Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарының бекітілуі туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 17 наурыздағы N 02-01-02/27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2003 жылғы 27 наурызда тіркелген. Тіркеу N 2219. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 02-01-02/9 (V042697) бұйрығымен.

      Оны иелену мен пайдалану құқықтары мұнай-газ жобалары бойынша мердiгерлерге берілуi тиiс мемлекеттiк мүлiктiң бухгалтерлiк есебiн жүргiзудi және мұнай-газ операциялары бойынша шығындар өтелгеннен кейiн мердiгерлер мемлекетке беретiн мүлiктi есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Астана қаласында орналасатын Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Мұнай-газ капиталы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Мекеменің жарғысын бекiтсiн және оның Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзілсiн:
      1) "Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны бойынша өнiмдi бөлу туралы түпкiлiктi келiсiмнің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 қарашадағы N 1568 қаулысы 4-тармағының 1) және 3) тармақшалары алынып тасталсын;
      2) <*>
      3) <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604   қаулысымен .
       Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1105  қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі