Ескерту: Бұйрықтың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен .
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын
, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713
қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi туралы ереженi басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
1. Қоса берiп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесi бекiтiлсiн.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ
бұйрығымен
.
2. Заңнама және тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеу департаментi (Жолдыбаева Ғ.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуден өткiзудi қамтамасыз етсiн.
3. Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (А.Т.Шабдарбаев):
Ережені ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңда белгiленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсiн;
Ереженi Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгінің құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсін.
4. "Табиғи монополия субъектiлерiнiң өндiрiстiк мұқтаждар үшiн материалдық және қаржылық ресурстарды, жабдықтарды тендерлiк негiзде сатып алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетiнiң 1998 жылғы 15 тамыздағы N 03/1-НҚ
бұйрығының
күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары А.К.Әмiринге жүктелсiн.
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестiктi қорғау
жөнiндегi агенттiгi төрағасының
2003 жылғы 6 маусымдағы N 149-НҚ
бұйрығымен бекiтiлген
Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары
реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар,
алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесi
Ескерту: Атауындағы және одан әрі мәтін бойынша "Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу" деген сөздер "Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) сатып алу" деген сөздермен ауыстырылды;
барлық мәтін бойынша "(жұмыстарды, қызметтерді)", "материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтер көрсетуді" деген сөздер тиісінше "жұмыстарды, қызметтерді", "тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді" деген сөздермен ауыстырылды;
алғысөздегі үшінші абзац алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ
бұйрығымен
.
Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi
Заңына
сәйкес әзiрлендi және жалпы құқықтық және экономикалық қағидаттарды, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды өткiзу тәртiбiн белгiлейдi.
Осы Ереженiң мақсаттары табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды барынша үнемдi және тиiмдi қамтамасыз ету болып табылады.
Осы Ережеде көзделген талаптар "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi
Заңының
18-4-бабының 9-тармағында айқындалған рынок субъектiлерiне қолданылмайды.
Осы Ереже мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру барысында туындайтын қатынастарды реттемейдi.
1-тарау. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар
Ескерту: 1-тарау жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен .
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тапсырыс берушінің қосылма тұлғасы - (оның қызметін берілген өкілеттіктер шеңберінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) шешімді тікелей және (немесе) жанама анықтау және (немесе) табиғи монополия субъектісі қабылдаған шешімге, оның ішінде шарттың күшіне, ауызша шартты қоса, немесе өзге мәмілелерге әсер ету мүмкіндігі бар тұлға, сондай-ақ табиғи монополия субъектісіне қатысты осындай құқығы бар кез келген тұлға;
2) ықтимал өнім берушінің қосылма тұлғасы - шешімді тікелей және (немесе) жанама анықтауға және (немесе) осы ықтимал өнім беруші қабылдаған шешімге, оның ішінде шарттың күшіне немесе өзге мәмілеге әсер ету құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ осы ықтимал өнім берушіге қатысты осындай құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға;
3) тендерлік өтінімді кепілді қамтамасыз ету - тендерге қатысуға тілек білдірген ықтимал өнім беруші ұсынған ақша кепілзаты немесе банк кепілдігі;
4) тапсырыс беруші - сатып алуды осы Ережеге сәйкес жүзеге асыратын табиғи монополия субъектісі;
5) сатып алу - тапсырыс берушінің шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тапсырыс берушінің осы Ережеде белгіленген тәртіппен және тәсілмен сатып алуы;
6) құзыретті орган - салалық министрлік (ведомство) және оның аумақтық органдары немесе табиғи монополия субъектісі коммуналдық меншікте болған жағдайда, жергілікті атқарушы орган;
7) бір тектес тауарлар, жұмыстар, қызметтер - бірыңғай болып табылмайтын, ұқсас сипаттамасы бар және оларға сол бір функцияны орындауға және өзара алмасатындай болуға мүмкіндік беретін ұқсас құраластардан тұратын тауарлар, жұмыстар және қызметтер;
8) табиғи монополия субъектісі сатып алатын шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) - бір жылдың ішінде табиғи монополия субъектісі сатып алатын шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өлшем бірліктерін, көлемдерін, мерзімдерін, сондай-ақ бір жылдың ішінде тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің әрбір түрін сатып алуға жұмсалған сомалардың ең жоғары мөлшері көрсетілген номенклатурасы;
9) ықтимал өнім беруші - заңды, жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер;
10) тендер - ықтимал өнім берушілердің арасындағы бәсекелестікті көздейтін және сатып алу шартының барынша пайдалы талаптарын анықтауға бағытталған сатып алу тәсілі;
11) тендерлік құжаттама - тапсырыс берушінің тендер өткізу шарты мен тәртібін қамтитын тендерлік өтінім дайындау үшін ықтимал өнім берушіге ұсынатын құжаты;
12) тендерлік өтінім - тендерлік құжаттамаға сәйкес жасалған ықтимал өнім берушінің тендерлік ұсынысы;
13) тендерлік комиссия - осы Ережеде белгіленген жағдайларда және тәсілдермен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру үшін тапсырыс беруші қызметкерлердің ішінен қалыптасатын комиссия;
14) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган немесе белгіленген құзырет шектеріндегі облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган.
2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің,
шығындары олар көрсететін қызметтерге тарифтер
(бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді
сатып алу процесін құқықтық реттеу қағидаттары
Ескерту: 2-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен .
2. Тендердi табиғи монополия субъектiсi мынадай қағидаттарды сақтай отырып өткiзедi, олар:
1) тендер рәсiмдерiн өткiзудiң ашықтық және жариялылық;
2) барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге тендерге қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi қамтамасыз ету;
3) әлеуеттi жеткiзiп берушiлер арасындағы адал бәсекелестiк қағидаттарын сақтауға тиiс.
3-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің, сатып
алынатын, шығындары олар көрсететін қызметтерге
тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру
кезінде ескерілетін тауарлардың, жұмыстардың және
қызметтердің тізбесін қалыптастыру
Ескерту: 3-тарау жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен .
3. Табиғи монополия субъектісі жыл сайын, 1 қаңтарға дейінгі мерзімде келесі күнтізбелік жылға, бірінші басшының бұйрығымен бекітілген қолы мөрмен расталған Тізбені қалыптастырады және құзыретті және уәкілетті органдарға мәлімет үшін жібереді.
Табиғи монополия субъектісі Тізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
4. Сатып алу процесі:
1) Тізбе жасауды;
2) жеткізушіні таңдауды, олармен шарт жасасуды;
3) шарттың атқарылуын қамтиды.
Ескерту: 4-тарау жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен .
5. Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы осы Ереженің 6 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер нысанында және Тізбеге сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен бірге, сатып алу бір күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
6. Уәкілетті орган табиғи монополиялар субъектісінің сатып алуды жабық конкурс (тендер), бір көзден сатып алу (осы Ереженің 68-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алуларды қоспағанда), сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары ұсынатын кепілдіктерді, заемдар мен кредиттерді тарту тәсілімен жүзеге асыруға келіседі. Уәкілетті органның сатып алудың көрсетілген тәсілдермен келісуі осы Ереженің 68-1-тармағының талаптарын ескере отырып, жүзеге асырылады.
7. Ашық және жабық тендерлер екі кезеңдік рәсімдерді қолдана отырып, өткізілуі мүмкін.
8. Ашық немесе жабық тендер өткізілгенге дейін 15 күн бұрын, тапсырыс беруші оның жүзеге асырылу тәсіліне қарамастан, уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Уәкілетті орган өз өкілін ашық және жабық тендер тәсілдерімен өткізілетін сатып алу рәсіміне қатысу үшін байқаушы ретінде жібере алады.
Уәкілетті органның өкілі тендер комиссиясының құрамына енгізіле алмайды және тендер комиссиясы шешім қабылдаған кезде дауыс құқығы жоқ.
9. Табиғи монополия субъектісі негізгі құралдарға жатпайтын, егер сатып алудың құндық көрінісінің жылдық көлемі осы Ереженің 65-тармағында белгілеген соманың шекті мөлшерінен аспаған жағдайда, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді тендер өткізбестен сатып алуды жүзеге асырады.
9-1. Табиғи монополия субъектісі өздерінің қосылма тұлғалары үшін тендерді бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде көрінуге құқылы.
10. Тапсырыс берушiнiң қызметкерлерiне, сондай-ақ тапсырыс берушiнiң қосылма тұлғаларына осы Ережемен реттелетiн сатып алуды жүзеге асыру кезiнде әлеуеттi жеткiзiп берушiлер ретiнде қатысуға тыйым салынады.
11. Тапсырыс берушiнiң қызметкерi сатып алу рәсiмдерiмен байланысты міндеттерді орындай алмайды, егер ол әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң лауазымдық немесе сенiмдi тұлғасы, жақын туысқаны (ата-анасы, жұбайы, зайыбы, бауырлары, апа-сiңлiлерi, балалары) не өзгедей түрде тендер нәтижесiне жеке мүдделi болып табылса.
13. Сатып алуға қатысу үшiн әлеуеттi жеткiзiп берушi мынадай бiлiктiлiк талаптарына сай болуға тиiс:
1) кәсiптiк бiлiктiлiгiнiң, сондай-ақ сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтер рыногында жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;
2) сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауға қажеттi қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының болуы;
3) сатып алу туралы шарт жасасу үшін азаматтық құқықтық қабiлетiнiң болуы;
4) таратуға жатпайтын сатып алуды жүргiзу сәтiнде төлемге қабiлеттi болып табылуы, оның қаржы-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес тоқтатылуға тиiс емес.
Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
14. Әлеуеттi жеткiзiп берушi оның бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растауда тапсырыс берушiге аттестаттарының, куәлiктерiнiң, патенттерiнiң, лицензияларының, сертификаттарының, дипломдарының, анықтамаларының өзге де құжаттарының көшірмелерін ұсынады.
Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен мiндеттi түрде аудит жүргiзуге белгiленген заңды тұлғалар да соңғы қаржылық жылға аудиторлық есеп бередi.
15. Тапсырыс берушi әлеуеттi жеткiзiп берушiге осы ереженiң 13-тармағында көзделгеннен өзге бiлiктiлiк талаптарын белгілеуге құқығы жоқ.
16. Ашық тендер өткiзу туралы әлеуеттi жеткiзiп берушi тендерлiк өтiнiмдердi қабылдау аяқталған күнге дейiн жиырма күнтiзбелiк күн бұрын мерзiмдi басылымда хабарландыру жарияланымдармен құлақтандырылады.
Тендерлiк өтiнiмдердi қабылдаудың түпкiлiктi мерзiмi мен тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашу процестерi арасындағы уақыт ұзақтығы екi сағаттан аспауға тиiс.
17. Тендер өткiзу туралы хабарландыру (хабарлама) мынадай мәлiметтердi:
1) тапсырыс берушiнiң атауын және мекен-жайын;
2) сатып алудың атауы, көлемi, сатып алынатын материалды, қаржылық ресурстар мен қызметтер көрсетудi жеткiзу орнын;
3) сатып алынатын материалдарды, қаржылық ресурстар мен қызметтер көрсетулердi жеткiзудiң талап етiлген мерзiмiн;
4) тендер құжаттамасын алудың тәсiлi мен орны және оның құнын;
5) тендерлiк өтiнiмдер ұсынудың орны мен түпкiлiктi мерзiмiн;
6) тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашу күнi, уақыты мен орнын;
7) тапсырыс берушi айқындайтын өзге де қажеттi ақпаратты қамтуға тиiс.
18. Хабарландыру жарияланғанға дейiн, ашық тендер өткiзу туралы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарияланған немесе 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған жабық конкурс өткiзу кезiнде әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге хабарламалар жiберу кезiнде, тапсырыс берушi тендерлiк құжаттаманы, сондай-ақ тендерлік комиссияның құрамын, тендерлік комиссияның хатшысын бекітеді, ал қажетті болған жағдайда техникалық сарапшыларды белгілейді.
Осы тармақта көрсетілген барлық шешімдер, тапсырыс берушінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушының шешімі немесе бұйрығы (бұйрықтар) деп қабылданады.
Тендерлік комиссия тендерлік комиссия құру және сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейін сатып алуды өткізу туралы шешімді тапсырыс беруші бекіткен сәттен бастап іс-қимыл жасайды.
Тендерлік комиссия мүшелерінің саны тақ болуға және бес адамнан кем болмауға тиіс.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын табиғи монополиялар субъектілері үшін, тендерлік комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауға және үш адамнан кем болмауға тиіс.
Тапсырыс беруші тендерлік комиссия мүшелерінің ішінен тендерлік комиссияның төрағасын тағайындайды.
Тендерлік комиссияның мәжілісінде тендерлік комиссия мүшесі өндірістік және өзге себептермен жоқ болған жағдайда тендерлік комиссия мәжілісінің хаттамасында оның жоқ болу себебі және осы фактіні растайтын құжатқа сілтеме көрсетілуі тиіс.
Тапсырысшы барлық қаржы жылына тұрақты құрамы бар тендерлік комиссия құруға құқылы.
Ескерту: 18-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
,
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ
бұйрығымен
.
19. Тендерлік комиссия төмендегідей функцияларды жүзеге асырады:
1) мерзімді басылымдарда ашық тендер өткізу туралы хабарландыруларды жариялайды;
2) жабық конкурс өткізу туралы әлеуетті жеткізіп берушілерге хабарламалар жібереді;
3) қажет болған жағдайда тендерлік құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
4) тендерлік өтінімдер бар конверттердің сақталуын қамтамасыз етеді;
5) тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашуды жүргізеді;
6) тендерлік өтінімдерді қарайды, бағалайды, салыстырады;
7) тендерлік өтінімдерді осы Ережелерге сәйкес қабылдамай тастайды;
8) тендерлік өтінімдер бар конверттер ашылған күннен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде конкурс қорытындысын шығарады;
9) тендердің қатысушыларын тендер қорытындысы туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
20. Тендерлік комиссияның отырысы тендерлік комиссияның жалпы санның кем дегенде үштен екі мүшелері қатысқан жағдайда өткізіледі.
Тендерлік комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданды деп есептеледi. Егер дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
Тендерлiк комиссияның мүшелерi жазбаша түрде баяндалуға және ашу хаттамасына қоса берiлуге немесе тендердiң нәтижелерiн шығаруға тиiс ерекшe пiкiрге құқығы бар.
Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ
бұйрығымен
.
21. Тендерлiк комиссияның хатшысы тендерлiк комиссиясының мүшесi болып табылмайды және тендерлiк комиссия шешiмдер қабылдаған кезде дауыс құқығы жоқ.
Тендерлiк комиссияның хатшысы әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге тендерлiк құжаттама ұсынады, тендерлiк құжаттаманы алған әлеуеттi жеткiзiп берушiлердi тiркеу журналын жүргiзедi, әлеуеттi жеткiзiп берушiлерден тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi қабылдайды, тендерлiк комиссия отырыстарының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындайды және тендерлiк комиссия отырыстарының олар өткеннен кейiн хаттамаларын ресiмдейдi, келiп түскен тендерлiк өтiнiмдер мен тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердiң ұсынылған уақыты мен күнi, әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң (тендерлiк өтiнiмi бар конверттi ұсынушы және тендерге қатысушы тұлғаның) аты-жөнi көрсетiлген, конверттердi ашу рәсiмiне қатысуға тiлек бiлдiрген әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң тiркеу журналын жүргiзедi.
Тапсырысшы қажет жағдайда хатшының жұмысын орындау үшін хатшылық құра алады, ол осы Ережемен белгіленген жағдайларда хатшылық атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті жауапты тұлғаны көрсетумен тапсырысшының тендерлік комиссия құру туралы бұйрығында көрсетілуі тиіс.
Ескерту: 21-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
22. Техникалық сарапшылар тендерлiк комиссия құрамына кiрмейдi және тендерлiк комиссия шешiм қабылдаған кезде дауыс құқығы жоқ.
Техникалық сарапшылар әлеуеттi жеткiзiп берушiлер ұсынған материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң тендерлiк құжаттаманың талаптарына сәйкестiгi жөнiнде қорытынды бередi. Сараптық қорытынды жазбаша түрде ресiмделедi және тендерлiк комиссия отырысының хаттамасына қоса берiледi.
23. Тапсырыс берушi барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге мынадай ақпараттарды:
1) оның ұсынылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растауға әлеуеттi жеткiзiп берушiлер ұсынуға тиiстi құжаттардың тiзбесiн;
2) сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң сипатын, олардың қажеттi техникалық және сапалық сипаттамасын, техникалық ерекшелiктердi, жоспарларды, сызбаларды, нобайларды қоса;
3) сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң санын (көлемiн);
4) сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткiзiп берудiң орны мен шартын;
5) сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткiзiп берудiң талап етiлген мерзiмiн;
6) төлем шартын және сатып алу шартының жобасын;
7) ұтып шыққан тендерлiк өтiнiм деп белгiленуге тиiстi бағалардан басқа, өлшемдердiң сипатын, бағалау әдiсiнiң сипаты мен тендерлiк өтiнiмдердi салыстыруды;
8) тендерлiк өтiнiмнiң бағаларын есептеудiң тәсiлi мен әдiсiн, баға тасымалдау мен сақтандыруға, кеден бажын, салықтар, алымдар мен басқаларды төлеуге арналған шығыстар тәрiздi элементтердi қамтуға тиiс пе, соны көрсетудi қоса;
9) тендерлiк өтiнiмнiң бағасын оларды салыстыру мен бағалау мақсатында бiрыңғай валютаға сәйкес келтiру үшiн қолданылатын тендерлiк өтiнiмнiң бағасы мен бағамы көрсетiлуге тиiстi валютаны немесе валюталарды;
10) тендерлiк өтiнiмдi, сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының тiлдер туралы
заңнамасына
сәйкес жасаудың және ұсынудың тiлiне қойылатын талапты;
11) тендерлiк өтiнiмнiң мерзiмiн көрсететiн әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң мiндетi туралы ақпаратты;
12) тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етуге енгiзiлген тәртiптi, нысанды, мерзiмдi;
13) әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң тендерлiк өтiнiмдi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн тендерлiк өтiнiмдi өзгерту немесе қайтарып алу құқығын көрсетудi;
14) тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың орны мен түпкiлiктi мерзiмiн және олардың қолданылу мерзiмiн;
15) әлеуеттi жеткiзiп берушiлер көмегiмен тендерлiк құжаттаманың мазмұны бойынша түсiндiру сұрата алатын тәсiлдердi, сондай-ақ тапсырыс берушiнiң осы кезеңде жеткiзiп берушiлермен ашық нысанда жеткiзiп беретiн және хаттама жасай алатын кездесулер өткiзу ниетi туралы хабарды;
16) тендерлік өтiнiмдер бар конверттердi ашу орнын, күнiн және уақытын (тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашу уақыты, тендерлiк өтiнiмдердiң ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқтау сәтiнен бастап екi сағаттан аспауға тиiс);
17) тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашу және тендерлiк өтiнiмдердi қарау үшiн пайдаланылатын рәсiмдердi;
18) тендердi өткiзу кезiнде ұсынылатын тапсырыс берушiнiң, оның уәкiлеттi лауазымды тұлғалары туралы мәлiметтердi;
19) әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге - жауапты тауар өндiрушiлерге басымдық берудiң шарты мен тәртiбiн қамтитын тендерлiк құжаттаманы ұсынуға мiндеттi.
24. Бiртектес тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу жөнiнде тендер өткiзу кезiнде тапсырыс берушi тендерлiк құжаттамада тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi оларды жеткiзiп беру (орындау, көрсету) орны бойынша бөлiкке (лотқа) бөлуге мiндеттi. Сонымен бiрге тендердiң жеңiмпазы тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң әрбiр лоты бойынша айқындалады.
Ескерту: 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ
бұйрығымен
.
25. Әлеуеттi жеткiзiп берушi тапсырыс берушiден тендерлiк құжаттаманың түсiнiктемесiн, тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн он күнтізбелік күн бұрын сұратуға құқылы. Тапсырыс берушi өтiнiмдi алған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей осы сауалға жауап беру және мұндай түсiнiктеменi тендерлiк құжаттама жолдаған барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге жiберуге тиiс.
Ескерту: 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
26. Тапсырыс берушi өз бастамасы бойынша тендерлiк өтiнiмдi ұсынудың түпкілiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн жетi жұмыс күнiнен кешiкпейтiн мерзiмде немесе әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң сауалына берген жауапқа хаттама ресiмдеу жолымен тендерлiк құжаттамаға өзгерiстер енгiзуге құқылы.
Енгiзiлген өзгерiстердiң мiндеттi күшi бар және олар туралы тендерлiк құжаттама ұсынған барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлер дереу хабардар етiледi. Сонымен бiрге тендерлiк өтiнiмдер ұсынудың түпкiлiктi мерзiмiн тапсырыс берушi тендерлiк өтiнiмдердегi осы өзгерiстердi әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң ескеруi үшiн кем дегенде он күнтiзбелiк күн мерзiмiне ұзартады.
Ескерту: 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
27. Тапсырыс берушi тендерлiк құжаттамада көрсетілген белгiлi орны мен уақытта тендерлiк құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн әлеуеттi жеткiзiп берушiлермен кездесулер өткiзуге құқылы.
Сонымен бiрге тапсырыс берушi кездесу барысында тендерлiк құжаттаманы түсiндiру туралы қойылған сұрақтарды, сондай-ақ осы сұрақтарға берілген жауаптарды қамтитын хаттама жасайды. Хаттама тендерлiк құжаттама ұсынған барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге дереу жiберiледi.
29. Тапсырыс берушi ұсынылған тендерлiк құжаттама үшiн тендерлiк құжаттаманы көшiруге жұмсалған нақты шығыннан аспайтын төлем өндiріп алуға құқылы.
Төлем тапсырыс берушiнiң банктiк шотына немесе оның бухгалтериясына енгiзiледi. Төлем туралы растау тапсырыс берушiге тендерлiк құжаттаманы алған кезде ұсынылады.
Тендерлiк құжаттама тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi өндiретiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мен ұйымдарына, Қазақстан Республикасы мүгедектерi құрған қоғамдық бiрлестiктерiне тегiн берiледi.
30. Тендерге қатысуға тiлек бiлдiрген әлеуеттi жеткiзiп берушi тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн тапсырыс берушiге тендерлiк құжаттамаға сәйкес тендерлiк өтiнiмдi мөрленген түрде ұсынуға мiндеттi.
31. Тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғаннан кейiн алынған тендерлiк өтiнiм ашылмайды және оны ұсынған әлеуеттi жеткiзiп берушiге қайтарылады.
32. Тендерлiк өтiнiм онда тендерлiк құжаттамаға сәйкес көрсетiлген мерзiм iшiнде күшiнде қалады.
Тендерге қатысу үшiн әлеуеттi жеткiзiп берушi ұсынған тендерлiк өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi кем дегенде отыз бес күнтізбелік күн болуға тиiс.
Тендерлiк құжаттамада көрсетiлген қолданылу мерзiмi барынша қысқа болса, тендерлiк өтiнiм қабылданбайды.
Ескерту: 32-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
33. Тендерге қатысуға тiлек бiлдiрген, заңды тұлға болып табылатын әлеуеттi тұлғаның тендерлiк өтiнiмi:
1) 3-қосымшаға сәйкес тендерге қатысуға арналған өтiнiмдi;
2) әлеуеттi жеткiзiп берушiге ұсынған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес растау құжаттарын:
әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi өндiруге, өңдеуге, жеткiзiп беруге және өткiзуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған (не заңмен белгiленген нысандағы) көшiрмелерiн;
егер сатып алынған жұмыстар мен қызметтер лицензияланбаған жағдайда, онда әлеуеттi жеткiзiп берушi орындайтын қызметтер түрлерiнiң тiзбесi бар заңды тұлға жарғысынан алынған үзiндiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн немесе сауда тiзiлiмiнен (Қазақстан Республикасының резидент еместерi үшiн) мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiне аудармасы бар нотариалды куәландырылған заңдастырылған үзiндiнi ұсынуы қажет;
бірінші басшы немесе оны ауыстыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған бухгалтерлік теңгерімді;
Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен аудиттi мiндеттi түрде өткiзу белгiленген заңды тұлғалардың соңғы қаржылық жыл үшiн аудиторлық есебiн;
заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi (қайта тiркелуi) туралы куәлiктерiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
статистикалық карточканың нотариалды расталған көшірмесін;
егер ықтимал өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда, онда статистикалық карточканың нотариалды расталған көшірмесін ұсыну талап етілмейді;
құрылтай шартынан немесе құрылтайшылар құрамы туралы жарғыдан алынған нотариалды куәландырылған үзiндiнi;
белгіленген нысанда тиісті салық органның ықтимал өнім берушінің бюджетке салықтар және басқа міндетті төлемдер төлеуі және жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар туралы мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы осы салық органның мөрі бар тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу алдындағы күннен үш ай бұрын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемдер мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, бірінші басшының немесе тиісті растауы болған жағдайда, оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған анықтама;
ықтимал өнім берушінің тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы үш ай бұрын, банктің (банктердің) алдында мерзімі өткен берешектерінің болмауы туралы (егер ықтимал өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше көптеген банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады) бірінші басшының немесе тиісті оң растауы болған жағдайда, оны алмастыратын тұлғаның және бас бухгалтердің қолы мен банктің (банктердің) мөрі бар банктің (банктердің) анықтамасы;
егер ықтимал өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, онда Қазақстан Республикасы салық органының осы ықтимал өнім берушінің Қазақстан Республикасының резиденті емес екендігі және салық есебінде тұрмайтындығы туралы анықтамасының түпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмесі ұсынылады;
қалған жағдайларда, егер Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын ықтимал өнім берушіге осы тармақта көзделген ұсынылуға тиісті құжаттар ұсынылмаса, онда бұл өнім беруші жоғарыда көрсетілген талаптарды растайтын құжаттар ұсынылады;
төлем мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзiмi өткен жағдайларда, осы салық органының бiрiншi басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның мөрленiп, қолы қойылған анықтаманы қамтуға тиiс;
қосымша құн салығы бойынша есепке алу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) әлеуеттi жеткiзiп берушi ұсынып отырған бағаны, жеткiзiп берiлетiн материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң, iлеспе қызметтердiң құнын қоса, түпкiлiктi бағасын құрайтын әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң барлық нақты шығындарын қамтуға тиiс 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылған соңғы бағаны;
4) тауарлардың шыққан жерi мен сапасы куәлiктерiнiң және/немесе сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн (не заңмен белгiленген нысандағы көшiрмесiн), сондай-ақ сатып алуға арналған материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң қолайлылығын және тендерлiк құжаттаманың сәйкестiгiн растайтын басқа құжаттарды;
5) техникалық сертификаттарды;
6) ұсынып отырған iлеспе қызметтердi;
7) тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етудiң енгiзiлуiн растайтын құжаттың түпнұсқасын;
8) тендерлiк құжаттамаға сәйкес ұсынуға қажеттi және басқа да құжаттарды қамтуға тиiс.
Ескерту: 33-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
,
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ
бұйрығымен
.
34. Тендерге қатысуға тiлек бiлдiрген жеке кәсiпкерлiк немесе жеке тұлға болып табылатын әлеуеттi жеткiзiп берушi ұсынатын тендерлiк өтiнiм:
1) тендерге қатысуға арналған 5-қосымшаға сәйкес өтiнiмдi және жеке куәлiгiнiң немесе паспортының немесе жеке басын куәландыратын құжаттардың орын алмастыруға қабылдау туралы iшкi iстер органдары берген анықтаманың көшiрмесiн;
2) әлеуеттi жеткiзiп берушiге ұсынған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес растау құжаттарын:
әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi өндiруге, өңдеуге, жеткiзiп беруге және өткiзуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған (не заңмен белгiленген нысандағы) көшiрмелерiн;
заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн, тиiстi мемлекеттiк орган берген құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi ашу күнiнiң алдындағы үш ай үшiн әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң банк (банктер) алдында мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы банктiң (банктердiң) бiрiншi басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның және бас бухгалтерiнiң қолы қойылған банктiң (банктердiң) мөр соғылған анықтамасын (eгep әлеуеттi жеткiзiп берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктердiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетел банкiнiң клиентi болған жағдайда, мұндай анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады);
әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы және тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi ашу күнiнiң алдындағы үш ай үшiн жинақтаушы зейнетақы аударымдары туралы, мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасын, төлем мерзiмiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзiмi өткен жағдайларда, осы салық органының бiрiншi басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның мөрi бар қолы қойылған анықтаманы;
3) әлеуеттi жеткiзiп берушi ұсынып отырған бағаны, жеткiзiп берiлетiн материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң, түпкiлiктi бағасын құрайтын әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң барлық нақты шығындарын қамтуға тиiс 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соңғы бағаны;
4) куәлiктердiң және/немесе сертификаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн (не заңмен белгiленген нысандағы көшiрмесiн), сатып алуға арналған материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң қолайлылығын және тендерлiк құжаттаманың сәйкестiгiн растайтын басқа құжаттарды;
5) техникалық сертификаттарды;
6) ұсынып отырған iлеспе қызметтердi;
7) тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етудiң енгiзiлуiн растайтын құжаттың түпнұсқасын қамтуға тиіс.
35. Әлеуеттi жеткiзiп берушi өзiнiң тендерлiк өтiнiмiн ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн, сонымен бiрге өзiнiң тендерлiк өтiнiмiн кепiлдi қамтамасыз етiлуiн, қайтаруға берiлген құқығын жоғалтпастан өзгертуге немесе қайтаруға құқылы. Қайтарып алу туралы хабарламаны әлеуеттi жеткiзiп берушi жазбаша нысанда, бiрақ тендерлiк өтiнiмдер ұсынудың түпкiлiктi мерзiмiнен кешiктiрмей жiберуге тиiс.
Тендерлiк өтiнiмдi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғаннан кейiн тендерлiк өтiнiмдерге өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
36. Әлеуеттi жеткiзiп берушi тендерлiк өтiнiмдi тiгiлген, беттерi нөмiрленген түрде ұсынады және соңғы бетi мөрмен расталады.
Тендерлiк өтiнiмнiң техникалық бөлiгi (тiгiлген, беттерi нөмiрленген түрде заңды тұлға немесе жеке кәсiпкер үшiн соңғы бетi қойылған қолмен немесе мөрмен расталған) мен банк кепiлдiгiнiң түпнұсқасы тендерлiк өтiнiмге жеке берiледi.
37. Әлеуеттi жеткiзiп берушi "Түпнұсқа" және "Көшiрме" деп көрсете отырып, тендерлiк құжаттамада тапсырыс берушi қажетiне қарай көрсетiлген тендерлiк өтiнiм көшiрмелерiнiң қажетті санын ұсынады.
Тендерлiк өтiнiм түпнұсқалардың көшiрмелерi машинкада басылуға немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылуға немесе оған әлеуеттi жеткiзiп берушi қол қоюға тиiс.
Тендерлiк өтiнiм жолдарының арасында ешқандай сөз енгiзу, өшiру немесе қосып жазу, әлеуеттi жеткiзiп берушiге грамматикалық немесе арифметикалық қателердi түзету жағдайларын қоспағанда, болмауға тиiс.
38. Әлеуеттi жеткiзiп берушi тендерлiк өтiнiмнiң түпнұсқасы мен әрбiр көшiрмесiн, оларды "Түпнұсқа" және "Көшiрме" деп белгiлей отырып, әртүрлi конверттерге салып мөрлейдi. Осы конверттерде әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң атауы мен мекен-жайы көрсетiлуге тиiс, бұдан кейiн сыртқы конвертке салынып мөрленедi.
Iшкi және сыртқы конверттерде:
1) тендерлiк құжаттамада көрсетiлген мекен-жай бойынша тапсырыс берушiге жолдануға;
2) "______________________________ сатып алу жөнiндегi тендер"
(тендердiң аты)
және _____________________________________________________________
(тендерлiк құжаттамасында көрсетiлген конверттердi ашу күні
және уақыты)
деген сөздер қамтылуға тиiс.
Осы ереженiң 35-тармағында көзделген тендерлiк өтiнiмдi өзгертудi әлеуеттi жеткiзiп берушi дайындауға және тендерлiк өтiнiмнiң өзi сияқты ұсынуға тиiс.
39. Әлеуеттi жеткiзiп берушi тендерлiк өтiнiмдi ұсынған кезде, сонымен бiр мезгілде тендерлiк құжаттамада көзделген тәсiлмен және шарттар нысанында оның тендерлiк өтiнiмде ұсынылған сатып алынатын материалдық, қаржылық pecурстap мен қызметтер құнының үш процентi мөлшерiнде кепiлдi қамтамасыз етудi енгiздi.
40. Тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз ету:
1) банкте орналастырылған ақша кепiлi;
2) банк кепілі түрінде ұсынылуы мүмкін;
3) Тапсырыс берушінің кассасына ақша қаражаттарын енгізу.
Тендерлiк өтiнiмдi ақша кепiлi түрiнде қамтамасыз етудi әлеуеттi жеткiзiп берушi тапсырыс берушiнiң тиiстi шотына енгiзедi.
Ескерту: 40-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ
бұйрығымен
.
41. Тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi тендерлiк өтiнiмнiң өзiнiң қолданылу мерзiмiнен кем болмауға тиic.
42. Тапсырыс берушi тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етудi мынадай:
1) тендерлiк өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi аяқталған;
2) сатып алу шарты күшiне енген;
3) тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн тендерлiк өтiнiмдi қайтарып алған;
4) тендерлiк құжаттама талаптарына жауап бермейтiн ретiнде тендерлiк өтiнiмдi қабылдамаған;
5) тендер жеңiмпазын айқындамастан сатып алу рәсiмiн тоқтатқан жағдайлар болған сәттен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде қайтарады.
43. Тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз ету тендерлiк өтiнiмдi және оның қамтамасыз етiлуiн ұсынған әлеуеттi жеткiзiп берушiге егер әлеуеттi жеткiзiп берушi:
1) тендерлiк өтiнiмдi берудiң түпкілікті мерзiмi аяқталғаннан кейiн тендерлiк өтiнiмдi қайтарып алған немесе өзгерткен;
2) сатып алу шартын жасамаған, егер ол тендер жеңiмпазы деп белгiленген жағдайларда қайтарылмайды.
44. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын әлеуеттi жеткiзiп берушi тендерлiк өтiнiмдi ұсынған кезде сонымен бiр мезгiлде тендерлiк құжаттамада көзделген тәсiлмен және шарттар нысанында оның тендерлiк өтiнiмiнде ұсынылған сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтер құнының бiр жарым процентi мөлшерiнде кепiлдi қамтамасыз етудi енгiздi.
45. Тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi тендерлiк құжаттамада көрсетiлген мерзiмде және орында тендерлiк комиссия ашады.
Әлеуеттi жеткiзiп берушілер не олардың өкiлдерi тендерлiк өтiнiмдердi ашу кезiнде қатысуға құқылы.
46. Тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi ашу кезiнде тендерлiк комиссия қатысушы тұлғаларға тендерге қатысушы әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң атауы мен мекен-жайын, олар ұсынған бағаларды, жеткiзiп берудiң шарты мен төлемiн, тендерлiк өтiнiмдердi қайтарып алу мен өзгертудi, егер олар құжаттамада көрсетiлсе, тендерлiк өтiнiмдi құрайтын құжаттардың болуы мен болмауы туралы ақпаратты хабарлайды және осы ақпаратты тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi ашу хаттамасына тiркейдi.
Тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi ашу хаттамасының көшiрмесi ашу рәсiмi кезiнде қатысқан әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге берiледi, жоқ болғандарға - олардан тиісті сұраным алған күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімде жолданады.
Ескерту: 46-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
47. Тендерлiк өтiнiмдердi бағалағанда және салыстырғанда:
1) тендерлiк комиссия әлеуеттi жеткiзушiден олардың тендерлiк өтiнiмдерiне сәйкес түсiнiк сұраттыруға құқылы;
2) тендерлiк өтiнiмдi тендерлiк құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтiн ұсыныстар және рұқсаттар бойынша сауалдама жасауға жол берiлмейдi.
48. Тендерлiк комиссия өтiнiмдi мынандай жағдайда керi қайтарады:
1) әлеуеттi жеткiзуші бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмесе;
2) тендерлiк құжатта қаралған шартқа сәйкес әлеуеттi жеткiзушi өтiнiмнiң сол нысандағы көлемде өтiнiмдi қамтамасыз етпесе;
3) тендерлiк өтiнiм тендерлiк құжаттың талаптарына жауап бермесе;
4) тендерге қатысуға жiберiлген әлеуеттi жеткiзушiлердiң тендерлiк өтiнiмдерiнiң бағалары осы материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi сатып алуға бөлiнген қаржыдан артық болса.
49. Тендерлік комиссия тендерді немесе сатып алуды лот бойынша мынадай жағдайда өткерілмеген деп таниды, егер:
1) тендерге қатысуға біліктілік талаптарын қанағаттандыратын кем дегенде екі ықтимал өнім берушіден тендерлік өтінім түскен жағдайда;
2) ұсынылған барлық тендерлік ұсынымдар тендерлік құжаттаманың талаптарына жауап бермегендік ретінде қабылданбаған жағдайда;
3) тендерге қатысуға бір ғана ықтимал жеткізуші өтінім берген жағдайда. Тендерлік өтінімі бар конверт ықтимал өнім берушіге ашылмастан қайтарылады.
Ескерту: 49-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ
бұйрығымен
.
50. Егер тендер жалпы немесе қандай да лот бойынша өткiзiлмеген деп танылған кезде, тапсырыс берушi:
1) қажет болғанда тендерлік құжаттаманы өзгертеді және қайта тендер өткізеді;
2) тендердi екi кезеңдiк рәсiмдi пайдаланып өткiзедi.
Қайта ашық тендер өткізу қажет болғанда тапсырысшы тендерлік өтінім қабылдау аяқталғанға дейін он күнтізбелік күн бұрын мерзімді баспасөзде хабарлама жариялайды.
Ескерту: 50-тармаққа өзгерту, толықтыру енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
51. Тендерлiк комиссия тендерге қатысу үшiн түскен тендерлiк өтiнімдердi бағалайды және салыстырады, мынадай өлшемдер негiзiнде немесе тендердiң ең төменгi бағасы бойынша жеңiмпазды анықтайды:
1) пайдалануға кеткен шығыны, жөндеу және техникалық қызмет;
2) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізіп беру мерзімі;
3) материалдық ресурстардың функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамасы;
4) төлемнiң шарты;
5) тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге арналған кепілдіктердің шарттары;
6) отандық тауар өндiрушілердi - әлеуеттi жеткiзiп берушiлердi қолдау;
7) әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң бiлiктiлiк туралы деректерi.
Ескерту: 51-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ
бұйрығымен
.
51-1. Конверттер ашылғаннан және тендерлік ұсыныстар бағаланғаннан кейін тендерлік комиссия бес күннен аспайтын мерзімде ұсынылған бағаларды одан әрі төмендету жөнінде тендердің қатысушыларымен ашық келіссөздер өткізу туралы шешім қабылдай алады.
Ескерту: 51-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ
бұйрығымен
.
52. Тендерлiк комиссия тендерлiк жеңiмпазды анықтаған кезде отандық әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң тендерлiк өтiнiмiнiң бағасын шартты 20 пайызға төмендетедi.
Отандық тауар өндiрушiлер - 85 пайыздан кем емес жергiлiктi еңбек ресурстарын пайдаланатын, Қазақстан Республикасының резидентi және Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға дайын тауар өндiретiн, заңды немесе жеке тұлға.
53. Тендерлiк комиссия тендердiң қорытындысын тендерлік өтiнiмдер конверттерi ашылғаннан кейiн он күн мерзiмiнен кешiктiрмей қорытындылайды.
54. Тендерлік комиссия берушi тендердiң қорытындысы белгiлi болғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде тендерге қатынасқан барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлердi тендердiң нәтижесiмен таныстырады. Хабарлама мынадай ақпараттарды қамтуы керек:
1) тендерде сатып алынған материалдық, қаржылық ресурстар мен қызмет түрлерінің атаулары;
2) тендер жеңiмпазының атауы мен мекен-жайы;
3) жеңiмпаз ұсынған бiрлiк заттың құны, сондай-ақ барлық материалдық, қаржылық ресурстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң жалпы сомасы.
Ескерту: 54-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
55. Тапсырыс берушi тендер жеңiмпазымен сатып алу туралы шартқа қол қойғаннан кейiн он күнтізбелік күн iшiнде уәкiлеттi органға көшiрмелердi ұсынады:
1) тендерлiк өтiнiмдер конверттерiнiң ашылу хаттамаларын;
2) тендердiң қорытындысы туралы хаттаманы;
3) тендер жеңiмпазымен сатып алуға жасалған шарт;
4) тендер өткiзу туралы хабарлама;
5) тендерлiк құжаттар.
Ескерту: 55-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
,
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ
бұйрығымен
.
56. Тендер арқылы сатып алуды iске асырған кезде, тендерлiк комиссия тендердiң қорытындысы жөнiнде мынадай ақпаратты қамтитын хаттаманы рәсiмдеуге мiндеттi:
1) сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен көрсететiн қызмет түрлерiнiң қысқаша сипаттамасы мен атауы;
2) тендерлiк өтiнiмдi ұсынған әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң мекен-жайлары мен атаулары;
3) тендерлiк өтiнiм ұсынған әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң бiлiктiлiк деректерi;
4) әр тендерлiк өтiнiмнiң бағасы мен басқа негiзгi шарттары;
5) тендерлiк өтiнiмдердi салыстыру мен бағасын жазу;
6) тендерлiк өтiнiмдi керi қайтарғанда - оларды керi қайтарудың негiздерi;
7) әр лот бойынша тендер жеңiмпазының атауы мен мекен-жайы, жеңiмпазды анықтаудың шарттары;
8) егер тендер жеңiмпазы анықталмаған кезде - комиссияның ондай шешiм қабылдауға негiзi;
9) тендерлiк құжаттарды сұрастырудың толық жазбасы, оларға жауаптар, сонымен қатар тендерлiк құжаттардың өзгертулерi мен толықтыруларына жазбалар;
10) сатып алу туралы шартқа қол қойылатын мерзiмi (тендер жеңiмпазының хабарды алған күнiнен бастап бес жұмыс күнiнен артық eмec);
11) техникалық сарапшылар тарту туралы ақпарат;
12) тапсырыс беруші Тізбеде көзделген осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бөлген сома.
Ескерту: 56-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ
бұйрығымен
.
57. Тендерге қатысушының талабы бойынша оған тендер жеңiмпазының таңдалуы жайында және нәтижесi туралы толықтай ақпарат жазба түрiнде берiлуi тиiс.
58. Материалдық, қаржылық ресурстар және қызмет көрсету түрлерi өзiнiң күрделi және мамандандырылған сипатына байланысты шектеулi әлеуеттi жеткiзiп берушiлерде ғана болған жағдайда, ол туралы тапсырыс берушiге белгiлi болған жағдайда, уәкiлеттi органмен келiсiлiп жабық тендер өткiзiледi.
58-1. Жабық тендер тәсілімен сатып алуды келісу үшін тапсырысшы уәкілетті органға олардың күрделі немесе мамандандырылған сипатына байланысты тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу көзделіп отырған әлеуетті жеткізушілердің тізімін жолдайды.
Ескерту: 58-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
59. Жабық тендер өткiзу туралы хабар барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге, сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызмет түрлерi оларда нақтылай болғанда, тендерге қатынасуға өтiнiмдердi қабылдаудың мерзiмi аяқталуына жиырма күн қалғаннан кешiктiрiлмей жiберiледi.
Хабар жiберiлетiн әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң тiзiмiн тапсырыс берушiнiң басшысы бекiтедi.
60. Жабық тендер арқылы сатып алу iске асырылған кезде осы Ереженiң 2-бөлiмiнде қаралған нормалар қолданылады.
61. Екi кезеңдiк рәсiмдеу арқылы тендер мынадай жағдайда өткiзiледi:
1) сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен көрсететiн қызмет түрлерiнiң айрықшылығына байланысты қалыптастырудың, сондай-ақ техникалық мiнездемесiнiң және сапа көрсеткiшiн анықтаудың күрделiлiгi;
2) ғылыми зерттеулер, тәжiрибелер, iздестiрулер, әзiрлеулер жасаудың қажеттiгi;
3) бiр кезеңдiк ашық немесе жабық тендер өткiзу жеңiмпазды анықтай алмаса.
62. Екi кезеңдiк рәсiмдi пайдаланып тендер өткiзу келесi кезеңдердiң жиынтығы болып есептеледi:
1) тендерлiк құжаттардың негiзiнде әлеуеттi жеткiзiп берушiлерден сатып алынатын материалдық, қаржылай ресурстардың және көрсететiн қызмет түрлерiнiң техникалық, сапалық сипаттамасы, оларды жеткiзудiң талаптары (орындалуы, көрсетiлуi); әлеуетi жеткiзiп берушiнiң өтiнiмдерге сәйкес ұсынған алғашқы өтiнiмiн бағаны көрсетпестен қарау; әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң бiлiктiлiк деректерiн қарау; керек болған жағдайда материалдық, қаржылық ресурстардың және көрсетiлетiн қызмет түрлерiнiң тиiстi бiлiктiлiк талаптарына, техникалық, сапалық және басқа сипаттарға сәйкестiгi, шарттың жағдайы, оларды жеткiзу (орындалуы, көрсетiлуi);
2) әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң ұсынған техникалық, сапалық және басқа да, материалдық, қаржылай ресурстар және көрсететiн қызмет түрлерi сипатының негiзiнде тапсырыс берушiнiң тендерлiк құжатқа өзгерту енгiзуi; тендердiң бiрiншi кезеңiнен өткен әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң түпкiлiктi өтiнiм беруi; оны бағалау және баға ұсынысына, өлшем белгiсiне байланысты салыстыру; тендердiң қорытындысын шығару.
63. Түпкiлікті тендерлiк өтiнiмдер бар конверттi ашқаннан соң он күндiк мерзiмнен асырмай тендерлiк комиссия екi кезеңдiк рәсiмдi пайдаланып тендердiң қорытындысын шығарады.
64. Бағалар ұсыныстарын пайдалану арқылы жеткiзушiнi таңдау айрықшылығы, тапсырыс берушi үшiн мәндiлiкке ие емес, қолда бар тауарлар, жұмыстар және қызметтер шешушi талап баға болып табылатын ретпен жүргiзiледi.
Ескерту: 64-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ
бұйрығымен
.
65. Құнды ұсыныстар сұрату, егер негізгі құралдарға жатпайтын, тауарларды, (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алудың жылдық көлемі табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілері үшін - екі мың айлық есептік көрсеткіштен; табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілері үшін - бір мың айлық есептік көрсеткіштерден аспаған жағдайда ғана пайдаланылады.
Ескерту: 65-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ
бұйрығымен
.
66. Баға ұсыныстары бойынша жеткiзушiнi таңдау мақсатында жыл бойы сатып алынатын бiркелкi тауарлар көлемiн қаржыландыру жылы бойынша бөлшектеуге жол берiлмейдi.
Ескерту: 66-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ
бұйрығымен
.
67. Тапсырыс берушi сатып алынатын материалдық ресурстар бойынша ұсыныстарды жазба түрде екеуден кем емес тапсырушымен өздерi қосылған және/немесе әлеуеттi жеткiзiп берушiден түскен барлық баға ұсыныстарын белгiленген мерзiмде қарайды, сатып алу туралы шарт тапсырыс берушi мен ең төменгi баға ұсынған әлеуеттi жеткiзiп берушi арасында жасалады.
68. Бiр көзден сатып алу - бұл сатып алудың тендердi пайдаланбай атқарылатын түрi және мынадай жағдайларда өткiзiледi:
1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер табиғи монополия субъектісі болып табылатын ықтимал өнім берушіде ғана болады немесе рыноктың қандай да бір субъектісі тауардың, жұмыстардың және қызметтердің тиісті түрінің бір ғана ықтимал өнім берушісі болып табылады, немесе сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер үлесі осындай рынокта бір жүз пайызға тең келетін белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектісінде ғана болады;
2) табиғи апаттарға байланысты төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда (жер сiлкiну, топан су, сел), табиғи өрттер, эпидемия және эпизоотиялар, ауылшаруашылық өсiмдiктерiн және ормандарды ауру және зиянкестер басқан кезде, өндiрiс, транспорт, басқа да апаттар кезiндегi, сондай-ақ апатты жағдайларда, өрттерде (жарылыстарда), улы, радиоактивтi, биологиялық қатерлi заттар тараған кезде, ғимараттар мен имараттар кенеттен қираған кезде, плотиналар бұзылғанда, электроэнергетикалық және коммуникациялық өмiршең жүйелер, тазалау имараттары апаты болғанда, осы тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетуге қажеттi тапшылық шұғыл орнағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында бекiтiлген талаптарға сәйкес тендер өткiзу жүргiзiлмейдi;
3) қандай да бір өнім берушіден тауарлар сатып алған тапсырыс берушіде бір ізге салу, стандарттау немесе сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сол бір жеткізушіден осы тауарларға деген сатып алу қажеттігі туындайды;
4) тендер өткiзу мүмкiндiгi екi рет орын ала алмаған жағдайда және тапсырыс берушiнiң осы Ережедегi 50-тармақтың 1) және (немесе) 2) тармақшаларын орындауға бағытталған қимыл шарасы сатып алу шартын түзуге алып келмесе;
5) халықаралық қаржы ұйымдары ұсынатын заемдер мен кредиттерді, кепілдіктерді тарту жүзеге асырылды.
Сонымен бірге табиғи монополия субъектісінен немесе белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие, үлесі осындай рынокта жүз пайызға тең рынок субъектісінен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға уәкілетті органның келісімін талап етпейді.
Ескерту: 68-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
,
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ
бұйрығымен
.
68-1. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды келісу үшін тапсырысшы уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынады:
1) әлеуетті жеткізуші тиісті бірыңғай тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалғыз әлеуетті жеткізушісі болып табылатынына байланысты сатып алу қажеттілігін растау үшін - тиісті құзыретті органның осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді тапсырысшының сатып алу қажеттілігі туралы қорытындысы, осы жеткізушінің тиісті тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалғыз әлеуетті жеткізушісі болып табылатынын растайтын құжаттар;
2) қолда бар тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен сәйкестендіру, стандарттау немесе сыйысымдылығын қамтамасыз ету мақсатында сатып алудың қажеттілігін растау үшін - әлеуетті жеткізушінің бастапқы сатып алынған тауарларының, жұмыстарының немесе қызметтерінің және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің көлемдерін (санын), сондай-ақ сатып алу сомасын көрсете отырып, тапсырысшының осы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қажеттігі туралы құзыретті органның қорытындысы болуына сәйкес шарттың көшірмесі;
3) екі ашық тендердің өткізілмегенін растауға байланысты сатып алу қажеттілігін растау үшін - осы тендерлер бойынша құжаттардың көшірмелері: тендерлік комиссияларды құру туралы бұйрықтар; тендерлік құжаттамалар; тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу хаттамалары; тендерлердің қорытындылары туралы хаттамалар; әлеуетті жеткізушілердің қосымшаларымен бірге тендерлік өтінімдері; тендерлерді өткізу туралы мерзімді баспасөздегі хабарламалар, сонымен бірге, ден қою шараларын келісуден және қолданудан бас тарту үшін тендерлік рәсімдерді бұзушылық негіз болып табылады;
4) халықаралық қаржы ұйымынан кепілдіктерді, заемдерді немесе кредиттерді тарту қажеттілігін растау үшін - тиісті құзыретті органнан кепілдіктерді, заемдер (кредиттер) тарту қажеттілігі туралы қорытынды; кепілдіктерді, заем (кредит) беру шартының жобасы; халықаралық қаржы ұйымының мәртебесін растайтын құжат; мәміле тарифтің өсуіне әкелмейтіндігін растайтын есеп.
Уәкілетті орган осы Ереженің жоғарыда көрсетілген талаптарын бұзу кезінде, сондай-ақ тендерлік рәсімдердің бұрмалаушылықтары анықталған кезде сатып алуға келісім беруден бас тартады.
Ұсынылған құжаттарда осы Ереженің талаптарының бұзылғандығы анықталған жағдайда және (немесе) сатып алу жүзеге асырылған кезде уәкілетті орган мәмілені жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінуге құқылы.
Осы Ереженің 68-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес бір көзден сатып алу туралы шартты жасасқан күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде тапсырысшы уәкілетті органға: сатып алу туралы шарттың, хаттаманың, әлеуетті жеткізуші жеткізген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағаларының негізінде ұсынған құжаттардың, сондай-ақ әлеуетті жеткізушінің осы Ережеде белгіленген біліктілік талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынады. Халықаралық қаржы ұйымдары ұсынған заемдерді, кредиттерді тарту кезінде тапсырысшы осы Ереженің 68-тармағының 5) тармақшасына сәйкес: сатып алу туралы шарттың, хаттаманың көшірмесін ұсынады.
Ескерту: 68-1-тармақпен толықтырылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
,
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ
бұйрығымен
.
69. Бiр көзден сатып алуды жүргiзген жағдайда тапсырыс берушi әлеуетi жеткiзушiден ол ұсынатын барлық тауарларға бағалардың, жұмыстардың және қызмет көрсетудiң қажеттi негiздемелерiн сұраттырады.
70. Тапсырыс берушi бiр көзден сатып алған кезде мынадай ақпарат бар хаттама түзуi керек:
1) бiр көзден сатып алудың тәсiлiн негiздеу;
2) сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен көрсететiн қызметтердiң сипаттамасы;
3) сатып алу жөнiнде шарт түзiлетiн әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң атауы мен мекен-жайы және осы шарттың бағасы.
71. Егер сатып алу процесi кезiнде алынатын тауар тек ашық тауар биржасының тiзiмдемесi арқылы сатылатын болған жағдайда, сатып алу Қазақстан Республикасының тауарлы биржалар туралы заңнамаларына сәйкес атқарылады.
72. Тендердiң қорытындысы шығарылғаннан кейiн үш күн аралығында тендерлiк өтiнiмнiң жеңiмпазы болғаны жөнiндегi ақпарат тапсырыс берушiнiң қолы қойылған жазбаша хабарлама шартпен қоса әлеуеттi жеткiзушiге жiберiледi.
Шарт, жақтардың өкiлдерi қолдарын қойғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.
73. Конкурстың жеңiмпазы оның өтiнiмi жеңiмпаз деп танылғаны туралы хабарламаны және сатып алу шартының жобасын алған сәттен бастап он күннiң iшiнде шартқа қол қояды немесе орын алған келiспеушiлiктер туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тартқаны туралы тапсырыс берушiге жазбаша хабарлама бередi.
Ескерту: 73-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ
бұйрығымен
.
74. Тендердiң жеңiмпазы болған әлеуеттi жеткiзiп берушi 73-тармақта белгiленген мерзiмде шартқа қол қоймаған жағдайда, тапсырыс берушi өлшемi жағынан жеңiмпаздан кейiнгi, ұсынысы Ереженiң 51-тармағында бекiтiлгендей тапсырыс берушi үшiн басым тиiмдiлiгi бар, тендердiң басқа қатысушысымен шартқа отыруға құқылы және ол туралы тендердiң қорытындысы жөнiндегi хаттамада расталады.
75. Жеткізушінің таңдауына негіз болған, ұсыныстың мазмұнын өзгертуі мүмкін (бағасын төмендетуден басқа) сатып алу туралы қол қойылған шартқа, өзгертулер және/немесе сатып алу туралы шарттың жобасына жаңа талаптар енгізуге тыйым салынады.
Жеткізушінің таңдауына негіз болған сапаның, көлемнің және басқа да талаптардың сапасының өзгермеу талабымен бағаны төмендетуге қатысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.
Тапсырысшы шарт бағасын төмендету мақсатында тендердің жеңімпазы болып танылған әлеуетті жеткізушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойғанға дейін келіссөздер жүргізуге құқылы. Осыған байланысты әлеуетті жеткізуші бұндай төмендетуге келіспеуге құқылы, бірақ бұл тапсырысшыға тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бойынша тендердің жеңімпазы болып табылған әлеуетті жеткізушімен жасалған шартқа қол қоюдан бас тартуға құқық бермейді.
Егер тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу туралы шарттың орындалу процесінде сатып алынатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ұқсастардың бағалары төмендеу жағына өзгерсе, онда тапсырысшы мен жеткізушінің өзара келісімі бойынша осы тармақтың ережелерін ескере отырып, сатып алу туралы шартқа тиісті өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Ескерту: 75-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
76. Табиғи уәкiлеттi орган, табиғи монополия субъектiсi Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарын бұза отырып тендер жеңiмпазымен шарт жасасқанға дейiн, оның нәтижесiн қабылдамауға және табиғи монополия субъектiсiн қайта тендер өткiзуге мiндеттеуге құқылы.
77. Сатып алу туралы шартқа Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң нормалары қолданылады.
78. Уәкiлеттi орган, табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (баға, алым ставкасы) бекiту туралы өтiнiмiн oсы Ережеде бекiтiлген тендер өткiзу талаптары бұзылған жағдайда кері қайтаруға құқылы.
78-1. Осы Ережемен белгіленген рәсімдерді бұзып өткізілген тендерлердің нәтижелері бойынша сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға арналған шығындарды уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің тарифіне енгізбейді.
Ескерту: 78-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
79. Осы Ереженiң бұзылғандығына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң
шығындары олар көрсететiн қызметтерге
тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын)
қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн
материалдық, қаржылық ресурстарды
және қызметтердi сатып алу ережесіне
1-қосымша
Алда тұрған тендер туралы хабарландыру нысаны
Мынадай материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді (материалдық, қаржылық ресурстардың және қызметтердiң және олардың санын (көлемiн) құнын көрсетпей-ақ қысқаша сипаттау);
(сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстардың және қызметтердiң толық тiзбесi, олардың саны мен тендерлiк құжаттамада көрсетiлген жан-жақты ерекшелiгiне тапсырыс беруші сілтеме жасауға құқылы) сатып алу жөнiнде ___________________________ тендердi
(тапсырыс берушiнiң атауы)
өткiзу туралы хабарлайды.
Материалдық және қаржылық ресурстар жеткiзiлуi (жұмыстар немесе қызметтер орындалуы/көрсетiлуi) керек.
(материалдық, қаржылық ресурстардың және қызметтердiң немесе жұмыстардың орындалған/көрсетiлген жеткiзiлетiн орнын көрсету).
Жеткiзудiң (орындалудың, көрсетiлудiң) _______________ талап етiлген мерзiмi.
Тендерге бiлiктiлiк талаптарына сай болатын ереженiң 13-тармағында көрсетiлген барлық жеткiзiп берушiлер жiберiледi.
Тендерлiк құжаттама пакетiн "___"_______ _____ жыл мерзіміне дейiн (тендерлiк өтiнiмдер бар конверттi ашқанға дейiн 24 сағат iшiндегi күні мен уақытын көрсету) қоса берiлген мекен-жай бойынша _________________, бөлменiң N ____ ____ _____ сағат iшiнде немесе тендерлiк құжаттаманың төлемi туралы әлеуеттi жеткiзiп берушi құжатты ұсынғаннан кейiн электрондық пошта арқылы _______ мекен-жай бойынша алуға болады.
Тендерлiк құжаттама пакетiнiң құны _____ теңге құрайды және _______ eceбіне кіргiзіледі (тапсырыс берушiнiң тиiстi шотын көрсету) (осы абзац шығарылады, егер төлем алдын-ала ескерiлмесе).
Тендерге қатысуға арналған тендерлiк өтiнiмдер, конверттерде мөрленген, әлеуетті жеткiзiп берушілермен (тапсырыс берушiнiң атауын көрсету) мекен-жай бойынша (толық мекен-жайын, бөлменiң N көрсету) ұсынылады (жолданады).
Тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi (уақытын және күнiн көрсету) дейін.
Тендерлiк өтiнiмдер бар конверттер (уақытты және күнiн көрсету) мынадаЙ мекен-жай бойынша (толық мекен-жайын, бөлменiң N көрсету) ашылады. Тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашқан кезде әлеуеттi жеткiзiп берушi қатыса алады.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы (қаланың коды мен телефон нөмiрiн көрсету) телефон арқылы алуға болады.
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң
шығындары олар көрсететiн қызметтерге
тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын)
қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн
материалдық, қаржылық ресурстарды
және қызметтердi сатып алу ережесіне
2-қосымша
Жабық тендердi өткiзу туралы хабарлау нысаны
Кiмге __________________________________________ мынадай
(әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң атауы)
материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтердi сатып алу жөнiнде (материалдық, қаржылық ресурстардың және қызметтердiң және олардың санын (көлемiн) қысқаша сипаттау);
(сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстардың және қызметтердiң толық тiзбесi, олардың саны мен тендерлiк құжаттамада көрсетiлген жан-жақты ерекшелiгiне тапсырыс берушi сiлтеме жасауға құқылы) _________________________________ жабық тендердi өткiзу
(тапсырыс берушiнiң атауы)
туралы Сiзге хабарлайды және Сiздi оған қатысуға шақырады.
Материалдық және қаржылық ресурстар жеткiзiлуi керек.
(жұмыстар немесе қызметтер орындалуы/көрсетiлуi) (материалдық, қаржылық ресурстардың жұмыстардың немесе қызметтердiң орындалған/көрсетiлген жеткiзiлетiн орнын көрсету).
Жеткiзудiң (орындалудың/көрсетiлудiң) _______________ талап
етiлген мерзiмi.
Тендерге бiлiктiлiк талаптарға сай болатын ереженiң 13-тармағында көрсетiлген барлық жеткiзiп берушiлер жiберiледi.
Тендерлiк құжаттама пакетiн "__"__________ _____ жыл мерзіміне дейiн (тендерлiк өтiнiмдер бар конверттi ашқанға дейiн 24 сағат iшiндегi күні мен уақыты) қоса берiлген мекен-жай бойынша _________ бөлменiң N ____ _____ ______ сағат iшiнде немесе тендерлiк құжаттаманың төлемi туралы әлеуеттi жеткiзiп берушi құжатын ұсынғаннан кейiн электрондық пошта арқылы _________ мекен-жай бойынша алуға болады.
Тендерлік құжаттама пакетінің құны ______ теңге құрайды (осы абзац алынып тасталады, егер төлем алдын-ала ескерiлмесе).
Тендерге қатысуға арналған тендерлiк өтiнiмдер конверттерде мөрленген, әлеуетті жеткiзiп берушілермен (тапсырыс берушiнiң атауын көрсету) мекен-жай бойынша (толық мекен-жайды, бөлменiң N көрсету) ұсынылады (жолданады).
Тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi (уақытты және күндi көрсету) дейiн.
Тендерлiк өтiнiмдер бар конверттер мынадай мекен-жай бойынша (толық мекен-жайын, бөлменiң N көрсету) ашылады (уақыты және күнін көрсету). Тендерлік өтінімдер бар конвертті ашқан кезінде әлеуетті жеткізіп берушілер қатыса алады.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы (телефон нөмірін көрсету) телефон арқылы алуға болады.
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң
шығындары олар көрсететiн қызметтерге
тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын)
қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн
материалдық, қаржылық ресурстарды
және қызметтердi сатып алу ережесіне
3-қосымша
(Кiмге) _______________________________________
(тапсырыс берушiнiң атауы)
(Кiмнен) ______________________________________
(әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң атауы)
Тендерге қатысуға арналған өтiнiм
(заңды тұлғалар үшiн)
__________________________________________________________
(тендердiң атауы)
тендердi өткiзу жөнiндегi тендерлiк құжаттамаларды қарап,
алынуы осымен куәландырылатын, тендерлiк құжаттамаға сәйкес ____________________________________________________ жалпы
(цифрамен және жазбаша)
сомаға тауарлардың (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету)
мынадай лоттар бойынша
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
(лоттар бойынша материалдық және қаржылық ресурстарды және
қызметтердi жан-жақты сипаттау)
____________________________________________________________
(әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң атауы)
жеткізілуін жүзеге асыруды ұсынады.
Осы тендерлiк өтiнiм мыналардан тұрады:
1. ___________________________________
2. ___________________________________
3. ___________________________________
4. ___________________________________
5. ___________________________________
6. ___________________________________
7. ___________________________________
8. ___________________________________
9. ___________________________________