Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды Қазақстан Республикасында тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) туралы азаматтардың өтініштерін қарау рәсімін реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды Қазақстан Республикасында тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2477 нөмірімен тіркелген, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілердің бюллетенінде" 2003 жылғы N 31-36, 870-құжат болып жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды Қазақстан Республикасында тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережеде:
бүкіл мәтін бойынша "білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (бұдан әрі - Комитет)" деген тиісті септіктерде сөздермен ауыстырылсын.
7-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) құжаттардың осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексереді;";
12-тармақ:
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) білім туралы құжатты берген елдің білім беру саласындағы уәкілетті органында оқу орнын аккредиттеу туралы лицензияның және/немесе куәліктің оқу орнының мөрімен расталған көшірмесі (қажет болған жағдайда мемлекеттік және/немесе ресми тілде нотариалды расталған аудармасымен).";
мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Білім беру ұйымдары берген 1) және 2) тармақшаларда көрсетілген құжаттар:
шетелдік ресми құжаттарды жария ету талаптарының күшін жоятын
Конвенцияға
қатысушы мемлекеттер (Гаага қаласы 1961 жылғы 5 қазан) (бұдан әрі - Гаага конвенциясы) апостильдеуден өткізілген болуы қажет;
Гаага конвенциясына қол қоймаған мемлекеттер Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгілеген тәртіппен консулдық жариялаудан өтуі қажет";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Білім туралы құжаттарды тану туралы куәлікке Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің төрағасы (бұдан әрі - Комитет төрағасы) қол қояды және елтаңбалы мөрмен расталады.".
27-тармақ:
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) білім туралы құжатты берген елдің білім беру саласындағы уәкілетті органында оқу орнын аккредиттеу туралы лицензияның және/немесе куәліктің оқу орнының мөрімен расталған көшірмесі (қажет болған жағдайда мемлекеттік және/немесе ресми тілде нотариалды расталған аудармасымен).";
мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Білім беру ұйымдары берген 1) және 2) тармақшаларда көрсетілген құжаттар:
Гаага конвенциясына қатысушы мемлекеттер апостильдеуден өткізілген болуы қажет;
Гаага конвенциясына қол қоймаған мемлекеттер Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгілеген тәртіппен консулдық жариялаудан өтуі қажет";
34-тармақта:
бірінші абзацта:
"5-7" деген сандар "3-5" деген сандармен ауыстырылсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұсынылған құжаттарды қарауға және сараптауды ұйымдастыруға жұмсалатын шығыстар өтініш берушінің есебінен жүзеге асырылады.";
35-тармақта:
3) және 5) тармақшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Өтілген пәндер тізбесіндегі айырмашылық 30% асқан жағдайда оқу бағдарламаларының мазмұны қаралады.";
мынадай мазмұндағы 35-1 тармақпен толықтырылсын:
"35-1. Объективті сараптау қорытындысын қабылдау үшін жұмыс органы сұхбаттасуды ұйымдастырады және сұхбаттасудың нәтижесі бойынша айырмашылықты зерделеу және жою үшін өтініш берушіні тиісті оқу орнына жібереді немесе мынадай жағдайда тестілеу өткізеді:
1) бақылау (емтихан, сынақ) нысандарында оқылған пәндер сағатының көлемі 20% және одан артық болғанда практикалардың ұзақтығы бойынша айырмашылық анықталғанда;
2) егер өтілген пәндер тізбесінде айырмашылық 30% асқан жағдайда оқу бағдарламасының мазмұнын қарауға мүмкіндік болмаса;
3) егер құжат Қазақстан Республикасының білім беру деңгейлері бойынша даярлық және мамандықтар бағыттарының жіктеуішінде жоқ біліктілікті беретін болса. Бұл жағдайда білім беру сәйкестігі мәндес мамандықтар бойынша өткізіледі.".
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Білім туралы құжаттарды нострификациялау жөніндегі куәлікке Комитеттің төрағасы қол қояды және елтаңбалы мөрмен расталады.".
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды Қазақстан Республикасында тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ереженің 2, 4, 5, 6, 7-қосымшасында:
"Вице-министр" деген
сөздер "Комитет төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын.