Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 2 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2335

Жаңартылған

       Ескерту: Атауына, кіріспеге өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298   қаулысымен .

      Бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында, сондай-ақ " Бағалы қағаздар рыногы туралы ", " Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы ", " Инвестициялық қорлар туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298   қаулысымен .      
      2. Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесi күшiне енген күннен бастап үш ай iшiнде өз қызметтерiн оның талаптарына сәйкес келтiрсiн.
      3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

       Ұлттық Банк
       Төрағасы

Қазақстан Республикасының      
Ұлттық Банкi Басқармасының     
"Инвестициялық портфельді басқару 
жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру  
ережесiн бекіту туралы"       
2003 жылғы 21 сәуiрдегi      
N 137 қаулысымен          
бекiтiлген              

   Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi
қызметтi жүзеге асыру
ЕРЕЖЕСI

       Ескерту: Атауына, кіріспеге өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298   қаулысымен .
       Ескерту: Барлық мәтін бойынша "бағалы қағаздар портфелін", "бағалы қағаздар портфелiнiң" деген сөздер тиісінше "инвестициялық портфельді", "инвестициялық портфельдің" деген сөздермен ауыстырылды -   ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298   қаулысымен .

      Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексiне , "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасында инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру шарттарын және тәртiбiн белгiлейдi.

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) клиенттiң активтерi - инвестициялық портфельді басқарушының басқаруындағы қаржы рыногы активтерінің және өзге де мүліктің жиынтығы;
      2) инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шарт - инвестициялық портфельді басқарушы мен оның клиентi арасындағы қатынастарды белгiлейтiн және клиенттің активтерiн басқару шарттары мен тәртiбiн айқындайтын шарт;
      3) инвестициялық декларация - клиенттiң активтерiн инвестициялау мақсатын, стратегиясын және шарттарын айқындайтын құжат;
      4) инвестициялық шешiм - инвестициялық портфельді басқарушының клиенттiң инвестициялық портфельді қалыптастыру (өзгерту) мақсатында осы клиенттің активтерiмен мәмілелер жасау туралы шешiмi;
      5) клиент - басқарушы компанияның қызметін пайдаланатын немесе пайдалануға ниет білдірген тұлға;
      6) инвестициялық портфельді басқарушының есепке алу жүйесi - инвестициялық портфельді басқарушының клиенттердiң инвестициялық шотындағы клиентті және оның активтерiн, инвестициялық портфельдің құрылымын және белгiлi бiр уақытқа клиенттiң активтерiмен жасалған мәмiлелердi бiрегейлендiрудi қамтамасыз ететiн мәлiметтердiң жиынтығы;
      7) инвестициялық портфель - бағалы қағаздар рыногы субъектісінің меншігіндегі немесе басқаруындағы әр түрлі қаржы құралдары түрлерінің не Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес мүліктің жиынтығы;
      8) ішкі құжаттар - инвестициялық портфельдi басқарушының оның органдарының, құрылымдық бөлiмшелерiнiң, қызметкерлерiнiң қызмет ету шарттары мен тәртiбiн, қызмет көрсетуді және оларға ақы төлеу тәртібін реттейтін құжаттар;
      9) уәкілетті орган - қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді -   ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298   қаулысымен .

      2. Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызмет (бұдан әрi - портфельдi) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен лицензияланады.

      3. Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi бағалы қағаздар рыногындағы басқа қызмет түрлерiмен қоса атқару мүмкiндiгi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді -   ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298   қаулысымен .

      4. Портфельдi басқару жөнiндегi қызмет Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына, осы Ережеге және басқарушының клиентпен жасаған инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Клиенттің бағалы қағаздарын есепке алуды бағалы қағаздарды номиналды ұстау жөніндегі қызметті көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы (бұдан әрі - номиналды ұстаушы) жүзеге асырады.
      Клиенттің бағалы қағаздарынан басқа активтерді есепке алуды және сақтауды кастодиан жүзеге асырады.
       Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды -   ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298   қаулысымен .

      5-1. Инвестициялық портфельді басқарушы (бұдан әрі - басқарушы) оның клиенттеріне тиесілі ақшаны есепке алу және сақтау үшін бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және/немесе бағалы қағаздары "А" санаты бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген онымен аффилиирленбеген банктерде немесе резидент емес - бас банкі "А" санатынан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді рейтингісіне ие резидент - еншілес банктерде банк шоттарын ашады.
       Ескерту: 5-1-тармақпен толықтырылды -   ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298   қаулысымен .

      6. Егер шартта өзгеше көзделмесе, басқарушы портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi басқа басқарушыға қайта сенiм бiлдiруге құқылы емес.

  2-тарау. Инвестициялық портфельді басқару
 жөнiндегi шарт

      7. Инвестициялық портфельді басқару шарты (бұдан әрi - шарт) жазбаша нысанда жасалады.
      Шартқа тиiсiнше Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген мүлiктi сенiмдi басқару туралы нормалар қолданылады.

      7-1. Басқарушы акционерлік инвестициялық қормен немесе инвестициялық пай қорының инвесторымен жасалатын инвестициялық қордың активтерін сенімгерлік басқару шартын жасау тәртібі, оның нысаны мен мазмұны Азаматтық  кодекспен  және "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңымен  белгіленеді.
       Ескерту: 7-1-тармақпен толықтырылды -   ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298   қаулысымен .

      8. Шартта:
      1) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
      2) шарттың қолданылу мерзiмi;
      3) пайда алушы немесе шарт бұзылған жағдайда клиенттiң активтерiн алатын тұлға туралы нұсқау;
      4) клиент активтерiнiң ағымдағы құнын және инвестициялық портфельдің құрылымын айқындау тәртiбi және кезеңдiлiгi;
      5) клиенттiң активтерiн енгiзу, толықтыру және алу тәртiбi;
      6) басқарушының сыйақы алу мөлшерi және тәртiбi;
      7) клиенттiң активтерi есебiнен басқарушы жүзеге асыруы мүмкiн операциялардың түрi;
      8) клиенттiң активтерi инвестицияланатын бағалы қағаздардың түрлерi, тiзбесi және лимиттерi;
      9) басқарушының клиентке есептер және осындай есептердiң нысандарын беру тәртiбi мен мерзiмдерi;
      10) инвестициялық декларация (ол бар болса);
      11) клиенттiң активтерiн есепке алу және сақтауды жүзеге асыратын кастодиан туралы мәлiметтер немесе бағалы қағаздарды немесе өзге активтерді есепке алуды жүзеге асыратын номиналды ұстаушы туралы мәліметтер;
      12) шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, шартты бұзу, оның iшiнде инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензия тоқтатыла тұрған немесе қайтарылып алынған жағдайда және осы рәсiмдерге байланысты, тәртiбi мен талаптары;
      13) тараптардың жауапкершiлiктерi болуы тиiс.
       Ескерту: 8-тармаққа толықтыру енгізілді -   ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298   қаулысымен .

      9. Шартты бұзу сәтіне басқарушының қолындағы клиенттің активтері "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңында  белгіленген жағдайларды қоспағанда, сенімгерлік басқару шарты бұзылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде клиентке қайтарылады не клиенттің өкімі негізінде басқа басқарушыға беріледі.
       Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды -   ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298   қаулысымен .

      10. Инвестициялық декларация (бap болған кезде) шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.

      11. Инвестициялық декларацияда:
      1) клиенттің инвестициялық портфельді және осы портфельдiң құрылымын қалыптастыру мақсаты және стратегиясы туралы ақпарат;
      2) клиенттің активтерi инвестицияланатын бағалы қағаздардың тiзбесi;
      3) клиенттің бағалы қағаздарын түрлендiру нормалары болуы тиіс.

      12. Шарттың қолданылу барысында басқарушы клиентке ақпараттық, талдау және кеңес беру қызметiн көрсетуге құқылы. Басқарушы осы қызметтердi көрсету кезiнде клиентке бағалы қағаздармен шартқа сәйкес жасалатын мәмiлелер бойынша кiрiс алуға немесе зиянның жоқ болуына кепiлдiк беруге құқылы емес.

  3-тарау. Портфельдi басқару жөнiндегi қызметке
 қойылатын талаптар

      13. Басқарушы клиенттің бiрiншi талап етуi бойынша оған танысу үшiн:
      1) инвестициялық портфельді басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясының нотариат куәландырған көшiрмесiн;
      2) осы Ереженiң және уәкiлеттi органның портфельдi басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыру шарттары мен тәртiбiн белгiлейтiн өзге нормативтiк құқықтық актiлерiнiң көшiрмелерiн;
      3) басқарушы мүшесi болып табылатын өзiн-өзi реттейтiн ұйым ережесiнiң көшiрмесiн;
      4) оның уәкiлеттi органымен келiсiлгенi туралы белгi қойылған (келiсу күнi және басқарушы ішкі құжаттардың келісілуін растайтын құжаттың нөмiрiн көрсете отырып) басқарушының бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қойған және мөрiнiң таңбасымен расталған ішкі құжаттардың көшiрмесiн;
      5) соңғы есепті кезең үшiн қаржылық есептi;
      6) басқарушының пруденциалдық нормативтердi сақтауы туралы мәлiметтер;
      7) соңғы он екi күн ішінде уәкiлеттi орган жүргізген басқарушы қызметiн тексеру актiлерiнiң көшiрмелерiн;
      8) шарт жасау немесе оның қолданылу барысында клиент үшін мәнi бар өзге де құжаттарды (бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiк немесе коммерциялық құпия бар құжаттарды қоспағанда) ұсынады.
       Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді -   ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298   қаулысымен .

      14. Осы Ереженiң 13-тармағында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн клиентке бергенi үшiн басқарушы оларды дайындауға кеткен шығыстардың өлшемiнен аспайтын мөлшерде ақы алады.

      15. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, басқарушы шартты жасау және қолданылу барысында өзiнiң клиентi туралы мәлiметтердiң құпиялылығын, сондай-ақ клиенттен алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

      16. Шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде басқарушы клиентке:
      1) өзiнiң қаржылық жағдайының нашарлау және пруденциалдық нормативтердiң бұзылу фактілерi және себептерi туралы;
      2) басқарушыға және оның қызметкерлерiне уәкiлеттi орган және өзге де мемлекеттiк органдар қолданған санкциялар туралы;
      3) клиенттiң активтерi туралы басқарушының есеп жүйесiндегі мәлiметтердiң не бағалы қағаздар туралы мәліметтердің номиналды ұстаушы ұсынған мәліметтерге не басқарушы мен кастодиан арасында салыстырып тексеру барысында кастодиан берген мәлiметтерге сәйкес келмеуi және осы сәйкессiздiктiң пайда болу себептерi туралы хабарлайды.
       Ескерту: 16-тармаққа толықтыру енгізілді -   ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298   қаулысымен .

      17. Осы Ереженiң 16-тармағында көзделген хабарламалар жазбаша түрде ресiмделедi және көрсетiлген жағдайлардың бірі пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде почта байланысымен, электрондық почтамен немесе шартта не инвестициялық пай қорының ережесінде айқындалған байланыстың өзге де ықтимал түрлерiмен клиентке жiберiледi.
       Ескерту: 17-тармаққа толықтыру енгізілді -   ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298   қаулысымен .

      18. Портфелдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру барысында клиенттiң активтерiне қатысты инвестициялық шешiмдердi басқарушының инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi жұмыстарды орындауға қолданылып жүрген бiлiктiк куәлiктерi бар және басқарушының ішкі құжаттарына сәйкес осындай шешiмдердi қабылдауға уәкiлеттi қызметкерлерi құқылы.
       Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді -   ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298   қаулысымен .

      19. Инвестициялық шешiмдi қабылдау басқарушының функциясына мынадай шарттарды ескере отырып инвестициялық шешiм қабылдау үшiн қажеттi ақпаратты жинау, өңдеу және талдау кiретiн құрылымдық бөлiмшесi берген ұсыныс негiзiнде жүзеге асырылады:
      1) клиенттiң инвестициялық портфельдің жай-күйi;
      2) инвестициялау жобаланып отырған бағалы қағаздардың және өзге де активтердің кiрiстiлiгі;
      3) инвестициялау жобаланып отырған бағалы қағаздарға және өзге де активтерге байланысты тәуекелдер;
      4) шартта және инвестициялық декларацияда белгiленген түрлендiру нормаларын сақтау;
      5) инвестициялық шешiм қабылдауға әсер ететiн өзге де факторлар.
       Ескерту: 19-тармаққа толықтырулар енгізілді -   ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298   қаулысымен .

      20. Ұсыныста:
      1) берiлген күнi және оның нөмiрi;
      2) ұсыныс беру үшiн пайдаланылған ақпаратқа талдау;
      3) ұсынысты жасаған тұлғалардың қолдары болуы тиiс.

      21. Инвестициялық шешiмде:
      1) қабылданған күн және оның нөмiрi;
      2) негiзiнде инвестициялық шешiм қабылданған ұсыныстың берiлген күнi және нөмiрi;
      3) бағалы қағаздардың және өзге де активтердің көлемi және сатып алу (сату) бағаларын көрсете отырып инвестициялық шешiмнiң негiзiнде жасалатын мәмiленiң түрi және шарттары;
      4) оған (оларға) қатысты мәмiле жасалатын бағалы қағаз (бағалы қағаздар) және өзге де активтер туралы мәлiметтер;
      5) мәмiленi жасау мерзiмi;
      6) мәміле жасау жобаланып отырған рыноктың түрi (бастапқы немесе қайталама, ұйымдасқан немесе ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы);
      7) брокерлiк-дилерлiк ұйымның, көмегі арқылы мәміле жасау жобаланып отырған өзге де ықтимал делдалдың атауы;
      8) активтерiнiң есебiнен мәмiле жасау жобаланып отырған клиенттiң деректемелерi;
      9) инвестициялық шешiм қабылдаған тұлғалардың қолдары;
      10) инвестициялық шешiмнiң орындалуы туралы белгi болуы тиiс.
       Ескерту: 21-тармаққа толықтырулар енгізілді -   ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298   қаулысымен .

      22. Басқарушы клиенттің инвестициялық портфельдің инвестициялық сапасының тұрақты мониторингiн жүзеге асырады және оны басқару стратегиясын, рұқсат етiлген тәуекелдiң деңгейiн, осы инвестициялық портфельдің кiрiспе нормасын және түрлендiрудi айқындайды.

      23. Егер қандай да болмасын жағдайлардың нәтижесiнде клиенттің инвестициялық портфельді шартта және (немесе) инвестициялық декларацияда белгiленген талаптарға сәйкес келуiн тоқтатқан жағдайда, басқарушы осындай сәйкес келмеудi ушықтыратын қызметтi шұғыл тоқтатады және бiр күн iшiнде осы сәйкес келмеудi жою жөнiндегi iс-шаралар жоспарын қоса бере отырып оның фактiсi және себептерi туралы уәкiлеттi органға және клиентке хабарлайды.
      Басқарушы клиенттің инвестициялық портфельді сәйкес келмеу басталған күннен бастап он төрт күн iшiнде көрсетiлген құжаттардың талаптарына сәйкес келтiредi.

      24. Басқарушы инвестициялық шешiмдi бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға қолданылып жүрген лицензиясы болған кезде дербес орындайды.

      25. Басқарушы мынадай:
      1) клиенттiң активтерi есебiнен оның меншігіндегi бағалы қағаздарды және өзге де активтерді сатып aлу;
      2) өзiнiң меншiгіне клиенттiң активтерiн иелiгiнен алу;
      3) оның клиентi болып табылатын тұлғаның мүддесiн көрсету жағдайларын қоспағанда, клиенттің активтерi есебiнен мәміле жасау кезiнде оның (олардың) тарабы болып табылатын тұлғаның (тұлғалардың) мүдделерiнiң өкiлi ретiнде;
      4) клиенттің активтерi есебiнен басқарушы шығарған бағалы қағаздарды сатып алу;
      5) клиенттің активтерi есебiнен қайта ұйымдастыру немесе тарату барысында тұрған эмитенттердiң бағалы қағаздарды сатып алуы;
      6) клиенттің активтерiне қатысты мәмілелер жасау кезiнде төлемдi отыз күнтізбелiк күннен асатын мерзiмге кейiнге қалдыру немесе бөлiп жасау көзделетiн;
      7) клиенттiң активтерiн өзiнiң мiндеттемелерiн немесе өзге тұлғалардың мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз етуге салу;
      8) клиенттiң активтерiн үшiншi тұлғаны пайда алушы ретiнде айқындай отырып сақтауға беру жөнiндегі;
      9) клиенттiң активтерiн үшiншi тұлғаның пайдасына салымға беру жөнiндегi мәмiлелердi жүзеге асыруы тиiс емес.
       Ескерту: 25-тармаққа толықтыру енгізілді -   ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298   қаулысымен .

      25-1. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сату жөніндегі бұйрықтарға инвестициялық қордың активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодиан бөлімшесінің басшысы қол қояды.
       Ескерту: 25-1-тармақпен толықтырылды -   ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298   қаулысымен .

      25-2. Инвестициялық қордың активтерін хеджерлеу мақсатында туынды бағалы қағаздармен мәмілелер Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің ұйымдасқан бағалы қағаздар рыноктарында жасалады.
       Ескерту: 25-2-тармақпен толықтырылды -   ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298   қаулысымен .

  4-тарау. Есепке алуды ұйымдастыру

      26. Клиенттің активтерi басқарушының баланстан тыс шоттарына есепке алу арқылы басқарушының меншiктi активтерiнен оқшауланады және оларға басқарушының мiндеттемелерi бойынша өндiрiп алу болмауы тиiс.

      27. Клиенттің активтерін есепке алу клиентке ашылған шотта басқарушының есепке алу жүйесінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңдарына, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне және бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
       Ескерту: 27-тармақ жаңа редакцияда жазылды -   ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298   қаулысымен .

      28. <*>
      Ескерту: 28-тармақ алынып тасталды -   ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298   қаулысымен .      

      29. Есепке алу жүйесiн жүргiзу, клиентке шот ашу және есепке алу жүйесiн көкейкестi жағдайда ұстап тұру талаптары мен тәртiбi басқарушының ішкі құжаттарында белгiленедi.
       Ескерту: 29-тармаққа өзгертулер енгізілді -   ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298   қаулысымен .

      30. Басқарушы айына кемiнде бiр рет өзiнiң есепке алу жүйесiнiң деректерiн олардың клиенттердiң активтерiн есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын осы кастодиандағы деректерге  және/немесе клиенттің бағалы қағаздарын есепке алуды жүзеге асыратын номиналды ұстаушының деректеріне сәйкес келуiн салыстырып тексередi.
       Ескерту: 30-тармаққа толықтырулар енгізілді -   ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298   қаулысымен .

      31. Басқарушы қызметiне қатысты барлық құжаттарды шынайы және көкейкестi есепке алуды:
      1) инвестициялық шешiмдер қабылдау жөнiндегі ұсыныстар;
      2) инвестициялық шешiмдер, олардың орындалуы (орындалмауы);
      3) клиенттердiң активтерiмен жасалған мәмiлелер, олардың орындалуы (орындалмауы);
      4) инвестициялық шешiмдердi орындау мақсатында брокерге берiлген құжаттар;
      5) бағалы қағаздар бойынша кiрiстердiң түсуi және бөлiнуi;
      6) клиенттерге берiлген есептер;
      7) есепке алу жүйелерiн олардың кастодиандардың және/немесе номиналды ұстаушылардың деректерiне сәйкес келуiн салыстырып тексеру;
      8) клиенттердiң басқарушыға талап қою және оларды жою жөнiндегi iс-шаралар бар өтiнiштерi туралы (жөнiндегi) мәлiметтер бар журналдарды жүргiзу арқылы жүргiзедi.
       Ескерту: 31-тармаққа толықтырулар енгізілді -   ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298   қаулысымен .

      32. Ұсыныстар негiзiнде олар берiлген құжаттармен (материалдармен), инвестициялық шешiмдермен және портфельдi басқару жөнiндегi қызметке қатысты өзге де құжаттармен бiрге хронологиялық тәртiппен жеке тiркегiш файлда сақталады.

  5-тарау. Қорытынды ережелер

      33. Осы ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.