморрагиялық немесе iрiңдiк эксудатпен қапталған, кейде шұбар немесе жік жабысқан жерлерi бар.
      Санитариялық бағалау. Патологиалық өзгерiстерi бар iшкi мүшелер мен ткандердi утилдейдi. Союдың басқа өнiмдерiн қайнатады.

      73. Жаңадан шыққан iсiктердi зерттегенде оларды зиянсыз (фиброма, миксома, миома, неврома және т.б.) және зияндыларға (саркома, карцинома және т.б.) бөледi.
      1) Зиянсыз жаңадан шыққан iсiктер. Олар жергiлiктi орналасады да әдетте қоршаған мүшелер мен ткандердi басып алады да нәтижесiнде осы мүшелер ауруларына сәйкес басқа патологиялық өзгерiстер қабаттасады. Олардың анық көрiнетiн шеттерi бар кей кездерде капсула болады, жеңiл бөлiнедi. Невромдар әдетте қабырға арасында жүйкеде, иықтағы, жұтқыншақтағы шайнау бұлшық еттерiндегi, жүректегi жүйке жүйесiнде орналасады. Линомдар май қыртыстарында орналасады. Олар жұмсақ немесе тығыз болуы мүмкiн, некроз және ақ балшықтың қабаты болады.
      2) Зиянды жаңадан шыққан iсiктер. Оларда анық көрiнетiн шеттерi жоқ, iсiк қоршаған ткандерге кiре өседi де метастаза құрайды. Саркомалар дәнекерлеушi ткан бар барлық жерлерде шығады. Олар әр түрлi түйiн түрiнде бетi ақ болады. Карциномдар өкпеде, асқазанда, iшекте, сiрi және кiлегей қабықтардан табылады.
      Санитариялық бағалау. Зиянды, сондай-ақ зиянсыз көптеген жаңадан шыққан iсiктерi бар мүшелер мен ұшаның бөлшектерiн утилдейдi. Жарақатталмаған ұша бөлшектерiн қайнатуға жiбередi, көлемдi ұлғайған алып тастауға мүмкiн емес жағдайда ұша мен мүшелердi утилдейдi.
      Бiрлi-жарым зиянсыз iсiктер кездессе, жарақатталған жерлерiн алып тастайды, ал ұша мен мүшелердi кедергiсiз жiбередi.

      74. Зат алмасуында пайда болатын аурулар. Гирдемия - бұлшық ет арасында және дәнекер тканда сұйықтың жиналуымен анықталады. Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Ұша арықтаған, бұлшық eттep жансызданған, май қыртыстары жойылған, оның орнында суық-янтарь түстi iсiк пайда болады. Бұлшық ет босаған, сулы жидек, сұр-қызыл түске боялған.
      Санитариялық бағалау. Бұлшық етте iсiк болған жағдайда ұша мен iшкi мүшелердi утилдейдi.

      75. Ауыл шаруашылық жануарлар төлдерiнiң және құстардың беломышечная ауруы - ауру зат алмасуының бұзылуымен, бұлшық ет тканiнiң морфологиялық өзгерiстермен сипатталады.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Жүрек және сүйек бұлшық еттерi бос, сұр-сары немесе ақшылдау түстi, азғын-жансызданған өзгерiстерi болады. Жүрек бұлшық етi теңбiлдi қанталаған. Мойынның және қарынның терiсi астында сiрi-кiлегейлi фильтраты бар iсiктi белгiлейдi. Лимфа түйiндерi сулы.
      Санитариялық бағалау. Бұлшық етте азғындаған өзгерiстер (iсiк, түссiздiк, босағандық) анықталған жағдайда ұша мен iшкi мүшелердi утилдейдi. Бұлшық етте нашар байқалатын өзгерiстер немесе мүшелерде және бұлшық ет бөлшектерiнде патологиялық өзгерiстер байқалған жағдайда, сальмонеллгезге бактериологиялық зерттеуден кейiн ет бағалауды iске асырады. Сальмонеллез болмаса ұша мен жарақатталмаған мүшелердi қайнатылған немесе қайнатылып-кептiрiлген шұжықтарға қайнатады, ал жарақатталған мүшелердi утилдейдi.

      76. Уремия - несеп мүшелерiнiң жұмысы бұзылып, тканьдерде несептiң қуамды бөлшектер жиналуымен сипатталатын үй жануарларының ауруы.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Тер астындағы дәнекер болатын ткань несеп иiсi шығатын сұйықпен сiңiртiлген, қанталаған. Ұшада, iшкi мүшелерде ет салқын кезде бiлiнбейтiн, бiрақ қайнатқанда несептiң, аммиакттың иiсi болады.
      Санитариялық бағалау. Ұша мен союдан алынған басқа өнiмдерiн утилдейдi.

      77. Сары ауру - патологиялық жағдай. Әр түрлi аурулардан пайда болған қан өт пигментiне асып-толған нәтижеде тканьдер сары түске боялғанымен сипатталады.
      Майлы тканнiң боялуы каротин қабаттану нәтижесiнде (азықтан болған сары түс), сондай-ақ кәрi малдарда (жасына қарай болған сары ауру) пайда болуы мүмкін.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Май, сiрi қабаттар, фассциялар, ал кей жағыдайларда бұлшық ет те сары немесе сары-жасыл түске боялған. Лимфа түйiндерi кесiмде сары түстi, ал басқанда лимфа сары-жасыл немесе қызғылт сары түстi болады.
      Санитариялық бағалау. Сары түс 2 күн арасында кетпейтiн болса ұша мен iшкi мүшелердi утилдейдi. Сары түс кеткен жағдайда санитарлық бағаны бактериологиалық зерттеу нәтижесiне қарап қояды. Азық және жасына қарай болған сары ауруға ұшыраған еттi кедергiсiз жiбередi.

      78. Iрiңдi қабынулар.
      Олар жануардың организмiне микробтар енген кезде пайда болады. Нәтижеде жергiлiктi iскен ошақтан микроб қанға кiргенде, жүйкелi - дистрофиялық процестермен бiрге өтетiн абсцесс, эмпием, фурункул, карбункул шамалы iрiң ошақтары, iрiң немесе сепсис жаралары пайда болады.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Абсцесс болғанда iрiңге толған диаметрi бидайдың дәнiнен 15-20см-ға дейiн жабық қуыс. Абсцесстi қоршаған тканьдер (қабық) қара-қызыл түстi. Бетiн басқанда флюктуация және тканьдердiң айтарлықтай ширығуы анықталады. Тканьдерде жане лимфа түйiндерiнде өзгерiстер болмаған жағдайда бiрлi-жарым абсцесс iрiң процессi жергiлiктi және етте ұсақ флора жоқ екенiн көрсетедi.
      Флегмон ауруында некрозға ынталы тканьдер арасында iрiң жиналуымен iрiң iсiк байқалады, ол дәнекерлi болып тұратын тканнiң мөлшерi көп тканьдерде және мүшелерде кездеседi.
      Флегмонаның орны iседi, қамыр тәрiздi консистенциялы және көкшiл-қызыл түстi болады. Басқанда флюктуация байқалады. Ашқанда бұлдыр, iрiң сұйық ағады. Аймақтық лимфа түйiндерi үлкейген, қызарған. Абсцесспен салыстырғанда бұл процесс қатерлiлеу, iрiң туғызғыш бактериялар қоршаған тканьдерге және қанға тез кiруi мүмкiн.
      Эмпием ауруында кәдiмгi жабық қуыста (плевралды, перикарды, қарындағы, сүйектегi) iрiңнiң жиналуы байқалады. Жабық қуыста iрiң жиналады, қабырғалары iсiнедi, күнгiрттенедi, қанталайды, олардың үстiнде шұбар-ала қанталанған және эрозия болады, кей кезде жiк жабысқан жер болады. Регионалдық лимфа түйiндерi үлкейген, қанталаған, кей кезде iрiң болады.
      Шiрiген микрофлора болып көрiнедi, iрiңдi жаралар. Жараның жазыла бастау кезiнде iрiңнiң астында түйiршiктелгенi көрiнедi.
      Сепсиста шiрiген микрофлора қанға тарайды. Сепсистiң үш формасы болады: пиемия (сепсис метастаздармен): бактериялар қан жолдарымен өкпеге және басқа мүшелерiне тарайды, ондай жағдай iрi қара малда кездеседi.
      Септицемия (бiрiнші ошақта шiрiк бактериялар үзбей қанға сiңедi), - ондай жағдай жылқыларда байқалады;
      септикопиемия (аралас түрi), шошқаларда кездеседi (қатты қанталау, iшкi мүшелердiң абсцессi). Көк бауыр үлкейген бауырда және бүйректерде азғындаған жансыздаған ошақтар болады.
      Санитариялық бағалау. Жайылған флегмон, көлемдi жансыздану байқалғанда, мүшелерде тканьдерде, лимфа түйiндерде абсцесс болса, мүшелердi утилдейдi. Iшкi мүшелерде көптеген абсцесс байқалса, жарақатталған мүшелердi утилдейдi, ал ұшаның бағалауын бактериологиялық зерттеудiң нәтижесiне қарап жүргiзедi. Бiрлi-жарлы абсцесс және шамалы iрiң жаралы болса, және қоршаған тканьдер мен лимфа түйiндерiде патологиялық өзгерiстер болмаған жағдайда жарақатталған мүшелер жарамсыз деп табылады, ал етiн бактериологиялық зерттеуге жiбередi. Шамалы жарақатталған жансыз бөлешектердi және оларды қоршаған тканьдердi утилдейдi, ал ұшаны бактериологиялық зерттеуге жiбередi. Кең көлемде жарақатталған тканьдердi немесе мүшелердi және организм уланғанда, ұша мен мүшелердi утилдейдi.

      79. Жарақаттар (жаңадан пайда болған жарақаттар).
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Жаңадан пайда болған жарақаттар қанталайды, қанның тығыз ұйылғанымен, қоршаған тканьдерде қан сiңуiмен анықталады. Жарақатталған жер ісiген, қызыл түстi болады. Үш және одан да көп күндер арасында қанның ұйылғаны тығызданады, қасындағы тканьдер ісiген, қан сiңген, лимфа түйiндерi, ісiген. Шамалы уақыттан кейн қан ұйылған жерде дәнекер болатын ткань өседi.
      Санитариялық бағалау. Жаңадан пайда болған жаралар болса, сүйек сынған, қан ұйылған, қоршаған тканьдерде және лимфа түйiндерiнде iсiк болмаған жағдайда, қан сiңген тканьдердi алып тастайды, ал ұша мен iшкi мүшелердi кедергiсiз жiбередi.

      80. Күйiк.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Шамалы күйiк болған жағдайда орынды өзгерiстер байқалады (тер астындағы жасұнықтың iсiгi, сiрi экссудаты болады). Кең жайылған күйiк болған жағдайда (терiнiң 18%-на дейін) жергiлiктi лимфа түйiндерi ісiген, өкпе мен бауыр қызарған, бүйректердiң қапшығының астында қан ұйылған болады. Кең жайылған күйiк жерiнде бұлшық eттep босаған сұр-қызғылт түстi болады. Жергiлiктi лимфа түйiндерi ісiген, үлкейген болады. Жүрек пен өкпелер қанталаған, бауыр үлкейген, босаған, көк бауыр қара-шиелi түстi, бүйректер қанталаған болады. Кей кездерде мүшелерде және тканьдерде плеврит, перитонит және тағы да басқа морфологиялық өзгерiстер болады.
      Санитариялық бағалау. Кең жайылған күйiк болған жағдайда жарақатталған ұшаның бөлшектерiн алып тастайды және утилдейдi. Ұшаның жарақатталмаған бөлешектерiнiң санитарлық бағалауын бактериологиялық зерттеулердiң нәтижесiне қарап өткiзедi. Iшкi мүшелердi утилдейдi. Шамалы күйiк болған жағдайда жарақатталған орындарын алып тастайды, ал ұша мен iшкi мүшелердi кедергiсiз жiбередi.

      81. Жануарлардың улануы. Уланған жануарларды сойғанда еттiң сапасы, оның азықтық құндылығы төмендейдi, азықта удың кiшкентай мөлшерi байқалған жағдайда, ол адамның организiмiне зиянды әсер етуi мүмкiн. Уланған жағдайда еттiң iшiнде микрофлоралар, сальмонелдар көбейiп өсе бастайды.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Улы заттардың түрiне байланысты, олардың мөлшерi және организiм уланған уақытына, ұзақтығына, аурудың түрiне, амалсыз союдың уақытына және т.б. жануарлар организiмiнде әр түрлi процесстар өтедi. Ұша нашар қанталаған, лимфа түйiндерi ісiген, үлкейген, қызарған, қанталаған және жансызданған орындары бар, күлгiн-түстi болады. Көп жағдайларда iшкi мүшелерi қанталаған және қызарған (бауыр, бүйректер, өпкелер). Бауыр үлкейген, босаған қара-қоңыр түстi. Өт қабы қанталаған. Өте қатты уланған жағдайда өкпелер ісiген ателектаза ошақтары кездеседi. Бүйректер босаған, қабатты және милы қыртыстары арасында шекара жойылған. Кiлегей және сiрi қабықтарында iсiк процестері, қанталау, жансыздану және қотырлану жүруi мүмкiн.
      Санитариялық бағалау. Ет пен ет өнiмдерiнде мынадай улы зат қалдықтары болған кезде тамаққа пайдалануға рұқсат етiлмейдi (мөлшер көлемiне қарамастан): сары фосфор, пропазин, гептахлор, дихлоральмочевина, полихлоркамфен, альдрин, ТМТД, ДДВФ, цинебаны, дикрезил, байгон, метафос, хлорофос, тиофоса, карбофос, құрамында сынабы бар пестицидтар, мышьяк кiретiн препараттар және гербицидтер.
      Етте рұқсат етiлген санынан төрт есе көп болса немесе химикаттардың қалдығын анықтайтын арнайы тәсiлдердiң сезiмдiгiнен төрт есе көп болса, ет малға құрғақ азық өңделуге жiберiледi.
      Бұлшық еттiң тканінде улы зат қалдықтары бекiтiлген нормадан аспаса етiн қайнатады, iшкi мүшелердi, желiндi және мыйын утилдейдi. Жануарлар фтордың препараттармен, цинк пен мыстың тұздарымен, хлорды натрий мен калиймен, қышқылдар мен сiлтiмен, газды заттармен (аммиак, ащы күкiрт ангидридi, тұнықтырғыш газ, хлор және т.б.), мочевинамен алкалоидтармен, улы және өңез саңырауқұлақтармен, сапонин кiретiн өсiмдiктермен, эфир майларымен, шайыр мен фотодинамикалы нәрселер немесе iшек-қарын жолдарын жаралайтын заттармен (купол, молочай), сондай-ақ сарғалдақ тұқымдастары, вехпен уланған ет және сойыстың басқа өнiмдерi бактериологиялық, қажет болса физико-химиялық зерттеуден және басқа иiстердi анықтау үшiн қажеттi сынауға алынғаннан кейiн бағаланады.

      82. Нитрат пен нитраттармен улану.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Қанның ашық қызылдан қара-қоңыр түске боялуы белгiсi өктем болады. Кiлегей кеңiрдек және кеңiрдек тарамы қара-қоңыр түспен қанталайды, осыдан қанмен көпiрген сұйықтың жиналуы пайда болады. Өкпелер ісiген, жүрек үлкейген эпикард пен эндокардтың асты қанталайды. Асқазан астының клегей қабығы қызарған, некроз ошақтары болады және қанталайды. Тыртықтың қабырғасында кең жайылған инфильтраттар болады. Бұлшық ет ашық-қызыл болады.
      Санитариялық бағалау. Уланған жануарларды союға клиникалық жазылудан 72 сағат өткеннен кейiн рұқсат етiледi. Амалсыз сойылған малдардың етi нитритпен нитрат мөлшерiнiң қалдығы анықталуымен бiрге бактериологииялық және биохимииялық зерттеуге жатады. Бактериологиялық зерттеу жағымсыз нәтиже берген және 100 мг/кг нитраттың немесе 10 мг/кг нитриттiң мөлшерi табылған жағдайда ұшаны қайнатады. Нитрат пен нитриттiң мөлшерi көп болса еттi 5-рет сау малдардың етiмен араластырып қайнатылған шұжықтар дайындауға жiбередi, ал осы шараны орындауға мүмкiндiк болмаса еттi утилдейдi.

      83. Малдардың радиациямен зақымдануы. Радиоактивтiк заттармен зақымданған жерлерде малдар үш түрлi саулелi зақымдану қабылдауы мүмкiн:
      1) сыртқы гамма- облучениясы, дозасына байланысты әр түрлi дәрежедегi сәулелi аурулар;
      2) жеңiл бетта сәулесiнiң әсерi - сәулелер терiнi жарақаттайды;
      3) азықпен, сумен, ауамен организмнiң iшiне реактивтiк заттардың кiруiнiң нәтижесi - iшкi сәулеге түсуi.
      Iшкi және сыртқы сәулелер зардабы бiрдей болуы мүмкiн, тағы да комбинациялық жануарларды зақымдау, қашан сәулелерге күйiктер қосылады, жарақат және т.б.

      84. Сәуле ауруы. Зақымдану дәрежесiне қарай жеңiл түрi 150-250 P дозада іштей зақымданғанда, орташа 250-400 P доза, ауыр түрi 400-750 Р және өте ауыр түрi 750 Р доза алғанда.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Жасырылған мезгiлде қанталағаны байқалады бүкiл мүшелерде және тканьдерде, ашық жерлерiнде қаптаған қанталауы байқаладi. Лимфа түйiндерi ісiген. Сүйектiң майы табиғи емес. Көк бауыр босап атрофияға ұшырайды, пулпа қанталаған Өкпенiң үлкею қанталауы байқалады, геморрагиялық пневмония.
      Бауырда дегенеративтiк-жансызданған өзгерiстер байқалады, кей кезде майлы дистрофия және жансызданған ошақтар болады. Бүйрек қанталанған. Терi асты клетчаткаларында нүктелi және жайылған қанталауы, жарақатталған жерлерде - үлкен қан тамырлардағы iсiк.
      Аурудан жазылған мезгiлде (тәуір болғанда) әр түрлi мөлшерлерде және тканьдарда қанталаған iздерi табылады, ашық дақ, түстi дақтар (гемосидерин жиналған). Ал жансызданған жерлерде - жарақаттар жазылуы процестері көрiнедi.
      Санитариялық бағалау. Орта және ауыр дәрежеде радиоактивтi заттармен зақымданған, сәулелi аурулардың патологоанотомиялық өзгерiсi бар кезде сойылған малдардың еттерiн лажсыз сойылған мал еттерiндей бағалайды, мiндеттi түрде бактериологиялық және радиометриялық зерттеулер жүргiзедi. Iшкi және жеңiл облучения алған малдардың ұшаларымен одан алынған өнiмдерге радиометрия жүргiзедi. Радиометрияның қорытындысы бойынша, егерде оларда патологиялық өзгерiстер болмаса 2 топқа бөледi:
      1) тамақ өнiмдерi радиоактивтi заттармен зақымданғанда концентрациясы нормадан аспаса кедергiсiз жiберiледi;
      2) нормадан асып кетсе дезактивацияға (еттi сүйектен бөлiп алу, қайнату, тұздау және ұзақ уақыт мұздату) қайталап радиометрия жүргiзедi.

      85. Нормаға сай емес ет. Өзiне тән иiсiмен дәмi жоқ ет. Малдың рационына сояр алдында қызылша, репа, брюква және т.б. кiрсе еттке солардың бөтен дәмi сiңуi мүмкiн немесе ащы жусан балық және олардың қалдықтары, бұзылған жемдер. Қайнатқан кезде иiс үдей түседi. Жынысты жетiлген, пiштiрiлмеген немесе сояр алдында ғана пiштiрiлген еркек малдарда жағымсыз иiс болады; ешкiлерде терiнiң иiсi; хряктарда - зәрдiң, бұқаларда - чесноктың. Еттердегi жағымсыз иiспен дәм әр түрлi патологиялық құбылыстар кезiнде болуы мүмкiн (флегмонада, перикардитта, нефритта) және иiстi препараттарды қолданғанда, немесе еттердi иiстi заттардың қасында сақтағанда (нефтепродуктолар, химиялық заттар).
      Санитариялық бағалау. Етте балықтың иiсi болса, 48 сағат өткенше кетпейтiн, зәрдiң, дәрi дармектердiң және басқа заттардың иiстерi, етке тән емес, қайнатқанда кетпейтiн болса, ұшаны және iшкi мүшелердi - утилдейдi.
      1) Етке тән емес түс (липохроматоз). Ет майларының түсiнiң сарғайуы. Қою-сары түс кәрi малдардың етiне тән (әсiресе жылқылар мен iрi қара малда), физиологиялық нормаға сәйкес келедi. Сонымен қатар, қою-сары майдың түсi каротинға бай өсiмдiктермен қоректенгенде байқалады, және жазғы жайлау кезiнде. Бұл кезде қою-сары майдың түсi еттiң сапасына әсер етпейдi. Сары-аурумен зақымданған малдардың майдан басқа етте де тканьдерде шұбар дақтар биллирубин және билливердин пайда болады, патологиялық процестi дәлелдейдi.
      Санитариялық бағалау. Ұша және мал союдан алынған өнiмдер жасына қарай және азықтық түсiне қарай сары болып, басқа патологиялық өзгерiстерi болмаса еш бiр шек қойылмай-ақ жiберiледi. Екi тәулiк бойы кетпейтiн, азықтық емес табиғи емес сары түске бояулы тканьдары бар ұша мен iшкi мүшелер жойылады.
      2) Күрең түс (Лилапоз) iрi және ұсақ малдың тканьдерiнде меланин пигментiнiң қабаттануынан пайда болады. Меланин пигментi көбiне бауырда, өкпеде, лимфа түйiндерде және тер асты клетчаткаларында қабаттанады.
      Меланоз жұққан бөлек мүшелердi жойып, ұшаны еш бiр шек қойылмай-ақ жiбередi.

      86. Құрамында бөгде денелер бар ет - қойдың дерматоид сары суы (селеу тұқымы бұлшық eттepдe ақ балшық тұздары).
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Қойдың тер асты клетчаткасында iрiңдеген немесе капсуламен қоршалған селеу тiкенктерi көп болады. Зақымданған бұлшық еттер ісiген, қанталаған, лимфа түйiндерi үлкейген және селеу бөлшектерiнен тұрады. Жүрек бұлшық етi ісiген, қанталаған, бауыр үлкейген, босаған, шие-қызыл түстi, кей кездерiнде iрiңдеген болады.
      Санитариялық бағалау. Ақ балшықтың қыртысы бар және құрамында бөгде денелерi бар мүшелердi және бұлшық еттiң бөлек бөлшектерiн утилдейдi. Капсуламен қоршалған дерматоид селеулердi алып тастайды, ұша мен мүшелердi кедергiсiз жiбередi. Селеу тiкенектерiмен қатты жарақатталған iшiнде абсцесс немесе басқа iсiк өзгерiстерi болса қойлардың ұшасын утилдейдi.

      87. Арықтаған жүдеген жануарлардың етi.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Арықтағанда ұшаның семiздiлiгi жойылады, майлы тканның iзi немесе оның жоқтығы бұлшық еттердiң азғындағаны байқалады, бұлшық еттер семiп қалады, бұл жағдай қандайда бiр ауруларға байланысты болмауы мүмкiн. Патологиялық өзгерiстер бұлшық етте, мүшелерде жоқ. Өте арықтаған еттерде сальмонеллдар болуы мүмкiн.
      Санитариялық бағалау. Бұлшық етте және май жиналған орындарда жалқаяқ жыйналса, арықтау себебiне байланысты емес немесе бұлшық еттер семiп не азғындап қалса және бездер iсiнген жағдайларда ұша және iшкi органдар жарамсыз деп есептеледi.
      Аруға жақын еттер бактериологиялық сараптаудан өткеннен кейiн бағаланады.

      88. Союға жетiлмеген бұзау, қозы, торай еттерi. 14 күндiк жас мал еттерi дәмсiз тағамға пайдаланғанда ас-қорыту мүшелерiнiң жұмыс қызметiн бұзуы мүмкiн.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Бұлшық еттерiнiң түсi бозғылт, босаң, сулы, жетiлмеген, әсiресе сауырынмен, сан еттерi, бүйрегi жетiлмеген, кесiндiсi айқын көгiлдiр.
      Санитариялық бағалау. Жетiлмеген жас малдың етi утилденедi.

12. Лажсыз сойылған малдардың етiн және органдарын ветеринариялық-санитариялық сараптау

      89. Ветеринар маманның тәжiрибесiнде ет ауру малдан немесе жанталасып өлген малдардан алынғанын анықтау жағдайлары кездесiп отырады.
      Ауырып не жанталасып сойылған малмен сау малдың етiн, органдарын сараптау және лабораториялық әдiстермен ажыратуға болады.
      Егерде ветеринариялық-сараптау, бактериологиялық және физика-химиялық тексеру нәтижесiнде лажсыздан сойылған малдың етi жарамды деп танылса, оны пiсiруге не ет нанын немесе консервi дайындауға пайдаланылады. Бұндай еттердi және сойылымның басқа өнiмдерiн алдын ала залалсыздандырусыз қоғамдық тамақтандыру орындарына /ресторан дәмхана т.б./ шикi түрiнде жiберуге рұқсат етiлмейдi.
      Органолептикалық әдiс. Өлген, ауру не жанталасып сойылған малдың етiн анықтауда мынандай ерекшелiктерге көңiл аудару керек болады: бауыздау орны, еттегi қан тамырларындағы ұйыған қан, iркiлген қан көлемi және бездердегi өзгерiстер.
      Бауыздалған жердiң жағдайы. Арнайы ауырмай бауыздалған малдардың бауыздалу орны тегiс емес, қан көп мөлшерде сiңген болады, басқа арам бауыздалған немесе жанталасып өлген малдардың бауыздалу орны тегiс, қан мөлшерi басқа бұлшық еттердiкiндей болады. Әйткенменде бауыздалған орынды жақсылап тазалап, немесе шауып тастаса бұл белгiлер бiлiнбей қалу салдарынан ескерiлмейдi.
      Ұшаның қансыздану дәрежесi. Қансыздану дәрежесiн әр түрлi әдiспен анықтайды:
      1 - әдiс жай көзбен қанның үлкен және кiшi қан тамырларында және сiрi қабықтың астымен бұлшық еттердегi қалдықтарының мөлшерiмен анықтайды;
      2 - әдiс кесiндiлер алып микроскоппен қарайды;
      3 - әдiс гемоглобиндi-пероксидазалық сынамасын қояды.
      Төрт түрлi қансыздану сатылары болады: жақсы, қанағаттанарлық, нашар және өте нашар.
      Жақсы қансызданғанда бұлшық еттерде және қан тамырларында қан болмайды, iшкi қабықтардағы қан тамырлары көрiнбейдi, демек ұша сау малдан алынған.
      Қанағаттанарлық қансыздануда қан тамырларында азғана ұйыған қан, бұлшық еттерде қан жоқ немесе сәл басқанда қан шығуы мүмкiн. Iшкi қабықтарда қан тамырлары нашар көрiнiп тұрады.
      Нашар қансыздануда бұлшық еттердi кескен кезде бөлшек көлемдi ұйыған қан болады. Қан тамырларында қалған қан кездеседi; iшкi қабықтарда кiшкене қан тамырлары көрiнедi; бұлшық еттi кескен жерде басып қарағанда қара қан түйiршiктерi көрiнедi. Ауру малдардың ұшалары нашар қансызданады.
      Өте нашар қансыздану iрi және ұсақ қан тамырлары қанға толы; iшкi қабықтарда қан көрiнедi, iшкi қабықтардың түсi қызыл-көк; қан тамшылары ағып тұрады. Жанталасуда не ауыр патологиялық жағдайда сойылған малдардың ұшасы нашар қансызданады.
      Ағзаның қансыздануы. Ауру малдардың қаны қан тамырларында тұнып, кейiн қан тамырларының жұқару салдарынан етке өтiп, қоршаған тканьдарды қызыл-көк түске бояйды. Қандану өлекседе, ауру малдардың ұшаларында және жанталасу кезiнде сойылған малдарда кездеседi. Қандану малдың бауыздау алдында қай жағында жатқанын анықтайды. Сол себептi ұшаны аударыстырып қарау керек.
      Лимфа бездерiндегi өзгерiстер. Адал сойылған не дер кезiнде бұтарланған малдардың лимфа бездерiнiң кесiндiсi солғын не күлгiн сары болып көрiнедi. Сойылған мал ауру не жанталасу кезiнде сойылса лимфа бездерi күңгiрт-қызыл болып көрiнедi. Бұның себебi лимфа бездерiнiң ұсақ қан тамырларында ұйыған қан болуы, бездердiң синустарына енiп қызыл түске бояйды. Ауру малдардың организмiндегi қышқылдану процестерiнiң нашар жүруіне байланысты көмiр қышқылы пайда болып, ол ағзаны көгiлдiр түске бояйды.
      Аурудың түрлерiне байланысты лимфа бездерiндегi патологиялық өзгерiстер әртүрлi болуы мүмкiн /сему, ұлғаю, қан ену, iсiну, қан құйылу т.б./. Егерде мал ауру не жанталасу кезiнде сойылған деген күдiк болса, мiндеттi түрде бактериологиялық тексеру мен қатар физико-химиялық тексеру жүргiзу қажет; Рн анықтайды, пероксидаза реакциясын қояды, iрi қараның етiне формол пробасын қояды.

13. Әртүрлi жұқпалы және басқа ауруларда құс еттерiн және iшкi органдарын санитариялық бағалау

      90. Туберкулез. Iшкi органдар зақымданса және ұша арық болса утилденедi. Егерде кейбiр органдар зақымданса, бiрақ ұшаның қоңдылығы жақсы болса, iшкi органдар утилделiнедi, ал ұшаны пiсiрiп шығарады. Туберкулинге оң нәтиже берген құстың ұшалары, туберкулезге шалдыққаны болмаса пiсiрiп шығарады немесе консервi жасауға жiберiледi. Түбiтi мен қауырсыны залалсызданады.

      91. Сальмонеллез. Iшкi органдары утилге жiберiледi, ұшасы пiсiрiледi не консервi жасауға жiберiледi.

      92. Орнитоз. /Пситтаккоз/ Iшкi органдары утилденедi, ұшалары пiсiрiледi. Түбiтi мен қауырсыны жойылады.

      93. Пуллороз-тиф. Кеуде асқазан қуыстарында қан болса не перитонит болса ұша iшкi органдармен бiрге утилденедi. Егерде етiнде өзгерiстер болмаса тек қана зақымданған органдарды утилдейдi, ал ұшасы пiсiрiледi не консервi жасауға жiберiледi.

      94. Листериоз. Басы және зақымдалған органдары утилденедi, ұшалары және сау органдары пiсiрiледi. Түбiтi мен қауырсыны жойылады.

      95. Колибактериоз. Ұшаларында және iшкi органдарында патологоанатомиялық өзгерiстер болса утилденедi /перикардит, перигепатит, аэросаккулит, перитонит/. Егерде өзгерiстер тек қана iшкi органдарында болса олар утилденедi, ұшалары пiсiрiледi не консерв жасауға жiберiледi.

      96. Стафилакоккоз. Зақымдану ұлғайып кетсе /органдарында патологоанатомиялық өзгерiстер, буындарында абсцесс/ ұшалары мен iшкi органдары утилденедi. Тек қана буыны зақымданса ол утилденедi, ал ұшалары пiсiрiлiп шығарылады.

      97. Стрептококкоз. Ұшалары мен iшкi органдары утилденедi.

      98. Ботулизм. Ұшалары, iшкi органдары, түбiтi және қауырсындары жойылады.

      99. Рожа. Ұшалары мен iшкi органдарында патологоанатомиялық өзгерiстер болса утилденедi. Бұлшық еттерiнде өзгерiстер болмаса iшкi органдары утилденед1, ұшалары пiсiрiледi.

      100. Пастереллез. Ұшалары пiсiрiледi, қуырылады не консервi жасауға жiберiледi. Түбiтi мен қауырсыны залалсыздандырылады.

      101. Некробактериоз /инфекциялық синусит/. Септикалық өзгерiстер болса iшкi органдары ұшасымен утилденедi. Тек қана басы мен мойны зақымданса оларды утилдеп, ұшалары шексiз шығарылады.

      102. Грипп. Перитонит, көгеру, дегенеративтi өзгерiстер болмаса органдары және ұшаның бөлiктерi утилденiп; өзгерiстер жоқ болған жағдайда ұшалары мен iшкi органдары пiсiрiлiп немесе ұшалары консервi жасауға жiберiледi.

      103. Жұқпалы бронхит. Жұқпалы ларинготрахеит.
      Зақымданған iшкi органдары мен ұшаның бөлшегi утилденiп, өзгерiстер жоқ болса ұшалары мен органдары пiсiрiледi немесе ұшалары консервiге жiберiледi. Түбiтi мен қауырсыны залалсыздандырылады.

      104. Лейкоз, Марек ауруы, Iсiктер. Ұлғайған процестер болып не терi мен бұлшық еттер зақымданса, не етi арық, сарғыш тартса зақымданған көлемiне қарамастан ұшалары және iшкi органдары утилденедi. Бұлшық еттерде анемия, сарғаю не патологоанатомиялық өзгерiстер болмаса немесе iшкi органдарда зақымдану аз болса оларды утилдеп, ал ұшаларды пiсiрiп не консервi дайындайды. Марек ауруында түбiтi мен қауырсыны залалсыздандырылады.

      105. Ньюкасл ауруы. Ұшалары мен iшкi органдары утилденедi. Ауруға шалдыққаны күдiктi бiрақ патологиялық өзгерiстерi жоқ болса ұшаларын және жарамды iшкi органдарын пiсiредi. Түбiтi мен қауырсынын жояды.

      106. Оспа. Жайылып кеткен процестерде ұшалары iшкi органдарымен бiрге утилденедi. Тек қана басы зақымданса оны утилдеп, ұшалары мен органдарын пiсiредi не консервi дайындауға жiбередi.

      107. Спирохетоз. Арық не iшкi органдарында патологиялық өзгерiстер болса ұшасы iшкi органдарымен утилденедi.

      108. Микоплазмоз. Ауа қуысы қалталарында фибриндi өзгерiстер болса ұшаларын утилдейдi. Ондай өзгерiстер болмаса басы мен iшкi органдары утилденiп, ұшалары пiсiрiледi.

      109. Авитаминоздар. Ұшалары мен iшкi органдары арық болса утилге жiберiледi.

      110. Перитонит. Диффузды перитонит болып iшкi органдар зақымданса, кеуде асқазан қуысында серозды фибриндi не iрiңдi сарысу болса, ұшалары мен iшкi органдары утилденедi. Iшкi органдарда, плеврада, көк еттердiң сероз қабықтарында шамалы қабыну болған кезде зақымданған органдар утилденiп, ұшалары пiсiрiледi, қуырылады немесе консервi дайындалады.

      111. Энтерогепатит. Зақымданған органдары /бауыр, қарын, зоб/ утилденедi, ал ұшалары шектеусiз пайдаланылады.

      112. Жарақат. Iрiңдi iсiк. Ұшаларда жарақаттану салдарынан болған iрiңдi iсiк, патологиялық өзгерiстер болған мүшелерi, ал зақымдану үлкен болса ұшалар iшкi органдармен бiрге утилденедi. Зақымдану көлемi азғантай болса тазартқаннан кейiн ұшаның бөлiктерiн консервi дайындауға жiберiледi не пiсiрiледi.
      Болымсыз жарақат және азғана қанданған болса, бiрақ қабыну процестерi болмаған жағдайда, қанданған не iсiнген бөлiктерi утилденiп, ұшаның қалған бөлшектерi шексiз өндiрiстiк өңдеуге жiберiледi.

      113. Парша. Басы мен мойынын утилге жiберiп, ұшасын шексiз пайдалануға жiберiледi.

      114. Аяқ қотыры. Аяқтың қауырсынбаған бөлiгiн утилге жiберiп, ұшасын және iшкi органдарын кедергiсiз пайдалануға жiберiледi.

      115. Арықтау. Бұлшық еттерде май орындарында жалқаяқ пайда болып, олар семiп және құрғақ болса /сүйектерi шығып тұрса/, сонымен қатар еттерi боз немесе көкшiл тартса ұшасын iшкi органдарымен қоса утилдейдi.

      116. Бөгде иiстер. Тауық етiне тән емес дәрi-дәрмектердiң не басқа заттардың иiсi болса ұшасы және iшкi органдары утилге жiберiледi.

14. Әртүрлi ауруларға шалдыққан қояндардың еттерiн ветеринариялық-санитариялық бағалау

      117. Миксоматоз - үй қояндары мен дала қояндарының тез таралатын жұқпалы ауруы, денелерiнде iсiк пайда болады /миксом/. Ауру қоздырғышы - вирус, физикалық және химиялық әрекеттерге өте төзiмдi. Тоңазытылған еттерде 2 жылдан астам, кептiрiлген терiлерде 10 айға дейiн сақталады.
      Сойылғаннан кейiнгi анықтау. Жалқыаяқты iсiктер әр түрлi мүшелерiнде және жалқыаяқты сарысу ұша бетiнде, терi acты клетчаткаларында байқалады. Лимфа түйiндерiнде қан көбейiп, үлкейедi. Көк бауыры үлкейген, қан жиналған, өкпесi iсiнiп, қан құйылған.
      Санитариялық бағалау. Ұшалары, iшкi органдары және терiсi жойылады. Орын жайын, арнайы киiмiн, құрал-жабдықтарын залалсыздандырылады.

      118. Қояндардың вирустық геморрагиялық ауруы - тез өтетiн, қояндардың жұқпалы ауруы, iшкi органдарында, әсiресе өкпемен бауырында геморрагиялық бейiмдiлiгiменен сипаталынады.
      Сойылғаннан кейiнгi анықтау: Ас қорыту, тыныс алу органдарында және бауырда, көк бауырда, бүйректе, жүректе нүктелi сызықты қан құйылуы байқалады. Өкпесi iсiнiп, қызыл-қошқыл түстi дақтармен, кесiндiсiнде ұйытылмаған қан күңгiрт түстi болады. Бауыры үлкейген, босаң, сары-қоңыр түстi, ұйымаған қаны көп. Лимфа түйiндерi ұлпалы, күлгiрт түстi.
      Санитариялық бағалау. Ұшасын, iшкi органдарын және терiсiн утилге жiбередi.

      119. Туляремия - кемiргiштердiң жұқпалы ауруы, дала қояндары мен үй қояндары кiредi. Паринхиматозды органдарында көптеген өлi iсiк түйiршiктерi пайда болып, лимфа түйнектерi үлкейедi.
      Аурудың қоздырғышы - кiшкентай грамтерiс таяқшасы, жұқа капсуламен қоршалған.
      Сойылғаннан кейiнгi анықтау: Лимфа түйiндерi 10-15 есе үлкейген, төмпешiктi, шамадан тыс бөлiнген жұмсақ аймақтармен, кiшкентай ақ некроздық аймақтармен байқалады. Плеврасы, қарыны жуандаған, бұдырлы, iрiңдi-фибриндi қабықпен қапталған.
      Өкпесiнде, көк бауырында бауырда некрозды ошақтар, майлы - кiлегейлi түрде болып келедi. Көк бауыр 2-3 есе ұлғайып, күңгiрт түстi, кейбiрде терi асты iрiңдейдi.
      Санитариялық бағалау: Ұшасын, iшкi органдарын және терiсiн залалсыздандырады.

      120. Стрептококколы септицемия. Жұқпалы ауру, қанды - серозды экссудаттың пайда болуымен сипатталады.
      Сойылғаннан кейiнгi анықтау: Ұшаның мойын облысында, төс және т.б. дене мүшелерiнде жалқыаяқты iсiктермен, қанды - серозды экссудаттың жүрек қабығында, төс және асқазан қуысында жиналуы байқалады. Өкпе домбығып, көк бауыр ұлғайған, iшекте геморрагиялық қабынған учаскелерi көрiнедi.
      Санитариялық бағалау: Ұшасын, iшкi органдарын және терiсi утилденедi.

      121. Стафилококкоз - жұқпалы ауру, тканьдар мен органдарда әр түрлi iрiңдi қабыну процесстерiмен сипатталады.
      Сойылғаннан кейiнгi анықтау: Әртүрлi қабықты iрiң бас, қабырға, арқа терi асты клеткаларында, үлкендiгi бұршақпен алма көлемiндей кездеседi. Стафиллококты желiнсау кезiнде желiннiң қатаюы мен ұлғаюы байқалады, кесiндiсiнде iрiңдi ошақтар, сондай-ақ бауырда, көк бауырда, өкпеде, бүйректе болады.
      Стафилококты пододерматит кезiнде геморрагиялық қабыну терi асты клетчаткасында және сирақ бұлшық етiнде болады.
      Санитариялық бағалау: Стафилококты маститта ұшасын, терiсiн және iшкi органдарын утилдейдi.
      Ал стафилококты пододерматитте белгiлi жерде зақымданған бөлшектерi, iшкi органдары утилденедi, ұшасын пiсiредi.

      122. Туберкулез - созылмалы жұқпалы ауру, көкiректiк және iшектiк түрде өтiп, әртүрлi органдарда бұдырмақтар - туберкулалар пайда болады сөйтiп тканьдердi iрiтiп - шiрiтетiн инфекциялық ауру. Ұй қояндарында сирек кездеседi.
      Сойылғаннан кейiнгi анықтау: Ұшасы арық. Kөкіректік формасында
өкпесiнде туберкулездi түйiршiктер ақ-сұр түстi, үлкендiгi  түйiршiктен бұршақ көлемiндей, бүйректе, диафрагмада және плеврада болады. Ішектiк формада туберкулездi зақымданулар тоқ iшекте, бауырда, бүйректе, көкбауырда белгiленедi. Барлық түрiнде аумақтық /орта кеуделiк ж/е шарбылы/ лимфа түйiндерi зақымданады.
      Санитариялық бағалау: Ұшасын, iшкi органдарын, терiсiн утилдейдi.

      123. Псевдотуберкулез - жұқпалы үй қояны мен дала қоянының ауруы, көптеген милиардық түйiндерiнiң пайда болуымен, iрiмшiк тәрiздес сұр-сары түстi iшектiң кiлегей қабығында және сирек басқа iшкi органдарында кездесуiмен сипатталады.
      Сойылғаннан кейiнгi анықтау: Ұшасы төменгi қоңдылық дәрежесiнде. Бауыр, талақ, iшек кiлегейi, iшкi лимфа түйнектерi /сирек шапта/ көптеген миллиарды түйнектерi iрiмшiк тәрiздес болады.
      Санитариялық бағалы: Псевдотуберкулезды ошақтар ұша бұлшық етiнде т.б. органдарда кездескенде утилденедi, ал болмаған жағдайда пiсiрiледi.

      124. Пастереллез - жұқпалы ауру, органдарының геморрагиялық iсiнуi.
      Сойылғаннан кейiнгi анықтау: Аурудың қатаң не өте қатты өтуiне байланысты серозды-фибриндi не iрiңдi плеврит, өкпенiң крупозды қабынуы және өкпе, жүрек, бауыр, бүйрек және лимфа бездерiнде нүкте не сызықшалы қан құйылу байқалады. Кеуде қуысында геморрагиялы сарысу жиналады. Аурудың созылмалы түрiнде өкпеде iрiңдi не шiрiген ошақтар, бауырда көптеген шiрiген ошақтар, бүйрек топырақ тәрiздес, ақ-боз түрлi ұсақ шiрiген бөлiктер.
      Санитариялық бағалау. Ұшасы мен iшкi органдарында iрiңдi жара болса утилденеді. Ал iрiңдi жара болмаса ұша пiсiрiледi, iшкi  органдар утилденедi.

      125. Некробактериоз - созылмалы жұқпалы ауру, iшкі органдар, артқы аяқтар, кеуде не ауыз қуыстарында шiрiген ошақтар пайда болады.
      Сойылғаннан кейiнгi диагностика: Баста, жақта, ауыз қуысында, бауырда, бүйректе, өкпеде, iшектерде шiрiген фокустар, жаман иiстi iрiңдi не iрiмшiк тәрiздес ақ түстi массалар болады. Осы тәрiздес өзгерiстер лимфабездерiнде және бұлшық еттерде кездеседi.           Санитариялық бағалау. Осы процестер азғантай болса, зақымданған бөлiктер утилденедi, ұшалары пiсiрiледi. Ал процестер ұлғайған түрде болса ұшасы iшкi органдарымен қоса утилденедi.

      126. Салмонеллез - өте тез өтетiн контагиозды ауру, асқазан жолында, бауырда дегенеративтi өзгерiстер, көк бауырдың үлкеюi байқалады.
      Сойылғананнан кейiнгi анықтау: Ащы iшектiң қабықтары катаралды қабынады, тоқ iшектерде қызару, қанталау, жара, шiрiген бөлiктер пайда болады. Бауыр үлкейген, боз топырақ тәріздес, ұсақ, қаттырақ боз шiрiген бөлiктер, көк бауыр ұлғайған, қара-қызыл түстi, қабығының астында шiрiген бөлiктер.
      Санитариялық бағалау. Ұшасы пiсiрiледi, iшкi органдары утилденедi. Егерде дегенеративтi өзгерiстер болса ұшасы мен iшкi органдары утилденедi.

      127. Ауески ауруы - өте тез өтетiн жұқпалы ауру, орталық нерв жүйелерi зақымданады, қышыма пайда болады.
      Сойылғаннан кейiнгi анықтау. Ұшада жара, қан құйылу, қышынған орындарда тырналған геморрагиялық қабыну болады. Лимфа бездерi үлкейген, iсiнген. Талақ, бауыр, бүйректерде қан құйылған және көп қан болады.
      Санитариялық бағалау. Ұшада iшкi органдарында дегенеративтi өзгерiстер болса утилденедi, егерде ондай өзгерiстер болмаса iшкi органдар утилденедi, ұшасы пiсiрiледi.

      128. Листериоз. Адамның, үй қояндарының және басқа малдардың, нерв жүйесiнiң зақымдануымен және iшкi органдарда шiру өзгерiстерi болатын жұқпалы ауру.
      Сойылғаннан кейiнгi анықтау: Бауырда, талақта, бүйректе ақ не қоңыр түстi шiрiген ошақтар. Бауыры сары түстi, босаң. Лимфа бездерi үлкейген, кесiндiсi қызғылт-боз түстi.
      Санитариялық бағалау. Ұшасы пiсiрiледi, зақымданған органдары, басы, терiсi утилденедi.

      129. Токсоплазмоз - адамның, үй қояндарының және басқа малдардың /кемiрушiлер/, iшкi органдарында қабыну және шiрiген процестер болатын паразиттi ауру.
      Сойылғаннан кейiнгi анықтау: Катаралды өкпе қабынуы, бауырдың қабынуы, бүйректiң түйнектi қабынуы. Өкпеде, бауырда, бүйректе шiрiген ошақтар. Ұшада көрiнетiн өзгерiстер байқалмайды.
      Санитариялық бағалау. Iшкi органдары мен басын утилдейдi, ұшасы пiсiрiледi.

      130. Спирохетоз. Ұй қоянының жыныс бездерiн зақымдайтын жұқпалы ауру. Ауру қоздырғышы - спирохета.
      Сойылғаннан кейiнгi анықтау: Жыныс бездерiнiң терi асты клеткаларында iркiлденген iсiну. Ұлғайған процестерде ерiнде және бастың әр орындарында некрозды бөлiктермен жаралар пайда болады.
      Санитариялық бағалау. Ұшаның зақымданған бөлшектерi, органдары утилденедi, зақымданбағандары кедергiсiз пайдалануға жiберiледi.

      131. Цистицеркоз. Қоздырғышы цистид личинкасы.
      Сойылғаннан кейiнгi анықтау. Қарындағы көк ет сұйыққа толы iшi ақ басты паразиттерге толы болады. Кейбiрде цистицерктар бас, жүрек, ұша бұлшық еттерiн зақымдайды.
      Санитариялық бағалау. Ұшасы, органдары зақымдалғанда утилденедi.

      132. Кокцидоз.
      Сойылғаннан кейiнгi анықтау. Бауырмен iшекте көптеген ақ түстi түйiрлер, iрiмшiк тәрiздi, микроскоппен оцистi байқауға болады. Ұша қондылығы төменгi дәрежеде.
      Санитариялық бағалау. Зақымдалған дене мүшелерiн утилдейдi. Ал ұшасын шектеусiз жiбередi. Бұлшық еттерi, майы сарғыштау болып келедi. 48 сағатта жойылмаса ұшасы, iшкi органдары утилденедi.

      133. Фасциолез. Сойылғаннан кейiнгi анықтау. Өт жолдары үлкейген, сойылғанда фасциолалар көрiнедi.
      Санитариялық бағалау. Зақымдалған дене мүшелерi утилденедi. Бұлшық еттерi және майы сарғыштау болады. Егерде 48 сағатта жойылмаса онда ұшасы, iшкi органдары утилденедi.

      134. Жарақат. Сойылғаннан кейiнгi анықтау. Зерттеу кезiнде қан құйылу, инфильтраттар, жаралар, сынықтар және т.б. байқалады.
      Санитариялық бағалау: Дене мүшелерiн жаңа жара немесе жарақаттан тазартып, ұшаны шектеусiз жiбередi. Iрiңдi қабынуда еттi бактерологиялық әдiспен зерттейдi.

      135. Арықтау. Сойылғаннан кейiнгi анықтау: Дегенеративтi өзгерiстер бұлшық ет тканьдерiнде, жалқыаяқты iсiктер, май жиналған жерлерде iркiлденген iсiктер болады.
      Санитариялық бағалау: Ұшаны, iшкi органдарын утилдейдi.

      136. Пневмония: Қабынба, геморрагиялық, фибриндi және iрiңді пневмония болады.
      Санитариялық бағалау: Дегенеративтiк өзгерiстер, арықтау болмағанда еттi бактерологиялық зерттеуден өткiзедi, бактериология қорытындысы терiс нәтежие берсе кедергiсiз пайданылуға жiберiледi.

15. Әр-түрлi ауруға шалдыққан нутрий ұшаларын
ветеринариялық-санитариялық сараптау

      137. Нутрий етi базарларға бассыз, құйрықсыз әкелiнедi. Ocымен қатар тексеруге iшкi органдарын тапсырады /жүрек, бауыр, көк бауыр, бүйрек/.
      Ұшаны, iшкi органдары үй қояндары әдiсiмен тексередi. Сояр алдындағы зерттеу, этиологиясы әртүрлi ауру кезiндегi паталогоанотомиялық өзгерiстерi үй қояндарына ұқсас болады. Фасция 5-8 кеуде омыртқасының сүйектерi астында орналасқан май бездерi, нутрийдi ерекшелейдi. Олар ветеринариялық-санитарлық сараптаудан кейiн алынады. Аурудың әр түрiн анықтағаннан кейiн ұшаның және iшкi органдардың санитарлық бағасы келесi түрде: Ciбip жарасы, туляремия, сiреспе, құтыру, қатерлi iсiк ұшасы, органдары және терiсi өртеледi.
      Туберкулезде ұшасы, iшкi органдары утилденедi.
      Лептоспироз бұлшық етте дегенеративтi өзгерiстер, сарғыштау түс болмағанда ұша қайнатуға жiберiледi. Iшкi органдары утилденедi. Дегенеративтi өзгерiстер байқалған жағдайда утилденедi.
      Листериоз зақымдалған органдар /бауыр, жүрек/ және басын утилдейдi, ұшасы пiсiрiледi, терiсi залалсыздандырылады.
      Сальмонеллез iшкi органдары утилденедi, ал ұшасы пiсiрiледi.
      Колибактериоз бұлшық етте дегенеративтi өзгерiстер байқалмағанда ұша қайнатылады, iшкi органдары утилденедi. Дегенеративтi өзгерiстер байқалған жағдайда утилденедi.
      Пастереллезде iшкi органдары утилденедi, ал ұшасы пiсiрiледi. Некробактериоз зақымдалған орындары алынады, ал ұшасы, iшкi органдары утилденедi.
      Ауески ауруы бұлшық еттерде дегенеративтi өзгерiстер байқалғанда ұшаны iшкi органдарымен утилдейдi. Өзгерiстер байқалмаған жағдайда ұшасы пiсiрiледi. Tepici утилденедi.
      Трихинеллезде ұша және iшкi органдар утилденедi.
      Фасциоллез бұлшық еттерде дегенеративтi өзгерiстер байқалмаған жағдайда ұша шексiз жiберiледi. Дегенеративтi өзгерiстер байқалғанда iшкi органдары мен ұшасы утилденедi. Ұша арық болған жағдайда, iшкi органдар және ұшасы утилденедi.

16. Жабайы жануарлар етiн
ветеринариялық-санитариялық сараптау

      138. Жабайы жануарлар етiн зерттеу ретi үй жануарларын зерттеуiнен айырмашылығы жоқ, аздаған ғана айырмашылықтары болады. Ветеринариялық тексеруге келген жабайы жануарлардың ұшасы терiсiз, iшкi органдары алынған болу керек.
      Сараптау кезiнде еттiң тазалығына, исiне көңiл аудару керек.
      Лимфа түйiндерiн зерттеу. Жабайы жануарлар етiнiң сапасын бағалағанда, лимфа түйiндерiне көп көңiл бөлу керек болады, және үй жануарларының топографиясынан айырмашылығы жоқ.
      Ұшаны және органдарды зерттеу. Жаралар көбiнесе ластанған /жүнмен, жермен/ көптеген сүйек қалдықтары табылады. Бұғы мен маралдың ұшасы финнозға тексерiледi, ол үшiн бел бұлшық етiн тіке кеседi.

      139. Ciбip жарасы - жабайы жануарларда сирек кездеседi, тұяқты жабайы жануарларда жиi кездеседi /бұғы, солтүстiк жабайы марал, сайғақ/, қоян мен борсықта болады.
      Сойылғаннан кейiнгi зерттеу: Терi асты клетчаткасында және серозды қабықта қанды - жалқыаяқты iсiнулер, қан құйылулар. Лимфа түйiндерiнде, оның маңайындағы тканьдерде геморрагиялық қабынулар мен ұйыған қан болады.
      Санитариялық бағалау: Ауру не сiбiр жарасына күдiктi жабайы жануарлардың етi жойылады.

      140. Құтыру - көбiнесе жабайы аңдарда кездеседi. Ұшасы мен органдарын тексергенде құтыруды анықтау мүмкiн емес.
      Санитариялық бағалау: Құтыру аурумен ауырған жануарлардың ұшасы, iшкi органдары жойылады.

      141. Пастереллез - Жабайы жануарлар арасындағы жұқпалы ауру, кiлегейлi, сiрi қабықтың терi асты клетчаткасымен iшкi органдарының геморрагиялық қабынуымен сипатталады.
      Сойылғаннан кейiнгi анықтау: Терi асты клетчаткасында жалқыаяқты - қанды инфильтраттар, iшкi органдарының кейбiр жерiнде нүктелі қан құйылу, өкпеде - iсiну, бауырда, бүйректе, жүректе, талақта - қайта жаратылу, қан құйылу.
      Ұша мен органдардың лимфа түйiндерi қара-күрең түстi, ал қоршаған тканьдерде көптеген қан - құйылулар және сары-қызыл инфильтраттар.
      Санитариялық бағалау. Пастереллез аурумен ауырған, бұлшық етте дегенеративтi өзгерiстер байқалғанда жабайы жануарлар ұшасы, органдары жойылады. Дегенеративтi өзгерiстер болмаса ет пiсiрiледi.

      142. Аусыл - көбiнесе жабайы жануарларда кездеседi.
      Сойылғаннан кейiнгi анықтау: Ауыз қуысы кiлегейлi қабықта афтылар, эрозиялар көрiнедi. Тұяқ қуысында афтылар, шiру. Лимфа түйiндерiнде, бұлшық етте ж/е басқа дене мүшелерiнде өзгерiстер байқалмайды.
      Санитариялық бағалау: Ауруға күдiктi және ауырған малдың етi пiсiрiледi.

      143. Туберкулез - жабайы жануарлардың көптеген түрi ауырады.
      Сойылғаннан кейiнгi анықтау: Органдарда, лимфа түйiндерде, бұлшық етте туберкулезді ошақтар табылады, ортасында кiшкентай ақ iзбec қосындылары көрiнедi. Бөлек органдары зақымдалғанда бұл процеске регионарды лимфа түйiндерi кiредi. Туберкулезбен жабайы шошқа ауырғанда бас және iшектердiң лимфа түйiндерi зақымдалады.
      Санитариялық бағалау: Ұшада, лимфа түйiндерiнде көптеген туберкулездi зақымдар болса, жабайы жануарлар етiн зарарсыздандырады.
      Бөлек органдары, лимфа түйiндерi зақымдалған жағдайда, зақымдалған жерi ғана зарарсыздандырылады да етi пiсiрiледi.

      144. Псевдотуберкулез - көбiнесе кемiргiштерде байқалады /қоян, нутрия және т.б./.
      Сойылғаннан кейiнгi анықтау: ұша, лимфа түйiндерi кейбiрде бұлшық етте некрозды ошақтар кiшкентай төмпешiктер түрiнде болып, сұр-сары немесе жасыл түстi iрiктер табылады.
      Санитариялық бағалау: Бұлшық етте, лимфа түйiндерiнде көптеген зақымдар болып немесе ұшасы арық болса зарарсыздандырылады.
      Бөлек лимфа түйiндерi немесе бұлшық еттерi зақымдалса - зарарсыздандырады, ал ұшасы шектеусiз жiберiледi.

      145. Бруцеллез - жабайы жануарлардың көп түрi ауырады.      
      Сойылғаннан кейiнгi анықтау: Ұшада патологиялық өзгерiстер жоқ, сондықтан сойылғаннан кейiн жануар ауруын анықтау күрделi. Лимфа түйiндерi ұлғайғаны белгiленедi, олар iсiнген, кейбiрде ірiңдi-некрозды ошақтар болады.
      Санитариялық бағалау: Бруцеллез ауруымен ауырған, күдiктi жабайы жануарлардың етiн қайнатып залалсыздандырады.

      146. Некробактериоз - Аша тұяқты жануарлардың және қояндардың ауруы. Терiнiң, кiлегейлi қабықтың жаралы-некрозды зақымдануымен сипатталады.
      Сойылғаннан кейiнгi анықтау: Жабайы жануарларда жиi тұяқ ауруы, кейбiрде ауыз қуысының кiлегейлi қабығы зақымданады. Мойын, шап жоғарғы лимфа түйiндерi ұлғайған. Бұлшық етте некрозды - iрiңдi ошақтар болады.
      Санитариялық бағалау. Некробактериозбен ауырған жабайы жануарлардың етi, бұлшық еттерiнде некрозды ошақтар болса утилденеді.

      147. Қарасан - бұғы мен зубрда кездеседi.
      Сойылғаннан кейiнгi анықтау: Терi асты клетчаткасында, санында, сауырында, белiнде, кеудесiнде iсiнiп сықырлауы байқалады. Сол iсiктердi басқанда ауа, қанды - сары инфильтрат бөлiнедi. Лимфа түйiнiн кесiндiсiнде қара-қызыл түске дифузды боялған.
      Санитариялық бағалау: Ауруға шалдыққан жабайы жануарлардың ұшасы және органдары утилденеді.

      148. Листериоз - инфекциялық ауру, көбiнесе үй қояны, дала қояны, жабайы шошқа, сайғақтар ауырады.
      Сойылғаннан кейiнгi анықтау: Лимфа түйiндерi ұлғайған, ісiнген, арықтық белгiленедi.
      Санитариялық бағалау: Ауру не күдiктi лнстериоз ауруына жабайы жануарлардың ұшасын пiсiредi, ал iшкi органдары утилденедi.

      149. Лептоспироз - жабайы жануарлардың көп түрi ауырады. Көбiнесе кемiргiштер, дала қояндары, марал, тау ешкi ауырады.
      Сойылғаннан кейiнгi анықтау. Терi асты клетчаткасы, бұлшық етi және май тканьдерi сарғаяды, кейбiр жерлерiнде қан құюлармен сары инфильтраттар болады. Iшкi органдары сарғыштау, қан құюлар байқалады. Лимфа түйiндерi едәуiр ұлғайған.
      Санитариялық бағалау. Ауру еттi пiсiредi. Ұша сары болып, бұлшық етте дегенеративтi өзгерiстер болса, утилденедi.

      150. Трихинеллез - жабайы шошқа, аю, борсық т.б.жабайы ет қоректiлер ауырады.
      Санитариялық бағалау. Ұшасы, iшкi органдары утилденедi.

      151. Цистицеркоз /финноз/ - Бұл ауру маралда, тау ешкiде белгiлендi.
      Тұяқты жабайы жануарларда эхинококкоз, фасциолез, дикроцелиоз кездеседi.
      Санитариялық бағалау. Жабайы жануарлардың етiн түрлі инвазиялық ауруларға тексеру үй жануарлар етiн бағалауға ұқсас.

      152. Eт және ет өнiмдерiн тасымалдағанда, сақтағанда, температуралық жағдайы осы Ереженiң 3 4 және 5 қосымшасына сәйкес болуы тиiс.

1 Қосымша

Сау малдардың дене қызуы, тамыр соғысы,
дем алысының көрсеткiштерi

___________________________________________________________
N      Малдардың атауы    Дене қызуы         Саны мин.
п/п                          С О          Тамыр соғысы    Дем алысы
_________________________________________________________________
1    Mүйiздi iрі қара     37,5-39,5       50-80          10-30
2    Қой, ешкi            38,0-40,0       70-80          15-30
3    Жылқы                37,5-38,5       24-42           8-16
4    Шошқа                38,0-40,0       60-90          15-20
5                         37,5-38,5       24-40           8-17
6    Буйволда, енекелер   37,5-39,0       50-75          10-28
7    Бұғылар              37,5-38,5       36-48           8-16
8    Tүйелер              36,0-38,6       35-52           5-12
9    Қояндар              38,5-39,5      120-140         50-60
10   Тауықтар             40,0-42,0      150-200         15-30
_________________________________________________________________

2 қосымша

Ветеринариялық препараттармен домдалған жануарларды
союға жiберу мерзiмiмен және олардың еттердегi ең
төменгi мөлшердегi жiберiлу өлшемi

______________________________________________________________
Препараттар атауы      Домдау әдiсi,    Төменгi     Домдаудан
                       концентрациясы  жiберiлетiн  кейiнгi сою
                                         мөлшер       мерзiмi
____________________________________________________________________
       1                    2             3             4
____________________________________________________________________
Акродекс - препарат    Терi қабатын      0,005          10
аэрозолды құтыда          домдау
Aвepceкт               Терi астына       жiберiлмейдi   30
                          жiберу
Анометрин H            Терi қабатына     жiберiлмейдi   20
к.э.перметрин             бүрку        
Бензофосфат к.э.       0,2 пайыздық су   жiберiлмейдi   40
                       eрітiндiсiмен
                           бүрку
Бутокс к.э.            Қойларды шомыл.   жiберiлмейдi   20
дельтаметрина          дыру 0,005 су
                       ерітіндісі

Гиподермин хлорофос    Жотасына құю      жiберiлмейдi   21
11,0 пайызды
хлорофостың спиртi-
майлы ерiтiндiсi
Дибром к.э.            Бүрку 0,5 пайыз.  жiберiлмейдi    3
                       ды су ерiтiндiсі
Ивомек                 Терi асты жiберу  жiберiлмейдi   30
                       1/мл/50-200кг
Креохин к.э.           Қойлар,           жiберiлмейдi   10
циперметрин            шомылдыру 0,0005
негiзінде              с.е.

Неоцидол(диазинон)     Қойлар,           Майында 0,7    20
                       шомылдыру 0,05
                       пайызды су
                       ерітіндісі
                       Антибиотиктер
Пенициллин, оның       Қалың етке жiберу Жiберiлмейдi   14
негiзiндегi препарат.                    0,01 eд/г
тар
Тетрациклин            Ішке, қалың етке  Жiберiлмейдi   6
                                         0,01 eд/г

Стрептомицин,          Қалың етке        Жiберiлмейдi   7
левомицин                                0,01 eд/г
Сульфаниламиды         Ішке              жiберiлмейдi   5
                       Нитрофурандар
Фуразолидон, Фурагин   Ішке              жiберiлмейдi   4
Фурадонин, Фурациллин
                       Кокцидиостатиктер
Ирамин, Фармоксид      Ішке              жiберiлмейдi   3
                       Антгельминтики
Гексихол               ішке              жiберiлмейдi   30
Нилверм                ішке              жiберiлмейдi   3
Фенасал                ішке              жiберiлмейдi   3
Пиперазин              ішке              жiберiлмейдi   3
Фенбендазол(панакур)   ішке              жiберiлмейдi   14
Албендозол             ішке              жiберiлмейдi   14
Мебендозол             ішке              жiберiлмейдi   14
Клозантел              ішке              жiберiлмейдi   14   
____________________________________________________________________

3 Қосымша

Ет және ет өнiмдерiнiң сақталу мерзiмi және жағдайы

______________________________________________________________
      Ет түрi            Камера құжатындағы    Сақталу мерзiмi
                        ауа температурасы О С  тәулiк (ай), жоғары
                                                    емес
____________________________________________________________________
1. Салқындатылған (iлулi)
Сиыр етi жартылай және       -1                  16 тәулік
төртке бөлiнген
Бұзау етi жартылай            0                  12
Шошқа етi                    -1                  12 
Қой етi                      -1                  12
2. Mұздатылған
Барлық түрлерi (жиналған     2-ден 3-ке дейін    20
немесе iлiнген)
3. Қатты мұздатылған
Сиыр етi жартылай төртке    -12                  8 ай
бөлiнген
                            -18                  12
                            -20                  11
                            -25                  12

Қой етi ұшасы               -12                  3
                            -18                  6
                            -20                  7
                            -25                  12
Субпродукты(қосымша
өнiмдер)                    -12                  4
                            -18                  6
                            -20                  7
                            -25                  10
____________________________________________________________________

4 Қосымша

Мұздатылған ет бөліктері және субпродуталар(қосымша өнімдердің) сақталу мерзімімен жағдайы

____________________________________________________________________

Ет және ет өнімдерінің  Ауаның     Сақталу мерзімі ай, жоғары емес
мұздатылған бөліктері   құжаттағы  ________________________________
                        темпера.         ет        Қосымша өнімдер
                        турасы О С                  (субпродукт) ____________________________________________________________________

Сиыр еті                -12              8                4
                        -18             12                6
                        -20             14                7
                        -25             18               10       
Шошқа еті               -12              5                4
                        -18              6                5
                        -20              8                5
                        -25             12                6
Қой еті                 -12              6                4
                        -18             10                6
                        -20             11                7
                        -25             12                8
Шошқа шпиктары
шұжыққа арналған        -12              3                -
                        -18              6                -
                        -20              8                -
                        -25             12                -
Шошқа, сиыр бастарының  -12              -                4
еттері, сиыр, қой, шошқа-18              -                6
еттер кесіндісі,        -20              -                7 
қосымша өнімдер         -25              -                8
Шошқа терісі, етті      -12              -                1
бөлгендегі сіңірлермен, -18              -                1
шеміршектер             -20              -                1
                        -25              -                3 
____________________________________________________________________
      Ескерту:   Мұздатылған ет бөліктерін салқындатылмаған қоймаларда сақтауға рұқсат етілмейді.    

5 Қосымша

Еттердi, шпиктарды, қосымша өнiмдердi тасымалдағандағы
температура жағдайы

______________________________________________________________
Ет және ет өнiмдерiнiң    өнiмнiң тиер     Тиейтін қоймаларда, мұз.
жағдайы                    алдындағы      датылған транспортардағы
                         температурасы        ауа температурасы
                                          __________________________
                                          Тиер алдында  Жол бойы
____________________________________________________________________

Суытылған ет (iлiнген)   4-тен жоғары       0-(-1)      0-(-1)
                         12-ге дейiн
Салқындатылған ет        0-4                0-(-1)      0-(-1)
(ілiнген)
Мұздатылған ет (сатылап  -2 - -3            -1-(-3)     -1-(-3)
жиналған
Қатты мұздатылған ет     -8 - -18          (-8)-ден     (-12)-ден
қосымша өнiмдер, ет                        жоғары емес  жоғары емес
блоктары, шпиктер,
қосымша өнiмдер
____________________________________________________________________