N 2291 тіркелген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 02-01-02/60 "Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге және аттестациядан өтуге тиісті мемлекеттік әкімшіл

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 19 сәуірдегі N 02-02-02/42 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2827. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы N 02-01-02/11 Бұйрығымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы  N 1253  (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Алтын белгi" белгiсi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 тамыздағы N 1219  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 41, 374-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      3-тармақтағы "Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi" деген сөздер "Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Алтын белгi" белгiсi туралы ережеде:
      2-тармақтың 3) тармақшасы мен соңғы абзацы алынып тасталсын және 2) тармақшадағы "өткен" деген сөзден кейiн "оқушылар марапатталады." деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi