Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тесттеудi өткiзу нұсқау, тесттеу программалары және тесттеу нәтижесiнiң шекаралық мәнiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі
төрағасының 2001 жылғы 17 сәуірдегі N 02-2-4/67 бұйрығы. Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 18 сәуірде тіркелді. Тіркеу N
1470. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 02-01-02/60 бұйрығымен.

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2006.12.29 N 311-ө бұйрығымен.

        БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2001 жылдың 25 наурызындағы N 17-б  V011432_ "Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы Нұсқаулықтың":
      29-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "ЗТМО аудандық бөлімшелері тоқсанына бір рет ЗТМО облыстық филиалына жіберілетін 1-ПЦЦ есебі жасайды. ЗТМО облыстық филиалында облыс бойынша жинақтама есебі жасалады және республикалық ЗТМО, сондай-ақ облыстық және Астана мен Алматы қалалары бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Департаменттеріне жіберіледі".
      2. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

       Министр