РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 203 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Салық қызметінің уәкілетті мемлекеттік органында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері жөніндегі ақпаратты автоматтандырылған өңдеуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1011 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 20-31 желтоқсанда жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 16 мамырдағы N 195 , 2000 жылғы 30 қазандағы N 405, 2002 жылғы 16 ақпандағы N 49 қаулыларымен бекітілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесіне:
N 2 қосымшаның төлем белгілеу кодтары кестесіне:
"9 - Бюджетке төлемдер және бюджеттен төлеу" бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
__________________________________________________________________
9 - Бюджетке төлемдер және бюджеттен төлеу
__________________________________________________________________
910 - Жалпыға белгіленген режим
__________________________________________________________________
911 Декларациялар, есептер, өтініштер бойынша салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер
912 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін өсімпұлдар (салықтық тексеру
нәтижелері бойынша есептелгеннен басқасы)
913 Заңдарды бұзғаны үшін айыппұлдар (салықтық тексеру нәтижелері
бойынша салынғандардан басқасы)
914 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген
салықтар (төлемдер)
915 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар
916 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар
917 Төлеу мерзімдерін өзгерту (ұзарту) кезіндегі салықтық
міндеттемелер
918 Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі өсімпұлдар
919 Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі айыппұлдар
__________________________________________________________________
920 - Шағын бизнес субъектілері үшін патент негізінде арнайы
салық режимі
__________________________________________________________________
921 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
922 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін өсімпұлдар (салықтық тексеру
нәтижелері бойынша есептелгеннен басқасы)
923 Заңдарды бұзғаны үшін айыппұлдар (салықтық тексеру нәтижелері
бойынша салынғандардан басқасы)
924 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген
салықтар (төлемдер)
925 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар
926 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар
927 Төлеу мерзімдерін өзгерту (ұзарту) кезіндегі салықтық
міндеттемелер
928 Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі өсімпұлдар
929 Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі айыппұлдар
__________________________________________________________________
930 - Шағын бизнес субъектілері үшін жеңілдетілген декларация
негізінде арнайы салық режимі
931 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
932 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін өсімпұлдар (салықтық тексеру
нәтижелері бойынша есептелгендерден басқасы)
933 Заңдарды бұзғаны үшін айыппұлдар (салықтық тексеру нәтижелері
бойынша салынғандардан басқасы)
934 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген
салықтар (төлемдер)
935 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар
936 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар
937 Төлеу мерзімдерін өзгерту (ұзарту) кезіндегі салықтық
міндеттемелер
938 Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі өсімпұлдар
939 Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі айыппұлдар
__________________________________________________________________
940 - Шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимі
__________________________________________________________________
941 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
942 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін өсімпұлдар (салықтық тексеру
нәтижелері бойынша есептелгеннен басқасы)
943 Заңдарды бұзғаны үшін айыппұлдар (салықтық тексеру нәтижелері
бойынша салынғандардан басқасы)
944 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген
салықтар (төлемдер)
945 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар
946 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар
947 Төлеу мерзімдерін өзгерту (ұзарту) кезіндегі салықтық
міндеттемелер
948 Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі өсімпұлдар
949 Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі айыппұлдар
__________________________________________________________________
950 - Ауыл шаруашылығы өнімін шығарушы заңды тұлғалар үшін
арнайы салық режимі
__________________________________________________________________
951 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
952 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін өсімпұлдар (салықтық тексеру
нәтижелері бойынша есептелгеннен басқасы)
953 Заңдарды бұзғаны үшін айыппұлдар (салықтық тексеру нәтижелері
бойынша салынғандардан басқасы)
954 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген
салықтар (төлемдер)
955 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар
956 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар
957 Төлеу мерзімдерін өзгерту (ұзарту) кезіндегі салықтық
міндеттемелер
958 Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі өсімпұлдар
959 Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі айыппұлдар
__________________________________________________________________
960 - Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы
салық режимі
__________________________________________________________________
961 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
962 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін өсімпұлдар (салықтық тексеру
нәтижелері бойынша есептелгеннен басқасы)
963 Заңдарды бұзғаны үшін айыппұлдар (салықтық тексеру нәтижелері
бойынша салынғандардан басқасы)
964 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген
салықтар (төлемдер)
965 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар
966 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар
967 Төлеу мерзімдерін өзгерту (ұзарту) кезіндегі салықтық
міндеттемелер
968 Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі өсімпұлдар
969 Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі айыппұлдар
__________________________________________________________________
970 - Салық сомаларын және басқа да міндетті төлемдерді,
заемдарды қайтару (есептеу) ресми трансферттер, толық
төленбеген салықтарды өтеу
__________________________________________________________________
971 Артық төленген сомаларды салық төлеушінің банктік шотына
қайтару
972 Қосылған құн салығын экспортерлерге банктік шотқа қайтару
973 Сот органдарының шешімдері бойынша салықтарды (төлемдерді)
қайтару
974 Сот органдарының шешімдері бойынша салық органдарының заңсыз
іс-әрекетінен болған шығындардың орнын толтыру
975 Бюджеттік жіктеушінің бір кодынан бюджеттік жіктеушінің басқа
кодына ауыстыру
976 Бір салық органынан басқа салық органына ауыстыру
977 Жалпыға белгіленген режим бойынша өткен жылдардың толық
төленбеген салығын өтеу
978 Арнайы салық режимі бойынша өткен жылдардың толық төленбеген
салығын өтеу
979 Басқалары
__________________________________________________________________
Төлемдер белгілеу кодтары кестесінің ескертуіндегі:
9 - "Бюджетке төлемдер және бюджеттен төлеу" бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл бөлімге мемлекеттік бюджетке төлемдер және мемлекеттік бюджеттен төлемдерді қайтару (зейнетақы мен жәрдемақылардан басқасы) бойынша төлемдер тағайындау коды (бұдан әрі - код) кіреді.
911-код салық есебінің негізінде ағымдағы жылдың төлеу мерзімінің басталуы бойынша салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер аударған кезде қойылады. Оған арнайы салық режимдері қолданылған, салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген, салық төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде ұсынылған декларациялар, есептер, өтініштер бойынша төлеуге жатқызылған салықтар сомасы (төлемдер) жатпайды.
912-код салық сомасын және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер мерзімін бұзғаны үшін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша есептелген, салық төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
913-код салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша салынған, салық төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
914-код салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген салық сомасы туралы хабарлама негізінде төлеуге ұсынылған салық сомасын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеген кезде (айыппұлдар мен өсімпұлдарды қоспағанда) қойылады. Оған арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған салықтардың (төлемдердің) сомасы жатпайды.
915-код салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген (салықтық тексеру актілері бойынша есептелгеннен басқалары), салық төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
916-код салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынатын айыппұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген, (салықтық тексеру актілері бойынша салынғандардан басқалары), салық төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
917-код бекітілген кестеге сәйкес өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасын бюджетке төлеген кезде қойылады. Оған арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтардың өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасы жатпайды.
918-код cалықты төлеу мерзімдерін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін есептелген, салықтық тексеру актілері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
919-код cалықты төлеу мерзімдерін ұзартқанға дейін есептелген айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген, салықтық тексеру актілері бойынша есептелген айыппұлдар сомасы жатпайды.
921-код салық есебінің негізінде ағымдағы жылдың төлеу мерзімінің басталуы бойынша патент негізінде қызметті жүзеге асыратын шағын бизнес субъектілерінің салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер аударған кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режим және арнайы салық режимдері қолданылған, салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген, салық төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде ұсынылған декларациялар, есептер, өтініштер бойынша төлеуге жатқызылған салықтар сомасы (төлемдер) жатпайды.
922-код патент негізінде қызметті жүзеге асыратын шағын бизнес субъектілерінің салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдерді төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режим және арнайы салық режимдері қолданылған, салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген, салықтық тексеру актілері бойынша есептелген, салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
923-код патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша салынған, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
924-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушіге берілген салық сомасын және бюджетке басқа міндетті төлемдерді (айыппұлдар мен өсімпұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген салықтар сомасы туралы хабарлама төлеуге негіздеме болып табылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған салықтардың (төлемдердің) есептелген сомасы жатпайды.
925-код патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтар төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелгендерден басқалары);
салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған өсімпұлдар сомасы жатпайды.
926-код патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынғандардан басқалары); салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
927-код патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің бекітілген кестеге сәйкес өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасын бюджетке төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің салықтарының өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасы жатпайды.
928-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтар төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
929-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген айыппұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
931-код арнайы салық режимдері қолданылған салық төлеушілердің салық есебінің негізінде ағымдағы жылдың төлеу мерзімінің басталуы бойынша жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін бюджетке салықтар және басқа міндетті төлемдер (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режим және арнайы салық режимдері қолданылған, салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген, салық төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде ұсынылған декларациялар, есептер, өтініштер бойынша төлеуге жатқызылған салықтар сомасы (төлемдер) жатпайды.
932-код жеңілдетілген декларация негізінде қызметті жүзеге асыратын шағын бизнес субъектілерінің салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша есептелген, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
933-код жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша салынған, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
934-код жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге төлеуге ұсынылған салық сомасын және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді аударған кезде қойылады. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген сомалар туралы хабарлама төлеуге негіздеме болып табылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған салықтардың (төлемдердің) есептелген сомасы жатпайды.
935-код жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
936-код жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынғандардан басқалары), салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
937-код жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің бекітілген кестеге сәйкес өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасын бюджетке төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің салықтарының өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасы жатпайды.
938-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтар төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
939-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген айыппұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
941-код Арнайы салық режимдері қолданылған салық төлеушілердің салық есебінің негізінде ағымдағы жылдың төлеу мерзімінің басталуы бойынша шаруа (фермер) қожалықтары үшін бюджетке салықтар және басқа міндетті төлемдер (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режим және арнайы салық режимдері қолданылған, салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген, салық төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде ұсынылған декларациялар, есептер, өтініштер бойынша төлеуге жатқызылған салықтар (төлемдер) сомасы жатпайды.
942-код шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша есептелген, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
943-код шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша салынған, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
944-код шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге төлеуге ұсынылған салық сомасын және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді аударған кезде қойылады. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген сомалар туралы хабарлама төлеуге негіздеме болып табылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған салықтардың (төлемдердің) есептелген сомасы жатпайды.
945-код шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
946-код шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынғандардан басқалары), салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
947-код шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің бекітілген кестеге сәйкес өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасын бюджетке төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің салықтарының өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасы жатпайды.
948-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің шаруа (фермер) қожалықтары үшін салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтар төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
949-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің шаруа (фермер) қожалықтары үшін салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген айыппұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
951-код Арнайы салық режимдері қолданылған салық төлеушілердің салық есебінің негізінде ағымдағы жылдың төлеу мерзімінің басталуы бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін бюджетке салықтар және басқа міндетті төлемдер (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режим және арнайы салық режимдері қолданылған, салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген, салық төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде ұсынылған декларациялар, есептер, өтініштер бойынша төлеуге жатқызылған салықтар сомасы (төлемдер) жатпайды.
952-код ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша есептелген, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
953-код ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша салынған, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
954-код ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге төлеуге ұсынылған салық сомасын және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді аударған кезде қойылады. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген сомалар туралы хабарлама төлеуге негіздеме болып табылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған салықтардың (төлемдердің) есептелген сомасы жатпайды.
955-код ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
956-код ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынғандардан басқалары), салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
957-код ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің бекітілген кестеге сәйкес өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасын бюджетке төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің салықтарының өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасы жатпайды.
958-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтар төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
959-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген айыппұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
961-код Арнайы салық режимдері қолданылған салық төлеушілердің салық есебінің негізінде ағымдағы жылдың төлеу мерзімінің басталуы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін бюджетке салықтар және басқа міндетті төлемдер (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режим және арнайы салық режимдері қолданылған, салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген, салық төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде ұсынылған декларациялар, есептер, өтініштер бойынша төлеуге жатқызылған салықтар (төлемдер) сомасы жатпайды.
962-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша есептелген, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
963-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша салынған, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
964-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушіге төлеу үшін берілген салық сомасын және басқа да бюджетке міндетті төлемдерді (айыппұлдар мен өсімпұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелінген салық сомасы туралы хабарлама өсуге негіздеме болып табылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған салықтардың (төлемдердің) есептелген сомасы жатпайды.
965-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтар төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелгеннен басқалары), салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған өсімпұлдар сомасы жатпайды.
966-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынғаннан басқалары), салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
967-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің бекітілген кестесіне сәйкес өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен бюджетке салықтар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілердің cалықтың өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасы жатпайды.
968-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтар төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
969-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген айыппұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
971-код Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес салық сомасын және бюджеттен басқа да міндетті төлемдерді қайтарған кезде қойылады.
972-код Экспортталатын тауарлар (жұмыс, қызмет) бойынша экспортерлерге банктік шотқа нөлдік ставка бойынша қосылған құнға салық сомасын қайтарған кезде қойылады.
973-код салық органдары сот органдарының шешімдері бойынша мемлекеттік бюджеттен салықтар (төлемдер) сомасын қайтарған кезде қойылады.
974-код cот органдарының шешімдері бойынша бюджеттің шығыс бөлігіндегі бекітілген смета бойынша салық органдарының заңсыз іс-әрекетінен болған шығындардың орнын республикалық бюджеттен толтырған кезде қойылады.
975-код салық төлеуші салықтар мен төлемдер сомасын Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес бюджеттік жіктеушінің бір кодынан бюджеттік жіктеушінің басқа кодына қателесіп есептеген, аударған кезде қойылады.
976-код салық төлеуші салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдер сомасын басқа салық органына қате есептеген кезде, басқа салық органына артық төленген салықты, төлемді Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес салық төлеушіге қайтару үшін аударған кезде қойылады.
977-код жалпыға белгіленген режим бойынша өткен кезеңдер үшін салық және басқа төлемдер бойынша толық төленбеген салықты бюджетке аударған кезде қойылады.
978-код арнайы салық режимі бойынша өткен кезеңдер үшін салық және басқа төлемдер бойынша толық төленбеген салықты бюджетке аударған кезде қойылады.
979-код басқа төлемдер, оның ішінде ресми трансферттер (субвенциялар, бюджеттік алу және басқалары) және заемдарды қайтару үшін қойылады".
2. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Б.Жәмішевке жүктелсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап отыз күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Ұлттық Банк
Төрағасы