"
Нотариат туралы
" Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты және аталған заңның 32-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ереже бекітілсін.
2. Мына нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 8 қаңтардағы N 3 бекітілген Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы
ереже
(Әділет министрлігінде N 425 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 1998 жылғы 30 қарашадағы N 8 бюллетені);
2) "1998 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының Әділет министрі бекіткен Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 28 мамырдағы N 39
бұйрығы
(Әділет министрлігінде N 804 тіркелген);
3) "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78
бұйрығы
(Әділет министрлігінде N 1280 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2000 жылғы желтоқсандағы N 12 бюллетені).
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2003 жылғы 20 тамыздағы
N 169 бұйрығымен
бекітілген
1. Осы Ереже "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының негізінде әзірленді және нотариустардың сынақтан өтушілерінің сынақтан өту тәртібін, шарттары мен мерзімдерін белгілейді.
2. "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес жоғары заң білімі бар және аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары нотариустың сынақтан өтушілері бола алады.
3. Сынақтан өтушілер сынақтан өту туралы шарт негізінде жеке практикамен айналысатын нотариустарда немесе мемлекеттік нотариустарда сынақтан өтеді.
4. Сынақтың ұзақтығы бір жылдан кем болмауы керек.
Заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар адамдар үшін аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімімен сынақтың мерзімі қысқартылуы мүмкін. Сынақтың ұзақтығы үш айдан кем болмауы керек.
Сынақтан өту мерзімін сынақтан өтушінің немесе сынақтан өту басшысының науқастануына байланысты, сондай-ақ сынақтан өтушінің сынақтан өту бағдарламасын сапасыз меңгергеніне байланысты аумақтық әділет органы басшысы мен нотариаттық палата төрағасы сынақтан өту басшысының өтініші негізінде ұзартуы мүмкін.
Заң мамандығы бойынша жұмыс стажы мен тәжірибесін, кәсіби қасиеттері мен атқаратын қызметтерін, сондай-ақ сынақтан өтуші басшысының өтінішін ескере отырып, аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімімен сынақтың мерзімі үш айға дейін қысқартылуы мүмкін. Сынақтан өту мерзімін сынақтан өтушінің науқастану немесе дәлелді себептер бойынша болмаған мерзіміне ұзартылуы мүмкін.
5. Осы ереженің 2-тармағының талаптарына жауап беретін және сынақтан өту туралы шарт жасау және сынақтан өтудің басшысын тағайындау туралы өтінішпен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшін сынақтан өтуге ниет білдірген адамдар:
аумақтық әділет органының бастығына - егер сынақтан өтуші адам мемлекеттік нотариустан сынақтан өтуге ниет білдірген жағдайда;
аумақтық нотариаттық палатаның төрағасына - егер сынақтан өтуші адам жекеше нотариустан сынақтан өтуге ниет білдірген жағдайда өтініш білдіреді.
6. Өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің не төлқұжатының көшірмесі;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестациядан өту туралы Әділет аттестациялық комиссиясы шешімінің нотариатты куәландырылған көшірмесі не көрсетілген аттестациядан өтуден босатылғанын растайтын құжат.
Сынақтан өтуге ниет білдірген адамдардың нотариат саласында жұмыс стажының бар-жоғын растайтын құжаттарды қоспағанда, қосымша құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
7. Сынақтан өтуге ниет білдірген адамдардың өтініштері келіп түскен күнінен бастап он күн ішінде қаралады.
Аумақтық әділет органы басшысының немесе нотариаттық палата төрағасының өтінішті қарау нәтижелері бойынша сынақтан өтушімен сынақтан өту туралы шарт жасалады.
8. Сынақтан өту туралы шартта:
тараптардың құқықтары мен міндеттері;
сынақтан өту орны;
сынақтан өту шарттары, тәртібі мен мерзімдері;
жұмыс уақытының режимі;
сынақтан өту үшін ақы мөлшері, шарттары мен мерзімдері көзделуге тиіс.
Мемлекеттік немесе жекеше нотариустан сынақтан өту үшін ақы мөлшері сынақтан өтудің әр айы үшін есеп айырысу жүргізу күніне белгіленген кемінде үш және он еседен астам айлық есептік көрсеткіш есебінен бола алмайды.
Шартта қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін басқа да шарттар көзделуі мүмкін.
Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 7 мамырдағы N 127
бұйрығымен
.
9. Сынақтан өту туралы шарт жасасқаннан кейін аумақтық әділет органы (нотариаттық палата) өзінің шешімімен сынақтан өту басшысын тағайындайды.
Сынақтан өтудің басшысы мемлекеттік нотариустар қатарынан, аумақтық әділет басқармасы бастығының бұйрығымен, ал жекеше нотариустар қатарынан - аумақтық нотариаттық палата төрағасының шешімімен тағайындалады, бұл ретте сынақтан өтудің басшысының:
кемінде бес жыл нотариаттық қызмет тәжірибесі мен стажы;
соңғы бес жылда кәсіби қызметін жүзеге асыруда шынайылық кәсіби қасиеттері болуға тиіс.
Бір және сол нотариустан бір уақытта кемінде екі сынақтан өтуші сынақтан өте алады.
10. Қажет болған жағдайда әділет органы немесе нотариаттық палата сынақтан өту мерзімі ішінде осы Ереженің 9-тармағында көзделген тиісті талаптарға сәйкес сынақтан өтудің басқа басшысын тағайындау туралы шешім қабылдай алады.
11. Сынақтан өту аумақтық әділет органының немесе аумақтық нотариаттық палатаның тиісті шешімімен бекітілетін бірыңғай бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.
Ол барлық сынақтан өтушілер мен сынақтан өту басшылары үшін міндетті болып табылады.
Бағдарлама нотариустың кәсіби және этикалық мінез-құлық нормаларын зерделеуді, нотариустар немесе арнайы сынақтан өтушілер үшін ұйымдастырылатын семинар сабақтарына қатысуды қоса алғанда, сынақтан өтушінің арнайы теориялық білімдер алуына, нотариаттық іс-қимыл жасау мен нотариус жұмысын ұйымдастыру бойынша практикалық дағдыларының қалыптасуына бағытталған іс-шаралар тізбесінен құрылуға тиіс.
Сынақтан өту мерзімін қысқарту сынақтан өтушіні сынақтан өту бағдарламасын меңгеру міндетінен босатпайды.
12. Осы ережеде белгіленген тәртіппен тағайындалған сынақтан өту басшысы сынақтан өтушінің кәсіби дайындығының деңгейін ескере отырып, бекітілген бағдарлама негізінде жеке жоспар әзірлейді және тиісінше аумақтық әділет органының бастығына немесе аумақтық нотариаттық палатаның төрағасына бекіту үшін ұсынады.
13. Сынақтан өту кезеңінде сынақтан өту басшысының жетекшілігімен сынақтан өтуші:
азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруды;
келіп түсетін хат-хабарды қабылдау, тіркеу мен есепке алу тәртібін;
кіріс және шығыс хат-хабарды тіркеуді;
іс номенклатурасын жазуды;
есепке алу кітаптарын, журналдарын және нарядтар жүргізу тәртібін;
статистикалық есеп жасауды;
мұрағатта сақтауға жататын нотариатты куәландырылған құжаттарды дайындау тәртібін;
істерді жасауды және оларды кейіннен сақтауға дайындауды;
ұдайы және уақытша сақтаудың құжаттарын іріктеуді зерделейді.
14. Сынақтан өтуші нотариаттық іс-қимыл жасау кезінде болуға тиіс және сынақтан өту басшысының нұсқауы бойынша мынадай нотариаттық құжаттар:
заң бойынша мұраға құқық туралы куәліктер;
өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәліктер;
өсиеттер;
мұраға сенімгерлік басқарушыны тағайындау туралы қаулы;
ерлі-зайыптылардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер береді;
азаматтың тірі екендігі фактісі туралы куәліктер;
азаматтың белгілі бір жерде болу фактісі туралы куәліктер;
жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру туралы шарттар;
жылжитын мүлікті иеліктен айыру туралы шарттар;
рента шарттары;
мүлікті өтеусіз пайдалануға не арендаға беру туралы шарттар;
мүлікті бөлу туралы шарттар;
неке келісім-шарты;
алименттік келісім;
барлық мүлікті иеленуге сенімхаттар;
мүлікті иеліктен айыруға сенімхаттар;
мүлікті мұраға беруге сенімхаттар және басқа да құжаттардың жобасын дайындауға тиіс.
15. Сынақтан өтуші нотариат қызметін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді дербес зерделеуге, сондай-ақ нотариустың Ар-ождан кодексін меңгеруге тиіс.
16. Сынақтан өтуші құжаттардың жобаларын сынақтан өту басшысының қарауына береді, ол олармен бірігіп олардың дұрыс ресімделгенін талдайды, шешеді.
17. Сынақтан өту аяқталған соң сынақтан өтуші қорытынды есеп дайындайды, ол:
сынақтан өту орны, мерзімі мен тәртібі туралы жалпы мәліметтерден;
сынақтан өту жоспары бойынша орындалған жұмыстардың сипатынан;
практикалық жеке жұмысынан алынған дағдылардан тұруға тиіс.
Есепке сынақтан өтуші сынақтан өткен мерзімде жеке өзі жазған, сынақтан өтуші мен сынақтан өту басшысы қол қойған нотариаттық құжаттардың үлгілері қоса берілуге тиіс.
18. Сынақтан өтуші сынақтан өтіп болған соң тиісінше аумақтық әділет органына немесе аумақтық нотариаттық палатаға сынақтан өтуі туралы қорытынды есепті, сондай-ақ сынақтан өту барысында алған сынақтан өтушінің жалпы дайындық дәрежесі, кәсіби білімі мен практикалық дағдылары көрінетін сынақтан өту басшысының ұсынымын көрсетеді.
19. Әділет басқармасының бастығы немесе нотариаттық палатаның төрағасы аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен отырысының қарауына осы Ереженің 18-тармағында көрсетілген материалдарымен сынақтан өтуші басшысының ұсынымын енгізеді және сынақтан өтушіні сұхбаттасуға шақырады.
20. Сұхбаттасу кезінде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата сынақтан өтушінің нотариаттық қызметті жүзеге асыруға дайындық дәрежесін анықтайды.
21. Сынақтан өту туралы сұхбаттасудың нәтижелері мен материалдарды қарау бойынша аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата өтілген сынаққа оң баға берілген жағдайда сынақтан өту басшысы қол қоятын және әділет басқармасының бастығы мен нотариаттық палатаның төрағасы бекітетін сынақтан өту қорытындылары туралы қорытынды шығарады.
Көрсетілген қорытынды бекітілген жағдайда сынақтан өтуші сынақты өткен болып есептеледі.
Өтілген сынаққа теріс баға берілген жағдайда аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата өтілген сынақ қорытындылары бойынша қорытынды беруден себебін дәлелдей отырып бас тартады.
Сынақтан өту қорытындылары туралы қорытынды бекітуден дәлелді бас тарту жазбаша түрде сынақтан өтпеген адамға жіберіледі. Осы бас тартуға сот тәртібімен шағым беруге болады.
Сынақтан өтпеген адам сынақтан өтуге жалпы негіздер бойынша жіберіледі.