Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарларды кедендік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 7 шілдедегі N 335 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 7 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2425. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарларды кедендік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. Қараңыз.K100296
      2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (А.А.Қаңлыбаева) осы бұйрықтың жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары Б.Қ.Ақшановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Төраға

Қазақстан Республикасының   
Кедендік бақылау агенттігі  
төрағасының 2003 жылғы    
7 шілдедегі N 335 бұйрығымен 
бекітілген          

  Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарларды кедендік бақылауды
жүзеге асыру жөніндегі
нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кодекс)  431-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінген тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кеден шекарасын кесіп өткен сәттен бастап және:Қараңыз.K100296 
      1) Кодекстің 14-бабына сәйкес шартты түрде шығаруды қоспағанда, еркін айналымға шығарылғанға; Қараңыз.K100296 
      2) жойылғанға;
      3) тауардан мемлекеттік пайда үшін бас тартқанға, не мемлекет меншігіне айналдырғанға;
      4) тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге іс жүзінде әкеткенге дейін кедендік бақылауда болады.

      2. Кеден кодексінің  437-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілген барлық тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауға жатады. Қараңыз.K100296
      Кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан кеден органының рұқсатынсыз аттанып кеткен көлік құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ теңіз, ішкі сулар және әуе кемелерін мәжбүрлеп кейін қайтаруға құқылы. Бұл ретте шетел кемелері мен басқа мемлекеттердің аумағындағы кемелерді ұстау (кейін қайтару) жөніндегі әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес жүргізіледі.

      3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль көлігімен өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының кеден органдары орналасқан орындардан тыс жерлерде тауарларды көліктің басқа түрлерінен автомобиль көлігіне қайта тиеуден кейінгі кедендік бақылау мынадай тауарларды:
      1) Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының   кеден заңнамасын бұзу арқылы өткізілген;
      2) белгіленген мерзімдерде баратын кеден органына ұсынылмаған;
      3) Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа (ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттерде ЕурАзЭҚ қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген ережелерді бұза отырып ресімделген;
      4) акциз маркілерімен маркілеуге жататын мұндай маркілерсіз өткізілген, не белгіленген үлгідегі емес маркілері бар акциздік тауарларды;
      5) тікелей кедендік құқық бұзушылықтар объектілері болып табылатын өзге де тауарларды анықтау мақсатында жүргізіледі.

  2. Бақылауды өткізу уақыты және орны

      4. Осы Нұсқаулыққа сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылауды кеден нарядтары Қазақстан Республикасының аумағында тікелей кеден шекарасының бойында шекара маңындағы кеден бекеттері мен өткізу пункттері орналасқан (жердің бедері мен табиғи кедергілеріне қарай шекарадан 100 километрден аспайтын айналып өту және село ішіндегі жолдарға жақын) шеп бойымен күндізгі және түнгі уақыттарда жүргізуі мүмкін.

      5. Кеден нарядтарына кедендік бақылауды жүзеге асырудың нақты бағыттары мен олардың санын Қазақстан Республикасы кеден органдарының басшысы айқындайды.
       Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 27 тамыздағы N 367   бұйрығымен .
 

         3. Кедендік бақылауды ұйымдастыру

      6. Кеден органының басшысы бекітетін кеден нарядының құрамына Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ бірлескен іс-шаралар жоспарлары мен келісілген бұйрықтар болған жағдайда, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары енгізіледі.
       Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 27 тамыздағы N 367   бұйрығымен .

      7. Кеден нарядына Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының арасынан тағайындалатын наряд басшысы басшылық.
       Ескерту: 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 27 тамыздағы N 367   бұйрығымен .

      8. Қызмет өткерудің шарттары мен тәртібі, сондай-ақ кеден нарядының қызмет аймағы Қазақстан Республикасының кеден органы басшысының бұйрығымен айқындалады.
      Кеден нарядын көлік құралын, жеке құрамға нұсқама өткізуді қоса алғанда, қару-жарақпен, байланыс құралдарымен және өзге де жабдықтармен қамтамасыз етуді кедендік күзет және режим бөлімшесінің басшысы жүргізеді.
       Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 27 тамыздағы N 367   бұйрығымен .

      9. Қазақстан Республикасы кеден органының басшысы қол қойған және Қазақстан Республикасы кеден органының елтаңбалық мөрімен куәландырылған 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша жазбаша нұсқама кеден нарядының кедендік бақылау жүргізуі үшін негіздеме болып табылады.
      Жазбаша нұсқамалардың есебін жүргізу мен тіркеуді 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша, Нұсқамалардың есебін жүргізу мен тіркеу кітабы бойынша кедендік күзет және режим бөлімшесі жүргізеді.
      Бақылау жүргізу кезінде кеден нарядында:
      1) жазбаша нұсқама;
      2) пломбылайтын құрылғы;
      3) медициналық аптечка;
      4) жерді жарықтандыру құралдары (белгі беру тапаншасы);
      5) қызыл жарықшағылыстырғышы бар жезл немесе диск;
      6) "Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.11.97 ж. N 1650  Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінде көзделетін "Кеден" уақытша белгілері;
      7) тексеру жүргізуге арналған техникалық құралдар (арнайы айналар, щуптар және т.б.);
      8) көлік құралдарын мәжбүрлеп тоқтатуға арналған техникалық құралдар;
      9) анықталған құқық бұзушылықтарды тіркеу, тауарлар мен көлік құралдарын алу, шұғыл іс жүргізу әрекеттерін (қарау, сұрастыру және т.б.) жүргізу үшін қажетті іс жүргізу және өзге де құжаттар бланкілерінің кешені болуы тиіс.
       Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 27 тамыздағы N 367   бұйрығымен .

      10. Кеден нарядының лауазымды адамдары бақылау жүргізу кезінде:
      1) жүріп келіп жатқан көлік құралдарына қадағалау жүргізуі;
      2) жүк құжаттарын, тауарға ілеспе құжаттарды, кеден мөрлерінің таңбаларын тексеруі;
      3) көлік құралдарының жүк бөлімшелеріне салынған кеден мөрлері мен пломбаларының жай-күйін, сондай-ақ өткізілетін тауарлардың басқа да бірдейлендіру құралдарын тексеруі;
      4) қару-жарақ пен арнайы құралдарды қолдануға тұрақты түрде дайын болуы;
      5) қызметтік тәртіп пен заңдылықты, сондай-ақ кедендік бақылау жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы;
      6) қару-жарақ, оқ-дәрілерді, есірткі құралдарын, радиоактивтік заттарын, түсті металдарды және кеден заңнамасын бұза отырып тасымалданатын басқа да тауарларды өткізуші тұлғаларды анықтауға және оларды ұстауға негізгі назар аудара отырып негізгі күштерін кеден шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізудің жолын кесуге жұмылдыруы тиіс.

      11. Кеден нарядының кедендік бақылауды жүргізу кезінде:
      1) тауарға ілеспе құжаттарды, кедендік қамтамасыз ету құралдарының бар-жоқтығы мен сақталуын тексеру мақсатында, сондай-ақ кеден заңнамасын бұзу туралы ақпарат болған жағдайларда көлік құралдарын тоқтатуға;
      2) тасымалдаушы Қазақстан Республикасының  заңнамасын сақтамайды деуге негіздемелер болған жағдайларда, өткізілетін тауарларға бірдейлендірілген тексеру жүргізуге;
      3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпарат болған жағдайда, сондай-ақ тікелей сондай құқық бұзушылық белгілерін анықтаған жағдайда, тауарлар мен көлік құралдарының бар-жоқтығын тексеруге, оларға қайталама кедендік тексеру жүргізуге, кедендік декларацияда көрсетілген мәліметтерді қайта тексеруге, аталған тауарларға сыртқы экономикалық және одан кейінгі операцияларға жататын құжаттарды тексеруге;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден заңнамасын бұзуға қатысы бар адамдарды ұстауға құқығы бар.

      12. Кеден нарядының көлік құралдарын тоқтатқаннан кейін жүк құжаттары мен тауарға ілеспе құжаттарды тексеру жүргізеді. Тексеру барысында:
      1) нормативтік құқықтық кесімдерге көзделген жүк құжаттары мен кеден құжаттарының іс жүзінде бар-жоқтығы;
      2) кеден мөрлері мен мөртабандарының түпнұсқаулылығы;
      3) көлік құралының белгіленген жеткізу орнына дейінгі жүруі бағытына сәйкестігі (егер мұндай бағытты жөнелтуші кеден органы белгілесе);
      4) өткізілетін тауарлар атауларының жүк құжаттары мен кеден құжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі анықталады.

      13. Құжаттар тексерілгеннен кейін көлік құралдарының жүк бөлімшелерін сырттай қарау жүргізіледі. Оның барысында кеден мөрлері мен пломбаларының, басқа да кедендік бірдейлендіру құралдарының сақталуы тексеріледі.

      14. Егер жүк құжаттарында кедендік баждармен және салықтармен салық салынатын тауарлар көрсетілген жағдайда, сондай-ақ олардың әкелімі (әкетімі) Қазақстан Республикасының заңнамасына, кеден нарядының лауазымды адамдарынан (кемінде екі адам) тұратын қарау тобына сәйкес шектелсе, өткізілетін тауарларға бірдейлендірілген қарау жүргізіледі. Маркілеуге жататын акциздік тауарларға тексеру жүргізу кезінде тауарлардағы маркілердің болуы, сондай-ақ тауарларға жапсырылған маркалар серияларының ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі тексеріледі.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың бар екендігі туралы негіздеме болса, басқа тауарларға да қатысты бірдейлендірілген қарау жүргізіледі.
       Әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, тауарлар мен көлік құралдары осы Нұсқаулықтың 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органына жіберіледі.

      15. Кеден нарядының лауазымды адамында ұсынылған құжаттардың, кеден мөрлері мен мөртабандардың сенімділігіне күдік болған жағдайда, кеден нарядының басшысы тауар мен көлік құралын құжаттарды, мөрлер мен мөртабандарды қосымша тексеру, сондай-ақ қажет болған жағдайда тексеру жүргізу үшін кеден нарядының алып жүруімен кеден органына жіберу туралы шешім қабылдауы мүмкін.

      16. Тексеру тексеру жүргізудің тәртібіне сәйкес және қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      17. Осы Нұсқаулықтың 15 және 16-тармақтарына сәйкес жүргізілген тексерудің нәтижелері кедендік тексеру актісінде тіркеледі. Көрсетілген акт белгіленген нысандағы бланкіде екі данада жасалады. Кедендік тексеру актісіне тексеру жүргізген кеден нарядының лауазымды адамдары, мүмкіндігіне қарай көлік құралының жүргізушісі (немесе осы тасымалға қатысы бар өзге де тұлға) және тексеру кезінде қатысқан басқа да адамдар қол қояды. Көлік құралының жүргізушісі (немесе осы тасымалға қатысы бар өзге де тұлға) кедендік тексеру актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда, онда тиісті жазба жазылады.
      Кедендік тексеру актісінің бірінші данасы жүргізушіге немесе тасымал үшін жауапты өзге адамға тапсырылады. Кедендік тексеру актісінің екінші данасы наряд басшысында қалады.
      Көлік құралының жүк бөлімшелеріне (жүк орындарына) тексеру жүргізілгеннен кейін жаңа кедендік бірдейлендіру құралдары салынады. Бұл ретте жүк құжаттарында, тауарға ілеспе және кеден құжаттарында жаңадан қолданылған бірдейлендіру құралдары туралы мәліметтер мен кедендік тексеру актісінің нөмірі көрсетіледі.

      18. Қосымша тексерудің мерзімі тауар мен көлік құралы кеден органына келген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауы тиіс. Тексеру кезінде тауар мен көлік құралы, тексеру жүргізу кезінде тасымалдаушының уақытша сақталумен байланысты шығыстарды көтермеуі шартымен, кедендік бақылау аймағында немесе уақытша сақтау қоймасы иесінің келісімімен осы қойманың аумағында болуы тиіс. Қосымша тексеру жүргізетін кеден органдарының басқа кеден органдарының атына сұрау салулары жедел ақпарат беру құралдары пайдаланыла отырып кешіктірілмей жіберіледі.

      19. Кеден органдарының лауазымды адамдары қосымша мәліметтер алу мақсатында  әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізілгеннен кейін көлік құралының жүргізушісінен немесе аталған тасымалға қатысы бар өзге де тұлғалардан тексеру үшін қажетті құжаттар, мәліметтер мен түсініктер алуға құқылы.

      20. Осы Нұсқаулыққа сәйкес бақылауды жүзеге асыру барысында немесе кейінгі тексеруді дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған әкімшілік құқық бұзушылық белгілері тікелей анықталған, немесе осындай белгілерге көрсететін жеткілікті деректері бар материалдарды алған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама ресімделеді. ( РҚАО-ның сілтемесі:   26-тараудың   400 438   баптарын қараңыз )
      Контрабанданың немесе олар бойынша анықтау жүргізу Қазақстан Республикасының кеден органдарының құзыретіне жатқызылатын өзге де қылмыстардың белгісі болған жағдайда кеден органы Қазақстан Республикасының  қылмыстық іс жүргізушілік заңнамасына сәйкес қылмыстық іс қозғайды және анықтау жүргізеді.  (РҚАО-ның сілтемесі:   209 ,  214 ,  250   баптарды ,  177 ,  182   баптарды   қараңыз )

      21. Көлік құралының қозғалысын жалғастыру туралы шешім қабылданған жағдайда, бақылау жүргізілгеннен кейін кеден нарядының лауазымды адамы кеден наряды басшысының және кеден нарядының бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамының қолдарымен және жеке нөмірлік мөрлерімен расталатын жүк және кеден құжаттарына: "Кеден наряды (кеден органының атауы) кедендік бақылау жүргізді" деген жазба жазады.

  4. Бақылау жүргізу кезіндегі есептілік

      22. Осы Нұсқаулыққа сәйкес бақылау жүргізу кезінде кеден нарядтары тауарлар мен көлік құралдарын бақылау журналын жүргізеді. Көрсетілген журнал мынадай мәліметтерді:
      1) бақылау жүргізілген күнді;
      2) бақылау жүргізілген орынды;
      3) көлік құралының мемлекеттік тіркелу белгісін;
      4) тасымалдаушының атауын, мекен-жайын;
      5) тауар алушының атауын, мекен-жайын;
      6) жүк (кедендік) құжаттар бойынша өткізілетін тауарлардың атауын;
      7) тауарлардың тексеру нәтижелері бойынша (тексеруді бақылау жүргізу орындарында жүргізген жағдайда) атауын;
      8) бақылау нәтижелерін (тауарлар мен көлік құралдарын ұстау туралы шешім қабылданған жағдайда көлік құралы жіберілетін кеден органының атауын көрсету қажет) қамтиды.

      23. Кеден наряды бақылауының нәтижелері бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар (республикалық мәні бар қалалар, астана) бөлімшелері, кедендері 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша мәліметтер жасайды.
       Ескерту: 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 27 тамыздағы N 367   бұйрығымен .

Қазақстан Республикасының Кедендік  
бақылау агенттігі төрағасының   
2003 жылғы 7 шілдедегі N 335    
бұйрығымен бекітілген Кеден нарядтары 
және кеден нарядтарының Қазақстан  
Республикасының кеден шекарасы арқылы 
және оның аумағы бойынша автомобиль  
көлігімен тасымалданатын тауарларды  
бақылау тәртібі туралы ережеге    
1-қосымша              

       Ескерту: Қосымша өзгертулер енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 27 тамыздағы N 367   бұйрығымен .

____________________________________________________
(кеден органының атауы)

200__ж. "____"____________                         N _____

Нұсқама

      ________________________________ құрамдағы
           (Т.А.Ә., лауазымы, атағы)

_________________________________________________ қызмет
(кеден органының атауы және бақылау жүргізу орны)
аймағындағы тауарлар мен көлік құралдарына тексеру жүргізуге арналып берілді.

      Қазақстан Республикасының Кеден  кодексіне және ___________________________________ "Қаруды бекіту туралы"
     (кеден органының атауы)
200__ж."____"___________ N __________ бұйрығына сәйкес арнайы құралдар қолдануға, атыс қаруын алып жүруге, сақтауға және пайдалануға рұқсат беріледі.

_________________________________________________________
(қарудың маркісі және нөмірі, арнайы құралдардың түрлері)

Қолданылу мерзімі: 200__ж."____"___________ дан
                   200__ж."____"___________ дейін

Негіздеме: ________________________________________________
              (Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау
                агенттігінің кеден нарядтары туралы
                   бұйрығының нөмірі және күні)

Кеден органы басшысының қолы ____________________________________

Кеден органының мөрі

Қазақстан Республикасының Кедендік  
бақылау агенттігі төрағасының     
2003 жылғы 7 шілдедегі N 335     
бұйрығымен бекітілген Кеден нарядтары 
және кеден нарядтарының Қазақстан  
Республикасының кеден шекарасы арқылы 
және оның аумағы бойынша автомобиль  
көлігімен тасымалданатын тауарларды  
бақылау тәртібі туралы ережеге    
2-қосымша              

Нұсқамалардың есебін жүргізу және тіркеу кітабы

__________________________________________________________________
Нұсқаманың | Нұсқаманың | Нұсқама кімге  |Нұсқаманы беру| Кедендік
тіркеу N  |   тіркелу  |  берілген      | негіздемесі  |бақылауды
           |күні, уақыты|  (кедендік     |(бұйрықтың N, | өткізу
           |            |нарядтың барлық |    күні)     |  орны
           |            |   мүшелері     |              |
           |            | көрсетіледі)   |              |
__________________________________________________________________
     1     |      2     |        3       |       4      |    5
__________________________________________________________________

      таблицаның жалғасы:
_______________________________________________________
   Кедендік   | Нұсқаманы  |   Нұсқаманы   |  шығу
  бақылауды   | алғандығы  | қайтарғандығы | нәтижесі
өткізу мерзімі|туралы қолы |  туралы қолы  |
_______________________________________________________
       6      |      7     |       8       |     9
_______________________________________________________

Қазақстан Республикасының Кедендік  
бақылау агенттігі төрағасының     
2003 жылғы 7 шілдедегі N 335      
бұйрығымен бекітілген Кеден нарядтары 
және кеден нарядтарының Қазақстан  
Республикасының кеден шекарасы арқылы 
және оның аумағы бойынша автомобиль  
көлігімен тасымалданатын тауарларды  
бақылау тәртібі туралы ережеге    
3-қосымша              

Кеден нарядтарының жұмысы туралы мәліметтер
_____________________________________________
(кеден органының атауы)

      _____________________________________________________
                     (қай кезеңнен бастап)

__________________________________________________________________
Жүргізіл.|Тексеріл. |Ұсталған|     Ұстау материалдары бойынша
ген рейд.|ген көлік | көлік  |____________________________________
тік іс-  |құралдар. | құрал. |Әкім.  | Алынған | Соманың  |Айыппұл.
шаралар. |ының саны |дарының |құқық  |  кеден  |тауарлары |  дар
дың саны |          | саны   |бұзушы.|төлемдері|тәркіленді| алынды
         |          |        |лықтар |         |          |
         |          |        |саны   |         |          |
__________________________________________________________________
   1     |     2    |   3    |   4   |    5    |    6     |  7
__________________________________________________________________

      Кеден органы басшысының қолы