"Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 327
жарлығына
және 2003 жылғы 27 наурызда N 2219 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттік төрағасының "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарының бекітілуі туралы" 2003 жылғы 17 наурыздағы N 02-01-02/27
бұйрығына
сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:
1) Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және аттестациядан өтуге тиіс әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді тестілеуді өткізу туралы нұсқау (1 Қосымша);
2) А-1, А-2, А-3, А-4, А-5 санаттарының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және аттестациядан өтуге тиіс әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді тестілеу программасы (2 Қосымша);
3) В-1, В-2, В-3, В-4, В-5, В-6, В-7, С-1, С-2, С-3, С-4, С-5, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, D-O-3, E-1, E-2, E-R-1 санаттарының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және аттестациядан өтуге тиіс әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді тестілеу программасы (3 Қосымша);
4) А-6, А-7, В-8, В-9, С-6, С-7, С-8, С-9, С-10, С-11, C-O-4, С-O-5, С-R-2, C-R-3, D-4, D-5, D-O-4, D-O-5, E-3, E-4, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге және аттестациядан өтуге тиісті мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тестілеу бағдарламасы (4 Қосымша);
5)
алынып тасталды
;
6) C-O-6, С-O-7, C-R-4, С-R-5, С-R-6, D-O-6, D-O-7, E-5, E-6, E-R-4, E-R-5, E-R-6, E-G-3, E-G-4, E-G-5 санаттарының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге және аттестациядан өтуге тиісті мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тестілеу бағдарламасы (6 Қосымша);
7) Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және аттестациядан өтуге тиіс әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді тестілеу нәтижелерінің шекаралық мәні (7 Қосымша).
Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер мен толықтырулар енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 13 ақпандағы N 02-01-02/17
бұйрығымен
,
2004 жылғы 19 сәуірдегі N 02-01-02/42
бұйрығымен
.
2. 8 Қосымшаға сәйкес Агенттік төрағасының кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың" орындалуының бақылануы Агенттік Төрағасының орынбасары Ә.А.Көмекбаевқа жүктелсін.
Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 13 ақпандағы N 02-01-02/17
бұйрығымен
.
4. Осы бұйрық ҚР Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
ҚР Мемлекеттік қызмет
істері жөніндегі
агенттігі төрағасының
2003 жылғы 30 сәуірдегі
N 02-01-02/60 бұйрығына
1 қосымша
Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді
және аттестациядан өтуге тиіс әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді
тестілеуді өткізу жөніндегі нұсқау
1. Тестілеуден өткізудің мақсаты - бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлердің білімі мен қабілетін әділ бағалау және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің аттестациядан өту кезінде біліктілік талаптарына Қазақстан Республикасының заңдарын білу бөлігінде сәйкес болу (бұдан әрі - тестіленуші).
2. Конкурстық комиссияның шешімімен жіберілген, біліктілік талаптарымен белгіленген құжаттары сәйкесті, үміткерлер және аттестациядан өтуге тиіс қызметшілер тестілеуге жіберіледі. Ол жөнінде мемлекеттік органның кадр қызметімен хабардар етіледі. Хабарлау кезінде тестілеудің өтілетін орны, күні және уақыты көрсетіледі.
3. Алғашқы аттестацияда, тестілеу өту кезінде шекаралық мағынадан кем баға алған қызметші, алдыңғы тестілеуден соң 10 күнтізбелік күннен кем емес мерзімнен кейін қайтадан тестілеуден өтуге құқығы бар.
4. Тестілеуді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің және аумақтық бөлімшелерінің тестілеу администраторлары (бұдан әрі - администратор) өткізеді. Агенттік тестілеу өткізу процесін қамтамасыз ету үшін басқа да қажетті мамандарды тартуға құқылы.
5. Тестілеу барысында Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тесттер және логикалық тесттер қолданылады.
6. Тестілеуді өткізудің әділдігін тестілеудің жағдайы, уақыты, қорытындыны есептеуі, нұсқаудың, мазмұнының стандарттылығымен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ администраторларды сыбайлас жемқорлықты жібермеу жөніндегі жазбаша шек қою арқылы қабылдау болып табылады.
7. Тестілеу 4-кезеңнен тұрады:
1) тестілеуге дайындық;
2) нұсқау;
3) тестіленушілер тестілеуден өтуі;
4) қорытындыны есептеу.
8. Тестілеуді өткізу кезінде мына төмендегілер үшін уақытты жеткілікті бөлу қажет:
администратордың кіріспе сөзіне;
тестіленушілердің нұсқаумен танысуына;
тестіленушілердің сұрақтарына жауап беруге;
тесттің орындалуы.
9. Тестілеуді өткізу үшін орын тестіленушілердің орналасуына ыңғайлы жағдайға сәйкес болу керек: егерде бір мезгілде бірнеше адам тестілеуден өтетін болса, олар бір-бірінен жеткілікті қашықтықта отыруы қажет. Тестілеу уақытында қатысушылар сөйлесуге және тест өткізіліп отырған бөлмеден шығып кетуге болмайды.
10. Тестілеудің барлық материалдары алдын-ала дайындалған және тексерілген болуы қажет. Әрбір тесттің қатаң сақталатын нұсқауы бар.
11. Тестілеуді өткізу тәртібі, іріктеу рәсімнің ұзақтығы және мазмұны жөнінде тестіленушілер алдын-ала ескертілуі қажет.
12. Администраторлардың кіріспе сөзі тестілеудің өткізілетін орны, рет-жосығы, тұтастай іріктеу рәсімі жөніндегі мәліметтерді береді. Тестілеудің жалпы уақыты және жекеше алғанда әрбір тесттің орындалу уақыты көрсетіледі. Тестіленушілерге шамасына қарай әрі жылдам, әрі нақты орындалуы ескертілуі қажет. Нұсқаудың соңында тестіленушілірге сұрақтар қоюына мүмкіндік беріледі.
13. Тестілеу компьютер арқылы өтеді.
14. Тестілеудің басында администратор толық нұсқау өткізуі тиіс. Рәсімнің басталуына дейін компьютерді пайдалануға қатысты тестіленушілердің барлық сұрақтарына жауап береді. Содан кейін администратор нұсқау өткізуге көшеді.
15. Администратор барлық тестіленушілердің тапсырманы меңгергендігіне көзі жетуі тиіс, басқа жағдайда қосымша түсініктеме береді.
16. Әрбір тестіленушіге компьютермен еркін жұмыс істеуге еркіндік беріледі.
17. Тестілеуден өткізу кезінде администратор нұсқаудағы мәліметтерді тестіленушіге түсіндіруге міндетті.
18. Нұсқау дауыстап оқылуы керек. Администратор барлық тестіленушілердің тапсырманы меңгергендігіне көзі жетуі тиіс, басқаша жағдайда қосымша түсіндірме береді. Тестілеудің уақыты қатаң сақталуы керек. Тестілеумен жұмыс кезінде уақытты дәл есептеу үшін, секундомер пайдалану қажет.
19. Логикалық тестілеуді орындауға жіберілген толық уақыт - 25 минут, заңнаманы білуге - (150 сұраққа) 115 минут, (130 сұраққа) 100 минут немесе (90 сұраққа) 70 минут.
Ескерту: 19-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 шілдедегі N 02-01-04/25
бұйрығымен
.
20. Тестілеудің программасында қарастырылған логикалық тесттен өтетін тестіленушілер одан заңдарды білуге арналған тестілеуге дейін өтеді.
21. Тестілеуді орындауға берілген уақыт біткенде программа автоматты түрде жабылады.
22. Администратор тестілеу біткеннен кейін қатысушылардың тестке қатысқанына рақмет айтып және конкурстық іріктеуді өткізудің келесі кезеңін еске салады.
23. Компьютерде тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлік программаға енгізу көмегімен автоматты есептеледі. Қорытынды принтерде басып шығарылып тестіленушіге танысу үшін беріледі. Тестіленушілер қорытындымен танысқаннан кейін қорытынды қағазына қол қояды.
24. Тестілеуді өткізгеннен кейін логикалық тест және заңдарды білуге арналған тестілеудің қорытындысы агенттікте және оның аумақтық бөлімшелерінде сақталады, ал тестілеудің қорытындысы жөніндегі мәлімет тиісті мемлекеттік органның конкурстық немесе аттестациялық комиссияларға беріледі. Тестілеудің қорытындысы жөніндегі мәлімет тестіленушілерді тізімдеу олардың шекаралық мәнінің қорытындысының сәйкесті бағасы көрсетілген түрінде рәсімделеді.
25. Тестілеудің қорытындысының тізімі жабық сипаттағы түрде болады: оған қол жеткізушілік (алып шығу, беру және көшіру құқығынсыз) конкурстық немесе аттестациялық комиссия мүшелеріне, агенттік өкілдеріне және тестілеуді өткізу процесін қамтамасыз етуге тартылған мамандарға ғана рұқсат етіледі.
ҚР Мемлекеттік қызмет
істері жөніндегі
агенттігі төрағасының
2003 жылғы 30 сәуірдегі
N 02-01-02/60 бұйрығына
2 қосымша
А-1, А-2, А-3, А-4, А-5 санаттарына бос әкімшілік
мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және
аттестациядан өтуге тиіс әкімшілік мемлекеттік
қызметшілерді тестілеу программасы
Осы программа тесттің екі түрінен құрылады: Қазақстан Республикасы заңдарын білуге және логикалық тестіден тұрады.
1. Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының
Конституциясын
, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының
Президенті туралы
" Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы"
заңын
, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы"
заңын
, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"
Заңды
, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы"
заңын
, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы"
заңын
, 2000 жылдың 21 қаңтардағы N 328 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы
ережелерін
білуге арналған 150 сұрақ енгізілген.
Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестілеуді өткізуді пайдалану кезінде сұрақтар тізбесінен іріктелген жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілердің әрбірі бойынша тестіленуші 20 сұраққа және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелері бойынша 10 сұраққа жауап беруі қажет.
Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 шілдедегі N 02-01-04/25
бұйрығымен
.
2. Логикалық тест адамның күрделі жұмыстарды орындаудағы ептілігін және оның интеллектуалдық мүмкіндігін сипаттайтын логикалық ойлау оперативтілік қабілеттілігін айқындайды.
ҚР Мемлекеттік қызмет
істері жөніндегі
агенттігі төрағасының
2003 жылғы 30 сәуірдегі
N 02-01-02/60 бұйрығына
3 қосымша
В-1, В-2, В-3, В-4, В-5, В-6, В-7,
С-1, С-2, С-3,
С-4
,
С-5, С-О-1, С-О-2, С-О-3
,
C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, D-O-3, E-1, E-2, E-R-1 санаттарына бос
әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді
және аттестациядан өтуге тиіс әкімшілік мемлекеттік
қызметшілерді тестілеу программасы
Ескерту: 3 қосымшаның атауына толықтырулар енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 13 ақпандағы N 02-01-02/17 бұйрығымен , 2004 жылғы 19 сәуірдегі N 02-01-02/42 бұйрығымен .
Осы программа тесттің екі түрінен құрылады: Қазақстан Республикасы заңдарын білуге және логикалық тестіден тұрады.
1. Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының
Конституциясын
, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы"
заңын
, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы"
заңын
, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"
Заңды
, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы"
заңын
, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы"
заңын
, 2000 жылдың 21 қаңтардағы N 328 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы
ережелерін
білуге арналған 150 сұрақ енгізілген.
Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестілеуді өткізуді пайдалану кезінде сұрақтар тізбесінен іріктелген жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілердің әрбірі бойынша тестіленуші Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша 40 сұраққа, қалған сұрақтар тізбесінен іріктелген нормативтік құқықтық актілердің әрбірі бойынша тестіленуші 20 сұраққа және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелері бойынша 10 сұраққа жауап беруі қажет.
Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 шілдедегі N 02-01-04/25
бұйрығымен
.
2. Логикалық тест адамның күрделі жұмыстарды орындаудағы ептілігін және оның интеллектуалдық мүмкіндігін сипаттайтын логикалық ойлау оперативтілік қабілеттілігін айқындайды.
ҚР Мемлекеттік қызмет
істері жөніндегі
агенттігі төрағасының
2003 жылғы 30 сәуірдегі
N 02-01-02/60 бұйрығына
4 қосымша
А-6, А-7, В-8, В-9, С-6, С-7, С-8, С-9, С-10, С-11
,
C-O-4, С-O-5, С-R-2, C-R-3, D-4, D-5, D-O-4, D-O-5, E-3, E-4, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарының
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге
және аттестациядан өтуге тиісті мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерге тестілеу бағдарламасы
Ескерту: 4 қосымшаның атауы жаңа редакцияда жазылды, толықтыру енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 13 ақпандағы N 02-01-02/17 бұйрығымен , 2004 жылғы 19 сәуірдегі N 02-01-02/42 бұйрығымен .
Осы программа тесттің екі түрінен құрылады: Қазақстан Республикасы заңдарын білуге және логикалық тестіден тұрады.
1. Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының
Конституциясын
, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы"
заңын
, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы"
заңын
, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"
Заңды
, 2000 жылдың 21 қаңтардағы N 328 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы
ережелерін
білуге арналған 90 сұрақ енгізілген.
Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестілеуді өткізуді пайдалану кезінде сұрақтар тізбесінен іріктелген жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілердің әрбірі бойынша тестіленуші 20 сұраққа және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелері бойынша 10 сұраққа жауап беруі қажет.
Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 шілдедегі N 02-01-04/25
бұйрығымен
.
2. Логикалық тест адамның күрделі жұмыстарды орындаудағы ептілігін және оның интеллектуалдық мүмкіндігін сипаттайтын логикалық ойлау оперативтілік қабілеттілігін айқындайды.
ҚР Мемлекеттік қызмет
істері жөніндегі
агенттігі төрағасының
2003 жылғы 30 сәуірдегі
N 02-01-02/60 бұйрығына
5 қосымша
D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, D-O-3, D-O-4, Е-1, Е-2,
E-R-1 санаттарына бос әкімшілік мемлекеттік
лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және аттестациядан
өтуге тиіс әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді
тестілеу программасы
Ескерту: 5 қосымшаға толықтырулар енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 13 ақпандағы N 02-01-02/17 бұйрығымен .
Осы программа Қазақстан Республикасы заңдарын білуге арналған тестіден тұрады.
Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының
Конституциясын
, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы"
заңын
, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы"
заңын
, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"
Заңды
, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы"
заңын
, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы"
заңын
, 2000 жылдың 21 қаңтардағы N 328 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы
ережелерін
білуге арналған 130 сұрақ енгізілген.
Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестілеуді өткізуді пайдалану кезінде сұрақтар тізбесінен іріктелген жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілердің әрбірі бойынша тестіленуші 20 сұраққа және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелері бойынша 10 сұраққа жауап беруі қажет.
Ескерту: 5 қосымша өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 шілдедегі N 02-01-04/25
бұйрығымен
.
ҚР Мемлекеттік қызмет
істері жөніндегі
агенттігі төрағасының
2003 жылғы 30 сәуірдегі
N 02-01-02/60 бұйрығына
6 қосымша
C-O-6, С-O-7, C-R-4, С-R-5, С-R-6, D-O-6, D-O-7, E-5, E-6, E-R-4, E-R-5, E-R-6, E-G-3, E-G-4, E-G-5 санаттарының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге және
аттестациядан өтуге тиісті мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тестілеу бағдарламасы
Ескерту: 6 қосымшаның атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 13 ақпандағы N 02-01-02/17 бұйрығымен , 2004 жылғы 19 сәуірдегі N 02-01-02/42 бұйрығымен .
Осы программа Қазақстан Республикасы заңдарын білуге арналған тестіден тұрады.
Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының
Конституциясын
, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы"
заңын
, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы"
заңын
, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"
Заңды
, 2000 жылдың 21 қаңтардағы N 328 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы
ережелерін
білуге арналған 90 сұрақ енгізілген.
Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестілеуді өткізуді пайдалану кезінде сұрақтар тізбесінен іріктелген жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілердің әрбірі бойынша тестіленуші 20 сұраққа және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелері бойынша 10 сұраққа жауап беруі қажет.
Ескерту: 6 қосымша өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 шілдедегі N 02-01-04/25
бұйрығымен
.
ҚР Мемлекеттік қызмет
істері жөніндегі
агенттігі төрағасының
2003 жылғы 30 сәуірдегі
N 02-01-02/60 бұйрығына
7 қосымша
Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға
үміткерлерді және аттестациядан өтуге тиіс әкімшілік
мемлекеттік қызметшілерді тестілеу нәтижелерінің шекаралық мәні
1. А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, В-3, В-4, В-5, В-6, В-7, С-1, С-2, С-3, С-4, С-5, С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-R-1, D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, D-O-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тесті бойынша шекаралық мәні әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 70%, басқа санаттар үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 50% дұрыс жауаптардан құрылады және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелері бойынша кем дегенде 80% барлық санаттары үшін.
Ескерту: 1-тармаққа толықтырулар енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 13 ақпандағы N 02-01-02/17
бұйрығымен
,
2004 жылғы 19 сәуірдегі N 02-01-02/42
бұйрығымен
.
2. Логикалық тест бойынша шекаралық мән белгіленбейді.
ҚР Мемлекеттік қызмет
істері жөніндегі
агенттігі төрағасының
2003 жылғы 30 сәуірдегі
N 02-01-02/60 бұйрығына
8 қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі төрағасының күші жойылған кейбір
бұйрықтардың тізімі
1. 2001 жылғы 18 сәуірде N 1470 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының "Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тесттеуді өткізу нұсқау, тесттеу программалары және тесттеу нәтижесінің шекаралық мәнін бекіту туралы" 2001 жылғы 17 сәуірдегі N 02-2-4/67
бұйрығы
.
2. 2001 жылғы 30 қарашада N 1686 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының "Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тесттеуді өткізу нұсқау, тесттеу программалары және тесттеу нәтижесінің шекаралық мәнін бекіту туралы" 2001 жылғы 17 сәуірдегі N 02-2-4/67 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 19 қарашадағы N 02-2-4/167
бұйрығы
.
3. 2002 жылғы 28 қазанда N 2027 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының "Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тесттеуді өткізу нұсқау, тесттеу программалары және тесттеу нәтижесінің шекаралық мәнін бекіту туралы" 2001 жылғы 17 сәуірдегі N 02-2-4/67 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 02-2-4/128
бұйрығы
.