"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын
, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713
қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi туралы ереженi басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
1. Қоса берiп отырған Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, шығындары олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу ережесi бекiтiлсiн.
2. Заңнама және тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеу департаментi (Жолдыбаева Ғ.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуден өткiзудi қамтамасыз етсiн.
3. Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (А.Т.Шабдарбаев):
Ережені ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңда белгiленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсiн;
Ереженi Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгінің құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсін.
4. "Табиғи монополия субъектiлерiнiң өндiрiстiк мұқтаждар үшiн материалдық және қаржылық ресурстарды, жабдықтарды тендерлiк негiзде сатып алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетiнiң 1998 жылғы 15 тамыздағы N 03/1-НҚ
бұйрығының
күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары А.К.Әмiринге жүктелсiн.
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестiктi
қорғау жөнiндегi агенттiгi
төрағасының 2003 жылғы
6 маусымдағы N 149-НҚ бұйрығымен
бекiтiлген
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, шығындары олар
көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар
ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн
материалдық, қаржылық ресурстарды және
қызметтердi сатып алу ережесi
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, шығындары олар көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтердi сатып алудың осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi
Заңына
сәйкес әзiрлендi және жалпы құқықтық және экономикалық қағидаттарды, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, шығындары олар көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерілетiн материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi сатып алуды өткiзу тәртiбiн белгiлейдi.
Осы Ереженiң мақсаттары табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, шығындары олар көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi сатып алуды барынша үнемдi және тиiмдi қамтамасыз ету болып табылады.
Осы Ереже шығындары олар көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн табиғи монополиялар субъектiлерiне, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындар, акционерлiк қоғамдар және олармен қосылған заңды тұлғалар - шығындары олар көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн қаржылық ресурстар мен қызметтердi сатып алу кезiнде табиғи монополиялар субъектiлерi болып табылатын табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылады.
Осы Ережеде көзделген талаптар "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi
Заңының
18-4-бабының 9-тармағында айқындалған рынок субъектiлерiне қолданылмайды.
Осы Ереже мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру барысында туындайтын қатынастарды реттемейдi.
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тапсырыс берушiнiң қосылма тұлғасы - акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан көп процентi осы тапсырыс берушiге (басқаруға берiлген) тиесiлi заңды тұлға;
2) әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң қосылма тұлғасы - шешiмдi тура және/немесе жанама айқындауға және/немесе осы әлеуетті жеткiзiп берушi қабылдаған шешiмге, оның iшiнде шартқа немесе өзге мәмiлеге қарай ықпал етуге құқығы бар, кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ осы әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң осындай құқығының болуына орай кез келген жеке немесе заңды тұлға;
3) тендерлiк өтiнiмдi кепілдiк қамтамасыз ету - тендерге қатысуға тілек білдiрген әлеуеттi жеткiзiп берушi ұсынған ақша кепілзаты немесе банк кепiлдiгi;
4) тапсырыс берушi - сатып алуды осы Ережеге сәйкес жүзеге асырушы табиғи монополия субъектiсi;
5) сатып алу - тапсырыс берушiнiң шығындары олар көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi осы Ережеде белгіленген тәртiппен және тәсiлмен сатып алуы;
6) құзыреттi орган - салалық министрлiк (ведомство) және оның аумақтық органдары немесе табиғи монополия субъектiсi коммуналдық меншiкте болған жағдайда, жергiлiктi атқарушы орган;
7) материалдық ресурстар - кез келген еңбек түрiнiң өнiмi мен сипаты, оның iшiнде шикiзат, бұйым және қатты, сұйық немесе газ түрiндегi заттар, электр энергиясы, сондай-ақ ілеспе тауарлар жеткiзiп берушiлерге көрсетілетiн қызметтер, егер мұндай iлеспе қызметтердiң құны тауарлардың өзiнiң құнын арттырмаса;
8) бiртектi тауарлар, жұмыстар, қызметтер - ұқсас болып табылмайтын, ұқсас сипаты бар және ұқсас құраластардан тұратын, оларға сол бiр функцияны орындауға және бiрiн-бiрi алмастырушылар болуға мүмкiндiк беретiн тауарлар, жұмыстар мен қызметтер;
9) шығындары олар көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерілетiн, сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстардың және қызметтердiң Тiзбесi - табиғи монополия субъектiсiнiң бiр жыл iшiнде табиғи монополия субъектісі сатып алынатын шығындары олар көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi сатып алудың өлшем бiрлiгi, көлемдерi, мерзiмдерi, сондай-ақ жыл iшiнде материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi, оның iшiнде негiзгi құралдарға жатпайтын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуға жұмсалған соманың ең жоғарғы мөлшерi көрсетiлген номенклатурасы;
10) әлеуеттi жеткiзiп берушi - сатып алу шартын жасасу мақсатында сатып алу процесiне қатысушы заңды, жеке тұлға немесе жеке кәсiпкер;
11) тендер - әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң арасындағы сатып алу шартының барынша пайдалы талаптарын анықтауға бағытталған бәсекелестiктi көздейтiн конкурс өткiзу нысаны;
12) тендерлiк құжаттама - тапсырыс берушiнiң тендер өткiзудiң шарты мен тәртiбiн баяндайтын тендердiң өтiнiм дайындау үшiн әлеуеттi жеткiзiп игерушiге ұсынатын құжаты;
13) тендерлiк өтiнiм - тендерлiк құжаттамаға сәйкес жасалған әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң тендерлiк ұсынысы;
14) тендерлiк комиссия - осы ережеде белгiленген тәсiл жағдайында материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi сатып алуды жүзеге асыру үшiн тапсырыс берушi қызметкерлердiң арасынан қалыптасатын комиссия;
15) уәкiлеттi орган - табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
16) қаржы ресурстары - ақша, вексель, бағалы қағаздар;
17) қаржылық қызметтер - банк операцияларын өткiзуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi лицензиясының негiзiнде жүзеге асырылып отырған мынадай банк операциялары: депозиттер қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргiзу; банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; жеке және заңды тұлғалардың, осы тұлғаға тиесiлi таза қымбат металдардың нақты саны көрсетiлетiн металл шоттарын ашу және жүргiзу; аудару операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша аудару жөнiндегi тапсырмаларды орындауы; заемдiк операциялар: ақша түрiнде кредиттер ұсыну; факторингтiк және форфейтингтiк операциялар: жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде банк-корреспонденттердiң тапсырмасы бойынша, олардың банкi шоттары бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру; сенiмдiк (сенiмгерлiк) операциялар: сенiмгердiң мүддесiне орай және оның тапсырмасы бойынша ақшаны, тазартылған қымбат металдарды және бағалы қағаздарды басқару; клирингтiк операциялар: алым, салыстыру, сұрыптау және төлемдердi растау, сондай-ақ олардың өзара есепке алуларын өткiзу және клирингке қатысушылардың таза көзқарастарын анықтау; ломбард операциялары: қысқа мерзiмдi кредиттер депозиттелген кепiлдiкке оңай өткiзiлетiн бағалы қағаздар мен жылжымалы мүлiк аманаты бойынша ұсыну; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; төлем құжаттарын инкассоға (вексельдердi қоспағанда) қабылдау; ақшалай нысанда орындауды көздейтiн кепiлдiктер беру; аккредитив ашу (қою) және растау мен ол бойынша мiндеттемелер орындау; кассалық операциялар: банкноттар мен монеттердi қабылдау, беру, қайта санау, ұсату, айырбастау, сұрыптау, буып-түю және сақтау; құжатсыз нысанда шығарылған бағалы қағаздарды сақтау; ақшалай нысанда орындауды көздейтiн үшiншi тұлғалар үшiн банктiк кепiлгерлiк және өзге мiндеттемелер беру, операцияларды есепке алу: вексельдерді және заңды және жеке тұлғалардың өзге берешек міндеттемелерін есепке алу (дисконт); сейфтік операциялар: құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, сейф жәшіктерін, шкафтарын және үй-жайларын жалға берумен қоса, клиенттің құжаттарын және құндылықтарын сақтау жөніндегі қызметтер; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, тиындарды және құндылықтарды инкассолау және салып жіберу; чек кітапшаларын шығару, сондай-ақ бағалы қағаздармен операция, бағалы қағаздар рыногының кәсiптiк қатысушыларының қызметтерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген лицензияның негiзiнде бағалы қағаздар рыногындағы қызметтердi жүзеге асыру жөнiнде ұйымдардың қызметтерi; сақтандыру (қайта сақтандыру) жөнiндегi операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) жөнiнде сақтандыру делдалдарының (сақтандыру агенттерiнiң) қызметтер көрсетуi; төлем карточкаларымен, чектермен, вексельдермен, депозиттiк сертификаттармен операциялар; зейнетақылық активтердi басқару жөнiнде қызметтер көрсету; ипотекалық тұрғын үй займдары бойынша талап құқықтарын басқару жөнiнде қызметтер көрсету; зейнетақылық активтерден алынған инвестициялық кiрiстi бөлу және есептеу жөнiнде зейнетақы жарналарын тарту жөнiнде жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерi; кәсiпорынның жарғылық капиталына қатысу үлесiн iске асыру.
Ескерту: 1-тармаққа толықтырулар мен өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
2-тарау. Тендер нысанында жүзеге асырылатын табиғи монополиялар
субъектiлерiнiң, шығындары олар көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар,
алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн материалдық,
қаржылық ресурстарды және қызметтердi сатып алу процесiн
құқықтық реттеу қағидаттары
2. Тендердi табиғи монополия субъектiсi мынадай қағидаттарды сақтай отырып өткiзедi, олар:
1) тендер рәсiмдерiн өткiзудiң ашықтық және жариялылық;
2) барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге тендерге қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi қамтамасыз ету;
3) әлеуеттi жеткiзiп берушiлер арасындағы адал бәсекелестiк қағидаттарын сақтауға тиiс.
3-тарау. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, шығындары
олар көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар
ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн, сатып
алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен
қызметтердiң тiзбесiн қалыптастыруы
3. Табиғи монополия субъектiсi жыл сайын 1 қарашаға дейiн шығындары олар көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн, сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң тiзбесiн қалыптастырады және құзыреттi органның бекiтуiне ұсынады.
4. Шығындары олар көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн, сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтердiң тiзбесi жыл сайын 31 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде уәкілеттi органмен келiсуге жатады.
4-1. Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындарды олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу тізбесіне енгізілмеген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу қажет жағдайда табиғи монополия субъектісі құзыретті органмен бекітілген және уәкілетті органмен келісілген табиғи монополия субъектісінің, шығындарды олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізгеннен кейін осы Ереженің қағидаларына сәйкес оларды сатып алуға құқылы.
Табиғи монополиялар субъектісі сатып алатын, шығындары олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстардың және қызметтердің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізудің уәкілетті органмен келісілген мерзімі он бес күннен аспауға тиіс.
Ескерту: 4-1-тармақпен толықтырылды, толықтыру енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
, 2004 жылғы 2 наурыздағы N 99-НҚ
бұйрығымен
.
5. Табиғи монополия субъектiлерiнiң шығындары олар көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi сатып алуы осы Ереженiң 6 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер нысанында жүзеге асырылады.
6. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің жабық конкурс (тендер) тәсілімен сатып алуды жүзеге асыруын, баға ұсыныстары сұранымын пайдаланып жеткізушіні таңдауды, тауар биржалары арқылы бір көзден сатып алуды (осы Ереженің 68-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алулардан басқа), сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары беретін заемдер мен кредиттер тартуды келіседі. Уәкілетті органмен сатып алудың көрсетілген тәсілдерін келісу осы Ереженің 68-1-тармағының талаптарын ескере отырып, жүзеге асырылады.
Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
8. Сатып алу жүзеге асырылғанға дейiн он бес күн бұрын тапсырыс берушi оның жүзеге асырылу тәсiлiне қарамастан, уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
Уәкiлеттi орган өз өкiлiн ашық және жабық тендер тәсiлiмен өткiзiлетiн сатып алу рәсiмiне қатысу үшiн байқаушы ретiнде жiберуге құқылы.
Уәкілеттi органның өкiлi тендер комиссиясының құрамына енгiзiле алмайды және тендер комиссиясы шешiм қабылдаған кезде дауыс құқығы жоқ.
9. Табиғи монополия субъектiсi негiзгi құралдарға жатпайтын, егер сатып алудың құндық көрiнiсiнiң жылдық көлемi уәкiлеттi орган белгiлеген соманың шектi мөлшерiнен аспаған жағдайда тендер өткiзбестен тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
Табиғи монополия субъeктici негiзгi құралдарға жатпайтын, тендер өткiзбестен тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуды жүзеге асыру құқығы шектерiнде соманың шектi мөлшерi;
Қазақстан Республикасының табиғи монополия субъектiлерi мемлекеттiк тiзiлiмiнiң республикалық бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн - екi мың айлық есептiк көрсеткiштердi;
Қазақстан Республикасының табиғи монополия субъектiлерi мемлекеттiк тiзiлiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн - бiр мың айлық есептiк көрсеткiштердi құрайды.
10. Тапсырыс берушiнiң қызметкерлерiне, сондай-ақ тапсырыс берушiнiң қосылма тұлғаларына осы Ережемен реттелетiн сатып алуды жүзеге асыру кезiнде әлеуеттi жеткiзiп берушiлер ретiнде қатысуға тыйым салынады.
11. Тапсырыс берушiнiң қызметкерi сатып алу рәсiмдерiмен байланысты міндеттерді орындай алмайды, егер ол әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң лауазымдық немесе сенiмдi тұлғасы, жақын туысқаны (ата-анасы, жұбайы, зайыбы, бауырлары, апа-сiңлiлерi, балалары) не өзгедей түрде тендер нәтижесiне жеке мүдделi болып табылса.
13. Сатып алуға қатысу үшiн әлеуеттi жеткiзiп берушi мынадай бiлiктiлiк талаптарына сай болуға тиiс:
1) кәсiптiк бiлiктiлiгiнiң, сондай-ақ сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтер рыногында жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;
2) сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауға қажеттi қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының болуы;
3) сатып алу туралы шарт жасасу үшін азаматтық құқықтық қабiлетiнiң болуы;
4) таратуға жатпайтын сатып алуды жүргiзу сәтiнде төлемге қабiлеттi болып табылуы, оның қаржы-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес тоқтатылуға тиiс емес.
Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
14. Әлеуеттi жеткiзiп берушi оның бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растауда тапсырыс берушiге аттестаттарының, куәлiктерiнiң, патенттерiнiң, лицензияларының, сертификаттарының, дипломдарының, анықтамаларының өзге де құжаттарының көшірмелерін ұсынады.
Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен мiндеттi түрде аудит жүргiзуге белгiленген заңды тұлғалар да соңғы қаржылық жылға аудиторлық есеп бередi.
15. Тапсырыс берушi әлеуеттi жеткiзiп берушiге осы ереженiң 13-тармағында көзделгеннен өзге бiлiктiлiк талаптарын белгілеуге құқығы жоқ.
16. Ашық тендер өткiзу туралы әлеуеттi жеткiзiп берушi тендерлiк өтiнiмдердi қабылдау аяқталған күнге дейiн жиырма күнтiзбелiк күн бұрын мерзiмдi басылымда хабарландыру жарияланымдармен құлақтандырылады.
Тендерлiк өтiнiмдердi қабылдаудың түпкiлiктi мерзiмi мен тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашу процестерi арасындағы уақыт ұзақтығы екi сағаттан аспауға тиiс.
17. Тендер өткiзу туралы хабарландыру (хабарлама) мынадай мәлiметтердi:
1) тапсырыс берушiнiң атауын және мекен-жайын;
2) сатып алудың атауы, көлемi, сатып алынатын материалды, қаржылық ресурстар мен қызметтер көрсетудi жеткiзу орнын;
3) сатып алынатын материалдарды, қаржылық ресурстар мен қызметтер көрсетулердi жеткiзудiң талап етiлген мерзiмiн;
4) тендер құжаттамасын алудың тәсiлi мен орны және оның құнын;
5) тендерлiк өтiнiмдер ұсынудың орны мен түпкiлiктi мерзiмiн;
6) тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашу күнi, уақыты мен орнын;
7) тапсырыс берушi айқындайтын өзге де қажеттi ақпаратты қамтуға тиiс.
18. Хабарландыру жарияланғанға дейiн, ашық тендер өткiзу туралы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарияланған немесе 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған жабық конкурс өткiзу кезiнде әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге хабарламалар жiберу кезiнде, тапсырыс берушi тендерлiк құжаттаманы, сондай-ақ тендерлік комиссияның құрамын, тендерлік комиссияның хатшысын бекітеді, ал қажетті болған жағдайда техникалық сарапшыларды белгілейді.
Осы тармақта көрсетілген барлық шешімдер, тапсырыс берушінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушының шешімі немесе бұйрығы (бұйрықтар) деп қабылданады.
Тендерлік комиссия тендерлік комиссия құру және сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейін сатып алуды өткізу туралы шешімді тапсырыс беруші бекіткен сәттен бастап іс-қимыл жасайды.
Тендерлік комиссия мүшелерінің саны тақ болуға және бес адамнан кем болмауға тиіс.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын табиғи монополиялар субъектілері үшін, тендерлік комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауға және үш адамнан кем болмауға тиіс.
Тапсырыс беруші тендерлік комиссия мүшелерінің ішінен тендерлік комиссияның төрағасын тағайындайды.
Тендер өткізу кезінде тендерлік комиссия мүшесі жоқ болған жағдайда тапсырысшының бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешіміне әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінім ұсынуы аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті өзгеріс енгізілуі тиіс.
Тендерлік комиссияның мәжілісінде тендерлік комиссия мүшесі өндірістік және өзге себептермен жоқ болған жағдайда тендерлік комиссия мәжілісінің хаттамасында оның жоқ болу себебі және осы фактіні растайтын құжатқа сілтеме көрсетілуі тиіс.
Тапсырысшы барлық қаржы жылына тұрақты құрамы бар тендерлік комиссия құруға құқылы.
Ескерту: 18-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
19. Тендерлік комиссия төмендегідей функцияларды жүзеге асырады:
1) мерзімді басылымдарда ашық тендер өткізу туралы хабарландыруларды жариялайды;
2) жабық конкурс өткізу туралы әлеуетті жеткізіп берушілерге хабарламалар жібереді;
3) қажет болған жағдайда тендерлік құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
4) тендерлік өтінімдер бар конверттердің сақталуын қамтамасыз етеді;
5) тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашуды жүргізеді;
6) тендерлік өтінімдерді қарайды, бағалайды, салыстырады;
7) тендерлік өтінімдерді осы Ережелерге сәйкес қабылдамай тастайды;
8) тендерлік өтінімдер бар конверттер ашылған күннен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде конкурс қорытындысын шығарады;
9) тендердің қатысушыларын тендер қорытындысы туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
20. Тендерлік комиссияның отырысы тендерлік комиссияның барлық мүшелері қатысқан жағдайда өткізіледі.
Тендерлік комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданды деп есептеледi. Егер дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
Тендерлiк комиссияның мүшелерi жазбаша түрде баяндалуға және ашу хаттамасына қоса берiлуге немесе тендердiң нәтижелерiн шығаруға тиiс ерекшe пiкiрге құқығы бар.
21. Тендерлiк комиссияның хатшысы тендерлiк комиссиясының мүшесi болып табылмайды және тендерлiк комиссия шешiмдер қабылдаған кезде дауыс құқығы жоқ.
Тендерлiк комиссияның хатшысы әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге тендерлiк құжаттама ұсынады, тендерлiк құжаттаманы алған әлеуеттi жеткiзiп берушiлердi тiркеу журналын жүргiзедi, әлеуеттi жеткiзiп берушiлерден тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi қабылдайды, тендерлiк комиссия отырыстарының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындайды және тендерлiк комиссия отырыстарының олар өткеннен кейiн хаттамаларын ресiмдейдi, келiп түскен тендерлiк өтiнiмдер мен тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердiң ұсынылған уақыты мен күнi, әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң (тендерлiк өтiнiмi бар конверттi ұсынушы және тендерге қатысушы тұлғаның) аты-жөнi көрсетiлген, конверттердi ашу рәсiмiне қатысуға тiлек бiлдiрген әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң тiркеу журналын жүргiзедi.
Тапсырысшы қажет жағдайда хатшының жұмысын орындау үшін хатшылық құра алады, ол осы Ережемен белгіленген жағдайларда хатшылық атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті жауапты тұлғаны көрсетумен тапсырысшының тендерлік комиссия құру туралы бұйрығында көрсетілуі тиіс.
Ескерту: 21-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
22. Техникалық сарапшылар тендерлiк комиссия құрамына кiрмейдi және тендерлiк комиссия шешiм қабылдаған кезде дауыс құқығы жоқ.
Техникалық сарапшылар әлеуеттi жеткiзiп берушiлер ұсынған материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң тендерлiк құжаттаманың талаптарына сәйкестiгi жөнiнде қорытынды бередi. Сараптық қорытынды жазбаша түрде ресiмделедi және тендерлiк комиссия отырысының хаттамасына қоса берiледi.
23. Тапсырыс берушi барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге мынадай ақпараттарды:
1) оның ұсынылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растауға әлеуеттi жеткiзiп берушiлер ұсынуға тиiстi құжаттардың тiзбесiн;
2) сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң сипатын, олардың қажеттi техникалық және сапалық сипаттамасын, техникалық ерекшелiктердi, жоспарларды, сызбаларды, нобайларды қоса;
3) сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң санын (көлемiн);
4) сатып алынатын материалдық, қаржылық pеcуpcтар мен қызметтер көрсетулердi жеткiзiп берудiң орны мен шартын;
5) сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтер көрсетулерді жеткiзiп берудiң талап етiлген мерзiмiн;
6) төлем шартын және сатып алу шартының жобасын;
7) ұтып шыққан тендерлiк өтiнiм деп белгiленуге тиiстi бағалардан басқа, өлшемдердiң сипатын, бағалау әдiсiнiң сипаты мен тендерлiк өтiнiмдердi салыстыруды;
8) тендерлiк өтiнiмнiң бағаларын есептеудiң тәсiлi мен әдiсiн, баға тасымалдау мен сақтандыруға, кеден бажын, салықтар, алымдар мен басқаларды төлеуге арналған шығыстар тәрiздi элементтердi қамтуға тиiс пе, соны көрсетудi қоса;
9) тендерлiк өтiнiмнiң бағасын оларды салыстыру мен бағалау мақсатында бiрыңғай валютаға сәйкес келтiру үшiн қолданылатын тендерлiк өтiнiмнiң бағасы мен бағамы көрсетiлуге тиiстi валютаны немесе валюталарды;
10) тендерлiк өтiнiмдi, сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының тiлдер туралы
заңнамасына
сәйкес жасаудың және ұсынудың тiлiне қойылатын талапты;
11) тендерлiк өтiнiмнiң мерзiмiн көрсететiн әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң мiндетi туралы ақпаратты;
12) тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етуге енгiзiлген тәртiптi, нысанды, мерзiмдi;
13) әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң тендерлiк өтiнiмдi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн тендерлiк өтiнiмдi өзгерту немесе қайтарып алу құқығын көрсетудi;
14) тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың орны мен түпкiлiктi мерзiмiн және олардың қолданылу мерзiмiн;
15) әлеуеттi жеткiзiп берушiлер көмегiмен тендерлiк құжаттаманың мазмұны бойынша түсiндiру сұрата алатын тәсiлдердi, сондай-ақ тапсырыс берушiнiң осы кезеңде жеткiзiп берушiлермен ашық нысанда жеткiзiп беретiн және хаттама жасай алатын кездесулер өткiзу ниетi туралы хабарды;
16) тендерлік өтiнiмдер бар конверттердi ашу орнын, күнiн және уақытын (тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашу уақыты, тендерлiк өтiнiмдердiң ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқтау сәтiнен бастап екi сағаттан аспауға тиiс);
17) тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашу және тендерлiк өтiнiмдердi қарау үшiн пайдаланылатын рәсiмдердi;
18) тендердi өткiзу кезiнде ұсынылатын тапсырыс берушiнiң, оның уәкiлеттi лауазымды тұлғалары туралы мәлiметтердi;
19) әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге - жауапты тауар өндiрушiлерге басымдық берудiң шарты мен тәртiбiн қамтитын тендерлiк құжаттаманы ұсынуға мiндеттi.
24. Материалды, қаржылық ресурстар қызметтер ұғымына кiретiн бiртектес тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу жөнiнде тендер өткiзу кезiнде тапсырыс берушi тендерлiк құжаттамада тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi оларды жеткiзiп беру (орындау, көрсету) орны бойынша бөлiкке (лотқа) бөлуге мiндеттi. Сонымен бiрге тендердiң жеңiмпазы тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң әрбiр лоты бойынша айқындалады.
25. Әлеуеттi жеткiзiп берушi тапсырыс берушiден тендерлiк құжаттаманың түсiнiктемесiн, тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн он күнтізбелік күн бұрын сұратуға құқылы. Тапсырыс берушi өтiнiмдi алған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей осы сауалға жауап беру және мұндай түсiнiктеменi тендерлiк құжаттама жолдаған барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге жiберуге тиiс.
Ескерту: 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
26. Тапсырыс берушi өз бастамасы бойынша тендерлiк өтiнiмдi ұсынудың түпкілiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн жетi жұмыс күнiнен кешiкпейтiн мерзiмде немесе әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң сауалына берген жауапқа хаттама ресiмдеу жолымен тендерлiк құжаттамаға өзгерiстер енгiзуге құқылы.
Енгiзiлген өзгерiстердiң мiндеттi күшi бар және олар туралы тендерлiк құжаттама ұсынған барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлер дереу хабардар етiледi. Сонымен бiрге тендерлiк өтiнiмдер ұсынудың түпкiлiктi мерзiмiн тапсырыс берушi тендерлiк өтiнiмдердегi осы өзгерiстердi әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң ескеруi үшiн кем дегенде он күнтiзбелiк күн мерзiмiне ұзартады.
Ескерту: 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
27. Тапсырыс берушi тендерлiк құжаттамада көрсетілген белгiлi орны мен уақытта тендерлiк құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн әлеуеттi жеткiзiп берушiлермен кездесулер өткiзуге құқылы.
Сонымен бiрге тапсырыс берушi кездесу барысында тендерлiк құжаттаманы түсiндiру туралы қойылған сұрақтарды, сондай-ақ осы сұрақтарға берілген жауаптарды қамтитын хаттама жасайды. Хаттама тендерлiк құжаттама ұсынған барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге дереу жiберiледi.
29. Тапсырыс берушi ұсынылған тендерлiк құжаттама үшiн тендерлiк құжаттаманы көшiруге жұмсалған нақты шығыннан аспайтын төлем өндiріп алуға құқылы.
Төлем тапсырыс берушiнiң банктiк шотына немесе оның бухгалтериясына енгiзiледi. Төлем туралы растау тапсырыс берушiге тендерлiк құжаттаманы алған кезде ұсынылады.
Тендерлiк құжаттама тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi өндiретiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мен ұйымдарына, Қазақстан Республикасы мүгедектерi құрған қоғамдық бiрлестiктерiне тегiн берiледi.
30. Тендерге қатысуға тiлек бiлдiрген әлеуеттi жеткiзiп берушi тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн тапсырыс берушiге тендерлiк құжаттамаға сәйкес тендерлiк өтiнiмдi мөрленген түрде ұсынуға мiндеттi.
31. Тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғаннан кейiн алынған тендерлiк өтiнiм ашылмайды және оны ұсынған әлеуеттi жеткiзiп берушiге қайтарылады.
32. Тендерлiк өтiнiм онда тендерлiк құжаттамаға сәйкес көрсетiлген мерзiм iшiнде күшiнде қалады.
Тендерге қатысу үшiн әлеуеттi жеткiзiп берушi ұсынған тендерлiк өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi кем дегенде отыз бес күнтізбелік күн болуға тиiс.
Тендерлiк құжаттамада көрсетiлген қолданылу мерзiмi барынша қысқа болса, тендерлiк өтiнiм қабылданбайды.
Ескерту: 32-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
33. Тендерге қатысуға тiлек бiлдiрген, заңды тұлға болып табылатын әлеуеттi тұлғаның тендерлiк өтiнiмi:
1) 3-қосымшаға сәйкес тендерге қатысуға арналған өтiнiмдi;
2) әлеуеттi жеткiзiп берушiге ұсынған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес растау құжаттарын:
әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi өндiруге, өңдеуге, жеткiзiп беруге және өткiзуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған (не заңмен белгiленген нысандағы) көшiрмелерiн;
егер сатып алынған жұмыстар мен қызметтер материалдық, қаржылық ресурстар және қызметтер ұғымына кiрген, лицензияланбаған жағдайда, онда әлеуеттi жеткiзiп берушi орындайтын қызметтер түрлерiнiң тiзбесi бар заңды тұлға жарғысынан алынған үзiндiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн немесе сауда тiзiлiмiнен (Қазақстан Республикасының резидент еместерi үшiн) мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiне аудармасы бар нотариалды куәландырылған заңдастырылған үзiндiнi ұсынуы қажет;
бухгалтерлiк баланс; тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi ашу күнi алдындағы үш ай iшiнде әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң банк (банктер) алдында мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы банктiң (банктердiң) бiрiншi басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның және бас бухгалтерiнiң қолы қойылған банктiң (банктердiң) мөрi бар анықтамасын (егер әлеуеттi жеткiзiп берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктердiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетел банкiнiң клиентi болған жағдайда, мұндай анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады);
Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен аудиттi мiндеттi түрде өткiзу белгiленген заңды тұлғалардың соңғы қаржылық жыл үшiн аудиторлық есебiн;
заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi (қайта тiркелуi) туралы куәлiктерiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
статистикалық карточканың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
құрылтай шартынан немесе құрылтайшылар құрамы туралы жарғыдан алынған нотариалды куәландырылған үзiндiнi;
әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы және тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi ашу күнiнiң алдындағы үш ай үшiн жинақтаушы зейнетақы аударымдары туралы, мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасын;
төлем мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзiмi өткен жағдайларда, осы салық органының бiрiншi басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның мөрленiп, қолы қойылған анықтаманы қамтуға тиiс;
қосымша құн салығы бойынша есепке алу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) әлеуеттi жеткiзiп берушi ұсынып отырған бағаны, жеткiзiп берiлетiн материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң, iлеспе қызметтердiң құнын қоса, түпкiлiктi бағасын құрайтын әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң барлық нақты шығындарын қамтуға тиiс 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылған соңғы бағаны;
4) тауарлардың шыққан жерi мен сапасы куәлiктерiнiң және/немесе сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн (не заңмен белгiленген нысандағы көшiрмесiн), сондай-ақ сатып алуға арналған материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң қолайлылығын және тендерлiк құжаттаманың сәйкестiгiн растайтын басқа құжаттарды;
5) техникалық сертификаттарды;
6) ұсынып отырған iлеспе қызметтердi;
7) тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етудiң енгiзiлуiн растайтын құжаттың түпнұсқасын;
8) тендерлiк құжаттамаға сәйкес ұсынуға қажеттi және басқа да құжаттарды қамтуға тиiс.
Ескерту: 33-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
34. Тендерге қатысуға тiлек бiлдiрген жеке кәсiпкерлiк немесе жеке тұлға болып табылатын әлеуеттi жеткiзiп берушi ұсынатын тендерлiк өтiнiм:
1) тендерге қатысуға арналған 5-қосымшаға сәйкес өтiнiмдi және жеке куәлiгiнiң немесе паспортының немесе жеке басын куәландыратын құжаттардың орын алмастыруға қабылдау туралы iшкi iстер органдары берген анықтаманың көшiрмесiн;
2) әлеуеттi жеткiзiп берушiге ұсынған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес растау құжаттарын:
әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi өндiруге, өңдеуге, жеткiзiп беруге және өткiзуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған (не заңмен белгiленген нысандағы) көшiрмелерiн;
заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн, тиiстi мемлекеттiк орган берген құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi ашу күнiнiң алдындағы үш ай үшiн әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң банк (банктер) алдында мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы банктiң (банктердiң) бiрiншi басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның және бас бухгалтерiнiң қолы қойылған банктiң (банктердiң) мөр соғылған анықтамасын (eгep әлеуеттi жеткiзiп берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктердiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетел банкiнiң клиентi болған жағдайда, мұндай анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады);
әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы және тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi ашу күнiнiң алдындағы үш ай үшiн жинақтаушы зейнетақы аударымдары туралы, мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасын, төлем мерзiмiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзiмi өткен жағдайларда, осы салық органының бiрiншi басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның мөрi бар қолы қойылған анықтаманы;
3) әлеуеттi жеткiзiп берушi ұсынып отырған бағаны, жеткiзiп берiлетiн материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң, түпкiлiктi бағасын құрайтын әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң барлық нақты шығындарын қамтуға тиiс 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соңғы бағаны;
4) куәлiктердiң және/немесе сертификаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн (не заңмен белгiленген нысандағы көшiрмесiн), сатып алуға арналған материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң қолайлылығын және тендерлiк құжаттаманың сәйкестiгiн растайтын басқа құжаттарды;
5) техникалық сертификаттарды;
6) ұсынып отырған iлеспе қызметтердi;
7) тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етудiң енгiзiлуiн растайтын құжаттың түпнұсқасын қамтуға тиіс.
35. Әлеуеттi жеткiзiп берушi өзiнiң тендерлiк өтiнiмiн ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн, сонымен бiрге өзiнiң тендерлiк өтiнiмiн кепiлдi қамтамасыз етiлуiн, қайтаруға берiлген құқығын жоғалтпастан өзгертуге немесе қайтаруға құқылы. Қайтарып алу туралы хабарламаны әлеуеттi жеткiзiп берушi жазбаша нысанда, бiрақ тендерлiк өтiнiмдер ұсынудың түпкiлiктi мерзiмiнен кешiктiрмей жiберуге тиiс.
Тендерлiк өтiнiмдi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғаннан кейiн тендерлiк өтiнiмдерге өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
36. Әлеуеттi жеткiзiп берушi тендерлiк өтiнiмдi тiгiлген, беттерi нөмiрленген түрде ұсынады және соңғы бетi мөрмен расталады.
Тендерлiк өтiнiмнiң техникалық бөлiгi (тiгiлген, беттерi нөмiрленген түрде заңды тұлға немесе жеке кәсiпкер үшiн соңғы бетi қойылған қолмен немесе мөрмен расталған) мен банк кепiлдiгiнiң түпнұсқасы тендерлiк өтiнiмге жеке берiледi.
37. Әлеуеттi жеткiзiп берушi "Түпнұсқа" және "Көшiрме" деп көрсете отырып, тендерлiк құжаттамада тапсырыс берушi қажетiне қарай көрсетiлген тендерлiк өтiнiм көшiрмелерiнiң қажетті санын ұсынады.
Тендерлiк өтiнiм түпнұсқалардың көшiрмелерi машинкада басылуға немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылуға немесе оған әлеуеттi жеткiзiп берушi қол қоюға тиiс.
Тендерлiк өтiнiм жолдарының арасында ешқандай сөз енгiзу, өшiру немесе қосып жазу, әлеуеттi жеткiзiп берушiге грамматикалық немесе арифметикалық қателердi түзету жағдайларын қоспағанда, болмауға тиiс.
38. Әлеуеттi жеткiзiп берушi тендерлiк өтiнiмнiң түпнұсқасы мен әрбiр көшiрмесiн, оларды "Түпнұсқа" және "Көшiрме" деп белгiлей отырып, әртүрлi конверттерге салып мөрлейдi. Осы конверттерде әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң атауы мен мекен-жайы көрсетiлуге тиiс, бұдан кейiн сыртқы конвертке салынып мөрленедi.
Iшкi және сыртқы конверттерде:
1) тендерлiк құжаттамада көрсетiлген мекен-жай бойынша тапсырыс берушiге жолдануға;
2) "______________________________ сатып алу жөнiндегi тендер"
(тендердiң аты)
және _____________________________________________________________
(тендерлiк құжаттамасында көрсетiлген конверттердi ашу күні
және уақыты)
деген сөздер қамтылуға тиiс.
Осы ереженiң 35-тармағында көзделген тендерлiк өтiнiмдi өзгертудi әлеуеттi жеткiзiп берушi дайындауға және тендерлiк өтiнiмнiң өзi сияқты ұсынуға тиiс.
39. Әлеуеттi жеткiзiп берушi тендерлiк өтiнiмдi ұсынған кезде, сонымен бiр мезгілде тендерлiк құжаттамада көзделген тәсiлмен және шарттар нысанында оның тендерлiк өтiнiмде ұсынылған сатып алынатын материалдық, қаржылық pecурстap мен қызметтер құнының үш процентi мөлшерiнде кепiлдi қамтамасыз етудi енгiздi.
40. Тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз ету:
1) банкте орналастырылған ақша кепiлi;
2) банк кепілі түрінде ұсынылуы мүмкін.
Тендерлiк өтiнiмдi ақша кепiлi түрiнде қамтамасыз етудi әлеуеттi жеткiзiп берушi тапсырыс берушiнiң тиiстi шотына енгiзедi.
41. Тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi тендерлiк өтiнiмнiң өзiнiң қолданылу мерзiмiнен кем болмауға тиic.
42. Тапсырыс берушi тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етудi мынадай:
1) тендерлiк өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi аяқталған;
2) сатып алу шарты күшiне енген;
3) тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн тендерлiк өтiнiмдi қайтарып алған;
4) тендерлiк құжаттама талаптарына жауап бермейтiн ретiнде тендерлiк өтiнiмдi қабылдамаған;
5) тендер жеңiмпазын айқындамастан сатып алу рәсiмiн тоқтатқан жағдайлар болған сәттен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде қайтарады.
43. Тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз ету тендерлiк өтiнiмдi және оның қамтамасыз етiлуiн ұсынған әлеуеттi жеткiзiп берушiге егер әлеуеттi жеткiзiп берушi:
1) тендерлiк өтiнiмдi берудiң түпкілікті мерзiмi аяқталғаннан кейiн тендерлiк өтiнiмдi қайтарып алған немесе өзгерткен;
2) сатып алу шартын жасамаған, егер ол тендер жеңiмпазы деп белгiленген жағдайларда қайтарылмайды.
44. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын әлеуеттi жеткiзiп берушi тендерлiк өтiнiмдi ұсынған кезде сонымен бiр мезгiлде тендерлiк құжаттамада көзделген тәсiлмен және шарттар нысанында оның тендерлiк өтiнiмiнде ұсынылған сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтер құнының бiр жарым процентi мөлшерiнде кепiлдi қамтамасыз етудi енгiздi.
45. Тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi тендерлiк құжаттамада көрсетiлген мерзiмде және орында тендерлiк комиссия ашады.
Әлеуеттi жеткiзiп берушілер не олардың өкiлдерi тендерлiк өтiнiмдердi ашу кезiнде қатысуға құқылы.
46. Тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi ашу кезiнде тендерлiк комиссия қатысушы тұлғаларға тендерге қатысушы әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң атауы мен мекен-жайын, олар ұсынған бағаларды, жеткiзiп берудiң шарты мен төлемiн, тендерлiк өтiнiмдердi қайтарып алу мен өзгертудi, егер олар құжаттамада көрсетiлсе, тендерлiк өтiнiмдi құрайтын құжаттардың болуы мен болмауы туралы ақпаратты хабарлайды және осы ақпаратты тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi ашу хаттамасына тiркейдi.
Тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi ашу хаттамасының көшiрмесi ашу рәсiмi кезiнде қатысқан әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге берiледi, жоқ болғандарға - олардан тиісті сұраным алған күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімде жолданады.
Ескерту: 46-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
47. Тендерлiк өтiнiмдердi бағалағанда және салыстырғанда:
1) тендерлiк комиссия әлеуеттi жеткiзушiден олардың тендерлiк өтiнiмдерiне сәйкес түсiнiк сұраттыруға құқылы;
2) тендерлiк өтiнiмдi тендерлiк құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтiн ұсыныстар және рұқсаттар бойынша сауалдама жасауға жол берiлмейдi.
48. Тендерлiк комиссия өтiнiмдi мынандай жағдайда керi қайтарады:
1) әлеуеттi жеткiзуші бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмесе;
2) тендерлiк құжатта қаралған шартқа сәйкес әлеуеттi жеткiзушi өтiнiмнiң сол нысандағы көлемде өтiнiмдi қамтамасыз етпесе;
3) тендерлiк өтiнiм тендерлiк құжаттың талаптарына жауап бермесе;
4) тендерге қатысуға жiберiлген әлеуеттi жеткiзушiлердiң тендерлiк өтiнiмдерiнiң бағалары осы материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi сатып алуға бөлiнген қаржыдан артық болса.
49. Тендерлiк комиссия тендердi немесе сатып алуды қандай-да лот бойынша мынадай жағдайда өткерiлмеген деп таниды:
1) тендерде қатынасу үшiн бiлiктiлiк талаптарын қанағаттандыратын екi әлеуеттi жеткiзушiден кем өтiнiм түскен жағдайда;
2) материалдық, қаржылық ресурстар және қызметтер ұғымына кiретiн бiркелкi тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу бойынша тендер өткiзген кезде, қандай да лот бойынша өткiзiлмедi деп есептеледi, егер осы лот бойынша бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн екi әлеуеттi жеткiзушiден кем өтiнiм берiлсе;
3) тендерлiк құжаттардың талаптарына жауап бере алмағандықтан тендерлiк өтiнiмдердiң барлығы керi қайтарылған уақытта.
50. Егер тендер жалпы немесе қандай да лот бойынша өткiзiлмеген деп танылған кезде, тапсырыс берушi:
1) қажет болғанда тендерлік құжаттаманы өзгертеді және қайта тендер өткізеді;
2) тендердi екi кезеңдiк рәсiмдi пайдаланып өткiзедi.
Қайта ашық тендер өткізу қажет болғанда тапсырысшы тендерлік өтінім қабылдау аяқталғанға дейін он күнтізбелік күн бұрын мерзімді баспасөзде хабарлама жариялайды.
Ескерту: 50-тармаққа өзгерту, толықтыру енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
51. Тендерлiк комиссия тендерге қатысу үшiн түскен тендерлiк өтiнімдердi бағалайды және салыстырады, мынадай өлшемдер негiзiнде немесе тендердiң ең төменгi бағасы бойынша жеңiмпазды анықтайды:
1) пайдалануға кеткен шығыны, материалдық ресурстарды жөндеу және техникалық қызмет;
2) материалдық, қаржылық ресурстар мен қызмет көрсетудiң мерзiмi;
3) материалдық ресурстардың функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамасы;
4) төлемнiң шарты;
5) материалдық және қаржылай ресурстарға кепiлдiк талаптары;
6) отандық тауар өндiрушілердi - әлеуеттi жеткiзiп берушiлердi қолдау;
7) әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң бiлiктiлiк туралы деректерi.
52. Тендерлiк комиссия тендерлiк жеңiмпазды анықтаған кезде отандық әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң тендерлiк өтiнiмiнiң бағасын шартты 20 пайызға төмендетедi.
Отандық тауар өндiрушiлер - 85 пайыздан кем емес жергiлiктi еңбек ресурстарын пайдаланатын, Қазақстан Республикасының резидентi және Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға дайын тауар өндiретiн, заңды немесе жеке тұлға.
53. Тендерлiк комиссия тендердiң қорытындысын тендерлік өтiнiмдер конверттерi ашылғаннан кейiн он күн мерзiмiнен кешiктiрмей қорытындылайды.
54. Тендерлік комиссия берушi тендердiң қорытындысы белгiлi болғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде тендерге қатынасқан барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлердi тендердiң нәтижесiмен таныстырады. Хабарлама мынадай ақпараттарды қамтуы керек:
1) тендерде сатып алынған материалдық, қаржылық ресурстар мен қызмет түрлерінің атаулары;
2) тендер жеңiмпазының атауы мен мекен-жайы;
3) жеңiмпаз ұсынған бiрлiк заттың құны, сондай-ақ барлық материалдық, қаржылық ресурстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң жалпы сомасы.
Ескерту: 54-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
55. Тапсырыс берушi тендер жеңiмпазымен сатып алу туралы шартқа қол қойғаннан кейiн үш жұмыс күн iшiнде уәкiлеттi органға көшiрмелердi ұсынады:
1) тендерлiк өтiнiмдер конверттерiнiң ашылу хаттамаларын;
2) тендердiң қорытындысы туралы хаттаманы;
3) тендер жеңiмпазымен сатып алуға жасалған шарт;
4) тендер өткiзу және қорытындысы туралы хабарлама;
5) тендерлiк құжаттар.
Ескерту: 55-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
56. Тендер арқылы сатып алуды iске асырған кезде, тендерлiк комиссия тендердiң қорытындысы жөнiнде мынадай ақпаратты қамтитын хаттаманы рәсiмдеуге мiндеттi:
1) сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен көрсететiн қызмет түрлерiнiң қысқаша сипаттамасы мен атауы;
2) тендерлiк өтiнiмдi ұсынған әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң мекен-жайлары мен атаулары;
3) тендерлiк өтiнiм ұсынған әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң бiлiктiлiк деректерi;
4) әр тендерлiк өтiнiмнiң бағасы мен басқа негiзгi шарттары;
5) тендерлiк өтiнiмдердi салыстыру мен бағасын жазу;
6) тендерлiк өтiнiмдi керi қайтарғанда - оларды керi қайтарудың негiздерi;
7) әр лот бойынша тендер жеңiмпазының атауы мен мекен-жайы, жеңiмпазды анықтаудың шарттары;
8) егер тендер жеңiмпазы анықталмаған кезде - комиссияның ондай шешiм қабылдауға негiзi; тендерлiк құжаттарды сұрастырудың толық жазбасы, оларға жауаптар, сонымен қатар тендерлiк құжаттардың өзгертулерi мен толықтыруларына жазбалар;
9) сатып алу туралы шартқа қол қойылатын мерзiмi (тендер жеңiмпазының хабарды алған күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен артық eмec);
10) техникалық сарапшылар тарту туралы ақпарат.
57. Тендерге қатысушының талабы бойынша оған тендер жеңiмпазының таңдалуы жайында және нәтижесi туралы толықтай ақпарат жазба түрiнде берiлуi тиiс.
58. Материалдық, қаржылық ресурстар және қызмет көрсету түрлерi өзiнiң күрделi және мамандандырылған сипатына байланысты шектеулi әлеуеттi жеткiзiп берушiлерде ғана болған жағдайда, ол туралы тапсырыс берушiге белгiлi болған жағдайда, уәкiлеттi органмен келiсiлiп жабық тендер өткiзiледi.
58-1. Жабық тендер тәсілімен сатып алуды келісу үшін тапсырысшы уәкілетті органға олардың күрделі немесе мамандандырылған сипатына байланысты тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу көзделіп отырған әлеуетті жеткізушілердің тізімін жолдайды.
Ескерту: 58-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
59. Жабық тендер өткiзу туралы хабар барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге, сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызмет түрлерi оларда нақтылай болғанда, тендерге қатынасуға өтiнiмдердi қабылдаудың мерзiмi аяқталуына жиырма күн қалғаннан кешiктiрiлмей жiберiледi.
Хабар жiберiлетiн әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң тiзiмiн тапсырыс берушiнiң басшысы бекiтедi.
60. Жабық тендер арқылы сатып алу iске асырылған кезде осы Ереженiң 2-бөлiмiнде қаралған нормалар қолданылады.
61. Екi кезеңдiк рәсiмдеу арқылы тендер мынадай жағдайда өткiзiледi:
1) сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен көрсететiн қызмет түрлерiнiң айрықшылығына байланысты қалыптастырудың, сондай-ақ техникалық мiнездемесiнiң және сапа көрсеткiшiн анықтаудың күрделiлiгi;
2) ғылыми зерттеулер, тәжiрибелер, iздестiрулер, әзiрлеулер жасаудың қажеттiгi;
3) бiр кезеңдiк ашық немесе жабық тендер өткiзу жеңiмпазды анықтай алмаса.
62. Екi кезеңдiк рәсiмдi пайдаланып тендер өткiзу келесi кезеңдердiң жиынтығы болып есептеледi:
1) тендерлiк құжаттардың негiзiнде әлеуеттi жеткiзiп берушiлерден сатып алынатын материалдық, қаржылай ресурстардың және көрсететiн қызмет түрлерiнiң техникалық, сапалық сипаттамасы, оларды жеткiзудiң талаптары (орындалуы, көрсетiлуi); әлеуетi жеткiзiп берушiнiң өтiнiмдерге сәйкес ұсынған алғашқы өтiнiмiн бағаны көрсетпестен қарау; әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң бiлiктiлiк деректерiн қарау; керек болған жағдайда материалдық, қаржылық ресурстардың және көрсетiлетiн қызмет түрлерiнiң тиiстi бiлiктiлiк талаптарына, техникалық, сапалық және басқа сипаттарға сәйкестiгi, шарттың жағдайы, оларды жеткiзу (орындалуы, көрсетiлуi);
2) әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң ұсынған техникалық, сапалық және басқа да, материалдық, қаржылай ресурстар және көрсететiн қызмет түрлерi сипатының негiзiнде тапсырыс берушiнiң тендерлiк құжатқа өзгерту енгiзуi; тендердiң бiрiншi кезеңiнен өткен әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң түпкiлiктi өтiнiм беруi; оны бағалау және баға ұсынысына, өлшем белгiсiне байланысты салыстыру; тендердiң қорытындысын шығару.
63. Түпкiлікті тендерлiк өтiнiмдер бар конверттi ашқаннан соң он күндiк мерзiмнен асырмай тендерлiк комиссия екi кезеңдiк рәсiмдi пайдаланып тендердiң қорытындысын шығарады.
64. Бағалар ұсыныстарын пайдалану арқылы жеткiзушiнi таңдау айрықшылығы, тапсырыс берушi үшiн мәндiлiкке ие емес, қолда бар материалдық ресурстарды шешушi талап баға болып табылатын ретпен жүргiзiледi.
65. Бағалар ұсынысы туралы сауал салу, егер бiр жылда қандай-да бiр материалдық ресурстарды сатып алу көлемi екi мың еселiк айлық есептеу көрсеткiшiнен артпаса, Қазақстан Республикасының заңдарында тиiстi қаржы жылына белгiленген тәртiп бойынша пайдаланылады.
66. Баға ұсыныстары бойынша жеткiзушiнi таңдау мақсатында жыл бойы сатып алынатын бiркелкi материалдық ресурстардың көлемiн қаржыландыру жылы бойынша бөлшектеуге жол берiлмейдi.
67. Тапсырыс берушi сатып алынатын материалдық ресурстар бойынша ұсыныстарды жазба түрде екеуден кем емес тапсырушымен өздерi қосылған және/немесе әлеуеттi жеткiзiп берушiден түскен барлық баға ұсыныстарын белгiленген мерзiмде қарайды, сатып алу туралы шарт тапсырыс берушi мен ең төменгi баға ұсынған әлеуеттi жеткiзiп берушi арасында жасалады.
68. Бiр көзден сатып алу - бұл сатып алудың тендердi пайдаланбай атқарылатын түрi және мынадай жағдайларда өткiзiледi:
1) сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар және көрсетiлетiн қызметтер тек табиғи монополия субъектiсi болып табылатын әлеуеттi жеткiзiп берушiде болғанда немесе қандай-да рыноктың субъектiсi тиiстi тауардың (жұмыстар, қызмет көрсету) бiрден бiр әлеуеттi жеткiзiп берушiсi болған жағдайда;
2) табиғи апаттарға байланысты төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда (жер сiлкiну, топан су, сел), табиғи өрттер, эпидемия және эпизоотиялар, ауылшаруашылық өсiмдiктерiн және ормандарды ауру және зиянкестер басқан кезде, өндiрiс, транспорт, басқа да апаттар кезiндегi, төтенше жағдайларда, өрттерде (жарылыстарда), улы, радиоактивтi, биологиялық қатерлi заттар тараған кезде, ғимараттар мен имараттар кенеттен қираған кезде, плотиналар бұзылғанда, электроэнергетикалық және коммуникациялық өмiршең жүйелер, тазалау имараттары апаты болғанда, осы тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетуге қажеттi тапшылық шұғыл орнағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында бекiтiлген талаптарға сәйкес тендер өткiзу жүргiзiлмейдi;
3) тапсырыс берушi тауарлар, жабдықтар, технология немесе қызмет көрсетудi бiреуден сатып алған болса, сол жеткiзушiден унификациялау және стандарттау мақсатында және бар тауарлармен, жабдықтармен, технологиялармен және қызмет көрсету бойынша үйлесiмдiлiк орнату үшiн;
4) тендер өткiзу мүмкiндiгi екi рет орын ала алмаған жағдайда және тапсырыс берушiнiң осы Ережедегi 50-тармақты орындауға бағытталған қимыл шарасы сатып алу шартын түзуге алып келмесе;
5) халықаралық қаржы ұйымдары ұсынатын заемдер мен кредиттерді тарту жүзеге асырылды.
Ескерту: 68-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
68-1. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды келісу үшін тапсырысшы уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынады:
1) әлеуетті жеткізуші тиісті бірыңғай тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалғыз әлеуетті жеткізушісі болып табылатынына байланысты сатып алу қажеттілігін растау үшін - тиісті құзыретті органның осы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) тапсырысшының сатып алу қажеттілігі туралы қорытындысы, осы жеткізушінің тиісті тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалғыз әлеуетті жеткізушісі болып табылатынын растайтын құжаттар;
2) қолда бар тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен сәйкестендіру, стандарттау немесе сыйысымдылығын қамтамасыз ету мақсатында сатып алудың қажеттілігін растау үшін - әлеуетті жеткізушінің бастапқы сатып алынған тауарларының, жұмыстарының немесе қызметтерінің болуына сәйкес шарттың көшірмесі;
3) екі ашық тендердің өткізілмегенін растауға байланысты сатып алу қажеттілігін растау үшін - осы тендерлер бойынша құжаттардың көшірмелері: тендерлік комиссияларды құру туралы бұйрықтар; тендерлік құжаттамалар; тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу хаттамалары; тендерлердің қорытындылары туралы хаттамалар; әлеуетті жеткізушілердің қосымшаларымен бірге тендерлік өтінімдері; тендерлерді өткізу туралы және қорытындылары туралы мерзімді баспасөздегі хабарламалар;
4) халықаралық қаржы ұйымынан заемдерді немесе кредиттерді тарту қажеттілігін растау үшін - тиісті құзыретті органнан заемдер (кредиттер) тарту қажеттілігі туралы қорытынды; заем (кредит) беру шартының жобасы; халықаралық қаржы ұйымының мәртебесін растайтын құжат; мәміле тарифтің өсуіне әкелмейтіндігін растайтын есеп.
Осы Ереженің 68-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес бір көзден сатып алу туралы шартты жасасқан күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде тапсырысшы уәкілетті органға: сатып алу туралы шарттың, хаттаманың, әлеуетті жеткізуші жеткізген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағаларының негізінде ұсынған құжаттардың, сондай-ақ әлеуетті жеткізушінің осы Ережеде белгіленген біліктілік талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынады. Халықаралық қаржы ұйымдары ұсынған заемдерді, кредиттерді тарту кезінде тапсырысшы осы Ереженің 68-тармағының 5) тармақшасына сәйкес: сатып алу туралы шарттың, хаттаманың көшірмесін ұсынады.
Ескерту: 68-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
69. Бiр көзден сатып алуды жүргiзген жағдайда тапсырыс берушi әлеуетi жеткiзушiден ол ұсынатын барлық тауарларға бағалардың, жұмыстардың және қызмет көрсетудiң қажеттi негiздемелерiн сұраттырады.
70. Тапсырыс берушi бiр көзден сатып алған кезде мынадай ақпарат бар хаттама түзуi керек:
1) бiр көзден сатып алудың тәсiлiн негiздеу;
2) сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен көрсететiн қызметтердiң сипаттамасы;
3) сатып алу жөнiнде шарт түзiлетiн әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң атауы мен мекен-жайы және осы шарттың бағасы.
71. Егер сатып алу процесi кезiнде алынатын тауар тек ашық тауар биржасының тiзiмдемесi арқылы сатылатын болған жағдайда, сатып алу Қазақстан Республикасының тауарлы биржалар туралы заңнамаларына сәйкес атқарылады.
72. Тендердiң қорытындысы шығарылғаннан кейiн үш күн аралығында тендерлiк өтiнiмнiң жеңiмпазы болғаны жөнiндегi ақпарат тапсырыс берушiнiң қолы қойылған жазбаша хабарлама шартпен қоса әлеуеттi жеткiзушiге жiберiледi.
Шарт, жақтардың өкiлдерi қолдарын қойғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.
73. Конкурстың жеңiмпазы оның өтiнiмi жеңiмпаз деп танылғаны туралы хабарламаны және сатып алу шартының жобасын алған сәттен бастап үш күннiң iшiнде шартқа қол қояды немесе орын алған келiспеушiлiктер туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тартқаны туралы тапсырыс берушiге жазбаша хабарлама бередi.
74. Тендердiң жеңiмпазы болған әлеуеттi жеткiзiп берушi 73-тармақта белгiленген мерзiмде шартқа қол қоймаған жағдайда, тапсырыс берушi өлшемi жағынан жеңiмпаздан кейiнгi, ұсынысы Ереженiң 51-тармағында бекiтiлгендей тапсырыс берушi үшiн басым тиiмдiлiгi бар, тендердiң басқа қатысушысымен шартқа отыруға құқылы және ол туралы тендердiң қорытындысы жөнiндегi хаттамада расталады.
75. Жеткізушінің таңдауына негіз болған, ұсыныстың мазмұнын өзгертуі мүмкін (бағасын төмендетуден басқа) сатып алу туралы қол қойылған шартқа, өзгертулер және/немесе сатып алу туралы шарттың жобасына жаңа талаптар енгізуге тыйым салынады.
Жеткізушінің таңдауына негіз болған сапаның, көлемнің және басқа да талаптардың сапасының өзгермеу талабымен бағаны төмендетуге қатысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.
Тапсырысшы шарт бағасын төмендету мақсатында тендердің жеңімпазы болып танылған әлеуетті жеткізушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойғанға дейін келіссөздер жүргізуге құқылы. Осыған байланысты әлеуетті жеткізуші бұндай төмендетуге келіспеуге құқылы, бірақ бұл тапсырысшыға тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу бойынша тендердің жеңімпазы болып табылған әлеуетті жеткізушімен жасалған шартқа қол қоюдан бас тартуға құқық бермейді.
Егер тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу туралы шарттың орындалу процесінде сатып алынатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ұқсастардың бағалары төмендеу жағына өзгерсе, онда тапсырысшы мен жеткізушінің өзара келісімі бойынша осы тармақтың ережелерін ескере отырып, сатып алу туралы шартқа тиісті өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Ескерту: 75-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
76. Табиғи уәкiлеттi орган, табиғи монополия субъектiсi Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарын бұза отырып тендер жеңiмпазымен шарт жасасқанға дейiн, оның нәтижесiн қабылдамауға және табиғи монополия субъектiсiн қайта тендер өткiзуге мiндеттеуге құқылы.
77. Сатып алу туралы шартқа Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң нормалары қолданылады.
78. Уәкiлеттi орган, табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (баға, алым ставкасы) бекiту туралы өтiнiмiн oсы Ережеде бекiтiлген тендер өткiзу талаптары бұзылған жағдайда кері қайтаруға құқылы.
78-1. Осы Ережемен белгіленген рәсімдерді бұзып өткізілген тендерлердің нәтижелері бойынша сатып алынған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға арналған шығындарды уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің тарифіне енгізбейді.
Ескерту: 78-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ
бұйрығымен
.
79. Осы Ереженiң бұзылғандығына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң
шығындары олар көрсететiн қызметтерге
тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын)
қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн
материалдық, қаржылық ресурстарды
және қызметтердi сатып алу ережесіне
1-қосымша
Алда тұрған тендер туралы хабарландыру нысаны
Мынадай материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді (материалдық, қаржылық ресурстардың және қызметтердiң және олардың санын (көлемiн) құнын көрсетпей-ақ қысқаша сипаттау);
(сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстардың және қызметтердiң толық тiзбесi, олардың саны мен тендерлiк құжаттамада көрсетiлген жан-жақты ерекшелiгiне тапсырыс беруші сілтеме жасауға құқылы) сатып алу жөнiнде ___________________________ тендердi
(тапсырыс берушiнiң атауы)
өткiзу туралы хабарлайды.
Материалдық және қаржылық ресурстар жеткiзiлуi (жұмыстар немесе қызметтер орындалуы/көрсетiлуi) керек.
(материалдық, қаржылық ресурстардың және қызметтердiң немесе жұмыстардың орындалған/көрсетiлген жеткiзiлетiн орнын көрсету).
Жеткiзудiң (орындалудың, көрсетiлудiң) _______________ талап етiлген мерзiмi.
Тендерге бiлiктiлiк талаптарына сай болатын ереженiң 13-тармағында көрсетiлген барлық жеткiзiп берушiлер жiберiледi.
Тендерлiк құжаттама пакетiн "___"_______ _____ жыл мерзіміне дейiн (тендерлiк өтiнiмдер бар конверттi ашқанға дейiн 24 сағат iшiндегi күні мен уақытын көрсету) қоса берiлген мекен-жай бойынша _________________, бөлменiң N ____ ____ _____ сағат iшiнде немесе тендерлiк құжаттаманың төлемi туралы әлеуеттi жеткiзiп берушi құжатты ұсынғаннан кейiн электрондық пошта арқылы _______ мекен-жай бойынша алуға болады.
Тендерлiк құжаттама пакетiнiң құны _____ теңге құрайды және _______ eceбіне кіргiзіледі (тапсырыс берушiнiң тиiстi шотын көрсету) (осы абзац шығарылады, егер төлем алдын-ала ескерiлмесе).
Тендерге қатысуға арналған тендерлiк өтiнiмдер, конверттерде мөрленген, әлеуетті жеткiзiп берушілермен (тапсырыс берушiнiң атауын көрсету) мекен-жай бойынша (толық мекен-жайын, бөлменiң N көрсету) ұсынылады (жолданады).
Тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi (уақытын және күнiн көрсету) дейін.
Тендерлiк өтiнiмдер бар конверттер (уақытты және күнiн көрсету) мынадаЙ мекен-жай бойынша (толық мекен-жайын, бөлменiң N көрсету) ашылады. Тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашқан кезде әлеуеттi жеткiзiп берушi қатыса алады.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы (қаланың коды мен телефон нөмiрiн көрсету) телефон арқылы алуға болады.
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң
шығындары олар көрсететiн қызметтерге
тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын)
қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн
материалдық, қаржылық ресурстарды
және қызметтердi сатып алу ережесіне
2-қосымша
Жабық тендердi өткiзу туралы хабарлау нысаны
Кiмге __________________________________________ мынадай
(әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң атауы)
материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтердi сатып алу жөнiнде (материалдық, қаржылық ресурстардың және қызметтердiң және олардың санын (көлемiн) қысқаша сипаттау);
(сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстардың және қызметтердiң толық тiзбесi, олардың саны мен тендерлiк құжаттамада көрсетiлген жан-жақты ерекшелiгiне тапсырыс берушi сiлтеме жасауға құқылы) _________________________________ жабық тендердi өткiзу
(тапсырыс берушiнiң атауы)
туралы Сiзге хабарлайды және Сiздi оған қатысуға шақырады.
Материалдық және қаржылық ресурстар жеткiзiлуi керек.
(жұмыстар немесе қызметтер орындалуы/көрсетiлуi) (материалдық, қаржылық ресурстардың жұмыстардың немесе қызметтердiң орындалған/көрсетiлген жеткiзiлетiн орнын көрсету).
Жеткiзудiң (орындалудың/көрсетiлудiң) _______________ талап
етiлген мерзiмi.
Тендерге бiлiктiлiк талаптарға сай болатын ереженiң 13-тармағында көрсетiлген барлық жеткiзiп берушiлер жiберiледi.
Тендерлiк құжаттама пакетiн "__"__________ _____ жыл мерзіміне дейiн (тендерлiк өтiнiмдер бар конверттi ашқанға дейiн 24 сағат iшiндегi күні мен уақыты) қоса берiлген мекен-жай бойынша _________ бөлменiң N ____ _____ ______ сағат iшiнде немесе тендерлiк құжаттаманың төлемi туралы әлеуеттi жеткiзiп берушi құжатын ұсынғаннан кейiн электрондық пошта арқылы _________ мекен-жай бойынша алуға болады.
Тендерлік құжаттама пакетінің құны ______ теңге құрайды (осы абзац алынып тасталады, егер төлем алдын-ала ескерiлмесе).
Тендерге қатысуға арналған тендерлiк өтiнiмдер конверттерде мөрленген, әлеуетті жеткiзiп берушілермен (тапсырыс берушiнiң атауын көрсету) мекен-жай бойынша (толық мекен-жайды, бөлменiң N көрсету) ұсынылады (жолданады).
Тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi (уақытты және күндi көрсету) дейiн.
Тендерлiк өтiнiмдер бар конверттер мынадай мекен-жай бойынша (толық мекен-жайын, бөлменiң N көрсету) ашылады (уақыты және күнін көрсету). Тендерлік өтінімдер бар конвертті ашқан кезінде әлеуетті жеткізіп берушілер қатыса алады.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы (телефон нөмірін көрсету) телефон арқылы алуға болады.
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң
шығындары олар көрсететiн қызметтерге
тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын)
қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн
материалдық, қаржылық ресурстарды
және қызметтердi сатып алу ережесіне
3-қосымша
(Кiмге) _______________________________________
(тапсырыс берушiнiң атауы)
(Кiмнен) ______________________________________
(әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң атауы)
Тендерге қатысуға арналған өтiнiм
(заңды тұлғалар үшiн)
__________________________________________________________
(тендердiң атауы)
тендердi өткiзу жөнiндегi тендерлiк құжаттамаларды қарап,
алынуы осымен куәландырылатын, тендерлiк құжаттамаға сәйкес ____________________________________________________ жалпы
(цифрамен және жазбаша)
сомаға тауарлардың (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету)
мынадай лоттар бойынша
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
(лоттар бойынша материалдық және қаржылық ресурстарды және
қызметтердi жан-жақты сипаттау)
____________________________________________________________
(әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң атауы)
жеткізілуін жүзеге асыруды ұсынады.
Осы тендерлiк өтiнiм мыналардан тұрады:
1. ___________________________________
2. ___________________________________
3. ___________________________________
4. ___________________________________
5. ___________________________________
6. ___________________________________
7. ___________________________________
8. ___________________________________
9. ___________________________________