Ескерту: Атауына, кіріспеге өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298 қаулысымен .
Бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында, сондай-ақ "
Бағалы қағаздар рыногы туралы
", "
Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы
", "
Инвестициялық қорлар туралы
" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 97
қаулысымен
.
1. Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298
қаулысымен
.
2. Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесi күшiне енген күннен бастап үш ай iшiнде өз қызметтерiн оның талаптарына сәйкес келтiрсiн.
3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
"Инвестициялық портфельді басқару
жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру
ережесiн бекіту туралы"
2003 жылғы 21 сәуiрдегi
N 137 қаулысымен
бекiтiлген
Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi
қызметтi жүзеге асыру
ЕРЕЖЕСI
Ескерту: Атауына, кіріспеге өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298
қаулысымен
.
Ескерту: Барлық мәтін бойынша "бағалы қағаздар портфелін", "бағалы қағаздар портфелiнiң" деген сөздер тиісінше "инвестициялық портфельді", "инвестициялық портфельдің" деген сөздермен ауыстырылды -
ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298
қаулысымен
.
Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексiне
, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
, "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
, Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасында инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру шарттарын және тәртiбiн белгiлейдi.
Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 97
қаулысымен
.
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) клиенттiң активтерi - инвестициялық портфельді басқарушының басқаруындағы қаржы рыногы активтерінің және өзге де мүліктің жиынтығы;
2) инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шарт - инвестициялық портфельді басқарушы мен оның клиентi арасындағы қатынастарды белгiлейтiн және клиенттің активтерiн басқару шарттары мен тәртiбiн айқындайтын шарт;
3) инвестициялық декларация - клиенттiң активтерiн инвестициялау мақсатын, стратегиясын және шарттарын айқындайтын құжат;
4) инвестициялық шешiм - инвестициялық портфельді басқарушының клиенттiң инвестициялық портфельді қалыптастыру (өзгерту) мақсатында осы клиенттің активтерiмен мәмілелер жасау туралы шешiмi;
5) клиент - басқарушы компанияның қызметін пайдаланатын немесе пайдалануға ниет білдірген тұлға;
6) инвестициялық портфельді басқарушының есепке алу жүйесi - инвестициялық портфельді басқарушының клиенттердiң инвестициялық шотындағы клиентті және оның активтерiн, инвестициялық портфельдің құрылымын және белгiлi бiр уақытқа клиенттiң активтерiмен жасалған мәмiлелердi бiрегейлендiрудi қамтамасыз ететiн мәлiметтердiң жиынтығы;
7) инвестициялық портфель - бағалы қағаздар рыногы субъектісінің меншігіндегі немесе басқаруындағы әр түрлі қаржы құралдары түрлерінің не Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес мүліктің жиынтығы;
8) ішкі құжаттар - инвестициялық портфельдi басқарушының оның органдарының, құрылымдық бөлiмшелерiнiң, қызметкерлерiнiң қызмет ету шарттары мен тәртiбiн, қызмет көрсетуді және оларға ақы төлеу тәртібін реттейтін құжаттар;
9) уәкілетті орган - қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган;
10) басқарушы агент - инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның негізінде, бөлінген активтер бойынша арнайы қаржы компаниясының уақытша бос түсімдерді инвестициялау жөніндегі қызметін көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;
11) арнайы қаржы компаниясы - секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілесін жүзеге асыру, сондай-ақ бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау үшін "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын заңды тұлға.
Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді -
ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298
қаулысымен
,
2006 жылғы 15 сәуірдегі N 97
қаулысымен
.
2. Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызмет (бұдан әрi - портфельдi) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен лицензияланады.
3. Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi бағалы қағаздар рыногындағы басқа қызмет түрлерiмен қоса атқару мүмкiндiгi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Ескерту: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді -
ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298
қаулысымен
.
4. Портфельдi басқару жөнiндегi қызмет Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына, осы Ережеге және басқарушының клиентпен жасаған инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
5. Клиентінің шотында клиенттің бағалы қағаздарын есепке алуды бағалы қағаздарды номиналды ұстау жөніндегі қызметті көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы (бұдан әрі - номиналды ұстаушы) жүзеге асырады.
Клиентінің шотында клиенттің бағалы қағаздарынан басқа активтерді есепке алуды және сақтауды кастодиан жүзеге асырады.
Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді -
ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298
қаулысымен
,
2006 жылғы 15 сәуірдегі N 97
қаулысымен
.
5-1. Инвестициялық портфельді басқарушы (бұдан әрі - басқарушы) оның клиенттеріне тиесілі ақшаны есепке алу және сақтау үшін бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және/немесе бағалы қағаздары "А" санаты бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген онымен аффилиирленбеген банктерде немесе резидент емес - бас банкі "А" санатынан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді рейтингісіне ие резидент - еншілес банктерде банк шоттарын ашады.
Ескерту: 5-1-тармақпен толықтырылды -
ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298
қаулысымен
.
5-2. Қазақстан Республикасының резиденті емес клиенттерінің шетелдік қаржы құралдарының және ақшасының есепке алуы мен сақталуы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабы 1-тармағымен анықталған функцияларды жүзеге асыратын, ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді жеке рейтингі "А-" санатынан ("Standard & Poor's" и "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "АЗ" санатынан ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес шетелдік есепке алу ұйымдарымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту: 5-2-тармақпен толықтырылды -
ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы
N 69
(мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен
.
6. Егер шартта өзгеше көзделмесе, басқарушы портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi басқа басқарушыға қайта сенiм бiлдiруге құқылы емес.
7. Инвестициялық портфельді басқару шарты (бұдан әрi - шарт) жазбаша нысанда жасалады.
Шартқа тиiсiнше Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген мүлiктi сенiмдi басқару туралы нормалар қолданылады.
7-1. Басқарушы акционерлік инвестициялық қормен немесе инвестициялық пай қорының инвесторымен жасалатын инвестициялық қордың активтерін сенімгерлік басқару шартын жасау тәртібі, оның нысаны мен мазмұны Азаматтық
кодекспен
және "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының
Заңымен
белгіленеді.
Ескерту: 7-1-тармақпен толықтырылды -
ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298
қаулысымен
.
8. Шартта:
1) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
2) шарттың қолданылу мерзiмi;
3) пайда алушы немесе шарт бұзылған жағдайда клиенттiң активтерiн алатын тұлға туралы нұсқау;
4) клиент активтерiнiң ағымдағы құнын және инвестициялық портфельдің құрылымын айқындау тәртiбi және кезеңдiлiгi;
5) клиенттiң активтерiн енгiзу, толықтыру және алу тәртiбi;
6) басқарушының сыйақы алу мөлшерi және тәртiбi;
7) клиенттiң активтерi есебiнен басқарушы жүзеге асыруы мүмкiн операциялардың түрi;
8) клиенттiң активтерi инвестицияланатын бағалы қағаздардың түрлерi, тiзбесi және лимиттерi;
9) басқарушының клиентке есептер және осындай есептердiң нысандарын беру тәртiбi мен мерзiмдерi;
10) инвестициялық декларация (ол бар болса);
11) клиенттiң активтерiн есепке алу және сақтауды жүзеге асыратын кастодиан туралы мәлiметтер немесе бағалы қағаздарды немесе өзге активтерді есепке алуды жүзеге асыратын номиналды ұстаушы туралы мәліметтер;
12) шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, шартты бұзу, оның iшiнде инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензия тоқтатыла тұрған немесе қайтарылып алынған жағдайда және осы рәсiмдерге байланысты, тәртiбi мен талаптары;
13) тараптардың жауапкершiлiктерi болуы тиiс.
Ескерту: 8-тармаққа толықтыру енгізілді -
ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298
қаулысымен
.
9. Қазақстан Республикасының резиденті емес клиенттің қаржы құралдарының және ақшасының есепке алуы және сақталуы шетелдік есепке алу ұйымымен жүзеге асырылған жағдайда басқарушы ол туралы уәкілетті органға хабарлайды.
Қаржы құралдарын және ақшаны есепке алу және сақтау шартында мыналар белгіленеді:
1) басқарушының айына бір реттен кем емес өзінің есепке алу жүйесі деректерінің шетелдік есепке алу ұйымының деректеріне сәйкестігін салыстырып тексеру, шетелдік есепке алу ұйымының резидент емес клиенттердің жеке шоттарынан үзінді көшірмелерін және оның шоты бойынша қаржы құралдарының қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімі;
2) басқарушының, уәкілетті органның сұратуы бойынша кез келген уақытта резидент емес клиенті жөнінде, қаржы құралдары және оның шотындағы ақша туралы, сондай-ақ олардың қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну шетелдік есепке алуы ұйымының міндеті.
Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды -
ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы
N 69
(мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен
.
11. Инвестициялық декларацияда:
1) клиенттің инвестициялық портфельді және осы портфельдiң құрылымын қалыптастыру мақсаты және стратегиясы туралы ақпарат;
2) клиенттің активтерi инвестицияланатын бағалы қағаздардың тiзбесi;
3) клиенттің бағалы қағаздарын түрлендiру нормалары болуы тиіс.
12. Шарттың қолданылу барысында басқарушы клиентке ақпараттық, талдау және кеңес беру қызметiн көрсетуге құқылы. Басқарушы осы қызметтердi көрсету кезiнде клиентке бағалы қағаздармен шартқа сәйкес жасалатын мәмiлелер бойынша кiрiс алуға немесе зиянның жоқ болуына кепiлдiк беруге құқылы емес.
13. Басқарушы клиенттің бiрiншi талап етуi бойынша оған танысу үшiн:
1) инвестициялық портфельді басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясының нотариат куәландырған көшiрмесiн;
2) осы Ереженiң және уәкiлеттi органның портфельдi басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыру шарттары мен тәртiбiн белгiлейтiн өзге нормативтiк құқықтық актiлерiнiң көшiрмелерiн;
3) басқарушы мүшесi болып табылатын өзiн-өзi реттейтiн ұйым ережесiнiң көшiрмесiн;
4) оның уәкiлеттi органымен келiсiлгенi туралы белгi қойылған (келiсу күнi және басқарушы ішкі құжаттардың келісілуін растайтын құжаттың нөмiрiн көрсете отырып) басқарушының бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қойған және мөрiнiң таңбасымен расталған ішкі құжаттардың көшiрмесiн;
5) соңғы есепті кезең үшiн қаржылық есептi;
6) басқарушының пруденциалдық нормативтердi сақтауы туралы мәлiметтер;
7) соңғы он екi күн ішінде уәкiлеттi орган жүргізген басқарушы қызметiн тексеру актiлерiнiң көшiрмелерiн;
8) шарт жасау немесе оның қолданылу барысында клиент үшін мәнi бар өзге де құжаттарды (бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiк немесе коммерциялық құпия бар құжаттарды қоспағанда) ұсынады.
Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді -
ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298
қаулысымен
.
14. Осы Ереженiң 13-тармағында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн клиентке бергенi үшiн басқарушы оларды дайындауға кеткен шығыстардың өлшемiнен аспайтын мөлшерде ақы алады.
15. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, басқарушы шартты жасау және қолданылу барысында өзiнiң клиентi туралы мәлiметтердiң құпиялылығын, сондай-ақ клиенттен алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды.
16. Шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде басқарушы клиентке:
1) өзiнiң қаржылық жағдайының нашарлау және пруденциалдық нормативтердiң бұзылу фактілерi және себептерi туралы;
2) басқарушыға және оның қызметкерлерiне уәкiлеттi орган және өзге де мемлекеттiк органдар қолданған санкциялар туралы;
3) клиенттiң активтерi туралы басқарушының есеп жүйесiндегі мәлiметтердiң не бағалы қағаздар туралы мәліметтердің номиналды ұстаушы ұсынған мәліметтерге не басқарушы мен кастодиан арасында салыстырып тексеру барысында кастодиан берген мәлiметтерге сәйкес келмеуi және осы сәйкессiздiктiң пайда болу себептерi туралы хабарлайды.
Ескерту: 16-тармаққа толықтыру енгізілді -
ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298
қаулысымен
.
17. Осы Ереженiң 16-тармағында көзделген хабарламалар жазбаша түрде ресiмделедi және көрсетiлген жағдайлардың бірі пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде почта байланысымен, электрондық почтамен немесе шартта не инвестициялық пай қорының ережесінде айқындалған байланыстың өзге де ықтимал түрлерiмен клиентке жiберiледi.
Ескерту: 17-тармаққа толықтыру енгізілді -
ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298
қаулысымен
.
18. Портфелдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру барысында клиенттiң активтерiне қатысты инвестициялық шешiмдердi басқарушының инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi жұмыстарды орындауға қолданылып жүрген бiлiктiк куәлiктерi бар және басқарушының ішкі құжаттарына сәйкес осындай шешiмдердi қабылдауға уәкiлеттi қызметкерлерi құқылы.
Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді -
ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298
қаулысымен
.
19. Инвестициялық шешiмдi қабылдау басқарушының функциясына мынадай шарттарды ескере отырып инвестициялық шешiм қабылдау үшiн қажеттi ақпаратты жинау, өңдеу және талдау кiретiн құрылымдық бөлiмшесi берген ұсыныс негiзiнде жүзеге асырылады:
1) клиенттiң инвестициялық портфельдің жай-күйi;
2) инвестициялау жобаланып отырған бағалы қағаздардың және өзге де активтердің кiрiстiлiгі;
3) инвестициялау жобаланып отырған бағалы қағаздарға және өзге де активтерге байланысты тәуекелдер;
4) шартта және инвестициялық декларацияда белгiленген түрлендiру нормаларын сақтау;
5) инвестициялық шешiм қабылдауға әсер ететiн өзге де факторлар.
Ескерту: 19-тармаққа толықтырулар енгізілді -
ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298
қаулысымен
.
20. Ұсыныста:
1) берiлген күнi және оның нөмiрi;
2) ұсыныс беру үшiн пайдаланылған ақпаратқа талдау;
3) ұсынысты жасаған тұлғалардың қолдары болуы тиiс.
21. Инвестициялық шешiмде:
1) қабылданған күн және оның нөмiрi;
2) негiзiнде инвестициялық шешiм қабылданған ұсыныстың берiлген күнi және нөмiрi;
3) бағалы қағаздардың және өзге де активтердің көлемi және сатып алу (сату) бағаларын көрсете отырып инвестициялық шешiмнiң негiзiнде жасалатын мәмiленiң түрi және шарттары;
4) оған (оларға) қатысты мәмiле жасалатын бағалы қағаз (бағалы қағаздар) және өзге де активтер туралы мәлiметтер;
5) мәмiленi жасау мерзiмi;
6) мәміле жасау жобаланып отырған рыноктың түрi (бастапқы немесе қайталама, ұйымдасқан немесе ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы);
7) брокерлiк-дилерлiк ұйымның, көмегі арқылы мәміле жасау жобаланып отырған өзге де ықтимал делдалдың атауы;
8) активтерiнiң есебiнен мәмiле жасау жобаланып отырған клиенттiң деректемелерi;
9) инвестициялық шешiм қабылдаған тұлғалардың қолдары;
10) инвестициялық шешiмнiң орындалуы туралы белгi болуы тиiс.
Ескерту: 21-тармаққа толықтырулар енгізілді -
ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298
қаулысымен
.
22. Басқарушы клиенттің инвестициялық портфельдің инвестициялық сапасының тұрақты мониторингiн жүзеге асырады және оны басқару стратегиясын, рұқсат етiлген тәуекелдiң деңгейiн, осы инвестициялық портфельдің кiрiспе нормасын және түрлендiрудi айқындайды.
23. Егер қандай да болмасын жағдайлардың нәтижесiнде клиенттің инвестициялық портфельді шартта және (немесе) инвестициялық декларацияда белгiленген талаптарға сәйкес келуiн тоқтатқан жағдайда, басқарушы осындай сәйкес келмеудi ушықтыратын қызметтi шұғыл тоқтатады және бiр күн iшiнде осы сәйкес келмеудi жою жөнiндегi iс-шаралар жоспарын қоса бере отырып оның фактiсi және себептерi туралы уәкiлеттi органға және клиентке хабарлайды.
Басқарушы клиенттің инвестициялық портфельді сәйкес келмеу басталған күннен бастап он төрт күн iшiнде көрсетiлген құжаттардың талаптарына сәйкес келтiредi.
24. Басқарушы инвестициялық шешiмдi бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға қолданылып жүрген лицензиясы болған кезде дербес орындайды.
25. Басқарушы мынадай:
1) клиенттiң активтерi есебiнен оның меншігіндегi бағалы қағаздарды және өзге де активтерді сатып aлу;
2) өзiнiң меншiгіне клиенттiң активтерiн иелiгiнен алу;
3) оның клиентi болып табылатын тұлғаның мүддесiн көрсету жағдайларын қоспағанда, клиенттің активтерi есебiнен мәміле жасау кезiнде оның (олардың) тарабы болып табылатын тұлғаның (тұлғалардың) мүдделерiнiң өкiлi ретiнде;
4) клиенттің активтерi есебiнен басқарушы шығарған бағалы қағаздарды сатып алу;
5) клиенттің активтерi есебiнен қайта ұйымдастыру немесе тарату барысында тұрған эмитенттердiң бағалы қағаздарды сатып алуы;
6) клиенттің активтерiне қатысты мәмілелер жасау кезiнде төлемдi отыз күнтізбелiк күннен асатын мерзiмге кейiнге қалдыру немесе бөлiп жасау көзделетiн;
7) клиенттiң активтерiн өзiнiң мiндеттемелерiн немесе өзге тұлғалардың мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз етуге салу;
8) клиенттiң активтерiн үшiншi тұлғаны пайда алушы ретiнде айқындай отырып сақтауға беру жөнiндегі;
9) клиенттiң активтерiн үшiншi тұлғаның пайдасына салымға беру жөнiндегi мәмiлелердi жүзеге асыруы тиiс емес.
Ескерту: 25-тармаққа толықтыру енгізілді -
ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298
қаулысымен
.
25-1. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сату жөніндегі бұйрықтарға инвестициялық қордың активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодиан бөлімшесінің басшысы қол қояды.
Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сату барысында, егер бұл инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімінде мәмілелерді тіркеген кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз тасымалдауышысында пайларды есептен шығару (есепке алу) бойынша мәмілелер жасауға кастодиан келісімін растайтын құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде бере отырып, кастодиандық қызмет көрсету және бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілім жүйесін енгізу жөніндегі шарт талаптарында көзделген жағдайда, факсимильді байланыс құралдарын пайдалануға жол беріледі.
Ескерту: 25-1-тармақ жаңа редакцияда -
ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 149 (қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз)
қаулысымен
.
25-2. Инвестициялық қордың активтерін хеджерлеу мақсатында туынды бағалы қағаздармен мәмілелер Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің ұйымдасқан бағалы қағаздар рыноктарында жасалады.
Ескерту: 25-2-тармақпен толықтырылды -
ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298
қаулысымен
.
26. Клиенттің активтерi басқарушының баланстан тыс шоттарына есепке алу арқылы басқарушының меншiктi активтерiнен оқшауланады және оларға басқарушының мiндеттемелерi бойынша өндiрiп алу болмауы тиiс.
27. Клиенттің активтерін есепке алу клиентке ашылған шотта басқарушының есепке алу жүйесінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңдарына, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне және бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту: 27-тармақ жаңа редакцияда жазылды -
ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298
қаулысымен
.
28. <*>
Ескерту: 28-тармақ алынып тасталды -
ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298
қаулысымен
.
29. Есепке алу жүйесiн жүргiзу, клиентке шот ашу және есепке алу жүйесiн көкейкестi жағдайда ұстап тұру талаптары мен тәртiбi басқарушының ішкі құжаттарында белгiленедi.
Ескерту: 29-тармаққа өзгертулер енгізілді -
ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298
қаулысымен
.
30. Басқарушы айына кемiнде бiр рет өзiнiң есепке алу жүйесiнiң деректерiн олардың клиенттердiң активтерiн есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын осы кастодиандағы деректерге және/немесе клиенттің бағалы қағаздарын есепке алуды жүзеге асыратын номиналды ұстаушының деректеріне сәйкес келуiн салыстырып тексередi.
Ескерту: 30-тармаққа толықтырулар енгізілді -
ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298
қаулысымен
.
31. Басқарушы қызметiне қатысты барлық құжаттарды шынайы және көкейкестi есепке алуды:
1) инвестициялық шешiмдер қабылдау жөнiндегі ұсыныстар;
2) инвестициялық шешiмдер, олардың орындалуы (орындалмауы);
3) клиенттердiң активтерiмен жасалған мәмiлелер, олардың орындалуы (орындалмауы);
4) инвестициялық шешiмдердi орындау мақсатында брокерге берiлген құжаттар;
5) бағалы қағаздар бойынша кiрiстердiң түсуi және бөлiнуi;
6) клиенттерге берiлген есептер;
7) есепке алу жүйелерiн олардың кастодиандардың және/немесе номиналды ұстаушылардың деректерiне сәйкес келуiн салыстырып тексеру;
8) клиенттердiң басқарушыға талап қою және оларды жою жөнiндегi iс-шаралар бар өтiнiштерi туралы (жөнiндегi) мәлiметтер бар журналдарды жүргiзу арқылы жүргiзедi.
Ескерту: 31-тармаққа толықтырулар енгізілді -
ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298
қаулысымен
.
32. Ұсыныстар негiзiнде олар берiлген құжаттармен (материалдармен), инвестициялық шешiмдермен және портфельдi басқару жөнiндегi қызметке қатысты өзге де құжаттармен бiрге хронологиялық тәртiппен жеке тiркегiш файлда сақталады.
4-1-тарау. Арнайы қаржы компаниясының
жаңа басқарушы агентке берілетін активтерін
салыстырып тексеру рәсімін жүргізу тәртібі
Ескерту: 4-1-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 97 қаулысымен .
32-1. Арнайы қаржы компаниясының жаңа басқарушы агентке берілетін активтерін салыстырып тексеруді кастодиан-банктің, басқарушы агенттің және арнайы қаржы компаниясының уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.
32-2. Жаңа басқарушы агентке берілетін активтерді салыстырып тексеру үшін:
1) берілетін активтердің тізбесі;
2) салыстырып тексеру актісі;
3) берілетін құжаттардың тізбесі жасалады.
Берілетін активтерге салыстырып тексеру сәтіне басқарудағы активтер кіреді.
32-3. Инвестициялық басқарудың барлық кезеңінде жаңа басқарушы агентке берілетін активтерді салыстырып тексеру кезінде:
1) басқарушы агенттің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) ұйымдарға арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасасуға берген тапсырмаларының көшірмелері;
2) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) ұйымдардың басқарушы агенттің арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасасуға тапсырмаларын орындауы туралы есептерінің көшірмелері;
3) басқарушы агент арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен бағалы қағаздармен өз бетімен мәмілелер жасасқан кезде - мұндай мәмілелердің жасалуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) инвестициялық шоттан кастодиан-банк берген үзінді жазбалардың көшірмелері;
5) арнайы қаржы компаниясының "депо" қосалқы шотынан "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ берген үзінді жазбалардың көшірмелері;
6) арнайы қаржы компаниясының берілетін активтерін салыстырып тексеру күніне арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен екінші деңгейдегі банктермен жасалған қолданыстағы банктік салым шарттарының түпнұсқалары;
7) мерзімі арнайы қаржы компаниясының берілетін активтерін салыстырып тексеру күніне өтіп кеткен арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен екінші деңгейдегi банктермен жасалған банктiк
салым шарттарының көшiрмелерi;
8) басқарушы агенттiң арнайы қаржы компаниясының активтерiн инвестициялық басқаруға қатысты өзге құжаттар берiледi.
32-4. Салыстырып тексеру қорытындылары бойынша салыстырып тексеру актiсi жасалады әрi онда:
1) бағалы қағаздардың ұлттық бiрегейлендiру нөмiрлерiн көрсете отырып олардың саны (данамен) туралы;
2) депонент-банктердiң атауын, салым сомаларын, банктiк салым шартының жасалу күнi мен оның нөмiрiн, салым мерзiмiн, сыйақы ставкаларын көрсете отырып екiншi деңгейдегi банктердегi салымдар туралы;
3) инвестициялық шоттардағы теңгемен және шетел валютасында ақша қозғалысы туралы;
4) қаржы құралдарының сатып алу құны туралы;
5) инвестициялардың ағымдағы құны туралы;
6) әрбiр қаржы құралы бойынша есептелген және алынған инвестициялық кiрiстiң сомасы туралы;
7) комиссиялық сыйақы сомасы туралы;
8) инвестициялық шоттардағы ақша қалдығы туралы;
9) инвестициялық қызметке қатысты берiлетiн құжаттардың түпнұсқалары туралы ақпарат;
10) инвестициялық қызметке қатысты өзге де мәлiметтер болады.
32-5. Салыстырып тексеру актiсi:
1) бiр данадан арнайы қаржы компаниясы, жаңа басқарушы агент, басқарушы агент, кастодиан-банк, уәкiлеттi орган үшiн бес дана етiп
инвестициялық портфельдi басқару шартын бұзу күнiне жасалады;
2) арнайы қаржы компаниясының, басқарушы агенттiң және жаңа басқарушы агенттiң бiрiншi басшылары мен бас бухгалтерлерi қол қояды;
3) арнайы қаржы компаниясының, басқарушы агенттiң және жаңа басқарушы агенттiң мөрiмен бекiтiледi;
4) кастодиан-банктiң оның бiрiншi басшысының немесе арнайы қаржы компаниясының активтерiне кастодиандық қызмет көрсететiн бөлiмшеге жетекшiлiк ететiн басшы қызметкерiнiң қолымен және кастодиан-банктiң мөрiмен бекiтiлген салыстырып тексеру актiсi деректерiнiң дұрыстығы туралы белгiсi болуы тиiс.