Қазақстан Республикасында шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау мәселелерін жүзеге асыру жөніндегі "Білім туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
16-бабын іске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН
:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережесі бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім департаменті (Б.Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге, кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға ұсынсын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым бірінші вице-министрі Г.Гамарникке жүктелсін.
Министр
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2003 жылғы 8 тамыздағы
N 542 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында шетелдік білім беру ұйымдары
берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау
(баламасын белгілеу) тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
Ескерту: Бүкіл мәтін бойынша "білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (бұдан әрі - Комитет)" деген тиісті септіктерде сөздермен ауыстырылды - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 252 бұйрығымен .
1. Жалпы ереже
1. Қазақстан Республикасында шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында дайындалған және басқа мемлекеттерде, Қазақстан Республикасында құрылған халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алғандар үшін жалпы орта білім, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды тану мен олардың баламалылығын белгілеу туралы тәртіпті анықтайды.
2. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану астарында (бұдан әрі - білім туралы құжаттар) Қазақстан Республикасының аумағында осы құжаттардың заңды түрде күшіне енуіне Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) келісілгендігі жатыр.
3. Білім туралы құжаттарды нострификациялау Қазақстан Республикасында құрылған халықаралық және шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында), басқа мемлекеттерде білім алған азаматтарға берілген құжаттардың баламалылығын анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім.
4. Білім туралы құжаттарды нострификациялау көрсетілген құжаттар иелеріне Қазақстан Республикасындағы білім туралы құжаттардың иелеріне берілетін сияқты академиялық және/немесе кәсіби құқықтарын ұсына алатындығын білдіреді.
5. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялаудың мақсаты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде білім алған азаматтардың құқығын қорғау және алған білім деңгейлері мен даярлау деңгейіне сәйкес Қазақстан Республикасында кәсіби қызметке және/немесе білім беру ісіне жол ашуды қамтамасыз ету болып табылады.
6. Комитет білім туралы құжаттарды Қазақстан Республикасында тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) рәсімін өткізу үшін жұмыс органы ретінде "Ұлттық аккредиттеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын анықтайды (бұдан әрі - жұмыс органы).
Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 16 тамыздағы N 543 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
бұйрығымен
.
7. Жұмыс органы мынадай функцияларды атқарады:
1) осы Ережеге сәйкес білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсімін жүргізеді;
2) Комитетке тану мен нострификациялаудың қосымша өлшемдерін енгізу туралы, сондай-ақ білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсімдері мен тәртібін одан әрі жетілдіру туралы ұсыныстармен шығады;
2-1) құжаттардың осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексереді;
3) білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау жөнінде шешім қабылдауға білім беру жүйесіндегі жоғары білікті қызметкерлер арасынан сараптамашыларды қатыстырады;
4) білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәліктер жазады;
5) білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәліктердің бланкілеріне қатаң есеп жүргізеді және сақтайды;
6) білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау тәртібіне байланысты өзге де шаралар өткізеді.
Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 252
бұйрығымен
.
8. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау және тиісті куәліктерді беру құжат иесінің немесе мүдделі ұйымның (өтініш берушінің) өтініші арқылы жүзеге асырылады.
9. Халықаралық шарттар (келісімдер) болмаған жағдайда Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден алған білім туралы құжаттарды Қазақстан Республикасында тану мен нострификациялау және тиісті куәліктерді беру осы Ережеде белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
10. Халықаралық шарттар (келісімдер) бар болса, білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасы аумағында танылады және жұмыс органы берген тиісті куәліктермен нострификациялауға жатады.
11. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау жөніндегі куәліктер қатаң есепке алу бланкілері болып табылады, орталықтандырылған баспаханалық әдіспен дайындалады, есеп сериясы және нөмірі болады. Жұмыс органы белгілеген тәртіппен оларды беруі кезінде тіркелуі, есепке алынуы және сақталуы тиіс.
12. Өтініш беруші білімі туралы құжаттарды тану туралы Комитетке өтініш бере алады.
Білім туралы құжаттарды тану туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса ұсынылады:
1) білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
2) білім туралы құжатқа (түпнұсқа) өтілген оқу курстары мен олардың көлемі, қойылған қорытынды бағалары, практика, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстарының тізбелері, басқа да оқу процесін құрайтын жұмыстары көрсетілген қосымша;
3) білім туралы құжаттардың нотариалдық (немесе дипломатиялық қызмет органы) расталған аудармасы және мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған қосымшасы;
4) білім туралы құжаттың иесін куәландыратын нотариалдық расталған құжаттың көшірмесі;
Білім беру ұйымдары берген 1) және 2) тармақшаларда көрсетілген құжаттар:
шетелдік ресми құжаттарды жария ету талаптарының күшін жоятын
Конвенцияға
қатысушы мемлекеттер (Гаага қаласы 1961 жылғы 5 қазан) (бұдан әрі - Гаага конвенциясы) апостильдеуден өткізілген болуы қажет;
Гаага конвенциясына қол қоймаған мемлекеттер Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгілеген тәртіппен консулдық жариялаудан өтуі қажет;
5) білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі, оқу орнының мөрімен расталған жалпы орта білім туралы құжаттардан басқасы (қажет болған жағдайда мемлекеттік және/немесе ресми тілдегі нотариалды расталған аудармасы).
Қажет болған жағдайда өтініш берушіден оқу мекемелеріне сәйкес қазақстандық ресми және/немесе шетелдік ұйымдарынан нақтыланатын құжаттар сұралады. Ұсынылған ақпараттың шүбәсіздігі үшін өтініш беруші немесе ақпаратты ұсынған адам жауапты.
Ескерту: 12-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 252
бұйрығымен
,
2006 жылғы 6 ақпандағы N 58
бұйрығымен
.
13. Тану рәсіміне пайдаланылған материалдар мен құжаттар мемлекеттік және/немесе ресми тілде расталған аудармасымен ұсынылады.
Аударманың шүбәсіздігін растауды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус және құжатты берген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық органдардың қызметі жүзеге асырады. Жекелеген жағдайларда (мысалы, прецедент бойынша тану белгіленген кезде) аумағында құжат берілген мемлекеттің Қазақстандағы дипломатиялық органдары қызметі орындаған құжаттың аудармасы ұсынылуы мүмкін.
14. Өтініш белгіленген нысандағы 1-қосымшаға сәйкес, білім туралы құжаттарды тану өтініштерін тіркейтін арнайы журналда тіркеледі. Аталған журналдың беттері белгіленген тәртіппен нөмірленуі және тігілуі керек.
15. Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау мерзімі барлық қажетті материалдар келіп түскен күннен кейін, нақтыланған ақпараттарды есептегенде 4 аптадан аспауы керек.
16. Білім туралы құжаттарды тану рәсімі білім мәселелері жөніндегі халықаралық келісімдер, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері негізінде өткізіледі.
17. Білім туралы құжатты тану үшін білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы осы құжатты берген тиісті мемлекеттік органдармен белгіленген тәртіпте танылуы қажет.
18. Еуропалық өңірдегі кәсіптік жоғары білім беруге қатысты (Лиссабон, 1997 ж., сәуір) Өңірлік Конвенцияға азиялық-тынық мұхит өңіріндегі оқытуды, жоғары білім берудің дипломдарын және дәрежелерін тану туралы (Бангкок, 1983 ж.) біліктілікті тану туралы конвенцияға қосылған елдердегі білім беру туралы құжаттары алдын ала жүргізілетін сараптамасыз белгіленген тәртіппен куәлік берумен қоса Қазақстан Республикасында танылады.
Ескерту: 18-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 58
бұйрығымен
.
19. Қазақстан Республикасында халықаралық шарттар мен мемлекетаралық келісімдер негізінде, сондай-ақ білім беру саласындағы орталық атқарушы органдардың арасындағы шарттардың (келісімдердің) негізінде құрылған және әрекет ететін аккредитацияланған халықаралық және шетелдік оқу орындары, шетелдік білім беру ұйымдарының филиалдары берген білім туралы құжаттар алдын ала жүргізілетін сараптамасыз белгіленген тәртіппен куәлік берумен қоса Қазақстан Республикасында танылады.
20. Танылмаған білім туралы құжаттар танудан бас тарту туралы себептері түсіндіріліп, өтініш иесіне қайтарылады.
23. Жұмыс органы білім туралы құжатты тану туралы шешімнің негізінде белгіленген нысан бойынша 2-қосымшаға сәйкес куәлік жазып береді.
24. Білім туралы құжаттарды тану туралы куәлікке Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің төрағасы (бұдан әрі - Комитет төрағасы) қол қояды және елтаңбалы мөрмен расталады.
Ескерту: 24-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 252
бұйрығымен
.
25. Куәлік өтініш берушінің жеке өз қолына немесе оның сенімхаты бойынша басқа тұлғаға беріледі, немесе хабардар етуімен пошта бойынша жіберіледі.
26. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттардың сәйкестігі кәсіптік қызметке жіберілер кезінде Қазақстан Республикасындағы білім туралы құжаттарды нострификациялау негізінде анықталады.
27. Өтініш беруші білім туралы құжаттарды нострификациялау жөнінде Комитетке өтініш бере алады.
Білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса ұсынылады:
1) білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
2) білім туралы құжатқа (түпнұсқа) өтілген оқу курстары мен олардың көлемі, қойылған қорытынды бағалары, практика, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстарының тізбелері, басқа да оқу процесін құрайтын жұмыстары көрсетілген қосымша;
3) білім туралы құжаттың нотариалдық (немесе дипломатиялық қызмет органы) расталған аудармасы және мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған қосымша;
4) білім туралы құжат иесін куәландыратын нотариалдық расталған құжаттың көшірмесі;
Білім беру ұйымдары берген 1) және 2) тармақшаларда көрсетілген құжаттар:
Гаага конвенциясына қатысушы мемлекеттер апостильдеуден өткізілген болуы қажет;
Гаага конвенциясына қол қоймаған мемлекеттер Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгілеген тәртіппен консулдық жариялаудан өтуі қажет;
5) білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі, оқу орнының мөрімен расталған жалпы орта білім туралы құжаттардан басқасы (қажет болған жағдайда мемлекеттік және/немесе ресми тілдегі нотариалды расталған аудармасы).
Қажет болған жағдайда, өтініш берушіден, сәйкес оқу орындарынан, ресми қазақстандық және/немесе шетелдік ұйымдарынан (өтілген курстарын талдап сипаттау, бұдан бұрын алған білімі туралы мәліметтер және т.б.) қосымша құжаттар сұралуы мүмкін.
Өтініш беруші білім деңгейін, кәсіби қызметі мен тәжірибелік тәлімін растайтын қосымша құжаттарын көрсетуге құқылы.
Ұсынылған ақпараттардың шүбәсіздігі үшін өтініш беруші немесе ақпаратты ұсынған тұлға жауапты болады.
Ескерту: 27-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 252
бұйрығымен
,
2006 жылғы 6 ақпандағы N 58
бұйрығымен
.
28. Нострификациялау рәсімінде пайдаланылған материалдар мен құжаттар мемлекеттік және ресми тілдегі расталған аудармасымен қоса ұсынылады.
Аударманың шүбәсіздігін растауды Қазақстан Республикасы аумағындағы нотариус, құжатты берген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органы жүзеге асырады. Жекелеген жағдайларда (мәселен, прецедент бойынша баламасын белгілеу кезінде) құжатты берген мемлекет аумағындағы Қазақстанның дипломатиялық қызмет органы орындаған аударма ұсынылуы мүмкін.
29. Білім туралы құжаттарды нострификациялау жөніндегі өтініштер 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініштер тіркейтін арнайы журналда тіркеледі. Аталған журналдың беттері белгіленген тәртіппен нөмірленуі және тігілуі керек.
30. Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау мерзімі барлық қажетті материалдар келіп түскен күннен кейін нақтыланған ақпараттарды қоса алғанда, төрт аптадан аспауы қажет.
31. Білім туралы құжаттардың баламалылығын белгілеу рәсіміне сараптама жүргізуі кіреді. Сараптамашылардың қорытындылары негізінде шешім қабылданады.
32. Сараптама екі бөлімнен тұрады:
1) білім беру туралы құжаттарды тану;
2) шетелде алған білім мазмұнының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарына сәйкес келуін белгілеу.
33. Шетелде алған білім мазмұнының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігін белгілеу рәсімі оқу орындары түлектері дайындықтарының мазмұны мен деңгейі минимумдарына қойылатын мемлекеттік талаптарға қатысты білім туралы құжаттары танылғаннан кейін барып жүргізіледі.
34. Білім мазмұнының сәйкестігін белгілеуді сараптамалық комиссия жүзеге асырады. 3-5 адамнан тұратын білім деңгейлері бойынша сараптамалық комиссиялар білім жүйесінің жоғары білікті қызметкерлер қатарынан Комитеттің бұйрығымен құрылады.
Сараптаманың нәтижесінің нақтылығы үшін жауапкершілік сараптамалық комиссияларға жүктеледі.
Ұсынылған құжаттарды қарауға және сараптауды ұйымдастыруға жұмсалатын шығыстар өтініш берушінің есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту: 34-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 252
бұйрығымен
.
35. Сараптамалық қорытынды міндетті түрде қаралатын мынадай өлшемдердің негізінде қабылданды:
1) оқу мерзімі;
2) оқу жоспарының мазмұны (оқытылған пәндер тізімі);
3)
алынып тасталды
;
4) оқытылған пәндер көлемі (сағатпен);
5)
алынып тасталды
;
6) емтихандар мен сынақтар жүйесі;
7) оқыту кезеңіндегі білім алушылардың бағалары (жетістіктері);
8) практикалардың барлығы және ұзақтығы;
9) қорытынды мемлекеттік аттестациялаудың барлығы және деңгейі;
10) оқу бітіргендегі біліктілік жұмысының барлығы және тақырыбы;
11) оқыту нысаны;
12) қосымша білімнің барлығы.
Өтілген пәндер тізбесіндегі айырмашылық 30% асқан жағдайда оқу бағдарламаларының мазмұны қаралады.
Алған білімі мен тәжірибесі оқу жоспарларындағы және оқыту әдістеріндегі кездесуі мүмкін ерекшеліктерді мойындай отырып, қорытынды дайындық позициясы тұрғысынан бағаланады.
Ескерту: 35-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 252
бұйрығымен
.
35-1. Объективті сараптау қорытындысын қабылдау үшін жұмыс органы сұхбаттасуды ұйымдастырады және сұхбаттасудың нәтижесі бойынша айырмашылықты зерделеу және жою үшін өтініш берушіні тиісті оқу орнына жібереді немесе мынадай жағдайда тестілеу өткізеді:
1) бақылау (емтихан, сынақ) нысандарында оқылған пәндер сағатының көлемі 20% және одан артық болғанда практикалардың ұзақтығы бойынша айырмашылық анықталғанда;
2) егер өтілген пәндер тізбесінде айырмашылық 30% асқан жағдайда оқу бағдарламасының мазмұнын қарауға мүмкіндік болмаса;
3) егер құжат Қазақстан Республикасының білім беру деңгейлері бойынша даярлық және мамандықтар бағыттарының жіктеуішінде жоқ біліктілікті беретін болса. Бұл жағдайда білім беру сәйкестігі мәндес мамандықтар бойынша өткізіледі.
Ескерту: 35-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 252
бұйрығымен
.
36. Жұмыс органы білім деңгейлері жөніндегі сараптамалық комиссиялардың тұжырымдылары, сондай-ақ білім туралы құжат берген елдегі және Қазақстандағы білім мазмұны құрылымына қойылатын талаптар салыстырылғаннан кейін, Қазақстан Республикасында қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескеру, баламалық өлшемдерінің сәйкестігі негізінде шетелде алған білім мазмұнының Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында түлектерге қойылатын талаптарға сәйкес келетіні туралы немесе сәйкес келмейтін себептер және оларды жоюға болатын мүмкіндіктері туралы сараптамалық қорытынды дайындалады.
38. Жұмыс органы Комитетке мәселенің оң шешімін мынадай негізде ұсына алады:
1) білім туралы құжаттарды тану туралы оң сараптамалық қорытынды;
2) білім мазмұнының сәйкестігі туралы оң сараптамалық қорытынды;
3) Қазақстандағы және білім туралы құжатты берген елдегі білім құрылымына қойылатын жалпы талаптардың сәйкестігі туралы оң сараптамалық қорытынды;
4) нострификациялау туралы халықаралық келісімдер және Қазақстан Республикасы қол қойған және қабылдаған міндеттемелер;
5) прецедент болса.
39. 38-тармақта көрсетілген негіздемелердің біреуі бойынша шығарылған теріс қорытынды нострификациялау туралы куәлік беруден бас тартудың себебі бола алады.
Білім туралы құжаттарды нострификациялау жөніндегі куәлікті беру туралы теріс шешім жөнінде ұсыныс қабылдануы мүмкін, егер:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарында қарастырылған талаптарға қарағанда, шет мемлекетте кәсіптік білім туралы құжат алу үшін (жалпы орта білім алғаннан кейін) жалпы нормативті оқу кезеңі бір жылға кем болады;
2) білім туралы құжат берілген елде құжат иелеріне Қазақстандағыдан гөрі аз академиялық және/немесе кәсіптік құқық беріледі (мысалы, ондай білім туралы құжат иелерінің жоғары оқу орындарына, магистратураға түсуге, кәсіби іске араласуына құқылары жоқ);
3) даярлау саласы қазақстандық бағыттар және кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік мамандықтар тізбесіне сәйкес емес.
40. 39-тармақтың 2-тармақшасында көрсетілген шарттар анықталған жағдайда, нострификациялау туралы куәлікке білім туралы құжат иесінің кәсіптік және/немесе академиялық құқығы шектелгендігі туралы жазба енгізілуі мүмкін.
42. Жұмыс органы ұсынысының негізінде Комитет нострификациялау туралы шешім шығарады және тиісті бұйрықпен ресімделеді.
43. Жұмыс органы білім туралы құжатты нострификациялау туралы шешімнің негізінде белгіленген нысан бойынша 4-7-қосымшаларға сәйкес тиісті куәлік жазып береді.
44. Білім туралы құжаттарды нострификациялау жөніндегі куәлікке Комитеттің төрағасы қол қояды және елтаңбалы мөрмен расталады.
Ескерту: 44-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 252
бұйрығымен
.
45. Куәлік өтініш берушінің жеке өз қолына немесе оның сенімхаты арқылы басқа тұлғаға беріледі, немесе хабардар етуімен пошта бойынша жіберіледі.
46. <*>
Ескерту: 46-тармақ алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 58
бұйрығымен
.
47. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы өтініштерді тіркеу журналы қатаң есептілік құжаттары болып табылады және 10 жыл мерзім бойы сақталып, содан соң белгіленген тәртіппен мемлекеттік мұрағатқа мерзімсіз сақтауға тапсырылады.
48. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау куәліктері 8-қосымшадағы белгіленген нысанға сәйкес білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәліктер беретін арнайы кітапқа тіркеледі. Аталған кітаптың парақтары белгіленген тәртіппен нөмірленуі және тігілуі керек. Кітап қатаң есептегі құжат ретінде ұдайы сақталады.
49. Егер тұлға өзінің білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау куәлігін жоғалтып алған жағдайда, куәліктің тану және нострификациялау туралы телқұжаты (бұдан әрі - телқұжат) беріледі.
50. Өтініш беруші Комитетке телқұжат беру туралы жазбаша өтініш береді.
Өтінішке жоғалған тану және нострификациялау куәлігін шын емес деп тану туралы хабарлама берілген газеттің бір данасы, табылған заттар үстелінен алынған анықтама қоса беріледі.
51. Жұмыс органы телқұжат беру үшін негіз болатын, оларды куәландыратын құжаттардың барлығын (сәйкес бұйрықпен бекітілген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау куәлігін беру жайындағы шешім, тану және нострификациялау куәліктерін тіркеу кітаптарындағы жазулар) тексереді.
Куәліктің жоғарғы жағындағы "Куәлік" деген сөздің астына сәйкес мемлекеттік және ресми тілде "Телқұжат" деп мөртабан қойылады.
53. Телқұжат беру туралы мәліметтер тану және нострификациялау куәліктері 8-қосымшадағы белгіленген нысанға сәйкес тану және нострификациялау куәліктері тіркелетін арнайы кітаптарға енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2003 жылғы 8 тамыздағы
N 542 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
шетелдік білім беру ұйымдары
берген білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау
(баламасын белгілеу) тәртібі
туралы Ережеге
1-қосымша
Шетелдік білім беру ұйымдары берген
бiлiм туралы құжаттарды тану туралы
өтiнiштердi тіркеу
ЖУРНАЛЫ
____________________________________________________________________
Реттік|Өтінішті| Т.А.Ә.|Тану |Оқыту |Білім |Құжат. |Қашан| Ескерту
тіркеу| тіркеу | немесе|мақ. |Мемле.|туралы| тың |және | (шешімі
нөмірі| күні | өтініш|саты |кеті |құжат.|серия. | кім | туралы
| | беруші| | | тың |сы мен |берді| белгі)
| |ұйымның| | |нысаны|нөмірі | |
| | атауы | | | | | |
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2003 жылғы 8 тамыздағы
N 542 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
шетелдік білім беру ұйымдары
берген білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау
(баламасын белгілеу) тәртібі
туралы Ережеге
2-қосымша
Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым
министрлігінің 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 252
бұйрығымен
.
КУӘЛІК N_____
(білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және
оның нотариалдық расталған аудармасымен нақты)
Осы білім туралы __________________________________________________
___________________________________________________________________
(құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________________
(білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)
______________________________________________ берген құжат
Қазақстан Республикасында танылды деп куәландырылады.
Негіздеме:_________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
М.О.
Комитет төрағасы (қолы)
Тіркеу нөмірі N______
200___ ж."___" ____________
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2003 жылғы 8 тамыздағы
N 542 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
шетелдік білім беру ұйымдары
берген білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау
(баламасын белгілеу) тәртібі
туралы Ережеге
3-қосымша
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім
туралы құжаттарды нострификациялау туралы
өтініштерді тіркеу
ЖУРНАЛЫ
____________________________________________________________________
Реттік|Өтінішті| Т.А.Ә.|Ностри.|Оқыту |Білім |Құжат. |Қашан|Ескерту
тіркеу| тіркеу | немесе|фика. |Мемле.|туралы| тың |және |(шешімі
нөмірі| күні | өтініш|циялау |кеті |құжат.|серия. | кім | туралы
| | беруші|мақсаты| | тың |сы мен |берді| белгі)
| |ұйымның| | |нысаны|нөмірі | |
| | атауы | | | | | |
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2003 жылғы 8 тамыздағы
N 542 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
шетелдік білім беру ұйымдары
берген білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау
(баламасын белгілеу) тәртібі
туралы Ережеге
4-қосымша
Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым
министрлігінің 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 252
бұйрығымен
.
КУӘЛІК N_____
(білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және
оның нотариалдық түрде расталған аудармасымен нақты)
Осы білім туралы __________________________________________________
___________________________________________________________________
(құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________________
(білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)
______________________________________________ берген құжат
______________________________ жалпы орта (толық) білім туралы
қазақстандық аттестатқа баламалы деп куәландырылады.
Негіздеме:_________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
М.О.
Комитет төрағасы (қолы)
Тіркеу нөмірі N______
200___ ж."___" ____________
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2003 жылғы 8 тамыздағы
N 542 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
шетелдік білім беру ұйымдары
берген білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау
(баламасын белгілеу) тәртібі
туралы Ережеге
5-қосымша
Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым
министрлігінің 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 252
бұйрығымен
.
КУӘЛІК N_____
(білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және
оның нотариалдық расталған аудармасымен нақты)
Осы білім туралы __________________________________________________
___________________________________________________________________
(құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________________
(білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)
______________________________________________ берген құжат
сәйкес құқықтық теңдігімен ________________________________________
_________________________________________ кәсібі бойынша
_________________________________________ біліктілігі қоса берілген
кәсіптік бастауыш білім туралы қазақстандық дипломға баламалы деп
куәландырылады.
Негіздеме:_________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
М.О.
Комитет төрағасы (қолы)
Тіркеу нөмірі N______
200___ ж."___" ____________
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2003 жылғы 8 тамыздағы
N 542 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
шетелдік білім беру ұйымдары
берген білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау
(баламасын белгілеу) тәртібі
туралы Ережеге
6-қосымша
Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым
министрлігінің 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 252
бұйрығымен
.
КУӘЛІК N_____
(білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және
оның нотариалдық расталған аудармасымен нақты)
Осы білім туралы __________________________________________________
___________________________________________________________________
(құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_______________________________________________________ берген құжат
(білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)
___________________________________________________________________
сәйкес құқықтық теңдігімен ________________________________________
_________________________________________________ мамандығы бойынша
_________________________________________ біліктілігі қоса берілген
кәсіптік орта білім туралы қазақстандық дипломға баламалы деп
куәландырылады.
Негіздеме:_________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
М.О.
Комитет төрағасы (қолы)
Тіркеу нөмірі N______
200___ ж."___" ____________
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2003 жылғы 8 тамыздағы
N 542 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
шетелдік білім беру ұйымдары
берген білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау
(баламасын белгілеу) тәртібі
туралы Ережеге
7-қосымша
КУӘЛІК N_____
(білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және
оның нотариалдық расталған аудармасымен нақты)
Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым
министрлігінің 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 252
бұйрығымен
.
Осы білім туралы __________________________________________________
___________________________________________________________________
(құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________________
(білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)
______________________________________________________ берген құжат
сәйкес құқықтық теңдігімен ________________________________________
_________________________________________________ мамандығы бойынша
___________________________________________________________________
______ біліктілігі қоса берілген жоғары кәсіптік білімі туралы
қазақстандық дипломға баламалы деп куәландырылады.
Негіздеме:_________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
М.О.
Комитет төрағасы (қолы)
Тіркеу нөмірі N______
200___ ж."___" ____________
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2003 жылғы 8 тамыздағы
N 542 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
шетелдік білім беру ұйымдары
берген білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау
(баламасын белгілеу) тәртібі
туралы Ережеге
8-қосымша
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім
туралы құжаттарды тану және нострификациялау
жөніндегі куәліктерді беру
КІТАБЫ
____________________________________________________________________
|Куәлік.|Куәлік. |Т.А.Ә.| Тану |Кәсіп.|Беріл.|Теңдік |Өтініш
Тіркеу| тің | тің | |немесе | тің, | ген |құқық. |беруші.
нөмірі|нөмірі |берілген| |ностри.|маман.|білік.|тары. | нің
| | күні | |фика. | дық. |тілік | ның | қолы
| | | |циялау | тың | |сәйкес.|(беріл.
| | | |мазмұны|атауы | | тігі |гендігі
| | | | | | | |туралы
| | | | | | | |белгі)